Ясауи фәлсафасы
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Ясауи фәлсафасы
ә) Мутазилистер мен мутакалимдер
б) Софылық тұжырымдар
в) Ясауидің өмірге деген көзқарасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ІІ. Негізгі бөлім
а) Ясауи фәлсафасы
ә) Мутазилистер мен мутакалимдер
б) Софылық тұжырымдар
в) Ясауидің өмірге деген көзқарасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Түркістан (Яссы) XI—XII ғасырларда бүкіл кіндік Азиядағы софылық ағымның орталығы болған. Софылық ағымның танымдық арқауы - шындықтың бұл дүниелік емес, о дүниелік мән екендігі туралы діни-идеалистік қағида. Бұл ағым араб халифатының әкономикалық, әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұшыраған кезеңінде көптеген фәлсафалық діни ағымдардың өзара күресі аясында дүниеге келгенді. Аталмыш кезеңде араб халифатына қарсы бағытталған азаттық үшін күрес, әсіресе, отар елдерде кеңінен өршіген болатын. Олардың көздеген мақсаты - бостандық, жалпыға бірдей теңдік, жерге қауымдық меншік орнату еді. Бұл талаптар идеология саласында дін Исламға кері алар «ақылға жүгіну» қағидасынан көрініс тапқанды.
Әл-Фараби еңбектерінде халық азаттық қозғалысын ашықтан ашық жақтаған пікірлер кездеспейді. Алайда, діннің мемлекет басқару ісіндегі атқаратын міндетін түсіндіруге арналған оның пікірлерінен «ақылға жүгіну» қағидасына үн қосатынын байқаймыз. Себебі, ол дін Исламның міндетін қанаушылық езгіні қолдау емес, адамдар іс-әрекеттерін ақыл-парасат шеңберінде, адамгершілік тұрғысынан реттеп отыру деп түсіндіретін. Еңбекші бұқараның идеологиясы ретінде қалыптасқан, оның халифаттық өзгеге қарсы күресін қолдаған діни-фәлсафалық ілім «Тазалық бауырлары» деген қоғамның ұжымдық еңбегінде жан-жақты негізделген еді. Олар «тазаланған», яғни, теңдік хұқын жариялап, реттеушілік қызмет атқаратын дін Исламды жақтады.

1. Н.Назарбаев «Тарих толқынында». Алматы, 1999, 95-бет.
2. Қазақ даласының ойшылдары. Алматы, 1995, 131-бет.
3. А.Адалис «Библиотека всемирной литературы». Москва, 1967, том 55,
4. Б.Сатершинов, Б.Сырымбетұлы, М.Мұхамедов
«Саяси-құқықтық ілімдер тарихы». Оқулық. Алматы, 2005, 95-бет.
5. Қазақ даласының ойшылдары. Алматы, 1995, 135-бет.
6. Социалистік Қазақстан. 1990, 28 - қазан, 2-бет.

Түркістан (Яссы) XI—XII ғасырларда бүкіл кіндік Азиядағы софылық
ағымның орталығы болған. Софылық ағымның танымдық арқауы - шындықтың бұл
дүниелік емес, о дүниелік мән екендігі туралы діни-идеалистік қағида. Бұл
ағым араб халифатының әкономикалық, әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұшыраған
кезеңінде көптеген фәлсафалық діни ағымдардың өзара күресі аясында дүниеге
келгенді. Аталмыш кезеңде араб халифатына қарсы бағытталған азаттық үшін
күрес, әсіресе, отар елдерде кеңінен өршіген болатын. Олардың көздеген
мақсаты - бостандық, жалпыға бірдей теңдік, жерге қауымдық меншік орнату
еді. Бұл талаптар идеология саласында дін Исламға кері алар ақылға жүгіну
қағидасынан көрініс тапқанды.
Әл-Фараби еңбектерінде халық азаттық қозғалысын ашықтан ашық жақтаған
пікірлер кездеспейді. Алайда, діннің мемлекет басқару ісіндегі атқаратын
міндетін түсіндіруге арналған оның пікірлерінен ақылға жүгіну қағидасына
үн қосатынын байқаймыз. Себебі, ол дін Исламның міндетін қанаушылық езгіні
қолдау емес, адамдар іс-әрекеттерін ақыл-парасат шеңберінде, адамгершілік
тұрғысынан реттеп отыру деп түсіндіретін. Еңбекші бұқараның идеологиясы
ретінде қалыптасқан, оның халифаттық өзгеге қарсы күресін қолдаған діни-
фәлсафалық ілім Тазалық бауырлары деген қоғамның ұжымдық еңбегінде жан-
жақты негізделген еді. Олар тазаланған, яғни, теңдік хұқын жариялап,
реттеушілік қызмет атқаратын дін Исламды жақтады.
Омейядтар династиясын құлатып, таққа отырған Аббасидтер әулеті әл-
Мамунның (813-833) кезінде ресми дін ретінде мутазилизмді күшпен енгізді.
Өйткені, әл-Мамунс ол азаттық қозғалыстар толқынында билікке қол
жеткізгенді. Сондықтан да бұрынғы ресми Исламға жаңа леп, жаңа өзгерістер
енгізуге қарсы болған жоқ, қайта барынша құптады. Осының салдарынан
мутазилизм тарапынан негізделген ой бостандығы, таным иесінің белсенділігі,
Құранның қолдан жазылғандығы туралы батыл тұжырымдар ресми сипатқа ие
болады. Мұндай еркінсу дін Исламның байырғы өкілдеріне ұнай қоймайды.
Олардың тарапынан қарсы әрекет ретінде дін Исламның негіздерін қызғыштай
қорғап, олардың шынайылығын фәлсафалық тұрғыдан дәлелдеу мәселесі күн
тәртібіне қойылды. Бұл ниеттен туындаған теологиялық жүйе - қалам, ал оның
жақтаушылары мутакалимдер деген атқа ие болды.
Мутазилистер мен мутакалимдер
Мутазилистер мен мутакалимдер арасындағы күрес көпке созыла қойған
жоқ. Халиф Мутаваккильдің (847-861) билік жүргізген кезеңінде ресми Ислам
өз күшіне енді де, оған қарсы бағытталған діни-фәлсафалық ағымдар қуғын-
сүргінге ұшырады. Олардың ішінде софылық ағым да бар еді. Бағдаттан қуылып,
жер аударылған суфизмнің өкілдері өздерін қырықшілтен деп атаған екен.
Қазақтар сыйынатын Ғайып ерен, қырық шілтеннің түп төркіні осылардан
келіп шықса керекті.
Қуғындалған софылардың бір бөлігі кіндік Азияға келіп, өздерінің төл
ісін жалғастырғаны белгілі жәйт. Олардың негізгі идеясы-алланы дін Ислам
арқылы, немесе ақыл-ой арқылы емес, жүрекпен, жүректен шыққан махаббаттық
сезім арқылы танып-білу керек деген қағида. Бұл қағида дін Исламға қарсы
бағытталғандықтан, ал Ислам болса араб халифатының үстемшілдік саясатын
қолдап отырғандықтан, кіндік Азияны мекендеген түркі тектес халықтар
суфизмді қатты қолдаған. Оның үстіне олар өз шығармаларын ресми араб, парсы
тілдерінде емес, түркі тілінде жазып, өз беделдерін барынша арттыра түсті.
Оның үстіне бектер мен дін иелерін, дүние соңына түскен молдалар мен
ишандарды улы тілмен түйреген софылар қара халыққа, кемтарларға, жоқ-
жіктікке қайырымдылық пен мейірім-шапағат тигізуге уағыздағандықтан бұхара
тарапынан үлкен құрметке ие болды, олар о дүниелік болғаннан кейін әулиелер
санатына қосылып, жерленген жерлері қасиетті, мінәжат ететін орындарға
айналады.
Сондай орындардың бірі, әрі бірегейі - Әзірет Сүлтан кесенесі. Ол исі
түркі халықтарының әулиесі, ғұлама ойшылы, софылық ағымның аясында діни-
фәлсафалық ой кешудің яссылық үрдісінін негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи
Ибраһимүлы ибн Махмүттын (1094-1167) басына тұрғызылған ғимарат.
Оны Қожа Ахмет Ясауиді айрықша сыйлап өткен Барлас руынан шыққан
жаһангер Ақсақ Темір салдырған. Екінші жағынан, атышулы саясаткер, осы
ісімен түркі халықтарының арасында өзінің беделін арттыруды да мақсат
тұтқан болса керек. Ғимараттың салынуы туралы деректер де ішкі қайшылықсыз
емес:
Темірдің өмірін баяндайтын Жеңістер кітабы ескерткіштің салынуын
оның Ахмет Ясауидің қабырына зиярат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы
оқиғалармен байланыстырады. Жеңістер кітабында Темір сол жолы Яссыда
болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің жерінде Ахмет Ясауидің атына
лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол Ислам діннің
даңқын асыру, әрі кең таралуын, аса үлкен өлкені басқаруды жеңілдетуге тиіс
болған.
Дегенмен, Қазандықтың (үлкен қазан тұратын ортаңғы зал) ішкі
есіктерінің бірінде жазылған 1394-1395 жылдар Темірдің ғимаратты салу
жайлы жарлығы мұнан бұрынырақ, оның Алтын Орданың ханы Тоқтамысты
талқандап, ол тонап алып кеткен Ахмет Ясауи мазарының мүлкін қайырған
сапарында 1394 жылы берілген деп жорамалдауға мүмкіндік береді.
Халық әулие тұтқан Қожа Ахмет Ясауидің Диуани хикмет атты еңбегі -
оның өзі қалдырған рухани ескерткіші. Оның Әзірет Сұлтан ғимаратынан
артықтығы болмаса, еш кемдігі жоқ. Бұл шығармада автордың өзі келтірген
алтмыш үштә кірдим иерге деген дерек бар.
Кейбір зерттеушілер осы дерекке сілтеме жасап, Қожа Ахметтің пайғамбар
жасында, яғни 63-те (1104 -1167) қайтыс болғандығын мәлімдейді. Бұл дұрыс
емес, Өйткені, Қожа Ахмет өзінің, пайғамбар жасына келгесін, бұл дүниеден
баз кешіп, барлық ғұмырлық тірлікті тәркі етіп, аллаға біржолата мінәжәт
етіп, еш алаңсыз зікір салу үшін қылуетке түскен мерзімін көрсетіп отыр. Ол
осы қылуетте 10 жылдай өмір сүрген болуы тиіс. Бұл орайда біз
Х.Сүйіншәлиевтің дерегін құптаймыз. Оның дерегі бойынша Қожа Ахмет Ясауи 73
жыл ғұмыр кешкен. Алайда оның Қожа Ахметтің шәкірті Сүлеймен Бақырғанидің
ғұмыршасы хақындағы деректемесі күмән келтіреді. Х.Сүйіншәлиев
С.Бақырғаниді 1136 жылы 82 жасында дүние салған деп есептейді. Ал, Қожа
Ахмет Ясауидің Сүлейменді 15 жастағы кезінен шәкірттікке қабылдағаны
белгілі. Ал, Х.Сүйіншәлиевтің деректемесі бойынша С.Бақырғани өзінің
үстазынан 42 жас үлкен болып шығады. Бұл орайда оның 1104 жылы туылып, 1186
жылы 82 жасьшда қайтыс болғандығы туралы басқа деректің шындыққа
жанасатындығы күдік туғызбайды.
Кейбір басылымдарда бой көрсететін дәруіштік поәзия деген атау да
Қожа Ахмет Ясауи мен оның шәкірттері қалыптастырған діни-фәлсафалық ой
кешудің софылық үрдісін сипаттай алмайды. Себебі, дәруіштіктің өзі
суфизмнің ритуалдық, дәстүрлі сыртқы көрінісі ғана. Сондықтан да ол
суфизмнің діни-фәлсафалық ағым ретіндегі, қайшылыққа толы бай мазмұнды
рухани құбылыс ретіндегі мәнін ашып бере алмайды. Суфизмнің мазмұнын дін
Исламның негізгі қағидалары да, оларға қайшы келетін алланы тек жүректе
тұтанған махаббат арқылы танып-білуге болады деген софылық соны тұжырым да,
тіпті бақсылық дүниетанымның сенім-нанымдары да құрайды. Сондықтан да Ақсақ
Темірдің Әзірет Сұлтан ғимаратына қазан, шырағдан сияқты тәңіриялық
сенімдеп жерлеу және өлімнің артын күтуге қатысы бар дәстүрлі бұйымдарды
сыйға тарту сол түркі халықтарының кеңілін аулау мақсатында жасалған ишарат
болса керекті.
Софылық тұжырымдар
Софылық ағым, сайын келгенде, тұғырлы екі тұжырымға негізделеді:
Біріншісі - шынайы дүниенің, яки, болмыстың мәнін жаратқанның
жасампаздық құдіретінің ізі, жемісі деп түсінуі. Сол болмыстың пендесі
күнәларынан арылу үшін бұл дүниенің қызығын тәркі етіп, өзін-өзі қинап,
азаптау арқылы, күні-түні зікір салып экстаздық жағдаятқа жету арқылы,
жаратқанға деген махаббат сезімін ояту арқылы онымен тұтастану қабілетіне
жетуге тиіс;
Екінші -дүниеқоңыздыққа салынған бай мен бектерді, ишан мен молдаларды
мінеп-шеису, сонымен қатар, пендені барға қанағат етіп шүкіршілік қылуға,
зұлымлыққа қарсыласпауға, ал бақуаттыларды қайырымдылыққа,
мейірімділікке үндейді. Әрине, мұндай тақуалықты
талап етудің утопиялық (қияли) сипаты мен мұндалап түр. Әйткенмен де, осы
уағыздары арқылы суфизмнің орасан зор беделге ие болғандығы да ақиқат
нәрсе.
Фәлсафалық ой кешудің діни-мистикалық үрдісін қалыптастырған Ахмет
Ясауи мен оның шәкірттері А.Игүнеки және С.Бақырғани қазіргі Түркістан
маңында ғұмыр кешкендіктен, олардың мектебін шартты түрде болса да
Яссылық деп атауға болады. Бұл мектеп үшін жолбасшылық рөл атқаратын
шығарма - Қожа Ахмет Ясауидің негізгі еңбегі Диуани Хикмет атты өлеңдер
жинағы. Оның түп нүсқасы сақталмаған. Біздің заманымызға келіп жеткендері -
ХV-ХVІІ ғасырларда жасалынған көшірмелері.Диуани Хикмет қазақ тілінде
алғаш рет 1901 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz