Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясат


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Беттер

КІРІСПЕ . . . 3

І. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ МУНИЦИПАЛДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеттері . . . 5

1. 2 Әлеуметтік саясат жүргізудің әлемдік тәжірибесі . . . 11

ІІ. МУНИЦИПАЛДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ (ШҚО МЫСАЛЫНДА) . . . 16

ІІІ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ МУНИЦИПАЛДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 28

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі, Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т. б. ) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады.

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуына байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқынды өсуі, ЖІӨ-нің еселеп жоғарылауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік қағидаларының әлеуметтік өтеу қағидасымен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады. Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.

Мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелердің талдауы көрсеткендей территориясы үлкен және өмір сүру мен шаруашылық жүргізу жағдайлары әр текті елдер мен территориясы кішкентай және айқын территориялық айырмашылықтары жоқ елдердегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерге мемлекеттік араласудың құралдары мен әдістерінің ұзақ түрдегі эволюциялық үрдісі қазіргі кезде жергілікті жерлердегі муниципалдық әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудағы аймақтық тәсілдің басым рөлді алуына алып келіп отыр.

Сондықтан да бұл курстық жұмыста өзекті мәселе қарастырылып отыр. Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде ШҚО-ның әлеуметтік іс-шаралар жүйесі алынған.

Курстық жұмыстың мақсаты: жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашып, қазіргі жағдайына талдау жасап, ары қарай дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну.

Міндеті:

  1. Әлеуметтік саясат мәнін, негізгі бағыттарын қарастыру;
  2. Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясаттың дамуына талдау жүргізіп, ахуалын қарастыру;
  3. Әлеуметтік саясатқа қатысты дамыту жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі үш тараудан құралған: бірінші тарауында жергілікт жердегі муниципалдық әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері қарастырылады; екінші тарауында ШҚО-ның әлеуметтік саясатын жүзеге асыру барысына талдау жасалынады; үшінші тарауында жергілікті жердегі әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жолдары ұсынылады.

І. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ МУНИЦИПАЛДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар

«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.

Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты - ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі [1] . Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.

Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет - …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [2] . Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұратын мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.

Т. Гоббс, И. Кант, Ф. Гегель және т. б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады. В. фон Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» еңбегінде мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті [3] . Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.

И. Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінде кеңінен талдап өтеді [4] .

О. Хеффе бойынша, «егер адамзат тұрмысы легитимди сипатта болса, онда ол біріншіден, құқықтық сипатта, екіншіден, құқық әділеттілік сапасында болуы керек, ал үшіншіден, әділетті құқық әділетті мемлекет сипатындағы қоғамдық тәртіппен қозғалуы тиіс» [5] .

Т. И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада - бұл түрлі себептермен өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т. И. Заславская негіздеуінше, әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уаұыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар [6] .

«Әлеуметтік саясат» ұғымына Р. Барнер мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік саясат - индивидтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға араласатын, реттейтін және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі мен принципі» [7] .

«Әлеуметтік» ұғымы бізідің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды зерттеумен айналысқан неміс ғалымдары еді.

Әлеуметтік саясат - бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен, сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік професионалды топтарды, әлеуметтік бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы. Әлеуметтік саясаттың басты нысаны - халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.

Әлеуметтік жағдай - бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі. Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйенің өте маңызды факторларының әсері ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын қоғамдық жағдайлардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

  • Қоғамдық құрылыс. Мұнда қоғамдық рольдердің негізгі үлестірімі бірінші кезекте қанаушылар мен қаналушыларға бөлу, үстемдік ету мен бағыну бекітілген.
  • Қоғамдағы билік. Әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрушы әдіс ретінде. Тікелей диктатурадан әлеуметтік серіктестікке дейін өзгеретін биліктегі үстемдік етуші топтың басымдылық немесе үстемдік үлгісі өте маңызды.

Сызба 1 - Әлеуметтік жағдайдың негізгі қалыптастырушылары

Ескерту: Автормен құрастырылған

  • Шаруашылықтағы билік (меншік) . Меншік - бұл әкімшіл-шаруашылық қатынастар, яғни шаруашылықта маңызды шешімді қабылдаушылар мен оларды орындаушыларға бөлу. Мүлікті бөлу билеуші мен бағынушылардың арасында көрініс табады. Меншіктің негізгі анықтаушылары болып мүлік емес, әкімшілік-шаруашылық қатынастар табылады.
  • Экономикалық жағдай - тіршілік пен дамуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің әлеуметтік жағдайларының қалыпты эволюциясын суреттеуге қажетті жағдайлардың жиынтығы. Мұнда тек қана кірістер емес, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, коммуналды - тұрмыстық қызметтермен, үймен қамтамасыз ету, жабдықтау жағдайлары кіреді.
  • Экологиялық қауіпсіздік - өндірістік сферадағы, тұрғылықты жерлердегі, табиғи ортадағы экологиялық қауіпсіздік деңгейлері.
  • Әлеуметтік қауіп-қатерден қорғану (әлеуметтік қорғаныс) - қоғамдағы жағдайды сақтау мен жақсарту талаптарын қозғау кезіндегі субьектілерге сүйемел болатын әлеуметтік тәртіп.

Әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашу үшін кейбір маңызды аспектілердегі өзара әрекеттерін суреттеу қажет. Ол аспектілер мыналар:

  • әлеуметтік саясатқа нақты қатысатындар, яғни оның шеңберінде нақты әрекет етушілер мен әлеуметтік пассив субьектілерді анықтау;
  • ең беделді адамдар (класстардың, әлеуметтік топтардың) ;
  • субьектілердің әлеуметтік жағдайларын шешу жолдары;
  • субьектілердің қазіргі таңдағы ең маңызды әлеуметтік проблемалары (мәселері) ;
  • әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің орны;
  • әлеуметтік саясаттың беделді субьектілердің мақсаттары, стратегиялары және бағдарламалық приоритеттері;
  • әлеуметтік күштердің нақты тарихи арақатынасы;
  • әлеуметтік дамудың қалыптасқан тұрақты тенденциясы және бағыттары;
  • қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың деңгейі, оның тұрақтылығы мен тұрақсыздығының маңызды факторлары (бұл әлеуметтік қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері) .

Әлеуметтік саясаттың пәні - ғылымның құрамдас бөлігі, заңдылықтар, қоғамның мазмұнды қарым-қатынасы, сонымен қатар қоғамдық тәжірбиенің процестері мен факторлары. Мұнда әлеуметтік топтар жағдайына байланысты қатынасқа түседі. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік коллективтер көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.

Кейбір зерттеушілердің ойынша обьект - бұл бағынушы, пассивті, екінші деңгейлі басқарылушы құрылым. Оның өзінің белсенділігі мен инициативасы болмайды. Бұл көп жағдайда олай емес, өйткені ол қоғамның өмірімен байланысты.

Бұл контексте әлеуметтік саясаттың обьектілері қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік еңбек саласында кездеседі. Оның негізгі көрсеткіштеріне:

  • көпшіліктің білім алуы;
  • денсаулығы;
  • жағдайы;
  • әлеуметтік топтардың қарым - қатынасының конструктивтілігі және әлеуметтік тұрақтылық жатады.

Әлеуметтік саясаттың субьектілері - бұл дербес әрекет ететін әлеуметтік топтар, олардың органдары, ұйымдары, институттары, құрылымы. Бұл әлеуметтік топтардан басқа әлеуметтік саясаттың субьектілеріне осы әлеуметтік топттың мүдделеріне ұйымдық құрылымдар жатады. Яғни, субьектілер екіге бөлінеді. «Бастапқы» субьектілер - әлеуметтік топтардың өздері. Ал «қосымша» - бұл олардың мүдделерін көрсететін ұйымдық құрылымдар.

Сызба 2 - Әлеуметтік саясат субъектілері

Ескерту: Автормен құрастырылған

Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік ұйымдар мен ведомствалар;
  • жергілікті басқару органдары;
  • бюджеттік емес қорлар;
  • қоғамдық, діни ұйымдар;
  • мемлекеттік емес құрылымдар;
  • коммерциялық құрылым және бизнес;
  • әлеуметтік саясатпен айналысатын және оны жүзеге асыратын профессионалды қызметкерлер;
  • азаматтар (мысалы, азаматтық инициативаларға қатысу арқылы, басқада көмекке қатысу және т. б. ) [8] .

Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі - осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет, ал біздің жағдайымызда - жергілікті билік органдары болып табылады.

Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясат - бұл жергілікті билік органдарының әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық-насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі.

ХХ ғасырдың 30 жылдарында, мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға арласу қажеттігін дәлелдейді.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының бірі[9] .

Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясаттың мәні - әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдау, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, өмірлік деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру.

Осыған байланысты, қоғамдық өндірістің шарттарын реттеу мақсатында мемлекет пен жүргізілетін іс-шараның құрамды бөлігі ретінде жүзеге асатын жергілікті жерлердің әлеуметтік саясаты тұтасымен елдегі жалпы экономикалық ахуалмен тығыз байланысты. Жергілікті жерлердегі муниципалдық әлеуметтік саясатты айта отырып, біз қоғамның әртүрлі мүшелері мен топтарының кірістерін үлестіруге және қайта үлестіруге бағытталған іс-әрекетін түсінеміз. Осылай әлеуметтік саясатты тар мағынада түсіндіруге болады.

Ал кең мағынада әлеуметтік саясат бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық реттеу бағыттарының бірі.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің дифференциасын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені. Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі принциптер:

  • бағаның көтерілуі кезінде орнына төлеудің әртүрлі формаларын кіргізу және индексация жүргізу жолдарымен өмір деңгейін қорғау;
  • ең кедей отбасыларын көмекпен қамтамасыз ету;
  • жұмыссыздық жағдайында көмек беру;
  • әлеуметтік сақтандыру саясатымен қамтамасыз ету, ең төменгі жалақыны белгілеу;
  • білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды мемлекет есебінен дамыту;
  • мамандануды қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат жүргізу.

Әлеуметтік саясатты жасау кезінде мемлекет алдында әлеуметтік алымдар туралы немесе әлеуметтік міндеттер туралы сұрақ тұрады, ол дамудың нақты кезеңінде ең қажетті және бірінші кезекті шешімді талап етуші сапасында қоғаммен қабылданады. Бұл таңдау әлеуметтік сферадағы азаматтық құқығына, әлеуметтік қажеттіліктер мен талаптар үшін күресудегі мемлекеттік саясаттың әртүрлі қағидалары арасындағы ұрыс-қысымында және алаңында өтеді.

  1. Әлеуметтік саясат жүргізудің әлемдік тәжірибесі

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған қызметті қамтыған мемлекеттің бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Классикалық үлгіде әлеуметтік қамсыздандыруға әлеуметтік сақтандыру мен қоғам мүшелерінің әлжуаз топтарына қолдау, көмек көрсетуге деген әлеуметтік жауапкершілігі арқылы көрініс тауып жүр. Әлеуметтік қызметтер жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру, кәсіби даярлау, еңбекпен қамтамасыз ету және т. б. мемлекет қамтамасыз ететін қызмет түрлері жатады. Әлемдік тәжірбиеде бұдан да басқа халықты әлеуметік қорғаудың қалыптасқан үлгілері көп. Әлеуметтік саясат жүргізу үлгілерін әртүрлі классификациялайды. Олардың көпшілігі әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және жекелей азаматтардың қатысу деңгейі мен алатын роліне байланысты принциптерге негізделген. Геосаяси аспектіде қарастыратын болсақ, скандинавиялық, континенталды және американ-британдық әлеуметтік саясат үлгілерін көрсетуге болады [10] .

Халықты әлеуметтік қорғаудың скандинавиялық үлгісі. Әлеуметтік саясат жүргізудің бұл типінде әлеуметтік қажеттіліктерге деген қаражаттың көп бөлігін мемлекет өз мойнына алып, оны әлеуметтік қамсыздандыруға бөлу мен таратуды көзі тікелей бюджет болып саналады. Мемлекет өзінің азаматтарының әл-ауқатын, жағдайын жасап, негізгі әлеуметтік қызметтерді де көрсетуге жауапты болады. Скандинавиялық үлгі Швеция, Финдляндия, Дания, Норвегия сынды мемлекеттердің саясатында кең көрініс табады. Осы елдердің ішінде Швецияның әлеуметтік саясат жүргізу үлгісі әлемдік тәжірбиеде ерекше орны бар. «Швециялық үлгі» 60 жылдардың соңында Швеция дамыған әлеуметтік, экономикалық қатынастар орнаған ел ретінде статус алғаннан кейін пайда болды. Дәл осы Швецияда «толыққанды жұмысбастылық саясат», пен жалақы төлеудің мәртебелі жүйесі» ұғымдары шыққан болатын. Елдің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты толыққанды жұмысбастылық пен табысты теңестіру саясаты болатын. Елдің бұл мақсаты табысты теңестіріп қайта бөлу мен арнайы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес институттар жүзеге асыратын салық және трансференттік саясат арқылы іске асады. Швециялық үлгінің универсалдылығы жалпыға арналғаны және бәріне бірдей қолжетімділігінен көрінеді. Әлеуметтік қамсыздандыру жоғарғы деңгейде және жұмыссыздық бойынша, балаларға арналған т. б. мемлекеттік жәрдемақы түрлері бар. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жұмыстан айрылып қалған жағдайда азаматтардың қалыпты күн кешуіне арналған. Ал балалар ата-анасының табысына қарамай 18 жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы алып отырады. Әлеуметтік қызметтердің ішіндегі білім беру саласы халықтың бар бөлігінің сауаттылығын қамтамасыз етуде. Орта және жоғары білім ақысыз болып табылады және көптеген қайта даярлау оқыту орталықтары мен білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Квалификациялы мамандарды дайындау мен қайта даярлау жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, мемлекеттің халықтың толыққанды жұмысбастылығына бағытталған әлеуметтік саясатын көрсетеді. Швеция заңнамасында оқу демалысына қаржы төленеді делінген, жалпы Швеция білімге ЖІӨ-нің көп мөлшерін жұмсайды. Сонымен Швецияның әлеуметтік саясаты әлеуметтік солидароность пен әлеуметтік әділеттілікке негізделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Муниципалды құрылымдар әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі, мақсаты, ұйымдастырылуы
Муниципалды құрылым
Жергілікті билік түрлері
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары: құрлымы, мәртебесі, мақсаты және міндеттері
Мемлекет қоғамнын саяси жүйесінің негізгі элементі
МУНИЦИПАЛДЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары: жағдайы және даму басымдылықтары
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелері және бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz