Айыптау және қаулы


Қаулы
Қаулы - алқалық негізінде жұмыс істейтін мекемелерде шешімдерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі. Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомстволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдын ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді. Қаулы мен шешім тілдік құрылымы жағынан ұқсас.
Жеке қаулы
Жеке қаулы - мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдар мен олардың басшыларының назарын белгілі бір істі қарау кезінде анықталған заңның бұзылу дерегіне, қылмыс жасауға себепші болған жағдайларға аудару үшін соттың шығарған қаулысы. Жеке қаулыны сот оған жеткілікті негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде қабылдайды. Сот жеке қаулыны алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарының және заңның басқа да талаптарының бұзылуы байқалған кезде шығаруы мүмкін. Кейбір ұйымдар мен еңбек ұжымдарындағы жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына, қызметтік, азаматтық борышын бұзып жүргендігіне де сот жеке қаулы арқылы назар аудара алады. Сондай-ақ, қылмыстың жолын кесуге немесе қылмысты ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы мен ерлігі туралы еңбек ұжымдары мен ұйымдарға ол туралы жеткізу керек болғанда сот жеке қаулы алады. Жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірмей қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы сот орнына хабарлануы тиіс.
Сот қаулысы
Сот қаулысы - сот кесімдерінің түрі. Қылмыстық іс жүргізуде сот үкімдерін, заңи күшіне енген ұйғарымдар мен қаулыларды қайта қарау кезінде соттардың төралқалары қабылдаған шешім; сотқазы жеке қабылдаған кез келген шешім (үкімнен басқа) . Азаматтық іс жүргізуде сот төралқасының қадағалаушылық іс жүргізу тәртібімен шығарылған кесімдері сот қаулысы деп аталады. Сот ісін жүргізуде сот қаулысын апелляциондық инстанцияда, қадағалау инстанциясында істі қайта қарау нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі сот төралқасы қабылдайды. Заңи күшіне енген сот кесімдерін қайта қарау кезінде үкімнің, шешімнің күшін жою, оны өзгерту немесе өзгеріссіз қалдыру туралы сот қаулысы шығарылады. Сот алқасының қаулысы дауыс беруге қатысушы алқа мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және оған сот төрағасы қол қояды. ҚР жоғарғы сотының пленумы қабылдайтын сот қаулысы сот кесімдерінің ішінде ерекше орын алады. Мұндай сот қаулысысын тиісінше барлық деңгейдегі соттар орындауға міндетті. ҚР Конституциясының кеңесінің қорытынды шешімі ҚР заңдары мен құқықтық-нормативтік актілерінің, мемлекеттік билік органдары арасындағы шарттардың ҚР Конституциясына сай келуі, азаматтардың конституциясының құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны жөніндегі шағымдар бойынша соттардың сұрау салулары бойынша қаралып отырған нақты істе қолданылған немесе қолданылуға тиіс заңның конституциялығы туралы мәселелердің мәні бойынша шығарылады. Кейде заңнамада және заңи әдебиетте “Сот қаулысылары” деген ұғым “сот кесімдері” деген ұғымның баламасы ретінде қолданылады.
Үкім
Үкім - соттық қылмыстық істі сотта талқылау нәтижесінде шығарған және кінәсіздікті (ақтау үкімі) немесе кінәліге жазалау шарасын (айыптау үкімі) белгілейтін, сондай-ақ сотталушыны кінәсіз немесе кінәлі деп танудың басқа да салдарын белгілейтін шешім. Үкім қаулысының ережелері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сәйкес айқындалады. Көрінеу әділетсіз Үкім шығару қылмыстық заңнама бойынша ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген сот әділдігіне қарсы қылмыс болып табылады. Үкім шығарылған адамдардың Үкімді немесе заңды күшіне енген өзге де сот актілерін қасақана орындамауы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет болып табылады.
Айыптау үкімі
Айыптау үкімі (ағыл. conviction; нем. Verurteilungf, Schuhlspruch m; verurteilendes Erkenntnis) - Қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамға айыптау шарасын тағайындайтын және айыптау тұжырымдамасы жазылған сот актісі.
Айыптау үкімі - баяндалатын және қарарлық екі бөлімнен тұрады. Баяндалатын бөлімде істін маңызы жазылады.
Қарарлық бөлімде - айыпталушының жеке басы жөнінде деректер келтіріліп, бабы немесе Қылмыстық кодекстің баптары көрсетіле отырып, тағылған айыптаудын тұжырымдамасы баяндалады. ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
Ақтау үкімі
Ақтау үкімі- егер қылмыс жағдайы анықталмаған, сотталушының іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмаған, сотталушының қылмыс жасауға қатысуы дәлелденбеген жағдайда шығарылатын сот үкімі.
Үндеу
Үндеу амалы орыс средство обращения - айтылатын хабарды, пікірді түсінікті, дәл жеткізу үшін, тындаушынын назарын аудару тәсілі. Үндеу амалы үшін грамматикалык жағынан окшауланып түратын, бірак сөйлемнің коммуникативтік максатымен үштасып жататын окшау сөздер айрыкша кызмет етеді. Үндеу амалы көбінесе ауызекі тілде айкын көрінеді.
Мысалы: О, бәрекелде, Айдар, жақсы айтасың. Бәсе, міне осылай сүйген көңілге куйініш жат болмаққа керек қой
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz