Қазіргі қоғамдық ой-пікірдегі дін ғылымы және оның адам болмысын жетілдірудегі маңызы



1 Ислам өркениеті
2 Жастар ел келешегі
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халықтың мәдени өмірінде рухани құндылықтар өз деңгейінде бағаланып, халықтың дінге деген көзқарасы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Рухани негізі жоқ мемлекеттің өмірде көп тұрақтамайтынына уақыт төреші. Дінді адам санасын улайтын дүние ретінде қараған кеңес заманы ойшылдары оның адам жан дүниесіндегі орнын басқа құндылықтармен алмастыру бағытында орасан жұмыс жасады. Дегенмен бұл ойлардың кеңес мемлекетімен тұтас күйрегені сізбен бізге мәлім.
Жаһандық дәуірде сыртқы күштер діннің қуатын ұлттық, әлемдік мәселелерді шешуде қолданып келеді. Бұл мемлекеттегі әртүрлі діни ағымдардың рухани экспанциясының өршуінің себебін анықтайды. Халық санасы руханилыққа қатысты кез-келген мәліметтерді тез сіңіруге бейім әрі оның ақ, қарасын ажыратуға әлсіз күй кешкен заманда шала сауаты бар, ескінің көзіне айналған діни аңыздарға сүйеніп әрекет ететін ақсақалдар қатары да көбейді. Өз тілімізде жазылған теріс пікірлерге негізделген еңбектер халық арасында кеңінен таратылды Міне осы тұста мемлекетті буыны қатпаған, рухани тұрғыда әлсіз күй кешкен хәлде деп түйсініп, өз бағытында уағыздау әрекеттері мен адамдардың санасын бұрмалаумен айналысатын шет елден келген уағыздаушылар қатары бірден күрт өсті. Оның көпшілігі белгілі діндерді бетке ұстап, арнайы тіркеулерден өткенімен, олардың істеген әрекеттері мүлде басқа болып шығып, мемлекет тарапынан арнайы шаралар жасалып, жою қолға алынды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мұның дамуына жол бермеу үшін халық танымынан ерекше орын алған рухани құндылықтардың өз деңгейінде бағалануына аса назар аударып, ахпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын қолға алып, зиялы қауым арасында діни тақырыптарда ашық сұхпаттар өткізді. Қазақ елі өзінің діни – рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен қазақ халқының діни – рухани қажетін толық қанағаттандыра алатын, дәстүрлі діни танымына сай келетін дін саласының мамандарын дайындау қажет екенін де таныта білді. Мұсылман елдеріне барып дін ілімін меңгерген мамандар мен алғашқы құрылған медреселерден тәлім алған шәкірттер жер-жерлерде ашылған мешіттерге иман болып қоғамдық ортада қалыптасып үлгермеген теріс түсініктерді жоюға және халық арасындағы рухани бостықты толтыруға атсалысты. Бірақ уақыт өте келе олардың көпшілігі біздің салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрыптарымызға жат болған түсініктерімен қоғамның рухани мұқтаждарын өтеуден қалды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі қоғамдық ой-пікірдегі дін ғылымы және оның адам болмысын
жетілдірудегі маңызы
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халықтың мәдени өмірінде рухани
құндылықтар өз деңгейінде бағаланып, халықтың дінге деген көзқарасы
түбегейлі өзгеріске ұшырады. Рухани негізі жоқ мемлекеттің өмірде көп
тұрақтамайтынына уақыт төреші. Дінді адам санасын улайтын дүние ретінде
қараған кеңес заманы ойшылдары оның адам жан дүниесіндегі орнын басқа
құндылықтармен алмастыру бағытында орасан жұмыс жасады. Дегенмен бұл
ойлардың кеңес мемлекетімен тұтас күйрегені сізбен бізге мәлім.
Жаһандық дәуірде сыртқы күштер діннің қуатын ұлттық, әлемдік
мәселелерді шешуде қолданып келеді. Бұл мемлекеттегі әртүрлі діни
ағымдардың рухани экспанциясының өршуінің себебін анықтайды. Халық санасы
руханилыққа қатысты кез-келген мәліметтерді тез сіңіруге бейім әрі оның ақ,
қарасын ажыратуға әлсіз күй кешкен заманда шала сауаты бар, ескінің көзіне
айналған діни аңыздарға сүйеніп әрекет ететін ақсақалдар қатары да көбейді.
Өз тілімізде жазылған теріс пікірлерге негізделген еңбектер халық арасында
кеңінен таратылды Міне осы тұста мемлекетті буыны қатпаған, рухани тұрғыда
әлсіз күй кешкен хәлде деп түйсініп, өз бағытында уағыздау әрекеттері мен
адамдардың санасын бұрмалаумен айналысатын шет елден келген уағыздаушылар
қатары бірден күрт өсті. Оның көпшілігі белгілі діндерді бетке ұстап,
арнайы тіркеулерден өткенімен, олардың істеген әрекеттері мүлде басқа болып
шығып, мемлекет тарапынан арнайы шаралар жасалып, жою қолға алынды.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мұның дамуына жол бермеу үшін халық
танымынан ерекше орын алған рухани құндылықтардың өз деңгейінде бағалануына
аса назар аударып, ахпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын қолға алып,
зиялы қауым арасында діни тақырыптарда ашық сұхпаттар өткізді. Қазақ елі
өзінің діни – рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен қазақ
халқының діни – рухани қажетін толық қанағаттандыра алатын, дәстүрлі діни
танымына сай келетін дін саласының мамандарын дайындау қажет екенін де
таныта білді. Мұсылман елдеріне барып дін ілімін меңгерген мамандар мен
алғашқы құрылған медреселерден тәлім алған шәкірттер жер-жерлерде ашылған
мешіттерге иман болып қоғамдық ортада қалыптасып үлгермеген теріс
түсініктерді жоюға және халық арасындағы рухани бостықты толтыруға
атсалысты. Бірақ уақыт өте келе олардың көпшілігі біздің салт-
дәстүрімізбен, әдет-ғұрыптарымызға жат болған түсініктерімен қоғамның
рухани мұқтаждарын өтеуден қалды. Біздің дәстүрлерімізбен тұтас болған дін
ғылымының өркендеуіне және қаптаған діни ұйымдарды жіктеп, ақ-қарасын
ажырата алатын аналитиктерді дайындау бағытында жоғары оқу орындарында
дінтанушы-философ мамандары әзірленді. Бұл шәкірттердің алғашқы буыны қазақ
халқының дәстүрлі көзқарасына негізделген дін ғылымының даму ерекшеліктері
мен қазіргі таңдағы даму бағыттарын анықтай алатын жобалар негізінде орасан
жұмыстар атқарып келеді.
Ислам өркениеті Отырар, Түркістан, Сайрам, Сығанақ, Баласағұн...
іспетті үлкен мәдени орталықтардың дүниеге келуіне ықпал жасаумен қатар
аты әлемге мәшхүр болған даналардың шығуына негіз болды. Міне осы
ғұламалардың еңбектерін қайта жандандырып, халық танымына жеткізу кезек
күттірмейтін мәселеге айналды. Ойшылдар шығармашылығын зерттеп халықтың
мұң, мұқтажын орындаудыда алғашқы дінтанушы мамандар өз қолына алды. Дін
ғылымын зерттеуге аға буын ғалымдар Ә.Н.Нысанбаев, Ғ.Е.Есімов, А.П.Әбуов,
М.Е.Орынбеков, С.Нұрмұратов, Д.Т.Кенжетаев және т.б. қараңғыда шырағдандай
жол сілтеші бола білді. Мәдени мұра бағдараламасы аясында атқарылған
жұмыстар мен дін саласында зерттеу жүргізген ғалымдарымыздың еңбектері
қоғам сұраныстарын қамтамассыз ететін рухани тұтастықты қалпына келтіруге
үлкен септігі тиді.
Дінді ғылым жағынан қарастыру қоғамдық пікірде қолдаушылыққа ие болды.
Дін саласындағы еңбектерді аударып, оған сараптамалық жұмыстар жүргізу
барысында жасалған талдаулар қарапаиым тілде халық санасына жеткізуге
мүмкіндік берді. Рухани тұғырларымызға қайта оралу бізге жат болған діни
ағымдардан құтылудың негізгі жолына айналды.
Адам бітім-болмысын рухани тұрғыдан жетілдіруде халық дүниетанымы мен
дағды–дәстүріне енгізуде тән мен жанның бірлігі мен қайшылығын танытқан
нәпсіні тежеу жолдарын ашу көзделді. Адам жанын жетілдіруді қазақтың рухани
әлеміне енгізуде сопылық ілімдегі кемелдену сатыларын қойған Ахмет Ясауи,
оны ар мен иман тазалығы мен аллаға деген махаббат сенімімен толықтырады.
Демек, бұл жол адамды шариғат тиым салған жат қылықтардан: арсыздық пен
бұзақылық, хақсыз қиянат пен шек келтіру, ұрлық жасау мен алдап арбау,
жалқаулық, баянсыз іске құмарлықтан, зинақорлық пен біреуге азар көрсету,
парақорлық, сананы тұмшалаған әуестіктен босатады.
Қазіргі таңда түрлі ланкестік әрекеттермен сопылық ілімді ұштастырып,
зікір дәстүрлерін өз қажеттілігінде таныта білмеу қоғамда теріс көзқарас
туындатуда. Сопылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАҒА ҚОСҚАН ҮЙЛЕСІ
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы туралы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев философиясындағы Алла мен адам арақатынасы
Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
Эфир мәдениетін жетілдірудегі ТV ток-шоуларының рөлі.
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері
Психологияның методологиялық негіздерінің қарастырылуы
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
XIX ғасыр әдебиеті жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи көнерген мағынасы түсініксіз сөздер текстологиялық талдау
Пәндер