Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі



1 . бөлім. Жалпы ережелер
1.тарау. Қазақстан Республикасының Азаматтық
іс жүргізу заңдары
2.тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің
міндеттері мен принциптері
3.тарау. Ведомстволық бағыныстылық және
соттылық
4.тарау. Соттың құрамы, қарсылық білдіру
5 тарау. Іске қатысушы тұлғалар
6.тарау. Сотта өкілдік ету
7.тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу
8.тарау. Сот шығындары
9.тарау. Мәжбүрлеу шаралары
10.тарау. Іс жүргізу мерзімдері
11.тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
2 . бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу
1.бөлімше. Бұйрық арқылы іс жүргізу
13.тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
2.бөлімше. Талап қою бойынша іс жүргізу
14.тарау. Талап қою
15.тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету
16.тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
17.тарау. Сотта іс қарау
18.тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі
19.тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
20.тарау. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту
21.тарау. Арызды қараусыз қалдыру
22.тарау. Сот ұйғарымы
23.тарау. Хаттамалар
24.тарау. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару
3.бөлімше. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу
25.тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу
Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.
4. Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол осы Кодекстің 26-бабының ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
3-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 144 бет
Таңдаулыға:   
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.02.2009 14:21:30

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
(Астана, 1999 ж. 13 шілде № 411-I)
(2008.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
 
1 -  бөлім.  Жалпы ережелер                                    (1 - 135
баптар)
   1-тарау.  Қазақстан Республикасының Азаматтық              (1 -   4
баптар)
  іс жүргізу заңдары
   2-тарау.  Азаматтық сот ісін жүргізудің                    (5 -  23
баптар)
  міндеттері мен принциптері 
   3-тарау.  Ведомстволық бағыныстылық және                   (24 -  36
баптар)
соттылық
   4-тарау.  Соттың құрамы, қарсылық білдіру                  (37 -  43
баптар)
   5 тарау.  Іске қатысушы тұлғалар                           (44 -  57
баптар)
   6-тарау.  Сотта өкілдік ету                                (58 -  63
баптар)
   7-тарау.  Дәлелдемелер және дәлелдеу                       (64 -  99
баптар)
   8-тарау.  Сот шығындары                                     (100 - 117
баптар)
   9-тарау.  Мәжбүрлеу шаралары                                (118 - 122
баптар)
   10-тарау. Іс жүргізу мерзімдері                             (123 - 128
баптар)
   11-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары                  (129 - 135
баптар)
2 -   бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу                (139 - 331
баптар)
  1-бөлімше. Бұйрық арқылы іс жүргізу                         (139 - 149
баптар)
   13-тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу                         (139 - 149
баптар)
  2-бөлімше. Талап қою бойынша іс жүргізу                     (150 - 271
баптар)
   14-тарау. Талап қою                                         (150 - 157
баптар)
   15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету                       (158 - 165
баптар)
   16-тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу                       (166 - 173
баптар)
   17-тарау. Сотта іс қарау                                   (174 - 216
баптар)
   18-тарау. Сот шешімі және оны атқару тәртібі               (217 - 241
баптар)
   19-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру             (242 - 246
баптар)
   20-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту                 (247 - 248
баптар)
   21-тарау. Арызды қараусыз қалдыру                          (249 - 250
баптар)
   22-тарау. Сот ұйғарымы                                      (251 - 254
баптар)
   23-тарау. Хаттамалар                                        (255 - 259
баптар)
   24-тарау. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару     (260 - 271
баптар)
  3-бөлімше. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу                   (272 - 288
баптар)
   25-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар     (272 - 274
баптар)
   мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын
  қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу
   26-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді         (275 - 277
баптар)
       қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды
         адамдардың) қаулыларына дау айту туралы
           істер бойынша іс жүргізу
   27-тарау. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі          (278 - 282
баптар)
       басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің,
        ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік
          қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне
           (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы
            іс бойынша іс жүргізу
   28-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына      (283 - 285
баптар)
          орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу 
   29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың    (286 - 288
баптар)
           актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану  
            туралы жүгінуі
  4-бөлімше. Ерекше іс жүргізу                                 (289 - 331
баптар)
   30-тарау. Жалпы ережелер                                    (289 - 290
баптар)
   31-тарау. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау             (291 - 295
баптар)
   32-тарау. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе     (296 - 301
баптар)
      азаматты қайтыс болды деп жариялау
   33-тарау. Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі           (302 - 308
баптар)
     немесе әрекетке қабілетсіз деп тану
   34-тарау. Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп     (309 - 312
баптар)
    жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
   35-тарау. Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің       (313 бап)
   банкроттығы туралы істерді қарау
   36-тарау. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және            (314 - 317
баптар)
  жылжымайтын
   36-1 тарау. Ұл (қыз) асырап алу туралы                     (317-1 - 317-
5 баптар)
өтініштер бойынша іс жүргізу
   37-тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының              (318 - 320
баптар)
  жаңсақтықтарын анықтау     
   38-тарау. Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды         (321 - 323
баптар)
жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар
   39-тарау. Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы            (324 - 331
баптар)
   қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар
  бойынша құқықтарды қалпына келтіру
(шақыртылып іс жүргізу)
3 -   бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу     (332 - 409
баптар)
   40-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағымдану,           (332 - 346
баптар)
    наразылық келтіру
   41-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша      (347 - 369
баптар)
             істерді қарау   
   43-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу актiлерi,        (384 - 403
баптар)
   осы тарауда көзделген негiздер болған сот
  қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
   44-тарау. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар        (404 - 409
баптар)
             мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар
             бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу
4 -   бөлім. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін             (410 - 412
баптар)
жүргізуді қалпына келтіру                  
5 -   бөлім. Халықаралық процесс                               (413 - 426
баптар)
   45-тарау. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша        (413 - 426
баптар)
             іс жүргізу

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу заңдары

1-бап. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы
Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және
өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы
заңдары
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін
жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының
Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері
мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге
заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының
құрамдас бөлігі болып табылады.
3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек,
тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан,
табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар
бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін
белгілейді.
4. Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа
сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол осы Кодекстің 26-
бабының ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

3-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды
қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол
Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан
Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда
Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық
заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері
қолданылады. Осы Кодекс нормалары мен өзге заңдардың арасында қайшылық
болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар осы Кодекстен
басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы
талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей
қолданылады.

4-бап. Азаматтық іс жүргізу заңының уақыт жағынан қолданылуы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу
шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың
күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша
шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды.
3. Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген
заңға сәйкес белгіленеді.

2-тарау. Азаматтық сот ісін жүргізудің
міндеттері мен принциптері

5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және
ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық
бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

6-бап. Заңдылық
1. Cот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде
Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да
нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтарына
және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге
де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс
жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні
конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот
Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта
басталады.
3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот
актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда
белгіленгендей жауапты болады.
4. Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға
сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікті асыра пайдаланып шығарылған деп
тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.
5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған
жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал
мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен
мағынасын негізге ала отырып шешеді.
6. Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті
мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен
парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

7-бап. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында
белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік
өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп
соғады.
2. Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші
болмайды және орындалуға тиісті емес.
3. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге
асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген
азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың
шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.
4. Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен
тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.

8-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта
қорғау
1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды
тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың
немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және
азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік
мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.
3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын
өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін
ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне
қабылдауға құқығы жоқ.
4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз
болады.

9-бап. Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу
1. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы
адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен
іс-әрекеттерге тыйым салынады.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян
заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы
сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы
Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында
болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы
сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығы бар.
Азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей
белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

11-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық
1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз
мүлкінен айыруға болмайды.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын
және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою осы
Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша жүргізілуі мүмкін.

12-бап. Судьялардың тәуелсіздігі
1. Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету
болмайтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі
қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша
жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
3. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен және заңмен белгіленген.

13-бап. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі
1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік
негізінде жүзеге асырылады.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:
азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы
шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі,
ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі
себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге
тиіс;
заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың
ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына,
меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
3. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты
азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының
Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы
бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.

14-бап. Сот ісін жүргізу тілі
1. Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал
қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі
немесе басқа тілдер бірдей қолданылады.
2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай
сот ұйғарымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу
бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
3. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іске
қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде
мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс
материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен
аудармашының қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз
етіледі.
4. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған
істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот
тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға
сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне
тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.
5. Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар
білетін басқа тілге аударылып беріледі.

15-бап. Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы
негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын
пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.
2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап
алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар
мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын
анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда
тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен
қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.
3. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің
мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске
асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың
құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың
немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген
жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс
жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде
қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
4. Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды.

16-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау
1. Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты
және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл
орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.
2. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

17-бап. Куәлік жауап беру міндетінен босату
1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын
туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес.
2. Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сенім білдірген адамға қарсы
куәлік беруге міндетті емес.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда
аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да
болсын жауапқа тартылмайды.

18-бап. Білікті заң көмегін алуға құқықты қамтамасыз ету
1. Әр адамның азаматтық процесс барысында осы Кодекстің ережелеріне
сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

19-бап. Сотта істі қараудың жариялылығы
1. Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық
жүргізіледі.
2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді
хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық,
коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар
өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету
қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-
жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған
кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген
жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот
отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың
келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл
адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында
жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс
және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған
жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.
4. Соттың жабық отырысында істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар,
олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар,
аудармашылар да қатысады.
5. Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым
шығарады.
6. Сот отырысының залына, егер іске қатыспайтын адамдар болса немесе куә
болмаса, он алты жасқа толмаған азаматтар жіберілмейді.
7. Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық
ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
8. Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың
сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс
жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға
және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар
жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген
рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты
жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

20-бап. Сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Сотта істі қарау соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда жүргізіледі. Судьялар мен сот
отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында төрағалық етуші істі қарау кезінде қатысқысы келетін адамдарға
тексеру жүргізу, оның ішінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды
тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы
өкім бере алады.

21-бап. Сот актілерінің міндеттілігі
1. Сот азаматтық істер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар,
қаулылар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды.
2. Заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен
бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары,
тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер,
басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей
міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз
орындалуға тиіс.
3. Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың
бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
4. Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де
көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

22-бап. Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы
1. Соттың әрекеттері мен шешімдеріне осы кодексте белгіленген тәртіппен
шағым жасалуы мүмкін.
2. Іске қатысушы адамдардың осы кодексте белгіленген тәртіппен шешімді
жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.

23-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен
маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.

3-тарау. Ведомстволық бағыныстылық және соттылық

2008.05.07. № 58-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
1. Егер бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен
қорғалатын мүдделерді қорғау осы Кодекске және басқа заңдарға сәйкес өзгеше
сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар
азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.
2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық,
еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық
қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір
тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан
туындайтын даулар бойынша талап қоюды қарайды.
Корпоративтік дауларға:
1) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;
2) акционерлердің (қатысушылардың, мүшелердің) мүдделерін қозғайтын
заңды тұлға органдарының шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау
айту туралы заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының, мүшелерінің)
талаптарынан туындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде және (немесе) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында белгіленген
мәміле жасасу тәртібін бұзуға байланысты;
3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының акцияларға және өзге
де бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуына байланысты қызметінен
туындайтын;
4) акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеудің, сондай-ақ эмитент акцияларды
орналастыру, иемдену, сатып алу процесінде жасаған мәмілелердің жарамсыз
деп танылуына байланысты заңды тұлғалар (коммерциялық емес ұйымдардың
арасындағы дауларды қоспағанда) арасындағы даулар, сондай-ақ даулардың
тарапы заңды тұлға және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері)
болып табылатын даулар жатады.
3. Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылданған актіге
сотта дау жасалуы мүмкін.
4. Соттар осы Кодекстің 25-29-тарауларында келтірілген ерекше талап
қойылған іс жүргізу істерін қарайды.
5. Соттар осы Кодекстің 289-бабында келтірілген ерекше іс жүргізу
істерін қарайды.
6. Егер халықаралық шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе
тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, соттар шетелдік азаматтар,
азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел
қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де
қарайды.
7. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа
бағынысты болады.

25-бап. Дауларды аралық соттың шешуіне беру
Сотқа бағынысты мүліктік дау, оған заң актілерінде тыйым салынбаған
кезде және осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына
сәйкес, тараптардың келісімі бойынша аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.

26-бап. Сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығы
1. Біреулері - сотқа, ал басқалары сот емес органдарға ведомстволық
бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде барлық
талаптар сотта қаралуға тиіс.
2. Нақты даудың кімге бағыныстылығына қатысты күмән немесе қолданыстағы
заңдарда қиғаштықтар болған жағдайда оны сот қарайды.

27-бап. Аудандық (қалалық) сотта және оған теңестірілген соттың
соттауына жататын азаматтық істер
Осы Кодекстің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда, азаматтық
істер аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарда қаралып,
шешіледі.

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 28-бап жаңа редакцияда; ҚР 02.07.03 ж. №
451-II; 09.07.04 ж. № 583-II (бұр.ред. қара); 2005.23.02 № 33-III  ;
 2005.08.07 №  67-III  (бұр.ред. қара) ;  2006.05.06 № 146-III  (бұр. ред.
қара)   ҚР  Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың соттауына жататын
азаматтық істер
1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар
ретінде:
1) 02.07.03 ж. № 451-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) 2005.30.12  № 111-III    ҚР  Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)
 
3) министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретiн органдардың
нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы;
4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау
комиссияларының, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың) референдум комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы азаматтық iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi лауазымды адамдарының
заңға қайшы әрекеттерiне талап қоюы жөнiндегi iстердi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң, министрлiктер мен басқа да республикалық атқарушы
органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын,
есеп беретiн органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына,
ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтiк емес актiлерiне дау айту туралы,
Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында
экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдiк немесе
халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы
iстердi Астана қаласының соты қарайды.
3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Алматы
қаласының өңірлік қаржы орталығының лауазымды адамдары мен органдарының
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануы туралы істерді, басқа да
азаматтық істерді, егер тараптардың біреуі Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қатысушысы болса, мамандандырылған қаржылық соты қарайды. 
 
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II ; 09.07.04 ж. № 583-II (бұр.ред. қара)
Заңдарымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында соттауға жататын
азаматтық істер
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірінші саты бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне;
2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерi мен
әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ Орталық референдум комиссиясының
шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) дау айтуы туралы iстердi
қарайды.
3) алынып тасталды
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес басқа да істер
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында қаралуға жатқызылуы мүмкін.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған даулар туралы
істердің Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңға сәйкес
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзыретіне кірмейтін бөлігі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында қаралуға жатады.
 
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; ҚР 02.07.03 ж. №
451-II  ; 2005.30.12  № 111-III  (бұр. ред. қара) ;  2006.05.06 № 146-III
 (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 64-IV (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 58-IV
(бұр.ред.қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы

1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, осы Кодекстiң 28-
бабының бiрiншi бөлiгiнiң  3), 4) тармақшаларында, екінші және үшінші
бөліктерінде , 29-бапта көзделген iстердi қоспағанда, тараптары заңды тұлға
құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып
табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, сондай-ақ
корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi қарайды.
1-1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрілген әкiмшілік
соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дауласу туралы iстердi
қарайды.
1-2. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери
құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген
азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды.
Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару
органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға
құқылы.
1-3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы даулар; ата-ана
құқықтарынан айыру (шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап
алу туралы; Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес
кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан)
туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды.
2. Азаматтық iстердiң басқа мамандандырылған соттардың соттауына
жатқызылуы осы Кодекспен белгіленедi.
Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса,
оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.
31-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою
Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Заңды тұлғаға
талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады.
 
32-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу
1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері
жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы
белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.
2. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы
мүмкін.
3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап
та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.
4. Алименттер өндіріп алу туралы және әке болуды анықтау туралы
талаптарды талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша да қоя алады.
5. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ
асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап
қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша
қоя алады.
6. Орындалу орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар да шарттың
орындалатын жері бойынша қойылуы мүмкін.
7. Некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған
балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер
тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның
тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.
8. Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар,
сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау
шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны
заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек,
зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар
талап қоюшының тұратын жері бойынша қойылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану
туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты
жері бойынша да қойылуы мүмкін.
9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талап қоюшының
тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу жері бойынша қойылуы
мүмкін.
10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ
теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы алу туралы талаптар
жауапкер тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша
қойылуы мүмкін.
11. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің соттылығын қоспағанда,
талап қоюшы осы бапқа сәйкес іс соттауына жататын бірнеше соттың арасынан
біреуін таңдап алады.
 
33-бап. Ерекше соттылық
1. Жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз
байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті
тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған
мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.
2. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұраны мұрагерлердің қабылдап
алуына дейін қойылған талаптары мұраға қалдырылған мүлік немесе оның
негізгі бөлігі орналасқан жердегі соттың соттауына жатады.
3. Тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау
шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін
органы орналасқан жер бойынша қойылады.
 
34-бап. Шарттық соттылық
Тараптар өзара келісім бойынша аталған істі қай соттың қарайтынын
аумақтық жағынан өзгерте алады. Осы Кодекстің 33-бабында белгіленген істің
соттылығын тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.
 
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Өзара байланысты бірнеше істің соттылығы
1. Әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап қоюшының
таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналасқан жер бойынша
қойылады.
Бiр арызға бiрiктiрiлген, әртүрлi соттардың соттауына жататын талаптар,
егер бұл ретте осы Кодекстiң 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы
бұл талаптарды бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлiмделген талаптардың бiрi
соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады.
2. Дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта
сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі
сотқа беріледі.
3. Қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген
кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, осы
Кодексте белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін
жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.

 

36-бап. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру
1. Соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс,
кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.
2. Егер:
1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты
жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;
2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін, сондай-ақ
назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе
аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;
3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза
отырып қабылданғаны анықталса;
4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.
3. Істің сол соттың соттауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын
сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым
шығарылады. Осы баптың екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында
көзделген жағдайларда істі беру жоғары тұрған сот судьясының ұйғарымымен
жүзеге асырылады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны
туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған
сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және
шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру -
бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда
шағымды қанағаттандырмай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін
жүргізіледі.
4. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған
сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға,
наразылық келтіруге жатпайды.

 

4-тарау. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

 ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 37-бап өзгертілді

37-бап. Соттың құрамы
1. Соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет
ететін судья жеке-дара қарайды.
2. Iстердi апелляциялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда
қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде
соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі
төрағалық етуші болып табылады.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық
судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және шешкен
кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір
мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға
құқылы емес.
2. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан
дауыс береді.
3. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті
және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол төрағалық етушіге
тапсырылады және мөр басылған конверттегі іске қоса тіркеледі. Ерекше
пікірмен апелляциялық және қадағалау сатыларындағы сот осы істі тиісті
сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар
екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір
соттың отырыс залында жарияланбайды.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 39-бап өзгертілді
39-бап. Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтіндігі
1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья сол істі
апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның
қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта
істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі
бірінші немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
3. Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан
судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда аталған
сатыларда осы iстi қарауға қайтадан қатыса алмайды.
4. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі
бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
1. Егер судья:
1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман,
аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы
ретінде қатысса;
2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы
болса;
3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның
әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі
қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.
2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.

 

2006.04.07. № 151-III ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының
хатшысына, сот приставына қарсылық білдіру үшін негіздер
1. Осы Кодекстің 40-бабының бірінші бөлігінде аталған қарсылық білдіру
үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының
хатшысына, сот приставына да қолданылады.
2. Сонымен қатар сарапшы немесе маман, егер:
1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан
немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не
осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.
3. Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының, сот
приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор,
сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде
қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Сараптама
қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргізілетін
жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы істі алдыңғы қарау кезінде сарапшы
ретінде қатысуы оған қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.
 
ҚР 11.07.01 ж. № 238-II; 2006.04.07. № 151-III (бұр. ред. қара) ҚР
Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемелер
және оларды шешудің тәртібі
1. Осы Кодекстің 40, 41-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде
судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот
орындаушысы, сот приставы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол
негіздер бойынша іске қатысатын адамдар қарсылық білдіретінін мәлімдеуі
мүмкін.
2. Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау
басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында
өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу
(қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық
білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған
жағдайда ғана жол беріледі.
3. Істі жеке-дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді
(өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа
судьясы, олар болмаған жағдайда - жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
4. Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі
өздігінен бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске
қатысушы адамдардың пікірін тыңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі
келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру
туралы мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық
білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судья
қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл
құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай
көпшілік дауыспен шешеді.
5. Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы
ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік
туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық
келтіруге енгізілуі мүмкін.
6. Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы
хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы
(қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
7. Өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың
ұйғарымымен шешіледі.

 

43-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемені
қанағаттандырудың салдары
1. Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі жеке-дара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Азаматтық іс жүргізу құқықғы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары
Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
Азаматтық іс жүргізу туралы мәлімет
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі
Пәндер