Лирика. Поэма. Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ЛИРИКА

Қазіргі қазақ поэзиясы үлкен даңқты жолдан өтіп енді міне, XX ғасырдыңаяғы, XXI ғасырдың басында мүлде жаңаша тебіреніс, толғаныс, ойланысқа беріліп, атында, затында жаңалады. Соңғы он-он бес жылдың қаразында бұрынғы қазақ кеңестік поэзиясы тәуелсіздік кезеңінің поэзиясы аталды. Таптық, партиялық затына дейін өзгеріп ұлттық поэзияға айналды, демократияшыл, азаматшыл рухы биіктеді.

1991 жылғы желтоқсанның 16 жұлдызы күні Қазақстан аспанында ұлт азаттығының көк байрағы желбіреген ғажайып сәт қазақ өлең сөзінің бүгінгі нұры, ғайыптан тапқан сыры. Ақ жүрек, адал өзек ойсезімі соңғы жылдардың уылжыған жыры боп төгілуде. Үкілі шығармалардан бастасақ, 2000 жылы Темірхан Медетбек "Тағдырлы жылдар жырлары", 2002 жылы Иран-Ғайып /Оразбаев Иранбек/ "Қорқыттың көрі" атты жыр кітабы, Нұрлан Оразалин "Ғасырмен қоштасу" деген жыр жинағы Марфуға Айтхожина "Аңсау" атты өлең кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атанды.

Лирикадағы басты тұлға-ақынның өзі. Өлеңінің авторы, объектісі мен субъектісі. Қантамырын соқтыратын жүрегі. Алдымен көзге оттай басылатын жаңалық, лирикалық ақын образының бұған дейінгі қай уақыттан өзгеше арынды көрінуі, ағын судай тасуы, асқаралы шындай асқақтауы. Кеңес поэзиясының лирикалық кейіпкері "азатпыз, бостайбыз" деп аз шалқыған жоқ. Бірақ сол шалқыманың мән мағынасы толық ашылмай қалатын. Ашылмау себебі, әлеуметтік бостандық пен ұлттық бостандық ұғымдарының арасы көш жер . . . Пролетарлық диктатура ақыр соңында тоталитаризм түтегіне ұласты. Қызыл империяның отаршылдық ызғары ұлттар тендігін аяқасты етті. Бүгінгі лирикалық қаһарман"азатпын", "бостанмын" десе, оның жөні басқа. Темірхан Медетбек "Тәуелсізбін" атты көлемді өлеңін былай деп шарықтатады.

Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін мен бүгін.

Келді міне азаттығым,

тендігім.

Бостандықта бойлығым мен ендігім.

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім!

Ақын "Тәуелсізбін" деуі мұң, бойына қуат, көңіліне шербет енеді. Кенет зорайып, барша қазақ боп сөйлейді. Ондай стилистикалық жаңа рөл атқаруға күш қосатын қайнар - жаңа уақыт ақиқаты. Азат ұлты. Кеңестік бостандық өлеңінің авторы я лирикалық кейіпкері "өңкей сорлы, езілгеннің"сөзін сөйлесе, яғни бір қазақты екіге жарып, "байларды қойдай қу қамшымен" деп ұран тастаса, Қызыл жалау бар қазақтікі болмай шықса, Көк байрақ жөнінде олай дей алмайсың.

Тәуелсізбін!", "Азатпын!"-деп жар салушы Темірхан өлеңінде - тұтас ұлт: байы да, орташасы да, кедейі де. Ақын "мені" енді ұлттық сыпат алған. Жеке бағамы көпшілік көңілінен табылып, ұлт бағамына айналып мейлінше зорайған.

Тәуелсіздік кезеңінің лирикасы тарихты ұлт мүддесі тұрғысынан сөйлетеді. Бұрынғыдай жалтақтамайды, бір шоқып екі қарамайды. Кеңес кезінде қазақ ақынының миы құдды локаторға ұқсайтын. Мәскеу жақтан мезгелген ойды қағып алып қазақшалайтын. Кеңес кредосы былайша талап қоятын: "Жаңа заман, жаңа дүниеге жарамсыздарды бүгін әшкерелеу керек; ертеңге қалдырсаң кешігесің. Онда сен партия мүшесі, халық жазушысы емессің". Социалистік реализмнің басты принциптерінің бірін қазақ ақыны, ғалымы Әбділда Тәжібаев өз сөзі етіп айтып отыр.

Ендігі ақын өйтпейді. Бөтен жаққа қарап емінбейді. Оның айтқанын қайталап жарамсақтанбайды. Не құбылысты тарихбезбеніне салады. Темірхан: "Қырылдық қой қорғап біздер Мәскеуді, ал Мәскеуден қорғана біз алмадық . - деп ашына ақтарылса, мұнда кешегі өткен Кеңес дәуірінің тарихын таразылау бар. Мәскеуді қазақ өз астанам деп қорғап қанын төкті. Ал, сол астанасы бара-бара қазақтың тілін аяқ асты етті, діліне дақ салды, дінін құртуға тақады. "Менің елім, менің жерім" деп ән салған жастардың төбесіне әңгір таяқ ойнатты, исі қазақ желтоқсан ызғырығынан бүрсең қақты. "Шемен болған шерлі үннің" ырғағында талай сыр бүгулі.

Тарихты ұлт көзімен қайта бағамдау Үлықбек Есдәулеттің "Киіз кітабындағы "Түркістан", "Біз - түріктерміз", "Астаналар", " г 'Қазақстан", "Қазақия", т. б. бірқатар өлендеріне тән. Қазақтың Отырар, Сауран, Сығанақ, Баласағұн, Түркістан, т. б. көне шаһарларын ақын өткен шақ шаңында қалғанға баламайды. Ол қалалардың бәр-бәрі қазақ шайырының жан әлемінде тірі қалпы тыныстап тұр. "Өзегінде өртеніп Отырар" жатыр. Сауран мен Сығанақтардың бұла бақтарын түсінде аралап жүреді. Ал, Асан қайғы желмаясын желкілдетіп бүгінгі Астананы тамашалайды. Оны "көрген" XX ғасыр ақыны "бата бер үрпақтарыңа! - деп қолын жаяды. Тәуелсіздік туын желбіретіп ұстап тұрған қазақ - кешегі, бүгінгісі, ертеңін бойына жинаған тарих перзенті.

Тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы кезендегі сүйінші сұрасу үстінде лириканың декламацияға берілуі де занды. Марфуға Айтхожаның "Аңсау" кітабы:

Мүмкін бе Ата-текті жасыруым,

Күмістей төгіл сен де

Ашыл үнім

Өз еркі,

Өз тағдыры

Өз қолында,

Мен Тәуелсіз қазақтың -

Ақынымын!

деген елеңнен басталады.

Ұлттық тарихымыздан медет сұрау -тәуелсіздік дәуірі поэзиясының қабырғалы тақырыбы. Нұрлан Оразалин сақтардан талып естілетін көне үніне құлақ тосады. "Күмбірлеген көк түріктер кезеңін"сағынады.

Сағын!

Сағын!

Сағынышың өлмесін,

Шалқарында ұлы аруақтар көлбесін.

Тәңірқұт пен күнбилерің сөйлесін,

өлмес тарих: Өзіңе - сын, Елге - сын.

Күні кеше қызыл империя ешіруге тырысқан тарихымыз қайта тірілді. Оны арзандатып алмауға керек. Бұл - бәрімізге сын, дейді ақын. Сондықтан ба екен, Нұрлан жинағы қам көңіл. Өзіне қояр сауалы кеп: "Өзімнен езім шошыдым мен?" "Неге? Неге? Көзімнен жас тамбайды? Ақын жүрегі күпті. Жинақтың соңындағы"Келерғасыр . . . Болады қандай ғасыр?" өлеңінде ақын өзін баураған ауыр ойлардың бір ұшығын шығарады.

Жүрек төрі - көк жалын . . .

Ең ыстық үн:

Кімдер?

Қалай тойламақ Жеңіс Күнін?

Кең Даласын қазақтың кімдер жайлап,

Қандай тілде сөйлемек Кеңістігім?

Уайымым - осы шын, жасыра алман.

Тілім аман қалар ма бәсіре алған?

Дінім аман тұрар ма?

Келер ұрпақ!

Сені қандай күтеді ғасыр алдан?

Нұрланды уайымшыл, күйрек ақын демесекте, "Ғасырмен қоштасудағы" мұң-шерін замандастары түсінуге тиіс. Қай заман да тағдырға қояр сауалын тауыса алмақ емес. Көне уақыттың халқымызға көрсеткен зәбірі, тартқызған тауқыметі аз ба? Әлі күнге мемлекеттік тіл Конституциядағы һұқын жүзеге асыра алмай келеді. Неге мәжбүрміз?Соның бәрі Нұрлан өлеңінің ауа райына әсер етеді. Әсерді публицистика тіліне аударсақ, ол: Құдай рақымымен қолға тиген тәуелсіздік бәрін шешеді деп құр босқа далақтамауға керек дейді. Ояу қазақтың ойлануға тиісті нәрсесі көп. Үшығына жете алмай уайымдайды.

Сонымен бірге қазақ елеңі өзінің өр бітімінен айырылып қалмау жағын да естен шығармайды. Зарлы ән, мұнды күй, иншалла, біздің пешенемізге мәңгі жазылып қоймаған шығар. Қазіргі заман зарзаман емес, ар-намыс заманы. Бұл ақиқатты түсінудің поэзиядаға көрініс Махамбет, Мағжан дәстүрлерін жаңғыртудан байқалады. Мысалы - Темірхан Медетбектің "Абылай хан", "О Махамбет, пірім-ай!", "Мағжан-жыр"өлендері.

Темірхан ақында "талықсып жатқан" діні, ділі, тілінен хауіп ойлайды. Әдебиеттік әсірелеу сияқты көрінсе де, "Шайқалып тұрғой, шайқалып Қазақтың қалың ордасы" деп қамығады. Қамықса да қамсыз болмауды ойлап, аруақ, "пірін" шақырады. Махамбет, Мағжандардың романтикалық дәстүрінде өршіл, ектем өлең рухын демдейді.

Өз өлеңін "Мағжан-жыр" атайтын Темірхан Медетбек, кемеңгер ұлттық ақынымыздың ұмытылмас мұрасын жаңа жағдайға сай дамытып жүрген ақындарымыздың бірі. Кезінде Мағжан Жұмабаевты сынаушылар оның поэзиясы кіл "дүниеден торығу, табыт пен көрден басқаны кермеу, елім күйін ғана есту" сарынында жазылған деп кіналады. Темірханның әділетсіз сынға жауабы эстетикалық мергендігі қапысыз талдауға сүйенеді. Ия, Мағжан өзі жырлаған Қорқыт қобызындай жалған дүниеден сарнау, зарлауменетті. Сондықтан бүгінгі ақынінісі "Мағжан-жырым мұңайтады құдайды"дейді. Бірақ Хақ Тағаланың өзін мұңайтқан Мағжан жырының бұл бірғана қыры еді. Соны тәуелсіздік ақыны тереңтүсініп түйсіктенген. Мағжан поэзиясының қәне бір қыры - тау суындай тегеуіріні қатты тасқындылығы еді. "Мағжан поэзиясындағы кереғар сарындардың бір арнада тоғысатын қасиетін Темірхан былайша әдіптейді.

Қорқады оның қайғысынан қасыда!

Өрбір сөзі айналды көз жасыма.

Аласүрып шарқ үрып жүр Мағжан-жыр

Маңғыстаудың жай түсіріп тасына,

Көкшетаудың бүлт үйіріп басына.

Өлендегі ақын образының ұлттық келбеті асқақ. Заһар қылыштайын жарқылдайды. Қиялы шарықтапғарышқа көтеріледі. Арсыға жетеді. Мағжанақынды: "Мен келемін, мен келемін, мен келем, Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар" деп жар салдыратын сезім қазағының қаһармандық тарихына деген мақтаныштан күш алады.

Тәуелсіздік есімді қасиетті сөзбен бірге қанаттас кірген Мағжан есімін сол қадым тарихпен ақын Кәкімбек Салықов тіке байланыстырады. "Жан еді шапағаты Күннен туған, Жан еді "Көк бөрідей" Гуннен туған" деп есілтеді "Мағжан аға" атты ұзақ өлеңінде. Бүкіл ақындық өмірбаянын шолып шығады. Кей иі қанбаған өлең жолын есептемегенде /Беу, дүние! Тындап ауыл амалшысын Жақсыны неге көрдің "жаман кісің"/, көбі шумақтың соңғы жолдарындай көңіл межесіне дәл тиіп отырады. Әсіресе кеңес идеологиясы мен итіе-тартысқа түскенде: "Халқымның досын жауы атандырып, әкеттің болашақтың хабаршысын", "Ұлтшыл ма елді елге қосқанадам", "Көшпелі дәуір емес аңсағаньі" - дейді.

Мағжан поэзиясы-тәуелсіздік жырының кел табанымен табиғи жалғасқан құнарлы жылға. Сол шұрайлы шындықты Кәкімбек ақын әдемі айтып шыққан: "Жырына жүрек жалғап емделемін, Тағдыры еске түссе сенделемін", "Мағжанмен поэзия сәні кірді". Сәні кіретіні, Мағжан-жырмен, қазақ поэзиясының еуропалық бет-өңі ажарлана түсті. Мағжанның классикалық стильдік дәстүрін тәуелсіздік поэзиясы қайта жаңғыртуда. Бүгінгі лирикадағы ақындық бейне, лирикалык, кейіпкер рәмізденденген ірі тұлға. Тұтас бір дәуірдің символы.

Т әуелсіз онжылдық поэзиясы ақын Қанипа Бұғыбаеваның "Өң . . . мен түс., . " жинағынсыз олқы соғар еді. Соңғы жинағын ел-жұртына сыйлай отырып, "Сағыныштан шаршадым . . . дем алсам деп Жер-ананың құшағына құлаймын" деп, қырық жыл бұрын өткен шешесімен қауышуға о дүниеге асығыс аттанып кетті. Және ғарышқа самғап, ай-күнге жар салғыш аусар, асқақ ақындығына сай өз образын мәңгі есте қаларлықтай етіп құйып та кетті. "Сезімді күн нұрына сабақтадым. Үнімді көшкен бұлт қатындатам деп, Найзағай бұтағында қонақтадым", -депті. Тосын тапқырлық. Сөзді көктен түскен жасылдай ойнатады деп осындайда айтса керек. Аяулы ақын қарындасымыздың жарқын бейнесі Найзағай бұтағында отырған қалпы халқының жүрегінде мәңгі қалып қояры кәміл. "Ақын" атты өлеңінде бұл жайында былайша толғанады:

Үнсізқалса . . .

Жүрт ойлайды "сөнді"-деп,

Қамытына"иттірліктің"көндідеп.

Ол жанғанда, дүние түгел жарқырап,

Ол сөнерде жарқылдайды соңғырет. . .

Қанипаның лирикалық кейіпкері ұлт түлегі. "Қазақпын, мен!" атты ұзақ елеңін десте-десте етіп самсатуы да тәуелсіздіктің рахатына ішпей-жемей тойғанел перзентінің жүрек жарды қуанышынан. Азат-тықты бақыт-байлығы, ырысы санайды. Ата-баба аруағын шақырып, Отан үшін басын құрбандыққа шалған тарихи тұлғаларға сыйынып, бақыт баяндылығын тілейді. Баяндылық шарты ел аузындағы сөз-бірлікте. Бірлік болғанда, алдымен қазақтың өз бірлігі. Қанипа өлеңінің алтын арқауы-біз, қазақ, бұрындар әр кез ру-ру, тап-тап боп бетжыртысқан, қан төгіскен қалыптан кетіп, ұлтты қалтын ұяға қайта қоныстануымызды алғау. Лирикалық кейіпкері ағынан жарылып: "Бір қазақ "бақыттымын" десе өзін-болғандай "мен бақытты" қуанамын" -дейді. Өйткені "Туысқан, тағдырласы, қарындасы, Бар қазақ бірата мен бірананың. "

Қанипаның жинағы "Өң . . . мен түс . . . " аталса, зу етіп өтетін ең мен түстей өмірін ғана айтпайды. Адамның өңі мен түсіндегі шындықтың арақатысы қандай? Дағдарыс түс, аян беру түсі - түстің сорты кеп. Қанипа елеңіндегі түскеру шындық дүниені өрнектеудің ұтымды бір тәсілі. Көрген он түсі он елең құрайды. Арнайы топтама етіп берілген. Прозалық шығармалардағытүс керу кейіпкердің ішкі монологының ерекше пішінде қолданылатын тәсіл. Жан дүниедегі әлде не рухани адасудан хабар беретін жай-күй. Сана ағысының күрделі, шиелі түрі. Қанипа томтамасында түстің символистік мәні бар. Бүгінгі шындық дүние көк жиегінің арғы бетіндегіні көңіл кезімен көру ниетінен туындайтын талап, әрекет. Мағжандәстүрі.

Бірінші түс туралы өлеңін Қанипа "Таңғытүс"деп атапты. Лирикалық кейіпкер өзін қуып келе жатқан жолбарыстың аузына іліге жаздап жанұшырып келе жатады. Бір уақ артына қараса, жаңағы жолбарыс ғайып болған. Орнында жолбарыс терісін жамылған қазақ үйі тұр. Өңінде кездеспейтін қисынсыз құбылыс. Қисыны тек түс жорудан табылады. Жақсылыққа жорып, "еңімде" дейінші деп, бет сыйпайсың. Иншалла исі қазақ шаңырағына жолбарыс айбыны бітеді екендеп көңілің ашылады. Ақын да түсті солай жорыған.

Екінші /"Бота"/, үшінші /"Молда емеспін"/, оныншы /"Таң атқанша . . . "/ түстерінде алғы жақсы күнді астарлап бейнелейді. Түсінде бота боздайды. Үні қобыз үніне ұқсас. Бозғылт ботаны бұйдасынан жетелеп, тас қапастан жетектеп алып шығдды. Келесі түсінде ұлы Абай мүсінің басынан шұғылалы күн сәуле төгіп тұрғанын көреді. Соңғы екі түстің екеуі де тәуелсіздігіміздің ерқін тынысты поэзиясының рәмізі. Тағы біртүсінде "көкжендет" бүркітті топшысынан ұстағанда қолындағы баласына айналып кетеді. Қазақ елінің болашағына деген ізгі көңілін орағытып білдіру тәсілі.

Төртінші /"Тағдыры бір . . . /, бесінші /"Бұл түсімнің салмағы"/түстері жыр ағытып, ән салғызатын шабыт туралы шалқытады. Топтаманың жетінші /"Ескерту немесе мойынду"/, тоғызыншы / "Сезіміме серік . . . / беліктеріндегі түсі тірлік өксіктері. /"Рухым менің ұшып кетераспанға > Жылуы жоқ жер бетіне өкпелеп . . .

Бірақ пенделік өкпелігіне "Елім-ай" деп тебіренген рухын аласарт-қызған жоқ. Аттас ұзақ өлеңіндегі лирикалық жүрек дүрсілі тарих айдынында құлаштайтын эпикалық сарын мен үндесіп, іші-сырты бірдей әсем әлем туғызады. Таңға жайып табиғат, тарам-тарам дүниеуи жолдың бәрі, аспандағыай, жұлдыз, күн, дария толқыны - баршасы "Елім-айлап" әнсалады. "Елім-айды"шырқағанда, шерткенде онсегізмың ғаламның бәрі ел тағдырымен қоса домбыраның ішіне сыйып кететіні ғажап. Сол ғажап іс қолынан келген ақын ұзақ өлеңін терең мәнді түйінмен аяқтайды.

Ақын ба, жан жалынын аяп қалар,

Жүректі үйықтатпай оятқан ар.

Менінде өмірге бір сағынышым-

"Елім-ай" әніменен аяқталар . . .

Ақын қыз, ақын-ана Қанипа Бұғыбаева "Балам үшін дариядай ағылған, Омырауым ағыл-тегіл сүт менің, Сүтсіз өмір өмір емес, біткенім . . . " деген екен. "Екі өмір сүргім келіп жүр ғой менің" дейтін де Қанипа. Екінші өмірі басталыпта кетті. Ендігі ақсүті -ағыл-тегіл жырлары. Жүрек сүті. Кім үшін дариядай ағылатыны белгілі. Жаңа ғасыр перзенті үшін . . .

Тәуелсіздік жырына мол үлес, қымбат сез қосып кеткен Есләм Зікібаев ақынның соңғы жылдары "Дүниежалған"/1998/, "Арна" атты екі бірдей өлең кітабы жарық керді. 2003жылы "Жыр-тағдырым" деген өлең, толғаныс, эссе, естеліктері жарияланды. Естелік мақала, эсселердің ішінен ақын шығармагерлігін жоғары бағалаған Әбділдә Тәжібаев, Әлжаппар Әбішев, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Герольд Бельгер сынды көрнекті ақын-жазушылардың Есләм ақын поэзияеына шын жүректен шыққан риясыз жылы лебізін кезіктіреміз. Герольд Бельгердің талдамы татымды мына пікіріне қол қоймасқа болмайды. "Ол /Зікібаевты айтады/ әрқашан асқақ армандарды аңсайды, ал шындықты . . . жалынды шабытпен тебірене жеткізуге жан салады. Оның кітаптарының бәрінде дерлік "ақ" деген сөздің тіркесіп жүруі тегінемес деп білемін. Мәселен, аққайың, ақайдын, аққайнар, ақсағым, ақжарма. Қазақ ұғымында"ақ"семантикалық тұрғыда өте ауқымды сез, ол ақ түсті ғана емес, сондай-ақ жан тазалығын, мейірімділікті, әділдікті, адалдықты, шыншылдықты, бекзаттықты бейнелейді. Бұл сез Есләмның поэзиясында асыл мұратқа, биік мақсатқа, ғажайып бейнеге айналады".

Ақ Орданы да оның әлі іргесі қаланар-каланбаста-ақжырлай бастаған Есләм ақын-тұғын. /"Кетере бер елімнің Ақ Ордасын"/. Көк туы желбірген Астананы, "Қазағымның бар жері-баспана-құт"деп құйғыта келе, "Өскен Елге жарасып кетереді, қай-қайсысын қойсанда АСТАНА ғып!"-деп шалқытты. Сонымен бірге реалист ақын демократияға беттеген елінің демікпін мезеттерін де байқамай қалды емес. Герольд Бельгер атап еткендей, оның кейінгі уақыттағы топтамаларында "мұнды ойлар, алғы күнгесенімсіздік, құлазыған кеңіл мол ұшырасады. Бұл күнде қазақ ауылдарында, адамдардың көкіректерінде болып жатқан күрт өзгерістер, нарықтың қатақдықтары, адамгершілік қайнарының лайлануы, рухтың шалдығуы оның сезімтал жүрегін жаралайды, тіпті жанын түршіктіреді. "Жаны түршігетіні:

Сәбит туған,

Ғабит туған . . .

Мағжан от боп жалындаған,

Тарқамайтын сауық-думан-

Қасиетті дарын далам,

Алмағайып арасында,

Солғын тартып барасың ба?

Неге солғын тартады? Негесі сол, дарын даланың "Жатаған қазақ ауылдарынсыз сәні келмей тұр". "Иттеріне дейін орысша үйреніп үрген дала". "Қазақтары татардан да аз Қызылжардың қаласында". "Аз қазаққа өз жерінде болмаса екен заманақыр"- дейді. Ұлтының болашағын ойлап қамығады.

Қашан да ұлттық тұрғыдан табылатын өлең керегінде сағат, минуттың қадамын санағыш. Нарықтың бастапқы кезеңінен біз өтіп кеткендейміз. Енді сол өтпелінің кеп өкінішті жайларын, халыққа оңай соқпаған ауыртпалығын, адамдардың көңіл-күйіне, тұрмыс ахуалына тигізген зардаптарын қазір өленде қалған тап, таңбаларынан кездестіріп бас шайқаймыз. Бұл қареріп, мұз көшіп жатқанлайсаң шақты ақын Әділғазы Қайырбеков былайша сыпаттайды.

Жолдың бәрі арақ-шарап дүкені,

Қалтарыста қарақшылар күтеді.

Қайыршылар қолын жайып қүнысқан,

Заман зарын ұқтырады зымыстан.

Қату қабақ қайтқан жандар жұмыстан,

Хал-ахуал сұраспайды дұрыстап.

Қара базар күндіз- түні қызады,

Қыл сағақта тапшылықтың тұзағы,

Нарық заңын ұғынбадық біз әлі . . .

Одан бұрынғы кезендер де өз атауымен тарихқа түскен бойда өлеңде өз анықтауышын тауып жатты. "Тоқырау емей немене Есесінен езгенің Екі асаудан шошымау. "- депті Оразақын Асқар. Рухсыздық формуласы Оразақын елеңінде нақтылы кейіпте: "Тоқырау емей немене Поэзия оқымау". Горбачевтің "Жаңаша ойлау" бет бұрысының портретіде оңып тұрған жоқ. Құрдалбаса, дәрменсіздік. "Болашаққа сенетін сезден басқа, Әділдіктің неге жоқ қолында түк?!"

Қазақ поэзиясы саяси лириканың үлкен жолынан өтті. Өлеңмен әлеуметтік-қоғамдық һәм экономикалық жетістіктерді жүрекке жететіндей, санаға сіңетіндей етіп баяндау, публицистикалық жалынмен жарсалу, үрантастау, атой бере алға шақыру тәжірибесі бір басына артығымен жетеді. Сол тәжірибе негізінде тәуелсіздік тақырыбынан аянып қалған ақын кемде-кем. Қабылхан Күзембаевтьің "Наз бен наза" жинағына /2001/ берілген аннотацияда мынадай жолдар бар: " . . . еркінеліміздің онжылдығы қарсаңында жарық көргелі жатқан бұл жыр жинағына қарбалас-қауырт өтпелі шақтың, Азат, еркін өміріміздің күйініш-сүйінішін тауып, тап басып толғаған дастандарынан қысқа үзінділер, туған ел, туған жер топырағынан нәр алған таңқурайдай тәтті тармақты өлендері мен толғаулары топтастырылған. " Шынында да солай. Тұтас бір жинақ "азаттықтың оралуы" тақырыбына арналған. Бәрі тәуелсіздік қуанышын әр қырынан жырлайды. Көп ақындардан ерекшелігі, "Бісміллә" деп Алладан медет сұрап басталатын өлеңнен "Жақсыларды жоқта" деген амандық тілеп қол жаятын бата өлеңмен аяқталады.

Қабылхан ұйыстырған өлең жолдары аруақ шақырып айбынданады, жырау жылғаларына қайта су толтырып ағындатады. Орғытып тоқсан толқытады. Тәуелсіз өмірдің қуатына қуат қосатын оптимизм халық жігерін арттыра түседі деп есептейді. Өзі тарих боп сөйлейді. Ұзақ болса да сөз делелділігі үшін "Түркістанмен тілдесу өлеңінің" бір шумағын оқып көрелік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махаббат шапағатының жыры таусылмақ емес
Халқымыздың дарынды ақындары
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Қазақ лирикасындағы көркемдік дәстүр
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Көркем әдебиет жанрлары және олардың даралық ерекшеліктерін таныту амалдары
Әдебиеттегі эпос, лирика, драма
Қасымның қаламы нұрлы ақын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz