Олжас Сүлейменовтың өмірі



Ғарыш – жаңа сөз. Әлдеқайда берідегі ұғым.
Бірер ғасыр бұрын туған жасанды сөз сынды түйсінесің, кейде… Бәрібір әсерлі, сұлу, жанға жақын, құлаққа жылы тиеді. Ертедегі дәуір, орта ғасыр, Қазақ хандығы тұсындағы жәдігерлерде кездесе бермейді.
Ғарыш!
Түп-төркіні – Көк. Тәңірі Көк.
Таза өлең қашанда Тәңірдің сөзіндей, пейіштің лебіндей нұрлы, шуақты, қуатты. Таза өлең һәм аз өлең. v Хас поэзиядан ғарыштың демі сезіледі. (“Поэзия” да “лирика”, “эпос” секілді қазақ ішіне кейіндеу келген термин).
Ғарыштың демі арбайды да тұрады. Сиқырлы, жұмбақ, арда, аяқ астынан кездесе бермейтін асыл дүние… Аңсарлы ғалам. Онсыз адам қайтер еді!? Жер бауырлап күн кешер ме еді? Жер бетінде не жоқ, не кездеспейді!?
Ғарыш демі – хас поэзия желпімесе қасіретті, мәнсіз. Адам санасы оны әлдеқашан сезінген, түйсінген. Түйсінген де әуелі Жаратушы алыптар қатарынан, мифтік ғаламнан жер бауырлаған пенде қатарына қуып түсірген. Адам баласын қайтадан аспандатпаққа құлшынған. Инквизиция езіп сілесін қатырған, бойындағы рухын сығып алып, құр сүйек пен етін қалдырған, қиналған, кеспірі қашқан, қаны қарайған, көкке көз тігуден қалып, күннің күркірінен түршіккен бір уыс пенденің бойын қайта тіктеу, бүгілген еңсесін түзеу қандай қиын, қандай қасиетті іс. Іс емес, өнер. Адамның рухын көтеру. Күллі ұлы мәртебелі Ренессанс алқалап, ардақтаған қасиет. Адамның ғарышқа ұшып шығуын “техникалық жетістік” десе де, әлдебір “стратегиялық мүдделерге” шендестірсе де, арғы астарында тағы да сол Ренессанстың жұмбақ қасиеті арбап тұрған. Пенде біткеннің жүрегі жан баласының өзіне де түсініксіз ықылым заманғы туа бітті түйсіктің әлдебір тылсым лебімен соны сезінген. Жұмыр жердегі барлық адамзат тебіреніп, бір қас-қағым сәтте тұңғыш ғарышкерді бауыр тартып, жақын көрген ғажайып сәт. Ақынның тілімен айтылғандай “балықтың судан құрлыққа шығуына” барабар ұлы қадам, адамның ғарышқа ұшуы өркениет тарихындағы тағы бір

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Олжас Сүлейменовтың өмірі
1.
Ғарыш – жаңа сөз. Әлдеқайда берідегі ұғым.
Бірер ғасыр бұрын туған жасанды сөз сынды түйсінесің, кейде... Бәрібір
әсерлі, сұлу, жанға жақын, құлаққа жылы тиеді. Ертедегі дәуір, орта ғасыр,
Қазақ хандығы тұсындағы жәдігерлерде кездесе бермейді.
Ғарыш!
Түп-төркіні – Көк. Тәңірі Көк.
Таза өлең қашанда Тәңірдің сөзіндей, пейіштің лебіндей нұрлы, шуақты,
қуатты. Таза өлең һәм аз өлең. v Хас поэзиядан ғарыштың демі сезіледі.
(“Поэзия” да “лирика”, “эпос” секілді қазақ ішіне кейіндеу келген термин).
Ғарыштың демі арбайды да тұрады. Сиқырлы, жұмбақ, арда, аяқ астынан кездесе
бермейтін асыл дүние... Аңсарлы ғалам. Онсыз адам қайтер еді!? Жер бауырлап
күн кешер ме еді? Жер бетінде не жоқ, не кездеспейді!?
Ғарыш демі – хас поэзия желпімесе қасіретті, мәнсіз. Адам санасы оны
әлдеқашан сезінген, түйсінген. Түйсінген де әуелі Жаратушы алыптар
қатарынан, мифтік ғаламнан жер бауырлаған пенде қатарына қуып түсірген.
Адам баласын қайтадан аспандатпаққа құлшынған. Инквизиция езіп сілесін
қатырған, бойындағы рухын сығып алып, құр сүйек пен етін қалдырған,
қиналған, кеспірі қашқан, қаны қарайған, көкке көз тігуден қалып, күннің
күркірінен түршіккен бір уыс пенденің бойын қайта тіктеу, бүгілген еңсесін
түзеу қандай қиын, қандай қасиетті іс. Іс емес, өнер. Адамның рухын көтеру.
Күллі ұлы мәртебелі Ренессанс алқалап, ардақтаған қасиет. Адамның ғарышқа
ұшып шығуын “техникалық жетістік” десе де, әлдебір “стратегиялық
мүдделерге” шендестірсе де, арғы астарында тағы да сол Ренессанстың жұмбақ
қасиеті арбап тұрған. Пенде біткеннің жүрегі жан баласының өзіне де
түсініксіз ықылым заманғы туа бітті түйсіктің әлдебір тылсым лебімен соны
сезінген. Жұмыр жердегі барлық адамзат тебіреніп, бір қас-қағым сәтте
тұңғыш ғарышкерді бауыр тартып, жақын көрген ғажайып сәт. Ақынның тілімен
айтылғандай “балықтың судан құрлыққа шығуына” барабар ұлы қадам, адамның
ғарышқа ұшуы өркениет тарихындағы тағы бір ренессанстық параққа айналды,
сананың көкжиегі ашылып кеткендей еді. Адамзат тарихы жерден ұзап шығып
жұмбақ кеңістікке бет түзеп, алыстап бара жатты.
Ғалым масаттанды, тіршілік шаттанды, ақын шабыттанды, ғалам таңдай қағып
таңданды! Сол сәтте... Өркениет өрге сүйреген дүбірлі дүниенің төрінен қазақ
ақынының үні естілді. Алаштың аспанынан алысқа шығандап, әлемге құлақ
түргізіп, жеті қат көкті кеулеп. Саңқылдап. Қазақ поэзиясының қанат суылы
дыбыстан да ұшқыр жылдамдықпен жарысқандай еді. Арқалы, ақынжанды халықтың
аруағы ұстап, арғымақ жыр арқырай кісінеп аспандасын бір! Сөйтіп қазақ
поэзиясы бір сәтте, бір демде орбитаға шығандап шықты да кетті! Әрине,
бұған дейін де сандаған ғасырлық ақындық, жыраулық дәстүрі бар қазақ жыры
көкке талай самғап, талай шырқау биікке көтерілген-ді. Бірақ Байқоңырдан
бастау алған ұлы құбылыс сезім серпінін ғаламат бір қуатпен ағытып жіберді.
Сол арқылы қазақ ақынының аузынан өркениет тарихының ренессанстық аңсары
адамды асқақтату, адамды ұлықтау, адамның төбесін көкке қайта бір жеткізу
ниеті естілді. “Адамға табын, Жер, енді!”. Мифтік түйсік пен поэтикалық
түйсіну пернелері күй сазындай үйлескен тұс. Бір сәт қана. Бір сәттің
шындығы. Ақиқаттың қас-қағымы!
Символдық ұғыммен, азаматтық пафоспен оны өзгеге ұқсамайтын өзгешелікпен
айтқан кім еді? Олжас Сүлейменов.

2.
Иә, “Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның қаламгерлік символы.
“Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның космодромы Байқоңыр.
“Адамға табын, Жер, енді!” – жырдың жаңа бір дәуірінің таңы, жаңа
поэтикалық кезеңнің белгісі. Осылайша ғарыш ақынның төл тақырыбына айналды.
Кейін журналистикада жүрсін, кино саласында істесін, мемлекеттік, қоғамдық
қызмет атқарсын, әр жылдың 12 сәуірінде ақынның да ғарышпен іштей бір
жақындығы сезілді де тұрды. Бірде ол ғарышкерден ойша “интервью” алды.
Байқоңыр... 12 көкек 1981 жыл. Мерекелік сұхбат... Ақын мен “ғарышкер
әңгімесі”. “Өміріңіздегі ең есте қаларлық, ең бір қымбатты, әсерлі сәтті
айтып беріңізші!” – дейді ақын. – “Ең бір әсерлі дейсіз бе? Ең бір әсерлі...
Иә, бірде ғарыш кемесін ұшыруға дайындалып болғанбыз. Сақадай-сай әзірлік.
Санаулы секундтардан кейін ұшуға бұйрық берілмек. Сонсоң кемеміз шексіз де
шетсіз ғарышқа қарай самғай жөнелмек. Кенет... Ұшу алаңының шетіне ақ бота
шыға келгені. Моп-момақан, кіп-кішкентай ақ бота. Шақырайған күнге бір
қарап қойып, алаңсыз келе жатыр.
Маң дала...
Аппақ сүттей ақ бота...
Сүйір тұмсығы көк тіреген ғарыш кемесі...
Ұшуға бұйрық берілмеді. Қолма-қол тоқтатылып, ботаны шетке, қауіпсіз жерге
жекізгеннен кейін ғана алыс сапарға бет алдық. Есімнен кетпес бір әсерлі
сәт осы...” – дейді ғарышкер. Үнсіздік. Мағыналы, қасиетті үнсіздік. Атақты
ғарышкер мен атақты ақын сұхбаты болғандықтан емес, өмірдің ғажайып
сұлулығын, кереметтей күрделілігін, адамға ғана тән сезім қасиетін
білдіретін қас-қағым сәттік өмір суреті. Бір сөзбен айтқанда – поэзия. Иә,
поэзия. Сұлулықты, әсемдікті пір тұтып қастерлеу. Көкіректе тұнған сезімді,
адамдық қасиетті қорғау.
Бұл – Олжас Сүлейменов ойының бір қыры. Ал екінші... Иә, екінші, ақынға
ғарышкер айтқан ақ бота туралы қарапайым естелік темір ғасырда туып,
технократияға тартылып бара жатқан толқынның жанайқайы секілді. Ақ бота
дәуір таңбасы, қайшылықты уақыттың қастерлі де қасіретті белгісі. Кім
біледі, азаматтың, адамның бүкіл ғұмыры, мынау алып әлемдегі қас-қағымдай
ғана тіршілігі сол бір ақ ботаны адам рухының, сезімнің, өнердің ақ ботасын
сақтап қала алуымен құндырақ, мәндірек шығар.

3.
Олжас Сүлейменовтің “Адамға табын, Жер, енді!”, “Арғымақтар”, “Шапағатты
шақ” жинақтарынан кейін алуан-алуан пікір тудырған “Қыш кітабының” өз
жұмбағы бір басына жетерлік. “Қыш кітап” бүгінде қазіргі күннің кітабы!
Театрда ретроспекция деген ұғым бар. Мұнда да уақыт ретроспекциясы
әлеуметтік түйіндер мен ақынның концепциясын қыр-сыры мен ұңғыл-шұңғылына
дейін ақтара көрсеткен. Мәселен кітаптағы Көтен бейнесі заманнан заманға
ауысып келе жатқан кейіпкер болып қалды. Шолақ белсенді, әсіреқызыл,
кеудемсоқ оның араласпайтын ісі жоқ. Олақты көріп олақтығын бетіне басады,
жалқауды көріп оның да ісіне бас-көз жоқ араласады, жауға да ұрандап
бірінші кіреді, ағаш еге алмай жатқан қарияны көріп, ұрсып-сөгіп, ағашын
отырғызып тастайды.
Ақыры, сайтан түртіп, патшаның жарлығы да ұнамай, осылай да ел басқара ма
екен, бұл не масқара деп, елді қалай басқаруды, жарлықты қалай шығаруды
көрсеткісі келсін! Сарбаздар Көтенді шап беріп ұстап алып, өлім жазасына
кессін де тастасын. Баскесердің жайбасарлығына іші пысып, назаланған Көтен
енді жендеттің қолындағы балтасын жұлып алып, өзін жыға салып, басын шауып
жіберсін. Осыларды көріп тұрған патша сүйсініп кетіп: “Жасасын білгіш
Көтен, жаса әмбебап, бесаспап Көтен!”, – деп арфаға қосылып мадақтай
жөнелсін. Ақыры Көтен патшаның қолынан арфаны да жұлып алып: “Мені осылай
мадақтай ма екен!”, – деп, сұңқылдауға өзі кіріссін. “Бірақ оның сөзі есте
қалмапты...” деп бітіреді ақын Көтен туралы кекесінді хикаясын. Бұл әлі де
ұзақ уақыт заманнан заманға ауысып жүре беретін жаны сірі, жағымсыз
кейіпкер бейнесі. Бұл біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырдың Көтені,
ХХ ғасыр Көтені, ақырында бүгінгі біздің ХХІ ғасырымыздың Көтені. Сондықтан
да “Қыш кітабы” түркі дүниесі қайта оянған, қазақ санасы құлдық
психологиядан арыла бастаған тұста тағы бір оқылатын, ой жүгіртіп қарайтын
шығарма. Өйткені бұл туындының кіндігі (“золотое сечение”) дала ақынының
дара тәсілімен түйілген. Ондағы шендестіру мен меңзеулер шығыс өркениеті
тұрғысынан жаңа бір танымдық парақтарды ашатын жұмбақ кілт. Уақыт пен таным
өрімінің символы.

4.
Өз басым Олжас Сүлейменовтің кітаптарын қолыма алған сайын, сонау бір жылы
Ташкентте “Ақ өзендер аспанында...” деген атпен шыққан өлеңдер мен проза
жанрындағы дүниелері топтастырылған жинақтағы кіріспе сөзді есіме
түсіремін. Екі-ақ беттік көлеміне қарамастан, сол еңбектегі “Бір сөздің
төркіні” атты мақала ақынның әдебиет әлеміндегі өмірінің елеулі, бедерлі
сәттерін, арман-мұраттарын аңғартады. Осы жерде арнайы айтылатын жай: өлең
сөз бен қарасөзде таланттың қыры мен сыры, суреткерлік шеберлігі бірдей
көрінетіндігі. Өлеңде болсын, қарасөзде болсын, тіпті публицистика мен
ғылыми еңбектерінде болсын, тек Олжас ақынға тән ұшқырлық пен ойшылдықты,
қиыннан қиысатын қисынды айнытпай дөп танимыз. Сірі ой емес, тірі ойлар.
Сол екі беттік туындысынан да Олжас ақынға тән ұшқырлық, аз сөзбен көп
мағына жеткізушілік, ең аяғы жанға жайлы әзіл, уытты мысқыл – бәрі де
табылады. Орыс тілінде жазатын ақынның таза қазақы өмірбаяны, тірлік-
тұрмысы, өлеңдерінде ауыздықпен алысып, күмбір-күмбір кісінеген қазақы
рухтың қайнар көзі тамаша сезіледі.
“Орыс тілінде жазатын” демекші, осы мәселені тілге тиек еткенде “Егемен
Қазақстан” бетінде бес жыл бойы жарияланып келген “Жиырмасыншы ғасыр
жырлайды” атты авторлық антологияның Олжасқа арналған ұсынымындағы мына бір
ой орамы оралады: “Әлемде бір ұлт өкілінің екінші тілде жазып, сол ұлт
әдебиетінің өкілі болып кеткен мысалдары аз емес. Мысалы, молдован Антиох
Кантемир орыс поэзиясының бастауында тұрған тұлғалардың бірі болып
саналады, поляк Юзеф Теодор Конрад Коженевский болса, Джозеф Конрад деген
атпен ағылшын прозасының шебері ретінде мәлім, тағы бір поляк азаматы Гийом
Альбер Владимир Александр Аполлинарий Костровицкий француз поэзиясының
даңқын Гийом Аполлинарий деген атпен шығарған, украин Николай Васильевич
Гогольдің туындылары орыс прозасының мақтанышы, тіпті бертінге түссек,
Булат Окуджаваның да, Фазиль Искандердің де жазғандары орыс әдебиетінің
игілігі делінеді... Алайда, ұлттық әдебиет ұғымын екшеудің классикалық
өлшемдері солай сөйлей тұрғанмен, ешкім де орыс тілінде жазатын Олжас
Сүлейменов жырларын орыс әдебиетіне теліп көрген емес.
Олжас Сүлейменов – орыс тілінде жазатын қазақ ақыны деген байламға жұрттың
бәрі тақ тұрады. Тақ тұрғызған – Олжас өлеңдеріндегі көне дәуірлерден жетіп
жатқан қыпшақы қағым-қағыстар, ұлттық қанық бояулар, жер-жаһандағы
құбылыстың қай-қайсысына да тек қазақтың көзімен қарайтын қымбат қасиеті,
ең бастысы – қай кезеңде де алтын басының азаттығын сақтай алған алаштық
асқақ айбыны, өршіл рухы. Ұлы ақын, ұлы редактор Твардовскийді “Новый
мирден” кетіріп, бір жылдан кейін көрге тығып тынған сұр кардинал Сусловтың
өзі Сүлейменовтің сағын сындыра алған жоқ.
Ақын досы Андрей Вознесенскийге арнаған өлеңінде: “Аз и Я” – Азия деп
оқталып, Жаңылдым ба? Жатпаймын мен ақталып... Танып-біліп өзімізді өзгеден,
Көшеміз біз өзімізді бетке алып”, деп жазғанындай, Олжас жырының көші
өзімізге өзімізді бетке алдыртқан күйі бір ғасырдан бір ғасырға ауысып
барады. Олжастың кешегі кеңестік кезеңде, бір одаққа біріккен халықтар
арасындағы дабырайтылмағанымен байқалмай да тұрмайтын бәйге-бәсекеде
алғашқы “Арғымақтарымен”-ақ арындап шығып, “Қазақтар осындай болады екен
ғой” дегізген, ұлтымызды мойындамасқа, құрметтемеске қойғызбаған еңбегін
біз ешқашан ұмытпауға тиіспіз”. Ақынды алғаш сөздің сиқырына, сөздің әуезді
әуеніне еліктірген сонау бір зұлмат жылдар, балалық шағында атасымен бірге
өткізген күндер екен: “Соғыс кезінде атамның қолында тұрдым...”, “Құранның
бірнеше сөздерін білемін. Бисмилля рахмани... Мен әуенді дыбыстарға ғашық
едім. А-а... я-я, и-и...”, – деп жазады ақын. Әрі қарай осынау әріптердің
әрқайсысының сәби санасындағы әуендік елесін, мәнін әңгімелейді.
Ұлы классик Абайдың бала кезін, алғашқы поэтикалық әсерлерін еске салмай
ма? Тіпті, ақынның осы бір-екі ауыз естелігі исі қазаққа тән көрініс
ретінде кімге болсын тосын ба екен, кім тосырқасын! Ашығын айтсақ,
бәріміздің көз алдымызға ауылдың қара шалдары – аталарымыз елестеп,
құлағымызға Құранның жылы мақамы жеткендей ғой. “...Атам қырық төртінші жылы
көкірек ауруынан қайтыс болды. Жастығының астынан қиын-қыстау, қаралы
күндері жесін деп маған сақтаған бір үзім қара нан тауып алдық”.
Өмірбаянның осы жолдары Олжас Сүлейменов жырларының бүлкілдеп, қайнап шығып
жатқан тұнық қайнар-бастауындай дерсіз. Қазақ тұрмысы, қазақы тіршілік
елесі. Міне, қаршадай баланың Отанға, туған елге, ата-анаға, қала берді,
адамзат баласына махаббаты солай туған. “...Бір үзім қара нан...” Нан ғана ма?
Атаның балаға, ұрпақтың ұрпаққа деген киелі махаббаты ғой. Және қандай
күндердегі сезім десеңізші! Сол бір түйір қара нанның өзі тіршілікке, өмір
сүруге деген ұмтылысқа іңкәрлік нәрін шашқандай.
Бір үзім... Қара нан... Мұнда көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
ХХі ғасырдың жұрты хақ адамзат халқы болып бірігуі керек
Маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Олжас Сүлейменов
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Ядролық қару
Олжас Сүлейменов (1936)
Олжас Омарұлы Сүлейменов
О. Сүлейменовтың Аз и Я еңбегiнде көтерiлген кейбір тарихи мәселелер
Невада-Семей қозғалысы
Пәндер