Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері


Жоспар
- Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері
- Қозғалыс ойындарының әдістемелік ерекшеліктері
Пайдаланылған әдебиеттер
Қозғалыс ойындарының формасы мен әдістемелік ерекшеліктері
Қозғалыс ойындары қатысушылардан арнайы дайындықтарды талап етпейді. Ойынның шарттары ойын өткізілетін алаңның жағдайына сәйкестендіріліп, оқушыларға және ұстаздарына қатысты жүргізіледі. Оларда дәл құрылған ойыншылардың саны, ауданның дәл өлшемі және де инвентарь орнатылады: волейбол және баскетбол доптары, скакалкалар, гимнастикалық орындықтар мен таяқшалар, түрлі жалаулар және т. б.
Физикалық сапа тәрбиесінде қозғалыс ойындарының мәні ерекше: жылдамдықта, ептілікте, күште, шыдамдылықта, иілгіштікте. Негізі, қозғалыс ойындарында физикалық сапа кешенді дамиды. Қозғалыс ойындарының көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты қажет етеді (жылдам қашу, қуып жету, дыбысты және көрермен сигналдарын сезіну) .
Ойындағы жиі өзгеретін ереже, қатысушылардан бір әрекеттен екінші әрекетке жылдам ауысуды талап етеді, ептілікті шыңдауғы тәрбиелейді. Жылдамдылық-күштілік бағытындағы ойындар күшті жетілдіреді. Жиі қайталанатын күйзеліс қозғалысындағы, үздіксіз қозғалғыш әрекетіндегі, энергия мен күшті көп жұмсауға байланысты ойындар, шыдамдылықты шыңдайды. Қозғалыс бағытында жиі өзгеретін ойындар, иілгіштікті тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Әрбір қозғалыс ойындары өзінің мазмұнына, формасына (құрылымы) және әдістемелік ерекшеліктерге ие болады.
Қозғалыс ойындарының мазмұны мыналардан тұрады: сюжеті (бейнелі және шартты байламдар, ойынның жоспары), ереже және қозғалыс қызметтері, ойынға енудегі басты мақсат.
Қозғалыс ойындарының формасы - қатысушылардың әрекеттер ұйымы, көзделген мақсатқа жетуге арналған кең көлемдегі әдістерді қолдана алу мүмкіншілігі. Кейбір ойындарда қатысушылар жекелей немесе топпен қызмет атқарады, ал басқа ойындарда - ұжыммен, өзінің ұжымының және тобының қызығушылығымен әрекет етеді. Сонымен қатар ойынға қатысушылардың түрлі құрамы бойынша ойындар (шашыраңқы, айнала тұру, сапқа тұру) .
Ойынның формасы оның мазмұны мен шарттылығына байланысты.
әдістемелік ерекшеліктері
оның мазмұны мен формасына байланысты. Қозғалыс ойындарының әдістемелік ерекшеліктеріне мыналар тән:
а) бейнелілік;
б) ережемен шектелген мақсаттарға жету үшін іс әрекеттердің өзіндік мақсаты;
в) ережемен сәйкестендірілген әрекеттегі шығармашылық ынта;
г) ойынның сюжетіне байланысты арнайы рөлдердің іске асуы, бұл ойынға қатысушылардың ұйымның өзара қатынастарын қалыптастырады;
д) ойындағы құбылыстың аяқастылығы, өзгергіштігі, қатысушылардан реакция жылдамдылығын, ынтасын талап етеді;
е) жарысу ойындарының белгілері, күштің толық қалпын талап етеді және ойындағы сезімдік күштерін жоғарылатады;
ж) ойындағы «текетірестерді» шешудегі қарсы жақтың пікірлерімен түйісуі жоғары эмоционалды тонусты қалыптастырады.
Қозғалыс ойындары физикалық мәдениет құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ әдістемесі де болып табылады. Тәрбиелеудегі ойын әдісінің түсінігі, ойынның әдістемелік ерекшеліктеріне көрініс береді, яғни, оны басқа тәрбие әдістерінен әдістемелік қатынасынан ерекшелейді (жарыстың белгілері, сюжеттілігі, көркемділігі, мақсатқа жетудің түрлі әдістері, әрекеттің өзіндік қатынасы) . Ойын әдісі күрделі нұсқаланған шарттардағы қозғалыстың кешенді жетілуі басты назарда қолданылады.
Физикалық мәдениет және ойын әдісінің құралы ретіндегі қозғалыс ойындары физикалық сапаның тәрбиеленуіне және жетілуіне септігін тигізеді. Бұдан басқа, қозғалыс ойындарында гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы және басқа да спорт сабақтарында қалыптасқан шынайы әрекеттері және жекеленген дағдысы мен қабілеттілігі жетіледі және бекітіледі.
Қимыл-қозғалыс ойындары - жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.
Ойын ежелден келе жатқан адам өмірінің манызды бөлігі екені сөзсіз. «Бала ойынмен өседі» - демекші, қимыл-қозғалыс ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол - сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Сондай ақ тез арада ойлау қабілеттерін дамытады.
Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентің талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі дене шынықтыру сабақтарына және тәрбие жұмыстарына пайдалануға қолайлы.
Қимыл-қозғалыс ойындары бірнеше түрге бөлінеді: ұлдарға және қыздарға арналған ойындар, топтық ойындар, командалық ойындар, эстафеталық ойындар, жекпе-жек ойындары және қысқы ойындар.
Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысты күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады.
Қыс кезінде ауа-райы ауыспалы келеді. Жылы кезде қар жабысқақ болады. Осы күндері балалар қардан қалашық, қорған, аққала жасайды. Ал егер қарды мұз басып қалса, онда шанамен және конькимен көптеген ойын түрлерін өткізуге болады. Қысқы ойындары желсіз күні, ауа-райының көрсеткіші минус 10 градусқа дейін мөлшерді көрсеткен кезде жүргізілу қажет. Ойыншылардың киімдері жылы әрі қозғалуға ынғайлы болуы керек.
Бірнеше қысқы ойын түрлерін келтіргім келіп тұр.
«Кім жылдам»
Қатысушылар 3-5 ойыншыдан тұратың топқа бөлінеді. Әр топқа аққала жасау тапсырмасы беріледі. Қай топ аққаланы үлкен және тез арада жасаса, сол топ жеңіске жетеді.
Содан 2-ші кезенінде 6-8 метр жерден қарсылысының аққаласына қар лақтырып құлату керек. Бұл ойынды кіші сыныптарға ойнатқан жөн болады.
«Жанды нысана»
Екі қарсылас команда бір-біріне қорама-қарсы орналасып тұрады. Әр ойыншы радиусы 0, 5 метр шеңбер сызып, сол шеңбердің ішінде тұрады. Жүргізуші «Бірінші, баста!» деп белгі береді. Команданың бірінші ойыншысы қарама-қарсы тұрған ойыншыға қар лақтырады. Қарама-қарсы тұрған ойыншыға отыра қалуға, секіруге болады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Содан жүргізуші «Бірінші, жауап қайтар!» деп белгі береді. Сол кезде екінші команданың бірінші ойыншысы, қарама-қарсы тұрған ойыншыға қар лақтырады.
Команданың барлық ойыншылары лақтырып болған кезде, жүргізуші дәл тигізген саның шығарып жеңімпаздарды анықтайды.
«Қоңырауды қуып жет»
Ойыншылардың барлығында коньки болу керек. Ойыншылардың ішінен бір ойыншыға қоңырау ұсынылады. Төрт ойыншы қуғыншылар болып шығады. Жүргізуші белгі береді. Қоңырау ұстаған ойыншы қуғыншылардан қашады, ал қуғыншылар қолұстасып қоршап улу керек.
Қоңырау ұстаған ойыншыға қауіпті жағдайда, қоңырауды басқа бір ойыншыға беруге болады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Ойыншылар шаршаған кезде басқа ойыншылармен алмасуға болады.
«Жүгіріп өту»
Бұл ойынды көлемі 30х40 метр қарлы алаңда өткізеді. Алаңның шектерін қардан жал үйіп белгілеп қояды.
Ойыншылар тең екі командаға бөлінеді, біреуі жүгіріп өтушілер; екіншілері - атқыштар командасы делінеді.
Атқыштар алаңның екі жағына орналасады, ал жүгіріп өтушілер алаңның сыртына орналасады.
Жүргізуші белгі береді. Жүгіріп өтушілер бір-бірден алаңның ортасымен жүгіріп өтіп екінші жаққа жету керек. Ал, атқыштар екі жақтан қармен атқылап тигізу керек. Егер жүгірушілерге қар кесегі тисе, онда ол «оққа ұшып», ойыннан шығады. Ойын аяқталғанда орындары алмасады: жүгіріп өтушілер «атқыштар» болады да, ал атушылар жүгіріп өткіштер болады.
Бұл ойынды шанамен де ойнауға болады. Жүгіріп өтушілердің бір ойыншысы шанаға отырады, екіншісі тасымалдайды. Егер қар кесегі тасымалдаушыға тисе 1 ұпай, шанадағы ойыншыға тисе 2 ұпай беріледі.
«Шайбамен эстафета»
Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Ойыншылардың барлығында коньки болу керек Командалар сөреге орналасып тұрады. Әр командаға қарма-қарсы жерде жалаушалар орнатылады, бұл мәре. Жалаушаға дейін бірнеше фишка немесе кегли қойылады.
Жүргізуші белгі береді. Әр команданың бірінші ойыншылары фишканының (кеглидін) арасымен, шайбаны клюшкамен алып жүріп, жалаушаны айналып, қайта сөреге келіп эстафетаны келесі ойыншыларға тапсырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz