Қазақстанның Ресейге еркімен қосылуының алғашқы кезеңдегі шолып – барлау мақсатындағы зерттеулер(1731-1819)


Қазақстанның Ресейге еркімен қосылуының алғашқы кезеңдегі шолып - барлау мақсатындағы зерттеулер(1731-1819)
XVIII ғасырдың басында Ресейдің экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірінде орын алған терең өзгерістер ғылымды дамытуда да елеулі серпілістер туғызды. Әлбетте, бұл өзгерістер орыс мәдениеті қалыптастыруының сан ғасырлар бойғы тарихи заңды құбылыс еді. Бәрінен бұрын өнеркәсіп өндірісін кеңейту және мемлекетті нығайту негізінде қол жеткен деген қажеттілікті шұғыл арттырды. Тұңғыш жоғары оқу орындары экономикалық және саяси жетістіктері ғылыми әрі техникалық білімдерге ашылды. 1725 жылы Петербург Ғылым академиясының ашылу сол дәуірдегі Ресейдің ғылым өміріндегі аса ірі оқиға болды. Әрі оның дүние жүзіндегі көпшілік академиялырдан бір өзгешелігі - ол мемлекеттік мекеме ретінде шаңырақ көтерді. Ресейдің жан-жақты кемелдендіріп, өркендету үшін ғылымды дамыту ісіне орасан зор талаптар қойылды. Тек қана аса ірі ғылым орталағы емес, сонымен қатар орыс ғалымдарының тұғыш легін баулып тәрбиелеген оқу орнына айналған Ғылым академиясы алда келелі міндеттерді шешуге белсене атсалысты.
Ресейде оқу -ағарту ісі мен ғылымының өркендеуі XVIII ғасырдың екінші ширегінен бастап Қазақстан территориясының зерттеуге айтарлықтай себін тигізді. Геодезистер, географтар, шығыстанушылар кадрларын даярлау негізінде көптеген ғылыми экспедициялар ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Бұл шаралар өте - мөте маңызды тарихи оқиғамен - Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуымен тұспа -тұс келді.
XVIII ғасырда көшпенді қазақтар, негізінен шығыста - Балқаш көлінен бастап Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі, оңтүстікте Сырдария өзенінен бастап, Шу, Талас өзендеріне, Батыста Қараторғай өзеніне дейінгі жерлерді мекендеді. Қазақстанға Жоңғар феодалдарының шабуылы XVIII ғасырдың 40-жылдарында Жетісу арқылы басталды. XVIII ғасырдың 80-жылдары жоңғар әскерлері Сырдария аймағына басып кіріп, бірнеше қаланы жаулап алды да қазақтар сауда - қолөнер орталықтарынан үзіп қалды.
Сырттан төнген саяси және соғыс қаупі Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің өркендеуін тежеді. бастарына осындай ауыр күн туған қазақтар бұл зауалдан құтылудың бірден -бір жолы Ресейдің қол астына кіру екенін түсінді. Сондықтан олар Ресейден жәрдем сұрап, қол ұшын беруді өтінді. 1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылуы басталды. Қазақстанның орыстардың қол астына кіруі қазақ халқының түбірлі мүдделеріне дөп келді.
Ш. Уалиханов Жоңғар шапқыншылығын былай деп жазды: «Зұлым жоңғарлар жапа - тармағай өкшелеп қуған қырғыздар жол бойы бала-шүағасын, кемпір-шалдарын, дүние - мүлкін, көтерем малдарын тастап, үйірінен безіп үріккен киіктей оңтүстікке қарай зытуда. Зәре -құты қалмаған орта жүздіктер - Самарқан маңында, кіші жүздер - Хиуа мен Бұқар төңірегінде бас сауғалауда. . Орта Азияның жосылған құмайт шөлдерінен малға жайылым таба алмай әрі жаңа көршілермен ортақ тілге келе алмай жанжалдасқан олар аса қуатты Ресейден жәрдем мен қорғаныш іздейді».
Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу процесі 140 жылға дерлік уақытқа созылып, тек ХІХ ғасырдың 60-жылдарына жақындағанда ғана аяқталды.
Қазақстанның батыс бөлігінің Ресейге қосылуы патша үкіметінің қыр еліне жаңадан екі қала салу жөніндегі жоспарын іске асыруға жол ашты. Бірі орыс-қазақ шекарасында, ал екіншісі - Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында ірге тепкен бұл қалалар патша ұкіметінің Шығысқа ықпалы бұрынғыдан бетер күшейтуі үшін оның арқа сүйер пункті болуы тиіс еді. Қазақстанға аттанатын ең ірі экспедицияларының бірі И. К. Кириловтың басшылығымен 1734 жылы ұйымдастырылды. Орынбор экспедициясы деп аталған бұл топтың алдына жоғарыда аталған екі қаланы салатын жерлердің табиғат жағдайларын зерттеу мақсаты қойылды.
И. К. Кириллов ( 1689-1737 жылдар) - орыс география ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқан белгілі мемлекет қайраткері, Ресейдегі картографиялық жұмыстарды басқарған. Оның Ресейдің географиялық - статистикалық жағынан сипатталған еңбегі ғылымға мәлім. Шығарма «Бүкілресейлік мемлекеттің гүлдену жағдайы» (1727 жыл) деген атпен 1831 жылы ғана басталды. И. К. Кирилловтың басшылығымен 1734 жылы жарық көрген Ресей Атласы үшін отызға жуық карта құрастырылған. Бұл каррталарда қазақ даласы да бейнеленген.
И. К. Кириллов Орынбор экспедициясына қатысу үшін жан - жақты дайындалды. Ол Э. Биронға «осы экспедицияның идеясы мен ұйымдастыру жоспарын он алты жыл басымда жүрді» - деп жазды. Алайда уақытсыз келген ажал И. К. Кирилловқа ойлаған істерін түгелдей іске асыруға мұрша бермеді. Оның жрспары бойынша Ор өзенінің жағасынан Орынбор қаласы салына бастады. Кейін құрылыс басқа жерге ауыстырылып, тек 1743 жылы оның қала ретінде іргесі қаланды. Содан бастап Орынбор бүкіл Дала өлкесінің әкімшілік орталығына айналып, қазақтардың орыс халқымен жақындасуы үшін орасан зор роль атқарды. И. К. Кирилловтың басшылығымен Орынбор өлкесінің картасы жасалып, оған Кіші және Орта жүздердің жерлері кірді (1737 жыл) . Сол уақыттан бастап қазақ жері орыс карталарының бәрінде де бейнеленетін болды.
И. К. Кириллов қаза болғаннан кейін Орынбор экспедициясына бастық болып аса көрнекті орыс ғалымы әрі мемлекет қайраткері В. Н. Татщев (1686-1750) тағайындалды. Ол қазақ даласында көбіне тарихи - этнографиялық зерттеулер жүргізді. Ғалымның «Ресей тарихы» (1739-1750 жылдар), «Ұлы Ресей империясының тарихи және географиялық сипаттамасы кіріспе» (1744-1745 жылдар), «Ресейдің траихи, географиялық және саяси лексиконы» (1745 жыл) еңбектерінде қазақтардың тарихи мен этнографиясының мәселелеріне, Ресей халықтарын тіліне қарай жікке бөлуге ( ол қазақтарды «скиф» тобына жатқызады) айтарлықтай орын берілген.
В. Н. Татищев кітаптарында геошрафиялық атаулар мен терминдердің түсініктемелерін енгізіп өзі болған аймақтарының табиғатына жалпы сипаттама берген. Ғалым даланы географиялық тұрғыдан тексеріп зерттеудің ғылыми негізделген тұңғыш программасын жасады. Мәселен, 1734 және 1737 жылдары В. Н. Татищев «Ресейге тарихы мен географиясын жазу жөнінде ұсыныс» деген атпен географиялық - этнографиялық анкетаның екі түрін құрастырған. Автордың Ресейді мекендеген халықтардың өздеріне тән төл аттарына, олардың шығу тегіне, әдет-ғұрпына, салтына, діни сеніміне, тіліне, фольклорына және басқаларына ден қойғанын анкета сұрақтарынан байқауға болады.
XVIII ғасырда 30-жылдарының аяғы мен 40-жылдарының басында дипломатиялық тапсырмамен Карл Миллердің экспедициясы Орта Азия мен Қазақстанға екі дүркін келген. Алғашқы жолы ол Ташкентте болып, екіншісінде Жоңғар хандығының шекараларына дейін жеткен, өкінішке орай, оның есептері сақталмаған. К. Миллердің Орск қаласынан бастап Жоңғар еліне дейін және кері қайтарында өзі сапар шеккен жерлердің картасын жасағаны басқа деректерден мәлім. К. Миллердің материалдарын бастырып шығарған Я. В. Ханыков былай деп жазды: «Бұл документ Аралдың шығыс жағында жатқан елдер жайында тұңғыш ақиқат мәлімдеме ретінде әрдайым назар аударып келді. Ал оның үстіне шығарма әлі күнге дейін осы тектес деректердің ішіндегі ең дұрысы. Өйткені Сарысу өзенінің оңтүстік жағындағы К. Миллер жүріп өткен жолды одан кейін бірде -бір білімді саяхатшының аяғы басқан емес».
Я. В. Ханыковтың айтуы бойынша К. Миллердің картасы шығыс бойлықтың 66°және 97° мен солтүстік ендіктің 44° және 52° аралығында, ы кеңістікті қамтыған. Оның Орск қаласынан бастап Жоңғар еліне дейінгі жолы сызықшалармен көрсетілген. Қазақ территориясының су жүйесі картаға біршама толық түсірілген. Өзендерден Үлкен Торғай, Сарысу (картада - Сара), Шу ( Цуй), Талас, көлдерден - Шалқар - Теңіз (Ақсақал) белгіленген. Картада Қаратау жотасының орнына Кулышлы мен Бакарлы таулары бейнеленген. Саяхатшының өзі болмаған жерлер картаға түсірілмеген.
1740-1741 жылдары Д. В. Гладышев мен И. Муравиннің экспедициясы қазақ жерлерінің географясын зерттеуге елеулі үлес қосқан. Экспедицияс Ресейдің қол астына кірген Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Сырдария өзенінің сағасынан орыс қаласын салу жөніндегі өтініші бойынша ұйымдастырылған. Ал патша - ағзам ертеректе қала салып беру жөнініде еткен-ді. Сол өтінішті орындауға шешім қабылдаған үкімет Сырдария өзененің сағасын зерттеу үшін әлгі экспедицияны жасақтаған. Оның құрамына басшылары Д. Б. Гладышев және И. Муравинмен бірге инженер Назимов, аудармашы У. Арсланов және бірнеше қазақ кірген. Экспедиция материалдарын кезінде П. И. Рычков зерттеп, пайдаланған-ды. Бірақ ол деректерді тек 1850-1857 жылдары ғана Я. В. Ханыков жарыққа шығарған.
1740-1741 жылдардағы экспедицияның «Мәлімдемесінде» Орск қамалынан бастап Сырдария өзенінің са, асы арқылы Хиуа қаласына дейінгі және кейін қайтқан жол суреттелген. Зерттеушілер басып өткен жерлер арнайы журналда көрсетілген (82 пункт) . Орск қаласынан шыққан соң Сырдария өзенінің сағасына дейінгі жолда авторлар жер бедерінің мынадай түрлерін байқаған: таулар, құм төбелер, адырла, құмайтты қыраттар, үлкен сырт, кішкене сырт, құмайт сырт, ойпаң жерлер, тегіс жерлер. Сондай - ақ топырақ түрлері тастақты, сыздауытты, құмдақ және ойпаң жерлердегі қара топырақ болып жіктелген. Өсімдіктерден көктерек, қайың, өараған, сексеуіл, ырғай, тобылғы, тал, жүзген, жусан және қамыс аталған. И. Муравин жасаған ландкарта ( жер бедерінің картасы) географиялық тұрғыдан айрықша көңіл аударалық. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы бұл картаның Я. В. Ханыков жариялаған көшірмесін пайдаланып келді. Бертін келе ғана, 1956 жылы Орталық мемлекеттік және актілер архивінен ( қор 181) картаның көлемі 49х137, 5 см түпнұсқасы табылды. Ол «Орск қамалынан басталып Қырғыз, Қарақалпақ, Арал көлдері арқылы Хиуа қаласына дейін баратын жолды және Арал теңізінің Сырдария, Қуаңдария, Ұлыдария өзендері құятын бөлігін қамтитын жаңа ландкарта» деп аталады. Картаны алғаш тауып, түсініктеме жазған Р. Л. Югай еді. Картада Арал теңізінен басқа Ор, Ырғыз, Сырдария өзендері, Мұғалжар ( Мугодзар) таулары, құмайт шөлдер - Борсық және Арал төңірегіндегі Қарақұм бейнеленген.
Картаның масштабы шақырым өлшемімен берілген. Бастапқы мередиан шығыс бойлықтың 57° шамасында жобамен алыңған, карта солтүстік ендіктің 40° және 51° мен шығысы 57° және 60° арлығындағы кеңістікті қамтиды.
Картаға кірген жер атаулары түгелдей Арал теңізінің шығыс жағалауы бойына орналастырылған. Жер бедері мен өсімдік дүниесін бейнелейтін щартты белгілер ретінде төбешіктер мен шоқ бұталар қлданылған. Оларға қоса қысқаша түсініктеме текстер де берілген.
И. Муравин өлшемдерінің өте дәлдігін атап көрсеткен жөн. Ол Арал теңізінің шығыс жағалауы мен оңтүстік Қызылқұм территориясын сызу құралдарын пайдаланып картаға түсірген. Мұны И. Муравинге қарап Арал теңізінің шығыс шекараларын сызған Я. Ханыковтың картасынан (1850 жыл) байқауға болады. 1849 жылы Аралды картаға түсірумен айналысқан. И. А. Бутаков та И. Муравин картасының дәлме-дәлдігін растайды. И. Муравиннің картасында кейін қиратылып ізі қалмаған қалалар, сондай-ақ құрғап немесе арналары өзгерген өзендер де көрсетілген. Сондықтан да ол аса маңызды тарихи документ болып саналады. И. Муравин картасының басқа екі нұсқасы Орталық мемлекеттік әскери-тарихи архивтің қорында сақталған. Олар 1741, 1743 жылдары жасалған деп көрсетілген. Бұл екі нұсқа да түсіндірме текстер жоқ.
Орталық мемлекеттік әскери-тарихи архивтің қорында (қор №416, іс 358) аты-жөні белгісіз автор 1746 жылы жасаған Орынбор губерниясының тағы бір ландкартасы бар. Онда XVIII ғасырдың ортасында Ертіс бойында орыс қамалдары ірге тепкен Шығыс Қазақстанның территориясы, сол сияқты батыс аймақтар - Жайық пен Жем өзендері толық бейнеленген. Орталық Қазақстан жерінің орнына «қырғыз -қайсақ даласы» деп жазылған. Картада Каспий және Арал теңіздерінің шығыс жағалаулары біршама дұрыс көрсетілген. Бұлар И. Муравиннің сызған суреттердің (1741 жыл) негізінде картаға түсірілген. Сырдария өзенінің сағасында үш шағын көл көрсетілген. Мұнда «Сырдария қазіргі уақытта арнасы кеуіп қалған тек ара-тұра ғана су түсетін Қуаңдария өзені бөлінеді» деген жазу назар аударарлық. Сарысу өзені Сырдария өзеніне жетпей үзілген қалпында бейнеленген. Сарысу өзенінің картадағы ерекшелігі сол оның арнасы жеті бірдей көлді басып өтеді. Осы күнгі крталардан да тап осындай көріністі байқауға болады. Шу өзені секілді, Сарысу да көлшікитер тізбегіне барып тіреледі. Сарсу өзенінен шығысқа қарай аты жоқ көл салыңған. Оның сызылу пішініне қарап Балқаш көлі екенін аңғаруға болады. Осы көлге Хобь-Ярь өзені құяды, Іле өзені сияқты Алтай орнына тауларды бейнелейтін төбешіктер көрсетілген. Картаны құрастырушы, сірә, көбіне - көп сулар мен олардың төңірегіне қоныстанған елді мекендеген назар аударғанға ұқсайды, ол жер бедерін арнайы зерттелмеген болса керек.
XVIII ғасырдың ортасында Ресейдің әлеуметтік - экономикалық және мәдени жағынан айтарлықтай өркендеуіне байланысты елде ғылымды дамытуда да елеулі серпіліс туды. Бұл дәуірде Ресейде ғылым-білімнің қарыштап қанат жаюы ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносовтың (1711-1765) есімімен тікелей байлансыты. Атақты ғалым орыс емес халықтарға зор ілтипатпен көңіл бөліп, орыс оқымыстыларын олардың тарихын, географиясы мен мәдениеті кеңінен зерттеуге шақырды. М. В. Ломоносовтың басшылығымен Ресей Ғылым академиясы өз өлкелерінің табиғат жағдайларын, тарихын зерттеумен тікелей шұғылданатын жергілікті ғылыми кадрларды тәрбиелеуге назар аударды.
1759 жылы Ресей Ғылым академиясы өзінің арнайы шешімінде былай деп жазды: «Ғылым академиясы Ресей мемлекетінің барлық елдері хақында толық мағұлматтар иемденуге бар кұшімен талпына отырып, империяның шалғай жатқан мұқым жерлерінде ғылымға икемді һәм ынталы адамдар қолда болуын қалап, олар жөнінде хабарлауды мақұл көрер еді. Акдемия ондай адамдарға ықтияттық білдіріп, талаптарын құптар еді».
Орынбор экспедициясы ұйымдасқан күннен бастап қызмет еткен П. И. Рычков (1712-1777 жылдар) осындай ғалымдардың бірі болды. Ғылыми еңбектері үшін кеәін ол Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
П. И. Рычков Орынборда 43 жыл тұрып жұмыс істеді. Осы мерзім ішінде ол Қазақстан мен Орта Азияның тарихы мен географиясы жөнінен мол материал жинады. Өлкенің адам сирек баратын аймақтарында болған көптеген саяхатшылар дың деректерінен толықтырып отырды. Сонымен қоса П. И. Рычков Орынбор қаласында жинақталған әдебиет пен архив материалдарды мұқият зерттеді. Осының бәрі зерттеушіге Орынбор өлкесінің және осы күнгі Қазақстан мен Орта Азияның іргелес жатқан территорияларының тарихы мен географиясына қатысты толып жатқан мәселелерді ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді.
П. И. Рычковтың тұңғыш ғылыми еңбектерінің бірі - «Орынбор қаласының сипаттамасы» (1744 жыл) . Онда қаланың негізінің қалануы, салыну тарихы, оның халқы мен табиғат жағдайлары туралы деректер берілген. Өзі тектес еңбектер арасында тұңғыш тарихи-географиялық шыңарма ретінде ол осы бағыттағы кейінгі зерттеулер үшін тәуір негіз болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz