Қазақстан Республикасындағы жеке тұлға құқықтарының қорғалуы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

1 Қазақстан Республикасындағы жеке тұлға құқықтарының қорғалуы

Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңызды мемлекеттік институты Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет Призиденті болып табылады. «Республика Президенті - халық және мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және символы» (Қазақстан Республикасының Конституциясының 40-бабы) . Президенттің ерекше конституциялық мәртебесі халық алдындағы зор жауаптылығымен сипатталады. Мысалы, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу конституциялық белсенділік құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Заңды қарау және мемлекеттің басқа органдарымен қарым-қатынасы процесінде Президенттің ерекше жағдайы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Республика Президенті мемлекетте қабылданған барлық құқықтық нормативтік актілердің қүшін толық немесе ішінара жоя алады.

Қазақстан Республикасының Президенті жанынан кұрылған Комиссия мәртебесі жағынан консультативті-кеңесші орган болып табылады. Оның қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының мемлекеттік Кеңесі жүзеге асырады. Бұл Комиссияның мақсаты - Президенттің адам құқықтарын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыруына ықпал жасауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қамтамасыз ету механизмін жақсартуға көмектесу болып табылады. Комиссия құзырына: Қазақстан Республикасының Президентіне және тікелей Комиссияға жіберілген адам құқықтары мен бостандықтары мәселелері жөнінде үндеулерін қарау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі жөнінде жыл сайынғы және арнайы баяндамаларды құрастыру; адам құқықтарын қорғау механизмін жақсарту жөнінде ұсыныстарды жасау; Қазақстан мүдделеріне қатысты адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқықтық - құжаттар бойынша сараптамалық қорытындылар, аналитикалық материалдар даярлау; адам құқықтары бойынша мамандандырылған халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысу болып табылады.

Адам құқықтары жөніндегі Комиссия ережеде бекітілген мақсат міндеттерін тиімді атқарып отыр. Бірақ, жекеленген адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тәжірибелік қорғау саласында тиімділігі төмен болып отыр. ¤йткені, ол адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және саяси технологияларды енгізумен ғана шектеліп отыр. Сол себептен де Комиссияның осы бағыттағы қызметін жандандыру қажет. Яғни, адам құқықтарын жалпы негізде қорғау қызметімен бірге жекелеген адам құқықтарын қалпына келтіру, қорғау қызметінің механизмін енгізген жөн.

Конституциялық бақылауды жүзеге асыру адам құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Қазақстан Республикасында Конституциялық бақылауды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады. Құрамында жеті мүшесі бар бұл орган қадағалау-бақылау сипатындағы қызметті жүзеге асыратын алқалық орган. ¤з өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тек Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа алады. Жеке тұлғаның бұзылған құқықтары жөніндегі өтініштерін бірден өзі қарамай, соттарда расталған фактілер және соттың жолдауы негізінде конституциялық өндірісте қарайды. Бұл түсінікті, өйткені, ол соттық орган болмағандықтан жеке өтініштерді қарамайды және құқықтық актінің Ата заңға қайшылығы жөніндегі жолдауды ұсыну субъектілері заңда нақты белгіленген.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды орын алады. Соттың ерекше рөлі азаматтардың, қоғамның және мемлекеттердің заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде құқыққа қарсы барлық әрекеттерді тоқтатуға өкілеттілігімен сипатталады және оны тәуелсіз жеке мемлекеттік билік тармағы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік алғаннан бері сот жүйесін өз алдына күшті билік тармағы ретінде орнықтыруға бағытталған шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуда. Бұл соттардың Қазақстан Республикасында белгіленген адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде конституциялық құрылыстың тұрақтылық мүддесінде жүзеге асырылады. Сот билігінің мақсаты Кеңестік кезеңде негізгі міндеттері қылмыспен күресуге бағытталса, қазіргі кезде азаматтармен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттегі заңдылықты қорғауды қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан сот реформасы саяси құбылыстарға тәуелсіз өз алдына әділ және беделді билік тармағын мемлекеттік механизмге енгізуге бағытталған. Конституциялық билік бөлу қағидасы сот органдарының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы ролін жоғары бағалап отыр, сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында сот билігінің конституциялық негіздері белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 76-бабында «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативті құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды». Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сот төрелігі тек соттармен жүзеге асырылады. Яғни, қоғам және мемлекет соттарға заңдардың және өзгеде нормативтік құқықтық актілерін дұрыс пайдалану, адамдардың құқтар мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуді жүктейді. Құқықтар мен бостандықтардың түрлеріне байланысты қорғау қылмыстық, азаматтық және өзге Конституциямен белгіленген сот өндірісі формаларында жүзеге асырылады. Бұл жағдайда соттар Конституцияда белгіленген адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар және өзге де нормативті құқық актілерді пайдалануға құқығы жоқ. Егер сот өндірісі барысында мұндай нормативті актілер анықталған жағдайда іс бойынша өндірісті тоқтатып ол актіні Конституцияға қайшы деп тану жөнінде Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасауға міндетті. Яғни, судья сот билігінің иесі ретінде заңдардың және өзге де нормативті актілерінің Конституцияға сәйкестігі жағынан мазмұнын бағалап отыруы керек. ¤кінішке орай, сот тәжірибесінде Конституцияның тікелей әсер ету қағидасының жүзеге асырылуы соттардың күнделікті қызметінің барысының нормасына айналмаған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңдарға бағынады. Сот қызметіне қандай да бір араласу заңмен қудаланылады. Осы баптың үшінші тармағында сот төрелігінің он қағидасы белгіленген. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының барлық соттарына және судьяларына ортақ болып табылады.

Сот төрелігінің Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қағидалары тергеу және сот қателерін болдырмау дәлелдемелерді алудың заңдық процедураларын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның қадір-қасиетін төмендететін, азаптау, зорлық-зомбылық жолмен алынған дәлелдемелер заңсыз деп табылады. Дәлелдемені заңды деп тану үшін іс жүргізу заңында белгіленген оларды алу, бекіту тәртібі сақталуы тиіс.

Құқықтық реформаның негізгі идеялары Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған. Бірақ олар тікелей әсер ететін заңдарда материализациялануы тиіс. Яғни, құқық қорғау және сот органдары қызметі барысында жүзеге асырылуы тиіс. Соттық-құқықтық реформаның прогрессивтік дамуының бір көрінісі жаңа қабылданған «сот жүйесі және судиялардың мәртебесі жөніндегі» Қазақстан Республикасының Конституциялық күші бар заңы. Осыған орай автономиялық сот жүйесін құру, мамандандырылған соттарды енгізу, сот корпусын күшейту мүмкіндігіне қол жеткізілді. Соттардың заңдық негізде мемлекеттік билік тармағы мәртебесін алуы олардың беделінің және қызмет билігінің артуына ықпал етуде. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде олардың ауыспаушылығы, оларға ешкімнің тиіспеушілігі, сотты сыйламағандығы үшін жауаптылық судьялық қызметтің беделді мамандықтардың біріне айналуына мүмкіндік беріп отыр [99] . Заңда сот төрелегінің қағидалары бекітілген, Қазақстан Републикасының сот жүйесі заман талабына сай өзгертілген. Сот төрелігі процесінің және әкімшіліктеу мәселелері күшейтілген сот қызметін материалдық техникалық қамтамасыз ету автономиялық өкілетті органға берілген, судьялық қызметке кадрларды таңдау мәселесі реттелген.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, облыстық және соған теңестірілген соттар, аудандық және оған теңестірілген соттар құрайды. Бұл жүйеде аудандық (қалалық) соттар негізгі буын болып табылады. ¤йткені, істі қарау көлемі басқа сот жүйесіндегі соттарға қарағанда жоғары. Мысалы, аудандық, қалалық соттармен 2006 жылы 85195 қылмыстық іс, 18772 азаматтық іс және 136510 әкімшілік материалдар қаралған.

Аудандық және оған теңестірілген соттар өкілетті органдардың ұсынылуымен Қазақстан Республикасының Президентімен құрылады және таратылады. Яғни, Жоғарғы сот жанынан құрылған соттық әкімшіліктеу комитеті Жоғарғы сот төрағасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне әкімшілік-территориялық бірліктерде аудандық соттар құру жөнінде ұсыныстар жасайды. Мемлекеттің материалдық мүмкіндіктерін және қажеттіктерін ескере отырып, іске қатысушылардың сот сатыларына шағымдалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында мамандандырылған соттар (экономикалық, әкімшілік, ювеналдық және т. б. ) құрылуы мүмкін.

Қазіргі кезде соттық қызметтерді атқаратын мемлекеттік органдар көптеп кездеседі. Атап айтқанда, әкімшілік сипаттағы шараларды қолданатын органдар. Мысалы, Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің айып пұл салуы, өкілетті органдардың лицензиядан айыруы, салық органдарының мүлікті тәркілеуі және тағы басқалар. Бұл шаралар адам құқтарының бұзылуының бірден-бір негізі болып табылады, сондықтан да әкімшілік шараларды қолдануда шешім тек сот тәртібімен қаралуы қажет және бұл мамандырылған әкімшілік соттарына жүктелуі тиіс. Осы шараларды қолдану Қазақстан Республикасының Конституциясындағы ешкім өз мүлкінен сот шешімінсіз айрылуға жатпайды деген нормасы мен мемлекеттік органдар тәжірибесінің қазіргі қайшылықты жағдайын жоюға мүмкіндік береді. Бұл өкілеттіктерді соттарға беру лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктерін асыра пайдалануларына жол бермейді. Азаматтардың мемлекеттік органдармен тең дәрежеде сайыспалы іс жүргізу негізінде өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғалуын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болуына қол жеткізіледі.

Жалпыға белгілі жай, заңдық тұрғыдан адам құқықтарын шектеу қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қолданылады. Бірақ, тәжірибеде адам құқықтарын заңсыз шектеу фактілері көптеп кездеседі. Әсіресе, бұл адамды қамауға алу, ұстау кезінде байқалады. Ал, бұл адамның және азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген бас бостандығын шектеу болып табылады. Осыған орай, құқықтық мемлекеттің бірден бір атрибуты болып табылатын шара - тергеуге соттық бақылауды енгізген жөн.

Соттардың алдын ала тергеу және анықтау қызметіне бақылау функциясының аясын кеңейту жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қамтамсыз етудің сенімді кепілі болып табылады. Осы орайда сотқа айып тағу өкілеттігі жүктелмеу керек. Әрине, соттық бақылау алдын ала тергеу және анықтау жүргізу сатыларының тек адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қатысты әрекеттеріне қатысты болуы керек. Атап айтқанда тінту, зат алу, телефон байланыстарын тыңдау, почта, телеграф корреспонденцияларын қарау сияқты тергеу әрекеттерін жүргізу үшін сот шешімі міндетті болуы тиіс.

Республиканың іс жүргізу заңдарында бекітілген сайыспалылық пен жақтардың теңдік және өзге қағидаларын бекіту мемлекетте сот төрелігінің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді және соттардың айыптаушы емес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаушы ретінде тануға мүмкіндік беруде.

Қазақстан Республикасының заңдары азаматтарға кәсіби заңдық көмек берілетіндігін қарастырған. Яғни, адвокаттың (қорғаушының) көмегін қамауға алынған немесе айып тағылған сәтінен бастап пайдалану құқығымен қамтамасыз еткен. Адвокаттың қызметі «Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметі жөніндегі» заңымен реттеледі. Бұл заң тұрғындарға құқықтық көмек аясын елеулі түрде кеңейтті.

Заң жүйесінің ізгіленуі жәбірленушінің, айыпкерді қылмыстық жауапшылыққа тарту шешімді өзі қабылдауын енгізуден көрінеді. Әр адамды лауазымды тұлғалардың және басқару органдарының заңсыз әрекеттеріне шағым беру құқығымен қамтамасыз ету сот органдарының қызметіндегі азаматтардың және адамдардың құқықтарының басым түрде бекітілуінің маңызды белгісі болып табылады. Баршаның заң алдындағы теңдік қағидасы соттық қорғау кезіндегі азаматтардың заңда белгіленген соттылыққа қатысты тиісті сот және судьялардың істі қарау құқығынан көрініс тапты.

Құқықтық мемлекетте сот, соттық қорғау адам құқықтарын қорғау механизмінде орталық орын алады және өзегі болып табылады. Бірақ жүргізіп жатқан реформаларға қарамастан қоғамдағы жүргізіліп жатқан соттың мәртебесін орнықтыру өз дәрежесінде емес. ¤йткені, Қазақстанда азаматтар соттарға сот төреліген жүзеге асырушы орган ретінде сенім білдірмейді, өз құқықтарын дұрыс білмейді, мүдделері мен құқықтарын қорғаудың құқықтық институттарын және сот билігін орынды пайдалана алмайды. Сонымен қатар, бұл жағдайды істі қарау және шешу кезіндегі сот қателіктері шиеліністіріп отыр.

Қазақстан Республикасында сот билігін жоғары дәрежеде көтеруге ықпал ететін факторлар болып келесілер танылады:

- соттардың салалық мүдделілігінің болмауы;

- соттың тек Конституия мен заңға ғана бағынуы;

- сот талқылауының кең жариялануы;

- сот процесінің сайыспалылығы;

- мемлекеттік баж салығының төмен болуы;

- сотта істі қарауда демократиялық қағидалардың сақталуы.

Тек күшті және беделді сот төрелігі Қазақстан Республикасында адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ете алады. Әр мемлекет Конституцияларында оның ішінде Қазақстан Республикасының Қонституциясында әр адамға өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауына жеке құқық түрінде кепілдік берілген. Сот биілігінің күштілігі азаматтардың және мемлекеттік органдарының оған деген сыйымен және оның беделімен сипатталады. Тарихи көп ғасырлық демократиялық дәстүрлері бар өркениетті мемлекеттерде сот шешімдері орындалуға жатады. Сот шешімі - заң. ¤кінішке орай, біздің мемлекеттің тәжірибесінде сот шешімдерін орындау механизмі олқы қызмет атқарады. Осы қызметті жақсарту мақсатында сот орындаушылары өз алдына тәуелсіз орган ретінде құрылды.

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік құқықтық формаларын қарастыратын болсақ, оның келесідей түрлері бар:

1) Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының атқару билігі аясындағы құқықтық кепілдіктері;

2) Әкімшілік (соттық емес) тәртіппен атқару билігі органдарының актілеріне шағым беру тәртібі. Яғни, төменгі тұрған органдардың (лауазымды тұлғалардың) заңсыз әрекеттеріне бағыныштылық негізінде жоғары тұрған орган немесе лауазымды тұлғаға шағым беру тәртібі (субординация қағидасы негізінде) .

3) Атқарушылық билік жұйесіндегі мемлекеттік бақылаудың арнайы формалары: Президенттің, Қазақстан Республикасының ‡кіметінің, министірліктің, ведомстволардың, атқару билік органдарының, актілерінің және әрекеттерінің заңдылығын қадағалауы; мемлекеттік бақылау мемлекеттік бақылаудың ерекше формасы ретінде шаруашылық әлеуметтік, мәдениеттік, экономикалық салаларда қолданылады;

4) . Атқарушылық билік органдарының министірліктер мен ведомстволардан бастап атқарушылық органдарының барлық органдарының, әскери басқару органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңдылықты сақтауына прокуролық (жалпы) қадағалау, атқару билігі аясындағы прокурорлық қадағалаудың түрі азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау болып табылады.

Адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау атқару билігі аясындағы құқықтық қатынастардың алуан түрлілігіне байланысты азаматтардың құқықтарының нақты заңда бекітілуі мен қатар мемлекеттік органдардың осы мәселеге қатысты міндеттерінің белгіленуін қажет етеді. Бұл салада реттеуші ролін заң жүзеге асырады. Ал қай заң болмасын қойылатын талап оның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес болуы.

Қазақстан Республикасының заңдары атқару билік органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты міндеттерін белгілейді.

Атқару билігі органдарының азаматтармен қарым-қатынасына байланысты міндеттері Конституцияда көзделген әлеуметтік- экономикалық құқықтарға байланысты: жеке меншік құқығы соның ішінде жерге, еңбек ету құқығы, демалу құқығы, денсаулық сақтау, медициналық көмек алу, қолайлы қоршаған ортада өмір сүру, білім алу, тұрғын жайға иелену және тағы басқа құқықтармен байланысты.

Экономикалық қатынастар саласындағы атқару билігінің азаматтарға қатысты міндеттерін заңдық белгілеу маңызды, өйткені ол кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға, бәсекелестікті мемлекеттік реттеуге, экономикалық айналымды қадағалауға, осы процестерге қатысушы жеке тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға үлкен әсерін тигізеді. Осыған орай атқару органдарының заңды тұлғаларды, қозғалмайтын мүлікті және онымен жасалған келісім-шарттарды тіркеу механизмі енгізілген. Бұл да азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір құралы ретінде танылады.

Экономикалық реформалар жағдайында меншік құқығын қорғау маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының барлық меншік формаларын тең дәрежеде қорғау көрсетілген. Бұл мәселе азаматтық құқық саласында кеңінен қарастырылған. Казіргі кезде меншікті қорғаудың өзектілігі сот тәртібімен меншік құқығын тану болып табылады. Сонымен мемлекет заң шығару, атқару және сот билігі механизмдері арқылы азаматтардың экономикалық мүдделерін қорғауды жүзеге асырады. Құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың механизмін жақсартудағы өзекті мәселелердің бірі - әкімшілік шараларды қолдану кезіндегі құқықтық реттеу болып табылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты әсер ету шаралары заңда белгіленген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Заң бойынша мұндай шараларды өкілеттік берілген органдар немесе лауазымды тұлғалар қолдана алады. Бұл органдар мен лауазымды тұлғалар санамасы, олардың өкілеттік шеңбері құқық бұзушылық құрамы Кодексте нақты көрсетілген.

Атқарушы биліктің юрисдикциялық қызметі оның органдарының әкімшілік, материалдық және қаржылық санкцияларды азаматтарға және мемлекеттік басқару аппаратының қызметкерлеріне құқық бұзушылық жасаған жағдайда қолдану қызметі ретінде бағаланған. Бұндай юрисдикциялық әсер ету жүйесі қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қызметтік тәртіп бұзушыларға, сонымен қатар өзге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушы тұлғаларға қатысты жедел және нақты әсер етуді қамтамасыз етуді көздейді. Атқарушы билік органдардың азаматтардың құқықтарын және бас бостандықтарын қамтамасыз ету міндеттері, заңдарда және өзгеше нормативті актілерде бекітілген. Бұларда құқықтарды қорғаудың әкімшілік-құқықтық тәсілдері және қорғау формалары бар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында әкімшілік әсер ету шараларын қолдануда заңдылықтың сақталуының белгілі бір әкімшілік-құқықтық кепілдіктері анықталған. Жоғары тұрған орган (лауазымды тұлға) өз басшылығындағы төменгі тұрған органдардың әкімшілік жауаптылық шараларына байланысты қызметіне бақылау жасап отыруға міндетті. Бақылау шаралары ретінде жіберілген қателерді жедел түзету шаралары, заңсыз жауаптылыққа тартылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру шаралары қолданылуы мүмкін. Азамат өзіне қатысты қоғамға әкімшілік шаралар жөнінде жоғары тұрған органға шағымдана алады. Ол орган белгіленген мерзімде шағымды қарап, шешім шығаруға міндетті.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе мүлдем жоятын актілердің кері күші бар. Ал, керісінше ауырлататын актілер кері күшке ие емес. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заң әкімшілік юрисдикцияны жүзеге асыратын атқару билік органдарына және оның лауазымды тұлғаларына кешенді талаптарды көздейді. Бұл жерде істі қарау сәйкес қаулы қабылдау оны қайта қарау тәртіптері тілге тиек етіледі. Сонымен қатар жауаптылыққа тартушылық тұлғаның, жәбірленушінің және өзге де өндіріске қатысушылардың құқықтары заңмен белгіленеді. Атап айтқанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға іс материалдарымен танысуға, дәлелдемелер үсынуға, өтініштер жасауға, қорғаушының заңдық көмегін пайдалануға, ана тілінде сөйлеуге қажет жағдайда аудармашының қызметін пайдалануға және қаулыны қайта қарау жөнінде шағымдалу құқықтарымен қамтамасыз етілген. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау баршаның заң алдындағы теңдік принципіне негізделген. Азаматтардың заң және сот алдындағы теңдік қағидасы әкімшілік құқық бұзушылықтың сот тәртібімен қаралуы кезінде және өзге юрисдикциялық әкімшілік органдардың (ішкі істер органдары, кеден органдары, қоршаған ортаны қорғау органдары т. б. ) қарауы кезінде қоланылады.

Бұл қағида негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға өкілетті органдардың алдындағы азаматтардың теңдігі туындайды. ¤йткені бұл істердің өндірісі барысында баршаға ортақ заңдар қолданылады. Әкімшілік юрисдикциялық органдар өз қызметі барысында заңды жеке тұлғаның Конституциялық кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, объективтік шындық, кінәсіздік презумпциясы қағидаларын басшылыққа алу тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтары мен міндеттері
Азаматтардың экономикалық құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесі
Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау шараларының жүзеге асырылуы
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Авторлық құқық туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалардың әлеуметтік мәселелері
Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру
Билікті бөлу қағидасын жүзеге асыру
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz