Құқықтық нигилизм туралы мағлұмат


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе2

Құқықтық нигилизм, оның мазмұны3

Қазақстан Республикасының мәдениеті, оны құқықтық реттеу7

Құқықтық идеализм9

Қолданылған әдебиеттер11

Кіріспе

Осы жұмысымның тақырыбы «құқықтық нигилизм». Мұны алған себебім «Мемлекет және құқық теориясы» пәніндегі қазіргі кезеңдегі өте өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Нигилистік көзқарас, яғни абсолютті мойындамау белгілі әлеуметтік топтардың құқықтық психологиясында қалыптасады, мысалы, барлық тәртіп сақшылары - «менттер», түрмедегі өмір «түрме әндерінде» (блатные песни) романтикалық сыпатта бейнеленуі, ал қылмыстық әлем авторитеттерінің жағымды тұлға ретінде пайда болулары жатады.

Құқықтық нигилизм - бұл біріншіден, құқықтық сана-сезімнің белгілі түрде теріс өзгерістерінің сипаттамасы болып табылып және құқықты сақтауға оны құрметтеу талаптарына қатал қарсы тұрады.

Құқықтық нигилизм құқықтық сана-сезімде заң талаптарына қарсы келеді, өйткені екеуі бір-біріне антипод болып табылады. Құқықтық нигилизм және оның антиподы заңдылық қоғам жағдайының белгілі сипаттамасы болып келеді. Қоғамның бұл жағдайы психологиялық емес, әлеуметтік сипаттамасы. Құқықтық нигилизмнің себептері сан алуан. Нақты негізделген қарсы тұрудан бастап құқықты әлеуметтік институт ретінде мүлде қабылдамауға дейін орын алады. Құқықтық нигилизмге әлеуметтік күрделі феномен - құқықтық мәдениет - қарсы тұрады. Міне мен осы жоғарыда аталғандарды қамти отыра осы жұмысымды жазып шықтым.

Бір қызығы «құқықтық нигилизм» туралы оқулықтардың ішінде тек қана авторлары Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұхтарова., А. Н. Тәукелевтердің ғана кітабында келтірілген екен.

Құқықтық нигилизм, оның мазмұны

Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт-құқықтық нигилизм.

Нигилизм (латынша Nihil - ештеңе, ешкім) - қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т. б. жоққа шығарып мойындамау. Ресейде, Германияда, Испанияда т. б. еуропалық елдерде нигилизм XIX ғасырда қалыптасқан саяси реакцияшыл ағым. Марксизм болашақта - коммунизмде - мемлекет пен құқық болмайды деп түсіндіреді. Қазіргі заманда саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар құқық пен мемлекет адам қоғамымен бірге өмір сүреді дейді.

Нигилизм әлеуметтік құбылыс, оның аз да болса дұрыс бағыты болады. Мысалы, Ресейдегі патшалық саяси- экономикалық жүйеге демократтардың қарсы күресі (XIX ғ. ) . Кеңестік дәуірде-тоталитарлық саяси басқару жүйесіне еліміздегі қарсы күрес. Бұл саяси күрестердің стратегиясы дұрыс, тактикасы - күресті жүргізу нысаны реакцияшыл бағытта болды - террор, төңкеріс т. б. Бірақ бұл саяси ағындарды нигилизмге толық жатқызуға болмайды.

Нигилизмнің өзіне тән белгі-нышандары: субъективизм, волюнтаризм, үстемділік, асыра сілтеу, террор, төңкеріс, контрреволюция т. б. Нигилизмдік саяси бағыттағы қозғалыстар әр елдерде әр түрлі нысанда үзіліссіз жүріп жатады. Постсоветтік республикаларда нигилизмнің түрлері, нысандары көбеюде. Олар әр түрлі саяси бағыттағы қозғалыстар, монархистер, социалистер, большевиктер т. б.

Бұл қозғалыстар қоғамның, халықтың өміріне көп зияндар келтіруде: рухани, моральдық, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді жоюда, еңбексіз баю жолында, ар-ұятты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді аяқ асты қылуда.

Бұл топтың біразы мемлекеттің ең жоғары басқару аппаратына орналасып алған. Қазіргі кезде постсоветтік республикаларда нигилизмнің көріністері жоғары мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетінен байқала бастады. Социалистік жүйеден нарықты экономикалық жүйеге көшеміз деп еліміздің экономикалық, әлеуметтік байлығын талан-таражға салып, өздері байып, жұртты қу-тақырға отырғызды.

Нигилизмнің басты себептерінің бірі заңдардың өзінде жатыр. Өйткені олар жетілмеген және қарама-қарсы қайшылықтары көп. Біздің заңдарымыздың ішінде «өлі нормалар» - яғни, нақты өмірмен қабыспайтын әрі қолданылмайтын нормалар кездеседі. Оларды жүзеге асыру механизмдері мүлде дамымаған.

Заңдардың жетілмегендігі жөнінде мысалы төрелік процестерді алайық. Азаматтар өз құқықтарын заңсыздықтан қорғап төрелік соттарға шағымданып жатады, бірақ осы саладағы құқық нормалары өскелең өмір талаптарынан кешеуілдеп қалғаны байқалады. Егерде сіз дүкеннен сапасыз зат сатып алып оны қайта тапсыруға ұмтылсаңыз мұндайды дереу байқауыңызға болады.

Құқықтық нигилизмнің түрлері. Нигилизм сан қырлы, өте қауіпті саяси ағым. Ол өзінің реакцияшыл тактикасын неше түрлі шым-шырақай өзгерістерге айналдырып халықты алдауға өте шебер. Осы реакцияшыл тактиканың негізгі түрлері:

1) . Қоғамдағы құқықтық нормалардың талаптарын қасақана орындамау іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі. Бұл құқық бұзушылық қылмыс немесе теріс қылық, қоғамға, ұйымдарға, адамдарға моральдық, материалдық, зиян келтіретін, адамдардың өміріне қауіп төндіретін қоғамға жат қылықтар.

2) . Адамдардың жаппай заңды нұсқауларды орындамай, өздерінің ойдан шығарған нормасымен жүріп, қоғамдағы азаматтық, әкімшілік тәртіпті бұзуы. Бұл мемлекеттің әлсіздігі.

3) . Заңдардың арасындағы күрес - соғыс, нормативтік актілердің арасындағы қайшылықтар. Кейде заңға тәуелді нормалар заңнан жоғары болып кетуі де кездесіп жатады. Бұл нигилистік асыра сілтеу . . . Заңдардың, биліктің күресі - соғысы қоғамға өте қауіпті нигилистік іс-әрекет.

4) . Заңдылықты субъективтік, прагматикалық саясатпен ауыстыруға талаптанған ағымдарда өмірде кездесіп жатады. Олар қоғамның объективті дамуына көп зиян келтіреді.

5) . Мемлекеттің билік және басқару органдарының арасындағы күрес-қайшылықтар. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентінің арасындағы келіспеушіліктер, Жоғарғы Кеңестің таратылуы.

6) . Қоғамда адамдардың бостандығы, құқықтары, теңдігі толық қамтамасыз етілмесе саяси нигилизмнің негізіне айналып, көп зиян келтіруі мүмкін, соғысқа апаруы мүмкін. Мысалы, Ресейдегі чечен халқына қарсы соғыс.

7) . Әр түрлі теориялардың арасындағы қайшылықтар, күрестер. Мысалы, марксистік және буржуазиялық идеологияның күресі 50 жыл атом қаруын себепсіз дамытып, дүние жүзіндегі халыққа қауіп төндірді.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп қазіргі замандағы нигилизмнің негізгі нышандарына тоқтайық:

- нигилизмнің идеологиясымен уланған адамдардың мемлекеттік аппараттың барлық деңгейінде, қоғамдық ұйымдарда барлығы ақиқат-шындық;

- нигилизмнің сан қырлы сипаттарының түрлері парламентте, Президенттік аппаратта, үкіметте, министрліктерде, заңды қорғау органдарында көрініп қалып жүр;

- нигилистер жамандықтың ең сорақы, қайырымсыз түрлерін қолдануға құмар. Олар керегінде өтірік саяси, оппозициялық ұйым бола қалады. Сөйтіп өздерінің антидемократиялық, қастандық іс-әрекеттерін жасай береді;

- олар мемлекеттік, саяси, моральдық, рухани, экономикалық, діни органдардағы нигилистермен бірлесіп, қоғамда жартылай ашық реакцияшыл күшке айналады;

- Кеңес кезінде нигилистер қазіргі нигилистермен топтасып, бірте-бірте ашық түрдегі жауынгер, агрессивтік бақылауға болмайтын реакцияшыл мафияға айналып отыр.

Бұл "күш», бұл мафия Кеңес Одағын талқандап, посткеңестік республикаларды талан-таражға салып, олардың байлығын ашық түрде өзара бөлісуде.

Құқықтық нигилизмнен құтылу жолы:

- халықтың жалпы және құқықтық мәдениетін жақсарту;

- олардың моральдық және құқықтық санасын күшейту;

- заң шығарушылықтың сапасын көтеру;

- саяси-экономикалық дағдарыстан тезірек шығу.

Қоғамға халыққа зияндығы жағынан құқықтық нигилизммен тендес екінші реакцияшыл саяси ағым - құқықтық идеализм. Идеализм құқықтың маңызын шексіз мадақтайды. Олардың ұсынысы қанаушы таптың мүддесін қорғайтын құқықтық нормаларды жойып, жаңа демократиялық нормаларды қабылдаса, бәрі дұрысталады - дейді. Бұл жәй қиял . . . ?!

Қазақстан Республикасының мәдениеті, оны құқықтық реттеу

Бұл күнде ұлт тағдыры барша халықты ойланта бастаған секілді. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады, алда бізді не күтіп тұр, деген ойлардың құшағына берілуі әбден заңды да. Ерте өмір сүрген талай халықтардың бұл күнде тарих таңының астында қалғанынан әркім-ақ хабардар. Сондықтан да қазіргі кезде ертеңін ойламайтын халық кемде-кем.

Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемде тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан-жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.

Көп ұлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту - бүгінгі сара бағытымыз, ашық та айқын саясатымыз. Мұның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп ұлтты Қазақстан қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралтып, өмірге әкеп отырғаны белгілі.

Сондықтан да Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бірлесіп, ынтымағы жараса өмір сүре отырып, қазақтардың ұлттық өсіп-өнуіне жағдай жасайтын тек Қазақстан екенін, оның басқа Отаны, елі жоқ екенін терең сезініп, оған түсіністікпен қарауы - бірлесіп ынтымақтасып өмір сүрудің нақты кепілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Құқықтық нигилизм туралы
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм
Құқықтық нигилизмнің түсінігі және қазақстандағы құқықтық нигилизмнің салдары
Құқықтық нигилизм
Құқықтық мәдениет пен құқықтық нигилизмді құқықтық реттеу
Адам құқықтарының жалпы теориясы (1-2 бөлім)
Құқықтық нигилизм - құқықтық мемлекет құру жолындағы кедергі
Танымдық - қүқықтық мәдениет теориясын дамыту
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz