Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Азаматтық қоғамның теориялық.әдістемелік негіздері
1.1.Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары ... ... ... ..4.8
1.2.ҚР азаматтық қоғамды құрудағы мемлекеттік саясатының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.10

2. Азаматтық қоғамды қалыптастыру . мемлекет саясатының негізі
2.1.ҚР азаматтық қоғам қалыптасуының саяси . әлеуметтік мәселелері ...11.13
2.2.Үкіметтік емес ұйымдар Қазақстандағы азаматтық қоғам құрудың субъектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.22
2.3.Ашықтық пен қоғамға есептілік . азаматтық қоғамдағы мемлекет саясатының бірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22.25

3. Қазақстандық азаматтық қоғамның даму келешегі мен жетілдіру жолдары
3.1. Коммерциялық емес сектор. мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыс Қазақстанның қоғамдық- саяси өміріндегі аса маңызды проблемасына арналған. Құқықтық мемлекетті қалыптастырушы – азаматтық қоғамның елімізде қалыптасу процесін, басты факторлары мен құндылықтарын және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы мемлекет саясатын зерттеу жұмысы жүргізілген. Өйткені азаматтық қоғам мемлекеттің іргетасы ретінде еліміздің дамуына үлес қосады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Саяси жаңару жолындағы Қазақстан үшін азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту демократиялы мемлекет құрудың негізгі алғышарты болып табылады. Кеңестік жоспарлы экономикаға негізделген социалистік экономикадан қазақстандық қоғамның бірден Батыстық үлгідегі нарықтық қатынастарға көшуі үлкен әлеуметтік- экономикалық транформация болды. Күрт өзгеріс азаматтар саяси санасы мен саяси психологиясына әсер етті, өз кезегінде бұл үдеріс елдің демократиялық мемлекетті қалыптастыру мен азаматтық қоғам құру процесінде қиындықтар туғызды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Қазақстан Республикасында демократияның тағдыры шынайы азаматтық қоғам қалыптасуымен байланысты. Азаматтық қоғамның қалыптасуы құқықтық мемлекетінің іргетасы болмақ. Сондықтан да азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет тарапынан жасампаздық пен азаматтар тарапынан белсенділікті талап етеді. Жұмыстың мақсаты қазіргі таңдағы Қазақстандағы азаматтық қоғамның жағдайын талдай келе, оны дамыту мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс- шараларға сипаттама беріп, елімізде демократиялық саяси жүйе құруда «үшінші сектордың» әлеуметтік- экономикалық, саяси маңыздылығына назар аудару. Себебі, коммерциялық емес сектордың дамуы - ел экономикасында әлеуметтік маңызды қызметтерді тиімді жеткізуші, инновацияның көзі болып табылмақ. Зерттеу жұмысының міндетіне қоғамды демократияландыру процесін жеделдету мақсатында үкіметтік емес ұйымдаржы жетілдіру жолдары мен Қазақстанда азаматтық қоғамның даму преспективаларын анықтау болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254- ІІІ Заңымен енгізілген өзгертулерімен.- Алматы, ЮРИСТ, 2009, - 40б.
2. «Қазақстан- 2030» стратегиясы.
3. ҚР азаматтық қоғамды дамытудың 2006- 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы: ҚР Президенті 2006 ж. 25 шілдедегі №154 Жарлығы. – Астана: Б.б., 2006, - 32 б.
4. Авсыдыкова К.А. Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың орны = Роль неправительственных организации в развитии гражданского общества в Казахстане: Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясының материалдары.- Алматы: Қазақ университеті- 2007ж
5. Айтбаева Ж.К. Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары қызметіндегі халықты әлеуметтік қорғау функциясы. Автореферат. – Алматы, 2008
6. Зиядин А.С. Қазастандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъект ретінде. Автореферат. – Алматы, 2008 ж.
7. Мұсатаев С.Ш. Қазақстандағы азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі. - Алматы, Print-S, 2007, - 239б.
8. Мұсатаев С.Ш. ҚР-да азаматтық қоғам қалыптасуының саяси- әлеуметтік мәселелері. Автореферат. –Алматы, 2007 ж.
9. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. Москва; Омега-Л, 2004.- 584с
10. Современные проблемы социально- политической и экономической модернизации Казахстана: Сб.мат.науч.-практ. Конференции (28 мая 2005 г.) –Қарағанды,2005- 2 бөлім.
11. Қарабаев Ш.Қ. Саясат №2, 2005
12. Алматы ақшамы, 2007,- 6 қазан (№121)
13. Егемен Қазақстан, 2009, -25 қараша
14. Егемен Қазақстан, 2009, -24 қараша
15. ҚР Президентінің ресми сайты www.akorda.kz
16. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
1.1.Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
... ... ... ..4-8
1.2.ҚР азаматтық қоғамды құрудағы мемлекеттік саясатының құқықтық
негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-10

2. Азаматтық қоғамды қалыптастыру – мемлекет саясатының негізі
2.1.ҚР азаматтық қоғам қалыптасуының саяси - әлеуметтік мәселелері
...11-13
2.2.Үкіметтік емес ұйымдар Қазақстандағы азаматтық қоғам құрудың
субъектісі ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .13-22
2.3.Ашықтық пен қоғамға есептілік - азаматтық қоғамдағы мемлекет
саясатының бірі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 22-25

3. Қазақстандық азаматтық қоғамның даму келешегі мен жетілдіру
жолдары
3.1. Коммерциялық емес сектор- мемлекеттің экономикалық дамуының
маңызды
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .25-32

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .33-34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыс Қазақстанның қоғамдық- саяси
өміріндегі аса маңызды проблемасына арналған. Құқықтық мемлекетті
қалыптастырушы – азаматтық қоғамның елімізде қалыптасу процесін, басты
факторлары мен құндылықтарын және азаматтық қоғамды қалыптастырудағы
мемлекет саясатын зерттеу жұмысы жүргізілген. Өйткені азаматтық қоғам
мемлекеттің іргетасы ретінде еліміздің дамуына үлес қосады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Саяси жаңару жолындағы Қазақстан үшін
азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту демократиялы мемлекет құрудың
негізгі алғышарты болып табылады. Кеңестік жоспарлы экономикаға негізделген
социалистік экономикадан қазақстандық қоғамның бірден Батыстық үлгідегі
нарықтық қатынастарға көшуі үлкен әлеуметтік- экономикалық транформация
болды. Күрт өзгеріс азаматтар саяси санасы мен саяси психологиясына әсер
етті, өз кезегінде бұл үдеріс елдің демократиялық мемлекетті қалыптастыру
мен азаматтық қоғам құру процесінде қиындықтар туғызды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Қазақстан Республикасында
демократияның тағдыры шынайы азаматтық қоғам қалыптасуымен байланысты.
Азаматтық қоғамның қалыптасуы құқықтық мемлекетінің іргетасы болмақ.
Сондықтан да азаматтық қоғам институттарының дамуы үшін мемлекет тарапынан
жасампаздық пен азаматтар тарапынан белсенділікті талап етеді. Жұмыстың
мақсаты қазіргі таңдағы Қазақстандағы азаматтық қоғамның жағдайын талдай
келе, оны дамыту мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-
шараларға сипаттама беріп, елімізде демократиялық саяси жүйе құруда үшінші
сектордың әлеуметтік- экономикалық, саяси маңыздылығына назар аудару.
Себебі, коммерциялық емес сектордың дамуы - ел экономикасында әлеуметтік
маңызды қызметтерді тиімді жеткізуші, инновацияның көзі болып табылмақ.
Зерттеу жұмысының міндетіне қоғамды демократияландыру процесін жеделдету
мақсатында үкіметтік емес ұйымдаржы жетілдіру жолдары мен Қазақстанда
азаматтық қоғамның даму преспективаларын анықтау болып табылады.

1. Азаматтық қоғамның теориялық-әдістемелік негіздері
1.1. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары

Азаматтық қоғам- онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты
әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің,
мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын
қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсіз өмір
сүретін қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық және
басқа қатынастардың барлық жиынтығын білдіреді, жеке мүдделердің
әралуандылығын көрсетеді.
Қоғам демократиялық даиудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады
және елдің экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл- ауқатының, мәдениеті
мен сана- сезімінің өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара
тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет
соғұрлым демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншіктің алуан түрлі нысаны
кезінде азаматтарда экономикалық дербестіктің пайда болуы мен адами жеке
тұлға мәртебесінің артуы болып табылады.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси іргетасы
ретінде қызмет етеді, бұлар жеке тұлғаның барлық құөықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік, әділеттілік
және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшін қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін, тең танылуы мен қорғалуының
заңнамалық кепілдіктерімен қамтамасыз етілген, меншік нысандарының
әралуандылығы мен дара меншік иелерінің егемендігі құрайды.
Азаматтық қоғам өмір сүруінің басты базалық шарттарының бірі тәуелсіз
БАҚ арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ
жүйеде әртүрлі, бірақ өзара тәуелді бөліктер ретінде жұмыс істейді. Билік
пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде
қалыптасады, ал өзара іс- қимыл ымыраға қол жеткізуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттің азаматтары дербес бостандық құқығын
пайдаланады, бірақ соныымен бір уақытта олар басқа мемлекеттік
институттармен бірге болашақты құру жауапкершілігін бөліседі.
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билік пен
азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде
қалыптасатын ең жоғары даму деңгейіне жетеді. Азаматтық қоғамдағы
демократиялық рәсімдер билік қызметінің сапасын бұқаралық бағалау құқығына
және қоғам мүдделері үшін билікке ықпал ету тетіктеріне негізделеді.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті
жаратылысы жағынан әртүрлі азаматтар мен заңды тұлғалардың бірлестіктері
(партиялар, ҮЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және
бассқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және
соңғысының билікті бір қолға алуына мүмкіндік бермейтін азаматтық қоғамды
жан- жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның міндеті жеке адам мен мемлекет арасында делдал
болу.
Азаматтық қоғам ның мақсаты қоғамның әр мүшесінің мүдделерін қорғау,
оның мүдделерін билік пен қоғам алдында бейімдеу, билік қызметін қоғамдық
бақылау әрі оның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам инстуттарына саяси партиялар, жергілікті
қоғамдастықтар, кәсіптік одақтар, діни бірлестіктер, шығармашылық, қоғамдық
және ғылыми одақтар мен бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-
ақ қоғам үшін түрлі қызмет пен қызмет көрсетулердің кең ауқымын іске
асыратын, қызметтің алуан түрін жүзеге асыратын мемлекет емес қорлар,
коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалары одақтары (қауымдастықтары),
қоғамдық пайдалы міндеттерді шешетін басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар
түрінде құрылған мемлекет емес ұйымдар жатады.
Саяси партия мемлекет биліктің, жергілікті өзін- өзі басқарудың
өкілетті және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік
топтардың мүдделерін білдіру және олардың саяси ырқын білдіретін Қазақстан
Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.
Кәсіптік одақтар азаматтардың өз кәсіптік мүдделерінің ортақтығы
негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай- ақ басқа да әлеуметтік
–экономикалық құқықтары мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшін
ерікті түрде құратын дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық
бірлестіктері.
Діни бірлестіктер жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни
басқармалар (орталықтар), сондай- ақ діни оқу орындары мен ғибдатханалар.
Бұқаралық ақпарат құралдары мерзімді баспасөз басылымы, радио- және
теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшілік
қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және
басқалары) WEB-сайттары қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе
үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны.
Қоғамдық бірлестіктер саяси партиялар, кәсіптік одақтар және
азаматтардың ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін ерікті негізде құрылған,
заңнамаға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері. Қоғамдық бірлестіктер
коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Үкіметтік емес ұйым ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтар және
(немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрылған коммерциялық емес ұйымдар
(саяси партиялар, кәсіптік одақтар және діни бірлестіктерді қоспағанда).
Ұлттық- мәдени бірлестік өзін белгілі бір этникалық бірлікке
жатқызатын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтау, тілін, білімін және
мәдениетін дамыту мәселелерін дербес шешу мақсатында азаматтардың өздері
ерікті өзін- өзі ұйымдастыруы негізіндегі бірлестігі.
Жергілікті өзін- өзі басқару жергілікті маңызы бар мәселерді тікелей
немесе жергілікті өзін- өзі басқарудың құрылатын органдары (институттары)
арқылы өздері дербес шешу мақсатында белгілі бір мекендер шегінде
тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін- өзі ұйымдастыруының нысаны.
Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
▪ азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;
▪ мүдделерді жақындастыру және белгілі бір мақсаттарға қол
жеткізу негізінде адамдарды одақтарға, бірлестіктерге ерікті
түрде кіріктіру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жұмысқа қатысу;
▪ азаматтардың жалпымемлекеттік және жергілікті проблемаларды
шешуге қатысуынқамтамасыз ету;
▪ азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың
түрлі топтарының мүдделерін іске асыру;
▪ қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершілік
негіздерін бекіту;
▪ адамның тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз ететін еңбек өнімділігі
үшн жағдай жасауға қатысу;
▪ әлеуметтік қызметтер көрсету;
▪ биліктің, бизнестің және қоғамдық институттардың қатынастарын
үйлестіруге жәрдемдесу, қоғамдық келісім және әлеуметтік
жанжалдарды азайту үшін жағдайлар жасау, әлеуметтік және өзге де
жанжалдарды сындарлы үндесу жолымен шешу;
▪ мемлекеттік шешімдер қабылдау процесінде ашықтық пен
мөлдірлікке жәрдемдесу;
▪ әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аса маңызды
қоғамдық функцияларды орындайтын кәсіподақтық ұйымдардың қызметін
қолдау;
▪ сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсіздігін нығайту және
ақпараттық кеңістіктің ашықтығын қамтамасыз ету.
Азаматтық қоғам - заңды негізде қызмет етіп, өз қызметінде мемлекеттен
тәуелсіз азаматтардың ерікті ассоциациялары мен одақтарының жиынтығы.
Тек демократиялық мемлекет қана шынайы азаматтық қоғам құра алады және
де азаматтық қоғам ғана демократияның мызғымас негізі болмақ.
Азаматтық қоғамға тән негізі белгілер халықтың горизонтальды
байланысына тікелей тәуелді. Мұндай байланысытың ерекшелігі пайда табуды
көздемеуі, қоғамдық игілікке бағытталуы. Осыдан келіп бұл мақсаттағы
ұйымдардың коммерциялық емес деген жалпы танылған атауы туындайды.
Мемлекеттік емес бейкоммерциялық ұйымдар азаматтық қоғамның іргетасы болып
табылады. Олардың жиынтығы үшінші сектор деп аталады (мемлекет пен
бизнестен кейінгі). Жалпы азаматтық қоғамы дамыған мемлектті жан- жақты
былай сипаттауға болады:

Ескерту- құрастырған Мұсатаев С.Ш. Қазақстандағы азаматтық қоғам:
қазіргі жағдайы мен даму келешегі Алматы, Print-S, 2007, - 239б.

1- сурет. Азаматтық қоғам қалыптасуының сипаттаммасы

Азаматтық қоғамның атқаратын аутореттеушілік қызметі бұқара халық
тарапынан,яғни, төменнен туындайтын әлеуметтік бастамаларды өмірге
енгізу,тәжірибеде қолдану қабілетін білдіреді; тәрбиелік қызметі саяси
әлеуметтендіру мен моральдың тиісті деңгейін қамтамасыз ете отырып,
халықтың, оның ішінде жастардың азаматтық сана- сезімі мен саяси қатысу
белсенділігін арттырады; гомеостатикалық қызметі әлеуметтік жүйені
динамикалық тепе- теңдік – гомеостаз жағдайында ұстап тұруға көмектеседі;
консолидациялық қызметі арқылы азаматтық қоғам органикалық ынтымақтастық
принципін кеңінен таратады; мәдениеттанулық қызметі шығармашылық
еркіндікке, индивидтердің рухани дамуына қажетті әлеуметтік- мәдени
кеңістік жасап, оларға жасампаздық әлеуеттерін арттыруға жағдай туғызады;
құқық қорғаушылық қызметі азаматтық қоғамды жеке тұлғаның құқықтары мен
бостандықтарының кепілі ретінде анықтайды; сублимативтік қызметі адамның
пайдаланылмай жатқан әлеуетін, әлеуметтік артық энергиясын өркениетті
үнқатысудың легетимді арнасына бағытталады.
Азаматтық қоғамды тежеуші факторлар: олар рухани сипатта –
посттоталитарлық саяси сана мен саяси мәдениет, саяси қатысу мен
белсенділіктің төмендігі, билеуші элитаның социумдағы позицияларын күшейтуі
мен өкілеттіліктерін асыра пайдалануы; корпортивті бюрократиялық, кландық
құрылымдардың қызметі; жершілдік пен жұзге- руға бөлінушілік т.б. жатады.
Азаматтық қоғам құрамындағы мүшелері арасындағы экономикалық, мәдени,
құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен
өара әрекеттесуші, мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар
құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және
моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы.

2. ҚР азаматтық қоғамды құрудағы мемлекеттік саясатының құқықтық
негіздері

Елдегі азаматтық қоғам мен оның инстиуттарын белгілі бір дәрежеде
дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де
жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылы 27 маусымда Қазақ ССР-індегі қоғамдық ірлестіктер туралы
Қазақ ССР-нің Заңы қабылданды.
Нәтижесінде елде Қазақстанның халық конгресі, Алаш партиялары,
Қазақстанның социалистік партиясы, Лад республикалық славян қозғалысы,
Азат Қазақстанның азаматтық қозғалысы, Мемориал қоғамдық- ағарту
қоғамының филиалы, Алматы- Хельсин тобы, Бірлік қозғалысы, Әділет
тарихи- ағарту қоғамы, Поколение зейнеткерлер қозғалысы және басқалары
пайда болды.
1994 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-
экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік
жөніндегі республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл
сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік серіктестік жүйесін
құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше,
елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995
жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан
Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы және Саяси партиялар
туралы заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары
Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады.
Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен
ерекшеленеді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен
мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге
мүмкіндік берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ), баспа кәсіпорындарының мемлекет
иелігінен шығу, сондай- ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау
жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік
тапсырысқа көшу процесінде байланысты масс- медиа нарығында сапалық
өзгерістер болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде Үкіметтіе емес ұйымдар (ҮЕҰ)
ақпарат орталықтары ашылды, олардың басты мндеті өңірлік үкіметтік емес
ұйымдармен өзара іс- қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық
және әдістемелік қолдау көрсету болды.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен өзара іс- қимыл тетіктерін
жасау үшін ҮЕҰ күш жігерін шоғырландыратын Қазақстанның үкіметтік емес
ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік әріптестік туралы Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билік
органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлестіктері
арасындағы мүдделердің келісілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік саясат
дәрежесіне көтерді.
2001 жылы Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының
Заңы, 2002 жылы Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы
қабылданды.
2002 жылы шілдеде қабылданған және күшіне енген Саяси партиялар
туралы Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан
арғы сапалық құрылымдық өзгерістерге алып келді.
2003 жылы ел Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003- 2005
жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкем облыстық (қалалық)
бағдарламалар әзірленді.
Сол жылдың өзінде –ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші
съезі өткізіліп, оған көптеген көрнекті дін қайраткерлері, әртүрлі
конфессиялардың өкілдері қатысты, Бейбітшілік пен тұрақтылық келісімге
декларациясы қабылданып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылғы 14-15 қазанда Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың қатысуымен ҮЕҰ республикалық съезі – Тұңғыш Азаматтық форум
болып өтті. Ол үкіметтік емес секторлардың саяси танылуын белгіледі және
азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-
қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды.
2005 жылғы 11 қыркүйекте ІІ Азаматтық форум өткізілді. Ол елдің
қоғамдық өміріне қатысуға бизнес- қауымдасдықтардың тартылуына ықпал етті.
Орталық және жергілікті деңгейлерде билік- қоғам серіктестігінің ұзақ
мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесуалаңқайларын құру жөніндегі
жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылы сәуірде
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданып, ол билік органдары мен ҮЕҰ-ның өзара қатынастарының принциптік
жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003- 2005 жылдары бірін- бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан
әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі
тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық
комиссия құрылды.
2007 жылғы 17-18 қазанда Астана қаласында ІІІ Азаматтық форум
өткізілді. Форумда 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында
азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы қаралды. Бұл - азаматтық
қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттарын және азаматтық
бастамаларды іске асыру мүмкіндігін айқындайтын маңызды құжат.
2009 жылғы 23- 25 қарашада IV Азаматтық форум Астана қаласында өтті.
Азаматтық форум –Қазақстанда демократиялы, құқықтық мемлекеттің
қалыптасуының іргетасы іспеттес, қазіргі таңда елімізде мемлекет- үшінші
сектор- бизнес арасында бірқалыпты дамып келе жатқан байланыс орнауда.
Құқықтық мемлекеттің негізгі көрінісі былай болмақ:

Ескерту- құрастырған Қарабаев Ш.Қ.Саясат №2,2005

2-сурет. Құқықтық мемлекеттің негізін салушы саяси құндылықтар

Егер де құқықтық мемлекетті алып ғимарат деп көз алдымызға елестетсек,
онда оның іргетасы мен қабырғасын құрайтын саяси құндылықтар болмаса, оның
аспанға бой көтеруі екіталай. Сол саяси құндылықардың ішінде азаматтық
қоғамның шоқтығы биік [11].
Сөйтіп, осы жылдары азаматтық қоғам: институттары саяси партиялар,
коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық- мәдени
бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес
секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта
мейлінше тез дами бастады.

2. Азаматтық қоғамды қалыптастыру – мемлекет саясатының негізі
2.1. ҚР азаматтық қоғам қалыптасуының саяси - әлеуметтік мәселелері

Азаматтық қоғам- мемлекеттегі барлық дерлік салалардың қарқынды дамып
өсуіне жіне олардың ішкі және сыртқы саясатта өз негізін белсенді түрде
танытуға бірден- бір ықпал етуші күш болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1–бабында Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады... деп көрсетілген. Жоғарыда атап кеткеніміздей тек
азаматтық қоғамда ғана шынайы демократиялық мемлекет құрыла алады,
сондықтан да мемлекет алдындағы негізгі саясаттарының бірі- қоғамды
демократияландыру. Дегенмен, бұл процесс біздің елімізде біршама күрделі
жағдайда жүргізілуде, оның себебі ел экономикасының батыстық нарықтық
қатынастарға күрт көшуімен байланысты. Өз кезегінде бұл трансформация
Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыруда саяси- әлеуметтік
проблемаларын, қиындықтарын және қарама- қайшылықтарын туғызуда.
Қазақстан қоғамға ұмтылуда, экономикамыз әлі де болса негізінен шикізат
сатуға сүйенеді. Ел экономикасы тұрақты даму траекториясына шығып
өндірістік- инновациялық бағытқа ойыса бастады. Осы тұрғыдан қарастырсақ,
еліміз индустриялды даму сатысында тұрып, Батыстық постиндустриалды
құндылықтарды сіңіруі қиындық тудырады.
Сол үшін қазақстандық әлеуметтік мемлекеттің ұтымды қазіргі батыстық
модернизацияланған әлеуметтік мемлекет емес, индустриялды кезеңдегі
азаматтық қоғамы бар демократиялық әлеуметтік мемлекет болып табылады.
Толыққанды азаматтық қоғам қалыптасып, ынтымақтастық пен субсидиарлық
принцип сақталса мұндай үлгіні шынайылыққа айналдыруға мүмкіндіктер мол,
және де социалистік тәжірибенің жақсы жақтарын да тиімді пайдалануға болады
деп тұжырымдауға болады.
Қазақстанның жаң әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты мемлекет
пен адамның өзара жауапкершілігі арқылы әлеуметтік дамуға өту. Қазір
елімізде әлеуметтік әріптестік қалыптасты. Әлеуметтік- экономикалық және
еңбек қатынастарындағы әлеуметтік әріптестік туралы қаулы, ҚР Үкіметі мен
кәсіподақ және жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы бас уағдаластық,
Әлеуметтік әріптестік туралы Заң әлеуметтік саладағы объективті
процестерді толық қамтып, түйінді мәселелердің шешілуіне ықпал етті.
Мемлекеттік атаулы көмек туралы Заңға сәйкес мұқтаж және әлеуметтік
жағынан аз қорғалған азаматтарға мемлекет тарапынан ақшалай, заттай,
институционалдық әлеуметтік көмек көрсетіледі, ақы төленетін қоғамдық
жұмыстарға тартылады. ҚР халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасына сәйкес,
әлеуметтік қызметтің басым бағыттарының біріқоғамдағы жағдайы төмен
әлеуметтік топтардың мүддесін көздейтін қоғамдық ұйымдарға жан- жақты
қолдау көрсету болып табылады. Құжатта сондай- ақ, әлеуметтік қорғау
жүйесіне кәсіподақтар мен жұмысшы бірлестіктерін тарту да қарастырылған.
Кәсіподақтардың азаматтық қоғамдағы қызметі жалдамалы еңбек нарығындағы
азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында локальді деңгейде
жұмыс берушілерге, мемлекеттік деңгейде шешім қабылдау мен заң шығаарушылық
процеске қатысу немесе ықпал ету арқылы әлеуметтік қысымды белгілі бір
дәрежеде жұмсарту, әлеуметтік- экономикалық кернеу күйіне жетпеу үшін
дағдарысты жағдайлардың алдын алу, жанжалға айналса келіссөздер арқылы шешу
болып табылады.
Қазақстанда кәсіподақтар азаматтық қоғамның маңызды элементі болуы
қажеттілікке айналып отыр. Дегенмен олар ұжымдық шартқа сай еңбеккерлер
мүддесін білдіріп, құқықтарын ашық қорғайтын деңгейге көтерілген жоқ.
Елдегі әлеуметтік тұрақтылық еңбек қатынастары дұрыс жолға қойылып,
еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы, жұмысшының алып отырған жалақысы мен
демалысы шешімін тапқан жағдайда ғана орнығады. Қазіргі нарықтық
қатынастарда еңбекте негізгі тұлға жұмыс берушілер мен жұмысшылар екендігі,
ал мемлекеттің тек үшінші тараптың рөлін атқаратыны белгілі.
Осыларды айта келе, батыстық елдер тәжірибесіне сүйене отырып, мынадай
тұжырым жасауға болады: мемлекетіміз өзінің кең өкілетті билігін қоғамның
жай- күйі үшін саналы түрде қысқартып, қоғамның әл- ауқатына қатысты осынау
өзекті мәселенің жауапкершілігін сезіне отырып, оны шешуде жұмыс
берушілермен, кәсіподақтармен және қоғамдық ұйымдармен ақыл қосуының өзі
азаматтық қоғамныңдамуына қарқын беретін алғышарт болып табылады. өз
екзегінде жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы
кәсіподақтардың еңбекақыныкөтеру туралы талаптарынан арылса, кәсіподақтар
азаматтарды еңбекпен толық қамту үшін еңбекақы туралы талаптарынан бас
тартуға дейін барып отыр. Ал оғамдық ұйымдар үкіметті сынауын жұмсартып,
ортақ игілік үшін оның жүргізіп отырған саясатына ынтымақтастық көрсетеді.
Мемлекет өзінен жауапкершіліктің ауыр жүгін азайту үшін ынтымақтасуға
ынталы болады.
Орта тап - азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы ретінде қарастыруға
болады, себебі біздің қоғам қандай күй кешіп отырғандығын айқындауға
қабілетті, яғни орта тап қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабат қана емес,
саяси- әлеуметтік тұрақтылыққа арқау, қоғамды ұйыстыратын мәйек болып
табылады.
Әлеуметтік жіктелу мәселесі саяси ғылымдағы өзекті мәселелердің
қатарында, ал оның ішінде орта тап- демократиялық саяси жүйенің қалыпты
қызмет етуі үшін қажет шарттардың бірі ретінде қаралады. Өйткені орта тап-
экономикалық жағынан тәуелсіз, тұтыну дәрежесі жоғары адамдарды қамтиды,
сәйкесінше олар өз күштерін, ерік- жігерін еркін пайдаланады, шығармашылық
әлеуеті зор тұлғалар. Олар үшін өмірдің мәні бар, өз өмірлерін қорғауға,
өздерін қоршаған ортаны, қалыптасқан саяси тәртіпті сақтауға мүдделі.
Дербес орта тапқа меншік иелері, орта және шағын бизнес кәсіпкерлері,
фермерлер, шаруалар, жатады.
Жалдамалы орта тапқа білім- ғылым, өнер, мәдениет, медицина, инженерлік-
техникалық сала мамандары, жұмысшвлар, мемлекеттік қызметкелер, зиялы
қауым және басқарушы менеджерлер кіреді.
Қазақстандағы орта тап қалыптасуы қалыпты күйде емес. Мемлекет
тарапынан орта таптың дербес элементтерін қалыптастыруға басымдық берілуде,
бұл тұрғылықты халықтың шектеулі бір бөлігін ғана қамтитындықтан үлес
салмағы аз. Ал жалдамалы жұмыс істейтін орта таптың қалыптасуына қажетті
шарттар мен жағдайлар жетткіліксіз. Осыдан келіп күнделікті қоғам өмірінде
жалдамалы еңбек ететін, орта тапты құрушы негізгі әлеуметтік қауым өкілдері
қиын жағдайда дамуда.
Қазіргі Қазақстандағы қиын түйіннің бірі жалдамалы орта таптың
қалыптасуы. Ол кенжелесе, мемлекетте ірі қаржы- өндірістік топтар күшейіп,
алпауыт меншік иелері мен кәсіпкелер қатары көбеймек, ал халықтың қалған
бөлігі кедейлене бастайды. Бұл процесс уақыт өткен сайын тереңдеуі
заңдылық: капитал иелері байыған үстіне байыса, жалдамалы еңбек қана табыс
көзі болып есептелетін халық үшін керісінше жүреді.мұның ақыры қоғамды
қарама- қайшы жікке – байлар мен кедейлерге бөлінуіне алып келеді.
Тұрғылықты халықтың бай –кедей болып жіктелуі қоғамның тұрақтылығына
қауіп төндіруші факторлардың бірі. Қазақстанда орта таптың қалыптасуы ҚР
Статистика жөніндегі комитетінің халықтың табысы бойынша бөлу туралы есебі
бойынша, еліміздегі жоғары қабат халықтың аз бөлігін 0,6 % құрайды, ал
орташа қабат 38,8 % болса, төмен қабат 61,1%.
Тығырықтан шығу үшін салықтарды төмендету, несиенің сыйақы мөлшерін
өркениетті елдердің деңгейіне жақындату, бюрократия мен сыбайлас
жежқорлықты барынша азайту (мүлдем жою мүмкін емес), орта және шағын
бизнесті қолдауды үдету, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күре, нарықтық
қатынастарға сәйкес мамандарды қайта даяралау сияқты аса маңызды
міндеттерді шешу кешенді іс- шараға айналуы тиіс. Қазақстандағы әлеуметтік
саясат қарқынын арттырып, еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру керек.
Қазақстанда еліміздің құрамындағы түрлі ұлыстар мен этно- әлеуметтік
топтардың өкілдері өздерінің жекелеген ерекшеліктерін сақтап, дамыта
отырып, Қазақстан менің Отаным, мен оның азаматымын деген патриотизм
арқылы ғана жалпыұлттық идеямен суарылған азаматтық қоғам құруға болады.
Көпұлтты Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыру мен дамытуда тар
ұлттық мүдде емс, әмбебап, жалпыадамзаттық мәндегі құндылықтар- адам мен
азаматтың бостандығы мен теңдігі, әділдік, заңдылық пен қоғамдық келісім,
ұлтаралық татулық, яғни, еліміздегі барша халықтың дамуына қажет
демократиялық консенсустық принциптер болуы шарт.
Қорытындылай келе, азаматтық қоғам қалыптастыру барысында жалпыұлттық
идеяға топтасу- объективті қажеттілік. Оның мәні- ел құрамындағы түрлі
ұлттық және этноәлеуметтік топтар мен мемлекет құрушы байырғы қазақ ұлты
өзіндік ерекшеліктерін, ұлттық болмысын, тыныс- тіршілігін сақтап әрі
дамыта отырып және бір- біріне түсіністікпен қарап, мемлекеттің тең
құқықты азаматтары ретінде отанымызды дамытуға ат салысу.

2.2. Үкіметтік емес ұйымдар- Қазақстандағы азаматтық қоғам құрудың
субъектісі

Тәуелсіздік алған бірінші жылдан бастап Қазақстан демократиялық
мемлекет құруға бағдар алды, онда азаматтық қоғам маңызды рөлге ие болады.
Президент Н.Назарбаев Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға атты Қазақстан
халқына жолдауында ҮЕҰ термині аталған. 2000 жылғы қазанды Қазақстанда
азаматтардың бірлестіктерін (ҮЕҰ) саяси тұрғыдан мойындаудың ресми күні деп
санауға болады. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар қазірдің өзінде
Қазақстанда құқық қорғау қызметін де, халық топтарының айрықша мүдделерін
жүзеге асыруда да, қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда да үлкен роль атқарып
отырғандығына нақты назар аударылды.
Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы
Жолдауда Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі мен құқықтары
туралы заңның әзірленуіне Үкіметтің өзі ұйытқы болуға тиіс деген тікелей
нұсқау беріледі. Мемлекеттік құрылыс және қоғамды демократияландыру
саласындағы бірінші кезектегі мәселе ретінде үкіметтік емес ұйымдардың
қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру тетігін кіргізуді заңнамалық
дәйектеу белгіленді.
Үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мемлекеттік саясатының
тұжырымдалған негізгі қағидаттары мен бағыттары Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 қаулысына сәйкес қабылданған
Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың
тұжырымдамасында бекітілді. Осы Тұжырымдамада берілген идеялар Үкіметтік
емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003 – 2005 жылдарға арналған
бағдарламасы үшін негіз болды. 2005 жылы қабылданған Мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс туралы ҚР Заңы ҮЕҰ жобаларын мақсатты мемлекеттік
қаржыландырудың басы болды.
Қазақстан Республикасында демократиялық реформалардың бағдарламаларын
әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы
әзірлеген 2006 жылғы 25 шілдеде ел Президентінің Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасы 2006 жылғы маңызды оқиға және ҮЕҰ серпінді дамыту
үшін қарқын берген негізгі құжат болып табылды.
Үкіметтік емес ұйымдар- қазіргі таңдағы Қазақстандағы азаматтық қоғамның
дамыған институттарының бірі. Олар мемлекет пен азаматтар арасындағы
өткізгіш рөлін атқаруда, әлеуметтік өзгерістерге сай қызметтер атқарып,
түрлі мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосуда. Өзіміз білетіндей,
Қазақстандағы шынайы азаматтық қоғам қалыптастыру процесі тәуелсіздік
алғаннан кейін басталды.
2002 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҮЕҰ-ды
мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама ҮЕҰ мемлекеттік
қолдаудың мақсат-тары мен басым бағыттарын, принциптерін, механизмдері
мен оны жүзеге асырудың деңгейлері белгіленді
2003 ж. 2003-2005 ж.ж. арналған ҮЕҰ қолдау бағдарламасы
қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда ҮЕҰ дамуы үшін жағдайлар
жасау және мемлекетпен өзара іс-қимыл, ҮЕҰ-ды мемлекет тарапынан қолдау
негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде олардың рөлін
жақсарту.
Қазіргі уақытта облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерінің
жанынан үкімет пен үкіметтік емес ұйымдарының өзара іс-қимылының кеңестері,
ал орталық атқарушы органдар жанынан – консультациялық – кеңес органдары
құрылып, қызмет етуде.
2004 ж. бастап ҮЕҰ қолдаудың барлық аймақтық бағдарламалары
қаржыландырылды.
2005 ж. 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың отандық ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өткізілді. Мемлекет
Басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының (ҚҮҰК)
Азаматтық форумды өткізу туралы бастамасын қолдады.
2005 ж. сәуірде ҮЕҰ әлеуметтік маңызы бар мәселелерді
республикалық бюджет есебінен шешуде ҮЕҰ әлеуметтік маңызы бар жобаларда
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Заңы
қабылданды.
Тұрақты негізде өткізілетін және нағыз жалпыұлттық үндесу
механизмі болып табылатын Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық форумы
қазақстандық қоғамның өмірінде маңызды оқиға болды.
Бүгінігі таңда Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қоғамдық ұйымдардың
көпшілігін әр түрлі негіздер және оның ішінде қызметінің мазмұны бойынша
(түрі, саласы, бағыты және т.б.) жіктеуге болады. ҮЕҰ қызметінің мазмұнын
ҚР Әділет министрлігінің деректері бойынша мынадай негізгі бағыттарын
көрсетуге болады.

Ескерту- ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің мәліметтерімен
құрастырылған

3- сурет.ҮЕҰ қызметінің мазмұны

Қазақстанда қазіргі уақытта ресми статистика деректері бойынша
коммерциялық емес ұйымдар саны 25 мыңға жуық , ол былайша өткен үш жылдан
екі еседен астам ұлғайды. Олардың ішінде, 10 саяси партия, 4 мыңнан астам
діни бірлестік, 3 мыңнан астам БАҚ, 1219-ы жеке қор және қоғамдық бірлестік
мен қорлар құрайды. Қазіргі таңда республикада 13 мыңдай жуық ҮЕҰ
тіркелген.
Соңғы жылдардағы коммерциялық емес ұйымдардың ұдайы өсуіне қарамастан,
кейбір объективті себептермен байланыстыруға болатын үшінші сектордың
қызметін статистикалық есеп алу аяқталмаған. Мәселен, коммерциялық емес
ұйымдардың біршама бөлігінің өмір сүру мерзімі өте аз, бұл зерттеу
деректерімен расталады. Жалпы, осы мәселе бойынша статистикалық
агенттіктің жылдық есептерінде мүлдем мәлімет жоқ. Ал ҮЕҰ интернет
сайтындағы деректер базасы уақытылы жаңаланбайды.
ҮЕҰ арасында белсенділігі нөлге тең және қағаз жүзінде ғана өмір
сүретін, дәлірек айтқанда, әрекет жасамайтын және тиісінше есептілігі жоқ,
ұйықтап жатқан ұйымдар деп аталатындар да аз емес.
Ресми деректер бойынша соңғы 3-5 жыл ішінде мынадай үлестердің тұрақты
ара қатынасы сақталып келгенін анықтауға болады: мемлекет меншігіндегі
коммерциялық емес ұйымдар (КЕҰ) орнықты түрде 45-43%-ды, мемлекеттік емес
ұйымдар – 55-57 %-ды құрайды.
Құқықтық мәртебесі бойынша қазақстандық үшінші сектордың құрылымында
негізгі орынды қоғамдық бірлестіктер (40 %), саны жағынан екінші орынды –
мекемелер (29%), үшінші орынды – қорлар (24%), заңды тұлғалар қауымдастығы
– (7%) алады.

Ескерту- ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің мәліметтерімен
құрастырылған

4- сурет. ҚР үшінші сектор құрылымы

Мәселен, үшінші сектордың құрылымына ресми статистика мынадай ұйымдық-
құқықтық ұйымдарды қамтиды: мемлекеттік мекеме, жеке мекеме, қоғамдық
бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер, заңды тұлғалар қауымдастығы
(одақтары), тұтыну кооперативтері, ауылдық тұтыну кооперативтері, тұрғын үй
және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік
қоғамдар, пәтерлерді меншіктенушілер кооперативтері, нотариалдық палаталар,
адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы, сауда-өнеркәсіп палаталары, ауыл
шаруашылық серіктестіктері. Бар-жоғы 16 ұйымдық-құқықтық нысан.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңда мемлекеттік емес ұйымдардың
11 ұйымдық-құқықтық нысаны айтылады. Сонымен қатар, бірқатар басқа көздер
(оның ішінде мемлекеттік емес зерттеу және талдау агенттіктері) ресми
статистиканы ескеретін мемлекеттік мекемелерді, адвокаттар алқасын, тұтыну
кооперативтерін, нотариалдық палаталарды және т.б. үшінші сектордан
шығарады.

Қазіргі уақытта үкіметтік емес мекемелер қызметі кең ауқымды
бағыттарды қамтуда. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың қызмет ету
салалары бойынша пайыздық қатынастары төмендегідей:

1 -кесте. Үкіметтік емес ұйымдардың қызмет ету салалары
Қызмет түрлері Пайыздық үлесі, %
Экологиялық 15
Балалар мен жастар 13,6
Әйелдерге қатысты 13,3
Медициналық 13,1
Мәдениет, өнер, ғылым, білім саласы 12,5
Құқық қорғауда 7,6
Әлеуметтік қорғау бойынша 6,8
Қоғамдық бастамашылықты қолдау 6
бойынша
Мүгедктер қоғамы 4,4
Мүгедек балаларды сауықтыру 3
Көп салалары 4,7

Ескерту- ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің мәліметтерімен
автормен құрастырылған

Қазіргі күні үшінші секторда жұмыс істейтіндер саны 550 адамнан асты
; тұрақты түрде 100 мың адам, 200 мың адамға дейін уақытша (кеңесшілер,
сарапшылар), 250 мыңнан артық еріктілер жұмыс істейді.

ҮЕҰ негізгі салары және қызмет түрлері
Үшінші сектор ҮЕҰ салалары және қызмет түрлері жағынан алғанда
біршама әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ҮЕҰ белсенділігі
біршама жиі пайда болатын осындай қызмет салаларын белгілеуге болады.
Бәрінен бұрын, балалар мен жастар саясаты саласы – осы саладағы жұмысты
сауалнама жүргізілген ұйымдардың тиісінше 24,5 % және 43,9% жүргізетінін
атап өткен жөн. Үшінші сектор үшін тартымдылығы жағынан екінші деңгейдегі
сала – мәдениет және салауатты өмір салты (27,9) және білім беру саласы,
онда бүгінгі күні 20,4% қазақстандық ҮЕҰ әрекет жасайды.
Құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымдар белсенділігінің
жоғарылығы өзіне назар аудартады. ҮЕҰ қызметінің негізгі салаларының жалпы
рейтингісінде ол 16%-ды құрай отырып, бесінші жолды алады. Бұдан басқа,
10,4% ұйым гендер саласына, 10% –экология саласына, тағы 6,3 % – жергілікті
өзін-өзі басқару саласына өздерінің күш-жігерін салады. Осыларды ескере
отырып, Қазақстанның қазіргі заманғы үшінші секторы іштей өзін белсенді
түрде қолдайтын өздігінен дамушы жүйе болып табылатынын болжауға болады
және шамамен оның күш-жігерінің бесінші үлесі өзін-өзі дамытуға
бағытталған.
Зерттеу нәтижелері бойынша ҮЕҰ қызметінің сол немесе өзге деңгейінде
кең тараған 18 түрі анықталды, олардың ішіне кемінде 3%-ын зерттелген
ұйымдар алады. Бұл ретте, қызметтің 10 түрі кеңінен таралған – олар
сектордың сауалнама жүргізілген ұйымдардың 80%-нан астамына тән
(диаграмманы қараңыз).

Ескерту- ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің мәліметтерімен
құрастырылған

5- сурет. ҮЕҰ жұмысының негізгі бағыттары

Бүгінгі таңда ҮЕҰ қызметінің тағы бірнеше маңызды сегменттері –
қарттарға, мүгедектерге, аз қамтылған және үйсіз адамдарға көмек көрсету,
отбасы және әйелдер мәселелері, яғни сауалнама жүргізілген ҮЕҰ үштен біріне
жуығы (32-36%) айналысатын әлеуметтік жұмыс және тәрбиелеу. Бұл қызмет
әлеуметтік бағытта басымдықты.
Ұйымның негізгі қызмет түрлері жағынан алғанда, үшінші сектордың
географиялық рельефі толығымен тең, олардың жұмысының әртүрлі бағыты
барлық өңірлер үшін шамамен тең дәрежеде берілген. Сонымен қатар, біраз
аумақтық ерекшеліктері бар ҮЕҰ қызметінің бірнеше түрлері бар. Атап
айтқанда, Павлодар және Қарағанды облыстарында салауатты өмір салтының
алдын алумен және нашақорлықты болдырмаумен айналысатын ҮЕҰ үлесі бірнеше
есеге жоғары, құқық қорғау ұйымдары Алматы қаласына шоғырланған, Шығыс
Қазақстан облысында білім беру қызметімен айналысатын ұйымдар басым. Атырау
және Маңғыстау облыстарында қалған өңірлермен салыстырғанда экологиялық
ұйымдар, Оңтүстік Қазақстан облысында - әлеуметтік жұмыстарды орындау мен
балалар тәрбиелеуге бағдарланған ұйымдар бірнеше есеге жиі таралған.
ҮЕҰ қызметінің негізгі объектілері
Қызмет объектілері жағынан алғанда, үшінші сектор, бәрінен бұрын
жастарға (талданған ҮЕҰ 43,9%-ы), сондай-ақ мүгедектерге (16%)
бағдарланған. Бүгінгі таңда ҮЕҰ біршама кең тараған – білім беру және
әлеуметтік қызметтерді тұтынушылар тобы ең үлкені.
Қала тұрғындары үшін жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың үлесі
– 54,4%-ды, ауылдық – 31,9%-ды құрайды. ҮЕҰ үшін біршама танымал мақсатты
аудиториялардың бірі орталық мемлекеттік органдар – 15,2%, жергілікті
билік органдары – 30%, азаматтық қоғам институттары (21,1%) болып
табылатынына назар аударарлық.
ҮЕҰ қаржыландыру көздері
Қазақстанда бизнес ҮЕҰ-мен әріптестікті дамытуға аса қызығушылық
танытпаған, ал жеке тұлғалардың әзірге қайырымдылыққа күші жетпеген уақытта
мемлекет ҮЕҰ-мен әріптестік әлеуметін нығайтады. Осындай ынтымақтастық үшін
негіз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өсу динамикасы:
2003 жылы 10,7 млн. теңге;
2004 жылы 9,7 млн. теңге;
2005 жылы 59,7 млн. теңге;
2006 жылы 200 млн. теңге;
2007 жылы 299,3 млн. теңге;
2008 жылы 709,2 млн. теңге;
2009 жылы 921,2 млн. теңге қарастырылған.
Әлеуметтік тапсырыс арқылы түрлі әлеуметтік жобаларды орындау ҮЕҰ
тарапынан түсініспеншілікке және сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету
ниетіне әкелді. Бұдан басқа, олардың мемлекеттің лайықты әріптестері болуға
ұмтылысы мемлекеттік тапсырысты іске асыру және басқару кезінде мониторинг
жүйесін енгізу қажеттілігіне әкелді.
ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қаржыландырудың халықаралық тәжірибесі негізінен
екі жолмен ұсынылды.
Тікелей қаржыландырумен, мұнда қаржыландыру тікелей ұйымның орталық
және жергілікті деңгейдегі мембюджетінен бөлінеді, яғни осы қаржы жылының
бюджеттік шығыстарына қосылған. Бұл қаражаттың тікелей Мемлекеттік
қазынашылық шотынан ҮЕҰ шотына түсетінін білдірмейді – негізінен олар түрлі
мемлекеттік агенттіктер (министрліктер, мемлекеттік және басқа да қорлар
және т.т.) арқылы өтеді.
Жанама қолдау – жанама қаржылай қолдау тікелей қаржы аударуды немесе
мүлік беруді көздемейді, оның орнына ҮЕҰ-ға өз қаражатын басқа қаржылық
міндеттерді төлеуге емес, жарғылық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік
беретін жеңілдікті білдіреді. Осындай көмек мемлекеттік бюджетте шығыс бабы
түрінде емес, жете алынбаған кіріс түрінде орын табады (мысалы, салықтық
жеңілдіктер берген жағдайда, бюджетке түспейтін салықтар жанама қолдау
болып есептеледі).
Мемлекет ҮЕҰ-ның мемлекеттік қолдау алуға лайықтығын және қандай
көлемде алатындығын анықтау үшін пайдаланылатын ең басты өлшем – ол ұйым
қызметінің жұртшылыққа пайдасы өлшемі (мысалы қызметтер көрсету немесе
мүдделерді қозғау сияқты ҮЕҰ қызметінің сипаты емес). ҮЕҰ қандай дәрежеде
жұртшылыққа пайдасы тиеді, ол заңнамада қоғамдық пайда туралы (не
баламалы заңнамада – мысалы, салық заңнамасында) қалай анықталатындығына
қарай тікелей және жанама мемлекеттік қаржылық қолдауға құқық қызмет
көрсететін (сервистік) ұйымдарда да, белгілі бір мүдделерді немесе
идеяларды (адвокацияларды) талап ететін ұйымдарда да болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жеке тұлғаның қалыптасу философиялық негізі
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мектеп пен отбасының құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Тәрбие үрдісінде құқықтық тәрбие беру
Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Пәндер