Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару



Кіріспе

I Қолма . қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері

1.1.Қолма . қолсыз есеп айырысудың мәні және мазмұны
1.2.Қолма . қолсыз есеп айырысудың түрлері және олардың атқаратын функциялары

II Қазақстан Республикасында қолма .қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару

2.1. Қазақстан Республикасында қолма . қолсыз есеп айырысудың қағидалары мен құралдары
2.2. Банкаралық қолма . қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару

III Қазақстандағы қолма . қолсыз есеп айырысудың қазіргі даму жағдайы мен даму перспективалары

3.1. Қазақстандағы қолма . қолсыз есеп айырысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
3.2. Қазақстандағы қолма . қолсыз есеп айырысудың даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының қолма - қолсыз есеп айырысудың қазіргі даму жағдайына кішкене шолу жасап өтейік. Еліміз нарықтық қатынастарға көшкелі көптеген өзгерістер алаңсыз бет алды. Қазақстанның банк жүйесі күрт өзгерді. Көптеген жаңалықтар енгізіліп, қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесі дами бастады. Екінші деңгейлі банктердің түрлі қызметтері ел шаруашылығына көмекші құрал ретінде пайдаланыла бастады. Түрлі төлем құралдары қолма - қол ақшаның орнына ене бастады. Қолма - қолсыз есеп айырысу құралдарына : чектер, несиелік карточкалар, жеке төлем карточкалары, корпоративтік төлем карточкалары т.б. және түрлі қызметтер: интернет-банкинг, Home-банкинг, Телебанкинг, Мобильді банкинг сияқты операциялар кеңінен пайдаланыла бастады. Қолма - қолсыз есеп айырысудың артықшылықтары көп. Олар:
- есеп айырысудың жылдамдығы;
- адамдардың кез-келген жерде есеп айырыса білуі (ресторанда, қонақ үйлерде, супермаркеттерде т.б.);
- адамдарға қызмет көрсету деңгейінің жоғарлауы;
- кез-келген уақытта және кез-келген жерде несиеге белгілі бір ақша соммасын ала білу;
- шет елде жүріп ақшаны аударуға мүмкіншілігінің болуы т.б.
Сондықтан да Қазақстанда қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесінің дамуы өте маңызды. Қазіргі танда еліміздегі есеп айырысулардың 20%-ға жуығы ғана қолма -қол ақшалармен есеп айырысады, ал қалған 80% қолма - қолсыз есеп айырысуды қолданады. Демек, қолма - қолсыз есеп айырысулардың дамуы өте маңызды. Қазақстан банктерінің 100% қолма - қолсыз есеп айырысу қызметтерін қолданады.
Қолма - қолсыз есеп айырысулардың дамығандығы сонша, тіпті үйде отырып шотыныздағы балансты білуге мүмкіншіліктер ашылған. Қазақстандағы қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесі қазіргі жаһандану процесіне байланысты дүниежүзілік стандарттарға сәйкес болуы қажет, өйткені халықаралық талаптар өте қатаң.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

I Қолма - қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері

.1.Қолма - қолсыз есеп айырысудың мәні және мазмұны
.2.Қолма - қолсыз есеп айырысудың түрлері және олардың атқаратын функциялары

II Қазақстан Республикасында қолма -қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару

.1. Қазақстан Республикасында қолма - қолсыз есеп айырысудың қағидалары мен құралдары
.2. Банкаралық қолма - қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару

III Қазақстандағы қолма - қолсыз есеп айырысудың қазіргі даму жағдайы мен даму перспективалары

.1. Қазақстандағы қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
.2. Қазақстандағы қолма - қолсыз есеп айырысудың даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қолма - қолсыз есеп айырысудың қазіргі даму жағдайына кішкене шолу жасап өтейік. Еліміз нарықтық қатынастарға көшкелі көптеген өзгерістер алаңсыз бет алды. Қазақстанның банк жүйесі күрт өзгерді. Көптеген жаңалықтар енгізіліп, қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесі дами бастады. Екінші деңгейлі банктердің түрлі қызметтері ел шаруашылығына көмекші құрал ретінде пайдаланыла бастады. Түрлі төлем құралдары қолма - қол ақшаның орнына ене бастады. Қолма - қолсыз есеп айырысу құралдарына : чектер, несиелік карточкалар, жеке төлем карточкалары, корпоративтік төлем карточкалары т.б. және түрлі қызметтер: интернет-банкинг, Home-банкинг, Телебанкинг, Мобильді банкинг сияқты операциялар кеңінен пайдаланыла бастады. Қолма - қолсыз есеп айырысудың артықшылықтары көп. Олар:
- есеп айырысудың жылдамдығы;
- адамдардың кез-келген жерде есеп айырыса білуі (ресторанда, қонақ үйлерде, супермаркеттерде т.б.);
- адамдарға қызмет көрсету деңгейінің жоғарлауы;
- кез-келген уақытта және кез-келген жерде несиеге белгілі бір ақша соммасын ала білу;
- шет елде жүріп ақшаны аударуға мүмкіншілігінің болуы т.б.
Сондықтан да Қазақстанда қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесінің дамуы өте маңызды. Қазіргі танда еліміздегі есеп айырысулардың 20%-ға жуығы ғана қолма -қол ақшалармен есеп айырысады, ал қалған 80% қолма - қолсыз есеп айырысуды қолданады. Демек, қолма - қолсыз есеп айырысулардың дамуы өте маңызды. Қазақстан банктерінің 100% қолма - қолсыз есеп айырысу қызметтерін қолданады.
Қолма - қолсыз есеп айырысулардың дамығандығы сонша, тіпті үйде отырып шотыныздағы балансты білуге мүмкіншіліктер ашылған. Қазақстандағы қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесі қазіргі жаһандану процесіне байланысты дүниежүзілік стандарттарға сәйкес болуы қажет, өйткені халықаралық талаптар өте қатаң.

I Қолма - қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері

.1. Қолма - қолсыз есеп айырысудың мәні және мазмұны

Қолма - қолсыз есеп айырысу - есеп айырысу жүйесінің бірнеше түрлерінен тұрады. Оған чектер, вексельдер, төлем карточкалары, электронды ақша аударымдары т.б. ақшаның қолма - қолсыз есеп айырысу қызметтері жатады. Қазақстанда қолма - қолсыз есеп айырысулар және ақшаның тасымалдануы төлем жүйесі арқылы жүргізіледі. Ол төлем жүйесі бір банк шотынан басқа бір банк шотына ақшаның белгілі бір ережеге сәйкес, белгілі бір құралдар арқылы өтетінің білеміз. Заңды және жеке тұлғаларға төлемді жүргізу мен ақшаны тасымалдауға қызмет көрсететін банктер, қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесінің қатысушылары болып саналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі барлық банктер шотына қызмет көрсетеді және есеп айырысу мекемесі ретінде роль атқарады.
Нарықтық экономикаға көшкеннен кейін 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесін қайта құруды көздеді. Осыдан бастап Қазақстандағы төлем жүйесі дами бастады. Қазақстан Республикасы төлем жүйесіндегі реформаның негізгі мақсаты - банктер арасында және олардың клиенттермен арасындағы есеп айырысуды жылдамдату үшін және айналымға түрлі төлем құралдарын (чектер, төлем карточкалары т.б.) ендіру үшін қолданылған болатын.
Төлемдерді жылдамдату мақсатында 1994 жылы Қазақстанның облыстары арасында электрондық төлемдер кеңінен қолданыла бастады.
Төлемдерді жүргізуде реттілікті келтіру мен банктер арасында айналымдағы документтерді азайту мақсатында 1995 жылы Ұлттық Банк базасында Алматы Клирингтік Палатасы (АКП) құрылды. Бұл палата екінші деңгейлі банктердің күнделікті төлем бойынша міндеттемелерін бір - бірімен ауысуына жәрдем болды. Соңғы есептеулерді банктер операциялық күннің соңында таза позиция бойынша бір рет жасайтын болды. Осының арынктердің шотында ликвидтік ауытқу байқалмады.
Қолма - қолсыз есеп айырысу жүйесі экономикалық жағынан өте маңызды мәселе. Өйткені қолма - қолсыз есеп айырысу көптеген операциялардың жылдам орындалуына, әрі ыңғайлы жасалуына ықпал етеді. Қолма - қолсыз есеп айырысулар қоғамдық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып есептеледі. Уақыт өте келе бұл процестің маңыздылығы біздің елімізде де байқала бастады. Еліміздегі қолма -қолсыз есеп айырысу жүйесі дами бастады.

1.2. Қолма - қолсыз есеп айырысудың түрлері және олардың атқаратын функциялары

Қолма - қолсыз есеп айырысудың түрлері өте көп. Олардың ішінде кең тараған түрлері: кредиттік карточкалар, төлем карточкалары, чектер, электронды ақша аударымдары, түрлі қолма - қолсыз есеп айырысу қызметтері т.б. жатады. Еліміздегі жақсы дамыған банктердің бірі - Казкоммерцбанктің төлем карточкалары түрлерін мысал ретінде келтіріп өтейік:

Қазкоммерцбанк шығаратын жеке карточкалар Қазкоммерцбанктің төлем карточкасы - бұл уақыт үнемдеу, қызмет көрсету ыңғайлылығы, сауда және сервис кәсіпорындары ұсынатын тауарлар мен қызметтерге төлем жасауда -жеңілдіктер мен шегерімдер.
Cirrus Maestro, Visa Electron Онша қымбат емес халықаралық төлем карточкалары Сізге шетелге сапар шеккенде және күнделікті өмірде көмектеседі. Сіз Қазкоммерцбанк карточкаларының иелеріне ұсынылатын жеңілдіктер мен қосымша қызметтерді пайдалана аласыз.
Қызмет көрсету желілері : "Стандарт", "Стандарт Плюс". Тарифтер
Visa Classic, MasterCard Mass Танымал пластикалық карточкалар. Шетелдік сапарлар үшін ұсынамыз. Visa немесе MasterCard логотиптері бар жерлердің бәрінде қызмет көрсетіледі.
Карточка жоғалып қалған жағдайдың өзінде, "Emergency cash disbursement" процедурасы бойынша заңды иесіне қолма-қол ақша алу мүмкіндігін ұсынады. Қызмет көрсету желілері: "Стандарт", "Люкс" Тарифтер Visa Gold, MasterCard Gold
Қазкоммерцбанктің Gold карточкалары - оның иесінің табысы мен беделінің символы, жеке қаржылық әл-ауқатының куәсі. Танымал пластикалық карточкалар. Алтын карточка әрқашан да бедел мен табыс символы болып есептеледі. Алтын карточкалар, әдетте, Classic және Mass карточкаларынан кредиттік лимит мөлшерінің, сондай-ақ банк көрсететін қосымша қызметтердің көбірек болуымен ерекшеленеді. Элитарлық сервис Тарифтер MasterCard Virtual Card
Онша қымбат емес халықаралық виртуальді карточкалар сізге интернетте тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға (одан әрі нақты ұсынылуын талап етпейтін) және жасалған сауда бойынша шығыстарды дәл бақылауға мүмкіндік береді. Шот негізгі шот валютасында жүргізіледі. Сіз Қазкоммерцбанк карточкаларының иелеріне ұсынылатын жеңілдіктерді пайдалана аласыз. Тарифтер Мультивалюталық карточка Мультивалюталық карточка, қатардағы төлем карточкасы сияқты, Қазақстанда да, шетелде де банкоматтардан қолма-қол ақшаны алуға және тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін пайдалануға болады. Жаңа карточканың өзіндік ерекшелігі - карта бойынша операцияға бір уақытта үш шот бойынша - теңгеде, АҚШ долларында және еурода қызмет көрсету мүмкіндігі.

Қазкоммерцбанк шығаратын жалақы карточкалары Қазкоммерцбанктің жалақы карточкалары - бұл тек қолма-қол ақша алудың ыңғайлы құралы ғана емес, Сізге өз ақшаңызды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қаржылық құрал, әрі қазіргі банктік қызметтерге кілт. Visa Classic, MasterCard Mass
Әлемдегі ең танымал карточкалар - көрсетілетін қызметтер ауқымы мен құнының оңтайлы ара қатынасын ұсынатын VISA ClassicMasterCard Mass карточкалары. Олар пайдалану қолайлылығымен және жоғары сеінімділікпен ұштастырылған, әрі кез келген сауда түрі үшін де, қолма-қол ақша алу үшін де қолайлы. Бұл карточкалар ай сайын жалақысын карточкадан алуды қалайтын клиенттер үшін арнайы әзірленген. Қазкоммерцбанктің VISA Classic және MasterCard Mass жалақы картокаларының иелеріне елден сырт жерге шыққанда 42 000 АҚШ долларына дейінгі сомаға тегін AIG (Бақытсыз жағдайлардан сақтандыру жөніндегі Қазақстандық сақтандыру компаниясының) сақтандыру полисі беріледі. Visa Electron, Cirrus Maestro
Ең оңай қол жеткізілетіні - Visa ElectronCirrus Maestro карточкалары. Карточканы пайдаланғаны үшін төлемнің төмен болуы және оны бүкіл әлем бойынша миллиондаған сауда нүктелерінде қолдану мүмкіндігі, бұл карточкаларды ыңғайлы етеді. Сонымен бірге банкомат арқылы банктік операцияларды жасау үшін де өте қолайлы.

Қазкоммерцбанк шығаратын корпоративтік карточкалар Корпоративтік карточка - қызметкерлердің қызмет міндеттемелерін орындауымен байланысты кәсіпорын шығыстарын басқаруға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Visa Electron Corporate, Cirrus Maestro Corporate
Visa Electron CorporateCirrus Maestro Corporate төлем карточкалары, онша қымбат емес корпоративтік карточкалар сияқты, кез келген бизнес түрі менеджерлерінің, жеке кәсіпкерлердің мұқтаждығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Карточка кәсіпорынның чек кітапшасын ауыстыруға, ағымдағы шотын шұғыл басқаруға, іссапар, шаруашылық және өкілдік шығыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Visa Business, MasterCard Business
Корпоративтік карточкалар - кез келген компания қызметкерінің Қазақстанда, сондай-ақ шетелде өкілдік және іссапар шығыстарын қолма-қол ақшасыз төлеудің таптырмайтын құралы. Карточка барлық шығыстарға ыңғайлы және қауіпсіз есеп айрысуға мүмкіндік береді. Корпоративтік карточка қызметкерлердің есеп берілетін қаражаттарды жұмсауын егжей-тегжейлі бақылауға және есептеуге мүмкіндік береді, карточка фирма шығыстарын тиімді басқаруға, сонымен бірге қажет болған жағдайда іссапардағы қызметкердің карточкалық шотын жедел толтыруға көмектеседі. Visa Gold Business, MasterCard Gold Business
Қазкоммерцбанктен Gold Карточкасы - бұл элиталық клиенттер үшін табысы мен беделінің символы, жеке қаржылық әл-ауқатының куәсі болып табылатын төлем карточкасы. Gold корпоративтік карточкалары - бұл іссіапар және өкілдік шығыстарға төлемді жүзеге асыруға ғана емес, тек Қазкоммерцбанк клиенттері қол жеткізе алатын қосымша қызметтер пакетін, әлемдік деңгейдегі жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін карточка.

GoCard бонустық карточкасы Қазкоммерцбанктің GoCard бонустық карточкасы - бұл Сіздің ақшаңыздың жұмыс істеуінің айрықша және ерекше тиімді түрі, ол тауарлар мен қызметтерді сатып алып қана қоймай, мұнымен бонустар табуға да мүмкіндік береді. Қазкоммерцбанк кредиттік карточка бойынша қызмет көрсету жүйесінде нағыз төңкеріс жасады, енді Сіз неғұрлым көп жұмсасаңыз, соғұрлым көп ақша аласыз!

GoCardпен сауда жасау - бұл толық ләззаттану және абсолютті тиімділік, өйткені Сіз:

1. несие қаражаты есебінен тауарлар мен қызметтер аласыз;

. Қазкоммерцбанк серіктестерінің торабынан мезетте бонус табасыз;

. одан кейінгі саудаларда тапқан бонустарыңызды тауарлар мен қызметтер төлемі ретінде жұмсайсыз;

. бонустарды ірірек зат алуға жинаңыз;

. өз бюджетіңізді үнемдеңіз.

GoCard - бұл тауарлар мен қызметтерге төлем жасауда бонустар жинау және оларды Банк серіктестерінің бонустық торабында пайдалану мүкіндігі бар Қазақстан аумағындағы жалғыз халықаралық төлем карточкасы.

Сіздің әр саудаңыз сізге жаңа бонустар әкеледі! Неғұрлым көп жұмсасаңыз, соғұрлым көп аласыз!

GoCard қалай жұмыс істейді?

GoCard төлемге GoCard логотипі бар барлық сауда және сервис кәсіпорындарында қабылданады және дәл сол кәсіпорындарда Сіз бонустар табасыз және жұмсайсыз. Сіз осы карточкамен Master Card халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын төлемге қабылдайтын басқа сауда нүктелерінде де есеп айрыса аласыз. GoCardты пайдалану схемасы өте қарапайым:

Сіз GoCard иесі боласыз да, Банктің серіктестік торабына кіретін 1, 2, 3 кәсіпорында сауда жасайсыз. Сауда Сізге ұсынылған несие шегіндегі арнайы бонустық бағдарлама бойынша аяқталады.

1. , 2, 3 кәсіпорын GoCardты төлемге қабылдайды да, Сіздің шотыңызға бонустар - жасалған сауда сомасынан автоматты түрде белгілі бір пайыздар есептейді. Есептелген бонустар Сіздің бонустық шотыңызда көрініс табады (карт-шотта). Одан әрі Сіз тауарлар мен қызметтерді 1, 2, 3 кәсіпорындарда:

o жинақталған бонустар;

o бонустар жинауды одан әрі жалғастыра беріп, несие қаражаты есебінен сатып ала аласыз.

GoCard бойынша несие беру шарттары:

· Валюта: теңге, АҚШ доллары, еуро

· Несиенің ең жоғарғы көлемі: Сіздің төлем жасау қабілеттілігіңізге байланысты

· Пайдаланылған несиеге Банктің сыйақы мөлшерлемесі (айына): Жаңа клиенттер үшін:

o есеп беру кезеңінде* - теңгеде 1,25%, АҚШ долларында 1,0%, еурода 1,0%

o өтеу кезеңінде** - теңгеде 2,0%, АҚШ долларында 1,6%, еурода 1,6%
Банк клиенттері (төлем карточкаларының иелері) және ҰларҮміт ЖЗҚ салымшылары үшін:

o есеп беру кезеңінде - теңгеде 1,0%, АҚШ долларында 0,8%, еурода 0,8% o өтеу кезеңінде - теңгеде 1,6%, АҚШ долларында 1,3%, еурода 1,5%

· Несиені қамтамасыз ету талап етілмейді

· Бонустық бағдарлама кәсіпорындарында тауарларғақызметтерге төлем жасағанда комиссия алынбайды.

Еркше шарттары GoCardтан Сіз несие сомасының 40%-на дейін қолма-қол ақша ала аласыз.

*Есеп беру кезеңі - GoCard бойынша жаңғыртылатын несие түрінде Банк берген несие қаражатын Сіз пайдаланған күнтізбелік ай (әр айдың бірінші күнінен бастап және оның соңғы күнімен аяқтай отырып).

**Өтеу мерзімі Есеп беру кезеңі өткеннен кейін басталады. Өтеу кезеңінде Сіз Есеп беру кезеңінде жиналған қарызды - пайдаланған, бірақ өтелмеген несие сомасының 10%-нан тұратын ең төменгі айлық төлем көлеміндегі соманы, бірақ 4000 теңгедег30 АҚШ долларынан20 еуродан кем емес (несие валютасына байланысты) және несиені пайдаланғаны үшін есептелген сыйақы сомасын - ай сайын төлеу жолымен өтеуге міндеттісіз. Егер Есеп беру кезеңінде Сіз 4000 теңге30 АҚШ доллары20 еуроға дейін пайдалансаңыз, онда төлемге Есеп беру кезеңінде пайдаланылған бүкіл несие сомасы және есептелген сыйақы кіру керек.

GoCard алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. Жеке басын растайтын құжат

. СТН

Мультивояжға - мультикарточкамен! Демалысқа жиналдыңыз ба?Немесе, мүмкін, шет елдерде жиі іссапарда болатын шығарсыз? Онда Сіз бұрыннан-ақ төлем карточкасының табынушысыз және біздің адамсыз. Өйткені сіздің енді Қазкоммерцбанктен мультивалюталық карточка алу мүмкіндігіңіз бар Мултивалюталық карточка әдеттегі төлем карточкасы сияқты тауарлар мен қызметтерге төлеу үшін және Қазақстанда, сондай-ақ шетелдерде банкоматтардан қолма-қол ақша алу үшін қолданыла алады. Жаңа карточканың ерекшелігі - карточка бойынша бір уақытта үш шот бойынша - теңгедегі, АҚШ долларындағы және еуродағы - операцияларға қызмет көрсету мүмкіндігі. Сонымен мултивалюталық карточканың әдеттегіден артықшылығы қандай? Ақшаларын карт-шоттарда сақтайтын клиенттер үшін, бір карточкадағы ақша қаражатын түрлі валюталарға әртараптандыруында. Мысалы демалысқа аттанған кезде, басқа валютадағы екінші карточканы алудың қажеті жоқ. Мультивалюталық карточка сіздің ақшаңызды сақтауға ғана емес, валюта бағамының күрт ауытқуымен байланысты болуы мүмкін тәуекелдерді қысқартуға көмектеседі. Түрлі елдерде жиі болатын адамдар үшін мультивалюталық карточка валютаны айырбастауда, ақша үнемдейді. Яғни Америкада сіз доллармен, Еуропа елдерінде - еуромен, Қазақстанда, соған сәйкес, - теңгемен есеп айрысасыз. Әрі валюта ауыстырғанда ештеңе де жоғалтпайсыз. Нақты мысал келтірейік: Екі жас жігіт Франкфурт арқылы Ұлыбританияға оқуға барды. Жолға шығар алдында олар төлем карточкаларын алды. Олардың біреуінде - Мультивалюталық карточка, ал екіншісінде - АҚШ долларындағы әдеттегі төлем карточкасы. Кетер алдында Мультивалюталық карточкасы бар Банк клиенті карт-шотқа 136 490 теңге, 5 000 АҚШ долларын, 3233,63 еуро салды; әдеттегі карточкасы бар клиент тура 10 000 АҚШ долларын салды. Достар құны 75 000 тұратын авиабилет үшін карточкамен төлеуге шешім қабылдады. Мультвалюталық карточкасы бар клиенттің шотынан: 75 000+375 (0,5% банк комиссиясы) = 75 375 теңге (552,23 $), ал әдеттегі карточкасы бар клиенттен: (549,49 $ (75 000136,49)+1,10 $ (0,2% айырбастағаны үшін комиссия)) + 2,75 $ (0,5% банк комиссиясы) = 75 525,38 теңге (553,34 $) есептен шығарылды. Олар Франкфуртке келген бетте Дьюти фри дүкенінен 3 200 еуро сомасына киім, косметика, сусындар сатып алды. Шоттан есептен шығарғанда, Мультивалюталық карточкасы бар клиент 3 200 еуро + 16 еуро (банк комиссиясы) = 3 216 еуро (3 978,19 $) жұмсады. Екінші клиент (3 958,40 $ (3 200*1,237) + 7,92 $ (айырбастағаны үшін комиссия)+ 19,80 $ (банк комиссиясы) = 3 222,41 еуро (3 986,12 $) жұмсады. Келген кезде әдеттегі карточкасы бар клиенттің шотында 5 460,54 АҚШ доллары, мультивалюталық карточкасы бар клиенттің шотында 61 115 теңге (447,76 $), 17,63 еуро (21,80$) 5 000 АҚШ доллары, немесе 5 469,56 $ баламасында ақша қалды. Нәтижесінде мультивалюталық карточкасы бар клиент 9,02 $. үнемдеді. Мультивалюталық карточкасы бар клиент Алматыға келгеннен кейін шоттарын теңгемен төлей отырып, тағы да айырбастауда үнемдейді, яғни толықтыратын және жұмсайтын ақша оның карточкасынан теңгедегі шоттан есептен шығарылады. Әдеттегі карточкасы бар клиент теңгедегі карточканы сатып алуы керек немесе сауда жасағанда айырбастағаны үшін төлеу керек. Сонымен бірге есеп айрысуда күнбе-күнгі айырбастау бағамы қолданылады, бірақ тауар үшін нақты төлем сомасы әуелі шотта оқшауланады, шоттан ақша сомасы растау сәтіндегі бағам бойынша есептен шығарылатынын ескеру қажет. Бағам ұлғаю жағына қарай өзгеруі мүмкін, онда әдеттегі карточкасы бар клиенттің шығыстары көбірек болады. Клиент ақша қаражатының қозғалысы және өзінің мультивалюталық карточкасының карт-шоттары бойынша қалдықтар туралы толық есепті мыналар арқылы бақылай алады: · Homebank (www.homebank.kz) жүйесі арқылы, ол кез келген уақытта өзіңіздің карт-шоттан толық үзінді-көшірме алуға, карточкалық шоттағы қалдықты білуге мүмкіндік береді; · клиент банктен алуға болатын, егжей-тегжейлі үзінді-көшірме бойынша; · ҚКБ банкоматтарының торабы арқылы; · қалалық немесе ұялы телефон бойынша өз шотыңыздың жай-күйі туралы білуге мүмкіндік беретін телефондық банкинг жүйесі арқылы. Мультивалюталық карточка иесі оның атына шығарылған карточканы пайдалану құқы бар жалғыз тұлға болып табылады. Алайда, оның жазбаша өтініші негізінде кез келген тұлғаға (жұбайына, балаларына, әке-шешесіне) карточка иесінің негізгісіне бірнеше қосымша карточка берілуі мүмкін. 1 карточканың бағасымен түрлі валютадағы 3 карт-шотты алу мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бір мультикарточка - үш тиімділік!

Интернетте сауда жасау үшін қолданылатын карточкалар, бірақ карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін қонақүйлерде номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін қолданыла алмайды. Eurocard MasterCard Virtual card Карточка шығару Тарифтік жоспар · Құны: 1580 теңге · Міндетті шарт: біздің банкте карточкалық шоты болуы және www.homebank.kz қаржылық порталында тіркелген болуы. · Несие: жоқ Ескерту: виртуальді карточканы шотты жүргізу валютасы теңгедегі, шетелдік Интернет-дүкендерде есеп айрысқанда айырбас жасалатын, негізгіге қосымша ашуға болады.

Бұл - клиенттерге айрықша клуб қызметтерінің пакетін ұсынатын ең көне төлем жүйесі, ол өзіне алуан сақтандыру түрлерін, тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ұсыну, әлемнің ірі әуежайларындағы VIP-залдарға кіру, іскерлік сапарлары мен кездесулер және басқаларды ұйымдастыру бағдарламаларын кіргізеді.

II Қазақстан Республикасында қолма - қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және басқару

.1. Қазақстан Республикасында қолма - қолсыз есеп айырысудың қағидалары мен құралдары

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшылай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыруды нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
ұлттық табыстарды бөлу және қайта бөлуде;
банк несиелерін алу және қайтаруда;
бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк - бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қолдағы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу - бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі - бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлейшілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.
Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
төлеу орны - банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;
төлеушінің келісімі (акцепт) - төлеудің негізіне жатады;
төлеу көзі - сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.
Қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы - барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі - бұл экономиканы әкімшіл - әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс - әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма - қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қағидасы - нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісімшарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.
жылы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады, себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көрсетеді. Бұл шарт ел экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар, қолма - қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:
төлемнің мерзімділігі;
төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы - шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
сауда - саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;
сауда - саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
сауда - саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін - қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер - бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер - бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер - бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы - бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзәра ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қасқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады ( оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қаблеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Қолма-қлсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-бірімен өзәра тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары - бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетінің немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 =(4000*872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
төлем тапсырмалары ;
төлем талабы-тапсырмасы ;
инкассалық үкім ;
чекпен есеп айырысу ;
вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:
төлем құжаттарының атауы;
төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке индентификациондық коды;
ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік индентификациондық коды;
бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке индентификациондық коды;
бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
төлемнің тағайындалу коды;
санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мени мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалудың бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы ҚР Ұлттық банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша- несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлернің, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалының бірдей классификаторының құрылымы мынадай:
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X

Мұндағы I - ақшаны аударушының резидеттік белгісі;
II - ақшаны аударушының экономика секторы;
III - бенефициардың резиденттік белгісі;
IV - бенефициардың экономика секторы;
V,VI,VII - валюта және бағалы металдар коды;
VIII - операция түрі;
IX - төлемнің сипаты;
X - төлемнің ашып көрсетілуі.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:
1 - резидент;
2 - бейрезидент.
Экономиканың секторының коды мынадай:
- Халықаралық ұйымдар;
- Орталық үкімет;
- Аймақтық және жергілікті басқару органдары;
- Орталық (ұлттық) банктер;
- Басқа депозиттік ұйымдар;
- Басқа қаржылық ұйымдар;
- Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
- Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
- Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
- Үй шаруашылықтары.

Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:
0 - Зейнет ақы және жәрдем ақы;
- Қолма - қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);
- Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
- Депозиттер;
- Займдар;
- Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына инвестициялар;
- Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар;
- Тауарлар мен материалдық емес активтер;
- Көрсетілетін қызметтер;
- Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады:
- төлем тапсырмасы;
- төлем талабы - тапсырмасы;
- салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;
- аударуға берген өтініш.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
- тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 - бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұлтауарды жөнелткенге дейін (1 суретті қараңыз); тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2 суретті қараңыз); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмасындағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданумен сипатталады.

2 сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді алдын-ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
- алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісімшарт жасау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 - бенефициарға оның шотына шотына қаражат түскендігін хабарлу; 5 - тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлем талап- тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісім беруге тиіс. Төлем талап -тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі.

3-сурет. Төлем талап тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы

1 - тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2 - төлем талап-тапсырмасын аудармашының банкіне жіберу; 3 - есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беру үшін беріледі; 4 - төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5 - бенефициардың банкіне қаражат аударулып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6 - бенефициардың шотына қаражат келіп түскендегін хабарлайды.

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.
Инкассалық өкім - заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның бактік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.
Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.
Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.
Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне жаркылай төленді деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттар қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.
Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында төлем құрлы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
сатушы белгісіз болған жағдайда.
Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.
Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
Қазақстандағы қолма - қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің құрылымы
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Ақша айналысының эволюциясы
Ақша айналысын басқару және реттеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚ БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
Пәндер