Қазақстанның фаунасы мен флорасы


Қазақстанның фаунасы мен флорасы

Каспий теңізі негізінде Жер бетіндегі ең үлкен көл болып саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын жуып өтеді және өзара екі ірі құрлық - Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше теңіздерінің аумағынан біршама асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір ғана орасан үлкен теңіз бассейнін құрап жатқан.

Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары мен жазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б. э. д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің «География» кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.

Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады, соның өзінде ол Каспий теңізі туралы сенімді бейнелерді бере алмады.

Герадот, Гомер, Аристотель, Марко Поло сияқты антикалық кезең мен ежелгі және орта ғасырлардың тағы басқа ғалымдары өзінің жұмыстарын Каспий теңізіне арнады.

Каспий теңізінің мыңдаған жылдардағы тарихында 70 түрлі атауы болды. Мысалы, арабтар Каспий теңізін жағалаудағы Гиркания елінің атауы бойынша (Қасқырлар елі) - Гиркан теңізі, солтүстік-батыс жағалауда тұратын хазар халықтарының құрметіне - Хазар теңізі деп атады. Қытайлықтар оны Сихай (яғни Батыс теңізі), түріктер - Кучук-Дениз, татарлар -Аг-Дениз деп атады. Орыстар Волганың сағасында тұратын халықтардың атауы бойынша Хвалын деп атады. Маңайындағы елдер мен қалалардың атаулары бойынша Каспий теңізі Мазандаран, Парсы, Орыс, Астрахань, Сарий, Баку, Дербент және басқа деп аталды. Каспийдің шығуы ежелгі Тетис теңізінің геологиялық тағдырымен байланысты. Ол қазіргі Жерорта, Қара, Азов, Каспий теңіздерінің қазіргі жер телімдерін алып жатты және батысында Атлант мұхитымен, ал шығысында - Тынық мұхитымен жалғасты. Күрделі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде Тетис теңізі алдымен Тынық мұхитынан, содан соң Атлант мұхитынан бөлінді. Бұл жасты Каспий теңізінің пайда болу кезеңімен есептеуге болады. Қазіргі Каспий атауын б. э. д. І ғасырларда Кураның оң жағалауында өмір сүрген ежелгі Каспий тайпаларының атауымен аталды.

Сол ерте замандарда теңіздің өзінде және айналасында өмір сүретін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалыптаса бастады. Каспий теңізінің қазіргі өсімдіктер дүниесі қарапайым кіші организмдерден бастап қалыптасқан өсімдіктерге дейінгі саны 728 түрге жетеді. Онда өмір сүретін теңіз флорасы бірнеше қайтара тұзданыу мен тұщыланудың әсерімен түбегейлі өзгерістерге ұшырады, соның нәтижесінде тұщы суда өмір сүретін түрлері көбейді және теңіз флорасы барынша азайып кетті. Волга-Дон каналы ашылған соң мұнда Азов және Қара теңіздерді мекендейтін балдарлардың басқа түрлері пайда болды. Каспий теңізін жануарлардың 1809 түрлері мекендейді. Каспий теңізінің табиғаиы ежелгі заманнан бері көптеген ғалымдар, саяхатшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің назарын аударған. Осы айдынның табиғи ресурстарын игерудің каспий маңы елдері мен қоршап жатқан елдердің халық шаруашылығында маңызды экономикалық мәні бар.

Каспий теңізі -флора мен фауна, соның ішінде бұрын дүниежүзілік кәсіпшілік өндірудің сексен пайызынан артығын қамтамасыз еткен бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік табынын бізге көненің көзіндей етіп жеткізген табиғаттың ғажап жаратылысы. Каспийді мекендеушілердің біреуіне ерекше тоқталғымыз келеді. Ол - каспий итбалығы. Ғалымдарсолтүстікті мекендеушінің қалайша жылы теңізге келгендігіне жауап таба алмауда. Бүгінде каспий итбалығының қаңқаларын біздің теңіз Дүниежүзілік мұхиттың бір бөлігі болған ерте кездегі ежелгі геологиялық шөгінділерінен табылған. Итбалық - сүтқоректілер мен олардың ежелгі арғы тегі құрлықта, алғашқы дәуірдің ормандарында аң аулаған. Сондықтан жергілікті қазақтар оны дәлме-дәл «итбалық» деп атаған. Каспий итбалығының толық жойылып кету қаупі бар. Ересек итбалықтар да, олардың балалары кәсіпшілік аулаудың объектісі болып отыр. 1944 жылы 290 мың итбалық ауланған, содан кейін итбалықтың қауымдасу саны төмендей бастағандығы туралы мәліметтер бар. Аңдарды аулауға тиым салында. Итбалықтардың қауымдасуы қайта қалпына келтірілді және кейбір деректер бойынша 600 мың басқа жеткен. Мұнай кен орындары тағы да Каспий итбалықтарына қауіп төндіруде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы
Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан
Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны
Қарқаралы ұлттық саябағының көрінісі
Марқакөл ауданы
Қазақстандағы ірі су қоймаларының экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардаптары
Қазақстан жабайы фаунасын және өсімдектерін қорғау. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
Каспий өңірінің флорасы мен фаунасы
Биогеография пәнінің зерттеу обьектісі
Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz