Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның орны


МАЗМҰНЫ

:
КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
:
: І-тарау
КІРІСПЕ: ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ ОРНЫ
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Қылмыстық жазаның белгілері және мақсаты
:
: 1. 2.
КІРІСПЕ: Қылмыстық жаза түрлері
:
: ІІ-тарау
КІРІСПЕ: ӘДІЛ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДАҒЫ ЖАЗАЛАРДЫ ЖІКТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Әділ жаза тағайындаудағы жазаларды жіктеудің және жеке даралаудың маңызы
:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Жазаларды жіктеу әділеттілік принципін жүзеге асырудың негізі
:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:

КІРІСПЕ

Еліміздегі өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяқ шенінде басталып, келесі онжылдықта қарқын алған қоғамдық қатынастардың өзгерісі шарықтау шегіне жетіп, жаңа және жаңарған базис бой көрсетті де өзіне сай қондырмасын талап етті. Оның себебі Соцалистік мемлекеттік Кеңестік моделі қалыптастырған қоғамдық қатынастардың КСРО - ның құлдырау кезеңінің басталуынан - ақ ірге сөгілуі өріс алған еді. Ақыр аяғы қатынастардың бір және бірігей құқықтық қатынастардың өзгерісіне, соңғысы заңды түбегейлі реформалау ретінде үрдісіне алып келгендігі аян. Осы социалистік қатынастарды нарық қатынастары ығыстырып, орнығуы кезінде Конституцияның өзі екі рет қабылданып үлгерді, кейбір маңызды заңдар әлі күнге жаңа қатынасқа сай етіп қайта қабылданған жоқ. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы жолында өткізіліп жатқан реформаларға байланысты қоғамдық қатынастардың әлі де сан өзгеріске ұшырайтыны аян. Еліміз өз егемендігі мен тәуелсіздігін жария етіп, бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындап, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміздің, шынында да демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуы және оның ең қымбат қазынасы - адам және оның құқықтары мен бостандықтары деп Конституциямызда көзделген [1, 13 б. ] . Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап - талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Осыған орай қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі - заң саласы. Осы үлкен негізгі саланың өзекті бір арнасы - қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді. Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен [2], 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енді [3] . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев "Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын", - деп атап өтті [4, 34 б. ] . Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда.

Қазақстан Республикасы экономикасының қалыпты өсу деңгейінде, қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы, сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес жүргізу тиімділігінің жоғарылай түсуі қоғамда мемлекеттік биліктің азаматтардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын қорғау қабілетіне тікелей әсерін тигізе бастады. Елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан, қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы кеңінен таралуда.

Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қылмыс көрсеткіші соңғы он үш жыл ішінде төмендегідей жағдайды құрайды.

1992 - 200873, 1993 - 206006, 1994 - 201796, 1995 - 183913, 1996 - 183977, 1997 - 165401, 1998 - 142100, 1999 - 139431, 2000 - 150790, 2001 - 152168, 2002 - 135151, 2003 - 138151, 2004 - 149168 [5] .

Аталған жылдар ішінде қылмыс дәрежесінің аса көп өсуі 1992 - 1994 жылдар аралығына келсе, 1995 - 1999 жылдарда қылмыстың бәсеңсуі, ал 2000 - 2001 жылдары қылмыстың күрт өзгеріп өсуі, соңғы 2002 жылы сәл төмендеуі байқалып отыр. Тағы бір назар аударатын жайт соңғы 2003 -2004 жылдар арасында қылмыстың санының күрт өсуі келеңсіздік тудырады. Бұл көрсеткіштер қылмыспен күрес жүргізу шараларын одан әрі жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Қылмысты алдын ала тергеу кезінде дұрыс ашу және кінәліні әшкерелеп қылмысқа қарсы күрес жүргізудің, соттардың жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды дұрыс жүргізу тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

І-тарау ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ

1. 1 Қылмыстық жазаның белгілері және мақсаты

Қылмыстық құқық теориясында XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жаза түсінігі ғылыми тұрғыда белсенді түрде зерттелді.

А. Лохвицкий жаза үлкен дәрежедегі субъективтік мінезге ие, істеген қылмысы үшін азап шегуі тиіс деп есептеді [1, 19 б. ] . П. Мокринский жазаның екі белгісін көрсетеді:

1) қасақана түрде азап шектіру, 2) Мемлекет тарапынан азаптауға мәжбүрлеу [2, 111 б. ] .

В. В. Есипов жазаны қоғамдық шара деп көрсетіп, одан күресу шарасын, әлеуметтік мәжбүр ету шарасын, жәрдемдесу шараларын көреді [3, 111 б. ] . А. Ф. Кистяковский жазаға анықтама бере отырып жазаларды мынадай белгілері бойынша бөлді:

1) құн - бұл үкім бойынша қылмыскерге қарсы қолдану шарасы;

2) оған тиісті бар құқығын және игілігін алып қою арқылы азап шектіру;

3) жазалау бұл қылмыстың нәтижесі;

4) қылмыс арқылы келтірілген соққыға тойтарыс беру;

5) жасалған қылмыс үшін қоғам жағынан реакциялық әрекеттің болуы [4, 109 б. ] . А. А Жижиленконың пікірі бойынша жаза анықтамасы мына белгілерді қамтуы тиіс, жаза бұл өзіндік құқықтық құбылыс болып сипатталады, жаза бұл құқықта рұқсат етілмеген әрекетті кінәлінің әрекеті арқылы келтірілген әрекеттерге баға беру [5, 14 б. ] . Н. С. Таганцев жаза бұл мемлекет тарапынан қылмыс істеген тұлғаларға, яғни қылмыстық әрекеттермен құқықтық, тәртіпті және құқықпен қорғалатын мүддеге қарсылықтары үшін қолданылатын шара деп есептеген [6, 43б. ] . Сонымен әр ғалымның жаза туралы пікірлері де әр түрлі, бірі жаза қылмыскердің әрекетіне қарсы шара десе, екіншісі жасалған қылмысқа мемлекеттің қалай қарайтындығын үшіншісі, алдыңғы екеуінің пікіріне қосылатындығын көруге болады.

1917 жылғы социалистік революциядан кейін жаза түсінігі қылмыстық құқықта әлеуметтік қорғау шарасы түсінігімен ауыстырылды. Мемлекеттің дамуы мен бекуінің барысында қылмыспен күресуді қамтамасыз етуді әлеуметтік қорғау шарасы тоқтатты. Сол себепті қылмыспен күресу үшін басқа құрал керек болды.

1938 жылғы С СР одағының, одақтық және автономиялық республикалардың Сот құрылысы туралы заңда кеңестік сот қылмыстық жазаны қолдана отырып, қылмыскерлерді жазалап қана қоймайды, оларды қайта тәрбиелеуді және түзетуді мақсат етіп қояды делінген.

1958 жылғы қылмыстық заң негізінің 20 - бабында жаза жасалған қылмыс үшін, сотталғандарды жазалау шарасы болып қана қоймастан, қайта тәрбиелеу және түзеу болып табылады деп көрсетті.
Осы негізде құрылған Қазақ ССР-нің 1959 жылы Қылмыстық кодексінің 20 - бабында “жаза мақсаты” жаза - жасалған қылмыс үшін жаза болып қана қоймай, сонымен бірге сотталғандарды қайта тәрбиелеу, түзеу, заңды дәл орындау, социалистік қоғам тұрмысы ережелеріне құрметпенен қарау, сотталғандарға және басқа тұлғаларға жаңа қылмыстарды болдырмаудың алдын алу- деп көрсетті.

Жаза - адамгершілік қасиетті және адам тәнін қорлауды мақсат етіп қоймайды.

Заңда айқын көрсетілгендей қылмыстық заң алдында тұрған мәселені шешудің басты құралы барлық уақытта жаза болды. Оның тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі, мағынасы, қолдану тәртібі өзгерсе де, мәні өзгермеді.

Қоғам дамуының жоғарғы сатысымен салыстырғанда жаза әр дәуірде, әр халықта дамудың өте ауыр жолынан өтті, өзіндік дамыуында және нысанында үлкен өзгерістерге ұшырап саяси жүйенің дамуына бағынды, билік етуші мемлекеттің социализмнің әлеуметтік экономикалық сатысында, сондай-ақ мемлекет және құқық теориясынан білетініміздей құл иеленушілік, феодалдық, және капиталистік сатыларда да өзгеріске ұшырады. Жаза қоғамның даму тарихында өзгеріссіз қалмады. Билік етуші топтың қолындағы өте өткір құралдардың бірі болды, үкіметті ұстап тұру үшін, билік етуші топ өз мүдделері үшін, жазаның түрін өзгертіп отырды, өзіндік билігімен, әдісімен, өзіндік билігін жүргізіп тарихи аренада өзіндік өмір сүруін тоқтатпастан тарих дамуында өзгеріп отырды [7, 107-108 бб. ] .

И. М. Рагимовтың “Жаза философиясы және оны тағайындау мәселелері” еңбегінде жаза түсінігі, мәні жеткілікті түрде ашылған. Ол еңбегінде қандай жаза болмасын, өлім жазасынан бастап айыппұлдан аяқталар жаза түрі қылмыскерге оның игілігі және мүддесі үшін үлкен шектеу. Сол себепті жаза сөзсіз азап шегу құралы мағынасы және өсу қарқынында тарихта дамуы халықтың әдет-ғұрпына, салт дәстүріне, өмір сүруіне, даму мәдениетіне тура байланысты. Сол себепті қылмыстық жазаны азап шегу, мәжбүр ету немесе жаза түсініктерінен ажырата білу керек, - деп жазады [8, 8 б] . Осыны көрсете келе автор жаза деген адам өміріндегі жалпы шарттарындағы көз қараспен қарағанда азап шегу игілігінен және құқығының шектелуі. Бірақ жаза түсінігін толық түсіну үшін азап шегу белгілері жеткіліксіз. Азап шегу игілігінен немесе құқығын шектеуге, айыруға мүмкіндік берді ме, кім, неге, не үшін азап шегуге итермелейді осыны талқылау керек [9, 8 б. ] .

XX - ғасырдың басында Э. В. Розенберг жаза реакциясын жаза акциясынан ажырата білуді көрсетті. “Ілтипатқа алу” термині сырттан әсер ету, кері қайтарылу деген мағынаны береді. “Акция” қандайда бір мақсатқа жету үшін әрекет ету дегенді білдіреді [10, 61 б. ] .

Сөйтіп жазаны екі көзқараста қарауға болады, біріншіден мемлекеттің жасалған қылмысқа берген жауабы ретінде немесе жаза реакциясы; екінші, қылмыс жасаған тұлғаға шара қолдану немесе жаза акциясы. Бұны түсіндіру үшін жаза қандай белгілермен сыйпатталады, жаза түсінігін анықтауды талдау қажеттігін қылмыстық заңда және қылмыстық құқық ғылымында қолданылуын анықтау қажет. Қылмыстық құқық теориясында жаза түсінігі туралы әр түрлі анықтамалар бар. Солардың ішінде топтық белгісімен ажыратылатындарын талдайық.

Сонымен А. М. Рейтборт жазаны заң негізінде тек сот арқылы қылмыс жасаған тұлғаларға жариялық түрде қолданылатын мемлекеттік мәжбүр етудің ерекше шарасын қолдану деп анықтама береді [11 б. ] . Жаза мемлекет атынан ғана қылмыс жасаған тұлғаларға қатаң жеке теріс баға беріп, барлық уақытта қатаң жеке талдау, сотталған адамға алда қылмыс жасамауға, оларды түзеу мақсатында қолданылады. Осы анықтамадан жазаның келесі белгілері келіп шығады:

1) Бұл мемлекеттік мәжбүр ету шарасы; 2) жазаның жариялық талқылауда болуы; 3) тек сот арқылы қолданылуы; 4) тек қылмыстық заң негізінде қолданылуы; 5) қылмыс жасаған тұлғаға қолданылуы; 6) қылмысқа мемлекет атынан теріс баға беру; 7) қылмыс жасаған тұлғаға мемлекет атынан теріс баға беру; 8) қатаң жеке талдау мәні; 9) сотталған адамның белгілі шектеулер мен еркінен айырылуы.

Осы анықтамадан мына белгілерді бөліп көрсетуге болады.

1) Жаза бұл қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүр ету шарасы;

2) Мемлекет атынан сот арқылы қолданылуы;

3) Қылмыс жасаған тұлғаға қолданылады;

4) Сотталушыны белгілі бір құқығынан және еркінен айыру;

5) Мемлекет атынан қылмыскерге теріс баға берілуі;

6) Мемлекет атынан ерекетке теріс баға берілуі. Жоғарғы екі аспектіде көрсетілген жаза анықтамасының бірінен келіп шығатын түсінік, яғни жаза дегеніміз жасалған қылмысқа мемлекеттің беретін жауабы, оған мыналар қатысады, жаза негізі, жариялық мәні, жүзеге асырылуы, сондай-ақ мемлекеттік жауаптың мазмұны және осы сияқты түрлері қатысады. Жазаның басқа белгілері анықтамада көрсетілгендей жаза қылмыс жасаған тұлғаға шара қолдану болып табылады.

Жаза реакциясына бірінші анықтамада көрсетілген белгі мемлекеттік мәжбүр ету шарасы, жариялық мәні, тек соттың қолдануы, заң негізінде колданылуы, қылмысқа мемлекет атынан теріс баға беру жатады. Ал екінші анықтама бойынша қылмыстық заңда белгіленген мемлекеттік мәжбүр ету шарасы, мемлекет атынан сот арқылы қолданылуы, мемлекет атынан әрекетке теріс баға берілуі. Жазаның екі анықтамасы үшін жалпы белгілер мыналар болып табылады:

1) мемлекеттік мәжбүр ету, 2) Мемлекет атынан сот үкімі бойынша қолдану, 3) қылмысқа қоғамның және мемлекеттің атынан теріс баға беру.

Барлық көрсетілген белгілерден жаза бұл жасалған қылмыс үшін мемлекеттің беретін негізгі жауабы, бұл жауап белгіленген заң жүзінде іске асырылады, яғни мемлекет атынан сот үкімі, мемлекеттік мәжбүр ету, мемлекет атынан жасалған қылмысқа теріс баға беруі.

Жаза акциясы бұл қылмыс жасаған тұлғаға шара қолдану, бірінші анықтамада көрсетілгендей, мемлекеттік мәжбүр ету жасаған тұлғаға мемлекет атынан теріс баға берілуі, белгіленген шектеулер мен еркінен айыру белгілері. Екіншіден бұл қылмыс жасаған тұлғаға мемлекеттік мәжбүр ету шарасын қолдану сотталушыны белгілі бір құқығына шектеулер мен еркінен айыруға келтіреді, қылмыскерге мемлекет атынан теріс баға беру. Көріп отырғанымыздай екі анықтамаға да мына белгілер ортақ:

1) Мемлекеттік мәжбүр ету; 2) қылмыс жасаған тұлғаға колдануы; 3) қылмыскерге мемлекет атынан теріс баға берілуі.

Осы көрсетілгендерден мынадай қорытынды келіп шығады, яғни жаза акциясы бойынша қылмыс жасаған тұлғаға жаза қолдану, мемлекет атынан мәжбүр ету шарасы және қылмыскерге мемлекет атынан теріс баға беру, қылмыс жасаған тұлғаны белгіленген құқықтарынан айыру немесе шектеу.

ҚР қылмыстық кодексінің 38-бабында көрсетілген жаза ұғымына талдау жасасақ, бұл ұғымнан жазаның мынадай белгілері айқындалады:

1) мемлекеттік мәжбүрлеу; 2) қылмыс жасауға кінәлі адамға қолданы-лады; 3) мемлекет атынан қылмыс істеген адамға берілген теріс баға.

Мемлекеттік реакцияда жаза мәнісі жасалған қылмысқа мемлекеттік мәжбүр ету шарасы және сот атынан үкім шығару белгілері жатады. Ал акцияда жаза қылмыс жасаған тұлғаға жасаған қылмысы үшін ҚК-те көрсетілген құқықтарынан айыру немесе шектеуді қолдану белгісі жатады.

Жоғарыда заң шығарушы атап өтілген белгілерді айқын, әрі дәлелді деп қабылдауға болмайды. Бұндай қысқа тұжырым біздің пікірімізше қылмыстық жазаны басқа құқық сала институтында көрсетілген басқа мемлекттік мәжбүр ету шарасынан қылмыстық жазаны шектеуге мүмкіндік бермейді. Бұған көз жеткізу үшін барлық жаза белгілеріне талдау жасап көрейік. Жазаның бірінші белгісі мемлекеттік мәжбүр ету шарасы. Жазаның нақты осы белгісінің мазмұнын түсіну үшін:

1) мәжбүр ету терминінің мағынасын ашу; 2) шара түсінігін анықтау; 3) мемлекеттік мәжбүр ету мәнісін неден тұратындығын анықтау.

Мәжбүр ету - еріксіздендіру, “мәжбүр ету”, күштеу, еріксіз көндіру дегенді білдіреді [12, 431 б. ] . Жалпы құқық теориясында құқық ережелерін орындау, мәжбүр ету арқылы жауаптылығы ережесі негізінде жүзеге асырылады. Заң жауапкершілігі - бұл мемлекеттік мәжбүр ету арқылы міндеттерді орындау, заң жауапкершілігі дегеніміз бұл міндетті орындау, жанама түрдегі мемлекеттік мәжбүр ету [13, 85 б. ] . Бұдан келіп шығатын түсінік заң жауапкершілігінің өзі мәжбүр ету болып табылады. Сондықтан заң жауапкершілігінің бір түрі қылмыстық жауаптылық бір жағынан мәжбүр ету болып табылады. Атап айтқанда мәжбүр ету заңды екі етпеуге әрекет жасау, заңды екі етпеуге міндеттелген тұлға, сонымен бірге бұл міндетін бұзған жағдайда жаза тартуы тиіс болып табылады. ҚР-ың ҚК-нің 38-бабында көрсетілгендей жаза қылмыс жасаған тұлғаларды мәжбүр ету арқылы белгілі бір құқықтарынан және еркіндігінен айыру болып табылады. Олай болса мәжбүр етуді жазаның материалдық белгісі деп қарауға болады.

Мәжбүр етудің басқа құбылыстар сияқты объективтік белгілері болуы тиіс. Мұндай белгілерге мәжбүр ету көлемін және тәртібін кіргізуге болады. Жалпы құқық теориясында мемлекеттік мәжбүр ету мемлекеттің ұйымдастырылған күшіне негізделе отырып адамдар жүріс тұрысына өзгеше әсер етеді. Мемлекеттік мәжбүр етудің ерекшелігі бұл қызметтің өзі заңмен қатаң бекітілген, өзіндік құқықтық шегі бар екендігімен көрінеді [14, 446 б. ] . Мәжбүр ету қылмыстық жаза мазмұны бола отырып, барлық жүйесі көрсетілген мемлекеттік мәнге ие. Сондықтан қылмыстық жаза қылмыс жасаған тұлғаны ҚК-те көрсетілген құқықтары мен еркіндігін шектеуі мемлекеттік мәжбүр ету болып табылады.

И. М. Гальперин жазаның түпкілікті мазмұны бұл мемлекеттік мәжбүр ету екендігін толық ашты, бұл біріншіден, субъектінің мінез-құлқына сырттай билік құралы арқылы ықпал етуді жүзеге асыруды қолдану [15, 40 б. ] .

В. Д. Филимоновтың пікірінше жаза түсінігі анықтамасы мемлекеттік мәжбүр ету шарасы деп оның өте маңызды белгілерін көрсетеді [16, 95 б. ] . Мұндай түрдегі мемлекеттік мәжбүр ету өзіндік мазмұны және әсер ету көлемі құқық бұзушылықтан елеулі айырмашылығы бар, заңды жауапкершіліктің басқа тұрлерін мәжбүр ету шарасымен салыстырғанда айырмашылығы бар. Бұл жаза ерекшелігі ҚР ҚК-нің 38-бабында, яғни жаза түсінігі белгілері, бұл сот үкімі арқылы тағайындалады және қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық заңда көрсетілгендей құқықтары мен еркіндігіне шек қойылады деп көрсетілген. Бұл пікірмен толық келісуге болмайды. Жаза анықтамасы мемлекеттік мәжбүр ету шарасы ретінде оның өте маңызды материалдық белгілерінде айтылған. Яғни қылмыстық кодексте көрсетілген құқығы мен бостандығын шектеу, нақты әрекет құқықтың қайсы саласына қатысты қылмыстық құқық саласына жата ма, соны анықтау қажет. Көрсетілген белгідегі шараны қолдану бұл қылмыс жасалғандығын білдіреді және қайсы құқықтық салаға жататындығын анықтауға болады. Бірақта жасалған қылмыс үшін қылмыстық жазадан басқа жауапкершілік нысандар қылмыстық заңда көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің VІІ бөлімінде көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары немесе тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары (ҚК-тің 82 бабы) қылмыстық кодексте көрсетілген негіздер бойынша қылмыс жасаған адамдардың құқығымен бостандығын шектеулер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мәжбүр ету көлемін және мәнісін анықтау үшін заңда анықталған жаза анықтамасындағы шара түсінігін ашу керек. Шара термині:

1) қандай да бір шараны жүзеге асыру; 2) бірдеменің пайда болуына шек қою, шекара [17, 350 б] . Шара түсінігінің бірінші мағынасына сәйкес жаза деген бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа жауабы. Бұл түсініктің екінші мағынасы жазаны қылмыс жасаған тұлғаға қолданатын мәжбүр ету көлемі болып табылады. Осы көзқарас сәйкестігімен қылмыстық құқық ғылымында өз орнын табады. И. Я. Козаченконың көзқарасы бойынша қылмыстық құқықтық мәжбүр ету өзіндік екі көзқарастағы мағынаға ие, әлеуметтік әдет ғұрып, мемлекет атынан тұлғаны соттау, құқықтық мазмұндағы қылмыстық құқық ережесі санкциясына сәйкес көрсетілген, жазалар [18, 67 б. ] . Айтылған пікірге қосымша мынаны айтуға болады, әлеуметтік әдет ғұрып аспектісінде мемлекеттік мәжбүр ету қылмыс жасаған тұлғаға қатысты мемлекетік кінәлаушы ғана болып қоймай, сонымен бірге жасалған қылмысқа теріс баға беруде де көрінеді. Мемлекеттік мәжбүр ету белгілі бір көлемге ие. Мемлекеттік мәжбүр ету көлемі жаза акциясы мағынасы есебінен ҚК-тегі қылмыс жасаған тұлға еркіндігін және құқығының шектелу көлемімен сәйкес келеді. Құқығын шектеу көлемі өз кезегінде сот үкімімен тағайындалған жаза өлшемі және түрімен анықталады. Сонымен сот үкімі тағайындаған жаза өлшемі мен түрі мемлекеттік мәжбүр ету көлемін анықтайды. ҚР қылмыстық кодексінің 52 бабының 3 тармағына сәйкес жазаның түрі мен мөлшері істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне, айыпкердің жеке басына, істелген іс-әрекеттердің басқа да мән-жайларына байланысты анықталады. Яғни, мемлекеттік күштеу шараларының көлемі осы көрсетілген мән-жайларға тікелей байланысты. Жасалған қылмыстың нәтижесі жәбірленушінің заңдық мүддесін бұзу, яғни құқығын және еркіндігін айыру болып табылады. Басқаша айтқанда, жәбірленуші еркімен қылмыскерге мәжбүр ету шартын қояды. Сол себепті мәжбүр ету, мемлекет пен жәбірленушінің қылмыскерге қойған мәжбүр ету
шарты тең көлемде болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс түсінігі, жаза
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Қылмыстық жазаның ұғымы және жаза жүйесі
Жазаның жүйелері және түрлері
Абайсызда жасалған қылмыстар үшін жазалардың тиімділігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Бас бостандығын шектеудің қылмыстық жаза ретіндегі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz