Қазіргі заманның жаһандық проблемалар ұғымы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Қазіргі заманның жаһандық проблемалар ұғымы. Жаһандық проблема типтері
  2. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық

Пайдаланылған әдебиеттер

Жаһандық проблемалар жаңғырығы аясында достық жоралғысы айшықты көріндіҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Израильде жұмыс бабындағы сапармен болған Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті, Нобельдің бейбітшілік сыйлығының лауреаты Шимон Перестің алғашқы халықаралық форумына қатысты. Бұл шара Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына орайластырылып өткізілді.Аталған халықаралық форумға Израиль тарапының үлкен маңыз бергені анық байқалды. Өйткені, бұл алқалы жиында бүкіл дүние жүзінен көптеген бүгінгі іс басындағы және бұрынғы беделді саяси қайраткерлер төбе көрсетті. Олардың кейбіреулеріне тоқталар болсақ, Израильге қашанда көмек қолын созып келе жатқан ел - АҚШ президенті Дж. Буш, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Т. Блэр, КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті болған М. Горбачев, Украинаның бұрынғы президенті Л. Кучма, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Г. Киссинджер, т. б. Израиль азаматтарының көз қуанышына айналды. Сондай-ақ, әлем еврейлерінің ақылмандары - атақты ғалымдар, ірі кәсіпкерлер, банкирлер, қаржыгерлер, дәрігерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері жиналды.Форумның мемлекет басшыларына арналған “Президенттер болашақты болжайды” деп аталатын арнайы сессиясында бүгінгі өмір шындығымен қатар, келешектің түрлі сынақтарына қатысты әңгіме қозғалып, оларға күш біріктіріп қана қарсы тұруға болатыны назарға салынды. Сөйлегендердің ішінде Тони Блэрдің сөзі нақтылығымен ерекшеленді. Есесіне Михаил Горбачев сияқтылар тақырыптың айналасын шиыршықтап, жалаң демократияны жалаулатқаннан арыға бара алмады.Осы арада басын ашып айтатын бір жәйт - бұл басқосу алдына шешуді қажет ететін ешқандай мақсат қойған жоқ. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша әркім өзінің көзқарасын білдіріп, пәлсапалық тұрғыдан сөз қозғады.“Келер күнге әзір болайық” деген тақырып бойынша өткен алғашқы пленарлық мәжілісте де негізінен бүгінгі әлемдік қоғамдастықты алаңдатқан жаһандық проблемалар сөз болды. Басқосуда Израиль президенті Ш. Перес, осы ел премьер-министрі Э. Ольмерт және Иерусалим мэрі У. Люполянски жоғарыдағы тақырыпқа орайластырылған ойларын ортаға салды.14 мамырда Қазақстанның парламенттік делегациясы Көне шаһарға экскурсия жасады. Мұсылмандардың, христиандар мен иудейлердің ортақ қасиетті мекені саналатын Иерусалим ежелгі карталарда дүниенің діңгегі ретінде белгіленгені мәлім. Осы себепті ол өз киелеріне бас июге құштар миллиондаған діндарларды магнитше тартумен келеді. Өзінің 4000 жылдық тарихында аталған қала барлық мәдениет пен дәуірдің жауһарларын жинақтай білген. Төрт орамға бөлінген шаһар аралас дәстүрлердің де отаны болып табылады. Яғни, мұнда бір мезгілде мешіт, шіркеу және синагога қатар өмір сүріп келеді.Бір атап өтерлігі - Мұхаммед пайғамбарға алғаш Құран түскен жер де, Иса пайғамбардың креске қағылған жері де Иерусалимдегі осы Көне шаһар аумағы саналады.Бұрынғы отандарына сағыныш сазыҚ. Тоқаев Израильдегі қазақстандық жерлестік өкілдерімен түскі ас кезіндегі дастарқан басында кездесті. Жүздесуге бұрын елімізде тұрған, бүгінде Израиль азаматтары болып табылатын бір қауым жұрттың арасынан он бес шақты кісі келіпті.Парламент Сенатының Төрағасы жерлестік өкілдеріне Қазақстан туралы, жоғарғы палатаның қызметі жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді. Еліміздің экономикасы, деді Қ. Тоқаев, соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамыды. Ауыл шаруашылығы маңызды саланың бірі саналады. Қазақстан қазірде астық экспорттауда әлемде 6-шы орын алады. Мемлекет агроөнеркәсіпті қолдауға көп көңіл бөледі.Делегация басшысы елімізде білім беруге, денсаулық сақтауға, жалпы әлеуметтік салаға баса назар аударылып отырғанын айтты. Елбасының “Болашақ” бағдарламасы туралы әңгімелей келіп, Израильде білім алуға да мүмкіндік туатынына сенім білдірді.Қазақстан - татулық, түсіністік салтанат құрып отырған ел, деді келесі кезекте Сенат Төрағасы. Елімізде екі рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті. Алдағы жылы Астанада үшінші съезді өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бүгінде бүкіл әлемдік қоғамдастық тарапынан зор қолдауға ие болып отыр.Қ. Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасқа үлкен орын беретінін жеткізді.Жерлестік өкілдері тарапынан жазушы Анатолий Алексин; психиатр-ғалым, Қазақстанда 50 жыл тұрған Маркс Ганапольский; Қазақстан мен Қырғызстаннан шыққандар одағының төрағасы Яков Иофант; Қазақстан-Израиль достық ұйымының мүшесі, қазақша майын тамызып сөйлейтін Семен Якубов; халықтық медицинаның маманы 86 жастағы Михаил Давыдов, т. б. бұрынғы отандарына деген жүрекжарды лебіздерін білдірді. Қазақстанды қатты сағынамыз, байланыс дами бергенін қалаймыз, деді олар бірауыздан.Жалпы, жүздесу емен-жарқын жағдайда өтті.Өзге елдер үлгі алатын үдерісҚазақстан парламенттік делегациясының басшысы Қ. Тоқаевтың Израильдің бас сефардтік раввині Ш. Амармен кездесуі де жылы шырайлы, түсіністік ахуалында өрбіді. Әуелі сөз алған Сенат Төрағасы сұхбаттасына елімізде өткізіліп жүрген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысып, өзінің беделімен Қазақстан басшысы Н. Назарбаевтың бастамасына қолдау көрсетіп келе жатқанына жеке ризашылығын жеткізді.Алдағы қыркүйекте Съезд хатшылығының отырысы ұйымдастырылатынын айтып, соған жеке өкілін жіберетініне сенім артты.Өз кезегінде Ш. Амар достас елден осындай үлкен делегация келіп, Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толу мерекесін атап өтуге қатысқанына риза екенін білдірді. Қазақ елі көреген басшы, сарабдал саясаткер Н. Назарбаевтың басшылығымен өсіп-өркендей берсін деген тілек қосты. Ал Елбасы бастамасымен өткізіліп жүрген Діндер съезін өзге мемлекеттер басшылары үлгі алатын үдеріс деп бағалады.Қ. Тоқаев жауап сөзінде Израильдің бас сефардтік раввинінің Қазақстан Президентінің бастамасын жеке қолдауы діндераралық үнқатысуға қосқан үлкен үлесі болып табылатынын атап көрсетті. Және 2009 жылы өтетін кезекті съезге де келіп қатысатынына сенім білдірді. Ш. Амар бұл сенім үдесінен шығатынын мәлім етті.Кездесу соңында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы сұхбаттасына өзінің “Жарық пен көлеңке” деп аталатын кітабының иврит тіліне аударылған нұсқасын сыйға тартты.Ортақ мүдделестік орайыҚасым-Жомарт Тоқаев өзінің жұмыс сапары барысында Израиль мемлекетінің президенті Шимон Переспен кездесті. Қазақстан делегациясының басшысы Израиль президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын табыс етіп, сұхбаттасын Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Дидарласушылар жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту тұрғысында өзара сындарлы іс-қимылдың тұрақтылығын сипаттай келіп, ғылым, жоғары технология, инвестиция және инновация салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ортақ мүдделіліктерін танытты.Шимон Перес қазақстандық делегацияға өз елінде өтіп жатқан шараларға қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.Қатынастардың жаңа құрылымы қажетҚ. Тоқаев Израильге жұмыс сапарының соңғы күні “Ертеңге арналған жаһандық перспектива” тақырыбы бойынша өткен пленарлық сессияға қатысып, сөз сөйледі. Онда ол жиынға қатысушыларды Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуымен Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың атынан құттықтап, елдің демократиялық қоғам құру мен экономикалық дамуда қол жеткізген табыстары қомақты екенін атады.Қазақстан делегациясының басшысы қазіргі заман сынақтарына қарсы іс-қимыл мәселелеріне тоқтала келіп, бүгінгі таңда аңғарылып отырған геосаяси және конфессияаралық қақтығыстардың күшеюінен әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және экологиялық проблемаларды шешуге тиісті елеулі ресурстар сол бағыттарға бұрылып кететініне назар аударды. Міне, осы себепті де әлемде көптеген елдерді жаппай қарулануға итермелейтін сенімсіздік ауаны жайлап отыр. Дүниеде лаңкестік, экстремизм мен есірткі тасымалының дүрбелеңі жалғасуда, өңірлік, оның ішінде Таяу Шығыста да қақтығыстар жиі орын алуда.- Осыған байланысты ашық пікірлесу мен сенім қағидаларына құрылған халықаралық қатынастардың жаңа құрылымын жасау қажеттігі туындауда, - деді Қазақстан парламенттік делегациясының басшысы. - Бұл тұрғыда ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қолдауды мақсат еткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты халықаралық бастамалары ерекше маңызға ие болып отыр.Қ. Тоқаев Қазақстанның мұсылман елдерінің ішінде, түркі тілдес мемлекеттер арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін тұңғыш республика болып табылатынын атап көрсетті. Қазақстанның көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет екеніне екпін түсіре келіп, ұлтаралық татулық, дінаралық келісім сақталып отырғанын мақтанышпен жеткізді. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екі съезі өткенін, алдағы жылы осындай үшінші халықаралық басқосу ұйымдастыру жоспарланып отырғанын көлденең тартты. Сондай-ақ, еліміздің ірі қуат экспорттаушы мемлекет ретіндегі маңызына тоқталды.Тобықтай түйінЖалпы, Израильде өткен түрлі басқосулар келешектегі жаһандық үдерістердің перспективаларын сөз етпес бұрын әлемдік қоғамдастыққа әуелі бүгінгі өмір шындығы қандай, қазіргінің көкейкесті қатерлері нені меңзейді деген сауалдарға жауап іздеген жөн екенін анық аңғартты. Ал бұл бүгінгі шешімін күткен мәселелерді өзімізбен бірге ертеңгі күнге алып бармас үшін қажет.:

Жаһандық проблемалар жаңғырығы аясында достық жоралғысы айшықты көрінді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Израильде жұмыс бабындағы сапармен болған Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті, Нобельдің бейбітшілік сыйлығының лауреаты Шимон Перестің алғашқы халықаралық форумына қатысты. Бұл шара Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толуына орайластырылып өткізілді.

Аталған халықаралық форумға Израиль тарапының үлкен маңыз бергені анық байқалды. Өйткені, бұл алқалы жиында бүкіл дүние жүзінен көптеген бүгінгі іс басындағы және бұрынғы беделді саяси қайраткерлер төбе көрсетті. Олардың кейбіреулеріне тоқталар болсақ, Израильге қашанда көмек қолын созып келе жатқан ел - АҚШ президенті Дж. Буш, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Т. Блэр, КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті болған М. Горбачев, Украинаның бұрынғы президенті Л. Кучма, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Г. Киссинджер, т. б. Израиль азаматтарының көз қуанышына айналды. Сондай-ақ, әлем еврейлерінің ақылмандары - атақты ғалымдар, ірі кәсіпкерлер, банкирлер, қаржыгерлер, дәрігерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері жиналды.

Форумның мемлекет басшыларына арналған “Президенттер болашақты болжайды” деп аталатын арнайы сессиясында бүгінгі өмір шындығымен қатар, келешектің түрлі сынақтарына қатысты әңгіме қозғалып, оларға күш біріктіріп қана қарсы тұруға болатыны назарға салынды. Сөйлегендердің ішінде Тони Блэрдің сөзі нақтылығымен ерекшеленді. Есесіне Михаил Горбачев сияқтылар тақырыптың айналасын шиыршықтап, жалаң демократияны жалаулатқаннан арыға бара алмады.

Осы арада басын ашып айтатын бір жәйт - бұл басқосу алдына шешуді қажет ететін ешқандай мақсат қойған жоқ. Күн тәртібіне шығарылған мәселе бойынша әркім өзінің көзқарасын білдіріп, пәлсапалық тұрғыдан сөз қозғады.

“Келер күнге әзір болайық” деген тақырып бойынша өткен алғашқы пленарлық мәжілісте де негізінен бүгінгі әлемдік қоғамдастықты алаңдатқан жаһандық проблемалар сөз болды. Басқосуда Израиль президенті Ш. Перес, осы ел премьер-министрі Э. Ольмерт және Иерусалим мэрі У. Люполянски жоғарыдағы тақырыпқа орайластырылған ойларын ортаға салды.

14 мамырда Қазақстанның парламенттік делегациясы Көне шаһарға экскурсия жасады. Мұсылмандардың, христиандар мен иудейлердің ортақ қасиетті мекені саналатын Иерусалим ежелгі карталарда дүниенің діңгегі ретінде белгіленгені мәлім. Осы себепті ол өз киелеріне бас июге құштар миллиондаған діндарларды магнитше тартумен келеді. Өзінің 4000 жылдық тарихында аталған қала барлық мәдениет пен дәуірдің жауһарларын жинақтай білген. Төрт орамға бөлінген шаһар аралас дәстүрлердің де отаны болып табылады. Яғни, мұнда бір мезгілде мешіт, шіркеу және синагога қатар өмір сүріп келеді.

Бір атап өтерлігі - Мұхаммед пайғамбарға алғаш Құран түскен жер де, Иса пайғамбардың креске қағылған жері де Иерусалимдегі осы Көне шаһар аумағы саналады.

Бұрынғы отандарына сағыныш сазы

Қ. Тоқаев Израильдегі қазақстандық жерлестік өкілдерімен түскі ас кезіндегі дастарқан басында кездесті. Жүздесуге бұрын елімізде тұрған, бүгінде Израиль азаматтары болып табылатын бір қауым жұрттың арасынан он бес шақты кісі келіпті.

Парламент Сенатының Төрағасы жерлестік өкілдеріне Қазақстан туралы, жоғарғы палатаның қызметі жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді. Еліміздің экономикасы, деді Қ. Тоқаев, соңғы жылдары жоғары қарқынмен дамыды. Ауыл шаруашылығы маңызды саланың бірі саналады. Қазақстан қазірде астық экспорттауда әлемде 6-шы орын алады. Мемлекет агроөнеркәсіпті қолдауға көп көңіл бөледі.

Делегация басшысы елімізде білім беруге, денсаулық сақтауға, жалпы әлеуметтік салаға баса назар аударылып отырғанын айтты. Елбасының “Болашақ” бағдарламасы туралы әңгімелей келіп, Израильде білім алуға да мүмкіндік туатынына сенім білдірді.

Қазақстан - татулық, түсіністік салтанат құрып отырған ел, деді келесі кезекте Сенат Төрағасы. Елімізде екі рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті. Алдағы жылы Астанада үшінші съезді өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бүгінде бүкіл әлемдік қоғамдастық тарапынан зор қолдауға ие болып отыр.

Қ. Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасқа үлкен орын беретінін жеткізді.

Жерлестік өкілдері тарапынан жазушы Анатолий Алексин; психиатр-ғалым, Қазақстанда 50 жыл тұрған Маркс Ганапольский; Қазақстан мен Қырғызстаннан шыққандар одағының төрағасы Яков Иофант; Қазақстан-Израиль достық ұйымының мүшесі, қазақша майын тамызып сөйлейтін Семен Якубов; халықтық медицинаның маманы 86 жастағы Михаил Давыдов, т. б. бұрынғы отандарына деген жүрекжарды лебіздерін білдірді. Қазақстанды қатты сағынамыз, байланыс дами бергенін қалаймыз, деді олар бірауыздан.

Жалпы, жүздесу емен-жарқын жағдайда өтті.

Өзге елдер үлгі алатын үдеріс

Қазақстан парламенттік делегациясының басшысы Қ. Тоқаевтың Израильдің бас сефардтік раввині Ш. Амармен кездесуі де жылы шырайлы, түсіністік ахуалында өрбіді. Әуелі сөз алған Сенат Төрағасы сұхбаттасына елімізде өткізіліп жүрген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысып, өзінің беделімен Қазақстан басшысы Н. Назарбаевтың бастамасына қолдау көрсетіп келе жатқанына жеке ризашылығын жеткізді.

Алдағы қыркүйекте Съезд хатшылығының отырысы ұйымдастырылатынын айтып, соған жеке өкілін жіберетініне сенім артты.

Өз кезегінде Ш. Амар достас елден осындай үлкен делегация келіп, Израиль мемлекетінің құрылғанына 60 жыл толу мерекесін атап өтуге қатысқанына риза екенін білдірді. Қазақ елі көреген

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат өзекті мәселелері және БАҚ
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар
Экологиялық проблемалардың салдары
Саясаттану пәнінен дәрістер
Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін түсінуге және шешудегі философияның рөлі және мүмкіндіктері
Тұрақты даму тұжырымдамасының үштұғырлы негіздемесі мен гипотезалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz