Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеке даралау


Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Абдуламитов Дархан

Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеке даралау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050301 мамандығы бойынша - «Құқықтану»


Түркістан 2011

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және

криминология кафедрасының меңгерушісі

з. ғ. к., аға оқытушы А. Е. Паридинова

29. 04. 2011 ж. Хаттама № ___.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеке даралау

050301 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Орындаған Абдуламитов Д.

Ғылыми жетекшісі

з. ғ. к., аға оқытушы Паридинова А. Е.

Түркістан 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ:
4:
КІРІСПЕ: 1 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТА АЛАТЫН ОРНЫ
4: 10
КІРІСПЕ: 1. 1 Қылмысқа қатысушылық институтының пайда болу тарихы және қылмысқа қатысушылық ұғымының Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы бойынша дамуы
4: 10
КІРІСПЕ: 1. 2 Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері
4: 21
КІРІСПЕ: 1. 3 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері
4: 30
КІРІСПЕ:
4:
КІРІСПЕ: 2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖЕКЕ ДАРАЛАУ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4: 42
КІРІСПЕ: 2. 1 Қатысушылардың жауаптылығының негізі және жағдайлары
4: 42
КІРІСПЕ: 2. 2 Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралаудың жалпы мәселелері
4: 55
КІРІСПЕ: 2. 3 Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралаудың арнайы мәселелері
4: 61
КІРІСПЕ: 2. 4 Шектен шыққан қатысушылықты саралау және жаза
тағайындау
4: 70
КІРІСПЕ: 2. 5 Қылмысқа қатысудан өз еркімен бас тарту әрекеттерін саралау және жауаптылық көлемі
4: 76
КІРІСПЕ:
4:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 83
КІРІСПЕ:
4:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 94
КІРІСПЕ:
4:
КІРІСПЕ:
4:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамнын өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады [1] .

2007 жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елдің қоғамдық және экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретін сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күресті күшейту талап етілетінін атап өтті [2] .

Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын басшылыққа ала отырып, 2009 жылғы 24 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей, елде құқықтық мемлекет принциптерін одан әрі бекіту процесінде, бір жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғары ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды. Қылмыстық құқықты одан әрі жетілдіру адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заңдардың сапасын арттыруға байланысты, ол заң тұрғысынан дәл әрі оның салдарының болжамды болуы талаптарына сәйкес келуі тиіс, яғни оның нормалары жеткілікті дәрежеде нақты тұжырымдалуы және құқықтық іс-әрекетті құқыққа қайшы іс-әрекеттен айыруға мүмкіндік беретін ұғымды өлшемдерге негізделген болуы тиіс, бұл ретте заң қағидаларын өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін болдырмау қажет [3] .

Қазіргі кезеңде қасақана ниетпен жасалатын қылмыстардың елеулі бөлігі қылмысқа қатысушылықпен жасалатындығы баршаға аян. Сонымен қатар, адамдар тобымен жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі жоғары екендігі және қылмыс нәтижесінде туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара қылмысқа қарағанда едәуір артық болатындығы айқын. Ғылыми тұрғыда бұл мәселенің саяз өңделуі және қылмысқа қатысушылармен күрес жүргізудің, олардың жазасын даралау мәселелерінің құқықтык жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілу аталған тақырыптың өзектілігіне айналып отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің мәліметі бойынша Қазақстан аумағында қылмысқа қатысушылықпен 2004ж. - 22356; 2005ж. - 21993; 2006ж. - 18741; 2007ж. -15790; 2008ж. - 13808; 2009ж. - 15862; 2010ж. - 15310 қылмыс тіркелген [4] . Осы сандардан қылмысқа қатысу арқылы жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстылықтың үлес салмағын салыстырып қарасақ, онда 2004 жылы тіркелген қылмыстарда қатысушылықпен жасалған қылмыстар 13, 6%; 2005ж. - 13, 8%; 2006ж. - 17, 46%; 2007ж. - 16, 78%; 2008ж. - 16, 3%; 2009ж. - 18, 5%; 2010ж. - 9, 2% болып отыр. Көрсетілген мәліметтерге қарағанда, қылмыс жасау төмендеп келе жатқандай көрінеді, алайда бұл - қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстылық пен қылмысқа қатысушылар жауаптылыгының мән-мағынасына әлі де толық көңіл бөлінбей отырғандығының куәсі деп атап өтуге болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында: «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға заңның қатаң түрі қолданылсын» - деп атап өткен болатын [5] . Осы орайдан келгенде, қазіргі кезеңде республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізі жағынан нығаюына, қылмыс пен заң бұзушылыққа қарсы күресті күшейтуге, қоғамымыздың әр азаматының құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударылуда. Бұл - қазақстандық құқық ғылымының алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі.

Осы орайда профессор Жекебаев Ү. С. «Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының негізгі қағидалары» деп аталатын еңбегінде «әлеуметтік-құқықтық реформа заң шығарушының өз елінің дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін ғана ескеріп қоймай, сонымен бірге салыстырмалы-құқықтық тәсілге сүйенгенде тиімділігі артады. Мұнсыз өтпелі экономикалық елдерде түпкілікті құқықтық реформа жүргізу мүмкін емес» деп атап көрсетті [6, 216б. ] .

Қылмыстық құқықтық реформа көріністерінен қатысушылықпен жасалатын қылмыстар мәселесі де қалыс қалған жоқ. Мұның дәлелі ретінде қазіргі қылмыстық заңда адамдар тобының коғамға қауіпті кез-келген әрекетін әлеуметтік-құқықтык талдаудан өткізіп, қауіптілігі жоғары болғанда қылмыс деп жариялауын кездестіруге болады. Мұны 1998 жылға дейінгі қолданылған қылмыстық заң мен одан кейін қолданылып келе жатқан заң мазмұнын салыстырғанда анық байқалады, сондай-ақ бірлескен түрдегі әрекеттердің орын алу мүмкіндігі практика материалдарымен негізделіп, әлі де заңға өзгерістер мен толықтырулар түрінде енгізілуде. Мысалы, террорлық әрекеттердің халықаралық сипат алуына байланысты және оның ұйымдасқан түрдегі әрекеттеріне қатал жауаптылық қарастыратын 233-1, 233-2, 233-3 баптардың дүниеге келуін айтуға болады. Бұл айтылғандар тақырыптың практикалық тұрғыдан өзектілігін білдіреді. Ал теориялық тұрғыдан өзектілігі ретінде қылмысқа қатысушылықтың әр жақты мәселелері қылмыстық құқық ғылымында біркелкі шешімін таппай, көбінесе даулылыққа соқтырып келеді. Өйткені, екі немесе одан да көп адамдардың қылмыстық әрекеттері бір қылмысты ғана жасаумен шектелмей, ол кейде бірнеше қылмыстарды жасаумен де көрінуі мүмкін. Әрине, осы тәріздес жағдайларда қылмысқа қатысқан әр адамның жауаптылығын белгілеуде қиындыққа соқтыратын жағдайлар көптеп кездеседі. Осыдан болар, қылмысқа қатысушылықтың мәселелері қылмыстық құқық ғылымындағы аса көрнекті ғалымдардың зерттеу обьектісі болған және осы зерттеушілердің қылмысқа қатысушылыққа қатысты даулы пікірлері де аз емес. Атап көрсетілген жағдайлар осы зерттеудің айрықша өзектілігін танытады.

Жұмыста қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау және оларға жауаптылық белгілеуге байланысты қылмыстық-құқықтық ережелерді жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін көтеру үшін осы тақырыпқа байланысты пайда болған даулы мәселелерді зерттей отырып, ұтымды әрі дұрыс бағыттағы шешім көрсету болып табылады. Зерттеудің мақсаттары мынадай міндеттерді өз алдына қояды:

- қылмыстық құқық теориясында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын ұғымын беру;

- қылмысқа қатысушылар жауаптылығының жалпы мәселелерін қылмысқа қатысушылықтың нысандарымен байланыстыра отырып, ҚК-тің 28-ші және 235-ші баптарын қолданудың негізділігін дәлелдеу;

- қылмысқа қатысушылар жауаптылығының арнайы мәселелерін карастырып, ол бойынша жауаптылықты жеке даралауға әсер ететін жағдайларды көрсету;

- қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын жеке даралау ұғымының қылмыстық құқықта жалпы тәртіпте белгіленген осы қағидамен ара-қатынасын анықтап, қатысушылардың жауаптылығын жеке даралаудың айырмашылықтарын көрсету;

- қылмыстық құқықта кездесетін жауаптылықты даралау және жазаны даралау ұғымдарының арақатынасын қарастырып, бұл қағидалардың қолданылу орны мен маңызын ашу;

- қолданыстағы қылмыстық заңның қылмысқа қатысу институтына катысты ережелеріне тиісті өзгерістер ұсыну.

Осы міндеттерді іске асыру үшін қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын даралау бойынша қылмыстық құқық теориясында орын алған даулы пікірлер қайта қаралды және сот-тергеу тәжірибесі қызметкерлерінің қылмысқа қатысушылық істері бойынша қылмыстық әрекеттерді саралаулары талдауға алынды, сонымен қатар қылмыстық құқық теориясындағы пікірлер ескерілді.

Дипломдық жұмысты зерттеу нәтижесінде мынадай қорытынды-тұжырымдар жасалды:

1. Қылмысқа қатысушылықта бірнеше адамдар бірлескен түрде бір қылмыс, ал кейде бірнеше қылмыстар жасағандығы үшін кінәлі болып саналатындықтан, олардың жауаптылығы бір қылмыс түрінде анықталғанмен, әрбір қатысушы өзінің орындаған рөлі мен әрекеттерінің түріне, қылмыстың орындалуына деген белсенділігіне қарай жеке дара жауаптылыққа тартылуын - қылмысқа қатысушылықтағы жауаптылықты даралау деп білеміз.

2. Қылмысқа қатысушылықтың немесе қатысу арқылы жасалған
қылмыстардың аяқталу кезеңдерін анықтау болып табылады. Қылмыстық
құқықта қылмыс кұрамдарының аяқталу кезеңдері кұрамдардың кұрылымы
бойынша анықталатындықтан, қатысушылықпен жасалған және жалғаспалы,
созылмалы әрекеттермен жасалған қылмысқа қатысудың аяқталу кезеңдері
анықталды. Қылмыстық заңдағы әр түрлі құрамдарға жататын қылмыстардың қылмысқа қатысушылықтағы аяқталу кезеңдері қылмыстың заң жүзінде аяқталу уақытымен сәйкес келе бермейтіні дәлелденді. Мысалы, қорқытып алушылық қылмысы заң жүзінде мүлікті беруді талап еткен кезден бастап аяқталды деп саналады, ал өмір шындығында мүлікті беруді талап еткенге дейін ғана емес, сонымен қатар мүлікті немесе мүлікке деген құқықты алған кезде жаңадан қатысушылар қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда мүлікті беруді талап еткен адамда осындай кезден-ақ аяқталған қылмыстың құрамы бар болса, ал кейіннен, қылмыс нақты аяқталғанға дейін қосылған қылмыскерлер де қорқытып алушылық үшін жауаптылыққа тартылуы керек болады. Демек, қылмыстық әрекетті бастаған және оған кейіннен қосылған адамдардың әрекеттері бір баппен және адамдар тобы орындаған қылмыс ретінде бағаланады. Сондықтан, формальдық және келте құрамдар бойынша қылмысқа катысушылық қылмыстың нақты аяқталу кезеңіне дейін кездесе алады. Ал материалдық құрамдарға жататын жалғаспалы қылмыстарда қылмысқа қатысушылық барлық кездерде қылмыстың нақты аяқталу кезеңімен анықталуы міндетті емес деген қорытынды.

3. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылық мәселесі қоғамға қауіптілігін сипаттайтын белгілердің бірі - келісімге қатысты болғандықтан, келісім мазмұны, келісім дәрежесі және келісім сипаты деген ұғымдардың ара-қатынасы анықталып, олардың қылмысқа катысушылық мәселелерін талдауда қолданылатын орны мен ролі белгіленді. Біздің ойымызша, келісім дәрежесі - бұл алдын-ала келісімсіз және алдын-ала келісіммен жасалатын қылмысқа қатысушылықтың бір-бірінен ажырататын белгісі болып саналуы керек, сондай-ақ келісім дәрежесі ең төменгі мағынада алғанда қылмысқа
катысушылықпен алдын-ала келісім бермей қылмысты жасыру және
хабарламау әрекеттері субъективтік жағынан ажырататын критерий болып
табылады.

Келісім мазмұны - бұл қылмыстық құрамның негізгі және қосымша белгілері ретінде жасалатын қылмыстың түрі, зардаптың түрі мен көлемі, қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі және құралы тәрізді белгілердің жиынтығы.

Келісім сипаты немесе көлемі - бұл екі немесе одан көп адамдардың бірлесіп қылмыс жасауда ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық сияқты қылмысқа қатысушылық нысандарына айналдыратын белгі.

4. Әртүрлі қылмыстардың қатысушыларының қоғамға қауіптілігін
салыстыра қарағанда немесе бірнеше жеке қылмыстардағы
ұйымдастырушының және өзге қатысушылардың бір-бірінен
айырмашылықтары - олардың қоғамға қауіптілігі сан-алуан болатындығында. Бұл жағдай жаза тағайындау мәселесінде соттарға әр қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмысқа және олардың қатысушыларына жекеше бағалаумен қарауын талап етеді. Тұрақты болып табылмайтын қатысу нысандарымен және тұрақты болып саналатын ұйымдасқан топтың, қауымдастықтың ұйымдастырушыларын қауіптілік дәрежесі бойынша бірдей бағалауға болмайды деген тұжырым.

Осының негізінде, біз қылмысқа қатысушылардың «қатысу дәрежесі» деген ұғымды екі жағдайда жеке қарастырамыз. Бірінші жағдайда ұйымдастырушы, орындаушы сияқты негізгі қатысушылар және көмектесуші сияқты қосымша қатысушы болып саналуына байланысты жауаптылықты немесе жазаны тағайындауда жеке қарауға болады. Екінші жағдайда қатысу дәрежесі қылмыскердің қауіптілік деңгейін немесе дәрежесін білдіреді. Бұл жағдайда жасалған кылмыстың түріне, қылмыстық ниетін катысушылық түрінде іске асыру тәсіліне немесе нысандарына қарай анықталуы қажет.

5. Қылмыстық заң нормаларын тиімді қолдану үшін бұрынғы
зерттеулердегі бағыттардың құндылықтарын ескере отырып, тұрақты
қылмыстық топтарда ұйымдастырушы мен өзге қатысушының әрекеттерін ҚК 235-ші баптағы ұйымдастырушы мен өзге қатысушы үшін жауаптылық
қарастыратын 1-ші немесе 2-ші бөліктері ҚК 28-ші бапқа сілтеме жасалынбай саралануы керек деген пікірдеміз. Мұндай жағдайда біріншіден,
ұйымдастырушы сияқты қылмысты тікелей орындамаған адамдардың
әрекеттері басқа қатысушылармен тең дәрежеде сараланады және екіншіден,
ұйымдасқан топта, қылмыстық қауымдастықта қатысушылар осындай
топтардың бірге орындаушылары немесе мүшелері болып табылады.

ҚК 28-ші бапқа сілтеме жасай отырып, Ерекше бөлім баптарына саралау жүргізу - қылмыстық жауаптылыққа қылмысты орындаушыдан басқа қылмысты тікелей орындамаған адамдарға да қатысты және бұлардың жауаптылығы жеке қарастырылады.

6. Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі баптарының жауаптылықты
ауырлатып қарастыратын бөлімдерінде аса қатігездік, бірнеше адамдардың
өміріне қауіпті тәсілді қолдану, ауыр зардаптарға соқтыру, қару немесе қару
ретінде қолданылатын заттарды пайдаланып қылмыс жасау тәрізді обьективтік белгілер келтірілген, соған байланысты мұндай белгілердің орын алуы мүмкін екендігін өзге қатысушылар білсе немесе білуге мүмкіндігі болса және белгілі бір қатысушының жеке басына ғана қатысты болмай жоспарланған қылмыстың мазмұнына байланысты болса, онда бұл белгілер қылмысты саралау кезінде осы жағдайларды білген қатысушыларға қолданылуы керек және жаза тағайындау кезінде де ескеріледі. Ал орындаушының немесе өзге қатысушының жауаптылықты ауырлатын белгілері Ерекше бөлімнің баптарында тікелей көрсетілмесе, саралауға әсер етпейді, бұл белгілер тек жаза тағайындау кезінде ескерілуі керек. Мысалы, қылмысты жасау кезінде аса белсенділік көрсету, өкімет өкілінің киімін немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау. Бұл жауаптылықты ауырлатын белгілер Ерекше бөлімнің баптарында келтірілмейді, олар ҚК 54-ші бабында ғана көрсетілген.

7. Қылмысқа қатысушылық ұғымында «абайсыздықпен қылмысқа қатысушылық» болмайды. Мұндай тұжырымға келудің басты себебі, абайсыздықпен келтірілген зардаптарда екі немесе одан көп адамдардың «бірлескендік» белгісінің болмауы танылады. «Бірлесіп» немесе куш біріктіріп кылмысты әрекеттерді орындау болмағанда қылмысқа қатысушылық жоқ деп танылады, сондықтан қылмыстық құқық теориясында кінәнің абайсыздық нысанының орын алу мүмкіндігін шектеуде ҚР ҚК 27 бабының түсінігі қайта қаралып, 1959 жылғы қылмыстық заңда берілген қылмысқа қатысушылық анықтамасынан сапасы бойынша дұрыс деп бағаланды. Мұндай шешімге келудің басты себебі, ол қылмыстық-құқықтық ереже бойынша материалдық құрамдарда қасақаналық ұғымы әрекетке психикалық қатынасы тілеу түрінде болса, ал зардапқа қатысты психикалық қатынасы тілеу немесе жол беру түрінде анықталады. Формальдық құрамдарда әрекетке деген психикалық қатынасы тілеу немесе саналы түрде жол беру түрінде ғана болады. Демек, заң баптарында «қасақана» деген ұғым қолданылғанда бұл әрекетке қатысты ғана емес, зардапқа да қатысты қасақаналықтың белгілері болатыны ескерілді.

1 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТА АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Қылмысқа қатысушылық институтының пайда болу тарихы және қылмысқа қатысушылық ұғымының дамуы

Қылмысқа қатысушылық институты қылмыстық кұқық саласының ең маңызды да өзекті мәселесі больш табылады. Сондықтан, қылмысқа қатысушылықтың қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдерін зерттеп қарастырудың маңызы ерекше.

Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқыктық институт ретінде өте ерте замандардан бастау алады және үнемі заң шығарушылар тарапынан жетілдірілуде. Мұның себебі, қылмысқа қатысушылық қоғам дамуынан қатыссыз және құқықтық тұрғыда арнайы баға берусіз-ақ қылмыстық сипатта болуына байланысты. Өйткені, ерте замандардан-ақ қылмыс болып саналған кісі өлтіру, адамды жарақаттау, ұрлық сияқты әрекеттердің қоғамға қауіптілігі күмән тудырмаған және осындай қылмыстарға қатысу да қылмыстық әрекеттің жеке нысанын білдірген. Бірақ, ол кездердегі қылмысқа қатысушылыққа қатысты мәселелердің шешілу деңгейін казіргі деңгеймен салыстыруға келмейді, яғни қоғамдық болмысты танудың әлі жеткілікті болмауына байланысты құқықтық реттелуге жататын кейбір елеулі мәселелер шешімін таппаған және мұндай мәселелер құқық мазмұнында қарастырылғанның өзінде де сапалы түрде шешілмегендігін байқауға болады. Мысалы, Ерте уақыттардағы Ману, Хаммурапи, Рим заңдарында қылмысқа қатысу мен қылмысқа жанасу бір-бірінен ажыратылмай, қылмысқа жанасушылықты құрайтын алдын-ала келісім бермей қылмысты хабарламау немесе жасыру, қылмыстың жасалуына жол беру іс-әрекеттері қылмысқа қатысушылық ретінде қарастырылған [5, 8 б. ] .

Басқаша айтқанда, корольге немесе патшаға қастандық әрекеттер жасалса, осы қылмысқа қаншалықты қатыстылығы нақтыланбай, осы қылмысқа қандай да бір қатысы болған кез-келген адам қатысушы ретінде бағаланып, жазаға тартылған. Қылмысқа қатысушылық тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеулердегі тарихи шолуға назар аудара отырып, ерте замандардың заңдарында қылмысқа қатысушылық мәселесі әдет-ғұрып бойынша қарастырылып, жауаптылық қолданылғанын және қатысушылардың негізгілерін анықтамай-ақ, барлығын бірдей жазаға тартқанын да байқауға болады.

Қазақтың әдет-ғұрып заңдарында да қылмысқа қатысушылыққа қатысты мәселелер арнайы қарастырылмаған, яғни қылмысқа қатысудың жалпы түсінігі, оның белгілері, нысандары, сондай-ақ қатысушылардың жауаптылығы арнайы реттелмеген, тек қазақ әдет-ғұрып заңы бойынша қарастырылған қылмыстардың кейбіреулері қылмысқа қатысудың түрлеріне келеді. Мысалы, жеңіл жүрісті әрекеттер жасау, біреудің тапсырмасымен кісі өлтіру, мал ұрлау, қылмысты хабарламау, өзге біреудің жұбайы немесе зайыбымен жыныстық қатынаста болу сияқты әрекеттер үшін арнайы жауаптылық қарастырылған. Ал қылмыс туралы үндемеу қылмыстық әрекет деп есептелмеген [6, 172 б. ] . Ал бұл "үндемеу" болған қылмыстық әрекетті хабарламауды білдіреді.

"Қазақтардың әдет-ғұрып кұқығы" бойынша қылмысқа қатысушылар қылмысты жасаған адаммен бірдей дәрежеде жауаптылыққа тартылған. Мұны қазақтардың мынандай қағидалық мақалымен дәлелдеуге болады: "¥ры серігімен, жортуыл жолдасымен". Қазақ әдет-ғұрып құқығы туралы барлық материалдарда қылмысқа көмектесушілер мен жасалған қылмысты жасырушылар оны орындаған адаммен бірдей дәрежеде қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын келтірген. Бірақ билер сотында қылмыстың ұйымдастырушысы, азғырушысы немесе көмектесушісі беделді, ру басы сияқты немесе сұлтандар болса, онда оларды жазалау жүргізілмеген немесе қылмыстың орындаушысына қарағанда жеңіл жазаларға тартылған, сонымен қатар қылмысты жасырушыларды да жазалау сирек кездескен.

Кейінгі уақыттарда қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы кінәнің дәрежесіне қарай біршама дараланды. Негізінен жауаптылыққа даралай қарау, XIX ғасырдың екінші жартысына қарай Ресей қылмыстық заңдарының әсерінің нәтижесінде қолданыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысында жарияланған Г. Загряжскийдің қазақ әдет-ғұрыптық заңдарының жинағында: "Егер қылмысқа бірнеше адам қатысса, онда тағылған айып қатысушылардың қылмысқа қатысу дәрежесіне қарай бөлінеді" делінген [6, 171 б. ] .

Қылмысқа қатысушылық туралы алғашқы заң нормалары Ресей заңдарында, яғни 1845 жылғы заңдар Уложениесінде қарастырылды. Бұл Уложение сол кездердегі Ресейдің көрнекті ғалымдарының бағытына келетіндей нұсқада қылмысқа қатысушылықты екі түрге бөліп келтіреді:

  1. алдын ала келісімсіз қылмысқа қатысушылық;
  2. алдын ала келісіммен қылмысқа қатысушылық.

Бұл қылмысқа қатысу түрлерінің негізгі мағынасы осы ұғымдардың өз атауынан көрініп тұрғандай қылмыс жасалар алдындағы келісімнің болуына немесе болмауына қарай ажыратылады. Сонымен қатар, бұл заңның 15-бабы қылмысқа қатысушылардың да түрлерін келтіріп, оларды 1) қылмыстың қоздырушысы (зачинщик), 2) сыбайлас немесе қатысушы (сообщник), 3) үгіттеуші немесе азғырушы, 4) көмектесуші деп бөлген. Мұнымен қатар, қылмысқа қатысушылардың бір түрі ретінде алдын ала келісім берген қылмысты жасырушылық келтірілген [5, 43 б. ] . Ал, алдын ала келісіммен немесе келісімсіз түрде қылмысты хабарламау және қылмысқа қатысушылықтың нысандары немесе қылмысқа қатысушылықтың белгілері туралы бұл заңда айтылмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу жайлы
ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Қатысып қылмыс жасау түсінігі, нысаны, түрлері және тарихи даму аспектілері
Жаза тағайындау
Қылмыстардың қайталану жағдайында жаза тағайындау
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыстық жауаптылығы
Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау мәселелері
Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерге араласуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz