Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясы. Негізгі ережелер


ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ТЕОРИЯСЫ. НЕГІЗГІЕР ЕЖЕЛЕР
ДӘЛЕЛДЕМЕ ҰҒЫМЫ
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады: а) тектік сипаттағы философиялық ұғым; ә) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы "дәлелдеме" қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқылдайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар мағынасында бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды: а) дәлелдемешындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә) дәлелдеметану мен бағалаудың статистикалық объектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымының екінші мағынасы тән, қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу" терминімен белгіленеді, оның мақсаты туралы дербес тарауда айтылады.
"Дәлелдеме" ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисын мен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А. И. Трусов былай деп жазды: " . . . Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі фактілермен жұмыс істейді".
Әрі қарай А. И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:
- соттық дәлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
- жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқылдауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;
- соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген қылмыстық-іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртігшен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.
Р. С. Белкиннің пікірі бойынша "жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің құралы ретінде қызмет етеді.
Дәлелдеме шындыққа көз жеткізудің құралы". Сонымен бірге "дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес".
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме қылмыстық іс жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, КДЖК-нің 115-бабында былай деп жазылған: "Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады".
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
- дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
- дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
- дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
- мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
- жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не кінәсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің жауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар; іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
Бұл тізбені кеңейтіп түсіндіруге болмайды.
ДӘЛЕЛДЕУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘЛЕЛДЕМЕР ТЕОРИЯСЫҢДАҒЫ ОРНЫ
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Н. С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы "дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, заңдық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т. т. қамтиды".
Қылмыстық іс жүргізу құқығыңдағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп Г. М. Миньковский былай деп жазды: "Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтауда, алдын ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған.
Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылым шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас алғанда былай қылмыстық процестен оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеу теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тыс қарық ала алмайтыны түсінікті. Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан".
Сонымен, заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығы құрамдас элементретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми-теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:
- таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
- осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
- қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;
қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
- дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
- соттық зерттеудің объективтілігіне кепілдіктер беру туралы.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші болып табылады. П. С. Элькиндтің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың, тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және кұқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек.
Дәлелдеу құқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан көрінеді:
- дәлелдеу кұқығының тәсілдері мен кұқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
- аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;
- дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және ербір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
- қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған бәлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
- дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды терендету процесіне дәлелдеу құқығының оң ыкпал етуінің негізі болып табылады;
дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу кұқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді. Әуел баста бәлек-бәлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу құқығына айналды. Біз осы тараудың құрылымын түсіндіру сипатында қарастырмақпыз, онда дәлелдеме ұғымы дәлелдеу құқығының сипаттамасынан және дәлелдеу теориясынан бұрын беріледі.
ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ - ДӘЛЕЛДЕМЕ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқылдауды объективті түрде талап етеді.
Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі, айналып келгенде "таным теориясы" аталған философиялық дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерге диалектикалық-материалистік көзқарас жатыр. Бірден бір ғылыми әрі дұрыс маркстік-лениндік таным теориясын айқылдаудағы партиялық көзқарастың талас тудыратынына қарамастан осы заманғы дәлелдеу теориясының іргетасын құрайтын бірқатар қорытыңды ережелердің ұғымды сипатын шындық үшін тану қажет.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен баиланысы мынада: соңғысы ғылыми таңдауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу танымының алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.
Гносеологияжеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысында түсіндірілетін ғылыми-танымдық кызметтің кез келген саласында қолданылатын әмбебап қорытынды ережелерді қамтиды. Мұның дәлелдеме теориясына да тікелей қатысы бар. Осындай әдістемелік кілт ретінде осы заманғы ғылым диалектикалық әдісті қолданады. А. Давлетов былай деп жазды: "Қылмыстық іс жүргізу танымында диалектикалық әдісті қолдану жалпы, философиялық және әсіресе қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарды дұрыс үйлестіре білуден тұрады. Таным қызметін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары философиялық категорияларды қылмыстық процессуалдық ұғымдарға айналдыратын призма сипатында көрінеді. Қылмыстық процессуалдық танымның белгілі бір мәселесін шешу тетігі мынадан көрінеді: ең әуелі оның философиялық алғышарттары алынады, сосын осы мәселеге қатысты нормативтік ережелері алынады, содан кейін философиялық негізге орныққан, бірақ ерекше (қылмыстық іс жүргізу) мазмұнымен толықтырылған жауап беріледі".
Таным теориясы құқықта объективті түрде пайда болған "терезені" толықтырды, ол әдістемелік аса маңызды қасиеттерінің бірі. Теорияқылмыстық іс жүргізу құқығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу қызметінің ажырамас белігін құрайтын таным процесі, ой қызметі, ішкі сенім және басқалары заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес. Нормативтік реттеу саласынан тыс қалатынның бәрі де "құқықтық терезе" немесе "құқықтық кеңістік" деп аталатындарды құрайды. Олардың құқықта болуы заңды және сөзсіз. Оларды толықтыру әмбебап әдістемелік кілттің негізінде жүзеге асырылады, дәлелдеме теориясына қатысты кілт ретінде біз гаосеологияны немесе таным теориясын қараймыз. Методологияның осы аспектісін сипаттай келіп, А. П. Шептулин былай деп атап өтті: "танымның диалектикалық әдісі тиісті ғылымда қолданылатын жеке әдістер арқылы өзгере отырып арнайы ғылымдарда және танымның диалектикалық әдісі талаптарында дербес түрде пайдаланылуы мүмкін".
Сонымен бірге методологиялық негіздің әмбебаптығын сөзбе сөз түсінбеу керек. Методологияның негізгі ережелерін қолдану міндетті түрде таным саласының ерекшелігін ескере отырып түсіндіруді көздейді. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізудің ерекшелігі мынадан көрінеді: "бұл жерде таным объектісінің тақырыбы бізді қоршаған әлем емес және тіпті жекелеген құбылыстар мен оқиғалар да емес. Ғылым тақырыбынан бір ерекшелігі сот ісі бойынша зерттеу тақырыбы барлық уақытта қылмыстық оқиғаны құрайтын және соған байланысты фактілердің азды-көпті белгіленген тобымен шектеледі . . . Фактілерді зерттеудің ерекше әдістері, ерекше тәсілдері және осы қызмет жүзеге асыратын нысандар мен шарттардың ерекшелігі де осыдан . . . Алайда дәлелдеудің ерекшелігі қаншама елеулі болса да ол басқа ештеңе де емес, таным қызметінің бір түрі болып табылады, өйткені оның мақсаты шындықты айқылдау".
Таным теориясы дәлелдеу теориясын заңдармен және ойлау нысандарымен толықтырады. Кез келген саладағы ұйымды тану үшін қажетті ойлаудың жалпыға ортақ нысандары мен тәсілдерін формальды логика зерделейді. Тап осы формальды логика "ұғым", "пайымдау", "ой қорытындысы", "анықтама", ұғымының қалыптасуының "ережесі не принциптері" және т. т. туралы түсінік береді. Сонымен, формальды логика танымның диалектикалық теориясының құрамдас бөлігі бола отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды.
Таным теориясының дәлелдеме теориясымен байланысының жанама түрдегі сипаты қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің және дәлелдеу жөніндегі қызметтің ерекшелігін "соқырға таяқ ұстатқандай" етіп көрсетеді.
Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау процесінде қалыптасатын өр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлдеқайда тар екенін айту қажет. Мәселе мынада, "формальды логика алынған қорытындылардың ғана емес, олардың негізіне қаланған логикалық сілтемелердің дұрыстығын, шындығын тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. Формальды логика қандай жолмен танымнан білім туындайтынын, толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлде дәрмені жоқ". Формальды логиканың осы шектеулілігі: 1) тұтас алғанда танымның диалектикалық теориясының институттары мен категориялары есебінен; 2) іс жүргізу дәлелдемелерін жинау, бекіту, тексеру және бағалау жөніндегі өзгешелігі бар қызметін нормативтік регламенттеу есебінен толығады.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСГЕГІ ШЫНДЫҚТЫҢ ҰҒЬМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты шындықты анықтау болып табылады. Философияның көзқарасы бойынша шындық дегеніміз танушы субъектіні объектінің барабар бейнелеуі, адам мен оның санасынан тыс және тәуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Кылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдік береді. Бұл мәселедегі түсінбеушілік адамның тағдырында үлкен қателікке ұрындырады. Шындыққа қол жеткізбеу салдарының көрнекі құралы ретінде "гомель ісі" мысал бола алады, осы іс бойынша 1981 жылы тергеуші мен инспекторды саналы түрде "өлтіргені үшін" бес кінәсіз адам сотталды. Екі жылдан кейін тап сол жерде тағы да кісі өлімі болды. Бұл карақшылықтың бәрін К. атты ағайынды үшеу және олардың екі баласы жасаған болатын. Бұл адамдар жоғарыда аталған кісі өлімдерінің арасында тағы да 11 қылмыс жасаған.
Сот қателіктері әдетте шындыққа көз жеткізбеудің салдары. Шындыққа қол жеткізу мақсатын ескермеу соттың сот әділдігін жүзеге асыру функциясын қандай да бір мағынадан айырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде шындықты айқылдаудың процессуалдық құқықтық табиғаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ҚІЖК-нің 8-бабында қылмысты тез және толық ашу деп көрсетіледі. Одан әрі ҚІЖК-нің 24-бабында істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының заңда көзделген барлық шараларды қабылдауға міндетті екендігі ескертіледі. Шындық ұғымының өзі міндеттер мен принциптерге арналған тарауда да аталады. Атап айтқанда ҚІЖК-нің 24-бабында былай делінген: "сот тараптардың пікірімен байланысты емес және өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті шаралар қолдануға құқылы".
Сонымен, шындық ұғымын қылмыстық процестің принциптерімен өзара байланыста қарау қажет, мұның өзі оған айрықша маңыз береді.
Бұл ережелер өзінің мәнісінде мынаны көздейді: қылмысты ашу өмірде орын алған жағдайларды анықтауды мақсат етеді, ал зерттеудің объективтілігі іс бойынша дәлелдемелерді алу және бағалау процесінде алаламай және алдын ала тон пішпей адалдық таныту. Сонымен, осы бөліктегі заң ережелерінің мағынасы қол жеткізген білімнің тану объектісіне сәйкес келуі қажеттігін ескертеді. Объекті туралы білімнің объектінің шынайы белгілеріне сәйкес келуі шындық болып табылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дәлелдемелермен өткеннің бейнесін ойша қалпына келтіру арқылы шындыққа қол жеткізіледі. Осы шындық дәлелдеме теориясында материалдық шындық деп аталады. М. С. Строгович қылмыстық процестегі материалдық шындықты тергеудегі және шешілу үстіндегі істің жай-жапсары туралы, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың кінәлі екендігі немесе кінәсіз екендігі туралы тергеу мен сот қорытындыларының объективті шындыққа толық және дәлме-дәл келуі деп анықтайды. Және әрі қарай ол өз ойын материалдық шындық дегеніміз объективті шындық деп корытындылайды. М. С. Строговичтің пікіріне В. Д. Дороховтың анықтамасы да жақыл келеді, соңғысы объективті шындық дегеніміз объективті шындықты дұрыс бейнелейтін адамзат білімдерінің мазмұны және ол субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз деп түсіндірді. Атап айтқанда, шындық дегеніміз болмыстың өзі емес, объективті болмысты дұрыс танудың нәтижесі. Ол объективті, өйткені оның мазмұны бейнеленетін объектіге сәйкес келеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында объективті шындықты әлдеқайда кеш түсіну объективті шындықты субъективті бейнелеудің жоғарғы шыңына шығарады және объективтік шындықты зерттелетін фактілер мен жағдайларға субъективтік пайымдаудың толық және дәлме дәл сәйкес келуі деп анықтайды.
Бұрын айтылғандардан көрініп тұрғанындай зерттеушілер тұтас алғанда дәлелдеудің мақсаты шындықты анықтау деп түсінеді және бұл шындықтың объективті сипаты болады.
Шындықты философиялық түсіну, мұның өзі методологиялық көзқарас тұрғысынан өте маңызды, оның екі жақты бастауын: салыстырмалы және абсолюттік шындықты ескеруін көздейді. Шектеулі білімнен анағұрлым терең және дәл білімге өрлеу процесі шындыққа салыстырмалы сипат береді. Шындықтың салыстырмалылығы тарихи, экономикалық, әлеуметтік сипатгағы танымның шектеулілігімен алдын ала анықталады. Бірақ шындық объективті болса, онда кез келген салыстырмалы шындықты абсолюттік білімнің элементтері болады. Бұл орайда философия абсолюттік шындықты тақырыпты толық, егжей-тегжейлі қамтыған және танымның одан әрі даму барысында жоққа шығарылуы мүмкін емес білімдеп бағалайды. Осыны ескерсек, қылмыстық сот ісін жүргізуде қол жеткізілетін шындықтың сипаты туралы мәселені шешу дәлелдеме теориясы үшін принципті түрде маңызды болып табылады.
... жалғасыІсті дәлелдеуде абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болатынын жақтап Н. С. Алексеев, И. Д. Перлов, П. А. Лупинская, М. А. Чельцов, М. С. Строгович және басқалары пікір білдіреді. Процесте салыстырмалы шындыққа қол жеткізуге болады деп И. Б. Михайловская, В. С. Тадевосян, Л. Т. Ульянова және басқалары көзқарасын білдірді. В. Я. Дорохов, В. С. Николаев, А. И. Трусов аралық жағдайды қолдады, олар объективтік шындық процесте бір мезгілде әрі абсолюттік, әрі салыстырмалы түрде шыға алады деп есептеді. Әдебиетте басқа да көзқарастар орын алды, бірақ сот ісін жүргізудегі шындықтың мәніне олар шешуші ықпал жасай алмады.
Қылмыстық процесте қол жеткізілетін шындықтың екі жақты (салыстырмалы және абсолюттік) сипаты туралы көзқарас мынадай түсініктер бойынша анағұрлым қолайлы көрінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz