Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу



Кіріспе

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
1 Қылмыстық іс қозғау сатысы, оның негіздері мен себептері және іс жүргізу тәртібі
2 Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы шарттары мен талаптары және олардың айырмашылықтары жайлы
3 Тергеу іс . әрекеттерінің тәртібі мен түрлері, сараптамалар түсінігі және оның маңыздылығы
4 Алдын ала тергеуді аяқтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей мемлекеттің ең басты байлығы адам болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының міндетіне адам және азаматтардың құқықтары мен бұзылған мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру болып табылады.
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес болғанмен, олардың қызметтерін сипаттайтын негізгі мәселелерге, жалпы алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс істеген адамдарды толық әшкерелеу, кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану, айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын жүргізу.
Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген қылмысты ашып, оны істеген адамдарды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанының өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала тергеу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 62-бап). Сонымен қатар тергеу органының жасаған тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірілген дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп, бұл қызмет тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2005.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы, 2011.
3 С.Д.Оспанов, «Уголовный процесс Республики Казахстан», (часть общая), Алматы, 2002.
4 Ү.Нұрмашев, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы», Алматы,«Жеті жарғы», 2008.
5 Б.Х.Толеубекова, Уголовно - процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая: Учебник. – Алматы, 1999.
6 А.П.Рыжаков Уголовный процесс: Возбуждение и отказ в возбуждении уголовного дела. Тула, 1996.
7 А.Р.Михайленко Возбуждение уголовного дела в советском уголовном процессе. Саратов, 1975.
8 Д.Терентьев Возбуждение уголовного дела в советском уголовном процессе Социалистическая законность, 1951.
9 М.С.Строгович Материальная истина или судебные доказательства в советском уголовном процессе М., 1955.
10 М.С.Строгович Курс советского уголовного процесса. М., 1970, 1-том.
11 М.Оразалиев, С.Еркінов, Ғ.Есболаев, «Тергеушіге арналған анықтамалық кітап», Алматы, «Жеті жарғы», 2009.
12 В.И.Ремнев, Право жалобы в СССР. М., 1964.
13 Г.П.Химичева Расмотрение милицией заявлений и сообщений о преступлении. М.: ЮИ МВД РФ, 1997.
14 Учебник уголовного процесса, М.: Спарк, 1995.
15 А.Ағыбаев, Е.Алауханов, «Алдын ала тергеудің аяқталуы», Алматы, «Жеті жарғы», 2004.
16 Е.Ғ.Жәкішев, «Криминалистика», Алматы, «Жеті жарғы», 2006.
17 П.Әлмағанбетов, «Қылмыстық іс жүргізуде сот сараптамасын тағайындау», Алматы, «Жеті жарғы», 2004.
18 C.Ф.Бычкова, Е.С.Бычкова, А.С.Қалимова, «Сот экспертологиясы», Алматы,«Жеті жарғы», 2006.
19 Значение экспертизы в расследовании преступлений /Под ред. Л. В. Винницкого, Караганда, 1991.
20 Е.С.Бычкого Проблемы развития института специальных значений в гражданском судопроизводстве. Дисс. ...канд. юрид. наук. Алматты, 2004.
21 Р.С.Белкин Криминалистика. Проблемы, тенденции перспективы. От теории – к практике. М., 1988.
22 Арықбай Ағыбаев, Есберген Алауханов, «Алдын ала тергеудің аяқталуы», Алматы, «Жеті жарғы», 2004.
23 Е.Алауханов, М.Оразәлиев, «Айып тағу және айыптау қорытындысын түзу», Алматы, 2003, «Нұрлы әлем» баспасы.
24 Мәрзия Сейтқазықызы, «Қазақстан Республикесындағы прокурорлық қадағалау курсы», Алматы, 2006.
25 Г.Ж.Сүлейменова, «Қазақстан Республикасының қылмыстық процесі» жобалар альбомы, заң ғылымдарының докторы Т.Қ.Айтмұхамбетовтың редакциялық жетекшілігімен тәржімеленді, Алматы, 2007.
26 Уголовное процессуальное право Россиской Федерации, Москва, Юрист, 2001.
27 Уголовно – процессуальный кодекс Республики Казахстан (Общая часть), комментарий, Алматы, «Жеті жарғы», 2002.
28 Уголовно – процессуальный кодекс Республики Казахстан (Особенная часть), Алматы, «Жеті жарғы», 2003.
29 Р.Н.Акпарова, «Органы прокуратуры Республки Казахстан», Алматы, 2000.
30 Б.Х.Төлеубекова, К.Ж.Капсалямов, Б.К.Шнарбаев, Д.К.Бекишев, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Ерекше бөлім, Сотқа дейінгі сатылар», Алматы, КазГЗУ, 2002.
31 Т.Ағдарбеков, А.Әлайдар, А.Алайдаров, «Құқық негіздері», оқу құралы, Алматы, 2008.
32 С.Д.Баққұлов, «Құқық негіздері», оқулық, Алматы, 2004.
33 А.Шәкенов, «Криминалистика», оқулық, «Фолиант» баспасы, Астана 2008.
34 Учебник уголовного процесса. Ответсвенный редактор заслуженный деятель науки Российской Федерации, профессор А.С.Кобликов, Москва, 1995.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
1 Қылмыстық іс қозғау сатысы, оның негіздері мен себептері және іс жүргізу
тәртібі
2 Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы шарттары мен талаптары
және олардың айырмашылықтары жайлы
3 Тергеу іс - әрекеттерінің тәртібі мен түрлері, сараптамалар түсінігі
және оның маңыздылығы
4 Алдын ала тергеуді аяқтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей
мемлекеттің ең басты байлығы адам болып табылады. Сол себепті Қазақстан
Республикасының құқық қорғау органдарының міндетіне адам және азаматтардың
құқықтары мен бұзылған мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру болып
табылады.

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және
құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда
басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу
және анықтама жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік
құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес
болғанмен, олардың қызметтерін сипаттайтын негізгі мәселелерге, жалпы
алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс істеген адамдарды толық
әшкерелеу, кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану,
айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын
жүргізу.

Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың
өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген
қылмысты ашып, оны істеген адамдарды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанының
өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза
тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала
тергеу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын
прокурорға жіберіледі. Ал прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру
қызметінің, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың,
тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық
процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде
жүзеге асыратын лауазымды тұлға. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу кодексі 62-бап). Сонымен қатар тергеу органының жасаған
тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге
міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған
дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірілген
дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған
жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп, бұл қызмет
тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс
жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни
қылмыстық іс жүргізу деп аталады.

Алдын ала тергеу – мерзіміне және құжаттарына сәйкес қылмыстық іс
жүргізудің ең үлкен бөлімі және қылмыстық процестің кезеңі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығынан туындайтын сотқа дейінгі мәселелер өз
шешімдерін табады.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу.
1 Қылмыстық іс қозғау сатысы, оның негіздері мен себептері және іс
жүргізу тәртібі.
Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы, маңызы және мақсаты. Қылмыстық іс
жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар
болғанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне Қылмыстық іс қозғау деп
аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол Қылмыстық іс бойынша сотқа
дейінгі іс жүргізу деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
–– қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан былай - ҚІЖК), басқаша
айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі
сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушылар
қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресмий қылмыстық іс жүргізу қызметі
басталатын акт ретінде анықтаған;
–– қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық
қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық
қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процесске тартылатын тиісті
тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын
айқындауға мүмкіндік беретін;
–– қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау
арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да
нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын,
оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.
Қылмыстық іс қозғау сатысы – бірінші іс жүргізу сатысы. Бұл сатыда
қылмыс жасалғаны не болмаса жасалуға дайындалуы жөнінде мәліметтердің
негізінде алдын ала тергеу органы немесе прокурор қылмыстық іс қозғау
немесе одан бас тарту туралы, сондай – ақ арыздарды тергелуіне немесе
сотталуына қарай тиісті орынға беру жөнінде мәселелерді шешеді.
Қылмыстық іс қозғаудың заңдық анықтамасының болмауы құқық нормаларын
түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі
талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде
көзделген расімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық
орындауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес іс бойынша іс жүргізу -
қылмыстық іс қозғау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың
үкімін ( қаулысын ) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге
асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы болып табылады.
Одан әрі, осы баптың 28-тармағында қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс
жүргізу - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойыеша қарау
үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу деп айтылған.
Келтірілген қағидалар бұрынрақ айтылған мынадай ойларды растай түседі:
––қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара
алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсіндіріледі;
––қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс - әрекетсіз сотқа дейіегі
дайындықтың болуы мүмкін емес;
––қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық
қатынастарының жоқтығын көрсетеді.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз – бұл қылмыстық процестің ең
бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе
дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау
жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғы шарттардың бар – жоғын анықтайды.

2 Алдын ала тергеу мен анықтаудың жалпы шарттары мен талаптары және
олардың айырмашылықтары жайлы.
Алдын ала тергеу дегеніміз – қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болатын,
өзінің міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық іс жүргізу
сатыларының бірі. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокуорор
қылмыстық іс жүргізу заңдары талаптарына сәйкес қылмысты ашу, күдікті
адамды ұстау қызметін, айыптау мақсатындағы дәлелдемелер, айғақтар жинау
жөніндегі бірқатар тергеу және басқа іс әрекеттерді жүргізеді. Одан кейін
соттың әділ жазалау шараларын шығаруын жүзеге асырады (ҚР ҚІЖК 191-бап).
Алдын ала тергеу сатысында жинақталған материалдар негізінен сот
мәжілісінде зерттеледі. Оны сот бағалап, сотталушының кінәлі немесе
кінәсіздігі туралы шешім қабылдайды.
Алдын ала тергеу формалары. Алдын ала тергеу екі формада жүргізіледі:
алдын ала тергеу және анықтау. Алдын ала тергеу — бұл ең аддымен қылмыстық
іс жүргізу институты, яғни тергеуші арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық сот
өндірісі туралы зандылық нормаларының жиынтығы. Алдын ала тергеу — бұл
сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары және қаржы
полициясы органдары тергеушілері жүргізетін қылмысты тергеу. Оны тергеу
бөлімінің бастығы да жүргізуі мүмкін (ҚР ҚІЖК 63-бап).
Алдын ала тергеу өндірісі барлық қылмыстар бойынша міндетті, тек қана
ерекше жағдайларда ауыр емес қылмыстық істер бойынша жеке тәртіппен жүзеге
асырылғанда ғана болуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 33 , 285-баптар).
Анықтау — бұл алдын ала тергеу өндірісі міндетті болмайтын, қылмыстық
істер бойынша жүргізілетін анықтаушының тергеуі (ҚР ҚІЖК 65-бап 3-тармақ).
Анықтау оргаңдары (анықтау органдары туралы қылмыстық істі қозғау тарауын
қараңыз) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізеді.
Анықтау жүргізетін органның аты, қылмыстар тізімі, тәрітібі мен мерзімдері
Қылмыстық іс жүгізу кодексінде қарастырылған. Анықтау материалдары оны
сотта қарау үшін негіз болып табылады.
Анықтаушы – өз құзыретінің шегіде қылмыстық іс бойынша соқа дейінгі іс
жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.
Заң шығарушы тергелу үстіндегі қылмыстық істердің заттық және аймақтық
белгілері бойынша анықтап, анықтау органдарының іс жүргізілуіне енгізілетін
қылмыстардың толыққанды тізімін жасап берген.
Сонымен ішкі істер органдарының анықтаушылары басқа анықтау
органдарының тергелуінен бөтен онша ауыр емес және ауырлығы орташа
қылмыстардың жалпы санының барлық істері бойынша анықтауды жүзеге асырады
(ҚІЖК 285-бап, 2-бөлік).
Заң ішкі істер органдарының тергеуіне мына қылмыстарды жатқызады:
денсаулыққа қасақана залал келтіру (ҚР ҚК 104-бап), заңсыз түсік (бала
алдыру) (ҚР ҚК 117-бап, 1,2-бөліктері) және бірқатар басқалары, шамамен 87
қылмыс (ҚР ҚІЖК 285-бап, 2-бөлікті қараңыз).
Қаржы полициясының анықтаушылары, заңсыз кәсіпкерлік жасау (ҚР ҚК 190-
бап, 1-бөлік), көрінеу жалған жарнама беру (ҚР ҚК 198-бап), салық төлеуден
жалтару (ҚР ҚК 221,223-баптар), және басқа қылмыстарға анықтау жүргізеді
(ҚР ҚІЖК 285-бап, 3-бөлік).
Кеден органдарының анықтаушылары тек қана кеден төлемақысын төлеуден
жалтарған істер бойынша анықтау жүргізеді (ҚР ҚК 214-бап).
Әскери полиция органдары әскери қызметшілердің ісі бойынша анықтау
жүргізеді. Мысалы, бастықтың бұйрығына мойынсұнбау, немесе орындамау (ҚР ҚК
337-бап, 1-бөлік), бастыққа қатысты зорлық әрекеттері туралы (ҚР ҚК 369-
бап, 1-бөлік) және баскалары.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 358-бабы 1-бөлігінің (бас
бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу) 359,360-
баптарыңда көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды істі қозғаған
органның өзі немесе әділет органдары не ішкі істер органдары жүргізеді.
Үлттық Қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметі анықтаушылары Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодекстің 331-бабының 1-бөлігінде (ҚР мемлекеттік
шекарасын заңсыз қасақана кесіп өту) көзделген қылмыстар туралы анықтау
жүргізеді.
Мемлекеттік өртке қатысты қызмет органдары денсаулыққа байланысты зиян
келтіруге байланысты немесе өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзу
нәтижесінде мүлікке үлкен мөлшерде залал келтіру қылмыстары туралы,
қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізеді (ҚР ҚК 256-бап).
Қылмыстық кодекстің 209-бабының 1-бөлігінде (экономи-калық
контрабанда), 250-бабының 1-бөлігінде (айналыстағы заттардан немесе
айналысқа тыйым салынған заттардан алынған контрабандасы) көзделген
қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер
органдары қаржы полициясы, немесе кедендік органдар жургізеді.
Анықтауға тән ерекше жеке мән-жайлардан басқа анықтау алдын ала тергеу
үшін қылмыстық іс жүргізу зандарында көзделген жалпы ережелер бойынша
жүргізіледі.
Дербес жағдайда қылмыстық іс бойынша анықтау қылмыстық істі қозғау
туралы қаулы шығарылған сәттен бастап қылмыстық істі сотқа жіберу үшін
прокурорға өткізгенге дейін 10 тәулік мерзімде аяқталуы тиіс. Егер
анықтаушы бұл мерзім ішінде істі толық аяқтап үлгірмеген жағдайда анықтау
органының бастығы мерзімді 30 тәулікке дейін ұзартуы мүмкін. Бұндай
жағдайда анықтаушы анықтау мерзімін ұзарту туралы дәлелденген қаулы
жасайды. Көшірмесін 24 сағат ішінде прокурорға жібереді.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі сонымен қатар тергеу шарттарына,
талаптарына мыналдарды жатқызады:
- тергелу реті (ҚР КІЖК 192-бап);
- алдын ала тергеу жүргізілетін жер (ҚР ҚІЖК 193-бап);
- қылмыстық істерді біріктіру (ҚР ҚІЖК 48-бап);
- қылмыстық істі ажырату (ҚР ҚІЖК 49-бап);
- алдын ала тергеу өндірісінң басталуы (ҚР ҚІЖК 194-бап);
- аддын ала тергеудің аяқталуы (ҚР ҚІЖК 195-бап);
- өтінішті мәлімдеу және шешудің міндеттілігі (276-бап);
- алдын ала тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол
бермеу (ҚР ҚІЖК 205-бап).
Алдын ала тергеудің мәні және жалпы талаптары.
Қылмыстық процестің сатысына дейінгі аддын ала тергеудің мәні бұл уақыт
кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының бүкіл қызметі істі ашу мен тергеуге
жұмсалатындығында.

3 Тергеу іс-әрекетінің тәртібі мен түрлері, сараптамалар түсінігі оның
маңыздылығы.
Тергеу іс-әрекеттері ұғымы. Қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі
мазмұңы деп қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің
қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу нысанында жүзеге асады.
Тергеу іс-әрекеттері — бұл тергеушінің немесе анықтау органының
қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін іс жүргізу
әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін
маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі
мәліметтерді белгілеуге бағытгалады.
Басқа іс жүргізу әрекеттерімен салыстырғанда тергеу әрекеттері мынадай
белгілермен сипатталады:
а) олар анықтау, тергеу органдары, тергеуші, анықтаушы үшін танымдық
сипатқа ие болады;
б) алдын ала тергеу немесе қайтадан ашылған жағдайына байланысты
қылмыстық істі тергеу сатыларында ғана тергеу әрекеттерін жүргізу;
в) бұл қызмет тек тергеу әрекеттері өндірісінің тәртібін реттейтін іс
жүргізу заңы негізінде жүзеге асады (жинау, қорыту, дәлелдемелерді алу);
Ережеге сай, заң әдебиеттерінде тергеу әрекеттері екі топқа бөлінеді:
а) дәлелдемелерді бекіту, тексеру, жинауға бағытталған тергеу іс-
әрекеттері (қарау, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану, т.б.);
6) алдын ала тергеу ісіне қатысушы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге
бағытталған тергеу іс-әрекеттері (мысалы, айыпталушыға іс бойынша
өтініштерді, шағымдарды қарау, жәбірленушінің іске қатысты барлық
материалдармен танысу құқығын түсіндіру).
Тергеу іс-әрекеттерінің түрлері. Тергеу әрекеттерінің түрлеріне мыналар
жатады:
1) қарау;
2) күдіктіні ұстау;
3) жауап алу;
4) беттестіру;
5) тінту;
6)алу;
7) тану үшін көрсету;
8) куәландыру;
9) сараптама тағайындау;
10) тергеу эксперименттері;
11) іс болған жерді көрсетуін тексеру
12) салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу;
13) мәйіт эксгумациясы;
14) телефон және басқа да сөйлесулерді тыңдау;
15) пошта және телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау;
16) мүлкін тұтқындау.
Келтірілген тергеу әрекеттерінің түрлері жеткілікті, толық деп
саналады.
Тергеу іс-әрекеті өндірісінің тәртібі. ҚР ҚІЖК 201-бабында белгіленген
жалпы ережелер негізінде жүзеге асады. Тергеу іс-әрекеттерін тек қылмыстық
іс қозғалғаннан кейін арнайы өкілетті органдар мен лауазымды адамдар
жүргізеді (ҚР ҚІЖК 221-бап).
Барлық тергеу әрекетгері нақты және занды негіздемелер болған кезде
ғана жүргізіледі.
Нақты негіздемелер — бұл белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу
әрекеттерін орындау қажеттілігі мен мүмкіндігі растайтын нақты
мәліметтердің жиынтығы (ҚР ҚІЖК 200-бап).
Заңды негіздеме — белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін
орындайтын адамның занды күшінің жиынтығы.
Кейде тергеу әрекеті өндірісі туралы шешім қаулы (тінту) түрінде, ал
кейде хаттама түрінде (күдіктіні ұстау) көрініс табады.
Бірқатар тергеу әрекеттерін анықтау барысында куәгерлердің және заңмен
көзделген адамдардың қатысуы талап етіледі (тінту, қарау, алу, куәландыру,
тергеу эксперименті, тану).
Тергеу әрекеттері барысында ғьлыми-техникалық құралдар мен жабдықтарды
қолдану мүмкіндігі туындайтын кездер болады. Бұндай жағдайда ол туралы
тергеу әрекеті басталмас бұрын қатысушылардың барлығына хабарлануы керек
(ҚР ҚІЖК 201-бап 3-бөлік).
Тергеу әрекеттері өндірісіне арнаулы танымы мен іскерлігін қолдана
отырып бұл құралдармен іске көмек көрсету мақсатында маман қатысуы мүмкін
және аудармашы, педагог, қорғаушы қатысуы мүмкін.
Тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша хаттама толтырылады, яғни арнайы
формасы бар, тергеу әрекетінің нәтижесі, мазмұны, фактісі көрсетілген
жазбаша құжат толтырылады (ҚР ҚІЖК 203-бап).
Тергеу әрекеттері өндірісінің негізділігіне, заңдылығына және
уақытысында өткізілуіне жауапты болу қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізетін
адамға міндеттеледі.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу. Куә мен жәбірленушіден жауап алу —
алдын ала тергеу немесе сот талқылау кезінде, анықтау процесінде, жауап алу
кезінде олардың жазбаша не ауызша түрде берген хабарламаларынан мәлімет алу
мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу іс қозғалғаннан кейін және тергеу
әрекеті өндірісі басталған сәттен бастап жүргізіледі [16, 281 б.].
Куә — бұл іске қатысты қандай да бір жағдаймен таныс адам. Айыпталушы,
күдікті және жәбірленушінің өзі қылмыс оқиғасы туралы ақпаратты білетін
адам деп танылады, бірақ олардың жауабы куәнің жауабы ретінде саналмайды.
Сондықтан куәнің жауабы тек оның ауызша хабарлауы болуы мүмкін, ал
айыпталушының жауабы куәландыратын жауапқа жатпайды.
Жәбірленуші — бұл қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық,
дене және мүліктік зиян келтіреді деп ұйғаруға ол жөнінде негізі бар адам
(ҚР ҚІЖК 75-бап). Жәбірленуші деп тергеушінің қаулысына сәйкес болған
жағдайда ғана танылады. Куәмен салыстырғанда жәбірленуші іске қатысты
барлық материалдармен танысуға, өтініш не қарсылық білдіруге, күдіктімен,
айыпталушымен татуласуға құқылы. Сот процесінде ол сот тергеуіне
қатысушымен тең құқылы бола алады .
Егер куә және жәбірленуші өздеріне белгілі мән-жайларды айтудан бас
тартып не қасақана бұрмаласа, олар жауап беруден бас тартқаны үшін немесе
жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылады (ҚР ҚК 352, 353-
баптар). Куәдан іске қатысты кез келген жағдайларға катысты жауап алынуы
мүмкін, соның ішінде айыпталушының жеке тұлғасы туралы және онымен өзінің
және басқа да куәлармен қандай қарым-қатынасы бар екені туралы сұралады.
Жауап алу – жауапқа тартылған адамнан қылмыс оқиғасы туралы, жасаған
адамдар, қылмыс салдарынан келтірілген зиянның көлемі мен сипаты,
жасалуының себептері мен жағдайы, сонымен қатар басқа да іске маңызды
жағдайлар туралы мәліметтерді алуға бағытталған.

4Алдын ала тергеуді аяқтау
Алдын ала тергеудің аяқталуы - жұмыстың қорытындысын, тергеуші
қызметінің аяқталған сатысын – оның барлық іс жүргізу және айыпталушының
жасаған қылмысы туралы заңды және негізді айыптау қорытындысына негізделген
өзге де тергеу әрекеттерінің аяқталуын айтады.
Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз – алдын ала тергеу сатысының
қорытынды бөлімі (кезеңі).
Әдебиетте төмендегі шешімдердің біреуін қабылдауға тән алдын ала
тергеуді аяқтаудың үш түрі қабыдданған:
— айыптау қорытындысын шығару және оны сотқа тапсыру үшін іспен бірге
прокурорға жіберу;
— медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені
қарау үшін істі сотқа жіберу жайында қаулы шығару;
— қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны енгізу. Айыптау қорытындысы
егер де қылмыстың барлық белгілері анықталып, айыпталушының қылмысты
жасаған кінәсі дәленденген кезде және қылмыстық істі тоқтатуға ешбір мән-
жай жоқ болса ғана шығарылады.
Тергеуші алдын ала тергеу жүргізуді аяқтай отырып, айыптау қорытындысын
жасауға жинақталған дәлелдердің жеткілікті екендігіне көз жеткізгеннен
кейін тергеудің аяқталғанын хабарлайды, айыпталушы және оның қорғаушысын,
жәбірленуші мен оның өкілін, азаматтық талап етуші мен азаматтық жауап
берушіні немесе олардың өкілдерін қылмыстық істің материалдарымен
таныстырады, бір мезгілде олардың құқықтарын түсіндіреді (ҚР КІЖК 273, 274-
баптардың, 2-бөлігі).
Аты аталған адамдардың жазбаша немесе ауызша өтініштері түскен жағдайда
тергеуші қылмыстық істің материалдарымен таныстырады және азаматтық жауап
беруші және оның өкілі шағымданған талапқа қатысты материалдармен ғана
танысады.
Алдын ала тергеудің материалдарымен таныса отырып, қылмыстық процестің
қатысушылары егер де іске маңызы бар болатын болса, тергеуге
қанағаттандыруға жататын толықтырулар енгізу туралы өтінім жасай алады.
Өтінімді қанағаттандыруға қарсылық білдірген жағдайда тергеуші
шағымданушыға хабарланатын дәлелді қаулы шығарады.
Осы адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама
толтырылады, онда олардың қандай материалдармен танысқандары және олардың
қандай өтінім жасағандары жазылады (жазбаша өтінім іске тіркеледі).
Істі тергеуді ақтау кезіндегі ең бастысы — тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 273-
баптың талаптарын орыңдай отырып, айыпталушы мен оның қорғаушысына
тергеудің аяқталғаны туралы хабарлап, істің барлық материалдарымен танысуды
ұсынуы болып табылады. Қылмыстық іс танысуға тапсыра тігілген және
нөмірленген түрінде барлық қосымшалармен бірге беріледі. Айыпта-лушы мен
оның қорғаушысы өз қалаулары бойынша іс материалдарымен жеке-жеке не бірге
танысуларына болады. Танысу барысында кез келген құжаттың, кез келген
көлемдегі көшірмесін алуға болады. Танысуға уақыт шектелмейді.
Істі материалдарымен танысу туралы хаттама толтырылады, оған
айыпталушы, қорғаушы және тергеуші қол қояды (ҚР КІЖК 277-бап).
Іспен танысып болғаннан кейін айыпталушы мен қорғаушы тергеуге
толыктырулар енгізу туралы өтінім жасауға құқылары бар. Оларды
қанағаттандырған жағдайда тергеуші іс өндірісін жаңартады, ал қарсылық
білдірген жағдайда - тиісті қаулыны енгізеді (ҚР ҚІЖК 276-бап). Егер де
айыпталушы істің материалдарымен танысудан бас тартса, бұл туралы сол
хаттамада егер де айыпталушы хабарлаған болса, қарсылықтың себебі
баяндалып, көрсетіледі.
Заң әдебиеттерінде көптеген авторлар айыптау қорытындысын өктем түрдегі
жарлық сипаттағы істі тергеуді жинақтаушы іс жүргізу құжаты деп санайды.

4.1 Айып тағып сотқа жолдау
Іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша айыпты тергеуші (ҚІЖК-нің 64-
бабының 2-бөлігі) және прокурор (ҚІЖК-нің 62-бабының 2-бөлігі), ал
қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген жағдайда – анықтаушы да (ҚІЖК-нің
285-бабының 3-бөлігі) таға алады.
Алдын ала тергеуді прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздіқ қызметі
органдарының ішкі істер органдарының және қаржы полициясы органдарының
тергеушілері жүргізеді (ҚІЖК-нің 192-бабы).
Қылмыстық істердің прокуратураның немесе көрсетілген атқарушы билік
органдары тергеушілерінің қайсысының тергеуіне жататындығы қылмыстық іс
жүргізу заңында анықталған. Айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту тек
сол жүргізілетін тергеу шегінде ғана жүзеге асырылады. Ішкі істер
органдарының тергеушісі өзінің тергеуіне жатпайтын қылмыстық іс бойынша
айып таға алмайды.
Алдын ала тергеу барысында прокурор қылмыстық іс қозғауға және оны
жүргізуді өзіне алуға, тергеу жүргізуге қатысуға және қажетті жағдайларда
кейбір тергеу әрекеттерін, оның ішінде айып тағуды жеке өзі жүзеге асыруға
уәкілеттік алған (ҚІЖК-нің 62-бабы 2- бөлігінің 2,3-тармақтары).
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес айыпталушы ретінде
жауапкершілікке тарту үшін адамды қылмыс жасады деп айыптауға негіздеме
беретін дәлелдемелер жеткілікті болу тиіс (ҚІЖК-нің 206-бабының 1- бөлігі).
Бұдан тергелудегі қылмысты айып тағылатын осы адам жасады деп қорытынды
жасау үшін қажетті дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы қылмыстық ізге
түсудің негізі болып табылады деген тұжырым жасауға болады.
Айып дәлелді ғана емес, сонымен қатар дер кезінде тағылуы тиіс. Айыпты
уақытынан бұрын тағу да, кеш тағу да айыпталушы ретінде тартылатын адамның
құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, ол іс бойынша тергеудің нәтижелеріне
теріс әсерін тигізеді. Айып уақытынан бұрын тағылғанда адамды айыпталушы
ретінде дәлелсіз тарту, оның конституциялық құқықтарының бұзылуы орын алса,
айыпталушы ретінде уақытынан кеш тарту айыпталушының іс – жүргізулік
құқықтырының бұзылуына әкеп соғады. Сонымен қатар, тек айыпты уақытылы
таққанда ғана тергеуші айыпталушыны ақтайтын немесе оның кінәсін
жеңілдететін дәлелдердің бәрін уақтылы тексере алады.
4.2 Қылмыстық істі өндірістен тоқтата тұру
Алдын ала тергеуді тоқтату ұғымы мен іс жүргізу тәртібі. Алдын ала
тергеудің мерзімдері заңмен қатаң реттелген. Қылмыстық іс тәртіп бойынша
қозғалған күннен бастап ол аяқталғанға дейін екі ай ішінде бітуі тиіс.
Жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын ашудың, кінәлінің айыпталушы ретінде
жауапқа тартудың, оған айып тағудың және істі сотқа жіберудің өзінің
мақсаты бар.
Алайда тәжірибеде анықтау органдарына, тергеушілерге қылмыстық іс
бойынша өндірісті жиі тоқтатуға тура келеді (ҚР ҚІЖК 265-бап).
Алдын ала тексеру мен анықтауды тоқтату.
Алдын ала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотқа дейінгі тергеп - тексеруді тоқтату
Сотқа дейінгі тергеудің мерзімі
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру
Құқықтық мәртебеге ресми атауы
Жасырын тергеу әрекеттері
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау
Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық реттелу мәселелері
Жасырын тергеу әрекеттерінің құқықтық табиғаты
Қылмысты жедел және толық ашу және тергеу
Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер бойынша сот өндірісі
Пәндер