ҚР президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі



Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен кадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентiн сайлау Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi.
Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi.
Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды. Республика Президентi жеті жыл мерзiмге сайланады.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.
Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы жоқ. Республика Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады.
Республика Президентiнiң айырым белгiлерi. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
Республика Президентi: - келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды; - келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
бекiту грамоталарына қол қояды; - Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды; - Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы ұсыныс енгiзедi.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып. ҚР Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәртебесi
Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және
сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары
лауазымды тұлға.
Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң,
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп
жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн
қамтамасыз етедi. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан
сөйлеу құқығы берiледi. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-
қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен
кадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентiн сайлау Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты
түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне
кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент
депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының,
сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен
өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан
Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика
Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант
бередi.
Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi.
Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi
орындалады.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы
Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын
қыран" орденiн тапсырады.
Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне
сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын
белгiсi, байрағы және "Алтын Қыран" орденi оған қайталап тапсырылмайды.
Республика Президентi жеті жыл мерзiмге сайланады.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика
Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен
мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда
тоқтатылады. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi
болып сайлана алмайды.
Республика Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы
төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға хақы
жоқ. Республика Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси
партиядағы қызметiн тоқтата тұрады.
Республика Президентiнiң айырым белгiлерi. Республика Президентiнiң
айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын
белгiсi мен байрағы болады. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық
сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi
мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.
Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып
табылады. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң
негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.
Республика Президентiнiң сыртқы саясаттағы өкiлеттiгi
Республика Президентi: - келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды; - келiссөздер жүргiзуге
және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк бередi;
бекiту грамоталарына қол қояды; - Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын
халықаралық шарттардың күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды; -
Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы
ұсыныс енгiзедi.
Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық
өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады. Республика
Президентi өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және
өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын
қабылдайды.
Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi
Республика Президентi: - Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас
Қолбасшысы болып табылады, Қарулы күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен
аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне
елеулi және тiкелей қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық
органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және
Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар
алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып,
Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай
енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған
жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
- Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан
тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның
жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы
мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
- Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика
Қарулы Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық
мiндеттемелердi орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi; өзiне
бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды
жасақтайды;
Қазақстан Республикасының әскери доктринасын бекiтедi;
- Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және
мерзiмдi әскери қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм
қабылдайды;
- Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi.
Республика Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында
мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады. Республика
Конституциясының 53-бабының 4) тармақшасында көзделген ретте Президент
заңдар шығарады, ал Конституцияның 61-бабының 2 тармағында көзделген ретте
заң күшi бар жарлықтарын шығарады. Парламент пен оның Палаталарының
құзыретiне енбейтiн өзге жағдайларда Республика Президентi заңға тәуелдi
актiлер - жарлықтар және өкiмдер шығарады.
Республика Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет
бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi, тиiсiнше осы актiлердiң
заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасы
Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады.
Республика Президентiнiң жарлықтары
Республика Президентiнiң жарлықтары Республика Конституциясы мен
заңдарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң жарлықтарымен: 1) Президенттiң Республика
Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкiлеттiгi
жүзеге асырылады; 2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi
жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында
Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету
мәселелерi шешiледi; 3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ
Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне
жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады; 4) Қазақстан
Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық
мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық
акт күшi болады.
Республика Президентiнiң өкiмдерi
Республика Президентiнiң өкiмдерi Конституцияның, заңдардың және
Президент жарлықтарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң өкiмдерiмен:
әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге
асырылады;
Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ
лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Республика Президентi актiлерiнiң жобаларын дайындауды мыналар жүзеге
асырады:
Президент әкiмшiлiгi Басшысының басшылығымен - Президент әкiмшiлiгiнiң
құрылымдық бөлiмшелерi; Республика Үкiметi; Республика Жоғарғы Соты, Бас
Прокуроры;
Үкiмет құрамына кiрмейтiн Республиканың орталық атқарушы органдары;
Республика Президентi белгiлейтiн өзге де мемлекеттiк органдар мен
лауазымды тұлғалар.
Республика Президентiнiң қарауына енгiзiлетiн актiлердiң жобалары:
қазақ және орыс тiлдерiнде дайындалып, Президенттiң қарауына енгiзiледi;
заң техникасы мен iс жүргiзу талаптарына сай келуге тиiс. Президент
шығарған актiлердi нөмiрлеу Республика Президентiнiң өкiлеттiк мерзiмiне
жүргiзiледi. Президент актiлерiнiң түпнұсқалары мен оған қосымша
материалдар Президент әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнде
сақталады және заңда белгiленген мерзiм аяқталған соң Республика
Президентiнiң Архивiне жiберiледi.
Президент актiлерiнiң жобаларын дайындаудың заңмен белгiленген
тәртiбiнiң сақталуын және оларды Мемлекет Басшысының қарауына ұсынылуын
бақылауды Президент әкiмшiлiгiнiң Басшысы жүзеге асырады.
3. Республика Президентiн қызметiнен мерзiмiнен бұрын босату, кетiру.
Президент науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға
қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда Конституцияда белгiленген тәртiппен
Парламенттiң шешiмi арқылы қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
Президент өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған iс-әрекетi үшiн тек
қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда, яғни соғыс не қарулы қақтығыс
кезiнде жау жағына шығып кету, шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық
әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу арқылы көрiнген Қазақстан
Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiру
немесе әлсiрету мақсатында әдейi жасаған жағдайда, жауап бередi және бұл
үшiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент оны қызметiнен кетiруi
мүмкiн.
Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе ол Парламенттiң
өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезеңде
қозғалмайды.
ҚР Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе
кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң
өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына ауысады; Сенат
Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда
ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына ауысады; Мәжiлiс Төрағасының өзiне
Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Республиканың
Премьер-Министрiне ауысады. ¤зiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн
қабылдаған адам тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе
Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн доғарады.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету.
Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету, оларға
қызмет көрсету және күзету республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Республика Президентiнiң жалақысы заңдарда белгiленген тәртiппен
анықталады. Республика Президентiне жыл сайын қырық бес күнтiзбелiк күн
мерзiмiне ақылы еңбек демалысы берiледi.
Республика Президентi қызметiнде болған кезеңге осы қызметке сайланған
тұлға Республика аумағында резиденциялармен, Республика астанасында қызмет
пәтерiмен және мемлекеттiк саяжаймен қамтамасыз етiледi.
Республика Президентi арнайы мақсаттағы автокөлiкпен, арнайы
жабдықталған ұшақтармен және тiкұшақтармен, сондай-ақ арнайы жабдықталған
көлiк құралдарының өзге де түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй және көлiк
қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы,
сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет
қызметi және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қамтамасыз етедi. Республика
Президентi мен оның отбасы мүшелерiне медициналық, санаторий-курорттық
қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы
қамтамасыз етедi. Арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз етудi Республика
Президентiнiң Күзет қызметi жүзеге асырады. Республика Президентi
қызметiнiң бүкiл кезеңiне Республика Президентiнiң жеке кiтапханасы мен
жеке мұрағаты құрылады және қалыптастырылады. Республика Президентiн күзету
Республика Президентiнiң Күзет қызметiне жүктеледi. Республика
Президентiнiң зайыбы (жұбайы) және Президентпен бiрге тұратын басқа да
отбасы мүшелерi күзетiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы Ереже

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігінің мәртебесін, өкілеттігін және
жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі − Әкімшілік)
Республика Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін
мемлекеттік орган болып табылады.

2. Әкімшілік пен оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін,
осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа
алады.

3. Әкімшілік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға
болып табылады, заңнамаға сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған
мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде
шоттары, соның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Әкімшіліктің құрылымы мен штат санын Республика Президенті айқындайды.
5. Әкімшіліктің толық атауы: Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігі мемлекеттік мекемесі.
6. Әкімшіліктің заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Алматы ауданы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Ақорда ғимараты.
7. Әкімшіліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге
асырылады.
2. Әкімшіліктің негізгі міндеттері мен функциялары
8. Әкімшіліктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік
Кеңесінің және Мемлекет басшысының жанындағы өзге де консультативтік-
кеңесші органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесінің
қызметін қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрлаулылық және әлеуметтік-экономикалық
салалардағы саясатты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
3) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау, соның ішінде
Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындауға бақылау жасау,
мемлекеттік органдардың алдағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар
тұжырымдау;
4) Мемлекет басшысы белгілейтін өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып
табылады.
9. Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат саласындағы
өкілеттіктерін қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды
орындайды:
1) мемлекеттің ішкі саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды
және оларды Мемлекет басшысына енгізеді;
2) елдегі ахуал және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттағы
негізгі бағыттары туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдауының жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;
3) Мемлекет басшысының халық пен мемлекеттік биліктің бірлігін,
Конституцияның мызғымастығын, адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын іске асыруға қатысады;
4) қоғамдық келісім мен саяси тұрлаулылықтың, Қазақстан халқының игілігі
үшін экономикалық дамудың, қазақстандық отансүйгіштіктің және мемлекет
өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешудің
конституциялық принциптерін жүзеге асыруға қатысады;
5) елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуына болжам
жасайды;
6) елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру,
әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың тетіктері мен
тактикасын жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін тұжырымдауға қатысады;
7) Республика Президентінің қарауына:
прогресс пен рухани түлеу негізінде қоғамды топтастыру, қазақстандық
қоғамның демократиялық менталитетін орнықтыру, Қазақстанда адам мен
мемлекеттің мүдделеріне жауап беретін саяси жүйе құру;
мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары − саяси
партиялардың, өзге де қоғамдық және діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат
құралдарының өзара іс-қимылы тетіктерін жетілдіру;
елдегі, соның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар
мәселелеріндегі ішкі саяси тұрлаулылықты қамтамасыз ету;
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін қамтамасыз
ету;
билік органдарының Қазақстан халқының алдындағы Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарында белгіленген жауапкершілігін қамтамасыз ету
жөнінде ұсыныстар енгізеді.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясаттағы өкілеттіктерін
жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды
орындайды:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын
айқындау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді, мемлекеттің жалпы сыртқы
саяси стратегиясын әзірлеуге қатысады;
2) әлемдік даму процестеріне, сондай-ақ халықаралық ахуалдың өзекті
проблемаларына мониторинг, талдау мен болжам жасауды жүзеге асырады және
Қазақстан Республикасының Президентіне оның сыртқы саяси өкілеттіктерін
іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы экономикалық, оның ішінде
халықаралық қаржы ұйымдарымен және даму институттарымен ынтымақтастық,
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке кірігуі жөніндегі
стратегиясын қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлейді;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы саяси және халықаралық
қатынастар мәселелері жөніндегі қызметін хаттамалық-ұйымдық және ақпараттық-
сараптамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің шет елдердің мемлекеттік
органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен, шетел саяси және қоғам
қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын
қамтамасыз етеді;
6) халықаралық-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарын жасасу және олардың қолданысын тоқтату мәселелері жөніндегі
шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі
мен қауіпсіздігін, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы
өкілеттіктерін жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай
функцияларды атқарады:
1) мынадай:
мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігін, заңдылық пен құқық
тәртібін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар
тұжырымдайды;
2) Президенттің Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскери қызметке
шақыру және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы
шешім қабылдауы үшін материалдар дайындайды;
3) Қарулы Күштердің, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың
ұлттық қауіпсіздікті, құқық тәртібін, заңдылық пен қылмысқа қарсы күресті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің Парламентке қатысты өкілеттіктерін
жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функциялар атқарады:
1) Республика Президентінің заң шығарушылық бастамашылығы құқығын іске
асыру мақсатында заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады,
оларға сараптама жүргізеді және әзірлейді;
2) Республика Президентіне:
Парламенттің заңдар жобаларын қарауының басымдылығын айқындау жөнінде;
заңның жобасын қарауды шұғыл деп жариялау туралы Парламентке ұсыныс енгізуі
жөнінде;
Парламенттің заңнамалық құзіретіне кірмейтін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленген Үкіметтің және басқа да мемлекеттік
органдардың құзіретіне жатпайтын мәселелерді оның жарлықтарымен құқықтық
реттеу туралы;
Үкіметке Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу туралы тапсырма беру
туралы;
Республика Президентінің заң шығарушылық қызметінің және тұтас алғанда
елдегі заң шығарушылық процестің тетігін жетілдіру жөнінде;
Парламент сессиялары арасындағы кезеңде Парламенттің кезектен тыс сессиясын
шақыру туралы;
Президенттің Парламенттің, партиялық фракциялар мен депутаттық топтардың
басшыларымен, Парламенттің жекелеген депутаттарымен кездесуін өткізу
жөнінде;
Мемлекет басшысының айрықша маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарында
төрағалық етуі туралы ұсыныстар енгізеді;
3) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының ерекшеліктері оларды қабылдау тәртібі және мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі
Атқарушы биліктің орталық органдары
Президент мемлекет басшысы ретінде қалыптасқан институтын қарастыра отырып, оның негізгі қызметі мен конституциялық құқықтық мәртебесін ашу
Конституциялық құқықтың жүйесі
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы туралы
Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
Пәндер