Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……… . . . . . . ………4
1 Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы.
1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы…… . . . 6
1. 2 Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның қылмыс құрамдарын анықтаудағы ролі . . . 12
2 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы.
2. 1 Қылмыстық объективтік жағының түсінігі және маңызы…… . . . …. 20
2. 2 Объективтік жақтың қылмыс құрамы мәселесіндегі маңызы… . . . …23
3 Объективтік жақ белгілерінің түсінігі және қылмысты квалификация ережелері.
3. 1 Қылмысты іс-әрекет және квалификация мәселелері…… . . . …… . . . 27
3. 2 Қылмысты зардаптың түрі және көлемі бойынша квалификациялау. . 38
3. 3 Себепті байланыс және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы . . . . . . …47
3. 4 Қылмыстың объективтік жағының қосымша белгілері және қылмысты квалификациялаудағы маңызы… . . . . . . …54
Қорытынды……. . . …. . 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …. 62
КІРІСПЕ
Қылмыстық құқық «қылмыс» деген және оның түрлерінің түсінігін зерттеуді өзіне мақсат ретінде таный отырып, осы ұғымдардың мағынасын толық және қылмыстың қоғамға қауіптілігін ашу үшін қылмыс құрамы деген ұғымды қолданады. Қылмыс құрамы өзінің атауынан көрініп тұрғандай, онда белгілі бір белгілердің, элементтердің немесе құрамдас бөліктердің бар екендігін білдіреді. Шынында да қылмыс құрамының элементтері деген ұғымдарды қылмыстық құқық келтіре отырып олардың қатарына қылмыстың обьектісі, обьективтік жағы, субьективтік жағы және қылмыстың субьектісін жатқызады. Қылмыстың құрамын сипаттайтын бұл элементтердің қылмыстық құқыта атқаратын ролі, ол кісі өлтіру, ұрлық, тонау сияқты қылмысты болып табылатын әрекеттердің қылмыстылығын және олардың қоғамға қауіптілігін анықтау үшін қолданылатын құралдар ретінде десек те болады. Яғни қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі қылмыстардың мағынасын анықтау және қылмыстың орын алғанын дәл анықтау үшін біз қылмыс құрамының элементтері деген ұғымдарды қолдануымыз керек.
Қылмыстың обьектісі ретінде қылмыстық заң нормаларымен қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, құқықтардың, заңды мүдделер мен құндылықтардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда адамзаттың немесе қоғамның өмір сүруі үшін белгілі бір елеулі құндылығы бар, қажетті болып табылатын мүдделер мен қоғамдық қатынастар сақталуы керек және олар дамуы қажет. Мұндай құндылықтарға қарсы әрекет жасау сондықтан құқық бұзушылық немесе қылмыс ретінде бағаланады.
Қылмыстың субьективтік жағының басты мағынасы, ол қылмысты іс-әрекет жасаған адамның өз әрекеттеріне және оның нәтижесіне деген түрлі ішкі сезімдері немесе психикалық қатынастарынан құралады. Сондықтан қылмыстық құқыта субьективтік жақ қылмыс құрамының ішкі жағын сипаттайтын белгілердің жүйесі ретінде анықталған. Субьективтік жақтың басты белгісі кінә болып табылады және кінә дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамдардың қасақаналық немесе абайсыздық нысандарындағы өз әрекеттеріне немесе оның нәтижесіне деген психикалық қатынастары болып саналады. Субьективтік жақ кінәден басқа, осы элементті қосымша сипаттайтын белгі- ниет және мақсаттан құралады.
Қылмыстың субьектісі ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған қылмыстық жауаптылық жастары болып табылатын 14 және 16 жастарға толған және есі дұрыс адамдар алынады. Қылмыстық құқықтық ереже бойынша қылмыс субьектісі тек жеке адамдар болып табыладыи және заңды ұйымдар қылмыс субьектісі болып табылмайды.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің аса маңызды тақырыптарының бірі, қылмыстың обьективтік жағы болып табылады, себебі құрамның бұл элементінде қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайтын белгілер, яғни кінәләнің қоғамға қауіпті әрекеттері мен әрекетсіздіктері, осы іс-әрекеттің салдары ретінде туындайтын елеулі зардап, сонымен қатар іс-әрекетпен зардаптың арасындағы себепті байланыс обьективтік жақтың міндетті белгілері ретінде қарастырылады. Соған орай бұл тақырыптың қылмыстық құқықта қалыптасуының немесе пайда болуының негізінде философия, әлеуметтану ілімдерінің шешімдері мен категориялары жатыр. Себебі адамның белгілі бір әрекет жасаған әректтерінің және одан туындаған нәтиженің себептілігі және әлеуметтік тұрғыдан алғандағы бағасы, мағынасы осы ғылымдарда да зерттеледі.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамы ретінде қылмысты әрекеттерді сипаттайтын обьективтік және субьективтік белгілердің жиынтығы алынады. Қылмыс құрамының мәнін, құрылысын ашудағы обьективтік белгілер қылмыстың обьектісіне және обьективтік жағына қатысты белгілерден, олардың қылмыс құрамы бар, жоқтығын анықтаудағы ролінен тұрады. Обьективтік жақ қылмыстың субьективтік жағымен қатар тұрған ұғым тәрізді қолданылғанмен, шын мәнінде ол құрамның сыртқы көрінісін сипаттайтын обьективтік белгілердің моделі сиқты дәрежеде көрінеді десе болады. Сонымен бұл бітіру жұмысы қылмыс құрамының бір элементі ретінде бағаланатын қылмыстың обьективтік жағының қылмыстық құқықтық мәселеріне және бұл элементке жататын белгілердің қылмысты саралаудағы роліне арналады. қылмыскер белгілі бір қоғамға қауіпті қылмысты деп танылған әрекетті немесе әрекетсіздікті жасағанда, сонымен қатар қауіпті зардаптарды келтіргенде немесе қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдайы тәрізді белгілер бойынша әрекеттер жасағанда олардың қоғамға қауіптілігі көрінеді және оны жасаған адамда алдымен осы белгілерге қатысты шешім болады. .
1 Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы.
... жалғасы1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы
Қылмыс - жай әлеуметтік құбылыстың бір түрі ретінде ғана емес, ол сонымен бірге қылмысты сипаттай алатын және оның қауіптілігін көрсете алатын әлеуметтік саяси тұрғыдан қауіпті белгілермен элементтердің жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болуы керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Әрине, әр қылмыс құрамының элементтерін сипаттайтын белгілер өзгелеріне ұқсамайтын тек осы құрамға ғана тән сипатта болады деп түсінуге болмайды. Қоғамдық құбылыстардың, процестердің кейде бір-біріне кейбір белгілері ұқсас болып келетіндігі тәрізді қылмыс құрамдары да кейбір құрам элементтерінің белгілері бойынша бір-бірімен жақын, ұқсас болып келеді. Қылмыстық заңның ерекше бөліміндегі қылмыстардың көпшілігі обьектісі, субъективтік жағы және субъектісі бойынша бірін-бірі қайталайтындай дәрежеде. Мұның себебі қылмыстық құқықтық ережелерге байланысты. Мысалы қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықты әдетте 16 жастан белгілейді және тек есі дұрыс адамдарға кінә артып, жауаптылық жүргізеді. Немесе қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінің тараулары қылмыс объектілері бойынша топтастырылған, сондай-ақ қылмыстық субъективтік жағы бойынша қылмыстық құқықта қасақаналық және абайсыздықтағы кінә нысандары белгіленген. Міне осындай ережелер қылмыс құрамдары белгілерінің көпшілік жағдайдағы ұқсастықты білдіруінің басты себебі болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстық объективтік жағының белгілері бойынша да бірін-бірі қайталайтын құрамдар кездеседі. Мысалы, қорлау (130-бап), Өкімет өкілін қорлау (320-бап), Сотты құрметтемеу (342-бап), Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап) . Осындай ұқсастықтардың кездесуіне қарай сот - тергеу практикасында қылмысты квалификациялауға байланысты қиындықтар туындайды. Қылмысты квалификациялауды дұрыс жүргізудің осындай ұқсас қылмыс құралдарының өзара атқарылатын құрам элементтерін анық білуі қажет.
Қылмыс құрамы деген ұғым “құрам” деген сөздің қолданылуының әріпінен-ақ, оның белгілі-бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді. Демек бұл “қылмыс құрамы” деген атауда бірнеше құрамдас бөліктердің өмір сүретінін, ал қылмыстық жауаптылықты белгілеу немесе жасалған қылмыс уақиғасы бойынша айыпты деп тану үшін сол қылмыс оқиғасының белгілі болуы ғана емес, адамның негізді жауаптылығын ашып бере алатын белгілердің анықталуы қажет екенін білдіреді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстық объектісі, қылмыстық объективтік жағы, қылмыстық субъективтік жағы және қылмыстық субъектісі аталады. Бұлардың әр қайсысының қылмыс уақиғасын зерттеуде, ол бойынша кінәлі адамның жауаптылығын белгілеуде өз ролі бар.
Қылмыстық объектісі ретінде қылмыстық заң бойынша қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде “қоғамдық қатынастар” деген ұғым алынып, ал қалған “заңды мүдделер, құқықтар мен құндылықтар” деген ұғымдар “қоғамдық қатынастар” деген ұғымға жатқызылады.
Қылмыстық объективтік жағы ретінде қылмыстық сыртқы бейнесін сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда қылмыстық факт немесе уақиға ретінде балаларға болатын белгілер тобына сипаттама беріледі. Объективтік жақты қылмыстың жасалу уақиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді ұсыну, ол объективтік жақтың “қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайды” деген ұғымға байланысты. Яғни бұл құрам элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге көрсете алатын сыртқы белгілер қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл, жағдай тәрізді т. б. белгілер түгелденеді немесе осы бағыттағы материалдарды квалификация жүргізуші субъект іздестіреді.
Қылмыс құрамы деген ұғым “құрам” деген сөздің қолданылуының әріпінен-ақ, оның белгілі-бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді. Демек бұл “қылмыс құрамы” деген атауда бірнеше құрамдас бөліктердің өмір сүретінін, ал қылмыстық жауаптылықты белгілеу немесе жасалған қылмыс уақиғасы бойынша айыпты деп тану үшін сол қылмыс оқиғасының белгілі болуы ғана емес, адамның негізді жауаптылығын ашып бере алатын белгілердің анықталуы қажет екенін білдіреді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстық объектісі, қылмыстық объективтік жағы, қылмыстық субъективтік жағы және қылмыстық субъектісі аталады. Бұлардың әр қайсысының қылмыс уақиғасын зерттеуде, ол бойынша кінәлі адамның жауаптылығын белгілеуде өз ролі бар.
Қылмыстық объектісі ретінде қылмыстық заң бойынша қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде “қоғамдық қатынастар” деген ұғым алынып, ал қалған “заңды мүдделер, құқықтар мен құндылықтар” деген ұғымдар “қоғамдық қатынастар” деген ұғымға жатқызылады.
Қылмыстық объективтік жағы ретінде қылмыстық сыртқы бейнесін сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда қылмыстық факт немесе уақиға ретінде балаларға болатын белгілер тобына сипаттама беріледі. Объективтік жақты қылмыстың жасалу уақиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді ұсыну, ол объективтік жақтың “қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайды” деген ұғымға байланысты. Яғни бұл құрам элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге көрсете алатын сыртқы белгілер қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл, жағдай тәрізді т. б. белгілер түгелденеді немесе осы бағыттағы материалдарды квалификация жүргізуші субъект іздестіреді.
Қылмыстық субъективтік жағы ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін ішкі жағы белгілері алынады. Демек бұл құрам іс-әрекетіне, зардапқа, қылмыс тәсіліне, жағдайына деген психикалық қатынасы сонымен бірге қылмыстың жасалуына түрткі болған ішкі сезімдер ашылады. Яғни қылмыскер адамның қылмыстың объектісі мен объективтік жағының белгілеріне деген ми жұмысының шешімдері анықталуға жатады.
Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс, кінәлі адам алынады. Қылмыстың құрамын негізінен субъективтік және объективтік бағыттардағы белгілерден құралатынын ескеріп, оның ұғымын осы екі бағыттағы белгілердің жиынтығы түрінде алу қисынды және өзге әдебиеттерде де осындай сипатта беріледі. Сонымен, қылмыс құрамы дегеніміз, қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс ретінде сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы болып табылады. [1-243-244б]
Қылмыс құрамының элементтері өзара бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мысалы қылмыстың объективтік жағы мен субъективтік жағының ұғымы және оларды құрайтын белгілер бірін-бірі дәлелдеуші, анықтаушы роль атқара алады. Яғни қылмыстың объективтік жағы сыртқы бейнесін сипаттаса, ал субъективтік жақ ішкі бейнесін негіздейді. Бұл ұғымдар қылмыстық құқықта бір медальдің екі жағы іспеттес ұғымдар болып табылады. Яғни қылмыстың сыртқы жағы болмаса, оның ішкі жағы да болмайды.
Қылмыстың объектісі өзге құрам элементтерінің ішінен қылмыстың объективтік жағымен тығыз байланысты, өйткені кінәлі адамның жасаған қауіпті іс-әрекеті оның зардабы заңмен қорғалатын объектіге бағытталады. Ал қауіпті әрекеттің жасалуы заңмен қорғауға алынған объектінің бұзылғанын білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының қылмыс объектісімен де байланысы бар. Бірақ бұл байланыста, яғни субъективтік жақ қылмыстың объективтік жағының белгілері арқылы қылмыс субъектісімен байланысатын тәрізді болып көрінеді. Өйткені қылмыскердің қауіпті іс-әрекетіне немесе зардапқа деген психикалық қатынастары іске асырылғанда объективтік жақтың белгілері көрініс алып, заңмен қорғалатын объектіге нұқсан келеді.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың субъективтік жағымен тікелей байланысты. Себебі объективтік жақтың белгілеріне деген әртүрлі психикалық қатынастар және қылмысты әрекеттің орындалуына түрткі болған ішкі сезімдер, сонымен қатар әрекеттің мақсаты барлық кезде адам ойынан шығып жатады. Сондықтан қылмыскер адам болмаса қылмыстың субъективтік жағына, объективтік жағына қатысты белгілер орын алмайды.
Қылмыстық құрамның элементтері бірін-бірі толықтыратын ұғымдар болып табылады. Бұлай деуіміздің себебі ол, өмірде аталған элементтердің бірі немесе бірнешеуі көрініс алғанмен, бірақ кем дегенде біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы да, қылмыс уақиғасы да жоқ деп танылады. Мысалы заңмен қорғалатын объекті ретінде адамның өміріне, денсаулығына, меншігіне зиян келгенмен, бірақ ол зиянды келтірген адам болмаса қылмыстың субъектісі жоқ. Мұндай кезде заңмен қорғалатын мүддеге зиян келтіруші жануарлар немесе табиғаттың зілзала күштері болуы мүмкін. Сол сияқты қылмыстың объектісіне зиян келгенмен, ол зиянды келтірген адам бар болғанмен, бірақ ол адамда кем дегенде абайсыздық түріндегі кінәнің белгілері болмаса қылмыстың субъективтік жағы жоқ деп танылады. Мысалы жазықсыз зиян келтіру. Сондықтан жасалған іс-әрекетті қылмыстық құрамының бар болуы қылмыстық жауаптылықтың негізін ғана емес, сонымен қатар қылмысты квалификациялаудың құқықтық негізінде білдіреді. Бұл айтылып отырған ереже практикада мынандай жағдайда сақтала бермейді. Мысалы қылмыстық іс қозғалғанда қылмыс фактісі немесе қылмыс уақиғасы (мұндай жағдайда фактіні немесе уақиғаны қылмыс емес, қылмысқа ұқсас уақиға, факт деп бағалаған дұрыс) бойынша қозғалады, бірақ қылмыс құрамының бұл уақиғада бар екендігі әлі белгісіз болуы мүмкін. Тергеу практикасында өрт уақиғасының орын алып қоғам және адам меншігіне елеулі зиян келгендігі немесе адамның қайтыс болуы бойынша да қылмыстық іс қозғалады. Бұл кездерде қылмыстық құрамның толық болуы талап етілмейді. Ал кейін адамға сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы қаулы шығарылғанда қылмыстық құрамының толық болуы талап етіледі. Жоғарыда айтып отырған қайтыс болған адам бойынша қылмыстық іс қозғалғанмен, бірақ алдын ала тергеу барысында оның өз ажалынан қайтыс болғандағы анықталып іс қысқартылуы мүмкін. Немесе болған өрт адамның кінәсінен емес табиғи күш әсерінен болуы мүмкін. Мұндай қылмыскер ұқсас уақиға немесе зардаптық орын алуы бойынша дереу қылмыстық іс қорғау, ол мемлекеттің құқық қорғау орындарын үнемі сергек болуды әрбір фактіні назарда ұстауды талап етуіне байланысты. Бір айта кететін жәйт, ол мұндай уақиғаларда қылмыстық құрамы бар екендігі әлі анық болмаса да, бірақ қылмысты квалификациялау жүргізіледі. Бұлай деуіміздің себебі, ол қылмыстық іс қозғалғанда міндетті түрде Қылмыстық кодексте белгілі бір баптары бойынша қозғалады. Қылмыстың субъектісі қылмыстың субъективтік жағымен тікелей байланысты. Себебі объективтік жақтың белгілеріне деген әртүрлі психикалық қатынастар және қылмысты әрекеттің орындалуына түрткі болған ішкі сезімдер, сонымен қатар әрекеттің мақсаты барлық кезде адам ойынан шығып жатады. Сондықтан қылмыскер адам болмаса қылмыстың субъективтік жағына, объективтік жағына қатысты белгілер орын алмайды.
Қылмыстық құрамның элементтері бірін-бірі толықтыратын ұғымдар болып табылады. Бұлай деуіміздің себебі ол, өмірде аталған элементтердің бірі немесе бірнешеуі көрініс алғанмен, бірақ кем дегенде біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы да, қылмыс уақиғасы да жоқ деп танылады. Мысалы заңмен қорғалатын объекті ретінде адамның өміріне, денсаулығына, меншігіне зиян келгенмен, бірақ ол зиянды келтірген адам болмаса қылмыстың субъектісі жоқ. Мұндай кезде заңмен қорғалатын мүддеге зиян келтіруші жануарлар немесе табиғаттың зілзала күштері болуы мүмкін. Сол сияқты қылмыстың объектісіне зиян келгенмен, ол зиянды келтірген адам бар болғанмен, бірақ ол адамда кем дегенде абайсыздық түріндегі кінәнің белгілері болмаса қылмыстың субъективтік жағы жоқ деп танылады. Мысалы жазықсыз зиян келтіру. Сондықтан жасалған іс-әрекетті қылмыстық құрамының бар болуы қылмыстық жауаптылықтың негізін ғана емес, сонымен қатар қылмысты квалификациялаудың құқықтық негізінде білдіреді. Бұл айтылып отырған ереже практикада мынандай жағдайда сақтала бермейді. Мысалы қылмыстық іс қозғалғанда қылмыс фактісі немесе қылмыс уақиғасы (мұндай жағдайда фактіні немесе уақиғаны қылмыс емес, қылмысқа ұқсас уақиға, факт деп бағалаған дұрыс) бойынша қозғалады, бірақ қылмыс құрамының бұл уақиғада бар екендігі әлі белгісіз болуы мүмкін. Тергеу практикасында өрт уақиғасының орын алып қоғам және адам меншігіне елеулі зиян келгендігі немесе адамның қайтыс болуы бойынша да қылмыстық іс қозғалады. Бұл кездерде қылмыстық құрамның толық болуы талап етілмейді. Ал кейін адамға сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы қаулы шығарылғанда қылмыстық құрамының толық болуы талап етіледі. Жоғарыда айтып отырған қайтыс болған адам бойынша қылмыстық іс қозғалғанмен, бірақ алдын ала тергеу барысында оның өз ажалынан қайтыс болғандағы анықталып іс қысқартылуы мүмкін. Немесе болған өрт адамның кінәсінен емес табиғи күш әсерінен болуы мүмкін. Мұндай қылмыскер ұқсас уақиға немесе зардаптық орын алуы бойынша дереу қылмыстық іс қорғау, ол мемлекеттің құқық қорғау орындарын үнемі сергек болуды әрбір фактіні назарда ұстауды талап етуіне байланысты. Бір айта кететін жәйт, ол мұндай уақиғаларда қылмыстық құрамы бар екендігі әлі анық болмаса да, бірақ қылмысты квалификациялау жүргізіледі. Бұлай деуіміздің себебі, ол қылмыстық іс қозғалғанда міндетті түрде Қылмыстық кодексте белгілі бір баптары бойынша қозғалады.
1. 2 Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның қылмыс құрамдарын анықтаудағы ролі.
Қылмыс құрамы элементтерінің қылмыстық іс-әрекеттерге құқықтық талдау жасау кезінде кезектілікпен аталу тәртібі, ол таза құқықтық емес, әлеуметтік сипатына байланысты болып табылады. Әдетте қылмыс құрамының элементтері қылмыс объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі деген реттілікпен келтіріледі. Бірақ әдебиеттерде қылмыстық субъективтік жағы мен субъектісінің орнын ауыстырып, субъективтік жақты соңғы кезекте атайтын да бағыттар кездеседі. [2-36б. ]
Құрам элементтерінің кезектілік тәртібін белгілеу мәселесі қылмыстық құқық қарастыратын зерттеу объектілерін әлеуметтік тұрғыдан талдауға алғанда ашылады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қылмыстың алғашқы белгісі қоғамдық қатынас болып табылады. Қоғамдық қатынас қылмыстық объектісі ретінде ғана емес, сол нақты қоғамдық қатынастың түрі немесе оның қоғамдағы ролі қылмыстың мазмұнын алуға да әсер ете алады.
Қоғамдық қатынастар жалпы социология тұрғысынан алғанда қоғамда ерекше орын алады. Себебі белгілі бір ортада қоғам бар деу үшін, ол жерде қоғамның қалыптасуын, дамуын білдіретін қоғам мүшелері арасындағы қоғамдық қатынастар өмір сүруі керек.
Қоғам мүшелері дегеніміз - өзінің биологиялық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы емес, әлеуметтік құрамы бар адамдар арасында орын ала алады. Мысалы жұмыс беруші мен жұмысшының, сатушы мен сатып алушының т. б.
Қоғамдық қатынастар жеке адамға тәуелсіз сипатта болады деп түсіну керек, өйткені әрбір жеке адамға келгенде қоғамдық қатынастар ол адамға дейін өмір сүрген құбылыс. Қоғамдық қатынастар ол адамға дейін өмір сүрген құбылыс. Жаңа адам тек оған қосылады. Қоғамдық қатынастар жеке
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz