ҚР конституциялық кеңестің құрылымы, құзыреті



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ҚР Конституциялық Кеңестің құрылымы, құзыреті.
1.1. Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Конституциялық Кеңестің құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Пайдаланатын әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ҚР-ның Конституциялық Кеңесі – конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда азаматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.
Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар «ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің Конститутцияда белгіленген өкілеттілігінен Конституциялық Кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.
Көрсетілген мән-жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің конституциялық заңдылықтарын тексерумен ғана шектелмейді. Конституциялық Кеңес қызметінің негізі Қазақстан республикасының Конституциясы және Президенттің «Конституциялық Кеңес туралы» Жарлығы болып табылады. Осы екі акт Конституциялық Кеңестің өкілеттілігін, құрамын, қалыптасу тәртібін, мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін, конституциялық іс жүргізуді айқындайды. Өз қызметінің аталған актілермен реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес Регламент қабылдайды.
Конституциялық Кеңес, оның ішінде Төраға бар, жеті адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Президент, екі мүшесін – Сенаттың Төрағасы, екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі – 6 жыл. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.[1]
1.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл. 45-б.
2.«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. Алматы, 2004 жыл. 256-б.
3.«Қазақстан Республикасының Конституциясы» Астана 2007 жыл. 112-б.
4.«Салыстырмалы құқықтану негіздері »Табанов. Алматы, 2003 ж. 155-б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ҚР Конституциялық Кеңестің құрылымы, құзыреті.
1.1. Конституциялық Кеңестің құрылымы мен
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ..5
1.2. Конституциялық Кеңестің
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Пайдаланатын
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..11

Кіріспе

ҚР-ның Конституциялық Кеңесі – конституцияның аса жоғарғы заңдық және
тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда азаматтардың
еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен
биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде
қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.
Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның
Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар ҚР-ның
Конституциялық Кеңесі туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен
реттеледі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық
Кеңеске арналған бөлім бар. Осы мемлекеттік органның қандай мақсатта
құрылатындығы Конституцияда көрсетілмеген. Алайда, Конституциялық Кеңестің
Конститутцияда белгіленген өкілеттілігінен Конституциялық Кеңестің негізгі
көздейтіні Конституцияны қорғау екендігі көрінеді.
Көрсетілген мән-жайларға орай Конституциялық Кеңес актілердің
конституциялық заңдылықтарын тексерумен ғана шектелмейді. Конституциялық
Кеңес қызметінің негізі Қазақстан республикасының Конституциясы және
Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығы болып табылады. Осы екі
акт Конституциялық Кеңестің өкілеттілігін, құрамын, қалыптасу тәртібін,
мүшелеріне қойылатын талапты, Конституциялық Кеңес мүшелерінің мәртебесін,
конституциялық іс жүргізуді айқындайды. Өз қызметінің аталған актілермен
реттелмеген, ұйымдастырылуы мен тәртібі бойынша Конституциялық Кеңес
Регламент қабылдайды.
Конституциялық Кеңес, оның ішінде Төраға бар, жеті адамнан тұрады.
Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық
Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын қызметке
Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық
Кеңестің екі мүшесін – Президент, екі мүшесін – Сенаттың Төрағасы, екі
мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі – 6 жыл. Конституциялық Кеңес
мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.[1]
Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:
олар Қазақстан республикасының азаматтары болуы тиіс;
жасы отыздан төмен болмауы керек;
Қазақстан аумағында тұруы тиіс;
жоғары заң білімі болуы керек;
заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Парламент Палаталарының
бірлескен отырысында тағайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында
ант береді.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды
тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің
Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген
бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді.
Заң Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өкілеттігін тоқтата
тұру жағдайы мен тоқтату жағдайын ажыратады.

1. Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі. Конституциялық
Кеңес мемлекеттік органдар ретінде Республиканың бүкіл аумағында Қазақстан
Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Өз
өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға,
ұйымдарға лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, Республика
Конституциясына ғана бағынады.
Алғашқы рет біздің елімізде 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған
Констиуцияға сәйкес Конституциялық сот құрылған болатын. Ол Қазақстан
Республикасының Конституциясын қорғауға бағытталған ең жоғарғы сот органы
болатын. Конституциялық Сот өз өкілеттігін Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсанында қабылдаған заң күші бар
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Жарлығына дейін
жүзеге асырды.
Қазіргі қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Конституциясы
Конституциялық Кеңестің құрамын, өкілеттігін, оның құрылуын жаңаша
анықтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабына сәйкес
Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттілігі алты жылға
созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы
Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Республика Президенті
тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып
табылады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Республика Президенті, екі-екі
мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.
Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын
жаңартылып отырады. Оның құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында
тұратын, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде бес жұмыс стажы
бар Республика азаматы тағайындала алады. Бірақ бұл талаптар Республиканың
экс-Президенттеріне қолданылмайды.
Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар болып өз өтініштері бойынша
конституциялық іс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады:
1) Республика Президенті;
2) Парламент Сенатының төрағасы;
3) Парламент Мәжілісінің төрағасы;
4) өздерінің жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі болатын Парламент
депутаттары;
5) Премьер-министр;
6) Республика соттары;
7) актілерінің конституциялығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдар.
Қажет болған жағдайда бұлар Конституциялық Кеңеске өз өкілдерін
жібере алады, олардың өкілеттігі азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген
тәртіппен ресімделеді. [2]
Конституциялық іс жүргізу, Конституциялық Кеңес қабылдайтын шешімдер
қазақ не орыс тілдерінде жүзеге асырылып, жазылады. Осы тілді меңгермеген
конституциялық Кеңес олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге
аудармамен қамтамасыз етеді.
Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс
Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір
бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:
1. Дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының
сайлауын және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені
шешеді;
2. Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін
Президент қол қойғанға дейін қарайды;
3. Республиканың халықаралық шарттарын бекіткеге дейін олардың
Конституцияға сәйкестігін қарайды.
4. Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
5. Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде
қорытындылар береді.
Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін Конституцияның 78-бабында
белгіленген жағдайларда қарайды.
Конституциялық іс жүргізуді қозғаудың және қарауға берілетін
материалдарды дайындаудың тәртібі туралы мәліметтерді Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1996 жылғы 4 маусымында қабылданған
Регламентінен қарауға болады.
Конституциялық іс жүргізу кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың жүйесі
ҚР-сы Парламенті
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылымы, мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
Конституциялық құқықты интернационализациялау
Парламент пен оның Палаталарының өкілеттіктері
Республика Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
Сот немесе құқық қорғау органдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі және қалыптасу кезендері
Пәндер