Қазақстан Республикасында жерге меншік қатынастарының құқықтық реттелуі


Қазақстан Республикасында жерге меншік қатынастарының құқықтық реттелуі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 3

  1. ЖЕРГЕ МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ

РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ БАҒЫТТАРЫ

  1. Жерді меншіктену құқығының дамуындағы

негізгі заңдылықтар . . 8

  1. Жерге меншіктікті құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы және жерге меншіктіктің арнайы құқықтық нормалары . … . . . 25
  1. ЖЕРГЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІЖерге жеке меншік құқығының объектілері …. . ……… . . . 37

2. 2 Жерге жеке меншік құқығының субъектілері …. ……… . . . 54

2. 3 Нарықтық жағдайындағы жерге жеке меншіктік қатнастар және жер иелерінің құқықтары мен міндеттері . . . … . . . 66

ҚОРЫТЫНДЫ . …73

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………. . . . 75

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға біртіндеп өту кезеңінде, жерге жеке меншік құқығын өз мәнінде зерттеу, оның ғылыми жетістіктерін, қазіргі қабылданып жатқан заңдарда қолдану - құқық жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет жер қатынастарын заңды реттеуде, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауда арнайы зерттелген ғылыми жетістіктерге сүйенетін болады және оны алдыңғы қатардағы ең маңызды мәселе деп есептейді.

Осы саладағы арнайы ғылыми зерттеулер, жерге жеке меншік құқығын реттейтін нормативті-құқықтық актілердің өрісін жетілдіріп, еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына өз ықпалын тигізуі сөзсіз.

Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар, шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен көптеген меншік түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері мен жерді өз мәнінде пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын арнайы заңдармен қамтамасыз етуді талап етеді. Осы тұрғыдан қарасақ, жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызының зорлығын байқаймыз.

Жер-барлық тірі жан иелерінің мекені екендігі, өмір азығының негізі екендігі белгілі болғандықтан эволюциялық дамудың барысында, “ішім-жем”өнімдерін өндіру ісіне шексіз дерлік үстем болуға, барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана қолы жетті /1, 21/.

Жер сияқты, сол аумақта тұратын халықтардың өмірі мен іс әрекеттерінің, негізі болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы және қалпына келтірілуі мүмкін, ал жер қойнауларының энергетикалық қорлары қайта қалпына келмейді, бірақ, олардың, жел атом энергиясы сияқты баламалары бар. Бірақ жердің, адамның тіршілік ету орны ретінде, орны толмайды.

Жердің басты қасиеті-адам қоғамының тіршілік ортасы ретінде, оның іс-әрекет қызметінің негізі болып қалады. Сонымен қатар, жер өзіне деген субьективтік заттық құқықтардың іске асырылу ерекшеліктерін қатаң сақтауды талап етеді және мемлекет органдарының жерді бөлу, ұтымды пайдалану және қорғауға байланысты іс әрекетінің маңызына сай болады.

Жерге меншіктікті құқықтық реттеу проблемасы маңызды және маңызды бола бермек, сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” деп аталатын Жолдауында: “Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады деп атап көрсетті /3, 63/.

“Ғылыми зерттеулер - деп жазады профессор Ә. Е. Бектұрғанов жер қатынастарын реттейтін нормалардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс”/4, 3/.

Жоғарыдағы актуальды проблемалар магистрлық диссертация тақырыбының таңдалуына және онда зерттелетін мәселелер аумағының анықталуына себеп болатыны ескерілді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі

Қазақстан Республикасындағы жерге жеке меншік құқығының ерекшеліктерін зерттеуге арналған еңбектер аса көп емес, олар негізінен жерге меншік құқығын құқықтық реттеудің жалпы мәселелерін қарастырады. Мәселен, Ә. Ерәлидің ”Жер меншігінің құқықтық негіздері” монографиясын атауға болады.

Дегенменде, осы тақырыпқа қатысы бар Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен Ә. Е. Еренов, Ә. С. Стамкулов, С. Б. Байсалов, К. А. Шайбеков, Н. Б. Мухитдинов, Ә. Е. Бектұрғанов, Д. Л. Байдельдинов, Л. К. Еркінбаева, Ж. Х. Қосанов, А. Х. Хаджиев, С. Т. Культелеев, Б. Ж. Абдіраимов, Е. Ш. Дүсіпов, Ә. Ерәли, Н. Батырбаев, Б. Бегалиев, С. Мұстафаев және т. б. бөліп айтуға болады.

Жерге меншік құқығын, белгілі ресейлік ғалымдар зерттеген, Иконицкая И. А., Краснов Н. И., Ерофеев Б. В., Фомина Л. П., Карамышева О. В., Топорнин Б. Н., Сыроедов Н. А., Быстров К. Е., Боголюбов С. А., Волков Г. А., Крассов О. И., Камышанский В. П., Козырь О. М.

Жер құқығында сонымен қатар әлі зерттелмеген мынадай маңызды мәселелерді атап айтуға болады:

  • азаматтық құқықтар обьектісі тұрғысынан жерді құқықтық реттеу;
  • жермен азаматтық мәмілелер жасау;
  • жерге жеке меншік институтының жер құқығы саласында алатын орнын белгілеу;
  • жерге жеке меншік құқығы объектілерінің ерекшеліктерін ескеру;
  • жерге жеке меншік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау;
  • жерге жеке меншік құқығының мазмұнын жаңа экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан зерттеу;
  • ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік институтын енгізу қажеттілігі және бұл мәселе бойынша мемлекеттің қатысу шектері;

Зерттеу обьектісі мен пәні

Диссертацияның зерттеу объектісі - республикамыздағы нарықтық экономиканың орнығуына байланысты, жекешелендіру саясатының жүзеге асырылуы және құқық реформасының жүргізілуі жағдайындағы жердің құқықтық реттелуі, жерге жеке меншік құқығы, онымен тығыз байланыстағы жер және азаматтық-құқықтық қатынастар. Ал, зерттеу пәніне - жерге жеке меншік құқығы туралы ұғым, жерге жеке меншік құқығының объектілері, субъектілері мен құқықтық негіздері, жерге жеке меншік құқығын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандары және жерге байланысты жасалатын келісімдер жүйесін бір қалыпқа келтіру.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Нарықтық қатынастардың қазіргі кездегі қарқынды даму жағдайындағы, жерге жеке меншік құқығының, құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту және заңдардағы кейбір кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді айқындау, соған сай теориялық қорытындыларды негіздеу және жерге жеке меншік құқықтарды реттейтін жер заңдарын жетілдіруге бағытталған, мынандай кейбір тәжірибелік ұсыныстарды жасауға ұмтылыс жасау:

-жерге жеке меншік қатынастарын құқықтық реттеуге байлансты негізгі теориялық мәселелерді талдау;

-жерге құқықтық қатынастардың өзгеруінің тарихи заңдылықтарын зерттей келіп, жеке меншік құқығының ұғымын анықтау;

-басқа елдердің үлгісіне тиімді үлгісіне байланысты ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізудің салдарын зерттеу;

-жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша, мемлекеттік органдардың қызметін, жетілдірумен дамытуға, оның тиімділігін барынша арттыруға бағытталған теориялық принциптермен тәжірибелік ұсыныстарды жасау және негіздеу.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі

Ғылыми зерттеудің әдістемелік негізін, жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, жүйелік, нақты-тарихи, салыстырмалы, және әлеуметтік ғылыми әдістер құрайды. Зерттеудің теориялық негізін еліміздегі белгілі заңгер-ғалымдардың жер құқығына арналған арнайы ғылыми еңбектері мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативті-құқықтық деректер, негізінде жазылған жалпы құқық теориясы, Кеңестер Одағы және басқа шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектері құрайды. Сондай-ақ, мерзімді басылымдарда жарияланған жер туралы арнайы ғылыми мақалалар мен материалдар да назарға алынды.

Зерттеудің нормативтік базасы

Қазақстан Республикасының Конституциясы, жер туралы қабылданған еліміздің арнайы заңдары, Азаматтық заң актілері, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен бірге, бұрынғы Кеңестер Одағы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативті-құқықтық актілерде зерттеудің нормативтік базасын құрайды.

Зерттеудің қорғауға ұсынылатын ғылыми жаңалығы

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу кезіндегі жерге жеке меншіктік қатынастарды, құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеу, еңбектің негізгі нәтижелерінң бірі. Жұмыста жаңа материалдарға сүйеніп жаңашылдық сипаттағы өзіндік қорытынды, қағидалармен ұсыныстар беріледі.

-жерге меншік қатынастарының дамуының тарихи заңдылықтарын зерттеу нәтижесінде және осыған байланысы бар, теориялық пікір нәтижесінде, жерге жеке меншік құқық ұғымы жоғарғы дәрежеде дәлелденіп анықталған;

-жердің азаматтық және құқықтық қатынастарында жер учаскесі мен жер үлесі түрінде көрсетілген, меншік құқығының обьектілері мен белгілері нақты айқындалып, негізделген

-жердің табиғи ерекшеліктерін есепке ала отырып, азаматтық құқықтың басқа да обьектілеріне қолданылатын нормаларды жердің жеке меншік қатынастарын реттеу кезіндеде, оның барлық жағдайларына қолдану мүмкін еместігі, көрсетіліп, жердің өзіндік ерекшелігі негізделген және қажетті негізде дәлелдемелер көрсетіліп, келтірілген.

-Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне барлық, жылжымайтын мүлікті, оның ішінде жер учаскелерін сату-сатып алу тәртібін жаңаша реттейтін қосымша тарауды кіргізу қажеттілігі көрсетіледі;

-келесі қағидаларды ескере отырып, жерге меншік құқығын қолайлы және біртіндеп енгізуді реттейтін құжаттар пакетін жасауды ұсынады;

-жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мақсатында, оның тиімділігін арттыруға бағытталған теориялық қағидалар мен тәжірибелік ұсыныстардың қажеттігі негізделген;

-жер учаскесінің белгілі талаптарға жауап беретін субьектіге берілу мүмкіндігін анықтауда, жауапкершілікті күшейту көзделген.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы мынада :

- зерттеу нәтижесінде жасалынған кейбір қорытынды тұжырымдар Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарын жетілдіруде пайдаланылуы сөзсіз;

  • жерге меншіктік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерін ғылыми зерттеуді дамыту үшін қажетті деректер ретінде;
  • құқықты жетілдіру және оны қолданатын органдардың қызметін жетілдіріп жауапкершілігін арттыру қажеттігі көзделген;
  • жер және азаматтық құқық курсы бойынша оқу процесінде тәжірибелік материалдарды молынан қолдану ұсынылады;

Диссертацияның сыннан өтуі

Жұмыстың негізгі теориялық қағидалары мен тәжірибелік ұсыныстары диссертация негізінде жарияланған мақалаларда баяндалған және олар халықаралық конференцияларда жасалған баяндамалардың зерттеу нысанына айналды.

Жұмыс құрылымы мен көлемі

Магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ЖЕРГЕ МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ БАҒЫТТАРЫ

1. 1 Жерді меншіктену қатынастарының дамуындағы негізі заңдылықтар

Жердің жеке тұлғаның меншікте болуы, оның экономикалық, әлеуметтік жағдайына әсер етіп, аса маңызды рөл атқарғаны қоғамдық даму үрдісінің тарихынан белгілі. Сондықтан, барлық кезеңде және барлық халықтар арасында жерге иелік ету құқығы үшін күрес әр кезеңде толастаған емес. Бұл күрес әлемдегі көптеген оқиғалардың, кей кезде жер үшін күрестің негізі болды. Адам баласының жерге деген, оған билік етуге деген құштарлығы белгілі дәрежедегі қажетті процесс.

Қоғамдық қатынастар жүйесінде жерге деген құқықтық қатынас адамзат қоғамының алғашқы даму кезеңдерінен басталды. Яғни, құл иеленуші қоғамда да, сондай-ақ, феодалдық қоғамда да жерге деген құқықтық қатынас болған және сол қоғамға сай құқықтық нормалармен реттелген.

Сондықтан да жер құрылымы туралы мәселе, жерге меншік формасының мәселелері, жерге қауымдық иелік формасы, жерге жеке меншіктіктің маңызы мен ерекшелігі - көне дәуір мен феодализм кезінде де аса маңызды орын алды. Біздің ойымызша, құлиеленуші қоғамдағы жер қатынастарының екі типін - көне Шығыстағы жер қатынастары мен антикалық дәуірдегі жер қатынастарын ажырата білу қажет. Құл иеленуші қоғамындағы жер қатынастарының қалай реттелгені туралы, мысал ретінде көне Вавилондағы жер қатынастары мен антикалық Римдегі жер қатынастарын арнайы келтіруге болады.

Көне Вавилондағы жерге иелік етудің құқықтық қатынастары . Көне Вавилондағы мемлекет пен құқық жер қатынастарын реттеуде, ерекше мәлімет беретін ерекшелігімен, өзіне назар аудартады. Вавилон көнешығыс құл иеленуші қоғамының типтік мысалы бола алады. Бұл құл иеленушілік қоғамның, сол қоғамға сай, антикалық құл иеленуші қоғамнан өзінің өзгешілігін көрсететін бірқатар, өзіне тән ерекшелігі бар (Грекия, Рим) .

Көне Қосөзендегі мемлекеттің қалыптасу ерекшелігі сонда, бұл процестің сыртқы формасы жағынан алып қарағанда, жеке қоғамдардың бірлесуінен қалыптасты. Олардың үстінен қараған патша, жердің ең жоғарғы иесі боп есептелді. Шындығына, кейбір жеке қауымда мұра етіп қалдырған жерге ол жалғыз өзі, жеке дара барлық меншікке иелік етті. Кейіннен біртіндеп қауымдық меншік, мемлекеттік меншікке айналып, нақтылап айтқанда, соған бірігіп, сіңіп, тұтасып кетеді. Осының негізінде біртіндеп, Сарай (Орда патшалық) шаруашылығы үшін арнайы жер, және патша үшін - патшалық жер бөлінеді, және, әдетте оған, храмдық жер де қосылады. Патша мен храмдарға қарасты жерлер, мемлекеттің қол астындағы құлдардың күшімен өңделіп, соның нәтижесінде, ұжымдық құл иеленудің өзі, жоғарғыдағы азғана топтың пайдасына қызмет етті. Сол ортадан, пайдаланып отырған азғана топтың арасынан құл иеленуші таптың өкілдері шықты, солар алғашқы жекеменшік жер иелері болып есептелді.

Көне вавилондық патшалықтағы жерлер мынандай арнайы категорияларға бөлінді:

- сарай иелігіндегі жерлер;

- храм иелігіндегі жерлер;

- қауымдық иеліктегі жерлер;

- жекеменшік иелігіндегі жерлер.

Жеке меншіктегі жерлер өз кезегінде, іштей бірнеше түрге бөлінді. Жоғарыда көрсетілген түрлі категориялық жерлер өзіндік арнайы құқықтық режимге бағынды. Барлық бұл категориялар Хаммурапи Кодексінде бекітілген. Кодексте, дамыған мемлекеттің, құл иеленуші шаруашылығының негізінде, ақша-тауар қатынасы мен тауар айналымының дамуына байланысты, дамыған жерге жекеменшіктің болуына байланысты мәселелерді тереңдетіп қарастырған.

Хаммураби дәуіріндегі түрлі категориядағы жерлерге құқықтық режим арнайы ережелерге сай болған.

Сарай иелігіндегі жерлер сол сарай шаруашылығын қамтамасыз ететін, тікелей патша иелігіндегі жерлер болды, оны қалай пайдалану керек екенін патша өзі шешкен. Бірақ, оны тікелей мемлекет те пайдаланды және бұл жерлер тікелей мемлекет шенеуніктерінің бақылауында болып, құлдар күшімен өңделген. Хаммурапи дәуірінде, сарай иелігіндегі жерлер аса мол кеңістікті алып жатты, әсіресе оңтүстік аймақта. Храм иелігіндегі жерлер де, құқықтың талабына сай және ұжымдық құл иеленушіліктің көмегі арқылы, жерді пайдалану жүйесі жағынан да сарай иелігіндегі жерлерді пайдалану үрдісіне ұқсас келеді. Храм иелігіне тиген жерлер сол храм шаруашылығын ұйымдастыруға қызмет еткен. Осыған байланысты, атап айтатын мәселе, көптеген храмдар патша иелігінде болды және патша храмдары деп есептелетін. Храм иелігіндегі жерлер жалпымемлекеттік иелікке жатпаған.

Қоғамдық иеліктегі жерлер, ерекше категориядағы жерлер болып есептелген. Яғни, бұрынғы рулық-тайпалық қауымдар территориялық қауымға айналып біртіндеп, жерді бірігіп пайдаланудан жекеше пайдалануға көшкендігін байқаймыз. Қауым ішіндегі жерлерде жекелеген үлкен отбастарының бөліктері болды. Бұл қауымда, жерді жекеше пайдалану үшін, бөлу кезінде үстем таптың ролі жоғары болып, теңсіздік пайда болды.

Соған қарамастан қауымдық байланыс сақталды. Қауымдық байланысты сақтап қалуға маңызды рөл атқарған, ортақ суды пайдалану жүйесі болды. Суармалы жүйені шаруашылықта бірігіп пайдалану және бірігіп су бөлінісін жүргізу де қауымдық байланысты сақтаудың негізі тіректері ретінде көрінді.

Хаммурапи дәуіріндегі жерге меншіктігі бар, жер иеліктері жердің ерекше категориясы ретінде, аса маңызға ие болды. Қалай болғанда да Хаммураби Кодексі жердің бұл категориясына ерекше көңіл бөлгендігін көреміз, атап айтар болсақ, одан ертеректе болған суммерлік Кодекске қарағанда жеке жер иеліктерінің құқықтық нормаларын кеңітіп, оны дамытуға барынша күш салынды. Сонымен қатар, жекеменшіктегі жер иелігі құрамына түрлі құқықтық режімдегі жер иеліктері де кіретін болды.

Жекеменшік жер иелігі құрамындағы ең үлкен категорияны, сыйға берген жер құрайды. Бұл жерлер, патшаның шенеуніктері мен әскери қызметкерлерге “өзін асырауға” деп арнайы бөлінген жерлерге жатады. Олардың иелік жүргізу құқығы Хаммурапи Кодексінде толығымен көрсетіліп бекітілген. Бұл жекеменшік иелігі шартты болып есептелген. Себебі, бұл жеке меншік иелігі оның әскери қызметімен тікелей байланысты болды. Әскери қызметкердің ұлы, бұрыңғы әскери қызметте өз әкесінің қызметін жалғастырса ғана, аталған құқық сақталған. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген жағдайға қатысты иелікке берілген жерлер, толығымен азаматтық айналымға жаттапаған, одан шығарылып тасталған. Әскери қызметінің өтеуіне қатысты алған жерде өскен бау-бақшасы, сондай-ақ, мүліктері “илка” деп аталатын, сатуға, немесе басқа да жағдайда пайдаға асыруға әскери қызметкер құқылы емес еді. Жер иелігін шеттететін кез-келген мәміле заңсыз және жарамсыз деп танылды.

Жеке иеліктегі жерлердің екінші түрі - бұл салық алуға арналған жерлер, яғни мемлекеттік салық алу үшін жерге иелік жасатқан. Бұл жерлер де, иеліктен шығарылып, жоғарыдағы әскери қызметкер мен шенеуніктердің “илка” жеріне қатысты жасалған құқықтық ережелерге бағындырылған. Олар да әскери қызметкерлер мен шенеуніктер жерлеріне қатысты, Кодекстегі баптармен реттелген. Екеуінің айырмашылығы сол, арнайы көрсетілген мақсатта ғана болған. Біріншісінде, патшалық қызметтегі адалдығы үшін, яғни соны дұрыс атқарғаны жатса, екіншісі, салықтық жердің мақсаты, патша қазынасына салықтың дұрыс, уақытында түсіп тұруын қамтамасыз ету. Салықтық жерлер - бұл шаруа-қауымдастың жеке иелігіне арнайы бөлінген, жерлер және салық алу үшін анықталған жерлер. Ал соңында, жекеменшік иелігіндегі жерлерді түрін еркін сатуға болатын жер категориялары құрайды. Бұл жерлерді салықтық жерлерге қарама-қарсы қоюға болады. Себебі, міндетті етіп берілген жерге жеке меншіктік иелік етумен міндетті етіп берілмеген еркін жерге иелік ету, көп айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі азаматтық иеліктен тіптен шығарылмайды, ал екіншісі азаматтық айналымда болып еркін жүреді. Бұның барлығы, әскери қызметкердің әскери қызметі үшін, алған жерлерін және басқа да мүліктерін сатуға тыйым салатын Кодекс баптарында арнайы көрсетілген. Алайда, аталған субъектілер сатып алу және сату шарты арқылы, алған жерлерін еркін пайдалануға құқылы болған, оған Кодекстің өзінде де рұқсат берілген арнайы баптар бар.

Жерге байланысты құқықтық қатынастар, көне Вавилондағы жерге мемлекеттік меншіктің экономикалық мазмұнына байланысты айқындауға болады. Онда жерге мемлекеттік меншікті пайдаланудың арнайы экономикалық нысаны анықталып, оның басында Вавилон патшасының өзі тұрған. Мұндай жағдай ұжымдық құл иеленуге тікелей байланысты болды және жеке меншік құл иелену мен ұжымдық құл иеленудің тығыз байланысын көрсетеді. Сонымен қатар, көрсетілген экономикалық мазмұнға байланысты жер қатынастарының құқықтық мазмұны да толық айқындалды. Жоғарғы меншік иесі, шындығына келгенде жалғыз жеке меншік иесі, тек вавилон патшасы еді. Ал жекелеген қауымдастықтың және басқа да жер иелерінің жерге меншіктік құқығы мүлдем болмады, олар тек сол жерді арнайы рұқсатпен пайдалануға құқылы болды.

Сонымен, барлық мәселе жерге иелік ету жайында болып отыр, ал біздің пікірімізше жерді пайдалану құқығы ғана көрініс тапқан. Олай дейтініміз жерге билік, иелік жүргізу мәселесі арнай көрсетілмеген, тек қана жердің пайдалы қасиетін пайдалану мен одан кіріс кіргізу мәселесі ғана айтылған. Жерге меншік құқығының субъектісі тек вавилон патшасы, болғандықтан жерге қатысты барлық реттеу жүйесі, иелік ету құқығы соның қолында болды. Жер рентасы, соған сәйкес үстеме еңбектің пайдасына иелік жасап, оны жұмсау мүмкіншілігі де вавилон патшасының қолында болған.

Жекелеген жер иеленушілердің құқықтық мүмкіндігі, сондай-ақ қатар қауымдастықтың, храмдардың, жерге құқықтық мүмкіндігі жерді пайдаланудан ары аспайтын. Олар жерге жеке меншік құқығына ие болмайтын. Соның нәтижесінде жерге жеке меншік иеліктері барлар, өз қалауымен жерді пайдалануға құқықтары болмаған.

Тауар-ақша қатынасының прогрессивті дамуы, шаруалардың жерден біртіндеп айырылуы және дифференцияланып, таптардың ара жігінің айқындалуы - көне вавилон патшалығында арендалық (жалға беру) қатынастың дамуына ықпал жасады. Хаммураби Кодексіде жерді жалға беру туралы көптеген өзінің баптарын арнаған, онда екі жақтың құқықтық қарым-қатынасы кеңінен айтылған. Соның өзінде де, Кодекс әр уақытта жерді жалға беруші, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғауға ықыласты екенін көрсетіп отырды. Кодекс жерді жалға берудің түрлі формасын ұсынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Украинада жер кадастрының жүргізілуі
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу
Қазіргі кездегі жер салығының жағдайы және оның динамикасы
Жер кадастры туралы
Жерге меншік құқығының және өзге де құқықтардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Жермен жасалатын мәмілелердің ерекшеліктері
Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz