Қарым-қатынас туралы ұғым


ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Жоспар:
1. Қарым-қатынас туралы ұғым.
2. Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері.
3. Сабақта оқушылармен қатынас жасау ерекшеліктері, мұғалімнің қарым-
қатынас стильдері.
Қарым-қатынас туралы ұғым
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адаммен қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары да болуы мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтары шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеліп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологиялық объектіге жатады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік-психологиялық топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мәселен, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына, т. б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне қарай осы топтық қатынаста тұрады. Байланысты топ - белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат-мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы - мұның бәрі байланысты топтар деп аталады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі - ұжым, ұжымның міндеті - адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымның түпкі мақсаты - адамдардың игілікті мұрат-мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына ез үлесін қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда әрбір жеке адам өз қауымдастығында ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп қоғамға өз пайдасын тигізеді.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, оларды мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді:
а) диффузиялық топты аралас топ деп те атайды, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекетіне байланыссыз-ақ жүзеге асады;
ә) ассоциация - күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қатынас жандана бермек;
б) корпорация, мұнда жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде дами бермек;
в) ұжым - топтыц ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық мақсат-мүддесімен ұштасып жатады.
Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері
Американдық психолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік, кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасын анықтай біледі. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі әр қилы. Басты мақсаты - топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынастарының үйлесімді болуы немесе бірін-бірі ұнатуы, ұнатпауы олардың сезімдік, эмоциялық күйлеріне байланысты. Топ ішіндегі қатынастар социограммасы мен адамдардың таңдауын көрсететін матрицалық кесте - А, Ә кестелерінде берілген.
Мәселен, ұзақ сапарға шыққан кеме экипажы, ғарышкерлердің әлемдік кеңістікте ұзақ мезгіл бойы бірге болып, өзара тіл табысуын алайық. Адамдар арасындағы үйлесімділік қатынастарды гомеостат аспаптары арқылы зерттейді. Бұл тәсілде адам ағзасы мен жүйке жүйесі қоршаған ортаның қиын жағдайына жасалған үлгі бойынша қарастырылады.
Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс-әрекеттерінің мақсат-мүддесімен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асыру көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт - жеке адамның, топтың атқаратын іс-әрекеттеріне илануы. Бұл - психологиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады.
Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахуалы диф-ференциалдық диагностика тәсілімен зерттеліп, олардың бағыт-бағдарынан, іс-әрекет түрлерінен келешекте нендей нәтижелер күтуге болады деген негізгі мәселе алға қойылады.
Дифференциалдық диагностиканың қазақша мағынасы «әр қилы іс-әрекеттер мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып білу» деген түсінікке саяды.
Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп, өрістерді тандауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдык, әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері.
Әлеуметтік ортада азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі - олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде калыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға жөне әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе - адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен істерін бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі - адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дербес қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.
Сабақта оқушылармен қатынас жасау ерекшеліктері, мұғалімнің қарым-қатынас стильдері
Сабақта сынып оқушыларын үйіріп әкету үшін мұғалім әсерлі сөзімен өзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларға түгел ие болу, негізінде, баяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге және жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасауына байланысты. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі тыныш отырмаса, мұғалім онымен айналысып кетсе, онда ол өз жоспарын орындап, мақсатына жете алмайды. Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескертулерді дұрыс жасап, сыныптағылармен қатынас жасай алу - шеберліктің белгісі.
Күнделікті тәжірибеге қарағанда мұғалімнің сыныпқа жасайтын ескертулерінің бәрі де бірдей нәтиже бере алмайды. Сондықтан осы жағдайды еске алып, тәжірибесі мол мұғалімдер өзінің сыныпқа арнаған сөзін орнымен қолдануға тырысады. Бұл мәселені біз сабақтың әр кезеңіне байланысты қамтып көрейік. Мысалы, үлкен үзілісте оқушының көбі ойнап келіп, сыныптағылардың біраз уақыт тынышталмағанын көрген мұғалім: «Тынышталыңыздар!» - дейді. Осыны кейбір бала ескермеген жағдайда мұғалім оларға көзін тіке қадап, даусын көтеріңкіреп, Тыныш отырмаған оқушының атын атап: «Серік!» - десе, соңғы сөз бір оқушыға арнап айтылса да, басқалар осының өздеріне қатысы бар екенін сезіп, тыныштала бастайды.
Сабақта мұғалім өзінің ескертейін дегенін тікелей сөз мағынасында айтпай, көңілімен жеткізе алуы - оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің ең жақсы түрі. " Мұндай тәсіл, бір жағынан сыпайылықты сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әсерлі әрі оқушының санасына қонымды келеді. Өйткені оқушы ұстазының не себептен оның атын атамай, көпшіліктің көзінше ұялтқысы келмей тұрғанын бірден түсініп, аландауын тоқтата қояды. Сабақта оқушылармен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдің бірі - мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болуы. Мұғалім сөзінің сенімділігі - айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады. Сонымен қатар, шебер педагог сабақты түсіндіріп тұрған кезінде сөзінің көпшілігін баяндау ретінде өткізбей, жалғыз өзі сөйлеп тұрса да, оның сөзі екі кісі арасындағы әңгіме сияқты болып келеді. Мысалы, кейбір мұғалім сабақта өзіне біреудің сұрақ қойғаны сияқты өз-өзіне сұрақ қойып, кейін соған жауап береді. Оқу мазмұнын сыныптағыларға түсінікті етіп жеткізу үшін бала ұғымына сай сөйлеп, әңгіменің арасында қызықты мысалдар, өткір сөздер келтіріп отырады. Сол сияқты мұғалімнің сабақ айтуы көңілсіз, сылбыр баяндалмай, оқиғаларды өзі басынан кешіргендегідей беріле түсіндіруі де шеберлікке жатады. Сыныппен байланыс жасаудың тағы бір жолы - мұғалім оқу мазмұнын оқушының көкейіне қонғанын не қонбағанын оның бет құбылысынан біліп, баяндайтын сөзін соған айта алуы. Мұның солай болып келуінің қажет екені мынадан: баяндалатын оқу мазмұнына педагогтің өзі жақсы түсінсе де, осыларды оқушылар тап сондай дәрежеде, түсіне алмауы мүмкін. Сондықтан, шеберлік дегеніміз оқу мазмұнын оқушыларға қарай ықшамдап, егер олар түсінбеген жағдайда, түсіндірудің басқа жолын іздестіру болып табылады. Мұғалім әр кез оқушылармен қарым-қатынаста болады. Мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль.
Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.
Демократиялық стиль. Оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, окушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералды стиль . Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер орын алады. Мұнда оқушылардың пікір бостандығының мөлшерсіздігінен аузы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.
Сұрақтар:
1. Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде кімдермен қарым-қатынас жасайды?
2. Ұстаздар мен мектеп оқушыларынан топтасқан ұжым кімдерге айналады?
3. Қарым-қатынастың қоғамдық өмірдегі орны?
4. Шартты топқа жататындардың қарым-қатынасы қандай?
5. Байланысты топ деп қандай топты айтады?
6. Ұжымдық топтың қоғамға пайдасы бар ма?
7. Топтағы адамдардың қарым-қатынас түрлерін ата.
8. Социометриялық әдісті кім ұсынды?
9. Осы әдістің қандай маңызы бар?
10. Шартты топқа жататындарды қалай ажыратады?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz