Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы



1. Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
2. Саяси мәдениет және саяси практика
3. Пайдаланылған әдебиеттер
Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.
Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.
Ең алдымен, саяси мәдениеттің көпқатпарлы құбылыс екендігін, онда әрқилы тарихи қабаттардың бар екендігін ескеру қажет. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп саяси мәдениетке ықпалын тигізіп отырғандары да, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденістер жүзеге асатындары да бар.
Саяси мәдениеттің аталмыш тарихи қабаттары өз уақытында барлық компоненттері бір-бірімен тығыз байланыстағы тұтастай жүйені көрсетті. Қандай да бір дәуірдің саяси мәдениетінің тұтастығы мен жүйелілігі оның ішкі құрылымдылығының, субмәдениетінің болуы проблемасын алып тастамайды, өйткені қызмет атқарып отырған саяси мәдениет – тірі, қарама-қайшылықты нақтылық .
Саяси мәдениеттің құрылымдануының маңызды жеткілікті түрде дамыған критериі – қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуіне негізделген субмәдениеттерге бөліну принципі. Адамзаттың саяси ойының тарихы қазіргі саяси шынайылықпен қатар әртүрлі әлеуметтік-таптық саяси тенденциялар туралы, өзінің қызметінің барысында осы тенденцияларды бейнелейтін саяси қатынастардың субъектілері туралы толықтай және мазмұнды түсініктер береді.
Нақты таптарды, сословиелерді, әлеуметтік, этникалық , жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіптік және басқа да топтарды қамтитын саяси күштердің қолында солардың негізінде саяси субмәдениеттердің қалыптасуы жүріп отыратын өздерінің мемлекетке, мемлекеттік билікке қатынастары, өздерінің саяси принциптері, басымдықтары, әуестігі, өз саяси тәжірибесі болады. Ал осынау саяси субмәдениеттер оларға өз кезегінде ішкі жіктелушілік тән айтарлықтай тұтас жүйе ретінде көрінеді.
Адамзаттың саяси практикасы еуропалық, азиялық, солтүстік американдық және басқа да аймақтардың, сондай-ақ жекелеген этникалық қауымдастықтардың ауқымында дамығандықтан, адамзаттың саяси мәдениетінің тиісті тұрғыда жіктелуі мен осы негізде субмәдениеттің бөлінуі мүмкін.
1. Д. А. Жамбылов «Саясаттану».Алматы «Экономика» 1996
2. Ұ. Сыдықов «Саясаттану». Алматы – 1996
3. Д. А. Жамбылов «Саясаттану». Алматы – 2002
4. Бәйділденов Л.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2005.
5. Вятр Е. Лекции по политологии Т- 1. Типология политических режимов. 1991.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
2. Саяси мәдениет және саяси практика
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі
адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым.
Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда
билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси
қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет
болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды,
ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс
актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.
Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның
құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі
тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және
т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси
мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.
Ең алдымен, саяси мәдениеттің көпқатпарлы құбылыс екендігін, онда
әрқилы тарихи қабаттардың бар екендігін ескеру қажет. Сондықтан
құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи
кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы
тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік
кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет
деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің
терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине
олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп саяси мәдениетке
ықпалын тигізіп отырғандары да, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген
және оларда белгілі бір саяси ізденістер жүзеге асатындары да бар.
Саяси мәдениеттің аталмыш тарихи қабаттары өз уақытында барлық
компоненттері бір-бірімен тығыз байланыстағы тұтастай жүйені көрсетті.
Қандай да бір дәуірдің саяси мәдениетінің тұтастығы мен жүйелілігі оның
ішкі құрылымдылығының, субмәдениетінің болуы проблемасын алып тастамайды,
өйткені қызмет атқарып отырған саяси мәдениет – тірі, қарама-қайшылықты
нақтылық .
Саяси мәдениеттің құрылымдануының маңызды жеткілікті түрде дамыған
критериі – қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуіне негізделген
субмәдениеттерге бөліну принципі. Адамзаттың саяси ойының тарихы қазіргі
саяси шынайылықпен қатар әртүрлі әлеуметтік-таптық саяси тенденциялар
туралы, өзінің қызметінің барысында осы тенденцияларды бейнелейтін саяси
қатынастардың субъектілері туралы толықтай және мазмұнды түсініктер береді.
Нақты таптарды, сословиелерді, әлеуметтік, этникалық , жыныстық, жас
ерекшеліктік, кәсіптік және басқа да топтарды қамтитын саяси күштердің
қолында солардың негізінде саяси субмәдениеттердің қалыптасуы жүріп
отыратын өздерінің мемлекетке, мемлекеттік билікке қатынастары, өздерінің
саяси принциптері, басымдықтары, әуестігі, өз саяси тәжірибесі болады. Ал
осынау саяси субмәдениеттер оларға өз кезегінде ішкі жіктелушілік тән
айтарлықтай тұтас жүйе ретінде көрінеді.
Адамзаттың саяси практикасы еуропалық, азиялық, солтүстік американдық
және басқа да аймақтардың, сондай-ақ жекелеген этникалық қауымдастықтардың
ауқымында дамығандықтан, адамзаттың саяси мәдениетінің тиісті тұрғыда
жіктелуі мен осы негізде субмәдениеттің бөлінуі мүмкін.
Функциональды критерий бойынша құрылымданудың негізінде біршама
өзгешелеу принцип жатыр. Саяси мәдениеттің белгілі бір функцияларды
атқаруына байланысты рефлексивті, институциональдық және практикалық
компоненттері бөлініп шығады.
1. Рефлексивті. Адамзаттың ежелгі заманнан біздің күнімізге дейінгі
барлық саяси өмірін рухани формада бейнеленуін, саяси қатынастар
субъектілерінің өздерінің түпкілікті мүдделерін жүзеге асыру тәсілдері
туралы түсініктері мен ойлары жайлы, олардың осы мүдделерді түсінуін, оны
басқа әлеуметтік субъектілердің мүдделерімен салыстыра қарауды,оларды
жүзеге асыру формаларын, әдістері мен құралдарын іздеуді қамтиды. Тұтастай
алғанда бұл компонентті екі формада өмір сүретін саяси санаң ұғымымен
белгілеуге болады, яғни этникалық, таптық, жыныстық, жас ерекшеліктік,
кәсіптік және т.б. сияқты әртүрлі субэлементтерге бөлінетін қоғамдық саяси
сана және жеке саяси жүріс-тұрыстың түрткілік негізі болатын индивидтің
түсініктері мен ұғынуларын,оның саяси көзқарастарын (идеялары мен
сезімдері) көрсететін индивидуальды саяси сана.
Саяси мәдениеттің рефлексивті компоненті саяси мәдениеттің
институтталынуының алғышарттарын жасайды, өйткені саяси қажеттіліктерге
барабар идеялардың,принциптердің,қызметтің ұйымдастыру формаларының,
әдістері мен құралдарының қалыптасуы тиянақты саяси рефлексияны талап
етеді.Ойсыздық,сынап көру және қателіктер әдістеріне саясатта жол берілмеуі
керек, өйткені әңгіме адамзат бұқарасының мүдделері мен тағдыры туралы
болып отыр.
2. Институционалдық. Саяси институттар, саяси рефлексияның нәтижелерін
белгілі бір құрылымдық элементтерге аудару: идеялар мен принциптер,
ұйымдастыру формалары, әдістері, саяси дәстүрлер, құндылықтар мен
басымдықтар, саяси ықпал құралдары және басқалар. Саяси институттар – саяси
мәдениеттің шынайылығы. Оларды жетілдіруге, жаңартуға болады. Олар
субъектілердің саяси іс-әрекеттерінің процесінде қызмет етеді және
өздерінің субъективті көріністері, субъективтілігі мен тіпті, тұлғалануы
бар.
Саяси институттар өзара байланыстағы тұтастай саяси жүйені көрсетеді.
Олардың өзара байланыстарының спецификасы саяси режимдердің ерекшеліктерін
қалыптастырады,ал өзара байланыстың өзі саяси процестердің мазмұнын құрай
отырып қоғам үшін конструктивті, сондай-ақ деструктивті тұрғыда көрінуі де
мүмкін.
Саяси мәдениет өзінде саяси қажеттіліктердің,саяси қатынастар
субъектілерінің мүдделерінің барлық көптүрлілігі мен қайшылықтарын қамти
отырып, институциональды тұрғыда орнығады. Саяси институттар
консервативтіліктен бастап жаңартылған экстремистік тармақтарға дейінгі
саяси тенденцияларды қамтиды.
Үрдістердің көптүрлілігі жеке идеологиямен, құндылықтармен,
басымдықтармен белгілі мөлшерде дербес тұтастылықты құрай отырып, саяси
мәдениеттің субмәдени элементтерін қалыптастырады. Сондықтан да, қоғамның
маңызды әлеуметтік-саяси проблемасы саяси субмәдениеттің барлық
элементтерінің өзара қатынасын қамтамасыз ету, саяси қатынастардың барлық
субъектілерінің қызметін заңдастыру, қоғамдық организмде барлық саяси
тенденциялардың көрінуіне жағдай жасау болып табылады.
Демократиялық саяси бәсекелестікті қамтамасыз ететін, саяси
қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейтін,
қоғамның жаңаруына жағдай жасайтын және қоғам мен азаматтарды әлеуметтік
күш көрсетудің әртүрлі формаларынан қорғайтын Конституция саяси мәдениеттің
барлық элементтерінің табысты қызмет етуінің фундаментальды негізі бола
алады. Сол себептен, қоғамның саяси мәдениетінің дамуының қол жеткен сатысы
тікелей және барынша толықтай формасында мемлекеттің Конституциясында
бекітілуі мүмкін деп есептеуге болады.
3. Практикалық. Саяси мәдениет барлық мәдениеттер сияқты адамзат
қызметінің құралы. Себебі осы компонент саяси мәдениеттің фундаментальдық
көрінісі, бұған осы тараудың келесі бөлімінде кеңінен тоқталамыз.
Әдістемелік тұрғыда саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуында практика
шешуші мәнге ие. Дәл осында идеялардың, теориялардың, принциптердің,
қызметтің ұйымдастыру формаларының, әдістері мен құралдарының шынайы
мазмұны толықтай ашылған. Практикалық процесте ғана саяси қатынастардың
субъектісі барлық ережелердің істе көрінетінін түсіне бастайды, яғни
қарапайым сөзбен айтар болсақ жетілең бастайды.
Рефлексия ойша қорытындылаудың тәсілі болуы мүмкін, ал институттар
көбісіне ассоциативты тұрғыда қалыптасады, және оларда шеттен алудың,
еліктеудің элементтері болады. Саяси мәдениеттің барлық компонеттерін
шынайы сынау, олардың мағынасын ашу тек практикада ғана мүмкін. Осында
саяси мәдениеттің толығуы мен өсуі өтеді. Саяси практика саяси мәдениеттің
дамуының, оның құрылымдық элементтерін істе сынаудың, онда жабық, жасырын
түрде сақталынатын саяси мүмкіндіктерді анықтаудың базалық негізі ретінде
көрінеді.

Саяси мәдениет және саяси практика

Саяси мәдениет қоғамның саяси практикасына айтарлықтай ықпалын
тигізеді. Шынайы саяси практика саяси қатынастар субъектілерінің өзара
әрекетімен сипатталынады, онда соңғысы белгілі бір рөлдер мен функциялар
атқарады.Бұл жағдайда саяси практика процесс ретінде олар арқылы саяси
қатынастар субъектілері мен мемлекеттік биліктің саяси белсенділігі,
идеялар,теориялар, көзқарастар, әдістер, саяси акциялар, әрекеттердің
апробациялануы жүзеге асатын және сонымен қатар олардың нәтижелерін
бағалау өтетін ұйымдастырушы құрылымдардың өзара әрекетін де қамтиды,.
Саяси практиканың процесс ретіндегің ұғымы кең мағынада, тұтастай
алғанда қоғамдық организмнің шеңберіндегі ұзақ уақыттар бойы саяси
қатынастардың негізгі субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің сипаты мен
ерекшеліктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Саяси мәдениеттің типтері
“Мәдениет” ұғымының мазмұны
Құқықтық мәдениет ұғымы
Мәдениет түсінігі
Қазақстандағы саяси мәдениет
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениеттің мағынасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Қазақстанның дәстүрлі мәдениеті
Пәндер