Қытай халқы мәдениеті



1 Қытай мәдениеті
2 Конфуцийдің ілімі
3 Конфуцийдің негізгі еңбектері «Көктем мен күз», «Кеңес пен толғам»
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның қүдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірлік көңіл-күйді қытайлықтар былайша білдіреді: "Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен баяндап тұрмын". Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, ал дарындылық - табиғаттағы шығармашылық процестердің занды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырьш философиялық-діни үштікті (сан цзяо) құрады.
Қытай мәденитетінің екінші бір қайнар бұлағы- Конфуций ілімі. Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындыктарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс жолға қараудың басты жолы-ата-бабалар дәстүрлері мен зандарына, көне-заман тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асырылу жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары талаптар қоя білуі және кабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз орындай білу шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Бұл-қағида - оның этикалық - әлеуметтік бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қытай мәдениеті
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке
шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық
қасиеттері де Аспанға, оның қүдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірлік
көңіл-күйді қытайлықтар былайша білдіреді: "Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен
баяндап тұрмын". Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы
қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын
береді, ал дарындылық - табиғаттағы шығармашылық процестердің занды
нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі
негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла
қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар
даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық
тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны қытай мәдениетінің рухани өзегіне
айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның
нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырьш
философиялық-діни үштікті (сан цзяо) құрады.
Қытай мәденитетінің екінші бір қайнар бұлағы- Конфуций ілімі. Оның
негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж.
шамасында өмірге келген. Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы
уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы
көрген. Өмір жолында талай қиындыктарды басынан кешірген Конфуцийдің
бойында өзі өмір сүрген ортаға көңілі толмаушылық сезімі белең алды. Ол
елдегі бей-берекетсіздіктен құтылу және халықтың тұрмыс-тіршілігін дұрыс
жолға қараудың басты жолы-ата-бабалар дәстүрлері мен зандарына, көне-заман
тәртібіне оралу деп санады. Конфуцийдің ойынша, бұл мақсатты жүзеге асырылу
жолындағы шараларды әрбір адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзіне жоғары
талаптар қоя білуі және кабылданған ережелер мен канондарды мүлтіксіз
орындай білу шарт, міне, сонда ғана қоғамда келелі өзгерістерді жүзеге
асыруға мүмкіндік туады. Бұл-қағида - оның этикалық - әлеуметтік
бағдарламасының негізі болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына
ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ
оның айтқан ой-тұжырымдарын шәкірттері жазба түрінде "Суждения и беседы"
деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кітаптағы, әрбір қағида, ой - толғаулары
"Ұстаз былай деген екен" деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы
даланың ілімінен толық мағлұмат беретін жалғаз жазбаша дерек болып
табылады. Өзі өмір сүрген ортаны өткір сынға алып, болашақхан үлкен үміт
күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып "Жетілген адамның"
(цзюнь-цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершілік касиеттері
"мол жетілген адамның" бойында, негізінен екі қасиет болуы қажет, олар
адамгершілік пен парыз сезімі. Ол былай дейді "Мемлекетті басқаратын адам-
халқын шын ықыласымен сүюмен қатар парсатты және шыншыл болуы шарт". Нағыз
цзюнь - цзы болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол үшін
тағы да басты қасиет-парыз сезімі керек. Парыз-бұл моральдық міндет болып
саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғары ттринципке, жалпы
алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді.
Осы орайда Конфуций "Қайырымды ердің" бейнесін жасап оны "қасиетсіз
ерлерге" (сяо жень) қарама-қарсы қойды. "Қайырымды ер" өз парыздарын терең
түсіне білді, қоғамдық зандарды бұлжытпай орындайды, ал "қасиетсіз ер"
болса тек өз қара басының құлы ғана, бас пайдасын ойлаудан аспайды.
Алғашқысы өз-өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан талап етуді
ғана біледі. Алғашқысына жауапты істерді сеніп тапсыруға болады, адамдармен
татулық қарым-қатынастардан болады, кайғы мен қуанышқа ортактаса біледі,
қажет болған жағдайларда өз өмірін қияды және қандай құрбандықтарға болса
да бара алады, ал екіншісі болса бұл айтылған қасиеттерден мүлде жұрдай
қасиетсіз адам. "Қайырымды ер" үш нәрседен қорқады, олар: киелі Аспан, ұлы
адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал "қасиетсіз ер" көктен де
сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың сөзін ескерусіз
қалдырады.
Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның ілімі қытай қоғамында
ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-тіршілігін де берік
орныға түсті. Б.з.б III ғасырда оның ілімі Хань династиясынының тұрақты
идеологиясына айналды. Тіпті, жоғары мемлекеттік қызметке қабылданатын
адамдарға Ұлы Ұстаздың ілімін терең игеру талаптары қатаң қойыла бастады.
Бірақ, заман ағымындағы орын алған түбегейлі терең өзгерістерге байланысты
Конфуций ілімі айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Оның тұрақты идеялогияға
айналуына байланысты бұл ілімнің рухына нұқсан келді. Дәлірек айтқанда,
өткенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау сияқты адамгершілік ізгі
қасиеттер жасандылық сипат алып, жалғандыққа, қанағатсыздыққа,
пайдакүнемдікке жол берілді. Кейіннен, яғни орта ғасырлық Қытайда біртіндеп
әрбір адамның қоғамдағы алатын орнына байланысты тұрақты ережелер мен
стеротиптердің белгілі бір жүйесі қалыптаса бастады. Бұл занды қағидалар
қытай салтанаттарында айқын аңғарылды. Әмірдің әрбір жағдайына байланысты
барлық адамдар үшін міндетті орындауға тиісті тәртіп ережелері қалыптасты.
Конфуцийлік ережелер бойынша адам қандай жағдайда болса да өзін тежеп ұстау
керек, ішкі жан-сезімдерін ақылға билеттіруі қажет. Демек, адамның еркі
қалыптаскан ережелерге тәуелді болды, өз дегенін жүзеге асыра алмады.
Конфуцийдің ілімі бойынша, әрбір адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білу
қажет. Адамдар өз құқын, өзіне тиімді орнын, қандай жағдайда не істеу
қажеттігін толық білгеңде ғана қоғамда тәртіп орнап, тыныштық жағдай
қалыптасады. Мұндай қоғамдық - әлуеуметгік тәртіпті Конфуций және оның
жолын қуушылар мәңгілік, әрі мүлде өзгермейді деп есептеді. Сөйтіп, қытай
қоғамы жоғарыдағылар және төмендегілер болып екіге бөлінді, алғашқылары
мемлекетті баскару істерімен шұғылданса, соңғылары қарапайым еңбекпен
шұғылданып, бағыныштылық жағдайда болулары тиіс болды. Қоғамды
жоғарыдағылар және төмендегілер деп жікке бөлудегі басты өлшем тек қана
байлық қана емес, сонымен қатар қытай азаматтарының цзюнь-цзы идеалдарына
жақындығы және оған жан-тәнімен берілгендігі болып саналады. Формальды
түрде бұл жағдай кез-келген қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол
ашқанымен, шын мәнісінде, мүлде олай емес еді, өйткені шенеуніктер тобы
қарапайым халықтан алынбас қамалмен бөлінген болатын. Ол-қамал сауаттылық,
яғни ироглифтер қамалы болатын. Қытай елінің бүкіл тарихында адамның
қоғамда алатын орны мен оның әлеуметтік жағдайы сауаттылықпен өлшеніп
келгендігін еске алсақ және қарапайым халықтың бұл межеге шығы
бермейтіндігін ескерсек, қалыптасқан жағдайдың сырын түсінуге толық
мүмкіндік аламыз.
Конфуций ел басқарудың басты мақсаты-халықтың мүддесі деп жариялады.
Оның әрбір қағидасын ескере отырып, ұлы уағызгердің басты элементгерін атап
көрсетті, олар: біріншісі- халық, екіншісі-құдай, үшіншісі - әмір - патша.
Бірақ, халықты бірінші орынға қоя отырып конфуцийшілдер "қарапайым халықтың
мүдделері өздеріне де түсініксіз сондықтан да білімді ел билеушілердің
көмегінсіз мүлде өмір сүре алмайды" деп санады. Конфуцийдің әлеуметтік
тәртібінің басты қағидаларының бірі-үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар
үлкен бедел иелері, олай болса, олардың айтқаңдарын мүлтіксіз орындап,
еркіне бағыну - мемлекет ішіндегі мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер
болып есептеледі. Бұл жағдай жанұялық өмірге де қатысты болды. Конфуцийдің
"Мемлекет дегеніміз- үлкен жанұя, ал жанұя кіші мемлекет" деген қағидасы
Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты
нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлыктардың ата-анасын және үлкендердің
сыйлап-күрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады. Жанұялық-
мемлекеттік бағыныштылық принциптерінің өміршендігі 1989 жылы Таньаньмэнь
алаңыңдағы (Пекинде) студенттер қозғалысының жеңілісінен айқын аңғаруға
болады. Ғасырлар бойы үлкендер мен ата-анасын сыйлауды дәріптеген қытай
қоғам саяси билікте мемлекеттік даналықты бойына жинақтаған ел басшысына
қарсылықты батыл айыптады.
"Ата-бабаларға" табыну – ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан
белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана
өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір
қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне. Тәртіп нормасына
айналдырды.Осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген "Сяо" яғни, "балалар
құрметі" ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша "сяо" адамгершіліктің
негізі болып саналады. "Сяо" ережелері-ата-анаға құрмет көрсетуді, оларды
ли дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне
құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. "Сяо" і әртіптері бойынша
қандай жағдай болса да, тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-
шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.
Уақыт өткен сайын "сяоның" ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік
қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне
бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін, баланың ата-анаға қарым-
қатынасын көрсететін бірнеше мысалдар келтірейік. Бірінші мысал, сегіз
жасар бала маса өзін кднша шақса да, әке-шешесін мазаламаймын деген оймен
азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші мысал, аштықжылында әбден
әлсіреген өкесінің өмірін сақгап қалу үшін "үлгілі бала" өз етінен ет
кесіп, өкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал әңгімелерден қытайлыктардың
өз балаларын жас кезінен бастап-ақ, өке-шеше үшін кандай құрбандықка болса
да дайын болуға тәрбиеленген. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-
бабалардың катал да, талапшыл "қазылардың" алдында үдайы есеп берумен өтті
ме екен деген ойға да қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс
әрекеттерін бақылайды деп түсінген.
Конфуцийдің "ата-бабаларды" құрметтеу және "сяо" ережелері
қытайлықтарды жанұяны ыдыратпай, тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Жанұя
қоғамның негізгі тірегі деп саналды, жанұялық мүдделер жеке адамдардың
мүддесінен жоғары қойылды. Олар махаббатты жәй ғана сезімдік құбылыс деп
санап, оны жанұя мүддесінен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында
махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай жанұяның тату-тәтті өмір
сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың қоғам алдындағы
әлеуметтік - жанұялық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір кедергі жасамауы
керек. Ұрпақты жалғастыру мәселесіне дәл осындай мемлекетгік дәрежеде мөн
берілуінің аркасында Қытайда жанүялардың саны есіп, ал өз кезегінде, бұл
жағдай халық санының күрт өсуіне себепкер болған. Бір атап өтетін жөйт,
Қытайда үлкен жанұялар өте көп болған. Олардың құрамында ағайындылардың
жанұяларымен қатар, ағайынды адамдардың туған-туысқандары, немерелері де
болған. Мұндай жанұялардың іргесі, әдетте, әкесі қайтыс болған жағдайда
ғана бөлінетін. Әкесі қазаға ұшыраса үлкен ұлы жанұяның бүкіл билігін
колына алған, өкеден қалған мұраның үлкен үлесі де үлкен баланың еншісіне
тиген, ал қалған дүние-мүліктер басқа жанұялар арасында тепе-тең бөлінген.
Өз кезегінде, жаңадан бөлініп шыққан жанұялар көп уақытқа дейін үлкен
ағасына тәуелді больш, оның айтқандарын мүлтіксіз орындап отыруға тиісті
болған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндардың арғы атасы
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Түркілердің шығу тегі
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қытайдағы қазақтар
Қытай халқының демографиялық мәселелерін анықтап, қазіргі экономикаға әсерін айқындау
III – X ғасырлардағы Қытай
Қытай мәдениеті
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Үйсін, қаңлы мемлекеттері
Пәндер