Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
Кіріспе 3
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономикалық мәні. 4
1.1 Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері. 4
6
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары. 16
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.
16
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар. 18
2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу. 20
III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.
22
Қорытынды. 25
Қолданылған әдебиеттер. 27

Кіріспе.
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың әлементтері болуы қажет сияқты көрінеді. Атап өтсек.
Олар:
- Элемментер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
- Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
- Бағалы қағаздар нарығының кәсібси мамандары брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
- Қор биржалары, дипозитерлер және де басқа да бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерден "бағалы қағаздар нарығы" - тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер қарастырылады.
- Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда болуымдағы алғы шарттар;
- Бағалы қағаздардың түрлері және олардың ерекшеліктері ;
- Бағалы қағаздарды нарығының құрылымы;
- Қазақстан Республикасындағы ақшаның қалыптасуы және олардың дамуы.
Сонымен курстық жұмыста бағалы қағаздар түрлері, оларды топтау және бағалы қағаздар нарығын талдау, зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл тақырыпты таңдап алудың негізгі себебі бүгінгі күнде дүние жүзі үшін де біздің еліміз үшін де бағалы қағаздар нарығы мен жұмыс істеу өте қолайлы болып табылады. Әрбір экономист бағалы қағаздар нарығына байланысты мәселелерді білуі тиіс.

Қолданылған әдебиеттер.
1. Б.А. Көшенова "Бағалы қағаздар нарығы" Алматы "экономика" 1999 жылы.
2. "Ценные бумаги" В.И. Колесникова, В.С. Торкановоского, Москва "Финансы и статистика". 2000г.
3. Е.Ф. Жукова "Рынок ценных бумаг". Москва, 2002г.
4. "Рынок ценных бумаг" В.А. Голанова, А.И. Басова. Москва "Финансы и статистика". 2002г.
5. Сейлова З.Ц. "Құнды қағаздар нарығы". Қарағанды Арко-2000г.
6. Т.Б. Бердникова "Рынок ценных бумаг и биржевое дело". Москва, Ифра-М 2003г.
7. "Рынок ценных бумаг" А.Н. Лякин, А.А. Ланпискас. Санкт-Петербург. Поиск-2001г.
8. М.Н. Чипурина "Курс экономической теории", Киров "Аса"-2000г.
9. А.А. Таубаев "Рынок ценных бумаг в Казахстане". Караганда-2001г.
10. Г.Ф. Чернецкая "Рынок ценных бумаг и биржевое дело". Москва, Ифра-М 2001г.
11. С.А. Анесянц "Основы функционирования рынка ценных бумаг". Москва - 1998г.
12. "Рынок ценных бумаг" В.Ц. Балабанов, И.Е. Осакина, А.И. Поволцки. Москва - 1994г.
13. Е.В. Семенкова "Операции ценными бумагами". Издательство "Перспектива", Москва - 1997г.

Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы, мәні.4
Бағалы қағаздардың түрлері.
6
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымдары. 16
2.1 Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.
16
2.2 Қор биржасы және биржалық операциялар. 18
2.3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу. 20
III бөлім. Қазақстан Республикада бағалы қағаздар нарығының даму
проблемалары. 22
Қорытынды. 25
Қолданылған әдебиеттер. 27
Кіріспе.
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте
маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық
қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда
болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды
рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының
қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен
сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығында басқа нарықтардың әлементтері болуы қажет
сияқты көрінеді. Атап өтсек.
Олар:
- Элемментер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық
субъектілері;
- Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
- Бағалы қағаздар нарығының кәсібси мамандары брокерлер, дилерлер,
инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
- Қор биржалары, дипозитерлер және де басқа да бағалы қағаздарды
тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерден "бағалы қағаздар нарығы" -
тақырыбының мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл
тақырыпты таңдап алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай
мәселелер қарастырылады.
- Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда
болуымдағы алғы шарттар;
- Бағалы қағаздардың түрлері және олардың ерекшеліктері ;
- Бағалы қағаздарды нарығының құрылымы;
- Қазақстан Республикасындағы ақшаның қалыптасуы және олардың дамуы.
Сонымен курстық жұмыста бағалы қағаздар түрлері, оларды топтау және
бағалы қағаздар нарығын талдау, зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл
тақырыпты таңдап алудың негізгі себебі бүгінгі күнде дүние жүзі үшін де
біздің еліміз үшін де бағалы қағаздар нарығы мен жұмыс істеу өте қолайлы
болып табылады. Әрбір экономист бағалы қағаздар нарығына байланысты
мәселелерді білуі тиіс.
I бөлім. Бағалы қағаздар нарығының экономиқалық мәні.
1. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және мәні.
Жалған капитал деген - қосымша құнның бір бөлісін дивиденд немесе
процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік
титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да
түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға
себеп болған жағдайлар мыналар.
Біріншіден, табыс көзі тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда
болуы өндірістік капиталмен тікілей байланысты. Өнім өндіріспен айналымға
табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болды.
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды
сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ол нарықтық бағалары
иррационалдық сипатта болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс
пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың
мөлшеріне байланысты анықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса және одан түскен
табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура
пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталдың ұсынымы сұраныстан жоғары
болса және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса,онда жалған
капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.
Жалған капитал нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болганымен,
олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі
ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар.
1. Жалған капиталдың өз кұны жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір
түрлері нақты капиталдың орнына жүреді.
2. Бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен
басталады, ол нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді.
3. Жалған капиталдың мөлшері бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың
капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен
пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.
Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі.
Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан
түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де сонғы
кездері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.
Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар.
Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола
отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды.
Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін
қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар
түрінде айналыста болады.
Екіншіденң қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен
анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына
байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы
қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына
көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналыстыратын ортаның тек
біреуі ғана.
Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айланыста бір-
біріне дәл келмейді. Нақты капиталмен жалған капиталдың мөлшері жағынан да
біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған
капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер
етеді. бағалы қағаздардың пайда болуы мен оның дамуы капиталистік өндіріс
қатынастарының орнауына қатысты. Бәрінен бұрын бұл коммерциялық несиелеу
шекарасының кенеюімен пайда болды. Комерциялық несиелеу негізі болып -
вексель табылады, яғни бағалы қағаздардың бірінші түрі. Вексель несиелік
ақша формасына айналады. Бұл жағдайлар бағалы қағаздардың вексель және
өнеркәсіптік өндірістің дамуына зор мәнге ие болуын куәландырады. Банктік
жүйнің іс - әрекетінің даму процессі кезінде тағы бір бағалы қағаздардың
түрі-чектер пайда болды. Несиелік ақша рөлін ойнайтын және товар айналымы
кезінде төлем құралын атқарушы болды. Бірақта нағыз бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы мен құрылуы акционерлік қоғамдар болды. Бағалы
қағаздардың басты түрлерінің акциялар мен корпаративтік облигациялар пайда
болуы обьективтік өндіріс қажеттіліктерінің әсері. Экономикада пайдалы
қағаздардың болмауы мемлекеттік Б.Қ.Н-ның рөлінсіз елестетуге мүмкіндік
бермейді. Мемлекеттік пайдалы қағаздардың ролі экономиканың дамуы кезінде
өзгерді. Мемлекеттік пайдалы қағаздар алғашында мемлекеттік несие
құралдарының бірі ретінде төтенше шығындарды жабу үшін пайдаланылды, яғни
соғыстар мен табиғи апаттарға байланысты. Уақыт өткен сайын мемлекеттік
бағалы қағаздар үлкен өлшемде экономикаға әсер ете бастады. Сонымен қатар
мемлекеттің ақша айналымның қалыптасуанда зор роль атқара бастады. Қазіргі
жағдайда мемлекеттік пайдалы қағаздар көмегімен, макроэкономиканы
қалыптастару мақсатында, ақша несиелік саясат жүріп жатыр. Экономикадағы
бағалы қағаздардың мәніне жалпы баға бере отырып, келесі басты қызметтерін
бөліп көрсетуге болады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Ал акция үлесті немесе меншікті
құжандыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері
мен сипаттарына қарай акционердің дивидентер алуға, қоғамды басқаруға
қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір
бөлігіне құқықталып куәландырады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша
жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның
қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Экономикасы дамыған елдерде
олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық
қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және
заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептелінеді. Қоғамды
құрушылар орасан зор табысқа иемденеді. Акционерлерге дивиденд төленеді.
Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерлерге төленетін
сыйақы.
Бағалы қағаздардың түрлері.
Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол
иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң
жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция
да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет
өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ.
Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына
болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
а) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның
жорғылық капиталын қалыптастырғанда;
б) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
в) жорғылық капиталды қосымша ұлғайту кезінде.
Атап айтқанда, жорғылықкапитал деген шығарылған акциялардың бастапқы
жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның
портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-
келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға
және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауга болатын бағалы қағаздардың
бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз
міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ
бірсыпыра елдердің заңында, елдер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса,
онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар.
Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілеті
нашарланатын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады.
Айналымдағы әрбір акцианы брнеше бөлікке бөлуге болады.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты
акциялар болып болінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан
пайдасынық мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс
беру арқылы корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп
айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция
мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция
дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық
нәтижесіне байнанысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі,
басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын
бөлуге негізделген. Дивидендтің мөшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі
кездейсоқ жәйт емес.
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол
акцияның титулында көрсетіліп, хабарнама сипатында болады. Ол бір акцияға
шаққандығы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның
нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны
тек алғашқы орналыстырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал акцияның
эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын сатуға қатысқан
барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының
төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы
анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын ия корпорация, ия басқа біреу
белгілейді.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық
бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып,
бухгалтерлік немесе "кітаптық" баға деп аталады. Ол активтің таза құнын
орналыстырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін
акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпейде шығаруға құқығы бар.
Онда ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатынла
компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация
жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі-бір бөлігін алуға
кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар - меншік туралы ерекше сертификат. Олар
корпорация пайдасының денгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым
нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс
құқын бермейді. Ол дауысыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс
құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша
дивидендтер беруден бұрын төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай
акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал құны көрсетілген
және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның
номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз
артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы
мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция
бойынша да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте-
атаулы бағалы қағаз.
Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір
сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның
сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын
шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп анықтауы керек.
Сондықтан осы акциялардың тек бір сериясының ғана басқа серияларынан гөрі
артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады:
дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды
былай топтастыруға бағады - қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік
және кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес.
Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның
жорғысында қаралады.
Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің
артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар:
а) Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
б) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте
қатысу;
в) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге
қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай
акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан
жоғары болса, онда ал артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің
мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара қатынасын кампанияның өзі
белгілейді.
Қатысушылар акциясы иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық
дивиденд алуға құқы жоқ. Егер артышылықты акциялар кумулятивтік болса, онда
бұрын хабарлаған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті
түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу
хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес
акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдық дивидендтіне қосуға
болмайды.
Конвертабельді артышылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір
жағдайларда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне
айырбастауына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы типті акция
шығарған кезде жазбаша түрде корпорация кітабында көрсетіледі. Артықшылықты
акциялардың көбісі конвертабельді. Ал конвертабельді емес акциялар өз
статусын өзгертуде.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі-
дивиденд төлеуі кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация
құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай
акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғары квотасы төленіп бағасын
ғана беріледі. Содан қалғаны атаулы акция иелеріне бөлінеді. Егер
компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарысында оның директорлары корпорация капиталын
құруға жеке қатысуы керек, делінсе, онда - директорлық квоталы акция деп
аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны
әлбетте барлық акциялардың 10 % - нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында
олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де артықшылықты акциялардың корпорация
ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында
дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей - ақ қосымша
капитал тартуға мүмкіндік береді.
Облигация.
Облигация деп элементтің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша
сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді миндеттенген жазбаша
қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация
арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация
шығару-қосымша капитал тартудың бір нысаны. Элементтің жалпы шығыны
облигацияны шығаруға және оларды орналыстыруға жұмсаған жылдық шығынға тең
болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан анық кепілі
болып элементтің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік элементтің банкротқа
ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде-корпорация мүлігінің бір
бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құны. Облигация да акция сияқты
корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы
қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің
маңыздылары мыналар:
1. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал
облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер
корпорацияны мен меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі
тәрізді.
2. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және
нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір
анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы
басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны
уақытында төлеу алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционерде
дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және
ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер корпорация дивиденд төлеу туралы
хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер корпорацияға қарсы
ешқандай шара қолдана алмайды.
3. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Ол
акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да
қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін
қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
4. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ол салық
төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған
корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация бойынша мезгіл - мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда
купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды
айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына
облигациядан купонды жыртып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін купондарды
қырқу деп айтады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы,
купондық мөлшер, өтеу туралы нүсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі,
рейтингі.
Номиналды деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сапасын айтады.
Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер - жыл сайын элемент төлейтін облигацияның номинал
құнына байланысты келісімен сыйақы - төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер
бөлініп төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір
рет. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар - шілде, ақпан -
тамыз, наурыз - қыркүйек, сәуір - қазан, мамыр - қараша, маусым -
желтоқсан. Одан басқа айдың жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей
қайталанады. Мысалы, 5 қантар - 5 шілде, 20 наурыз - 20 қыркүйек және тағы
басқалар.
Өтеу күні - компанияның сатып алушыға облигацияны номиналына тең
соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Қамтамасыз етілген облигациялар - оларды шағарғанда кепілдікке
корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген
және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация
корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге
оның негізгі меншігінің облигацияға салғанын көрсетеді. Егер корпорация
тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, ода оны ұстаушылар
кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз етуге қозғалмалы,
қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады. Осыған
байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:
а) Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз
ететін жай немесе арнаулы мүліктер.
б) Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және
облигациялармен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары.
в) Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды
сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар жалпы кепілдігі бар, басқаша
айтқанда, элементтің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі. Оны
болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады.
Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде
өтейді.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайында,
екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға
байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем болса,
онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
Біріншіден, егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса,
онда бұрын төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді.
Басқаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі мұндай облигациялар тек
номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте
төмен кіріс түсіреді.
Екіншіден, егер жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары
курспен сатылады. Ол облигацияның жана және бұрынғы иелерінің кірісін
теңестіреді.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен
дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Вексель.
Өндірістегі жұмыстың айналымдығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және
басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі
сияқты жағдайға душар болды. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен
есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені
қайтару кезінде несие ақшалрының бір түрі - вексель пайда болады.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды турде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденуге береді. Вексельдің мәні -
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісімен жерде өтеу
үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие - қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі,
вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге,
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуні күтпей - ақ вексель сатып
алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін
төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк
сатып алады.
Вексель - тауар ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан еңбір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған
елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде
электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың
ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар зат құндылықтарының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық
қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша
қаражатын бөлу. Вексель айналымның негізі - серіктердің бірін-бірі еркін
таңдауымен және бірін-бірі бақылаумен жасалатын несиелік келісім. Вексельді
шығару және оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель, немесе трата
болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яки вексель беруші жазады.
Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай санаға толтырылды, қай
уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп, вексель иемденушіге
береді. Жай вексельді пайдалағанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни
вексель беруші өзі делдалды қарастырмай - ақ белгіленген уақытта вексель
иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz