Құнды қағаздар нарығының құқықтық ретеуі жалпы бөлімі



Тақырып №1. Құнды қағаздарды құқықтық реттеу арнайы курсына кіріспе.
Тақырып №2. Құнды қағаздардың құқықтық мәртебесі
Тақырып №3. Құнды қағаздар бойынша құқықтық қатынастар, құнды қағаздар бойынша құқықтарды беру
Тақырып № 4 Акция
Тақырып №5 Вексельдің құқықтық мәртебесі.
Тақырып №6 ҚР.дағы облигациялар.
Қазақстанның экономикалық жүйесінде нарықтық институттың пайда болуы құнды қағаздың экономикалық және заңды құрылымы, сондай-ақ заңды режимінің өзекті тақырыпқа айналуына себеп болды. Осылайша, құнды қағаздардың құқықтық түсінігі отандық және шетелдік заңгер ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Олар, мысалы: нарығы және оның обьектілері қазақстандық заңгерлермен де зерттеліне бастады және олардың ішінде профессор Басин Ю.Г ерекше орын алады.
Азаматтық құқықтың обьектілерінің бірі құнды қағаздар. АК-ның 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы, сондай-ақ оның жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын құжат. Бұндай анықтама құнды қағаздың классикалық түсінігі болып табылады. Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және құнды қағаздың АК-пен және ҚР-ның өзге де заң актілерінде айқындалған өзге де түрлері жатады. Құнды қағаздардың мынадай түрлері бар:
1) Құжатты және құжатсыз;
2) Эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) Атаулы, ұсынбалы және ордерлік құнды қағаздар болып бөлінеді.
Құнды қағаздардың спецификалды ерекшеліктерін қысқаша былай сипаттауға болады:
1) Құнды қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
2) Түрі мен мазмұны заң талаптарына қатаң бағынатын құжат;
3) Құнды қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады.
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Құнды қағаздар рыногы, шын мәнінде, мүліктік құқықтар рыногы болып табылады.
Құнды қағаздардың мазмұны заң актілерінде көрсетілген талаптарға сай келуі тиіс. Яғни, міндетті реквизиттер мен белгіленген нысандарды сақтауы тиіс. Құнды қағаздардың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарынды көрсетілген. Оларға мыналар жатады:атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субьектілердің құжат бойынша көрсетілген міндеттері, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау, құжат бойынша орындалу орны мен басқа да талаптар, шарттар болып табылады. Құнды қағаздардың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе құнды қағаздың ол үшін белгіленген нысанғы сай келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
2. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

2.1. Бөлім. Құнды қағаздар нарығының құқықтық ретеуі жалпы бөлімі.
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Андеррайтер – бағалы кағаздар рыногының брокерлік және дилерлік қызметті
жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы;
Эмиссиялық бағалы кағаздар шысарылымыныз күшін жою - змиссиялық бағалы
кағаздың азаматтық құқықтар объектісі ретінде өмір суріун тоқтату;
базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы кағаздар, валюта,
қаржы кұралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында
айқындалған өзге де көрсеткіштер
Мәнсіз іскерлік бедел – кәсіби білікті. адалдығын растайтын факторлардың
болуы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы
орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе
өтелмеген соттылығың жоктығы;
Брокер - бағалы кағаздар рыногының клиентің тапсырмасы бойынша, соның
есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы кағаздармен және өге де
қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушысы;
Ішкі құжаттар - бағалы кағаздар рыногы субъектісінің. оның органдарының.
құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкіддіктерінің),
кызметкерлерінің қызмет жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуін және
оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;
Бағалы кағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қаздардың
айналысы процессінде бағалы кағаздар рыногының субъектілері арасында
қалыптасатын құкықтық қатынастар;
Жеке шоттан үзінді - бағалы қағаз болып табылмайтын, тіркеуші немесе
нақтылы үстаушы беретін және тіркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы-кағаздар
бойынша белгілі бір уакыт кезіндегі құқықтарын растайтын қужат;
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - эмитенттің эмиссиялық бағалы
кағаздардың заматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған
іс-әрекеті, немесе орналастырылуы. айналыста болуы және өтелуі осы
эмиссиялық бағалы кағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын
белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы;
Эмиссиялық бағалы кағаздардың мемлекеттік тізілімі – уәкілетті орган
қалыптастыратын эмиссиялық бағалы кағаздар шығарылымдары мен олардың
эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы;
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы кағаз - қарыз алушы Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттык-Банкі
болатын қарыз алуға катысы жүгінген ұстаушының құқықтарын куәландыратын
эмиссиялық бағалы кағаз;
Делистинг - бағалы кағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінен
уақытша немесе турақты шығарып тастау;
Қаржы қуралдарын материалсыздандыру - қужатты нысанда шығарылған қаржы
қуралдары куәландыратын құқықтарды растау тәсілін осы құқықтарды орталық
депозитерінің есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен растау арқылы
өзгерту;
Тақырып №1. Құнды қағаздарды құқықтық реттеу арнайы курсына кіріспе.
Дәріс мақсаты: Құнды қағаздардың қазіргі түсінігі, мәні, құнды қағаздардың
спецификалды ерекшеліктері, құнды қағаздармен байланысты құқықтық
қатынастар.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Құнды қағаздардың қазіргі түсінігі, мәні.
2. Құнды қағаздардың спецификалды ерекшеліктері.
3. Құнды қағаздармен байланысты құқықтық қатынастар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Қазақстанның экономикалық жүйесінде нарықтық институттың пайда болуы
құнды қағаздың экономикалық және заңды құрылымы, сондай-ақ заңды режимінің
өзекті тақырыпқа айналуына себеп болды. Осылайша, құнды қағаздардың
құқықтық түсінігі отандық және шетелдік заңгер ғалымдардың еңбектерінде
көрініс тапты. Олар, мысалы: Агаркова М.Л, Шернешевич Г.Ф, Нерсесова Н.О
және т.б. Құнды қағаздардың

нарығы және оның обьектілері қазақстандық заңгерлермен де зерттеліне
бастады және олардың ішінде профессор Басин Ю.Г ерекше орын алады.
Азаматтық құқықтың обьектілерінің бірі құнды қағаздар. АК-ның 129-бабында
оған мынадай анықтама берілген: мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір
жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы, сондай-ақ оның жүзеге асырылуы
тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын құжат. Бұндай анықтама құнды
қағаздың классикалық түсінігі болып табылады. Құнды қағаздарға акциялар,
облигациялар және құнды қағаздың АК-пен және ҚР-ның өзге де заң актілерінде
айқындалған өзге де түрлері жатады. Құнды қағаздардың мынадай түрлері бар:
1) Құжатты және құжатсыз;
2) Эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) Атаулы, ұсынбалы және ордерлік құнды қағаздар болып бөлінеді.
Құнды қағаздардың спецификалды ерекшеліктерін қысқаша былай сипаттауға
болады:
1) Құнды қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
2) Түрі мен мазмұны заң талаптарына қатаң бағынатын құжат;
3) Құнды қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде
ғана құқық іске асырылады.
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап
айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Құнды қағаздар рыногы, шын
мәнінде, мүліктік құқықтар рыногы болып табылады.
Құнды қағаздардың мазмұны заң актілерінде көрсетілген талаптарға сай
келуі тиіс. Яғни, міндетті реквизиттер мен белгіленген нысандарды сақтауы
тиіс. Құнды қағаздардың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық
құжаттарынды көрсетілген. Оларға мыналар жатады:атауы, сериясы, нөмірі,
өтініш жасау мерзімі, субьектілердің құжат бойынша көрсетілген міндеттері,
номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау, құжат бойынша орындалу
орны мен басқа да талаптар, шарттар болып табылады. Құнды қағаздардың
міндетті реквизиттерінің болмауы немесе құнды қағаздың ол үшін белгіленген
нысанғы сай келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.
Ең ақырында, құжаттық құнды қағаздарды ұсынғанда ғана құнды қағаз
куәландырған құқықтарды жүзеге асыратын болады. Алайда, заң құжаттарында
көзделген реттерде құнды қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру
және беру үшін арнайы (жай немесе компьютерленген) тізілімде бекітілген
құнды қағаз шығаруды жүзеге асырушы және онда айтылған міндеттемелер
бойынша, сондай-ақ құнды қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге
асыратын құнды қағаздар рыногына кәсіпқой қатысушылардың жауап беретін
адамы – эмитенттің айғағы жеткілікті.
Құнды қағаздардың тағы бір ерекшелігі – олардың жария анықтығы, ол
міндеттеменің негізгі болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып, құнды
қағазбен куәландырылған міндеттемені орындаудан бас тартуға жол бермейді.
Бұлайша бас тарту заңда көзделген негіздерде ғана, атап айтқанда, жалған
құжат не жалған құнды қағаз жасау кезінде ғана кездесуі мүмкін.
Құнды қағаз куәландырған құқықтарды жүзеге асыру үшін оны ұсыну қажет.
Бұл арада заңсыз иесінің құнды қағаз бойынша міндеттемені орындауды талап
ету құқығы болмайды. Ұсынылатын құнды қағаздар бойынша міндеттеменің
орындалуын талап ететін адам оның заңды иесінің қолдауын пайдаланады.
Ордерлік немесе ұсынбалы құнды қағаздар жоғалатын жағдайда ол заңды
иесінің өтінішімен сот арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда
жоғалған құнды қағаз жарамсыз деп танылады. Құнды қағаздарды шығару және
пайдалану жөніндегі қатынастарды АК (Жалпы бөлім), 2003 ж. 2 шілдедегі
Бағалы қағаздар рыногы туралы заң; Акционерлік қоғамдар туралы заң;
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы жарлық; басқа да заңдар, құнды қағаздар
жөніндегі Ұлттық комиссияның өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа
да заңға сәйкес актілер реттеп отырады.
Құнды қағаздармен байланысты құқықтық қатынастар мүліктік құқықтың пайда
болуында да теориялық қана емес, сондай-ақ практикада азаматтық-құқықтық
қатынастарды іске асыруда үлкен маңызға ие.
Құнды қағаздармен байланысты құқықтық қатынастар классикалық теория
бойынша азаматтық айналымда мәміле арқылы пайда болады. Құнды қағаздардың
мәтінінде мәміленің шарты анық және толық көрсетіледі. Құнды қағаздарды
шығарушы тұлға құнды қағазды иеленуші тұлғаға займ қатынасы бойынша және
мекеменің инвестрленуі жағдайында не басқа да жағдайларда шартқа отырады.
Егер екінші жақ, (құнды қағазды қабылдаушы) құнды қағазды қабылдаса, онда
шарт жасалды деп есептеледі.
Қандай заңды факт құнды қағаздардағы құқықтың пайда болуының алғышарты
бола алады деген сұрақтың 4 теориясы бар:
1) Келісім теориясы, ол бойынша бұл құнды қағаздағы құқықтар осы
келісімді жасаушы тұлғалар арасында пайда болады, яғни шарт құрушы
тұлға және оны қабылдаушы.
2) Эмиссиондық теория, ол бойынша келісім жасау арқылы емес, біржақты
ерікті білдіру арқылы, яғни шартты құрастырушы тұлғаның еркі
көрсетіледі.
3) Креационды теория, ол бойынша құнды қағаздағы құқықтың пайда болуы
біржақты мәміле негізінде жүргізіледі. Егер құнды қағаз жоғалтылса,
онда құнды қағазды құрушы тұлға міндеттерінен босатылады. Құнды
қағаз бұрын тіпті айналымға заңсыз енгізілгеніне қарамастан оны
тауып алушы тұлғада талап қою құқығы болады.
4) Немістік немесе германдық теория бойынша құнды қағаздағы құқықтың
пайда болуының негізі ретінде құнды қағазды құрастырушы мен бірінші
адал иеленуші тұлға арасындағы келісімді растайтындығы болып
табылады.
Бұдан қорытынды , яғни келісім және эмиссионды теория бойынша құнды
қағаздағы құқық тек мәміле жасаушы тұлғалар арасында пайда болады, ол оны
ұсынушыларда (көрсетушілерде) болмайды. Ал керісінше, креационды және
немістік теория бойынша құнды қағаздағы құқықтар құнды қағазды ұсынушыларда
пайда болып, олар талап ету құқығына да ие болады.
Құнды қағаз бойынша құқықтарды өзге тұлғаларға беру:
1. Ұсынбалы құнды қағаздар бойынша, ұсынушыға құнды қағазбен
куәландырылған құқықты басқа тұлғаға беру үшін құнды қағазды сол
тұлғаға тапсыру жеткілікті.
2. Атаулы құнды қағаздар бойынша, атаулы құнды қағазбен
куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңілдету үшін
белгіленген тәртіп бойынша беріледі. Құнды қағаз бойынша құқық
беруші адам АК-тің 347-бабына сәйкес, яғни талап етуді берген
бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында оған берілген
талаптардың жарамсыздығы үшін жауап береді, бірақ бұл талапты
борышқордың орындамағаны үшін бастапқы несие беруші жаңа несие
берушінің алдында борышқор үшін кепіл болуды өзіне алғаннан басқа
жағдайда, сондай-ақ егер АК-те немесе шартта өзгеше көзделмесе,
жауап бермейді деген талапты орындау үшін емес, тиісті талаптың
жарамсыздығы үшін жауапты болады. Атаулы құнды қағаз бойынша
құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал
оның жаңа иесіне басқа құнды қағаз беріледі.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша
құқықтарды растау ерекшелігі ҚР-ның заң актілерімен айқындалады.
4. Ордерлік құнды қағаздар бойынша құқықтар бұл қағазға берілген жазу
– индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік құнды қағаз бойынша құқық
беруші адам (индоссант), жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ҚР-ның
заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы
үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Құнды
қағазда жасалған индоссамент құнды қағазбен куәландырылған барлық
құқықтарды құнды қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға –
(индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент
бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді). Құнды
қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды
индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсыруымен
ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет
жасайды.
Құнды қағаз бойынша міндеттерді орындау: Құнды қағазды берген адам және
оны индоссиялаған барлық адамдар, жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ҚР-ның
заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, оның заңды иесінің
алдында бірге жауап береді. Құнды қағаздардың заңды иесінің сондай қағазбен
куәландырылған міндеттемесін құнды қағаз бойынша міндеттенгендердің
арасынан бір немесе бірнеше адамның орындауы туралы талабын
қанағаттандырған ретте олар құнды қағаз бойынша өздерінен бұрын
міндеттенген өзге адамдарға кері талап қою (регресс) құқығына ие болады.
Міндеттеменің негізі болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып құнды
қағазбен куәландырылған міндеттемені орындаудан бас тартуға жол берілмейді.
Құнды қағаздың жалғандығын немесе жасандылығын байқаған құнды қағаз иесі
өзіне қағазды берген адамға, құнды қағазбен куәландырылған міндеттемені
лайықты орындау туралы және залалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға
құқылы. Заңсыз иеленушінің қолындағы құнды қағаз бойынша құқықтар жүзеге
асырылмауға тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Құнды қағаздардың қазіргі түсінігі, мәні.
2. Құнды қағаздардың спецификалды ерекшеліктері неде?
3. Құнды қағаз бойынша міндеттерді орындау

4. Немістік немесе германдық теория

5. Құнды қағаздармен байланысты құқықтық қатынастар.
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып №2. Құнды қағаздардың құқықтық мәртебесі
Дәріс мақсаты: ел жүйесіндегі құнды қағаздар мен құнды қағаздар нарығының
ролі мен орны, құнды қағаздардың функциялары,құнды қағаздар нарығының
құралдары
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Ел жүйесіндегі құнды қағаздар мен құнды қағаздар нарығының ролі мен
орны
2. Құнды қағаздардың функциялары
3. Құнды қағаздар нарығының құралдары
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Құнды қағаз – мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен
басқа да белгілердің жиынтығы.
Құнды қағаздың өзі құжатты құнды қағазға құқықты растау болып табылады.
Құжатты құнды қағаздар құнды қағаздар рыногының кәсіби қатысушысына
сақтауға берілген жағдайда, оның есебінен жүргізу мақсатында осы кәсіби
қатысушы ашқан шоттан алынған үзінді көшірме оған берілген лицензияға
сәйкес уәкілетінің осы құнды қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып
табылады.
Мемлекет құнды қағаздар рыногының қызмет етуіне мына бағытта ықпал
жасайды.
Заң шығаратын әкімшілік органы ретінде олар мыналарды атқарады:
➢ Акционерлік қоғамдар ережесін құруды реттейді;
➢ Құнды қағаздар шығару ережесі мен түрлерін белгілейді;
➢ Құнды қағаздармен жасалатын операциялардан түскен пайдаларға салық
ставкасын көрсетеді;
➢ Биржалардың жұмысын, құнды қағаздармен іс жүргізудің рұқсат етілген
түрлерін анықтайды.
Құнды қағаздар рыногы мемлекеттік реттеу әсерін мемлекет бюджетінің
тапшылығы өскенде де сезеді. Ол тапшылықты бәсеңднту үшін мемлекет
облигация шығарады. Осымен байланысты ол қарыз пайызы нормасын
төмендетуге ынталы, сөйтіп заемды аз пайызға орналастырады.
Құжатты құнды қағазданбен аталған шоттан берілген үзінді көшірменің
арасында алшақтық болған кезде үзінді көшірмеге басымдық беріледі.
Қазіргі уақытта қаржылық құралдардың ұғымы халықаралық бизнес
тәжірибесінде ғана кең қолданбай, ол сонымен қатар Қазақстанның да ішкі
нарығында үлкен сұранысқа ие.
Қаржылық құралдар мен тауарлық реттеу құжаттары тауарлар нарығы мен
ақша нарығы айналымында болады.
Ережеге сәйкес, құнды қағаздар айналымға нақты құқық иеленушіге қатысты
жіберіледі, сондықтан оларды кейде дербес құнды қағаздар немесе дербес
шығаруға арналған құнды қағаздар деп атайды. Олардың құқықтық реттелуі
тауарлардың айналымы және ақшаны төлеу мен аударудың белгілі бір ережелері
арнайы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Құнды қағаздардың казуалды және абстрактілі болып бөлінуінде заңи мәні
бар. Осы жіктелу қағаз бойынша қарыздар адамның өзінің міндетін атқарудан
бас тартқан жағдайларда мәнін табады.
Құнды қағаздарға кім міндетті, сонымен қатар оған қатысты кім құқылы
екендігі туралы сұрақтар бойынша құнды қағаздар бөлінеді. Себебі, қағаз
бойынша қарыздар адам болып оны айналымға жіберген адам табылады. Және тек
қана ол оның орындалуына міндетті болады. Осыған байланысты құнды қағаздар
айналымға мемлекеттік меншік субъектілерімен қатар жеке меншік субъектілері
де жібере алады. Қазіргі уақытта Қазақстанның заңдары мемлекеттік және
корпоративті құнды қағаздардың шығарылуы мен айналымы туралы сұрақтарды
белгілі бір ережеге бағындырды.
Құнды қағаздарға міндетті субъектілері бойынша жіктеуде ҚР нарығында
Қазақстандық эмитенттермен қатар шет мемлекеттердің, жеке бірлестіктер мен
фирмалардың да құнды қағаздар айналымы қарастырылған. Бұндай мүмкіндік
Қазақстанның заңымен рұқсат етілген.
Тағы бір маңызды жіктелуі негізгі талабы көрсетілген және қосымша
талаптардың тасушысы болып табылатын қағаздарды атаймыз. Мысалы: уақтылы
кірісті пайызын немесе дивиденттерін(акция, облигация) алуға құқық беретін
құнды қағаздар. Құнды қағаздардың басқа да жіктелген түрлері бар, ал
құқықтық маңызға ие түрлері, ол жоғарыда біздің қпрастырғандар.
Бақылау сұрақтары:
1. Ел жүйесіндегі құнды қағаздар мен құнды қағаздар нарығының ролі мен
орны
2. Құнды қағаздардың функциялары
3. Құнды қағаздар нарығының құралдары
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу
әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып №3. Құнды қағаздар бойынша құқықтық қатынастар, құнды қағаздар
бойынша құқықтарды беру
Дәріс мақсаты: құнды қағаздар бойынша құқықтардың пайда болуы, Құнды
қағаздар бойынша құқықтарды жүзеге асыру және беру, құжатсыз құнды қағаздар
бойынша құқықтарды жүзеге асыру және бер, құнды қағаздар бойынша құқықтық
қатынастарда тәуекелдерді реттеу және жақтардың мүдделерін қамтамасыз ету.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Құнды қағаздар бойынша құқықтардың пайда болуы.
2. Құнды қағаздар бойынша құқықтарды жүзеге асыру және беру.
3. Құжатсыз құнды қағаздар бойынша құқықтарды жүзеге асыру және беру.
4. Құнды қағаздар бойынша құқықтық қатынастарда тәуекелдерді реттеу және
жақтардың мүдделерін қамтамасыз ету.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Құнды қағаздар бойынша құқықтардың пайда болуы.
Құнды қағаздармен туындайтын құқықтық қатынастар мүліктік құқықтың
пайда болуында теорияда ғана емес, сондай-ақ практикада азаматтық құқықтық
қатынастарды іске асыруда үлкен маңызға ие.
Құнды қағаздардың классикалық теориясы бойынша азаматтық айналымда
құнды қағаздармен туындайтын құқықтық қатынастар мәміле арқылы пайда
болады. Құнды қағаздың мәтінінде мәміленің шарты анық және толық
көрсетіледі. Көптеген жағдайларда ол келісім ғана болуы мүмкін. Құнды
қағазды шығарушы тұлға құнды қағазды иеленуші тұлғаға займ қатынастары мен
немесе мекеменің инвесторын мақұлдауды ұсынады, егер екінші жақ құнды
қағазды қабылдаса, онда құнды қағаздың мәтінінде көрсетілген келісім немесе
шарт жасалды деп саналады. Сол сәттен бастап құнды қағазды қабылдаушы тұлға
құнды қағаздың иесі болып саналып, құжатта көрсетілген шарттардың орындалу
уақытында ондағы міндеттерді және соған сәйкес келетін эмитенттің
міндеттерінің орындалуын талап ету құқығы пайда болады.
Заң әдебиеттерінде құнды қағаздар бойынша құқықтардың пайда болуының 4
теориясы немесе заңды фактісі көрсетілген:
1) Келісім теориясы, ол бойынша бұл құнды қағаздардағы құқықтар осы
келісімді жасаушы тұлғалар арасында пайда болады, яғни шарт құрушы тұлға
және қабылдаушы тұлға.
2) Эмиссиондық теория, ол бойынша келісім жасау арқылы емес, біржақты
ерікті білдіру арқылы, яғни шартты құрастыру тұлғаның еркі көрсетіледі.
3) Креационды теория, ол бойынша құнды қағаздағы құқықтардың пайда
болуы біржақты мәміле негізінде жүргізіледі. Егер құнды қағаз жоғалтылса,
онда құнды қағазды құрушы тұлға міндеттерінен босатылады. Құнды қағаз бұрын
тіпті айналымға заңсыз енгізілгеніне қарамастан оны тауып алушы тұлғада
талап қою құқығы болады.
4) Немістік немесе германдық теория бойынша құнды қағаздағы құқықтың
пайда болуының негізі ретінде құнды қағазды құрастырушы мен бірінші адал
иеленуші тұлға арасындағы келісімді растайтындығын білдіреді.
Бұдан қорытынды, яғни келісім және эмиссионды теория бойынша құнды
қағаздағы құқық тек мәміле жасаушы тұлғалар арасында пайда болады, оны
ұсынушыларда (көрсетушілерде) болмайды. Ал керісінше, креационды немесе
немістік теория бойынша құнды қағаздағы құқықтар құнды қағазды ұсынушыларда
пайда болып, олар тіпті талап ету құқығына да ие болады.
Құнды қағаз бойынша құқықтардың өзгеге өтуі немесе берілуі және сондай-
ақ олар бойынша келтірілген зиянды өтеу туралы міндеттемелер құнды қағазбен
рәсімделеді. Құнды қағаздың шығарылуы үшін міндетті түрде келісім болуы
қажет, ал келтірілген зиянды өтеу бойынша займ қатынастарын дәлелдейтін екі
жақтың келісімі қажет.
Эмитент пен құнды қағазды ұстаушы тұлғалар, займ қатынастарынан
туындайтын борышкер мен кредитор арасында туындайтын құқықтық қатынастардың
пайда болуы мен жүзеге асуы эмиссиялық қарыз құнды қағазында көрсетілген.
Эмитент құнды қағазды шығара отырып құқықтық қатынастың пайда болуына
өз еркін білдіреді, ал екінші жақ оны қабылдайды да, ол бойынша сәйкес
міндеттемелер туындайды. Заңнама бойынша құнды қағаздағы құқықтардың пайда
болуының 2 аспектісі бар: 1) Қай уақыттан бастап құқық пайда болды.
2) Егер эмиссия тіркеліп, ал инвестор ақшасын төлеп құнды қағазды
иеленсе, оның құқығына қол сұғылмайды, яғни абсолютті сипатта болады. Ал
егер де эмиссия тіркелгеннен кейін инвестор ақша төлемесе уәкілетті
органдар қажетті шара қолданады. Мемлекет бұл жағдайда инвестордың мүліктік
жағдайына қол сұғатын мүліктік жауапкершілікке тартады. Қазақстан “ Нарық
туралы” заңның 7-бабына сәйкес эмиссиялық құнды қағаздың мынадай формаларын
шығарады:
Құжаттық, құнды қағазды иеленушінің құқығын дәлелдейтін, сондай-ақ
бланкідегі тұрақты формада және жалған болудан қорғайтын қатаң белгіленген
мазмұндағы құжатпен куәландыратын және бұл құжатты иелену барысында
міндетті түрде құнды қағазды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес тіркеуден өтуді
қажет ететін құнды қағаз.
Құжатсыз құнды қағаз бойынша облигация иеленушілерінің құқығы тек
арнайы реестрде тіркелуіменен пайда болады. Облигация шығару кезінде
айналыс мерзімі алдын ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес
облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелдерді басқару
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні мен негізгі түсініктері
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Бағалы қағаздар нарығы, сату
Валюталық биржа
Пәндер