Қазақтың қылмыс құқығы



Қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін келеңсіз құбылыс болғандықтан, оған қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан да қылмысқа қарсы күрестің негізгі механизмін ата-баба құқықтарынан, құқықтық мәдениетімізден іздегеніміз абзал. Қоғам үшін құқықтық сананы қалыптастырып, қылмыстың күнә, теріс әрекет екендігін бесіктегі баладан бастап бойына сіңіре білсек, болашақ қоғам үшін жағымды бетбұрыс жасау деп түсінеміз. Осы айтылғандарға байланысты мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығының зерделенуі мен оның маңыздылығын жете түсіну әлеуметтік-құқықтық мәнділікке ие екендігі айқын бола түседі.
Тарихымыздың қай кезеңі болса да, дін әрқашан адамдардың өзін-өзі қорғау жаман қылықтардан арылып, жақсылыққа шақыру құралы болған. Әрбір жанұяға, жеке адамға, қоғамға бір сөзбен айтқанда барлық халыққа жақсы жол көрсететін амалдар қарастырылған. Өте ауыр сынақтардан өтуге, жарық күнге ұмтылып өмір сүруге шақырған, сендірген және өз кезегінде адамдарға күш-қуат сыйлайтын, жігерін арттыратын, бір-біріне мейірбандылығын асыратын игі идея іске асырылған. Сондықтан да болар қылмыс пен жаза мәселесі мұсылман құқығы және қазақ әдет-ғұрып құқығы негізінде еш үйретілмеген деу әділеттік емес.
Жоғарыда айтылып өткенге қатысты дипломдық жұмыста мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары, олардың қазақ әдет-ғұрып құқығындағы негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың дамуына әсері, мұсылман және әдет-ғұрып құқықтарындағы қылмыс пен жаза ұғымдарының ара қатынасы зерттеледі.
Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа негізделген. Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс болып саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың қылмыс құқығы

Қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін келеңсіз құбылыс
болғандықтан, оған қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан да
қылмысқа қарсы күрестің негізгі механизмін ата-баба құқықтарынан, құқықтық
мәдениетімізден іздегеніміз абзал. Қоғам үшін құқықтық сананы
қалыптастырып, қылмыстың күнә, теріс әрекет екендігін бесіктегі баладан
бастап бойына сіңіре білсек, болашақ қоғам үшін жағымды бетбұрыс жасау деп
түсінеміз. Осы айтылғандарға байланысты мұсылман құқығы мен қазақ әдет-
ғұрып құқығының зерделенуі мен оның маңыздылығын жете түсіну әлеуметтік-
құқықтық мәнділікке ие екендігі айқын бола түседі.

Тарихымыздың қай кезеңі болса да, дін әрқашан адамдардың өзін-өзі
қорғау жаман қылықтардан арылып, жақсылыққа шақыру құралы болған. Әрбір
жанұяға, жеке адамға, қоғамға бір сөзбен айтқанда барлық халыққа жақсы жол
көрсететін амалдар қарастырылған. Өте ауыр сынақтардан өтуге, жарық күнге
ұмтылып өмір сүруге шақырған, сендірген және өз кезегінде адамдарға күш-
қуат сыйлайтын, жігерін арттыратын, бір-біріне мейірбандылығын асыратын игі
идея іске асырылған. Сондықтан да болар қылмыс пен жаза мәселесі мұсылман
құқығы және қазақ әдет-ғұрып құқығы негізінде еш үйретілмеген деу әділеттік
емес.

Жоғарыда айтылып өткенге қатысты дипломдық жұмыста мұсылман құқығы мен
қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдары, олардың қазақ әдет-
ғұрып құқығындағы негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың дамуына әсері,
мұсылман және әдет-ғұрып құқықтарындағы қылмыс пен жаза ұғымдарының ара
қатынасы зерттеледі.

Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа негізделген.
Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс болып
саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-
әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген
дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.

Қылмыс әлеуметтік құбылыс болып саналады. Заңгер ғалымдар қылмыстың
ұғымына қатысты әртүрлі пікірлер айтады. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша
қылмыстың түсінігі өзіндік ерекшеліктерге де ие.

Орта ғасырлардағы мұсылман құқықтанушылары мен қазіргі заман зерттеушілері
құқық бұзушылықтың бірнеше қағидаларын қарастырған. Олардың көзқарастарын
талдау мұсылман қылмыстық құқығын тағы да терең зерттеуге әсер етті.
Шариғатта қылмыс сөзі адамның жанына немесе ағзаларына зиян келтіру
мағынасын білдіреді.

Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық
мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді.Қазақтың әдет-ғұрпында
қылмыстың табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының
күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге
немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.

Жаза тағайындау институтын оқып үйрену барысындағы жүйелеу жоспарын
саралау, ең алдымен, әдет-ғұрып заңдарынан бастаудың да өзіндік
алғышарттары бар заңды құбылыс. Қылмыстық жазаның пайда болу тарихы терең
екендігі біздерге әуелден белгілі. Қандай да болмасын мемлекеттің өзіндік
даму сипаты болды және олар сол қоғамдағы қылмыстар үшін өздеріне оңтайлы
жазаларды қолданған. Қазақтың әдет-ғұрыпында немесе мұсылман құқығының
тыйым салушы талаптары жазамен тікелей байланысты болып келді.

Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,
оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары
мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған
ортаны, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Қазақ елінің әдет - ғұрып құқығындағы қылмыстық жазалар
Қазақ сахарасындағы әдет-ғұрып құқығы
XV-XVІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып құқығы
Құқықтық әдет, оның құқықтың бастау көзі ретіндегі орны
Қазақтың әдет заңындағы қылмыстық істер, оны жазалау
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қазақтың әдет - ғұрып құқығының бастаулары
Әдеттегі құқықтың көздері
Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық жазасының жалпы сипаттамасы
Пәндер