Сопы Аллаяр шығармасындағы философиялық ой-толғамдар желісі



1 Сопы Аллаяр туралы мәселе
2 Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарын зерттеуде Сопы Аллаярдың орны
3 Сопы Аллаяр ойлары
Сопы Аллаяр туралы мәселе қозғалғанда біріншіден оның ақыл-ойы, қандай қоғамдық ортада өмір сүретіндігі, тілі, мәдениеті сияқты баршаға белгілі түсініктер тілге тиек етіледі. Адамды Маркс айтқандай қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде де анықтауға болады. Яғни жеке адам қоғамдық ортадан тыс өмір сүре алмайтындықтан оның анықтамалылығы сол қоғамның белгілі бір мүшелігі арқылы белгіленеді. Қысқаша айтқанда ол қоғамдық қатынастар арқылы анықталатын көпшіліктің бірі. Алайда әр адамның бойында аты-жөні, ұлты, қоғамдық ортасы сияқты түсініктерден тыс жатқан терең сыр бар. Ол оны өзгелерге ұқсатпайтын, болмыста тек соған ғана тән анықтамалылығын, қайталанбайтындығын, мәңгілігін көрсететін – даралығы. Қыр-сыры мол адамзат тарихына назар аударсақ, рухани көзқарастардың даму сатысының кезеңіндегі ойшылдар дүниетанымы екендігін байқауға болады. Яғни Сопы Аллаяр дүниеге көзқарасы оның шығармашылығы арқылы анықталмақ.
Қарастырып отырған мәселемізді методологиялық заңдылықтар жүйесі арқылы да дәлелдеуге немесе толықтыруға болады. Философиялық қағидаларда диалектикалық логиканың заңдылықтарымен қатар, ежелгі грек философиясының өкілі Аристотель ашқан формальды логиканың да заңдылықтары қолданылады. Егер диалектиканың заңдылықтарына сүйенетін болсақ тіршіліктегі әрбір объект үнемі қозғалыста, өзгерісте болатыны сөзсіз. Яғни қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы жалпы болмысымыздың өмір сүру әдісі екендігіне ешкім күмән келтіре алмайды. Мұндай динамикалық қозғалыс адам болмысының қалыптасып дамуындағы екі жақтылығын, яғни руханилық пен қанағатсыз нәпсіліктің көрінісіне айналмақ.
1 Сопы Аллаяр. Дәрменсіздер қуаты . Қолжазба – Қазан баспасы.
2 Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М.: Издательство: «Политиздат». 1991 – 524 с.
3 Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. – Алматы: Институт философии МН-АН РК. 1997
4 Иасауи Қ.А. Пақырнама //Диуани хикмет. Ауд. Ә.Әбдішкүров. –Түркістан: Мұра, 1993
5 Mehmet A. Dіn felsefesі. – Іzmіr: DEU Matbausі, 1990.
6 Ницше Ф. О пользе и вреде истории для жизни: Сумерки кумиров: Утренняя заря: Сборник /пер. с нем. – Минск.: ООО Попурри, 1997.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ф.ғ.к., доцент: Малдыбеков Өткір

Магистрант ДосалиевТимур
Сопы Аллаяр шығармасындағы философиялық
ой-толғамдар желісі
Сопы Аллаяр туралы мәселе қозғалғанда біріншіден оның ақыл-ойы, қандай
қоғамдық ортада өмір сүретіндігі, тілі, мәдениеті сияқты баршаға белгілі
түсініктер тілге тиек етіледі. Адамды Маркс айтқандай қоғамдық
қатынастардың жиынтығы ретінде де анықтауға болады. Яғни жеке адам қоғамдық
ортадан тыс өмір сүре алмайтындықтан оның анықтамалылығы сол қоғамның
белгілі бір мүшелігі арқылы белгіленеді. Қысқаша айтқанда ол қоғамдық
қатынастар арқылы анықталатын көпшіліктің бірі. Алайда әр адамның бойында
аты-жөні, ұлты, қоғамдық ортасы сияқты түсініктерден тыс жатқан терең сыр
бар. Ол оны өзгелерге ұқсатпайтын, болмыста тек соған ғана тән
анықтамалылығын, қайталанбайтындығын, мәңгілігін көрсететін – даралығы. Қыр-
сыры мол адамзат тарихына назар аударсақ, рухани көзқарастардың даму
сатысының кезеңіндегі ойшылдар дүниетанымы екендігін байқауға болады. Яғни
Сопы Аллаяр дүниеге көзқарасы оның шығармашылығы арқылы анықталмақ.

Қарастырып отырған мәселемізді методологиялық заңдылықтар жүйесі арқылы
да дәлелдеуге немесе толықтыруға болады. Философиялық қағидаларда
диалектикалық логиканың заңдылықтарымен қатар, ежелгі грек философиясының
өкілі Аристотель ашқан формальды логиканың да заңдылықтары қолданылады.
Егер диалектиканың заңдылықтарына сүйенетін болсақ тіршіліктегі әрбір
объект үнемі қозғалыста, өзгерісте болатыны сөзсіз. Яғни қарама-
қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы жалпы болмысымыздың өмір сүру әдісі
екендігіне ешкім күмән келтіре алмайды. Мұндай динамикалық қозғалыс адам
болмысының қалыптасып дамуындағы екі жақтылығын, яғни руханилық пен
қанағатсыз нәпсіліктің көрінісіне айналмақ.

Сопы Аллаяр Мағрифатқа  жетуден бір сәт ұзап, тыйылма, танымасаң
Иеңді іс айналар қиынға, дейді (1(. Осыған орай Аристотельдің философиялық
ойларын зерттеген Әл-Фарабидің де көзқарастарына тоқталуға болады. Ол
Аристотель өзінің Теология деген кітабында да жалқы кез келген көпшеде
болады деп түсіндіреді, өйткені жалқысы жоқ көпшенің қандайы болса да
әрқашан абсолютті шексіз болады [2, 90 б.]. Яғни, Сопы Аллаяр пікірі
логикалық заңдылықтарға сәйкес келетін белгілі бір тұрақты даму жүйесінде
адамның жалғыз әрекет етуі мүмкін еместігін танытады.
Тіл алсаң қол қысқартып тіл ұзартпа, адамзат жаратылған рух үрлеумен
деп адамзат ұрпағының даму үдерісінің алғашқы сатысын құрайтын тарихи
шындық екенін нақты бағдарлаған. Демек алғашқы бастама идеясы барлық
ойшылдар тәрізді Сопы Аллаярны да ойландырған. Шығыс дәстүріне сай өзіндік
тәсілі де баршылық:
Насихатты тыңдамас дертті жандар діл-қаста,
Қанша нөсер құйғанмен көгере ме тұл тасқа (1(.
Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарын
зерттеуде Сопы Аллаярдың өзіндік орны бар. Өз кезегінде мұсылман
философиясындағы тұжырымдар мен негізгі қағидалар да оның өлең жолдарында
тұнып тұр.
Қиын болар деп ойлап, дос көңілі кірлесе,
Тастай алмай сөздерін бәйіт жаздым бірнеше.
Ақиданы алға ұстап, сөзін тіздім сәтті ойдың,
Дәрменсіздер қуаты деп кітапқа ат қойдым.
Өзім сынды көңілі жарымжандар ! -
Деген ой бар, – азырақ насихаттан хат қалсын [1].
Сопылық ілімнің құндылықтары мен иман заңдылықтарын түсінікті тілде
баяндаған шумақтар дүниедегі хақиқат жолын нұсқады. Бұл адамның жаратылыс
табиғаты мен өмір шектілігі және тәңір болмысы мен жан, рух проблемаларының
жаңаша бағалануына негіз болды.
Сопы Аллаяр мұсылман философиясындағы мол мұраны бойына сіңіре отырып,
рухани азық алуға апаратын жол салды. Дін ілімін меңгеруді қалағандар үшін
жазған еңбегін алға тартып, насихат алушыларға жөн сілтеді.
Сопы Аллаярдың Хаққа – арзу! Өзгесінен пәк кешіп, Хаққа сіңіп,Дидармен
тұру мәңгі беттесіп [1],– деген сөзінің мәнісі осында.
Сопылық табиғи дүниетанымға адамның рухани жетілуін енгізіп,
дағды–дәстүрге айналдыруда адам болмысының жақсы қырларын дамытып, тән мен
жанның бірлігі мен қайшылығын танытқан нәпсіні тежеу жолдарын ашу көзделді.
Иман төңрегінде осылайша қалам тартқан Сопы Аллаяр ар, тазалық пен аллаға
деген махаббат сеніміндегі пәктік болғанда барлық есіктер ашылатынын
айтады.
Дін адамзат қоғамына жаңа құндылықтар алып келумен қатар, оны
азғындаудан алып шығатын жан дүниені рухани байытатын күшке ие екенін енді
түсінген біздің қоғам үшін жетіспейтін маңызды қажеттілік екен. Күн өте
келе руханилықтың маңызын пайдаланған түрлі теріс ағымдардың да бар екенін
түсінген халық үшін бұл тың соқпақ ретінде танылды. Жастарды осындай
ағымдардан барынша арашалауды бағыты етіп алған мемлекеттегі барлық қоғам
өкілдері дабыл қағып, қайта үркіп, тығырыққа тірелген кездерді де бастан
өткізді.
Сонда Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры
А.Абуов Біздің қоғам үшін ата-бабамыздан қалған рухани мұраны меңгеруміз
керек, оны мектеп қабырғасынан бастап үйретіп, әр бір адамға дін жөніндегі
дұрыс пікірді қалыптастыра білсек. Әр-түрлі теріс жолды танытуды көздеген
миссионерлердің өзі шарасыз, ойы ескерусіз, қоғамға өзінен –өзі қажетсіз
болып қалады [3]-деген.
Қазіргі таңда түрлі ланкестік әрекеттермен иманды әрекеттерді
ұштастырып, дәстүрлерін өз қажеттілігінде таныта білмеу қоғамда теріс
көзқарас туындатуда. Біз өзіміз ненің ақ екенін білмесек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі
Сопы аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі жайында
Сопы Аллаяр дүниетанымы және оның шығармашылығының қоғамдағы маңызы
Яссауидiң сопылық танымы
«Абай мирасының шығысқа қатысының зерттелуі»
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға әсері
Табиғат лирикасы. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері
Пәндер