Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тарау І. Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ...
І. І. Қылмыс субъектісінің жалпы ұғымы және оның міндетті белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. 2. Жас мөлшері қылмыс субъектісінің белгісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ..
І. 3. Есі дұрыстық қылмыс субъектісінің міндетті белгісі ретінде ... ... ... .

Тарау ІІ. Қылмыс субъектісінің арнайы мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. І. Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. 2. Шектеулі есі дұрыстық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. 3. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде бекітілген ережелерге сай қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып тұлғаның қылмыс, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылған қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті жасауы табылады. Олай болса, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтаудың тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуда үлкен маңызға ие болатындығы айтпаса да түсінікті. Қылмыс субъектісі қылмыс құрамының басқа элементтерімен қатар міндетті элементтерінің бірі болып табылады.
Осыған байланысты қылмыс құрамын анықтауда үлкен рөл атқаратын және қылмыстық жауаптылыққа тарту барысында заңдылықтың сақталуына ықпал ететін қылмыс субъектісінің белгілерін дәл анықтау ерекше маңызға ие болады.
Қылмыс субъектісі ұғымын терең және жан-жақты зерттемей қылмыстық заңнаманың Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірқатар мәселелері туралы айқын түсінікке ие болу ешқандай мүмкін болмайды. Мысалы, қылмыс субъектісі мәселесі туралы толық және айқын түсінікке ие болмай тұрып, қылмыстық құқықтың есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жас шамасы, шектеулі есі дұрыстық, қылмыстың арнаулы субъектісі, жазаның мақсаттары мен міндеттері, жазаны дербестендіру немесе белгілі бір жағдайларда жазадан толықтай босату, медициналық сипаттағы шараларды қолдану, жекелеген қылмыстарды саралау және басқа да мәселелерін терең ұғыну мүмкін болмайды.
Осыған байланысты қылмыс субъектісінің мәселелері ерекше маңызға ие болады, себебі олар құқық қолдану тәжірибесімен тікелей байланысты. Қылмыстылықпен күресудің барлық сатысында, қылмыстық жауаптылыққа тартудан бастап, жазаны атқару үрдісіне дейін – қылмыстық іс-әрекетті жасауға кінәлі тұлғаның жеке басын зерттеу қажетті шартты және міндетті негіздемесі болады.
Қылмыс субъектісінің әлеуметтік саяси бейнесін айқындау және оның құқықтық белгілерін дәл анықтау сотқа қылмысты дұрыс саралауға және қылмыстың және оның субъектісінің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне сай жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Тарау І. Қылмыс субъектісінің ұғымы мен
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... .
І. І. Қылмыс субъектісінің жалпы ұғымы және оның міндетті
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. 2. Жас мөлшері қылмыс субъектісінің белгісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ..
І. 3. Есі дұрыстық қылмыс субъектісінің міндетті белгісі
ретінде ... ... ... .

Тарау ІІ. Қылмыс субъектісінің арнайы
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
ІІ. І. Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы мен
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. 2. Шектеулі есі
дұрыстық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. 3. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінде бекітілген ережелерге сай қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір
негізі болып тұлғаның қылмыс, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде қарастырылған қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті
жасауы табылады. Олай болса, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтаудың
тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуда үлкен маңызға ие болатындығы айтпаса
да түсінікті. Қылмыс субъектісі қылмыс құрамының басқа элементтерімен қатар
міндетті элементтерінің бірі болып табылады.
Осыған байланысты қылмыс құрамын анықтауда үлкен рөл атқаратын және
қылмыстық жауаптылыққа тарту барысында заңдылықтың сақталуына ықпал ететін
қылмыс субъектісінің белгілерін дәл анықтау ерекше маңызға ие болады.
Қылмыс субъектісі ұғымын терең және жан-жақты зерттемей қылмыстық
заңнаманың Жалпы және Ерекше бөлімдерінің бірқатар мәселелері туралы айқын
түсінікке ие болу ешқандай мүмкін болмайды. Мысалы, қылмыс субъектісі
мәселесі туралы толық және айқын түсінікке ие болмай тұрып, қылмыстық
құқықтың есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жас шамасы,
шектеулі есі дұрыстық, қылмыстың арнаулы субъектісі, жазаның мақсаттары мен
міндеттері, жазаны дербестендіру немесе белгілі бір жағдайларда жазадан
толықтай босату, медициналық сипаттағы шараларды қолдану, жекелеген
қылмыстарды саралау және басқа да мәселелерін терең ұғыну мүмкін болмайды.
Осыған байланысты қылмыс субъектісінің мәселелері ерекше маңызға ие
болады, себебі олар құқық қолдану тәжірибесімен тікелей байланысты.
Қылмыстылықпен күресудің барлық сатысында, қылмыстық жауаптылыққа тартудан
бастап, жазаны атқару үрдісіне дейін – қылмыстық іс-әрекетті жасауға кінәлі
тұлғаның жеке басын зерттеу қажетті шартты және міндетті негіздемесі
болады.
Қылмыс субъектісінің әлеуметтік саяси бейнесін айқындау және оның
құқықтық белгілерін дәл анықтау сотқа қылмысты дұрыс саралауға және
қылмыстың және оның субъектісінің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне сай
жаза тағайындауға мүмкіндік береді.
Тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін адамды қылмыс субъектісі
ретінде сипаттайтын заңи белгілердің болуы қажет. Қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын жас шамасы және есі дұрыстық осындай белгілер болып табылады.
Есі дұрыстық түсінігімен қылмыстық құқықта және сот психиатриясында үлкен
көңіл бөлінетін есі дұрыс еместік ұғымы байланысты.
Ғалымдар арасында бірегей пікірге ие болмай отырған арнаулы субъект
мәселесі өзіне сөзсіз көңіл аударуды талап етеді. Кейбір реттерде қылмыс
субъектісінің белгілері (жас шамасы, есі дұрыстық) тұлғаны әлдебір қылмысты
жасағаны үшін кінәлі деп санауға жеткіліксіз болады. Сондықтан заң шығарушы
осындай жағдайларда қылмыс субъектісінің қосымша белгілерін көрсетеді
аталған белгілер өз кезегінде осы қылмысты жасағандығы үшін жауапты болып
табылатын тұлғалардың белгілі бір тобын бекітеді.
Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісінің, яғни қылмыс субъектісінің
құқықтық жағдайы – қылмыстылықпен күрес жүргізуші қоғамның
өркениеттілігінің деңгейі туралы түсінікті қалыптастыратын негізгі
мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыс құрамы және қылмыс құрамының
элементтері мен белгілері мәселесін зерттеуге арналған ғылыми зерттеу
жұмыстары баршылық екендігін атап көрсетуге тиіспіз. Аталған тақырыпқа
жүргізілген зерттеу жұмыстарының қатарында біз А.Н. Трайниннің Общее
учение о составе преступления атты іргелі еңбегін, В.С. Орловтың Субъект
преступления, В.Г. Павловтың Теоретические и методологические проблемы
исследования субъекта преступления, Р. Орымбаевтың Специальный субъект
преступления, С.С. Молдабаевтың Проблемы субъекта преступления в
уголовном праве Республики Казахстан, Н.С. Лейкина мен Н.Г. Грабовскаяның
Субъект преступления, Н.С. Лейкинанның Личность преступника и уголовная
ответсвенность атты зерттеу жұмыстарын атап өтуге болады. Сонымен қатар
біздің ойымызша, қылмыстың арнаулы субъектісі мәселесіне және соңғы
уақыттары ғылыми тұрғыдан белгілі бір қызығушылықты туғызып отырған заңды
тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы туралы немесе заңды тұлғаларды қылмыс
субъектісі ретінде тану мәселесіне арналған зерттеу жұмыстарын жүргізу
мәселесі пайда болып отырған сияқты. Қалыптасу үстіндегі ұлттық құқықтық
жүйе қазақ тілінде жүргізілген іргелі зерттеу жұмыстарына деген
қажеттілікті пайда қылып отыр. Аталған мәселенің қатарында қылмыс
субъектісі мәселесі де бар. Аталған тақырыптағы дипломдық жұмыс осы
мәселеге назар аудару мақсатын көздейді.
Зерттеу объектісі. Зерттеудің объектісіне қылмыс субъектісіне, яғни
қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы
тиіс тұлға мен қылмыстық қуғындауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган
арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жатқызылады.
Зерттеу нәрсесі. Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбының зерттеу
нәрсесі болып отырған қылмыс субъектісінің қылмыстық заңамада бекітілген
белгілері, олардың өзіндік еркешеліктері. Қылмыстық жауаптылық пен
қылмыстық жазаны тағайындау барысындағы олардың маңызы зерттеу жұмысымыздың
негізгі зерттеу нәрсесі болып табылады. Сонымен қатар біз өзіміздің
дипломдық зерттеу жұмысымыздың мазмұнына заңды тұлғалардың қылмыстық
жауаптылығы мен оларды қылмыс субъектісі ретінде тану мәселесін де
кірістіруге тырыстық.
Әрине теория мен практика үшін аса маңызды болып табылатын көптеген
мәселелердің біздің зерттеу жұмысымыздан тыс қалғандығы да рас, сондықтан
біз осыны ұғына отырып осы жұмыстағы тұжырымдарды ешқандай дау туғызбайды
деп есептемейміз. Сондықтан да осы зерттеу жұмысының кемшін тұстарын
болашақтағы зерттеу жұмыстары толықтырады деп сенеміз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты: қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңамадағы қылмыс субъекті
мәселесінің құқықтық негіздемесіне теориялық зерттеу жүргізу арқылы аталған
мәселені жетілдіру шараларын жасақтау болып табылады. Ол үшін біз аталған
тақырыпқа жүргізілген теориялық зерттеу жұмыстарына талдау жасау арқылы
тақырыптың зерттелуінің деңгейі мен зерттелуге тиіс тұстарын ашып көрсету
міндетін қойдық.
Дипломдық жұмыстың әдістері мен әдістемесі. Дипломдық жұмыс жалпы
қоғамдық жұмыстарға ортақ және арнай танымдық әдістер: диалектикалық талдау
және жүйелеу әдістеріне әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізгі
тұжырымдарына, сондай-ақ құқықтық құбылыстарды зерттеу ілімдеріне сүйене
отырып сүйене отырып орындалды.
Зерттеудің нормативтік базасы. Дипломдық жұмыс Қазақстан
Республикасының Конституциясына және қазіргі қолданыстағы қылмыстық
заңнамасына сүйене, оларды басшылыққа ала отырып орындалды. Сонымен бірге
жұмыста криминология, әлеуметтану, психология, соттық-психиатрия
ғылымдарының қылмыс субъектісі мәселесіне қатысты жаңа тұжырымдары көрініс
тапты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы мен көлемі
жұмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жасақталған және
осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға толықтай жауап береді. Дипломдық
жұмыс екі тараудан, алты бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тарау І. Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері

І. І. Қылмыс субъектісінің жалпы ұғымы және оның міндетті белгілері

Біздің мемлекетіміздің қылмыстық саясатын адамның құқықтары мен
әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталуы қылмыстық құқықтың
қылмыс субъектісі тәрізді іргелі категориясын теориялық жағынан тереңдете
зерттеуді талап етеді. Берілген құқықтық категориялармен қамтылатын
психологиялық-құқықтық құбылыстардың мәнісін айқындықпен ой елегінен өткізу
қажет болады.
Әрбір қылмыс бұл – адамдардың қоғамдық қауіпті жүріс-тұрысының актісі
болып табылады. Осыған байланысты қойылатын талаптардың сапасында –
қылмыстық іс-әрекеттерді жасамау – қылмыстық заң барлық жағдайларда тек
адамға ғана қояды. Ендеше, тек қоғамдық қауіпті әрекетті (әрекетсіздікті)
жасаған адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісі ұғымы
қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс белгілеріне сай келетін құқыққа қайшы
әрекеттерді жасағаны үшін кім қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін деген
сұраққа жауап береді.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыс субъектісі туралы мәселені
зерттеуге көп көңіл аударады, себебі кез келген қылмыстың қоғамдық
қауіптілігі басқа мән-жайлармен қатар (тәсіл, салдар, кінә нысаны)
айтарлықтай шамада қылмыскердің өзінің қауіптілігімен де анықталады.
Адам – бұл белсенді күш. Ендеше адамның жекелеген жүріс-тұрыстарын заң
тұрғысынан да, мораль тұрғысынан да бағалау мүмкін және қажетті болады –
деп жазады профессор Н. Д. Дурманов [, 33. Дурманов Н. Д. Понятие
преступления. М., 1948.].
Құқықтық нормаларда бекітілген ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда
жаппай сипатқа ие болып оған айта қаларлықтай материалдық және моралдық
зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің себептерінің,
жағдайларының, субъектілерінің және сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан
олардың барлығы оларды бір әлеуметтік құбылыс – құқық бұзушылыққа жатқызуға
мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие болады.
Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында
құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік ұғымы жалпықұқықтық,
жалпытеоретикалық маңызға ие болғанымен ол барынша тиянақты және толық
қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамына қатысты түрде зерттелген.
Құқық бұзушылық және құқық бұзушылық құрамы ұғымдары өзара тығыз
байланысты болғанымен бір ұғым болып табылмайды. Әртүрлі зиянды іс-
әрекеттермен ұшыраса отырып адамдар алғашында өздерінің санасында, кейіннен
заңда олардың тікелей белгілерін бекітті: іс-әрекеттің субъектісінің
белгілерін, іс-әрекеттің өзін, субъектінің іс-әрекетке қатынасын
көзқарасын, қол сұғушылықтың затын және жасалған қоғамға қарсы жүріс-
тұрыстың салдарын. Осындай жолмен адамның әлеуметтік маңызы бар кез-келген
жүріс-тұрыстың мазмұнын құрайтын элементтер біртіндеп ажыратыла бастады.
Осындай эмпирикалық белгілерді қорыту жалпы теоретикалық категория құқық
бұзушылық құрамының пайда болуына алып келді.
Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің барынша жалпы, типтік және
маңызды белгілерінің жүйесін көрсететін ғылыми абстракцияны құқық бұзушылық
құрамы дейміз. Белгілердің бұл жүйесі құқық бұзушыны заңи жауаптылыққа
тарту үшін қажетті және жеткілікті болып табылады. Аталған белгілердің
біреуінің болмауы тұлғаны жауаптылыққа тартуға мүмкіндік бермейді.
Кез-келген құқық бұзушылықтың міндетті элементтеріне құқық бұзушылық
объектісі; құқық бұзушылықтың объективтік жағы; құқық бұзушылықтың
субъективтік жағы жатқызылады. Қарастырылған белгілердің ортақтығына
қарамастан құқық бұзушылық әртүрлі болады. Құқық бұзушылықты олардың
әлеуметтік қауіптілік деңгейіне тәуелділікте сыныптау барынша кең таралған
және әлеуметтік маңызды болып табылады. Осыған байланысты барлық құқық
бұзушылықтар қылмысқа және теріс қылыққа бөлінеді.
Қылмыс субъектісі – бұл уақыттан және кеңістіктен тыс дерексіз заңи
ұғым емес. Қылмыс субъектісі – бұл адамдар қоғамында өмір сүретін және
қылмыстық әрекеттерді жасайтын адам [, 252 – 253. Пионтковский А. А. Учение
о преступлении. М., 1961.].
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы категориясы үлкен маңызға ие
болады. Себебі адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамы белгілерінің толық болуы
оны қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден-бір заңды негізі болып табылады.
Сонымен бірге қылмыс құрамы қылмысты саралау барысында да үлкен маңызға ие
болады.
Қылмыс құрамы туралы ұғым қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін өте
маңызды және әмбебап ұғым болып табылады.
Аталған ілім тек заң ғылымдарының жетістігі негізінде ғана пайда
болған жоқ. Онда философияның ұғымдары (объекті, себепті байланыс
мәселелері) медицина ұғымдары (есі дұрыс еместік ұғымын анықтаумен
байланысты мәселелер) психологиялық ұғымдар (қылмыстық жауаптылық
басталатын ең төменгі жас мөлшерін анықтау кінә, пиғыл ұғымдары)
пайдаланылады. Аталған ілімнің әмбебаптағы бұл ілімді әртүрлі сипаттағы
қылмыстық заңдарға қолдануға болады.
Жалпы алғанда қылмыс құрамы туралы ілімсіз қылмыстық заңды дұрыс
қолдану негізінен мүмкін болмайды.
Қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік
беретін қылмыстық заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығын қылмыс құрамы
деп атау қалыптасқан.
Әрбір қылмыс қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы. Қылмыстық құқыққа
қайшылық қылмыстық-құқықтық норма талаптарының бұзылғандығын білдіреді.
Қылмысты заңда сипаттап жазу арқылы заңшығарушы тыйым салынған іс-
әрекеттердің шеңберін белгілейді. Қылмыс құрамы осындай негізде,
заңшығарушының белгілі-бір іс-әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі және
қылмыстың құқыққа қайшылығы туралы пікірін білдіреді.
Қылмыс құрамының маңызы мынада, тек тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс
құрамының барлық белгілері болғанда ғана оның қылмыс жасағандығын айтуға
болады және жауапкершіліктің сипаты мен көлемін анықтау мүмкіндігі пайда
болады. Тек қылмыстық заң ғана қылмыстық жеке қылмыстық емес іс-
әрекеттердің арасына шек қояды; заң талабы барлық лауазымдық тұлғалар және
азаматтар үшін міндетті болып табылады. Ендеше, қылмыс құрамына сәйкес іс-
әрекет ғана қылмыс болып табылады деген ережеде, қылмыстық істер бойынша
әділсоттылықты жүзеге асырудағы заңдылық қағйдасы басшылыққа алынған.
Қылмыстың әрбір нақты құрамы қылмыстың объектісінің, объективтік
жағын, субъектісін, субъективтік жағын сипаттайтын объективтік және
субъективтік белгілердің жиынтығынан тұрады. Қылмыс құрамының барлық
белгілері өзара байланысты: әрбір белгі органикалық бірліктің бөлшегі,
тұлғаның іс-әрекетінде олардың біреуінің болсада болмауы, тұтас алғанда
қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді.
Кез-келген қылмыстың құрамының белгілері тек заңмен бекітіледі.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарының әрбір диспозициясында
қылмыстар сипатталып жазылған. Мысалы, ҚК-тің 144-бабы, пациенттің сырқаты
немесе медициналық қызметкердің жария етуі – дәрігерлік құпияны жария
еткені үшін қылмыстық жауаптылықты қарастырған. Алайда бірде-бір диспозиция
қылмыс құрамының барлық белгілерін сипаттап жазбайды. Диспозицияда заң
шығарушы тек берілген қылмыс түрі үшін сипатты болып табылатын, оны
дербестендіру үшін қажетті – қылмыстық іс-әрекетті анықтауға және оны басқа
қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік беретін белгілерді ғана сипаттап жазады.
Барлық қылмыстыр үшін ортақ болып табылатын басқа белгілер заңшығарушымен
Қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінде көрсетіледі. Егер нақты қылмыстық-
құқықтық норманы қылмыстық құқықтық басқа нормалары және институттарымен
байланыссыз оқшау қарастыратын болсақ оның мазмұнын толық түсіну мүмкін
болмайды. Қылмыстың нақты құрамының белгілерін анықтау үшін Жалпы бөлім
нормаларында есепке алу және қарастырылатын қылмыстық-құқылық норманың
қылмыстық заңның Ерекше бөлімі жүйесіндегі орнын дұрыс анықтау қажет
болады.
Мысалы ҚК-тің 175 бабы ұрлық құрамының белгілерін сипаттайды: -ұрлық,
яғни бөтен мүлікті жасырып ұрлау, яғни бұл жерде іс-әрекеттің сипаты және
қолсұғушылықтың заты (объективтік белгілер) жазылады, бірақ бұл қылмыстың
субъектісі туралы және басқа да қажетті белгілер туралы еш нәрсе
айтылмаған. Оларды анықтау үшін Жалпы бөлімге жүгінуге тура келеді.
Қылмыстық кодекстің 15-бабы 2-бөлімі бойынша ұрлықтың субъектісі 14 жасқа
толған адам екенін, ал 14-баптың 1-бөлімі бойынша ол адамның есі дұрыс,
жеке адам болуға тиісті екенін анықтаймыз. Қылмыстық кодекстің 20-бабы мен
175-бабына салыстырмалы түрде талдау жасау арқылы ұрлықтың тек тікелей
қасақаналықпен жасалатындығын анықтаймыз. 175-баптың Ерекше бөлім
жүйесіндегіорналасқан орны бойынша (6-тарау; Меншікке қарсы қылмыстар)
ұрлықтың топтық объектісі болып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын
меншік қатынастары екендігін байқаймыз, яғни тұлғалардың материалдық
құндылықтарды иелену, пайдалану, және билік жүргізу құқықтарының заңмен
танылуы және қорғалуы. ҚК-тің 175 және 260 баптарын салыстыру арқылы
ұрлықтың затын және оның объектісін анықтай аламыз және меншікке қарсы
қылмыстар қатарына жатқызлатын ұрлықтың және Ерекше бөлімінің 10-
тарауындағы Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
қатарындағы 260-баптың (Есірткі заттарды немесе жүйеге әсер ететін заттарды
ұрлау не қорқытып алу) арасын ажыратамыз. Қылмыс құрамының барлық
белгілерін анықтау, қылмыстың субъектісін, оның объектісін, объективтік
және субъективтік жақтарын анықтау қылмыс құрамын анықтау болып табылады,
қарастырылған мысалда – ұрлықтың құрамы.
Ерекше бөлімнің әрбір қылмыстық-құқылық нормасында әдетте қылмысты
орындаушымен тікелей жүзеге асырылған аяқталған қылмыс белгілері сипатталып
жазылады. Алайда қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғу
алдын-ала қылмыстың әрекеттер барысында (қылмысқа оқталу және қылмысқа
дайындалу) және тек орындаушымен емес басқа да қатысушылармен жүзеге
асырылуы мүмкін (ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші).
Алдын-ала қылмыстық іс-әрекет барысында, немесе көмектесушінің іс-
әрекеттерінде тұлға жасағысы келген немесе жасалуына қатысқан қылмыс
құрамының барлық белгілері болмайды. Алайда бұл қарастырылған әрбір
жағдайда қылмыс құрамы мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Көрсетілген іс-
әрекеттер қылмыс ұғымына (ҚК-тің 9-бабы) толық сәйкес келеді ал олардың
негізгі белгілері заңшығарушымен Жалпы бөлімнің 24 бабында (дайындалу және
оқталу) және 28 бабында (ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік)
сипатталып жазылған. Осылайша, ҚК-тің Жалпы бөлімінде қылмыстық іс-
әрекеттің бірқатар жалпы белгілерін анықтау қылмыс құрамдарының құрлымын
анықтаудың ерекше тәсілі болып табылады. Алайда заңда тікелей көрсетілген
қылмыс белгілерінің жиынтығын анықтау әдетте қылмыс құрамын толық жасақтау
үшін жеткіліксіз болады. Қылмыс құрамының барлық белгілерін дәл анықтау
түпкі нәтижесінде ғылыми білімге негізделген, қылмыстық заңды түсіндіру
жолымен жүзеге асырылады.
Қылмыстық заңдарды және оларды қолданудың практикасын зерттей отырып
қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың әрбір құрамының барлыұ белгілерін
түпкілікті ашып көрсетуге тырысады. Әрине, бұның барысында қылмыс құрамының
белгілерін қарапайым түрде анықтау туралы әңгіме болмауы тиіс: жетіспейтін
белгілер тек заңға негізделген ой қорытулар жолымен толықтырылады. Нақты
қылмыс және оның құрамы бір-бірімен құбылыс және ол туралы ұғым ретінде ара
қатынаста болады. Қылмыс – белгілі бір қоғамға қауіпті құбылыс, яғни
көптеген дербестік ерекшеліктерімен сипатталатын, оны барлық басқа
қылмыстардан айырып көрсететін, белгілі бір уақыт және орын жағдайында
жасалған белгілі бір тұлғаның нақты іс-әрекеті болып табылады. Қылмыс
құрамы – белгілі бір түрдегі қылмыстар туралы құқықтық ұғым яғни,
қылмыстың, оның құқықтық және әлеуметтік-саяси мәнісін, қоғамға қауіпті іс-
әрекет ретінде және оның қауіптілігінің деңгейін сипаттайтын белгілерінің
ғана жиынтығы. Белгілі бір қылмыс түрінің көптеген белгілерінің ішінен
заңшығарушы барынша маңыздыларын іріктеп алады және осындай жолмен қылмыс
құрамдарын жасақтайды.
Мысалы, белгілі бір тұлғамен жасалған ұрлық екінші бір тұлғамен
жасалған ұрлықтан әрдайым белгілі бір жағдайда өзгешеліктерге ие болады,
алайда олардың жасаған қылмыстарының құрамы ұқсас егер олардың әрқайсысы
жасырын түрде техникалық құралдарды пайдалану арқылы бөтен мүлікті иеленіп
алса. Көрсетілген белгілердің анықталуы, тонау емес ұрлық жасалған деп
пайымдауға жеткілікті болады. Қылмыс құрамдарын анықтай отырып заңшығарушы
әрқашан қылмыстың нақты маңызды емес белгілерін деректендірмейді: мысалы
ұрлық құрамы үшін А-ның демалыс бөлмесінің есігін сындырып магнитофон
ұрлағаны, ал Б-ның автокранның көмегімен автокөлікке тиеп құрлыс
материалдарын ұрлағаны маңызға ие болмайды, ұрлықтың біреуі күндіз, ал
екіншісі түнде жасалғаны, бір жағдайда ұрланған заттың сатылғаны, екінші
жағдайда үй салу үшін пайдаланғаны т.б. ешқандай маңызға ие болмайды.
Ендеше қылмыс және қылмыс құрамының белгілерінің көлемі әртүрлі.
Қылмыс құрамы әрқашан қылмыстың типтік белгілерінің жиынтығынан тұрады.
Сонымен бірге қылмыс құрамы нақты бір ғана қылмысты суреттеп ғана қоймайды,
белгілі бір түрдегі барлық қылмыстарды қамтығандықтан ол әрбір нақты
қылмыстан кеңірек болады.
Қылмыстың жалпы түсінігі (ҚК-тің 9 бабы) және қылмыстың нақты құрамы
бірі мен бірі жалпы мен жекенің қатыстылығындай болады. Қылмыс ұғымы барлық
қылмыстардың барынша жалпы әлеуметтік-құқықтық белгілеріне ие болады –
олардың қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қайшылығы көрсетіледі. Қылмыстың
нақты құрамдарында қылмыс ұғымының жалпы белгілері нақтыланады және белгілі
бір мазмұнмен толықтырылады, себебі қылмыс құрамдарында қоғамға қауіпті
және құқыққа қайшы іс-әрекеттің белгілі бір түрі кісі өлтіру, бұзақылық,
ұрлық және т.б. сипатталып жазылады. Бұның барысында қылмыс құрамы оның
қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын белгілердің жиынтығын өзіне біріктіреді.
Қоғамдық қауіптілік қылмыс құрамының басқа белгілерімен бірге болатын
дербес белгісі болып табылмайды, заңшығарушымен оны сипаттап жазу барысында
көрсетілетін қылмыстың жалпы ерекшелігі болып табылады.
Қылмыстың жалпы ұғымынан және қылмыстың нақты құрамдарынан басқа
қылмыстық құқық теориясы қылмыс құрамының жалпы түсінігі ұғымын да
пайдаланады. Қылмыс құрамының жалпы ұғымы заңи емес теоретикалық түсінік
болып табылады. Ол қылмыстың барлық нақты құрамдарына тиісті белгілерді
теоретикалық жағынан қорыту нәтижесінде пайда болады. Егер нақты құрам
белгілі бір қылмыс түрі туралы заңи ұғым болып табылса, құрамның жалпы
түсінігі қылмыстың барлық нақты құрамдарының құрылымы және белгілері туралы
ұғым болып табылады. Құрамның жалпы ұғымында қылмыстық заңнамада
қарастырылған барлық қылмыс құрамдарының объектісін, объективтік жағын,
субъектісін және субъективтік жағын сипаттайтын барлық белгілер
қортындылады. Аталған жалпы белгілер қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінде, ал
нақты қылмыс құрамдары Ерекше бөлімде зерттеледі.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы қылмыс түсінігіне негізделгенімен онымен
бірдей ұғымды білдірмейді. Қылмыс түсінігі аталған құбылыстың қоғамдық
қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекет ретіндегі мәнісін түсіндіріп, қылмысты,
қылмыс еместен айыратын негізгі жігін көрсетеді, қылмыс құрамының жалпы
ұғымы қылмыс құрамдарын құрастыру барысында пайдаланылатын барлық
белгілердің жиынтығын және оларды құрастырудың жалпы заңдылықтарын
көрсетеді.
Құрамның жалпы түсінігі мен қылмыстың нақты құрамдары әртүрлі
тағайынға ие болады. Қылмыстың нақты құрамы бұл – қылмыстың белгілі бір
түрінің заңда сипатталып жазылуы. Сондықтан да тұлғаның іс-әрекеттерінде
қылмыс құрамының барлық белгілерінің анықталуы қылмыстың жасалғандығын,
яғни қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін білдіреді. Қылмыс құрамының жалпы
ұғымы – ғылыми абстракция ол қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы нақты құрамдары танудың құралы болып
табылады. Ол қылмыстың нақты құрамына байланыссыз жалпылама түрде қылмыс
құрамдарының белгілеріне, оларды құрастыру әдістеріне ғылыми талдау жасауға
құрамдарды және олардың белгілерін саралауға мүмкіндік береді.
Әрбір қылмыс – іс әрекетті, онымен келтірілген зиянды салдарды және
қылмыс жасаған тұлғаны – қылмыскерді сипаттайтын оның барлық объективтік
және субъективтік белгілерінің бірлігі болып табылады. Теоретикалық талдау
қылмыстың құрамдық элементтері объекті, объективтік және субъективтік
жақтарын және субъектісін ажыратуға және бөлектеп қарастыруға мүмкіндік
береді.
Нақты құрамдарды сипаттау барысында, заң шығарушымен пайдаланылатын
барлық белгілер олардың әртүрлі болуына қарамастан әрқашанда қылмыс
құрамының тиісті элементтеріне қатысты болады. Әрбір қылмыс құрамы
белгілерінің анықтылығы, оның элементтеріне анықтылық береді. Ендеше,
қылмыс құрамдарының барлық белгілері, қылмыстың объектісіне, оның
объективтік жақтарына, қылмыстың субъектісіне, және оның субъективтік
жағына қатысты болады.
Объект – бұл қылмыс қол сұғатын, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын
нәрсе. Қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады. Әдетте Ереше
бөлімнің қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында объектінің
белгілері аталып көрстеілмейді. Сондықтан олар, заңды түсіндіру, заңнаманың
жалпы жүйесіндегі қылмыстық-құқылық норманың орнын анықтау, оны басқа
нормаларамен салыстыру жолдарымен анықталады.
Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі көп жағдайда қылмыс
объектісінің маңыздылығына тәуелді. Қылмыс объектісін дұрыс анықтау
қылмысты дұрыс саралау үшін үлкен маңызға ие болады.
Объективтік жағы қылмыстың сыртқы жағын сипаттайтын белгілерден
құралады. Атап айтқанда қылмыстың объективтік жағына: іс-әрекеттің сыртқы
жағы (әрекет немесе әрекетсіздік), іс-әрекеттің салдары, қоғамға қауіпті іс-
әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс, қылмыстың жасалған
уақыты, тәсілі және жағдайы жатқызылады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы әдетте қылмыстық-құқылық норманың
диспозициясында барынша толық жазылады.
Қылмыс субъектісі қылмысты жасау кезінде қылмыстық жауаптылыққа
тартылатын жасқа толған, есі дұрыс яғни өзінің іс-әрекеттеріне баға беріп,
оларды басқара алатын жеке тұлға болып табылады.
Осыған сәйкестікте мынаны айтуға болады қоғамға қауіпті іс-әрекетті
(қылмысты) жасау барысында өзінің әрекеттеріне есеп бере алатын және оларды
басқара алатын адам есі дұрыс адам болып табылады [, 244-245. Лейкина Л.
С., Грабовская Н. Г. Субъект преступления. М., 1961.].
Қылмыстың барлық субъектілеріне тиісті жалпы белгілер заң шығарушымен
жалпы бөлімде көрсетіледі. Ерекше бөлімнің қылмыстық-құқылық қылмыс
нормаларының диспозицияларында қылмыс субъектісінің арнайы белгілері
көрсетіледі. Олар жөнінде біз жұмысымыздың келесі тарауларында толығырақ
тоқталамыз.
Субъективтік жағы қылмыстың ішкі (психикалық) жағын сипаттайды.
Қылмыстың субъективтік жағын; қылмыс субъектісінің онымен жасалған қоғамдық
қауіпті іс-әрекетке және оның қоғамдық қауіпті салдарына психикалық
қатынасын сипаттайтын, қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінә;
қылмысты жасау барысында тұлға басшылыққа алған ішкі пиғыл; және қылмысты
жасау барысында ол алдына қойған мақсатты жатқызамыз.
Кейбір нормалардың диспозицияларында заң шығарушы кінәнің нысанын
тікелей көрсетеді мысалы, ҚК-тің 314-бабында; қызметтік жалғандық жасау
ресми құжаттарға көрнеу жалған мәліметтер енгізу, сол сияқты аталған
құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не әдейі
жалған немесе қолдан жасалған құжаттар біреуі, егер бұл әрекеттер
пайдакүнемділікпен немесе өзге де жеке мүддесіне жасалған болса – деп
көрсетілген. Басқа жағдайларда заң шығарушының тиісті қылмыс құрамында
кінәнің қандай нысанын көрсеткендігін анықтау қажет болады.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымы шеңберінде құрам элементтерін
сипаттайтын барлық белгілерді негізгі және факультативті қылып бөлу
қалыптасқан.
Негізгі (қажетті) белгілер дегеніміз – бұл барлық құрамдарға тиісті
белгілер болып табылады. Әрбір қылмыста мына аталғандар анықталуы тиіс.
Нақты объект, іс-әрекет (әрекет немесе) әрекетсіздік, кінә, қылмыс
субъектісінің заңда көрсетілген жасқа толуы және оның есінің дұрыстығы.
Аталған белгілердің кез-келгенінің болмауы, ешқандай қылмыстың жоқ
екендігін білдіреді.
Факультативтік белгілер дегеніміз барлық қылмыстар құрамына тән болып
табылмайтын, тек жекелеген қылмыстар болып табылатын белгілер болып
табылады. Оларға арнайы субъект, пиғыл, мақсат (субъективтік белгілер),
қылмыстың салдары, іс-әрекет пен салдар арасындағы себепті байланыс,
сонымен бірге қылмыстың жасалу уақытын, орнын және тәсілін сипаттайтын мән-
жайлар (объективтік белгілер) жатады.
Құрамдардың белгілерін негізгі және факультативті қылып бөлу қылмыс
құрамының жалпы ұғымын талдау барысында ғана мүмкін болады. Қылмыстың нақты
құрамында негізгі және факультативті белгілер жоқ – бұл жерде барлық
белгілер қажетті болады. Мысалы, құрамның жалпы ұғымында пайдакүнемдік
мақсат – бұл факультативтік белгі, себебі ол көптеген құрамдарда болмайды,
бірақ ұрлықтың құрамында ол міндетті болып табылады, себебі оның болмауы
ұрлықтың жоқ екендігін білдіреді.
Қылмыс құрамының жалпы ұғымына қатысты факультативтік белгі, белгілі
бір қылмыс үшін қажетті болып табылуы мүмкін, (тұлғаның лауазымдық жағдайы
мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарда, адам өлтірудегі
жәбірленушінің қаза табуы және іс-әрекет пен жәбірленушінің қаза табуы
арасындағы себепті байланыс және т.б.) немесе қылмыстың белгілі бір
түрлерін оның қоғамдық қауіптілігін күшейту немесе төмендетумен сипаттауы
мүмкін. Заң шығарушы осындай белгілерді ауырлататын және жеңілдететін мән-
жайлары бар қылмыс құрамдарын жасақтау барысында қолданады. Мысалы адам
өлтіру кез-келген тәсілмен жасалуы мүмкін бірақ егер ол аса қатыгаздікпен
жасалса немесе көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса онда ол
адам өлтірудің ерекше, сараланған құрамын ұрайды. Қылмыстық Кодекстің 134
бабында қарастырылған баланы ауыстыру әртүрлі мақсатпен жасалуы мүмкін
бірақ баланы ауыстыру пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасалса
онда бұл әрекеттер баланы ауыстырудың сараланған құрамын құрайды
Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің
субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген
объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының
субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен
олардың қатаң шектелуі санына ие болады.
Қылмысты саралаудың жасалған іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни әрекет
етілуі ҚК-те қарастырылған қылмыс құрамымен салыстыру болып табылатындығын
еске түсірейік. Сонымен қатар оны жүргізу процессінде заңның жекелеген
ережелері нақтыланады, жаңа фактілер анықталады, болжамдар өзгеріске
ұшырайды және одан әрі зерттеудің жолдары белгіленеді18.
В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов қылмысты сарлау бойынша жазылған
монографияларында қылмыстылықтың әлеуметтік мәселелерін, оның себептерін
және қылмыс жасаған тұлғалар туралы мәліметтерді талдауды және тереңдетуді
атап көрсеткен.
Егер қылмыс субъектісін құқықтық ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің
жеке басы криминологиялық ұғым болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі
дұрыстың қылмыстық заңмен бекітілген жасқа толу оның біріншісінің яғни
қылмыс субъектісінің негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке
тұлғаны сипаттайтын: әлеуметтік – демографиялық, біліми-мәдени,
функционалдық, құндылықты- мотивациялық, қылмысты-құқылық ерекшеліктерді
қамтиды.
Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде тану үшін ең алдымен, қоғамға
қауіпті және қылмыстық құқыққа қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның
жасағандығын нақты анықтап алу қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке өзі жасауы
мүмкін немесе табиғи күштерді, жануарларды, техниканы, электр приборларын,
химиялық заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы сонымен қатар іс-әрекетті
ақыл-есі дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы
мүмкін. Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы,
көмектесуші яғни алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды
қылмыс субъектісі болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің
тағы басқа екеуі жас мөлшері және ақыл есі дұрыстық адамның
психофизикалық қасиеттері олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа
толғандығы немесе толмағандығы фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс.
Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатындығы және
басқара алатындығы дәлелденуі тиіс.
А.Н. Трайнин бұл белгілерді қылмыс құрамынан тысқары тұрған
қылмыстық жауаптылықтың шарттары ретінде қарастырғанын атап өту керек.
Қоғамда қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын
белгілерге ол тиісті құрамдарда орын алған лауазымды тұлғаны, әскери
қызметкерлерді, өкімет өкілін жатқызады19.
Қылмыс субъектілерінің белгілеріне (жас мөлшері, есі дұрыстық) В.Н.
Кудрявцев және тұлғаның сотталғандығын, қайталап қылмыс жасауды және
қылмыс рецидивін жатқызды.
Қылмысты жасаған кезде қылмыстық жауапқа тартылатын жас ретінде 16
жасқа толу деп саналады. Алайда біз бұны жалпы ереже деп есептеп одан
кейде өзгешеліктер болатындығын естен шығармауымыз керек. Қылмыстық
Кодекстің 15-бабының екінші тармағында төменде көрсетілген қылмыс түрлері
үшін қылмыстық жауап кершілік 14 жастан басталатындығы көрсетілген. Ол
адам өлтіру (96), денсаулыққа қас зиян келтіру (103), ауырлататын мән
жайлар кезінде денсаулыққа қасақана ор ауыр зардап келтіргені үшін (104 2-
бөлімі), зорлау (120) жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121), адам
ұрлануы (125), ұрлық (175), тонау (178), қарақшылық (179), қорқытып алу
(181), авто көлікті заңсыз иелену ұрлау мақсатын көздемей(185 ІІ-ІІІ-ІV),
мүлікті қасақана жою, бүлдіру (187 ІІ-ІІІ), терроризм (233), адамды
кепілге алу (234), террористік акті туралы өтірік хабарлау (242), қару-
жарақ, оқ –дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не
қорқытып алу (255), ауыр жағдайдағы бұзақылық (257 ІІ-ІІІ), тағылық (258),
есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (206),
қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау
(275), көлік жолдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299).
Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар түрі заңда бекітілгендіктен тек осы
қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталуы тиіс.Сонымен қатар
адам осы көздеген жасқа толса бірақ психикалық дамуы жағынан артта қалуы
саладрынан онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау
кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық
қауіптілігін толық ұғына алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа
тартылуы тиіс емес. 14 жасқа толмаған жас-өспірімдердің қоғамға қауіпті іс-
әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туындамайды. Олар ішкі-істер
органдарының ұсынысы бойынша, мемлекеттік арнайы органның қортындысымен
сот анықтамасымен арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін.
Егер 14 жаспен 16 жастың арасындағы жас өспірім 16 жастан бастап қылмыстық
жауапкершілік туындайтын қылмыстарға қатысса соның барысында ол 14 жастан
қылмыстық жауапкершілік басталатын қылмыс жасаса мысалы, бандитизм (237
бап), оған қатысқан 14 жас пен 15 жастың арасындағы жас өспірімдер
бандитизм емес ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру бойынша ғана
қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Адамды белгілі жасқа толды деп
есептеу үшін оның жас шамасы дәл анықталуы тиіс. Адам белгілі жасқа толды
деп есептеу оның туған күннен емес одан кейінгі тәуліктің 00 сағатынан
Егер жасөспірімнің жас шамасын анықтайтын құжаттар жоқ болса оны анықтау
үшін соттық-медициналық сараптама тағайындалады. Егер оның жасы белгісіз
болса оны туған күні деп сараптама атаған жылдың ең соңғы күні саналады.
Егер жасты сараптама атаған жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы жас
мөлшерімен анықтау қажет болса онда төменгі жас мөлшері алынады.
Егер жасөспірімнің психикалық дамуы жөнінен артта қалуы байқалатындай
болса оның психикалық дамуының деңгейін анықтау қажет, яғни ол өз
әрекеттерін толық сезініп басқара білді ме жоқпа? Ол үшін қажетті
жағдайларда балалар психологиясы саласындағы (педагог, психолог)
мамандарының қатысуымен сараптама тағайындайды немесе көрсетілген
мәселелер сарапшы-психиатордың шешуіне білдіреді. Кәмілетке толмағандарға
жаза тағайындау барысында, оның өмір жағдайы мен тәрбиеленуі, психикалық
даму деңгейі, жеке басының өзгеде ерекшеліктері, сонымен қатар жасы
үлкендердің оған ықпалы есепке алынуы тиіс. Жасы кәмілетке жетпегендік
жеңілдететін мән-жай ретінде , өзге де жеңілдететін және ауырлататын
мәністермен жинағында есептеледі. Егер кәмілетке толмаған адам бірінші рет
онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталса сот оны
жазадан босатуы мүмкін, егер кәмелетке толмаған адамды түзету мәжбірлеуші
тәрбиелеу шараларын қолдану арқылы мүмкін деп есептеген жағдайда. Егер
қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған адам қоғамға қауіпті іс-
әрекетті ересек адамның айдап салуымен жасаса, онда ол жанама
орындаушылық болып есептелінеді. Ал ересек адам тікелей орындаушы және
кәмілетке толмағандарды қылмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады.
Қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған,
яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы
немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің
іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие
болмаған дам қылмыстың жауапқа тартылуға тиіс емес. Есі дұрыс еместік
дегеніміз қоғамға қауіпті әрекетті жасау барысында, психикалық ауру
жағдайына байланысты әрекеттің мәнісі мен қоғамдық қауіптілігін сезіне
алмауы болып табылады. Есі дұрыс еместік түсінігін анықтау барысында заң
екі негізді басшылыққа алады. 1) медициналық (биологиялық) және 2) заңи
(психологиялық). Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және
заңдылық критерилердің біреуінің болмауы тұлғаны есі дұрыс емес тануға
мүмкіндік бермйді. Медициналық критериге қылмыстық заңға сәйкес төрт түрлі
ауру жатқызылған. 1) созылмалы психикалық ауру 2) психикасының уақытша
бұзылуы 3) есі кемдік 4) психиканың өзге де ауру жағдайы.
Есі дұрыс еместіктің заңды критериіне екі белгіні жатқызамыз 1)
интеллектуалдық және еріктілік. Заңды критеридің интеллектуалдық белгісі
тұлғаның өзінің әрекеттерінің нақты мәнісін және қоғамдық қауіптілігін
сезіне алмауы арқылы көрінеді. Ал еріктіліктің белгісі тұлғаның өз
әрекеттеріне басшылық жасай алмауы арқылы көрініс береді.
Егер тұлға өзінің әрекетінің нақты мәнісін түсінуге қабілетсіз болса
және әрекеттің содан пайда болған қауіпті салдардың арасындағы себепті
байланысты түсінбесе ол өзінің әрекетін басқаруға қабілетсіз болады.
Интеллектуалдық белгінің басты, негізгі мазмұны тұлғаның, жасаған
әрекеттерінің әлеуметтік маңызын, олардың қоғамдық қауіптілік мәнісін
түсінуге қаблетсіз болуы.
Заңдылық критеридің екінші белгісі жоғарыда атап өткеніміздей
еріктілік белгісі болып табылады. Яғни тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық
жасай алмауы. Адамның еркі оның санасы мен тығыз байланысты Адам санасы
бұзылып, өзінің әрекеттерінің маңызын түсіне алмаған кезде, оның еріктілік
қызметі де бұзылып ол өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайды. Жүйке
аурулары адамның психикалық қызметінің барлық саласын немесе оның кейбір
жеке жақтарын кеселге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан кей жағдайда тұлғаны
өзінің жеткілікті түрде сақтай отырып, өзінің әрекетінің нақты жағын және
оның әлеуметтік маңызын дұрыс түсінуі мүмкін, алайда психикасының бұзылуы
салдарынан өзінің әрекеттеріне басқару жасай алмайды. Оларды кейде
импулсивтік құмарлық деп атайды. Мысалы клептомания, пиромания.
Тұлғаның есі дұрыс еместігі оның қылмыстық заңда қарастырылған нақты
қоғамдық қауіпті жасау оқиғасында және оның осы іс-әрекетті жасаған сәтіне
байланысты ғана анықталады. Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану туралы
түпкілікті шешімді сот, соттық-психикалық сараптаманың негізінде
қабылдайды. Егер анықтама тергеу немесе сот тұлғаның психикалық толық
қандылығана күмәнді болса соттық-психиатриялық сараптама тағайындауға
міндетті. Сонымен есі дұрыс емес деп танылған тұлғаға медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасаған кезінде
психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінен іс жүзіндегі
сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие
бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Бұл ретте
әңгіме қылмыс жасаған есі дұрыс, бірақ психикалық аномалияға ұшыраған
адамдардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде болып отыр. Осындай тұлғалар
шектеулі есі дұрыстық жағдайында қылмыс жасағандар ретінде танылады. Бұл
жағдайда тұлғаның өзінің әрекетінің сипатын және қоғамдық қауіптілігін
түсіну қаблетінің шектелуі және оларға басшылық жасай алмауы, есі дұрыс
еместік болып табылмайтын психикалық бұзылудан туындайды. Тергеу органдары
және сот психикалық бұзылудың дәрежесін және оның тұлғаның қылмыс жасауына
тигізген ықпалын анықтауы тиіс, олар өз кезегінде соттық – писхиатриялық
сараптың қортындысымен және алдын ала тергеу, сот тергеуі материалдарымен
анықталады. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын писхиканың бұзылуын сот
жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ҚК-те
көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға негіз
болады.
Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқада
есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан қылмыс жасаған адам қылмыстық
жауаптылықтан босатылмайды. Қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайда
көптеген қылмыстардың әсіресе бұзақылық, жеке адмға қарсы күш қолданумен
жасалатын, автокөлік қатысты қылмыстар мас күйінде жасалатындығы белгілі
болып отыр. Алайда заңда бекітілген ережені, мас күйінде қылмыс жасаған
адам ешуақытта қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды деп түсінбеуіміз
керек. Бұл адамның тек мас болу жағдайына байланысты қылмыстық
жауапкершіліктен босатылмайтындағында ал басқа жағдай бойынша ол қылмыстың
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мастықтың екі түрі бар физиологиялық
және патологиялық мастық. Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық
жауапкершілігін сөз қылғанда біз физиологиялық мастықтан, потологиялық
мастықтың айырмашылығы оның барысында ішімдік қабылдау адамның қысқа
мерзімдік психикалық бұзылуына соқтырады сондықтан ол өз әрекеттеріне есеп
бере алмай, оларды басқара алмауы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы
нашақорлықпен ауыратын адамдардың наркотик заттарды қабылдамауынан
психикасы бұзылуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.
Қортындылай айтқанда қылмыс субъектілерін біз жалпы және арнайы қылып
бөлеміз. Жалпы субъектінің белгілері жеке тұлға, есі дұрыстық қылмыстық
заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу, арнаулы субъектінің белгілеріне
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің баптарында
көрсетілген қосымша белгілер азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық
жағдайы т.б. жатады. Азаматтық қандай жағдайда қылмыс субъектісінің
белгісі болуы мүмкін. Мысалы ҚК-тің 165-бабында: Мемлекеттік опасыздық
яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден
сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не
Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік
мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек
көрсетуден, Қазақстан Республикасының азаматы Қ.Р-ның сыртқы қауіпсіздігі
мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған
қасақана әрекет-деп көрсетілген. Яғни мемлекеттік сатқындықтың субъектісі
болып 16 жасқа толған тек Қазақстан Республикасының азаматы табылады.
Сонымен қатар ҚК-тің 166 бабына назар аударсақ онда мемлекеттік
құпияларды құрайтын мәліметтерді шет елдік мемлекетке, шет елдік ұйымға
немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау,
ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шет елдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге
де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен
егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау егер осы
әрекеттерді шет елдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса – деп
көрсетілген. Яғни шпиондық субъектісі болып 16 жасқа толған шет елдік
азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға толады. Адамның жынысы төмендегідей
қылмыс түрлерінде қылмыс субъектісінің белгісі болады. Мысалы 120 бабта
зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе
қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып
жыныстық қатынас жасау. Зорлаудың субъектісі болып 14 жасқа толған ер адам
табылады. Алайда әйел адам бірігіп орындаушы болуы мүмкін. Қандай жағдайда
(үйге алдап алып келу, күш қолдану, психикалық әсер ету) кәсібі,
лауазымдық жағдайы. 118бап: Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойыншы көмек
көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі,
егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян
келтіруге әкеп соқса деп көрсетілген. Яғни қылмыс субъектісі 16 жасқа
толған заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша медициналық жәрдем
көрсетуге міндетті адамдар табылады, оларға дәрігерлер, хирургтар,
медсестралар т.б. жатады.
Қысқаша айтқанда қылмыс субъектісінің жалпы белгілерімен қатар
берілген қылмыс құрамы үшін міндетті болып табылатын қосымша белгілерге ие
жеке тұлға қылмыстың арнайы субъектісі болып таылады. Бұндай жағдайда
әдетте лауазымды тұлға, әскери қызметкер, белгілі бір кәсіппен немесе
белгілі бір қызмет түрімен айналысатын тұлғалар жөнінде айтылады.
Қылмыстың арнайы субъектісі туралы мәселенің тарихында оны анықтау
мен оның белгілерін бекіту тұрғысында әртүрлі пікірлер айтылған. Алайда
бұл мәселе түпкілктік шешімін таппаған.
Әрекет етуші құқықтың барлық салалары немесе тек қылмыстық құықық
үшін лауазымды тұлғаның ұғымы туралы пікірталас Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексін күшіне енгізгенге дейін жалғасты.
Қылмыстық Кодексте лауазымды тұлға және жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын тұлға түсініктеріне анықтама бере отырып Қазақстан
заңшығаушылары өте дұрыс жасаған.
Лауазымды тұлға түсінігі ҚК-тің 307 бабының І бөлімінің
ескртуінде былай бекітілген: тұрақты уақытша немесе арнаулы өкіоеттік
бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республиқасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасның басқа да
әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-
шаруашылық қызметтері орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады.
Сонымен қатар аталған баптың екінші бөлімінің ескертуінде: Мемлекеттің
функцияларын және мемлекеттік рогандардың өкілеттігін тікелей орындау үшін
Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасның
Конситиуциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметті атқараты, сол
сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік
қызметшілердің саяси қызметін атқаратын адамдар деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде негізінен арнайы
субъектісі бар қылмыс құрамдарынан тұратын екі тарау бөлініп берілген ,
олар лауазымдық жеке әскери қылмыста туралы тараулар. Одан басқа ҚК-тің
Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының диспозицияларында тікелей
көрсетіледі немесе оның мазмұнынан арнайы субъектінің белгілері логикалық
түрде анықталады. Олар берілген құрам үшін міндетті, қылмыс субъектісінің
жалпы түсінігі үшін факультативтіболып табылады.
Қылмыстың арнайы субъектісінің белгілерін тиісті түрлік топтарға
бөлуге яғни оларды сыныптауға болады. Н.Ф. Кузнецова бұл белгілерді үш
топқа бөледі: 1) субъектінің арнайы ролін және құқықтық жағдайын
сипаттайтын белгілер (азаматтығы, тұлғаның лауазымдық жағдайы кәсібі,
қызмет түрі, атқаратын жұмысының сипаты, әскери қызметке қатыстылығы, сот
порцессіне қатысуы, сотталуы немес қамауға алынуы, сотталғандығы); 2)
субъектінің жеке басының ерекшеліктері (жас мөлшері, жынысы, денсаулық
жағдайы); 3)субъектінің жәбірленушімен арақатынасы (жәбірленуші және басқа
тұлғалар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лауазымдық қылмыс субъектілері
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Қылмыстың арнайы субъектісі
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Қылмыстың арнаулы субъектісінің белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Аса ауыр қылмыстар
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыс құрамы жайлы
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы
Пәндер