Судья мәртебесі



Кіріспе
1.Судьялар мәртебесі. Судьялардың құқықтық жағдайы.
2.Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі.
3.Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру.
4.Соттардың қызметін қамтамасыз ету.
Қорытынды және отпелі ережелер.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Судья– сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген.Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады. Қазақстанда барлық Судьялардың мәртебесі бірдей және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” заңымен және өзге де заңдармен айқындалады. Оған заңда көзделмеген соттан тыс атқарымдар мен міндеттер жүктелмейді, сондай-ақ ол қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізілмейді. Қызметке конституция мен заңдарға сәйкес сайланады немесе тағайындалады, оның қызметі аталмыш конституц. заңда көзделген негізде және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады. Судьялар ауыстырылмайды әрі тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген. Істі Судьялар алқасының құрамында қарайтын Судья істі қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелерді шешу кезінде төрағалық етушімен және басқа Судьялармен тең құқықта болады. Судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін, Судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Судья өзінің жоғары мәртебесіне сәйкес мемлекет есебінен материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандырылады
Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
1. Қазақ энциклопедиясы 8 том

2. ҚР конституциясы

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. Алматы, 2002, 3-баптың 4-тармағы.
4.«ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САЯСИ ЖЕДЕЛ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА» ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, «Егеменді Қазақстан» газеті 19 ақпан 2005 жыл.
5.Сартаев С.С. Об учреждении поста Президента Казахской ССР и внесении изменений и дополнений в Конституцию (Основной Закон) Казахской ССР. Доклад народного депутата, члена комиссии Президиума Верховного Совета Казахской ССР по подготовке законопроекта первой сессии Верховного Совета Казахской ССР (12 созыва). Казахстанская Правда, 1990, 25 апреля.
6.Баймаханов М.Т, Вайсберг Л.М., Котов А.К. Становление суверенитета Республики Казахстан. А., 1994, 111 бет.
7.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. Алматы, 2002 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Факультеті: Заң
Мамандығы: Құқықтану

СӨЖ
Тақырыбы: Судья мәртебесі

Қабылдаған: п.ғ.к аға оқытушы
Молдалиев М.С
Орындаған: Ержанов Н.Н
Тобы: ЗҚТ-111

Түркістан - 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1.Судьялар мәртебесі. Судьялардың құқықтық жағдайы.
2.Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі.
3.Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру.
4.Соттардың қызметін қамтамасыз ету.
Қорытынды және отпелі ережелер.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Судья– сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған
лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот
төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару
құқықтары берілген.Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың
отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын
қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады. Қазақстанда барлық
Судьялардың мәртебесі бірдей және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана
ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы” заңымен және өзге де заңдармен айқындалады. Оған заңда
көзделмеген соттан тыс атқарымдар мен міндеттер жүктелмейді, сондай-ақ ол
қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері
жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізілмейді.
Қызметке конституция мен заңдарға сәйкес сайланады немесе тағайындалады,
оның қызметі аталмыш конституц. заңда көзделген негізде және тәртіппен
тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады. Судьялар ауыстырылмайды әрі
тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге
асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған
немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне,
қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген. Істі
Судьялар алқасының құрамында қарайтын Судья істі қарауға байланысты
туындайтын барлық мәселелерді шешу кезінде төрағалық етушімен және басқа
Судьялармен тең құқықта болады. Судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты
бұзғаны үшін, Судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін, еңбек
тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Судья
өзінің жоғары мәртебесіне сәйкес мемлекет есебінен материалдық және
әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандырылады
Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей
болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда
белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi
өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот
билiгiн жүргiзушi болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен ,
осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.
Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге
болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау
мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына
енгiзуге болмайды.

СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСІ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

23-бап. Судья мәртебесi

1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей
болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда
белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi
өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот
билiгiн жүргiзушi болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен ,
осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.

2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге
болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау
мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына
енгiзуге болмайды.

24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы

1. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы
Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты
негiзде өкiлеттiктерге ие болады.

2. Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген
негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.

25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi

1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен
алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай
әрекеттер заңмен қудаланады.

3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай
да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық
жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.

4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк
қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi
тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет
қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11.
N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық
заңымен.

26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi

1. Судьяның тәуелсiздiгi:

1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;

2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны үшiн,
сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық
белгiлеумен;

3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;

4) Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны
қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру
тәртiбiмен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық
жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға
тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.

2. Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында
болады.
Егер судьядан тиiстi өтiнiш түссе, iшкi iстер органдары судья мен оның
отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын
қамтамасыз етуге уақтылы және түпкiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.
Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян
республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11.
N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық
заңымен.

27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi

1. Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған
жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен
белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң
қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң
келiсiмiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген
жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз оны
қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиiспеушiлiк оның жеке басына,
меншiгiне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтiк үй-жайларға, ол пайдаланатын
жеке және қызметтiк көлiк құралдарына, оған тиесiлi құжаттарға, багажына
және өзге де мүлiктерiне тиiспеушiлiктi қамтиды.

2. Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-iздестiру iс-шаралары
прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен
куәлiк берiледi.
Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11.
N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық
заңымен.

28-бап. Судьяға қойылатын талаптар

1. Судья:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай
сақтауға, судьяның антына адал болуға;

2) сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн
орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi
талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн
немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына
күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске
асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;

4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге
шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты
атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның
басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси
партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11.
N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық
заңымен.

29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

1. Аудандық соттың судьясы болып:
жиырма бес жасқа толған;
жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде
екi жыл жұмыс стажы бар;
біліктілік емтиханын, оның ішінде мамандандырылған магистратурада
тапсырған;
медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға
кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;
сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң
пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн.
Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген адамдарға тағылымдамадан өту
талап етiлмейдi.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша
кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс
стажы бар азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша
кемiнде жиырма жыл жұмыс стажы бар немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс
стажы бар азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

4. Судьялыққа кандидаттар тұрақты негізде сотта тағылымдамадан өтеді.
Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртiбi Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N
199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту
енгізілді - 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық
куәландыру

1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға
кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растау үшiн оған медициналық
куәландыру жүргiзiледi.

2. Судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiретiн аурулардың
тiзбесi жергiлiктi және басқа соттарды ұйымдық және материалдық-
техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның
және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның бiрлескен нормативтiк
құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N
199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту
енгізілді - 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан
қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

30-бап. Судья қызметіне кандидаттарды iрiктеу

1. Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына,
діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға
тең құқық қамтамасыз етіледі.

2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына
кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға өтініш берген
және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетін адамдар
арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.
Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті және басқа
соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке
тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

3. Аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны тиісті
облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы
енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы
Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына
кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы
Сот Төрағасы енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы қызметіне кандидат Жоғарғы Сот
судьяларының арасынан ұсынылады.
Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот
алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары
қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшін Қазақстан
Республикасының Президентіне ұсынады.
Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Соттың Төрағасы, судьясы қызметінің бос
орындарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына
ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N
80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық
заңымен.

31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген
ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң
кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

3. Жергілікті және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын, Жоғарғы
Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және
Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің
ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті
тағайындайды.

4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге
Сенат сайлайды.

5. Жергілікті және басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң
кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге
тағайындайды.

6. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен).

7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының
төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары
өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне
немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе
тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды
жалғастырады.
Тиiстi сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға
қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың
төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi
немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға
ұсынылады.

8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, судьялардың жалпы саны
қысқартылған кезде осы соттың судьялары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi
немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз
ұсынылуы мүмкiн.
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11
N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N
80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық
заңдарымен.

32-бап. Судьяның ант беруi

1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай
мазмұнда ант бередi:
"Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге
асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға
салтанатты түрде ант етемiн".

2. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасы
Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.

3. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен).

4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық
соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар
облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.
Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып
тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.
Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.17
N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық
заңымен.

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру

1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып
тiркелсе;

2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;

3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негiздер
бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы судьялардың тәртiптiк-
бiлiктiлiк алқасының шешiмi болса;

3-2) кәсіби жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын қызметіне сәйкес
келмейтіні туралы Сот жюриінің қорытындысы болса.
Судьяның өкілеттіктері тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы
немесе сот алқасының төрағасы қызметіндегі өкілеттіктері тоқтатыла тұрады;

4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.

2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы
жүзеге асырады.

3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз
болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11
N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N
80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық
заңдарымен.

34-бап. Судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн
тоқтату

1. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:

1) судья орнынан түскенде;

1-1) судья өз тiлегi бойынша қызметiнен босағанда;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға
кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;

3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi
деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы
сот шешiмi заңды күшiне енгенде;

4) осы судьяға қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде;

5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;

6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы
шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;

7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа
ауысқан жағдайда;

8) соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер
соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы немесе судья басқа соттағы бос
қызмет орнына орналасуға келiсiмiн бермесе;

9) Сот жюриiнiң қорытындысы бойынша;

10) судья қызметінде болудың шекті жасына толғанда тоқтатылады.

2. Судьяның өкiлеттiгi судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының судьяны
тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-
бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату
қажеттiгi туралы шешiмiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.

3. Сот төрағасының не сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі
бойынша не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-
баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда мерзiмiнен бұрын
тоқтатылуы мүмкiн.

4. Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы
Президентiнiң ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының
қаулысымен;

2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа
соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

5. Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы
немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Тиiстi соттың төрағасын немесе сот алқасының төрағасын олардың өз тілегі
бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату оларды
осы соттың судьясы қызметiнен босатуға әкеп соқпайды.

6. Осы баптың 1-тармағының 1-1)-7), 10) тармақшаларында көзделген
жағдайларда, сондай-ақ төрағаның немесе сот алқасы төрағасының
өкілеттіктері олардың өз тілегі бойынша тоқтатылған кезде қызметтен
босатуға немесе судьяның өкілеттіктерін тоқтатуға Жоғары Сот Кеңесінің
ұсынымдары талап етілмейді.
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11
N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N
80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық
заңдарымен.

34-1-бап. Судья қызметінде болудың шекті жасы

Судья қызметінде болуға шекті жасқа - 65 жасқа толғанға дейін жол
беріледі, оны ерекше жағдайларда Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғары Сот
Кеңесінің келісімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N
80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық
заңымен.

35-бап. Судьяның орнынан түсуi

1. Мінсіз беделі бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығында
болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда
көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай
отырып, өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп
танылады.
Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан түсу
туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.

2. Судья орнынан түскен кезде судьялық жұмыс стажы жиырма және одан да
көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде, судьялық
жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейiн болса, он сегiз айлық лауазымдық
айлықақы мөлшерiнде оның соңғы лауазымы бойынша бiржолғы шығу жәрдемақысы
төленедi.

3. Судьяның орнынан түсуi:
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғанда, коммерциялық ұйымның басшы органының
немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiргенде, оқытушылық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері
Сот ұғымына жалпы түсінік
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Облыстық сот төрағасы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Пәндер