Қарақұйрық жайлы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҚҰЙРЫҚ

Қазақстанның оңтүстік аймағын мекен ететін қарақұйрық (Gazella
subgutturosa subgutturosa) – басқа тұяқты жануарлардан өзінің әсемдігімен
және көркемдігімен бірден ерекшеленеді.
Қазіргі кездегі түрі Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда кеңінен
таралған. ТМД бойынша қарақұйрық Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан,
Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан аумақтарында мекен етеді. Бұрындары
қарақұйрық аңшылық нысаны болып табылған. ХХ ғ. ортасында республика
аумағын өнеркәсіпте пайдалану, құйрықтың мекен ету аймағының күрт
қысқаруына әкеліп соқты, соның салдарынан жануарлар саны едәуір азайды.
Нәтижесінде Қазақстанда қарақұйрыққа аңшылық етуге 1951 жылдан бастап тыйым
салынды. Осылайша, антропогенді әсер ету салдарынан, қарақұйрықтың кезінде
мекен ететін тұтас аймағы Іле, Тауқұм, Мойынқұм, Қызылқұм және Үстірт-
Маңғыстау болып жекеленген, оңаша микропопуляцияларға бөлініп кетті. 1978
жылы қарақұйрық мекен ету аймағы мен саны жағынан азайып бара жатқан сирек
кездесетін түр ретінде Қазақ КСР Қызыл кітабына енгізілді.
Қарақұйрық – қатты қиыршықты және сазды жамылғылы болып келетін әр
түрлі шөл далаларды мекендейді. Бұдан басқа, ол бітік өсімдігі бар құмды
далаларды – Қызылқұм, Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік атырауларында да
кездеседі. Бұл биік емес құм төбешіктерде жүзгін, таспа, тікенек,
жыңғылбас, сексеуіл сияқты әр түрлі жыңғыл бұталары өседі. Шөп жамылғысы
шөл қияғы, ермен мен барқындардан тұрады. Қыстың суық үскірік желінен
қорғану мақсатында қарақұйрықтар өсімдіктері қалың ойпатты орманды, тіпті
қамыстың арасын да паналайды. Оңтүстік далаларда қар жамылғысы өте қалың
емес (шамамен 10 см. және одан да аз) және ұзақ жатпай, күн көзіне тез
еріп, буланып кетеді. Қарақұйрықтар сондай-ақ, ашық тау бөктерлерінде және
шөл өсімдіктері бар жазық тауларда да мекендейді. Тауаралық далаларда
тұяқтылар теңіз деңгейінен 800-1200 м. биіктікке еркін көтеріледі.
Қарақұйрық мекендеу аймағында біркелкі тегіс таралмаған. Олар
негізінен азығы мол жерлерде, жазық тау бөктерінде, сулы және қорғаныштық
қасиеті бар өңірлерде өмір сүреді. Оның таралу аймақтарының көп бөлігі
мезгілдік ауысыммен байланысты көшіп жүретін жерлер: таралу аймағының
солтүстік бөлігінде қар түсумен байланысты – күзгі-қысқы (оңтүстікке) және
сулы, жайылым жері мол – жазғы болып келеді. Жазғы көшулері өсімдіктердің
қурауына байланысты басқа жайылымды, суға жақын жерлерге ауысуымен
көрінеді.
Қарақұйрық дәнді дақылдар, барқын, қына, жыңғылдар мен бұтақтар сияқты
әр түрлі нәрселерді қорек етеді. Ол өсімдіктердің шамамен 70 түрін жейді.
Осындай азықтық өсімдіктердің мол жиынтығы – оның белгілі азығының жоқ
екендігін көрсетеді. Нәтижесінде қарақұйрық шөл даладағы өсетін барлық
өсімдіктермен қоректене береді. Бұл қарақұйрықтың азықты шөптері әдемі
өскен шөл далаларда кеңінен жортуына жол береді.
Қарақұйрықтар тек тұщы суды ғана емес, сонымен қатар ащы суды да іше
береді. Олардың су ішу тәртібі азықтанған өсімдіктерінің ылғалдығына
байланысты. Көктемде және жаз мезгілінің бас кезінде олар көктемгі шырынды
азықтармен қанағаттанғандықтан суды сирек ішеді. Аптап ыстық түсе
бастасымен жануарлар сулы аймақтарға көше бастайды.
Қарақұйрықтардың табын құрып өмір сүруі өте сирек – негізінен олар
жалғыз жүреді, не болмаса 2-5 бастан, 6-15 бастан (сирек кездеседі)
құралған шағын топ болып өмір сүреді. Қарақұйрық популяциясының ұсақтоптық
құрылымы шөл дала ішіндегі арнайы табиғи жағдайға қалыптасуын көрсетеді.
Осындай құрылымда жануарлар қорегі аз шөл өсімдіктерін толығымен пайдалана
алады.
Қыс мезгілдерінде қарақұйрықтардың жас және ересек аталықтар мен
аналықтардан тұратын әртүрді табындары топтасып жүреді. Бұл олардың бірігіп
қорек табуына, жыртқыш жануарлардан және т.б. қорғануына мүмкіндік береді.
Көктем шығысымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРАҚҰЙРЫҚ
Барсакелмес қорығы
Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтары
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Қорғалжың және Барсакелмес қорықтары
Барсакелмес қорығы туралы
Сүтқоректілерді қорғау
Қазақстан қорықтары - еліміздің ұлттық мұрасы
Қорықтар мен ұлттық парктер
Табиғат қорғаудың негіздері
Пәндер