Қосылған құн салығы туралы мағлұмат


Қосылған құн салығы.
- Қосылған құн салығын төлеушілер және салық салу объектілері.
- Қосылған құн салығынан босатылған айналым және импорт.
- Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі.
- Қосылған құнға салынатын салықты 1954 жылы Францияда М. Лоре енгізіп, айналымға салынатын салықты алмастыруға қабілетті салық ретінде бейнеледі. Бұл салық Франция жерінде 1968 жылы толығымен енгізіліп болды. Кейін келе Европалық Одаққа мүше болғысы келетін мемлекетке қойылатын алғышарттардың бірі болып саналады.
Көптеген елдерде қосылған құнға салынатын салықтан экспорттық операциялар, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, кітап, газет-журнал өнімдері, пошта, сақтандыру, жолаушы тасымалдау қызметтері босатылады.
Тұтынуға салынатын салықтардың ішіндегі ең күрделісі - 1992 жылы енгізілген қосылған құн салығы. Қазіргі кезде қосылған құн салығы ҚР-ның бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қорынан саналады.
Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шыққан шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып алушыға аударады.
Бұл салықтың ерекшелігі мынада - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім-сома емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.
Қосылған құн салығы дегеніміз - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай - ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
ҚР - да қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:
- Жеке кәсіпкерлер
- Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар.
- Қызметін ҚР - да филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.
- Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері.
- ҚР кеден заңдарына сәйкес, тауарларды ҚР аумағына импорттайтын тұлғалар.
Қосылған құн салығының негізгі салық салу объектілері:
- Салық салынатын айналым;
- Салық салынатын импорт.
Салық салынатын айналымға: 1) тауарларды өткізу бойынша айналым және жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез - келген жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез - келген қызметті жатқызамыз.
ҚР кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, ҚР аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
- Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар.
Мынадай тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер:
- Почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;
- Акциздік маркаларды;
- Уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызмет көрсетулерді:
- ҚР - заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшін сатып алынған мүлікті;
- Жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;
- Лотореяларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотореялық билеттерді;
- Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
- Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, осындай өндірістік ұйымдардың қызметкерлері жалпы санының кемінде 51% мүгедектер құраса;
- Нотариаттық іс - әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді және т. б. өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Мынадай тауарлар:
- Ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени - тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа) сондай - ақ бағалы қағаздар;
- ҚР кеден заңдарына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
- Акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелетін тауарлар;
- Акцизделетін тауарларды қоспағанда, ҚР үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелетін тауарлар және т. б. тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
- Шот - фактура барлық қосылған құн салығын төлеушілер үшін міндетті болып табылады. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші - аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушы тұлғалар, қосылған құн салығы көрсетілген шот - фактураны беруге міндетті.
Қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот - фактурада:
- Шот - фактураның реттік номері мен толтырылған күні;
- Тауарларды беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы, мекен - жайы және тіркеу номері, сондай - ақ өнім берушінің қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы есептік куәлігінің номері;
- Өткізілетін тауарлардың атауы;
- Салық салынатын айналымның мөлшері;
- Қосылған құн салығының ставкасы;
- Қосылған құн салығының сомасы;
- Қосылған құн салығы ескерілген тауарлар құны көрсетіледі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz