Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы


Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы.
Егер құқық, салаларының С. С. Алексеев ұсынған топтамасын ұстанатын болсақ, құқықтың іс жүргізу салалары біртұтас топ құрайды да, оған қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы кіреді .
Іс жүргізу салалары, материалдық құқықтың өмір нормасы бола отырып, функциялық бағытымен, нақты алғанда: материалдық құқық нормаларын қолданудың нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттелуімен біріктірілген. Ал қоғамдық қатынастарды процедуралық жолмен реттеу - сот төрелігін іске асыру түрі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция мен заңдарда баянды етілген барлық құқықтар мен бостандықтардың сотта қорғалуына кепілдік береді, сондай-ақ сотта іс жүргізудің айырмашылықтар дербес түрін белгілейді. " Сотта іс жүргізу түрі" деген сез тіркесінің өзі салалық (азаматтық немесе қылмыстық) қатыстылыққа қарамастан құқық нұсқауларының процедуралық сипатта болатынын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-бабыңда (4-тармақ) аталған конституциялық ереже сөзбе-сөз келтірілген: "Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады". Содан соң, 40-бапта (1-бап, 1-тармақ) судьяның тәуелсіздігі "заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен" қамтамасыз етілетіні атап көрсетілген.
Құқықтың дербес салалары болып табылатын олардың екеуін де сот төрелігін іске асырудың әдістері мен тәсілдері туралы нұсқаулар бар. Іс жүргізу құқығының энциклопедиялық анықтамасында сот процесінің екі негізгі нысаны бар, ал сот процесі - кең мағынада алғанда қылмыстық және азаматтық істерді жүргізу тәртібі.
Қылмыстық және азаматтық процестің бұл тұтастығы сот төрелігі мен сот негіздерінің бірлігінен байқалады, оны М. С. Строгович атап көрсеткен болатын: "Сот. заңды бұзушыларды заңға бағынуға мәжбүрлейді - азаматтық процесте қылмыстық процестегіден кем емес дәрежеде. Азаматтық процесте, қылмыстық процестегідей, сот ақиқатты іздеп, анықтайды, екі процесте де оған қатысушыларға өз мүдделерін қорғау үшін іс жүргізу құқықтары беріліп, сол құқықтар іс жүргізу кепілдіктерімен қорғалады".
Қылмыстық және азаматтық процесс негізіне сотта іс жүргізудің бір принциптері алынған. Ол принциптер тұрақты, процестің екі түрі үшін олардың маңызының бірдей екені конституциялық деңгейде жария етілген: "Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады" (77-бап) .
Қылмыстық іс жүргізу құқығы және конституциялық құқық.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен конституциялық құқықтың біртұтастығын көрсететін негізгі белгілердің бірі- қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің Қазақстан Конституциясында ( 77-бап) және конституциялық заңдарда орнықтырылуы.
Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы; заң негізінде және заңға сәйкес болмаса, қылмыстық қудалауға тыйым салу; азаптауға, зорлық- зомбылық жасауға, қатыгездік немесе қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға тыйым салу; айыпталушының кінәлі екені жөніндегі кез келген күмәнді оның пайдасына жарату; дәлелдерді тек заңды жолмен алу; судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы және басқалары басты ережелер бола отырып, қарым-қатынас субьектілері қызметінің негізгі ережелері мен бағыттарын белгілейді. Конституция мен конституциялық заңдар мемлекеттің бүкіл құқық құрылымы өздеріне негізделген принциптер жүйесін белгілей отырып, сонымен бірге қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің сақталуына кепілдік береді, оның өзі осы екі саланы біртұтас құқық негізінде жақындастырып қана қоймай, сонымен қатар жалпы заңдардың, атап айтқанда конституциялық құқықтың артықшылықтары мен кемшіліктері барынша айқын байқалатын құқық қатынастарының ерекше саласы ретінде құқықтық сот ісін жүргізудің мәнділігін арттырады.
Қаралып отырған құқық салаларының ортақтығын дәлелдейтін келесі белгі- Конституция мен конституциялық заңдарда арнайы процедуралық сипаттағы ережелердің берілуі. Мәселен, Конституцияның 52-бабының 4-тармағында былай делінген : «Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды».
Адамның білікті заң көмегін алуға және қорғалуына құқығы (Конституцияның 13-бабы) конституциялық деңгейде танылған. Алайда, Конституция бұл құқықты баянды етіп қана қоймайы, сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу сипатындағы мынадай ұйғарым да белгілейді: «Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден адвокаттың (қорғаушының ) көмегін пайдалануға құқылы»(16-бап) .
Осы және өзге де мысалдар конституциялық құқық пен қылмыстық іс жүргізу құқығы тақырыптарының белгілі бір ортақтығы туралы айғақтайды.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сот құрылысы
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сот құрылысы туралы ғылыми пәннің байланысы сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі ережелерімен айқындалған. Сөйте тұра сот органдарының істерді апелляциялық, шағым арыз не қадағалау тәртібімен немесе жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша қарауға уәкілеттік алған (аудандық, қалалық, облыстық сот, Жоғарғы Сот, соттардың іс жүргізу өкілеттіктерін бөлу) сот органдарының құрылысы мен жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Яғни соттардың ұйымдастырылуы ұсынған сыртқы тарап қылмыстық істерді мәніне қарай қарау және шешу жиынтығы ұсынған ішкі тарапқа сәйкес келеді.
Айталық, мысалы, Республиканың Әскери сотының төралқасына "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығының (19-баптың 1-тармағы, 27-баптың 4-тармағы) шегінде жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша істерді қарау жөніндегі өкілеттіктердің берілуі жаңадан анықталған жағдаяттар бойынша іс жүргізуді қайта қозғау жөніндегі өкілеттіктерге, сондай-ақ осындай істер бойынша іс жүргізу рәсімін белгілейтін нормаларға (ҚІЖК-нің 291-бабының 5-бөлігі, 471-479-баптары) ие сот органдарын айқындайтын ҚІЖК-нің ережелерімен үндеседі.
Сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын бірқатар принципті ережелер сотта іс жүргізу үшін де, сот құрылысы үшін де ортақ болып табылады. Мәселен, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың заңға ғана бағынуы, сотта іс жүргізудің жариялылығы, ұлттық тіл, айыпкердің қорғау құқығының қамтамасыз етілуі принципі тең дәрежеде іс жүргізу құқығына да, сот құрылысына да қатысты.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен сот құрылысының өзіндік осы ортақтығын атап көрсете келіп, Б. А. Галкин бұл жерде іс бір заңның принципті ережелерін екінші заңда құр қайталауға сәйкес келмейді деп санады. Мұнымен заң шығарушы сот құрылысы саласында осы принципті бастаулардың жүзеге асырылуы ұйымдастыру-практикалық шаралармен жүзеге асырылса, сонымен бір мезгілде бұл бастаулар қылмыстық іс жүргізуде ерекше іс жүргізу құралдарымен іске асырылатынын атап керсетуге ұмтылады 1 .
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен соттар және судьялардың мәртебесі туралы Жарлықта баянды етілген мақсаттар мен. міндеттердің ортақтығы оларға түрлі құралдармен қол жеткенін көрсетеді. Әрі іс жүргізу мен ұйымдастыру құралдары бір-бірімен үйлесімде тұрады, бір-біріне барабар. Құрылымдық жағынан төменгі буын бола отырып, аудандық сот тиісті сотта іс жүргізу өкілеттіктеріне ие болады. Аудандық соттың құрылымдағы орны соттар және судьялардың мәртебесі туралы Жарлықпен, сотта іс жүргізу өкілеттіктері істердің шешілуі бойынша қылмыстық іс жүргізу заңымен айқындалады.
ҚЫЛМЫСТЫҚ 1С ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ 1С ЖҮРГІЗУ ЗАҢЫ
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңы арасындағы арақатынасты түсіну жалпы құкық пен заң арақатынасын түсінумен байланысты.
Егер құқық мемлекет күшімен қорғалатын жалпыға міндетті әлеуметтік нормалар жүйесі болса, заң осы "мемлекет күшінің" аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда заң, бір жағынан, нормативтік-құқықтық актілердің түгелдей бәрі деп түсінілсе, екінші жағынан ол мемлекеттік өкіметтің ең жоғары өкілетті органы қабылдаған нормативтік акті. Заңдар мемлекеттің құқық жүйесінің негізін қалайды 1 .
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңы бір нәрсе емес. Заң құқықтың құрамдас бөлігі.
Құқық пен заңның ажыратылуын жақтаушылар В. С. Нерсесянц, В. Д. Зорькин, Д. А. Керимов, Л. С. Мамут, В. А. Туманов, Р. 3. Лившиц құқық пен заң өзара байланысты, бірақ бір мағыналы емес құбылыстар екенін дәлелдеді. Атап айтқанда, Р. 3. Лившиц былай деп атап көрсетті: "Мән қолда бар заң, тиісті нәрсе заңның қандай болуға тиіс екені. Тиісті нәрсені іздеу теория тұрғысынан алғанда құқық мәнін іздеу болып табылады.
Құқықты адамзат қоғамының бүкіл тарихы қалыптастырады, ал заң қоғамдық дамудың нақты кезеңіндегі қоғамдық қатынастардың жайын норма түрінде бейнелейді. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу құқығын тектік ұғымына, яғни бірқатар құрамдас беліктерден тұратын неғұрлым кең ауқымды ұғымға, ал қылмыстық іс жүргізу заңын көріністі, яғни қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылатын ұғымға жатқызу қажет.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының бір мағыналы еместігін мынадай факторлар аңғартады.
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы өз дамуында қылмыстық іс жүргізу заңынан озық келеді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы нормалар жиынтығымен қатар реттелетін қызметтің және ол қызмет нәтижесінде туындайтын құқық қатынастарының негізгі бағыты, идеялық өзегі деп түсінілетін тұжырымды қамтиды. Бұл идея жалпы заң рухын белгілей отырып, нақты норма шеңберіңдегі іске асыру процедурасында нақты көрінісін таба алмауы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz