Магия және дін



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ. МАГИЯ АНЫҚТАМАСЫ.
1.1. Магияның шығуы және дамуы ... ...5
1.2. Магияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

ІІ БӨЛІМ. МАГИЯ ЖӘНЕ ДІН.
2.1.Исламның магияға қарсылығы ... ... ... ... ...12
2.2.Христиандағы магия ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3.Буддизмдегі магия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ..23
Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.
Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын any...; имитативтік- объектіге үқсас объектімен әсер тигізу.
Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.е.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды: шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.
Сиқыр —сиқыршылық, магия. Сиқыр қараңда ең алдымен Мысырға қатысты айтылады Мұсаның Фираун сиқыршыларымен және Вавилонмен жекпе - жегі әлденеше рет қайталанады. Вавилонның сиқыршылықпен байланысы туралы түсінік Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия аудандары үшін дәстүрлі ұғым. Ол туралы көне заман авторларында да, Тауратта да (Исаия), Оңтүстік Арабия тұрғындарының тіліндеғі түбірінің айтылу мәні де сиқыршылыққа барып тіреледі. Құран бойынша Сиқыр Пайғамбарлық қарсы түрады және онымен үйлеспейді. Ол күнәһарлық деп жарияланған. Түптеп келгенде арабтың сиқыршылық практикасы кахим, шаир және мәжнүн деген терминдерімен байланыста дамиды. Мұхаммед (Сиқыра.у) жоғарыда айтылған терминдердің бірде-бірін бойына дарытқан жоқ. Өйткені оның алдына қойған мақсаты жоғарыда аталған терминдерден көп айырмашылығы бар еді. Құрандағы баяндауға қарағанда Аллаһ сиқырды екі періштеден төмендегі Вавилонға, Харут пен Марутқа жіберген. Ал олар мұны адамдарға ұсынуға тиіс болған. Сөйте тұра шынайы білімнің тек Аллаһтан тарайтыны, ал С-дың екінші кезектегі алдамшы нәрсе екені атап көрсетіледі. Сиқыр шайтанға тән, оны адамдарға үйрететін де сол.
1. Қазақстан Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы
2. Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998
3. Д-р Билли Грэм. Құдайға тәубешілік. – Алматы, 1993.
4. Ғ. Есім. Сана болмысы. – Алматы, 1996-1998.
5. Философиялық сөздік. – Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1996.
6. Жүнісұлы М. Фундаментализм деген не? // Заман-Қазақстан.-1998.
7. Любимов Л. Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1983.
8. Философиялық сөздік. – Алматы, Қазақ энциклопедиясы, 1996.
9. Жүнісұлы М. Фундаментализм деген не? // Заман-Қазақстан. 1998.
10. Любимов Л. Ежелгі дүние өнері. Алматы, 1983.
11. Любимов Л. Ежелгі орыс өнері. Алматы, 1989.
12. Любимов Л. Батыс Европа өнері. Алматы, 1989.
13. 12 томдық Қазақ Совет энциклопедиясы. 1976.
14. Ғ. Есім. Суфизмге кіріспе. Алматы, 1997.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БӨЛІМ. МАГИЯ АНЫҚТАМАСЫ.
1. Магияның шығуы және дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2. Магияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ БӨЛІМ. МАГИЯ ЖӘНЕ ДІН.
2.1.Исламның магияға
қарсылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...12
2.2.Христиандағы
магия ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14
2.3.Буддизмдегі
магия ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Кіріспе
Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды
түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің
көзқарасына сәйкес етіп өзгерту. 
Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды
объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін
тигізу, шаш алу, тырнағын any...; имитативтік- объектіге үқсас объектімен
әсер тигізу.
Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі
өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау
магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т.е.с Магияның өзара бөлінуіне байланысты,
магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр
түрлі атайды: шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар. 
Сиқыр —сиқыршылық, магия. Сиқыр қараңда ең алдымен  Мысырға  қатысты
айтылады Мұсаның Фираун сиқыршыларымен және Вавилонмен жекпе - жегі
әлденеше рет қайталанады. Вавилонның сиқыршылықпен байланысы туралы түсінік
Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия аудандары үшін дәстүрлі ұғым. Ол туралы
көне заман авторларында да, Тауратта да (Исаия), Оңтүстік Арабия
тұрғындарының тіліндеғі түбірінің айтылу мәні де сиқыршылыққа барып
тіреледі. Құран бойынша Сиқыр Пайғамбарлық қарсы түрады және онымен
үйлеспейді. Ол күнәһарлық деп жарияланған. Түптеп келгенде арабтың
сиқыршылық практикасы кахим, шаир және мәжнүн деген терминдерімен
байланыста дамиды. Мұхаммед (Сиқыра.у) жоғарыда айтылған терминдердің бірде-
бірін бойына дарытқан жоқ. Өйткені оның алдына қойған мақсаты жоғарыда
аталған терминдерден көп айырмашылығы бар еді. Құрандағы баяндауға
қарағанда Аллаһ сиқырды екі періштеден төмендегі Вавилонға, Харут пен
Марутқа жіберген. Ал олар мұны адамдарға ұсынуға тиіс болған. Сөйте тұра
шынайы білімнің тек Аллаһтан тарайтыны, ал С-дың екінші кезектегі алдамшы
нәрсе екені атап көрсетіледі. Сиқыр шайтанға тән, оны адамдарға үйрететін
де сол. 

І БӨЛІМ. МАГИЯ ЖӘНЕ ДІН. МАГИЯНЫҢ ТИПТЕРІ МЕН
ТҮРЛЕРІ.
1.1 Магия тарихы
Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін
формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық
бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс
күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты
дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан
түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.
Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу
дәуіріндеДж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың
еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты
ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге
арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-
қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия
көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп,
адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін
салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе
басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық
мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.
Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж.
Фрезер. Ол өзінің “Алтын бұтақ” атты көлемді еңғбегінде магияны көне дін
емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным түрі деген тұжырым жасайды. Оның
ойынша, магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды. Дін құдіретке сенім,
соған тәуелділік арқылы адамның өзін өзі тануына мүмкіндік ашады.
Ал Леви-Брюль адамның ой қабілеті, әсіресе қауымдық құрылыс кезінде,
логикалық және пралогикалық деген екі бөліктен тұрады, біріншісі логикалық
ойлау заңдылықтары бойынша дамиды, екіншісі кездейсоқ және мүмкін болатын
жаратылыс, әлеуметтік құбылыстарымен байланысты, ойлаудың осы екінші бөлегі
жаратылыстан тыс күштерге илануға, пралогикалық магиялық ойлаудың тууына
негіз болды, осылай әлемді діни тұрғыдан зерделеудің тағы бір ізі салынды,
деп санайды.[1]
Осы мәселемен шұғылданған ғалымдардың тағы бірі – Б.Малиновский
бастапқы қауымдық құрылыста адамдар өз мүмкіндіктері көлеміндегі істерге
қатысты ұтымды ойлауға қаблетті болды. Бірақ, өз мүмкіндіктерінен тысқары
нәрселер алдына келгенде тосылып, осыдан тылсым ұғымы қалыптаса бастаған
деген тұжырым жасайды. Ғалым өзінің “Магия, ғылым және дін” (1926) атты
еңбегінде магияның қоғамға ықпалы жаратылыс құбылыстарын таным дәрежесіне
байланысты, оның әлеуметтік қызметі – адамның саналуан жағдайларды шешім
табу мүмкіндігінде, деген байлам жасайды. 
Магияны ғұрыптық тұрғысынан қарастыра келіп, ғалымдар әсер ету тәсіліне
қарай: 1) тікелей әсер ету, 2) инициалды (қол жетпейтін объектіге әсері),
3) парциалды (тамаққа, тағы басқа нәрселер арқылы әсер ету), 4) имитативті
(ұқсас нәрсеге әсер ету) деп жіктейді. Ол сонымен бірге мақсатына қарай :
1) әскери, 2) кәсіптік, 3) емдік сияқтылар болып бөлініп кете береді.
Осылайша алғашқы адамдардың ойы мен санасында адамның болмыс шындығының
көрінісі болып табылатын көне діни түсініктердің тұтас кешені жасалған.
Олардан адамзаттың неолиттен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолын
көреміз.
Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы
(қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.
Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу,
аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.
Емдеу магияның мақсаты — дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер
арқылы ауруларды емдеу.
Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық
тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.
Зиян келтіруші магия — жануарларға зиян, залал келтіру үшін
қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.
Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.
Ауа райы магиясында — шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу
үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады. [2]
Мистика (грек. mystіkos – құпиялы) – дүниеге діни - идеалистік 
көзқарас. Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге с енім жатыр.
Мистика иррационализм менаскеттілік пен тығыз байланысты және оған 
эзотеризм, яғни құпиялылық тән. Мистика, ең алдымен, рухани әлемді
жеке психологиялық тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал -
әрекеттер, жан мен тәннің жаттығулары болып табылады. Нәтижесінде
адамға даналық, ғажайып қабілеттер (сәуегейлік, емшілік, магия) дариды,
оның жаны мен тәні кемелденіп, төңірегіндегі адамдар оны әулие деңгейіне
көтеріп дәріптейді. Мистика аскеттілікке көп мән береді (тәнді, нәпсіні
ауыздықтау, дүниеден алшақтау). Таным жолдары тұрғысынан
Мистика рационализмге, схоластикаға  қарсы тұрады, өйткені оның жақтаушылары
ақылдың шектеулігін айтып, Құдайды тану үшін адам санасының тереңінде
жатқан иррационализм (сезім, интуиц ия, түйсік) бөліктерін оятып,
іске қосу керек деп есептейді.
Мистика ежелгі заманнан бастау алады.  Ежелгі Грекиядағы  Мистиканы
Пифагор, Платон секілді философтар  айқын бейнеледі.  Филон, Гермес 
Трисмегисттің эллинистік ілімі, неоплатоншылдардың мұралары Мистикаға
негізделген. Мистиканың дамып, кеңінен таралған кезеңі – орта
ғасырлар дәуірі. Оның формалары, өзіндік ерекшеліктері бар әлемдік 
мектептері христиан, ислам, иудаизм , даосизм діндерінде белгілі. Жаңа
заманда рационализм мен материалистік бағыт тағы ғылым күшейіп, дін, әсіресе
Мистика кертартпа ағым деп айыпталып, оған қарсы күрес басталды. Сол
секілді протестанттық бағыт христиа н дінін Мистикадан тазартуға ұмтылды.
Ислам әлемі тарихының әр кезеңінде Мистиканың кейбір шектен шыққан, әдеп
жүйесіне қайшы жақтарын сынау орын алған.
Кеңес дәуіріндегі атеистік сарындағы әдебиеттерде Мистикалық бағыттар
қатты сынға ұшырады, олардың дұрыс - бұрысы ажыратылмады. Мұның барлығының
себебі – Мистика феноменінің аса күрделігінде, қайшылықтарында жатыр: оның
бұлыңғыр, құпия тұстары әр түрлі теріс бағыттарға, бұрмалауға қолайлы
болды. Ислам, христиан дінтану дәстүрі бойынша шынайы Мистиканың белгісі
мынада: біріншіден, ол еңбекпен, ұзақ жолмен (заңды сатылардан өту арқылы)
келу керек; екіншіден, қарапайым “төменгі” діни қағидаларды, ар - ұят пен
әдепті бұзбау, қалың бұқараға мүмкіндігінше “кереметтер”, ғажайыптар туралы
аз айту, рухани мүмкіндіктерін тек ізгілік үшін пайдалану, өзінің сырт
пішінін мәдениеттілік, кішіпейілділік негіздеріне сәйкес ұстау. Мистика
адам мен табиғаттан тыс рух пен құдайдың бар екенін мойындайды. Біршама
ғылыми сипат алған, рационализмге түбегейлі қарсы келмейтін тұстарында
Мистика  философия және теологиямен тіл табыса алады.
Мистицизм –(гр. mystikos – құпиялы) – дүниеге діни-идеалистік көзқарас;
оның негізінде табиғаттан тыс күштерге деген сенім жатыр. Ежелгі заманда
пайда болды, кейінірек Ертедегі Шығыс пен Батыстың діни қауымдарының құпия
жораларының (мистерий) міндетті де маңызды элементі түрінде көрінді. Бұл
жоралардағы басты нәрсе - адамның құдаймен немесе басқа бір құпиямен
тілдесуі. Пантеистік діндерде мистицизм адамның тұлғасыз шектен тыс
Абсолютпен осы Абсолют үкімі арқылы бірігуі деп пайымдалады. Теистік
жүйелерде имандының өз иманымен сұхбаты ретінде зерделенеді. Және бұл
сұхбат құдай үкімі бойынша ғана емес, діндардың ерікті қалауы негізінде де
жүзеге асады. 
Оккультизм – (лат. occultus – жасырын, қастерлі) – дүниеде аса
құдіретті, ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен күштердің бар екенін
мойындайтын және солармен өзара іс-қимылдың ерекше практикалық әдістерін
жасайтын ілімді (Магия, спиритизм) білдіретін термин. 
Синкретизм (грек. synkretismos - біріктіру) – жігі ашылмаған, біте
қайнасқан деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай
да болмасын құбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған
бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе
архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Синкретизмнің мәнін
миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субьект-обьектілік
қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін
қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы синкретизм көріністері болып
табылады. Сол мәдени кезең адамдардың дүниетанымындағы синкретизм
көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен фетишизм, анимизм, тотемизм
айқын көруге болады.
Спиритуализм - (лат. spinitus - рух) - дүниенің алғаш негізінің
руханилығы туралы идеалистік ілім. Спиритуалистердің бірі үшін материалдық
дүние - құдай және оның қабілеттерінің көрінісі тәсілі, ал екіншілері үшін
ол – адам санасының иллюзиясы. 
Эзотериялық және экзотерикалық - (гр. esoterikos - ішкі және exoterikos
– сыртқы). Тек белгілі адамдарға ғана арналған, мамандарға ғана түсінікті
идея эзотерикалық деген терминмен аталады. Оған қарама-қарсы
экзотерикалық деген термин көпшілікке арналған, маман емес адамдарға
да ұғынықты деген мағынада қолданылады. Құбылыстардың ішкі (эзотерикалық)
және сыртқы (экзотерикалық) байланыстарын белгілеуге де қолданылады. 
Алхимия – орта ғасырдағы дүниетанымдық, натурфилософиялық және діни-
мистикалық сипаттағы ілім. Оның мақсаты –философиялық тасты алу. 
Герметизм – көне діни-философиялық ілім. Оны гермес Трисмегистің (яғни
Үш мәрте данышпанның) есімімен байланыстырады. Қазіргі ғылым тұрғысынан
алғанда герметизм - эллинизм мен кейінгі заманның перзенті. 
Теософия - (гр. Theos – құдай, Sophia – даналық, білім; сөзбе-сөз –
құдайтану) – кейде теологиямен (Ариопагитикаларда) немесе мистиканың
кейбір дінтанудан тыс формаларымен теңестіретін ұғым.
Антропософия – (гр. – адам және даналық) – мистикалық деканденттік
ілім, теософияның бір түрі. Антропософияның негізі Пифогор мен
неоплатонизмнің мистикасынан, гностикадан, каббалистикадан, масоншылдықтан,
сондай-ақ неміс натурфилософиясынан алынған діни-философиялық идеялардың
өзара араласуы. Антропософияның негізін немістің оккультисі Р. Штейнер
(1861-1825) 1-дүниежүзілік соғыстың қарсаңында қалады (Құпия ғылым 1910)
Сиқыр.
Масондық, масонерия — діни-этикалық ілім әрі құпия ұйым (қозғалыс).
Масондықтың негізгі идеясы — жер-жаһанда Құдай патшалығын орнату.
Зерттеушілер Масондық тарихын бергі нақты тарих және арғы аңыз тарих деп
екіге бөледі.
Нақты тарих бойынша Масондық орден ретінде алғаш 1212 ж. Англиядағы
франкмасондар — “еркін тас қалаушылар” тобының қайта жаңғырған ложасы
(ағылш. lodge — уақытша тұрақ, лашық) түрінде өмірге келген.
Масондық — қазіргі кезде әлемдік даму барысына үлкен ықпал жасап
отырған күш. Масондық тарихындағы бұл дәуір әлемгеқаржы капиталы арқылы
және күш көрсету жолымен толық үстемдік орнатуды көздейтін “Жаңа жиһан
низамы”, мегатренд,жаһандану тәрізд і метаидеол. ауқымды жоспарлармен
сипатталады. Екінші жағынан ол Масондықтың өз ішіндегі екі бағыт —
либералдық Масондық (қаржы капиталы) пен революцияшыл Масондық (күш
көрсету) арасындағы ымырасыз күрестің шегіне жеткенін көрсетеді. Бүгінде
мәдени-қайырымдылық мақсаттағы Масондық “Лайонз”, “Ротари”, Пэн-клуб
тәрізді жартылай жария клубтық ұйымдардың, “Боэмиен”, “Сэркль” секілді
жабық клубтардың, офицерлер ложаларының және оқу, білім, ғылым салаларының
таңдаулы өкілдерінің басын қосатын “27-нің ұйымы” іспетті зияткерлік
қоғамдардың, “Хизб-ут-Тахрир” сияқты масондық негізде әрекет етуші
лаңкестік ұйымдармен қай елде болсын қатар орын тебуі — Масондықтың өз
ішіндегі елеулі дағдарыстың айғағы.
Каббала - [ежелгі еврейше "дәстүр"] - II-V ғғасыр қалыптасып, XII-XV
ғасыр Испания менПалестинада дамыға н еврейлік эзотерикалықфилософия. Бұл
ілімнің ерекшелігі шығыстықаңыздар элементтерін эллинистік ғылым
идеяларымен біріктіруінде. Каббаланы, кәбіне, негізінде әріптер мен
сандардың сиқырлы әрекеті жатқан құпия ілім ретінде қарастырады. Алайда,
Каббалада белгілер сиқыры тек бағыныңқы орында. Жалпы, бұл ілім - адамды
"Құдайдың ілтипатына" бағыттайтын ашық, өмір сүйгіш философия. Бұл
философияның басты міндеті - сыйыну және игілікті өмір арқылы адам жанын
бастапқы тұтас қалпына келтіру. Каббаланың негізгі көзқарастары Құдай -
шексіз сәулелер (ежелгі еврейше Зогар немесе Зоар) жиынтығы, әлем осы
сәулелер арқылы пайда болған. Каббаланың негізгі кітаптарының бірі
Испанияда XII ғасырдың ортасында пайда болған "Зогарда" әлемнің жарық
сәулелерден жаралғанын, олар бір қалыпты емес, әр жасалған күнге тән
жарқылдаған сәулелер дүниені жарату процесі және Құдаймен өмір сүру
процесі, Каббалада сөйлеу процесімен теңдестіріледі. Шынайы әлем - тіл
әлемі (әріптер мен сандар сиқырының түп тамыры осында жатыр). Осы тұрғыдан
қарағанда, адамдар тіл кеңістігінде өмір сүреді. Философиялық Каббалланың
аса маңызды тұсы тек әлемге тұтас көзқарас емес, субъекті мен объектінің
принциптік тұрғыда теңдігі, сонымен қатар, рухани күш жұмсау арқылы (дұға
оқу, арнайы салт-жоралғылар, ішкі ерік актілеріне сүйеніп) адам тарихтың
құдайлық-ғарыштық процесіне белсенді түрде араласу қабілеті бар. [3]

2. Магияның жағымды түрі
Магияның әрқашан оккультизммен байланыста болғандығында еш күмән жоқ.
Ежелдегідей қазіргі кезде де адамдардың көпшілігі магияның жамандық істеуге
бағытталғанына сенімді. Сиқыршылар біреуге қатты нұқсан келтіре алады,
тіпті өлімге де ұшырата алады деген ұғым бар. Атам заманнан бері
сиқыршыларды сәтсіздік пен ауру-сырқауға, өлімге ұшырау, сондай-ақ астықтың
шықпай қалуы сияқты бақытсыздықтардың себепшісі ретінде айыптаған.
Қазіргі сиқыршылар мұндай айыптарды мойындамай, ат-тонын ала қашады.
Олар сиқыршылардың арасында адамдарға кесірін тигізетін алаяқтар да
кездесетінін мойындағанмен, көпшілігі өз магиясының жамандыққа емес,
жақсылыққа бағытталғанына сендіреді. Викка ағымына жататындар, магиямен
айналысатындардың істеген істерінің әсері өздеріне үш есе болып қайтады деп
үйретеді екен. Мұндай түсінік сиқырлықпен айналысатындарды адамдарға
жамандық жасаудан тежейтін ең тиімді әдіс-мыс. Мысалы, бұндай залалсыз
магияға бойтұмар тағып жүру, үйді бұрынғы тұрғындардан қалған жағымсыз
энергиядан тазарту, біреуді дуалап алу үшін ішірткі жасау, адамдарды емдеп,
айықтыру, сонымен қатар жұмыс орнынан айырылып қалмау немесе баю үшін
жасалған сиқырлық әрекеттер жатады. Сиқырлық пен магияның осындай үлкен
мүмкіндіктері бар деп мойындалатын болса, олардың осыншама кең етек алғаны
таңғалдырмайды.
Бірақ Киелі кітап сиқыршылықты ақ магия, қара магия деп бөле-жара
айырмайды. Мұсаға берген заңында Құдай анық талап қойған. Ол былай деген:
Сиқырлық та жасамаңдар, бал да ашпаңдар (Леуі 19:26). Сонымен қатар біз
былай деп оқимыз: Сенің араңда... сәуегей, жорушы, бал ашушы, арбаушы,
рухтарды шақырушы болмауы керек (Заңды қайталау 18:10, 11). [4]
Құдай неге мұндай нұсқаулар берген? Әрине бізді қандай да бір пайдалы
нәрседен құр қалдыру үшін емес. Иеһова бұл заңдарды адамдарды жақсы
көргендіктен, әрі олардың үрей мен ырымшылдықтың құлына айналмауын
қалағандықтан берген. Сондықтан қызметшілерінің қажет еткені болса,
барлығын Құдай өзінен сұрауға шақырады. Барлық игі де, мүлтіксіз сыйды
Құдай береді (Жақып 1:17). Елші Жохан бауырластарын былай деп сендірген:
[Құдайдан] не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Оның өсиеттерін орындап, не
қаласа, соны істейміз (1 Жохан 3:22).
Зұлым рухтар бар ма?
Сиқыршылардың көбісі бұл мәселеде Киелі кітаппен келіседі — зұлым
рухтар бар. Сиқыршылықты қолдаушылардың бірі былай деп ескерткен: Аруақтар
біздің жанымызда, олар біздікімен қатар жүретін көзге көрінбейтін әлемде
мекен етеді, олар тірі... Жын-жыбыр, зұлым рух, пері деген сөздердің
мағынасы бірдей. Бұл рухтар аса үлкен күш иесі... Олардың ең ақылдылары...
(егер сіз оларға жол ашуға даяр болсаңыз) сіздің дүниеңізге енуге қабілеті
бар... Олар сіздің тәніңізді иемденіп, тіпті қандай да бір шамада сізді
өзіне бағындырып та ала алады. Бәрі де тап ежелгі тарихта суреттелген жын
соққан адамдардың күйіндей болады.
Киелі кітап жазылып жатқан уақытта, түрлі әдістермен жын соғатын.
Олардың қармағына түскендер мылқау немесе соқыр болып қалатын, кейбіреулері
арқасы ұстап жынданып кететін, ал басқа біреулері табиғаттан тыс күшке ие
болатын (Матай 9:32; 12:22; 17:15, 18; Марқа 5:2—5; Лұқа
8:29;9:42; 11:14; Елшілердің істері 19:16). Кейде, кейбіреулерге жындардың
үлкен тобы кіріп алып, оларды қатты азаптайтын (Лұқа 8:2, 30). Иеһованың
адамдарды сиқырлықтан, сондай-ақ басқа да оккульттық әрекеттерден неге
аулақ жүруге шақыратындығы енді бізге түсінікті болып отыр.
Еш залалсыз табиғи күштерге сенім болып қана көрінгендіктен, бүгінгі
күні сиқырлық көп адамдарды қызықтырады. Кейбір жерлерде сиқырлық кең етек
алып кеткен. Ешкімді үрейлендірмейді де. Керісінше, жиі оны көңіл қоюға
тұрмайтын нәрсе ретінде есептейді. Діни төзімділік әр түрлі түсініксіз,
оғаш ағымдардың дамуына жол бере беретін жерлерде сиқырлықтың беделі
жоғары.
Діни әлем аяқ киім алғысы келген әркім көңіліне жаққанын таңдап алатын
базарға айналып кеткендей. Ал Иса болса тек екі жол жөнінде айтқан: Тар
қақпадан кіріңдер! Өйткені өлімге апаратын қақпа кең, жол да үлкен, сонымен
жүретіндер көп. Ал өмірге апаратын қақпа тар, жол да тар, оларды табатындар
аз (Матай 7:13, 14). Әрине қай жолмен жүру біздің өз еркімізде. Бірақ
қандай талғам жасағанымыздың біз үшін маңызы зор, өйткені біздің мәңгілік
болашағымыз бен игілігіміз осыған байланысты. Рухани білім — бұл тек Құдай
Сөзі — Киелі кітаптан ғана табуға болатын ақиқат жолы. [5]

ІІ БӨЛІМ. СИҚЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ СИПАТТАМА
2.1 Сиқырлық туралы түсінік

Қазіргі сиқырлыққа анықтама берудің өзі қиын. Мұның себебі сиқырлықтың
әр алуан түрлі болуында. Сиқырлықпен айналысатындардың өз нанымдарына тірек
етер ортақ басшысы, ілімі немесе киелі кітабы жоқ. Олар бір-бірінен салт-
дәстүрімен ерекшеленеді, олардың жөн-жоралғылары әр түрлі, әрі әр түрлі
құдайларға табынады. Бір басылымда былай деп ескерілген болатын:
Оккультизм әлемі адамға ой түзудің „дербес базарын“ ұсынуда. Ал басқа бір
басылымда былай делінген еді: Қазіргі кезде бұтқа табынып жүргендердің
көпшілігінің ойы бір-бірімен еш қиыспайды. [6]
Көпшілігі бұндай қайшылықтарға көңіл қоя бермейді. Мыстандықты енді
ғана үйреніп жүргендерге арналған бір басшылықта былай делінген: Сізге
қайшылас болып көрінетін мәлімет ұсынылса, оны зерттеп шығып, нені
ұстанатыныңызды шешіп алыңыз. Сезіміңізге сүйеніңіз. Басқа сөзбен
айтқанда, көңіліңізге ұнаған ғұрыптар мен сол ғұрыптар жайлы кітаптарды
іріктеп алыңыз.
Ақиқаттың мәнін түсінетіндер мұндай қайшылықтарды қабылдамайды. Ақиқат
— бұл расында да бар нәрсенің айғағы. Біреудің көңіліне ұнағандықтан ғана
немесе оған ақиқат сияқты болып көрінгендіктен ғана кез келген нәрсе ақиқат
бола бермейді. Мысалы, бір кездері дәрігерлер тірі тауықты қақ бөліп, ауру
адамның көкірегіне таңып қою арқылы өкпенің қабынуын емдеуге болатынына
сенген. Аурулардың көпшілігі осындай емнің шипа болатындығына бар көңілімен
үміттенгенінде сөз жоқ. Алайда олардың сенімі мен үміті іс жүзінде
ақталмайтын: өкпенің қабынуына бұндай емнің шипасы болмайтын. Адамдар
ақиқатты ойлап таппайды, олар оны жете ұғынуға тырысады.
Киелі кітап рухани нәрселерге байланысты шындық тек осы кітапта, яғни
Киелі кітапта екендігіне сендіреді. Иса Мәсіх жер бетінде өмір сүрген
кезінде, Әкесіне дұға етіп былай деген болатын: Сенің сөзің — шындық
(Жохан 17:17). Елші Пауыл былай деп жазды: Киелі жазбалардың бәрі Құдай
Рухының жетелеуімен жазылған (2 Тімотеге 3:16). Сиқырлықпен
айналысатындардың көпшілігі бұнымен келіспейді. Оның орнына олар
аңыздардан, ежелгі діндерден, тіпті ғылыми қиялдан басшылық іздейді. Ең
болмаса Киелі кітапта не жөнінде айтылғанын қарастырып көру ақылдылыққа
жатпас па еді? Өйткені бүкіл дүние жүзінде бұл кітап киелі жазба ретінде
мойындалған ғой. Сонымен қатар, бұл — бізге жеткен діни кітаптардың ең
көнесі. Киелі кітап 1600 жыл аралығында жазылған, бірақ оның ілімдерінің
бәрі өзара үйлесімді. Келіңдер, бүгінде сиқырлықпен айналысып жүргендердің
көпшілік мақұлдаған кейбір көзқарастарын Киелі кітаптың ілімдерімен
салыстырып көрелік.
О дүниеде кім мекендейді?
Рухани шындықты ұғыну үшін, рухтар әлемінде кім мекендейді? деген
сұраққа жауап тауып алу керек. Қазіргі сиқыршылардың көпшілігі табиғи
күштерге сенетін — политеистер, бірақ олардың кейбіреулері қыз, ана және
кемпір сияқты үш жақты рөл ойнайтын ұлы құдай-анаға табынады. Бұл құдай-
ананың сүйіктісі — мүйізді құдай. Кейбір сиқыршылар осы екі құдайға бірдей
табынады. Бір автор былай деп ескерді: Осы әйел Құдай мен еркек Құдай
табиғаттағы ұрғашы мен еркектің бастамасын білдіреді. Олардың әрқайсысы
қайталанбас қасиеттердің иесі және үйлесімді бірігуімен тіршілік тудырады.
Басқа бір әйгілі автор былай деп жазды: Сиқырлық саласында байланыста
болғысы келген құдайды (әйел немесе еркек құдайды) әркімнің өзі таңдап
алуының маңызы зор... Ол тәңірдің қандай түрін таңдап алса, соған табынуға
ерікті.
Киелі кітап бұндай көзқарастардың ешқайсысын қолдамайды. Иса Мәсіхтің
бүкіл қызметі адамдарға жалғыз шынайы Құдай — Иеһова туралы білім беруге
арналған болатын (Жохан 17:3). Киелі кітапта былай делінген: Өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік діндердегі магиялық тәжірибе
Магия – наным сенімнің ерекше формасы ретінде
Тас дәуіріндегі наным-сенімдер
Діндердің классификациясы
Дін. Діннің құрылымы мен элементтері
Терминдер қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция
Діннің шығуы және алғашқы түрлері
Адамзаттың дамуы барысында діннің қалыптасуы
Діннің тұжырымдамасы
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Пәндер