Құқықтық қатынастар жайлы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Құқықтық Қатынастар

1. Құқықтық қатынастардың түсінігі жəне түрлері.

2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары.

3. Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара бай-

ланысы.

4. Құқықтық қатынастардың құрылымы.

5. Құқықтық қатынастардың субъектілері.

6. Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі жəне əрекетқабі-

леттігі. Құқықсубъектілік.

7. Құқықтық қатынастардың объектілері.

8. Субъективтік құқықтар жəне заңды міндеттер.

9. Заңды фактілер.

1. Құқықтық қатынастардың түсінігі жəне түрлері. «Құқықтық

қатынас» категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық

категориялардың бірі болып табылады жəне адамдардың жүріс-

тұрысына құқықтың қандай жолмен əсер ететінін түсінуге

мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары субъек-

тивтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық норма-

ларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл əлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты бай-

ланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ə) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық

нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдай-

ларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды

міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қа-

тысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қорғалатын жəне қамтамасыз етілетін қа-

тынастар.

Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастарды

түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, əр

түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конститу-

циялық-құқықтық, əкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық жə-

не т. б. болып бөлінеді; 2) сипаты бойынша - материалдық (қаржылық, еңбек жəне т. б)

жəне іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс

жүргізушілік жəне т. б. ) құқықтық қатынастар;

3) құқықтың функциялары бойынша - реттеуші жəне қорғаушы

құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нор-

масы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық

қатынастар мемлекеттік мəжбүрлеумен жəне заңды жауапкер-

шілікті жүзеге асырумен байланысты болады;

4) қатысушыларының құрамына қарай-жай жəне күрделі

құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің

арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал

күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында

туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары) ;

5) субъектілерінің анықталу дəрежесіне қарай - абсолюттік жə-

не қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынас-

тарда тек бір жақ қана - субъективтік құқықты иеленуші -

анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке

дара анықталған болып келеді жəне бір-біріне қатысты құқықтар

мен міндеттерді иеленуші болып табылады;

6) жалпы жəне нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық

қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынас-

тар заңды фактілердің - əрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілері-

нің - нəтижесінде пайда болады.

2. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарт-

тары. Алғышартар - бұл құқықтық қатынастарды туындататын

жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу ал-

ғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың

құқықтық қатынастарға түсуіне əсер ететін өмірлік қажеттіктері

мен мүдделері жатады. Кең мағынада - бұл белгілі бір қоғамдық

қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсе-

тетін əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т. б. жағдайлардың

жүйесі.

2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құ-

қықсубъектілік жəне шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт

жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туын-

дауы мүмкін емес.

3. Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың өзара

байланысы. Құқық нормасы - бұл жалпыға міндетті жүріс-тұрыс

ережесі, ал құқықтық қатынас - құқық нормасының негізіндепайда болатын қоғамдық қатынас.

Олардың арасындағы өзара байланыс мыналардан көрінеді:

а) құқық нормасы мен құқықтық қатынас құқықтық реттеу

механизмінің элементтері болып табылады;

ə) құқық нормасы - бұл құқықтық қатынастың пайда болуының

негізі;

б) құқық нормасы құқықтық қатынастар субъектілерінің шең-

берін анықтайды;

в) құқық нормасы өз гипотезасында белгілі бір құқықтық қаты-

настың пайда болу жағдайларын көздейді;

г) құқық нормасы өз диспозициясында құқықтық қатынастар

қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңды міндет-

терін анықтайды;

д) құқық нормасы өз санкциясында диспозицияны орындаудың

мүмкін салдарын көрсетеді (жазалау немесе марапаттау) ;

е) құқықтық норма мен құқықтық қатынас себеп пен сал

ретінде байланысқа түседі, яғни, құқықтық қатынас - бұл құқық

нормасының жүзеге асу нысаны.

4. Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қаты-

нас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық

қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъек-

тивтік құқық жəне заңды міндет (заңды мазмұн) .

5. Құқықтық қатынастардың субъектілері - бұл құқықтық

қатынастардың сəйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді

иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі - бұл

өзінің пайдаланушы құқық субъектісі.

Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлері болады:

1. Жеке субъектілер (жеке тұлғалар) ; бұларға азаматтар, аза-

маттығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік

тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азамат-

тар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құ-

қықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда,

оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар,

мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына

сайлана жəне сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қата-

рында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір

лауазымды иелене алмайды жəне т. б.

2. Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет

(ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға

түскен жағдайда) ; мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емесұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық

бірлестіктер жəне т. б. ) .

6. Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі жəне əрекетқа-

білеттігі. Құқықсубъектілік. Құқықтық қатынастардың субъекті-

лері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттікті

иеленуі тиіс.

Құқыққабілеттік - бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді

иелену қабілеті. Əрекетқабілеттік - бұл тұлғаның өз əрекеттері

арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті.

Əрекетқабілеттіктің келесі түрлері болады: толық - 18 жастан

басталады; жартылай - 14 пен 18 жас аралығында болады.

Əрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілген-

дей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана жəне

конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың

құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорға-

нысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын-

да қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.

Құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратыл-

майды жəне көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық

құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған.

Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттіктің

ажыратылуын былай түсіндіруге болады:

а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына

қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;

ə) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі

бар, алайда əрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды

өкілі қатыса алады.

Құқықсубъектілік - бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде

сипаттайтын құқыққабілеттік пен əрекетқабілеттік.

7. Құқықтық қатынастардың объектілері - бұл құқықтық

қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағыт-

талған жəне осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін

категория. Аталған категорияны түсінуде екі бағытты бөліп қа-

растырады:

- олардың біріншісіне сəйкес, құқықтық қатынастың объектісі

болып тек субъектілердің əрекеттері табылады;

- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сəйкес,

объектілердің түрлері өте көп, олар:

1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік жəне т. б. ) ;

2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой жəне т. б. ) ;

3) рухани шығармашылық өнімдері (əдебиет, өнер, музыка,

ғылым туындылары жəне т. б. ) ;

4) құқықтық қатынастар қатысушыларының əрекеттерінің нə-

тижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының

нəтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар) ;

5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом жəне

т. б. ) .

8. Субъективтік құқықтар жəне заңды міндеттер. Егер қо-

ғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық

мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер

субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер

арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы

заңды байланыстар жүзеге асырылады.

Субъективтік құқық - бұл субъектінің өз мүдделерін қана-

ғаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс ша-

масы.

Заңды міндет - бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет

- бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырма-

шылықтар:

- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттан-

дыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы,

мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;

- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы

болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып

табылады.

9. Заңды фактілер - бұл белгілі бір құқықтық салдардың туын-

дауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды

фактілер құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарт-

тары болып табылады.

Заңды фактілерді əр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге

болады:

1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:

- құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу) ;

- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бө-

лімге ауысу) ;

- құқықтоқтатушы (мысалы, жоғары оқу орнын аяқтау) .

2. Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына

қарай: - оқиғалар - бұл субъектілердің еркіне тəуелсіз жағдайлар,

мысалы, табиғат апаты, өлім жəне т. б

- əрекеттер - бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің еркімен

байланысты жағдайлар. Əрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай жəне

құқыққа қайшы болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір

заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы-заңды құрам

қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кəрілігіне байла-

нысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір

еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің

болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық

элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін

(мысалы, зейнетақыны тағайындау мəселесі) ; ə) ол жалпы белгі-

лермен сипатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері) .

Құқықтық қатынастардың түрлері:

- салалық белгісі бойынша:

• Конституциялық-құқықтық; • Əкімшілік-құқықтық;

• Азаматтық-құқықтық жəне т. б. .

- сипатына байланысты:

• материалдық (қаржылық, енбек жəне т. б. ) ;

• процессуалдық (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік жəне т. б. )

- құқық функциялары бойынша:

• реттеуші; • қорғаушы

- қатысушылардың құрамы бойынша:

• жай; • күрделі

- субъектілердің анықталғандығының дəрежесі

бойынша: • абсолюттік (тек қана бір тарап анықталған) ;

• қатысты (екі тарап та анықталған)

Құқықтық қатынастардың құрылымы. Құқықтық қаты-

нас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық

қатынастың субъектісі; құқықтық қатынастың объектісі; субъек-

тивтік құқық жəне заңды міндет (заңды мазмұн) .

25 тақырып.

ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері жəне ке-

зеңдері.

3. Заңды коллизиялар.

4. Құқықтағы олқылықтар.

5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.

1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары. Құ-

қықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде

əсер ете отырып, оларды заңнамаға сəйкес жүріп-тұруға итерме-

леу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының

жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нə-

тижелерге жетуге болады.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру - құқықтық нормалардың

ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құ-

қықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байла-

нысты тəжірибелік қызметі. Субъектілердің əрекеттерінің сипатына

қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарасты-

рады:

1) сақтау - қолданыстағы құқықпен тыйым салынған əрекет-

терден бас тарту;

2) орындау - оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байла-

нысты белсенді əрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану - олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағат-

тандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану - құзіретті органдардың нақты бір заңды істі

шешуге байланысты биліктік қызметі, нəтижесінде сəйкес жеке

акт қабылданады.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері жəне

кезеңдері. Құқықты қолдану - бұл құқықты жүзеге асырудың

ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз

өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында

қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қол-

данады;

- биліктік сипатқа ие;

- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады, - сəйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен

байланысты;

- үш кезеңнен құралады:

1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша

объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар

ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;

2) істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқыққолданушы осы

қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын

жəне нормасын таңдайды;

3) істі шешу; бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми

мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім

қабылдау қорытынды əрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Құқық әлеуметтануы
Мемлекеттің пайда болу сипаты
Құқықтық қатынас мазмұны мен құрылымы
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Нарықтағы консалтингтік компаниялардың даму деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz