Қылмыстық іс жүргізу нормалары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Қылмымтық іс жүргізу нормалары.

Ұғымы, негізгі белгілері.

2. Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері.

3. Қылмыстыүқ іс жргізу нормасының құрылымы.

Құқық нормасы дегеніміз- өзге нормалармен бірге

Жекелеген адамдардың, органдардың, ұйымдардың өзара қатынастарын реттейтін жалпыға міндетті мінез-құлық қағидасы. Құқық нормаларының реттеуші рөлі құқық субъектісінің оның нұсқамаларына сәйкес іс-қимыл жасайтынынан немесе басқа адамдардан тиісті іс-қимыл жасауды ететінінен де, сондай-ақ оның талаптарын бұзу мемлекеттің өз органдары атынан құқық бұзушыға ықпал жасау шараларын қолдануын қажет ететінінен де айқын көрінеді.

Қылмыстық іс жүргізу қызметінің егжей-тегжейлі регламентациясы құқық көздерінде тиісті түрде жүйеленген нақты нормаларда берілген. Егжей-тегжейлеу дәрежесі құқық көзінің класымен деңгейіне байланысты. Класс пен деңгей неғұрлым жоғары болса, іс жүргізу нұсқамаларының сипаты солғұрлым ортақ болады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Конституциясының баптары тікелей қолданылатындай негіздер бар болатын кездерде құқық қолдану мәніне тиісінше әсер етеді. Мысалы, Конституцияның 78-бабына сәйкес: “Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдармен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті”. Осы конституциялық норманы қолдану ҚІЖК-тің қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоұтата тұру негіздемелерінің тізбесін белгілеген 50-бапта нақтыланған. Атап айтқанда, осы баптың 1-бөлігінің 6-тармақшасында соттың аталған қылмыстық істе актілердің Конституцияға сәйкес еместігін тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтарымен бостандығын шектейтіндігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған жағдайда істі толық немесе ішінара тоқтата тұруға болатыны айтылған.

Алайда Конституция ережесінің ҚІЖК шеңберінде бұлайша регламенттелуі жеткіліксіз. Мәселен, қолдануға тиісті заңның Конституцияға сәйкес еместігін тану туралы Конституциялық Кеңеске жасаған өтініші негізінде іс жүргізу тоқтатыла тұратын кезеңдегі сотталушы тағдырының; бұрын қабылданған бұлтартпау шаралары жөніндегі іс жүргізу шешімі сипатының; сот өтінішін қараудың нәтижелері бойынша Конституциялық Кеңестің тиісті шешімін алған кездегі соттың бұдан былайғы іс-әрекеттерінің мәселелері іс жүргізу тәртібінде нақтылауды қажет етеді. Аталған мәселелердің кейбіреулері сот ісін жүргізу процесінде жалпы тәртіппен шешіледі. Сонымен бірге кейіннен Конституциялық Кеңес конституциялық емес деп таныған заң негізінде қылмыстық жауаптылыққа тартуға байланысты адамға келтірілген зиянның сипаты мен оны өтеу сиқты мәселе Конституцияның соттар мен сот төрелігі туралы нормаларын тікелей қолдануды талап етеді.

Сонымен, Конституция нормаларының тікелей қолданылуы заңның жалпы рухына қайшы келмейтін іс жүргізу құралдарының белгілі бір жиынтығы болуын көздейді. Басқаша айтқанда, іс жүргізу құқығы көзінің Конституция сияқты жоғары деңгейінде іс жүргізу мәселелерін нақтылау мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Конституциясының-оның жекелеген нормаларында егжей тегжейлі нұсқамалар берілген. Мәселен, 16-баптың 2-тармағы былай делінген: “Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен қамауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады”. Конституцияда салалық қағидалардың осылайша терең регламенттелуі олардың әлеуметтік-құқықтық маңызы зор екенін дәлелдейді.

Іс жүргізу мәселелерінің Конституция деңгейінде осылайша егжей-тегжейлі регламенттелуі салалық заңды осылайша регламенттеу қажеттігін жоққа шығармайды. Оған қоса, іс жүргізудің Конституцияда нақтылануы оны салалық Кодексте нәтижелі кепілдіктермен күшейту мен орнықтыруды қажет етеді, атап айтқанда, ҚІЖК-тің 17-19-тараулары сезіктіні ұстау мен қамауға алу өздеріне жататын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының мәселелеріне арналған.

Қылмыстық іс жүргізу нормасының ерекшелігі-онда қылмыстық процеске қатыссушылардың іс-қимыл ережесі әрдайым (тікелей немесе жанама түрде) болады. Сонымен бірге П. С. Элькиндтің атап көрсеткеніндей, іс-қимыл ережелерінің бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізу нормасы болып табылмайды.

Қылмыстық іс жүргізу нормасын басқа құқық салаларының нормаларынан ерекшелендіретін-айрықша белгілер кешені.

Бірінші белгі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында мемлекет рұқсат еткен нормалардың жоқтығы, бірақ тек мемлекет орнатқан нормалардың болуы.

Бұл белгі қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының негізіне заң шығарушы қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттарымен міндеттері үшін арнайы әзірлеген ержелер алынғанын, ол ережелер бұрын әдет-ғұрыптарда да, салт-дәстүрлерде де орын алмағанын білдіреді.

Рұқсат ету, орнату секілді емес, құқық қатынастарының заң жүзінде орнықтырылғанға дейін болуын, сол құқық қатынастарының құқық күшінің кейіннен танылуын көздейді (мысалы, отбасылық құқықта іс жүзіндегі некелік қатынастар, егер тиісті түрде ресімделмеген болса, белгілі бір жағдайларда алимент төлеттіруге, мұрагерлік және т. б нәрселерге байланысты пайда болатын құқық қатынастарында заңды түрде орнықтырылады) .

Қылмыстық сот ісін жүргізуде процесс ресми түрде қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен басталады. Қылмыстық іс материалдарына қылмыстық іс қозғалғанға дейін жасалған іс-әрекет хатамаларын оларды іс жүргізу әрекеттері ретінде кейінен тану жолымен енгізуге болмайды. Яғни нақты қылмыстық істен тыс немесе сол іс қозғалғанға дейін орын алған қатынастарды қылмыстық іс жүргізу қатынастары тетінде тануға болмайды.

Заңдылықты қадағалау құралы болып табылатын рұқсат етілген шешімдерді (мысалы, тергеушінің тінту жүргізу жөніндегі қаулысна прокурордың рұқсат беруі) іс жүзіндегі құқық қатынастары арқылы заңды деп танылатын рұқсат етілген нормалардан ажырату қажет.

Сонымен бірге әдет-ғұрыптар сот ісін жүргізудің мәдениетін қалыптастыруда өз рөлін атқарғанын мойындау қажет (мысалы, сотқа жауап берген кезде орнынан тұру әдетін заң шығарушылар қабылдап, ҚІЖК-де

құқық нормасы ретінде орнықтырылған) .

Екінші белгі. Қылмыстық сот ісін жүргізуде сан рет қайталанады деп есептелген жалпылама сипаттағы нұсқамалардың қылмыстық іс жүргізу нормаларында болады.

Мәселен, ҚК-тің әркеттке баға берілетін бабы бір оқиғаға бір рет қана қолданылатын болса, ҚІЖК-тің жауап алу, тінту, қарап шығу тәртібі туралы және т. б. ережесін бір іс шеңберінде бірнеше рет-жауап алу, тінту және қарп шығу қаншама рет жүргізілсе, соншама рет қолдануға болады.

Қаралып отырған белгі жеке-дара сипаттағы қылмыстық іс жүргізу актілерінде өзіндік сипат алады. Мәселен, сот үкімі, сот ұйғарымы, қаулысы бір мәрте орындау үшін нақты адамға бағытталған шешім болып табылады. Бірақ бұл жағдайда осы актілерді шығару нысанына, процедурасына, материалдық құқық үшін елеулі өзге факторларына қарамастан біріңғай (ортақ) талаптар қойылады.

Үшінші белгі. Қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың іс-қимыл ережелерінің міндеттілігі.

Міндеттілікке саралау сипаты тән. Тергеушінің шақыртуы бойынша келу жөніндегі талаптың прокурор мен судъяға қатысы жоқ, бірақ сотқа дейінгі қызметке өзге қатысушылардың оны орындауы міндетті.

Бұл белгі қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы статусының үдемелі түрде өзгеруін білдіретін қылмыстық іс жүргізудің құбылмалы болуы жадайларында ерекше маңызды. Мәселен қылмыс жасады деп сезік келтірген адам дәлелдеу барысында айыпталушы ретінде жауапқа тартылуы мүмкін; сотқа берілген айыпталушы сотталушыға айналады; сотталушы айыптау үкімі шығарылған жағдайда сотталған адамға айналады. Құбылмалылық мәні: сезіктінің іс-қимыл ережесін айқындау үшін негіз болып табылады, ал соңғысы сотталушы статусының негізіне айналады. Сонымен, процестегі нақты бір адам өз статусын бастапқы негіздегі сот ісін жүргізудің белгілі бір кезеңіне тән жаңа элементтермен толықтыру жолымен өзгерте алады. Бір кезеңнен екінші кезеңге көшу кезінде қайталанатын адамның негізгі іс қимыл ережелері сол қатысушы үшін міндетті.

Төртінші белгі. Жекелеген нормаларға тән факультативтілік қасиеті.

Заңда іс жүргізу әрекетін таңдау құқығы көзделген болса сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-қимыл ережесінің міндеттілігі бұзылмайды. Мәселен, істің нақты жағдайларының белгіленуі арнаулы сипаттағы білімдердің қолданылуын қажет етуі, мұның өзі маманның қатысумен тергеу жүргізу кезінде немесе сот сараптамасын белгілеу кезінде орын алуы мүмкін. Тергеушіге мұндай жағдайларда таңдау құқығы беріледі. Бірақ таңдау емін-еркін сипатта бола алмайды, ол іс үшін елеулі басқа мәліметтер мен факторларға байланысты. Мысалы, пәтерге түсіп ұрлық жасау жағдайларын тергеуді ықтимал куәлерді қаланың екінші шетіндегі жүргіншілер арасынан емес, көрші пәтерлерде тұратын азаматтар арасынан іздестіру жолымен жүзеге асырған жөн. Анықталған куәлерден жауап ҚІЖК-де берілген ережелерге қатаң түрде сәйкес алынуға тиіс. Дәлелдеу базасының элементі болып табылатын іс жүргізу барысында жауап алуды ешқандай әңгімелесулер мен сұрап білулер алмастыра алмайды. Егер ұрлық жасалған пәтерді қарап шығу кезінде тергеуші саусақтар ізін байқаса, ол дактилокопиялық сараптама тағайындауға тиіс. Бұл жағдайда тергеуші басқа ешқандай шешім қабылдай алмайды. Сонымен бірге сот ісін жүргізуде нақты шешім қабылдау құқық қатынастарына қатысушының міндеті емес, құқығы болып табылатын жағдайлар қалыптасады. Мәселен, айыпталушы іс жүргізудің белгілі бір түрін қалайтынын мәлімдеп өтініш жасауға құқылы. Тергеуші тиімділік мақсаттарын негізге ала отырып, өтінішті қанағаттандыруға немесе қанағаттандырмауға құқылы. Бұл жағдайда шешім қабылдау факультативтік сипатта болады. Алайда бұл жерде таңдаудың емін еркіндігіне жол берілмейді: тергеушінің өтінішті қанағаттандырудан бас тартуы дәләлді болуға тиіс. Тергеушінің шешімді факультативтілік жағдайында қабылдауы тергеушінің іс жағдайын толық, жан жақты және әділ зерттеу үшін заңда көзделген шаралардың бәрін қолдануға қатысты міндетіне негізделген.

Бесінші белгі. Қылмыстық процеске қатысушылардың іс-қимыл ережелерін міндетті түрде сақтауын мәжбүрлеу және иландыру күшімен қамтамасыз ету.

Бұл белгі заң нормаларында орнықтырылған іс-қимыл ережелерінің жалпыға міндетті нұсқамалары бұзылған жағдайда заң салдарының бастсалуын білдіретін жалпы құқықтық ереже мәнінен туындайды. Қылмыстық сот ісін жүргізуде мұндай жағдайлардағы заң салдарлары қылмыстық іс жүргіз ғана емес, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық, әкімшілік мәжбүрлеу шаралары болып табылады. Мәселен қасақана жалған жауап бергені және жауапи беруден бас тартқаны үшін куә қылмыстық жазаға тартылады; сотта іс тыңдау кезінде заңда тәртіп бұзған адамаға айып салынуы мүмкін; тергеушінің шақыруы бойынша субъективті себептерге (қорқу, процестегі өз рөлін жете бағаламау және т. б. ) байланысты келмеген куә тергеушінің иландыру әдістерін қолдануы нәтижесінде болып жатқан оқиғаға өз көз қарасын өзгертуі мүмкін, неғұрлым күрделі жағдайларда адамдаы еріксіз келтірілуі ықтимал.

Алтыншы белгі. Қылмыстық іс жүргізу нормасының екі жақты құқық міндеттеу сипаты.

Бұл мынадан көрініс табады:

а) қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың әрқайсына құқықтар да, міндеттерде тең берілген; оның құқығы неғұрлым елеулі болса, міндеттері соғұрлым салмақты болады (құқық теориясында құқықтар мен міндеттердің тепе теңдігі айтылған) ;

ә) қатынасқа қатысушы бірінің құқығы басқа қатысушының міндеттеріне сәйкес келеді.

Кез келген қылмыстық іс жүргізу нормасының екі жақты құқық міндеттеу сипаты аталған екі жағдайдың үйлесуінде. Алайда бұл қағида норма құрылымының белгісі немесе құқық идеясының сырт көрінісі деп ұғынылмауға тиіс. Құрылым алуан түрлі болуы мүмкін, оның өзі ішке мәнге, нақты алғанда, бір жағынан, міндеттер алушыға, екінші жағынан-құқықтар иесіне бағытталған норманың құқық міндеттеу сипатына ықпал етпейді. Мысалы, куәнің өз адвокаты қатысып отырған кезде жауап беру құқығы тергеушіге куәні оның құқықтарымен таныстыру және куәден жауапты оның адвокаты қатысып отырған кезде алу үшін жағдайлар қамтамыз ету міндетін жүктейді. Мұнымен бірге куәнің іс жүргізу кезінде тергеушінің шақыртуы бойынша келу міндетін орындамауы тергеушіге куәні еріксіз түрінде мәжбүрлеу шарасын қолдану құқығын береді. Тергеушінің бұл құқығы сонымен бірге тергеушінің заңды талаптарын куәнің орындамауының құқықтық салдарлары туралы оны ескерту жөніндегі тергеуші міндетімен сәйкес келеді.

2. Қылмыстық іс жүргізу нормалары өз нұсқамаларының сипаты жағынан бірдей, оның өзі оларды сыныптаушылық маңызбен саралауды қажет етеді. Нормаларды сыныптау қылмыстық іс жүргізу құқығының барлық көздеріне емес, ол тек заңдарға қатысты. Бекітілген ереже тұжырымдылығының дәрежесіне байланысты қылмыстық іс жүргізу құқығының нормалары мынадай түрге бөлінеді.

1. Белгісі бір іс-әрекетке тыйым салатын нормалар. Заң ережесінің тұжырымдылығы айқын, ешқандай баламсыз және болуы мүмкін емес.

ҚІЖК-тің қылмыстық процесс принциптеріне арналған баптары, мысалы, сондай нормаларға жатады: 10-баптың 2-бөлігі (“Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілеген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ”) ; 11-баптың 2-бөлігі (“соттың үкімі бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды”) ; 12-баптың 2-бөлігі (“Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңмен көзделген соттылғы өзгертіле алмайды”) ; 14-баптың 1-бөлігі (“осы кодексте белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімді де қылмыс жасады деген сезік бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды”) ; 20-бап (“Ешкімді де нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды”) және т. б.

Тыйым салатын нормалар процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін ережелер бар. Мысалы, 90-бап (судья жәбірлушінің туысы, айыпталушының туысы болса, істі қарауға қатыса алмайды) ; (91-бап прокурор аталған іс бойынша куәгер, маман, сарапшы және т. б. ретінде қатысса, ол істі қарауға қатыса алмайды) ; 92-бап (егер тергеуші мен анықтаушы осы іс бойынша азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ретінде қатысса, олар істі тергеуге қатыса алмайды) .

Осы және өзге тыйым нормалары жеке адамның қол сұғылмастығының іс жүргізу кепілдіктерін, сот актілерінің заңдылығы мен дәлелдігін күшейтуге бағытталған.

Белгілі бір іс-қимыл тікелей белгілейтін нормалар. Бұл нормалар, әдетте міндеттеуші сипатта болады, мұның өзі бұлардың міндеттеуші нормалар аталуынан байқалады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заң күші бар Жарлығына сәйкес прокурор: заңмен берілген құқықтарын кемтарлығына, психикалық немесе өзге кемшілікткеріне байланысты өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті шараларды қолдануға (7-бап) ; анықтау және тергеу органдарының заң талаптарын сақтауын және айыпталушыны сотқа беру үшін негіздердің жеткіліктілігін өзіне айыптау қорытындысымен келіп түскен қылмыстық істі зерттеу барысында тексеру (17-бап) .

Осындай міндеуші нормалар Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы’’ Заң күші бар Жарлығында орнықтырылған. Мысалы, жарлықтың 10-бабы ішкі істер органдарын адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңға қарсы қол сұғулардан қорғауға; қоғамдық тәртіпті сақтауға; қылмыстың алдын алуға, қылмысты айқындау, ашу және тыю ісіне қатысуға; анықтау бүргізуге міндеттейді және т. т.

Міндеттеуші нормалар Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” Заң күші бар Жарлығында да бар. Мәселен, ұлттық қауіпсіздік органдары өз өкіллеттіктері шегінде:терроризмді және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігіе әлсіретуге бағытталған өзге қызметі айқындауға, алдын алуға және тыюға, заңдарда ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды айқындауға, тыюға, ашуға және тергеуге мінддетті және т. т. (12-бап) .

ҚІЖК-інде орнықтырылған міндеттеуші нормалар сот ісін жүргізу үшін ерекше маңызды. Мысалы, 82-баптың 4-бөлігі куәға анықтаушының, тергеушінің прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша барлық өзіне белгілі жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, өзіне іс бойынша белгілі мән-жйлар туралы мәліметті жарияламауға; терегеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы кезінде белгіленген тәртіпті сақтауға міндеттейді. Орындау үшін міндетті тиісті талаптарда: 83-бап-сарапшы міндеті; 84-бап-маман міндеті; 85-бап аудармашы міндеті; 86-бап-куәгер міндеті; 87-бап-сот отырысының хатшысының міндеті және т. б. көзделген.

Ұйғарушы немесе міндеттеуші нормалардың маңызы заң ережелерінде дәлме-дәл бұлжытпай орындалуы үшін іс жүргізу-құқық жағдайларының жасалуында. Олардың ерекшелігі-осы ұйғарымдар бұзылған жағдайда заң бұзылған құқықты қалпына келтірудің өктем іс жүргізу шараларын көздейді.

3. Белгілі бір жағдайлардың қалыптасуына байланысты белгілі бір іс-әрекеттер жасауды нұсқайтын нормалар. Әдетте, мұндай нормалар негіз бар болған жағдайда нақты шешім қабылдануына байланысты.

Нормалардың осы түрінің мысалы ретінде ҚІЖК баптарын алуға болады: 158-баптың 1-бөлігі (сезікті, айыпталушы, сондайақ куә мен жәбірленуші дәлелді себептерсіз шақыру бойынша келмеген жағдайда анықтаушының, тергеушінің, соттың дәлелді қаулысы бойынша алып келуге (мәжбүрлеп әкелуге) ұшыратылуы мүмкін) ; 161-баптың 1-бөлігі (үкімді азаматтық талап, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың санкциясымен анықтаушы, тергеуші немесе сот сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылыққа болатын адамдардың мүлкіне тыйым салу құқығы) ; 172-баптың 3-бөлігі (адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар, адвокат іске тағайындау бойынша, клентпен келісім жасамай қатысқан жағдайда республикалык бюджет қаражаты есебіне жатқызылуы мүмкін) және т. б.

Мұндай нормалар қылмыстық іс жүргізу құқығының басқа да көздерінде бар. Оларға тән ерекшелік-ұйғарым қаталдығы орынсыз болатын құқықтық жағдайларға бейімделушілік. Бұл нормалар өз негіздемелері өзге нормаларды қолданудың нәтижесінде пайда болатын кезде қолданылады.

Нормалардың бұл түрінің маңызы айтарлықтай зор: олар сала шеңберінде құық ережелері жүйесін әмбебап етеді.

4. Құқық қатынасына басқа қатысушының келісімі бар (келісімі жоқ) екеніне байланысты белгілі бір бағыт бағдар белгілейтін нормалар. Нормалардың қаралып отырған түрін факультативтік элементі сол нормалардың құқық жүйесіндегі маңызын төмендетпейді, сот ісін жүргізудің тиімділігін кемітпейді.

Қылмыстық іс жүргізу заңында ондай нормалар көп емес: ҚІЖК-нің 37-бап (егер айыпталушы оған қарсы болса, рақымшылық жасау актісіне немесе мерзімнің ескеруіне байланысты істің тоқтатылуына жол берілмейді) ; ҚІЖК-нің 83-бапы (сарапшы қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері кезінде қатысуға сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға құқылы) ; ҚІЖК-нің 197-бапы (прокурордың тергеу жүргізу туралы нұсқауларымен тергеуші, тергеу бөлімінің анықтау органының бастығы, анықтаушы келіспеген жағдайда олар келіспеу сепептерін баяндай отырып, жоғары тұрған прокурордың нұсқауларын орындау шағым шешілгенге дейін тоқтатылмайды) .

5. Өкілетті адамның ұйғарымы бойынша белгілі бір іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін нормалар. Бұл нормалар диспозициясының қатынастарға қатысушылардың міндеттеріне байланысты шектері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы
Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Бірінші белгі
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Дәстүрлі құқықтық жүйе
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылатын адамдардың құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз ету
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz