Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Яхшылықов Ерқабыл

Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және

криминология кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. М. С. Молдалиев

. . . 2014ж. Хаттама № . . .

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Орындаған Е. Яхшылыков

Ғылыми жетекшісі

з. ғ. д., профессор Б. И. Нақыпов

Түркістан 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Қаржы-несие саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама

1. 1 Қаржы-несие қатынастары қылмыстық зерттеу объектісі ретінде . . . 9

1. 2 Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың күйі, құрылымы және өсу-жағдайы . . . 23

1. 3 Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың негізгі себептері мен шарттары . . . 29

1. 4 Қылмыскер тұлғасына сипаттама . . . 35

2 Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың алдын алу шаралары

2. 1 Ескерту шаралары жөнінде түсінік және оның классификациясы . . . 41

2. 2 Қаржы-несие саласындағы қылмыстарды ескертудің негізгі субьектілері және оның қызметтері . . . 45

2. 3 Қаржы-несие саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілік . . . 73

Қорытынды . . . 89

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 91

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. 1991 жылы 16 желтоқсандағы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы дұниежүзіне еліміздің мемлекеттік тәуелсіздік алғандығын паш етті[1] . Экономика, саясат, идеология саласындағы жалпы тәуелділіктен және тоталитарлық тәртіптен біржола арылды.

1995 жылы 30 тамыздағы қабылданған референдум жолымен, жаңа ҚР конститутциясы мемлекет пен азаматтардың қоғамдық өмір сұрудегі негізгі ұстаным, бағыттарын бекітті. Онда: Қазақстан - демократиялы, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемелекет болып қалыптасады. Адамзат, оның өмірі, құқық және бостандығы - басты құндылық, деп хабарланды[2] .

Сондықтан да он шақты жылға созылған «нарықтық қатынастар» деп аталатын бірнеше ағымындағы қоғамдық қатынастарды қайта құруда, жас мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен суверенитетін қалыптастыруда көптеген қиындықтар мен кедергілер болды. Елімізде қоғамдық және құқықтық тәртіп деңгейінің бірден төмендегені бәрімізге белгілі[3] .

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің мемелекетіміздің қоғамдық дамуының болашақтағы жоспары қарастырылды. Жолдауда айтылғандай, Қылмыстық және Қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалауды бастау керек. Ілгері ізгілендіруге, оның ішінде, экономикалық құқық бұзушылықты қылмыссыздандыруға маңыз беру керек [4] .

Біздің алдымызға көптеген маңызды жұмыстарды атқару міндеті қойылып отыр, яғни жаңа сапаға өту уақыты, әлеуметтік және құқықтық жағдайларды жақсарту кезеңі келді.

Осыған байланысты қоғамға бара-бар болатын рухани атмосфера құбылысын құру кезек күттірмес маңызды мәселе, яғни барлық қоғамдық өмір аясында мемлекет тұрғысынан қолдау көрсетіледі.

Әзірге біздің көлеңкелі тұстарымыз аз емес, оның ішінде заң бұзушылықты атау керек. Сонымен, Республиканың Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистикасы мен арнайы есеп жөніндегі Орталықтың берген мәлімдемесіне сүйенсек, Қазақстан Республикасы бойынша соңғы жеті (2007-2013) жылда 16 млн. халыққа шаққанда жалпы қылмыстар саны төмендегідей: 126433 (2007 ж. ), 125950 (2008 ж. ), 119690 (2009 ж. ), 129323 (2010ж. ), 205131 (2011ж. ), 284897 (2012ж. ), 356952 (2013ж. ) [5] . www. prav. stat. kz

Осы көрсеткіштен көрініп тұрғандай, жалпы қылмыс саны екі есеге артқан. Жалпы қылмыс құрылымында басым орынды эканомикалық қылмыстар алады.

Сонымен, облыстық бөлуде ірі көлеңкелі үрдістер мен әлеуметтік стратификация қоғамның экономикалық тұрақтылығын қауіпті жағдайға жеткізуі әбден мүмкін, үнемі әлеуметтік қайшылықтар мен келіспеушілікті тудырып, арандатушылық жасайды. Стратификациядағы радикальдық өзгерістер әлеуметтік дүмпулерге әкеп соғады[5] . Белгілі бір «тойым» шегі пайда болып, одан ары қоғам тәуекелсіз ірі апатқа ұшырамай, алға баса алмайды.

Экономикалық қылмыстардың өсуі кейбір ғалымдардың көзқарасына сүйенсек, төмендегідей себептерді түзеді: әкімшілік-бюрократтық механизм мен сыбайластықтың өсуі - 75, 5%, екі жақты моральдың қалыптасуы - 74, 9%, екі жақты заңдылық, яғни қарапайым азамат пен жетекші адамдардың заң алдындағы шынайы тепе-теңдігінің сақталмауы - 74, 8 %, мемлекеттік меншікті сақтау және еңбек етудегі шынайы қызықтырушылықтың сақталмауы - 58, 9 % құрайды.

Криминилогиялық болжам бойынша Қазақстанда соңғы жылдары пайдакүнем және пайдакүнемдік - күш көрсету қылмыстары өсіп келе жатқаны байқалынады.

Экономикалық қылмыстардың негізгі «ұйытқысын» банктік қылмыстар құрайды, ал қаржы саласы сол экономиканың тұтқасы екені де анық.

Банктік қылмыстардан келетін шығындардың көлемі еліміздің тұтастай бюджеттік табысын құрайтындығы жөніндегі кейбір авторлардың тұжырымдауы кездейсоқтық емес.

Мәселенің маңыздылығы сол, бұл радикалды өзгерістер экономикалық өмірге қарағанда әр түрлі үлгідегі психологиялық қоғамды көбірек құрайды. Ақша жәй ғана валюталық көрсеткіштің сәулесі болуын тоқтатқан жағдайда, финанстық сектордың маңызы мен ролі өсетін болады. Бұрынғы КСРО-да мемелекеттік банктер ғана құрылып, олар мемлекеттік аппараттың бөлінбес бөлшегі болғаны, олар барлық қоғамдық экономикалық өмірді, оның ішінде барлық кәсіпорындар мен ұжымдардың шаруашылық істерін бақылап, қадағалаған. Мемлекеттік аппараттың банкпен қатар үздіксіз өсу үрдісі қалыптасты, кез-келген қаржыландыру тек нормативтік базаның негізінде емес, сонымен қатар радикалды ресурстар жоғарғы орталықтан бөлінді. Мемлекеттік басқару органдарын монополияландыру ақшалай құрал және кез келген несиелендірудің өзіндік үлгісі болды. Мұндай жағдайда, несиелік қатынастарының субьектілері алдын ала белгілі болған. Тәжірибе бұрынғы КСРО-ның жетпіс жыл ағымында қандай да бір ірі банктің қызметінде ірі заң бұзушылық әрекеттер әшкереленбеген, осының салдарынан, банктік қылмыстар арнайы іздену обьектісі болмаған. Банк ісінің құқықтық негіздері, несие ұйымдарының, заң ережелерінің сипаттамасы мен есеп айырысу және несиелік құқықтық қатынастарының ерекшеліктері тек ғалым-заңгерлердің жұмыстарында ғана қаралды, яғни азаматтық және қаржылық құқық обылысында ғана. Осыған байланысты айта кету керек, қазіргі қаржы-несиелік қатынастар мәселесін зерттеу 30-жылдардағы несиелік реформа әсерінен белгілі мөлшерде тәжірибе жинақтады, соның негізінде КСРО банк жүйесін өткен ғасырдың 90-жылдарының басына дейін өзгеріссіз қолданып келді. Сонымен, мойындауымыз керек, банктік істегі мемлекеттік монополия, несие ұйымдастырудың басқару қызметінің артықшылығы, шаруашылық кәсіпорындарда, банк операциясын қатаң сақтау, кеңес дәуіріндегі несие ұйымдарының ерекшеленуі, бұл облыстағы маңызды қарама-қайшылықтың пайда болуы үшін белгілі мөлшерде тежеуші кұш болып табылды.

Жалпы мемлекеттік деңгейде экономикалық қылмыстармен күрес, банк ісіндегі ерекшелік, жалпы қылмыспен күрестің жетекші бағыты болып саналады.

ҚР Призидентінің 1998 жылдың 12 қазанындағы «ҚР мемлекетік органдар жүйесін әрі реформалау туралы» жарлығының қабылдануы тегін емес. ҚР мемлекеттік кіріс Министрлігі оған мынадай міндеттерді тектен-тек қойған жоқ:

-ҚР қызығушылығы мен өз компетецияларының экономикалық қауіпсіздігіне шек қоюды, мөлшерлеуді қамтамасыз ету,

- мемлекет алдында салық түсімі, бюджетті төлеу мен түрлі қарсылық міндеттемелерді қамтамасыз ету;

- ішімдік тауарларын өндіру және олардың айналымын мемлекеттік бақылау;

- мемлекетті шығынға ұшыратқан экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтармен күрес, экономикалық қылмыстармен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

Мемлекет қызметтің соңғы бағытының артықшылығы «Қазақстаның 2000-2005 ж. ж. экономикалық қауіпсіздігі стратегиясынан» туындап отыр.

Банктік қылмыстардың қоғамға қауіптілігі тек экономикалық шығынмен ғана шектелік қоймайды. Ол әлеуметтік-психологиялық және рухани зардаптар да алып келеді.

Қазіргі жағдайда банктік қылмыстар айтарлықтай өсуде, ол әр түрлі әлеуметтік топтардың жіктелуіне, күрделіленген жөнсіздік дифференциалдын шығуына, халықтың жіктелуіне және жеке қоғамға қарсы көлеңкелі ұйымдардаң қалыптасуына әкеліп соғады. Тіпті банк қызметі саласында заңсыз бою мүмкіншілігін алу мақсатында әртүрлі қылмыстық бірлестіктер арасында соғыс өрті өрши тұсті. Осының салдарынан, жекелеп алғанда, денсаулық, бостандық және жеке абыройлылық, оның ішінде бәрінен де банктің өз акционерлері мен жұмысшылары, яғни олардың туыстары мен жанұя мұшелері арасында қайшылықтар, өмірге кереғар қылмыстар туындайды.

Мұндай жағдайда, қаржы-несие саласы нағыз белсенді құқық бұзушылық пен жоғары виктимділіктің арнасына айналады деп сенімдіайтуға болады. Несие қарыздарын төлеудегі қоғамдық қауіптің көлеңкелі жақтарының тағы да ерекшелігі оның латенттілігінде, алайда, қылмысты ашуда да, жекеленген қылмыскерді тапқан жағдайда да іс-тәжірибиеде қылмыстық істі толық ашу, кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету де қиын.

Тағы да бір маңызды мәселені айта кету керек. Меншік нысанының өзгеруіне және қаржы жүйесінің толығымен коммерциялық ұйымдарға айналуына байланысты жаңа қатынастардың түрлері туындай бастады. Бұл қатынастар алдын ала қалыптандырылған, басты сипат алған, қатаң иерархиялық және әкімшілік-басқару әдісінен еркін реттей алатын салаға көшіп, қаржы-несие қатынастары субектілері өзара келісіп, қызмет етудің өзіндік сызбасын құру мүмкіндігіне ие болды. Бұл көкейтесті жаңа ахуал, әсіресе бірінші жағдайда, барлығы рұқсат етілген сәтті сезіну жалғасуда, жаңаша қаржы-несиелік шешімдер мен істерді құқық бағалары мәселесін қоюда.

Банктік қызметтерді жүргізудегі координациялық тиімсіздік, бақылау органдары мен құқық қорғау органы қызметкерлерінің кәсіби даярлығының болмауы банктік қылмыстардың алдын алуға елеулі әсерлерін тигізіп отыр.

Сонымен қатар, банктік қылмыстардың алдын алу барысында аталған қылмыстардың криминологиялық жағдайларын күні бүгінге дейін ескермейтіндігін айтпауға да болмайды. Жекелей алғанда, аса қажеттілікке қарамастан, Қазақстан Республикасында қаржы-несие саласындағы қылмыстармен күресу мәселесі сын көтермейтіндей жағдайда.

Демек, қаржы-несие саласындағы қылмыстылықты ескертудің тиімділігі жалпы әлеуметтік және арнайы, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шараларды, жекеленген шараларды, қылмыскерлерге әсер ететін шараларды таңдап алып қолдана алуда.

Жоғарыда аталған жағдайлар дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржы-несие саласындағы қылмыстармен күресу шаралар жүйесін анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті. Ізденіс мақсаттары төмендегідей негізгі міндеттерді шешуді көздейді:

1. Жалпы экономикалық қылмысты зерттей келе, ондағы қаржы-несие саласындағы қылмыстардың құрамының алатын орнын анықтау,

2. Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың себептерін де қарастыру;

3. Қаржы-несие саласындағы қылмыстармен күрес қызметі және олардың субъектілерінің жүйесін (жалпы және арнайы) анықтау;

4. Қаржы-несие саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама беру.

Ізденіс жорамалы

Ізденіс жорамалы (болжамы) құқық қорғау және бақылаушы қаржы органдары, заң шығарушылар іс әрекетінің банктік істер ортасында тиісті мекемелерді таңдау шартын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Құқық қорғау және қаржы органдарының қызметкерлерін оқыту, қылмысты ескертуде олардың координациялық іс әрекеттері, заң шығарушы әрекетін жетілдіру, қаржы-несие саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілік тұрғыдан қарауды көздейді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:

Қаржы-несие саласындағы қылмыстар экономикалық қылмыстардың негізгі түрі болып табылады.

Банк саласындағы қылмыстарды шартты түрде үшке бөлуге болады: Біріншісі, тікелей жеке меншікке қол сұғатын, екіншісі, банктік қызмет саласында қылмыстық әрекетке баратын, үшіншісі, коммерциялық және басқа да мекемелердің қызметтеріне қарсы әрекеттер.

Қаржы -несие саласындағы қылмыстарға ықпал ететін факторлар:

- қаржы-несие саласындағы қызметтерді объективті бағаланбауыі;

- Банк, басқа да қаржы органдарына жұмысқа қабылдаудағы заң бұзушылықтар;

- ұжым жиналысындағы хаттаманың нотариальды куәлігінің жоқтығы;

- несиелендіру обьектісін дұрыс анықтамау;

- құқықтық сараптама қызметінеі жеберілген кемшіліктері;

- қарызды қайтарудың тікелей тәуелділігіне байланысты қарызданушының қаржылық жағдайы мен шаруашылық жағдайының дұрыс анықталмауы;

- жан-жақты тексерусіз автоматты түрде несиенің берілуі;

- қарызданушының өзге банктерден қолма-қол ақша алғандығы жөніндегі мәліметтердің болмауы;

- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жіберген кемшіліктері мен заңбұзушылықтары.

Заң шығырушы заңсыз несие алу, пайдалану жөніндегі қылмыстың тек бір ғана жағын, яғни қарыз алушының жауапкершілігін қарастырады ( 194-бап ҚР ҚК) . Мұндай қауіпті істен жеткілікті мөлшерде шығындар келеді. Несие берушіге заң шығарушының сыйы іспеттес. Біреу бермесе, кім заңсыз несие ала алады?

Бұдан шығатыны, диссертацияда банк қызметкерлері жауапкершілігін қайта қарап, мынадай жоба ұсынылады: «194-бап- а) Заңсыз несие алу және мақсатсыз пайдалану».

Несиені заңсыз алу -

екі жүзбен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Дипломның әдістемелік және теориялық негіздері материалистік диолектиканың категориялары, философия, әлеуметтану, құқық және мемлекет теориясы, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару құқығы, криминология ғылымдары бола алады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында заңдық - ойлау, сандық, әлеуметтік және салыстырмалы - құқықтық зерттеу тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар жұмыста, Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы, «Банк және банкілік қызметтер туралы» нормативті актілері, ведомстволық бұйрықтар, банктік-несиелік қатынастарды реттеу, оның ішінде қаржылық (банктік) нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамалар негізге алынды.

Ізденіс жұмысының эмпирикалық базасын ҚР Бас Прокуратурасының арнайы есеп мен құқықтың стастистика комитетінің мәліметтері, Қаржы министірлігі, жоғарғы сот, банктік саласындағы ҚР Ұлттық банкі мен ІІМ соңғы жылдардағы заң бұзушылық туралы мәліметтер құрайды. Қазақстан Республикасының банктік, қаржылық, азаматтық, қылмыстық заңнамалары сарапталып, қарастырылды.

Ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығын былайшы қорытындылауға болады, яғни бұл қаржы-несие саласындағы қылмыстар қылмыстық-құқықтық және (криминалогиялық) қылмыстық аспектіде қарастырылған ізденіс. Еңбекте қаржы-несие саласындағы қылмыстарға ықпал етуші негізгі жағдайлар шоғырландырылып, бұл қылмысты ескерту шаралары ұсынылды, субъектілер жүйесі, олардың басты қызметтері анықталған.

Ізденіс жұмыстарының тәжірибелік құндылығы. Теориялық тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстар төмендегі бағыттарда қолданылуы мүмкін:

- қаржы-несие саласындағы қылмыстардың ерекшеліктерін ескеріп, банктік қылмыспен күрес мәселелерін келешекте оқыту үрдісінде;

- несие берудегі мен несиені төлеудегі банктік мекемелерінің істерін уақытылы ескертудегі тәжірибелік жұмыстарында;

- экономикалық, оның ішінде банктік қылмыстармен күрес жүргізудегі құқық қорғау органдарының күнделікті тәжірибелік іс-әрекеттерінде;

- экономикалық, жекелей алғанда, банктік қылмыспен күрестің арнайы бағдарламасы мен жоспарын жасауда;

- қаржылық-банктік және азаматтық, құқықтық, қылмыстық құқық, криминология курстарын оқытуда.

Дипломдық жұмыстының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысы тиісті талаптарға сай.

1 Қаржы-несие саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама

1. 1 Қаржы-несие қатынастары қылмыстық зерттеу обьектісі ретінде

Экономикалық мағынада мемлекеттің қаржы жүйесі әр қайсысы өзіне тән белгілі бір мемлекеттік ақша қаражаттары қорларын білдіретін қаржылық экономикалық институттарының жиынтығынан тұрады.

Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;

Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек; үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн; төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. әсіресе қазіргідей, қысыл таяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді; бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық.

Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жұргізіледі; алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты қатынастар оның аясында мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.

Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т. б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.

Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау - бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз[6] .

Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік несиені заңсыз алу
Құқыққа қарсы банкроттық үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Ұйымдасқан қылмыстың криминологиялық сипаттамасы
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz