Уахабилік ағымы



1. Уахабилік қалыптасу кезеңі
2. Уахабилік ағымының қысқаша тарихы
3. Уахабиліктің негізін қалаушы Мұхаммед ибн Абдулуаһ
4. Уахабилік көзқрастары
5. Қазіргі кездегі Уаһһабилік
Уаһһабилік Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792) тарапынан Араб түбегіндегі басталған діни және саяи әрекет болып табылады. Бұл есім оларға қарсыластары тарапынан берілген. Мазхаб құрамына кіретіндер өздеріне муаһһидун (тауһидшылар) атын берді.
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, Ибн Таймия және Ибн Қайюм әл-Жаузияның пікірлерінің қатты әсер алды. Осы себепті уаһһабилік ханбалилік шеңберінде тауһид түсінігінің жаңа бір негізінде қалыптасқан жаңа бір әрекет болып табылады. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб 1744 жылы Мұхаммед ибн Саудпен келісе отырып өз көзқарастарын жая бастады. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың өлімінен кейін Мухаммед ибн Сауд және ұлы Абдулазиз заманында да уаһһабилер араб өлкелерінде жайылу мүмкіндігіне қол жеткізе алды. Уаһһабилік әрекеті Османлы мемлекетін ұзақ уақыт бойы мазалаған болатын. Соңында ІІ Махмуд, Мысыр әкімі Хауалалы Мехмед Али Пашаны ұлы Тосун басқаруындағы әскермен бірге 1813 жылы Мекке, Мадина және Тайфты уаһһабилердің билігінен арылдырды. Осыдан кейін бұл әскер Әмір Абдулазизге қарсы бет алып Абдулазизді өлтірді. Абдулазиздің өлімінен кейін уаһһабилер ауыр соққы алып, жеңіліске ұшырады. Соңында Мехмед Али Пашаның қолбасшысы Ибрахим Паша басқаруындағы әскери Абудалазиздің ұлы Абдуллаһ пен балаларын тұтқынға алып Стамбулға жіберді. Олар сол Стамбулда өлім жазасына кесілген болатын. Біраз жылдар өткен соң Сауд әулиетінен Түрки ибн Абдуллаһ Нәжд өлкесінде жаңадан әрекетке көшіп, 1821-ден 1891-ге дейін жалғасын тапқан екінші уаһһабилік мемлекетін құрды. Алайда кейінірек ағылшындардың көмегімен уаһһабилер мемлекет болып құрылуыда табысқа жетіп, 1927 жылы өз тәуелсіздіктерін жариялады. Уаһһаби идеологиясын иеленген және Хижазды өз биліктерінің астына алған бұл мемлекет Сауд Арабия патшалығы бүгінгі таңда әлі өз биліктерін жалғастырып келеді.
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, бүкіл жүйесін тауһид негізінің үстіне құрды. Оның пірінше тауһид Аллаһтың зати сипаттары мен оған жасалған құлшылықтарда бірлеу деп біледі. Тауһид сөзін тілмен ғана айту жеткіліксіз, мұнымен бірге құлшылықта да Аллаһқа ешбір серік қоспау керек. Тауһидті осы үш тармақпен бірлестірмейінше сенім орнықпайды. Аллаһқа құлшылық тікелей жасалу керек. Муршид, шейх, әулие секілді арашы қою шірк. Тауһидқа осы секілде сенбегеннің малы мен жаны адал болып табылады дейді. Амалдар иманның бір бөлігі. Аллаһтың аяттарында және Пайғамбарымыз (с.а.у.) сүннеттерінде табылмаған әр бір діни бір жаңалық яғни бидғат. Сондықтан та мазардың басында жасау мен оларға құрбант атау және оларды зиярат ету күпірлік. Тұмар тағу, қол сүю, мойын ию, әулие қабірі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сақалын зиярат ету, мауліт және қасида оқу, аспап шалу және әуен тыңдау бидғат. Уаһһабилік Сауд Арабияның ресми мазхабы. Сауд Арабия, сәләфилік атымен Индонезия, Малайзия, Орта Азия, араб өлкелерінде бұл мазхабты кеңінен жаюға тырысуда.
Уаһһаби аты бұл әрекетке жақтастары тарапынан негізгі дінгегін қуалаушысы Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб атына негізделіп берілді. Уаһһабилікке түрік тарихында атақты Осман дәулеті халифаларына көтерілісте жасап қарсы шығулары, амалдарды иманнан деп біліп үлкен күнә жасағандарды кәпір деп санаулары және қорлық зомбылықты қолданғандықтары себепті харижилік деп те атаған. Уаһһабилер аз уақыттың ішінде саяси орын ала білді. Соңғы кездері бұл мазхабтың жақтастары алғашқы үш нәсілдің (сахаба, табиғин және кейінгі нәсілдер) діни көзқарастары мен ұстанымдарына қайтадан оралу мақсатымен сәләфия есімін қолдана бастады. Уаһһабилік ортаға шығуында аз уақыттың ішін саяси бір жетістікке жеттті. Араб түбегіндегі тайпаларға өз биліктерін құра отырып, Әмір Мухаммед ибн Сауд жетекшілігінде мемлекет құрды.
1. А.Әділбаев.Ш.Әділбаева. Абу Ханифа және Ханафи мазхабы. А.2011.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Лекция тақырыбы: Уахабилік ағымы

Лекция мақсаты:
Лекция жоспары:
1. Уахабилік қалыптасу кезеңі
2. Уахабилік ағымының қысқаша тарихы
3. Уахабиліктің негізін қалаушы Мұхаммед ибн Абдулуаһ
4. Уахабилік көзқрастары
5. Қазіргі кездегі Уаһһабилік

1. Уаһһабилік қалыптасу кезеңі
Уаһһабилік Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792) тарапынан Араб
түбегіндегі басталған діни және саяи әрекет болып табылады. Бұл есім оларға
қарсыластары тарапынан берілген. Мазхаб құрамына кіретіндер өздеріне
муаһһидун (тауһидшылар) атын берді.
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, Ибн Таймия және Ибн Қайюм әл-Жаузияның
пікірлерінің қатты әсер алды. Осы себепті уаһһабилік ханбалилік шеңберінде
тауһид түсінігінің жаңа бір негізінде қалыптасқан жаңа бір әрекет болып
табылады. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб 1744 жылы Мұхаммед ибн Саудпен келісе
отырып өз көзқарастарын жая бастады. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың өлімінен
кейін Мухаммед ибн Сауд және ұлы Абдулазиз заманында да уаһһабилер араб
өлкелерінде жайылу мүмкіндігіне қол жеткізе алды. Уаһһабилік әрекеті
Османлы мемлекетін ұзақ уақыт бойы мазалаған болатын. Соңында ІІ Махмуд,
Мысыр әкімі Хауалалы Мехмед Али Пашаны ұлы Тосун басқаруындағы әскермен
бірге 1813 жылы Мекке, Мадина және Тайфты уаһһабилердің билігінен
арылдырды. Осыдан кейін бұл әскер Әмір Абдулазизге қарсы бет алып
Абдулазизді өлтірді. Абдулазиздің өлімінен кейін уаһһабилер ауыр соққы
алып, жеңіліске ұшырады. Соңында Мехмед Али Пашаның қолбасшысы Ибрахим Паша
басқаруындағы әскери Абудалазиздің ұлы Абдуллаһ пен балаларын тұтқынға алып
Стамбулға жіберді. Олар сол Стамбулда өлім жазасына кесілген болатын. Біраз
жылдар өткен соң Сауд әулиетінен Түрки ибн Абдуллаһ Нәжд өлкесінде жаңадан
әрекетке көшіп, 1821-ден 1891-ге дейін жалғасын тапқан екінші уаһһабилік
мемлекетін құрды. Алайда кейінірек ағылшындардың көмегімен уаһһабилер
мемлекет болып құрылуыда табысқа жетіп, 1927 жылы өз тәуелсіздіктерін
жариялады. Уаһһаби идеологиясын иеленген және Хижазды өз биліктерінің
астына алған бұл мемлекет Сауд Арабия патшалығы бүгінгі таңда әлі өз
биліктерін жалғастырып келеді.
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, бүкіл жүйесін тауһид негізінің үстіне
құрды. Оның пірінше тауһид Аллаһтың зати сипаттары мен оған жасалған
құлшылықтарда бірлеу деп біледі. Тауһид сөзін тілмен ғана айту жеткіліксіз,
мұнымен бірге құлшылықта да Аллаһқа ешбір серік қоспау керек. Тауһидті осы
үш тармақпен бірлестірмейінше сенім орнықпайды. Аллаһқа құлшылық тікелей
жасалу керек. Муршид, шейх, әулие секілді арашы қою шірк. Тауһидқа осы
секілде сенбегеннің малы мен жаны адал болып табылады дейді. Амалдар
иманның бір бөлігі. Аллаһтың аяттарында және Пайғамбарымыз (с.а.у.)
сүннеттерінде табылмаған әр бір діни бір жаңалық яғни бидғат. Сондықтан та
мазардың басында жасау мен оларға құрбант атау және оларды зиярат ету
күпірлік. Тұмар тағу, қол сүю, мойын ию, әулие қабірі, Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) сақалын зиярат ету, мауліт және қасида оқу, аспап шалу және әуен
тыңдау бидғат. Уаһһабилік Сауд Арабияның ресми мазхабы. Сауд Арабия,
сәләфилік атымен Индонезия, Малайзия, Орта Азия, араб өлкелерінде бұл
мазхабты кеңінен жаюға тырысуда.
Уаһһаби аты бұл әрекетке жақтастары тарапынан негізгі дінгегін
қуалаушысы Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб атына негізделіп берілді. Уаһһабилікке
түрік тарихында атақты Осман дәулеті халифаларына көтерілісте жасап қарсы
шығулары, амалдарды иманнан деп біліп үлкен күнә жасағандарды кәпір деп
санаулары және қорлық зомбылықты қолданғандықтары себепті харижилік деп те
атаған. Уаһһабилер аз уақыттың ішінде саяси орын ала білді. Соңғы кездері
бұл мазхабтың жақтастары алғашқы үш нәсілдің (сахаба, табиғин және кейінгі
нәсілдер) діни көзқарастары мен ұстанымдарына қайтадан оралу мақсатымен
сәләфия есімін қолдана бастады. Уаһһабилік ортаға шығуында аз уақыттың ішін
саяси бір жетістікке жеттті. Араб түбегіндегі тайпаларға өз биліктерін құра
отырып, Әмір Мухаммед ибн Сауд жетекшілігінде мемлекет құрды.
2. Қысқаша тарихы
Уаһһабилік сол дәуірдің саяси, әскери, экономикалық, географиялық
діни оқиғаларының нәтижесінде діни әрі саяси бір әрекет болып табылады.
Осман мемлекеті XVIII ғасырда саяси экономикалық және әскери алаңдарда
үлкен қиыншылықтармен күрделі мәселелер қарсысында өте маңызды
жауапкершіліктермен бетпе-бет қалды. Солтүстігінде орыстар болған және
жылдар бойы жалғасын тапқан соғыстар, оңтүстігінде болса француздар,
италиялық және ағышындардың қанаушылық әрекеттері Османлы мемлекетін
әлсіретіп жіберді. Мысыр мен Қырым осы кезеңде Османлы мемлекетінің арасы
кесіліп қалды. Осы себепті жалпы түбегінде айрықша айтар болсақ Хижаз
өлкесінде ағылшын мен француздардың қолдауымен орын алып жатқан саяси
жағдайларды және шөлдегі бадауи өмір сүріп жатқан арап тайпаларын бақылап
отыру өте қиындата түсті. Өлкеде құрылған саяси басақурдың жоқ екенін
білген араб тайпалары, шет мемлекеттердің қолдауын ала отырып, Османлы
мемлекетінен бөлініп, мемлекет құру әректіне көшті. Батыс мемлекеттері бұл
жағдайды жылдамдату үшін Османлы мемлекетін олардың назарында күш көрсетіп
жатқандай көрсетуге тырысты. Мұның нәтижесінде Османлы мемлекетіне деген
қарсыластар және түріктерге деген дұшпандық дайында еш негізсіз араб
ұлтшылдығы күшейе бастады. Бұл уаһһабиліктің ортаға шығуына және Мухаммед
ибн Саудтың көмегімен мемлекеттің ресми мазхабы келуін жылдамдата түсті.
Уаһһабиліктің ортаға шығуындағы екінші себеп араб түбегінде және Нәжд
өлкесіндегілердің бәдәуилік мінез-құлқымен сол ортаның өмір сүріп жатқан
географиялық шарттары болатын. Бұл өлкедегі араб тайпалары шөлдің қиын
шарттарында өмір сүріп жатқан. Бұл адамдар әмірге мойынсұну мен тәртіпке
бағынуды өте жек көретін, батырлық, жомарттық және өзгені қорқытумен мақтан
тұтатын сипатқа ие кісілер болатын. Бүлік шығаруға бір табан жақын
жаратылыстарымен географиялық ортаның тудырған күйзелістердің шығуына
байланысты бұл көпшілік тайпа арасында тұрақты бір бейбітшілік тыныштықты
сақтау қиын соға түсті. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб осындай бір ортамда өмір
сүріп жетілген әрі Тәмим тайпасынан шыққан кісі болатын. Осман мемлекетінің
үкіметі бұл тайпаларға ақшалай сыйлықтар мен мал-мүліктер жіберу арқылы
бұлардың назарын өздеріне қарата алса да беделді басшылықтың орнының
бостығына пайда бола бастаған кезеңдерде мұны игеру мүмкін болмады. Мұнымен
бірге жылдам әрекет қабілеті ие бұл тайпаларды әскери жолмен бақылап,
басқаруда өте қиын еді. Бұлар қысқаша айтар болсақ өз басына әмір беретін
патшалар секілді өмір сүруге үйрен тайпалар болатын. Бақылауға көнбейтін
бәдәуи ұстанымы діни жиһадқа деген жақынтарымен соғыстан келетін олжаға
деген қызығушылықтың бірлесуімен өлкеде жаңадан саяси және діни
әрекеттердің жеміс болуына жол ашты (Әжәр, 1985, 17-19).
Уаһһабиліктің ортаға шығуында негізгі әсері болған ең маңызды
себептертің бірі Ислам әлемінде айрықша айтар болсақ Хижаз өлкесінде кең
жайылған дін түсінігі еді. Сопылық халық арасында жоғарғы дәрежеде ахлақи
тұрғыдан құлдыраумен бірге әртүрлі діннің бидғаттармен амал етуде діннің
әмірлері секілді ұстана бастаған еді. Уаһһабилік шиаларда және сунни халық
аймағында имамдардың және рухани күштерге ие болғандығына сенулері,
мазарларына шектен тыс құрмет көрсетулері және ол жерлерде намаз оқуларына
қарсылықтарын білдірген бір әрекет ретінде сандары көбейе түсті. Себебі бұл
өлкеде өте қатты бір діндарлық ұстанымға ие ретінде танылған хадис
тараптарларына дейін баратын ханбалилік мазхабының үкімі үстем болатын. ол
жерде Ахмет ибн Ханбал және оның көзқарастарын жалғастырған Ибн Таймия мен
Ибн Қайюм әл-Жаузияның пікірлері бойынша діни өмірдің іргегі қалыптасуда
еді. Ибн Таймияның ақылға салушылармен халық сопылылығының бидғаттарға
сарылулары Ислам жамағаттарының ахлақи шөгуіне себеп болып жатқанына
байланысты айтқан сындары Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб әрекеттеріне дем
бергендей қайтадан әрекетке көшулеріне себеп болды. Ханбалилердің арасында
оны құптаған тек қана Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб емес еді. Одан басқада
көптеген адамдар бұл көзқарасты иемденді. Бәдәуилердің көпшілігі ханбали
мазхабынан болатын. бұл түсінік бойынша муташабих аяттар ақыл жүгірту
жолымен немесе жорамалданбайды. Олардың мағынасын тек қана Аллаһ біледі.
Діннің негіздері Құран және сәләфтің жүзеге асырғандарындай белгіленеді.
Бұл мәселелерде кәләм және ой жүгірту жолына жүгінбейді. Ақыл жүгірту,
истидләл, қияс, рей және ижтихадпен ортаға қойылған пікір сенім және оны
іске асырулар бидғат болады. Аллаһты аты және сипаттары айтылғандығы
секілді қабыл етіледі (Юракан, 1953, 1, 51, 55-56, 59).

3. Уахабиліктің негізін қалаушы Мұхаммед ибн Абдулуаһ
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб Араб мемлекетінің Нәжд өлкесінде Риядқа 70 км.
ұзақтықта орналасқан Уйайна ауылында дүниеге келген. Әкесі араб
тайпаларының алдыңғы қатарлы кісілерінің бірі болып Тәмим тегінен шыққан
Абдулуаһһа ибн Сүлеймен деген адам болатын. Әкесі патуа беретін дәрежедегі
ұстаз бола отырып шәкірт тәрбиелеп, сабақ беретін және қазылық қызметтерін
атқарған кісі болған еді. Жастайынан бастап хадис, тәпсір және ақйд
кітаптарымен көп шұғылданған ол ханбали фикхын және сәләф мазхабының
негізгі қағидаларын әкесінен үйренді. Кейіннен қажылық құлшылығын орындау
үшін Мекке барып, одан кейін Мадина қаласына өтті. Мадиналық ғалымдардан
–Абдуллаһ ибн Сәйф ән-Нәжди, Сүлеймен әр-Курди, Мухаммед Хаят әс-Синдм және
басқа да көптеген ғалым кісілерден сабақ алды. Ол жерде адамдардың Хазіреті
Пайғамбардың (с.а.у.) қабірін зиярат еткендерін және одан жәрдем
тілегендерін көргенде оларға қарсы шыға отырып сын айта бастады. Өйткені
оның көзқарасы бойынша бұл істеліп жатқан істер тауһидке қарама-қайшы
болатын. Олар мұқтаждықтарын тек қана Аллаһтан сұрау керек еді.
Ол жерден Нәждке қай оралғаннан соң Басраға, кейінірек Шамға барды.
Басрада 4 жыл қалған Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб Ибн Таймия мен Ибн Қайюм әл-
Жаузияның кітаптарын оқып, әрі олардың пікірлерін терең зерттеді. Басралық
ғалымдар пікірталаст болды және әш-Шейх Мухаммед әл-Мәжмуйиден діни
сабақтар алды. Тауһид жайындағы көзқарастарын осы жерде түсіндіре бастаған
болатын. мұсылмандар діндерін тікелей Аллаһтың кітабы мен елшісінің
кітабынан үйрену керек екендігін айтты. Бұл жерден кейін Бағдатқа барып,
кейінірек Иранның Исфахан қаласына өтті. Ол жердегі ғалымдардың мәшшәй және
ишрақи философия мен сопылық сабақтарын алды (Әжәр, 2001, 51-52; Фығлалы,
1996, 97).
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб 11311726 жылы Риядтың солтүстігіндегі
Һуреймия қалашығына барды. Ол өз пікірлерін тереңдей ашықтайтын маңызды
кітаптардың бірі Китабуд –Тауһидті 14-15 жыл бойы осы қалала қалып, жазды.
Әкесінің қайтыс болғанынан кейін ол жерде жақсылықты әмір ету және
жамандықтан сақтандыру жайлы көптеген қызметтер атқарды. Халықтың қарсылығы
туындауына байланысты Уйайнаға қайта көшіп барды. қаланың әміршісі болып
табылатын Осман ибн Халид ибн Муаммарға өз көзқарастарын түсіндіре отырып
оны өз жақтастарының қатарына қоса білді. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың
қалауы бойынша Осман ибн Халид Дәрйияға және Уйейна арасындағы әл-Жәбилә
атты ауылдағы сахаба Зәйд бин Хаттаптың зиратын зиярат етушелердің шектен
тыс көп баруына байланысты әрі Ислам тауһидіне теріс келгендіктен
бидғаттардың жайылуына адамдардың діннен шығуына себеп болып жатыр деген
сылтаумен қиратып, айналасындағы ағаштарды кестіріп тастайды. Бұл оқиғаға
Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың өзі де қатысқандығы жайлы айтылады. Ол бұл
оқиғаның әсерінен қысқа бір уақыттың ішінде халық арасында танымал болды.
Қазы болып патуа беруге кірісті. Мұнымен қоса пікірлерін сөзбен, кітап және
хаттармен жаюмен қанағат тұтпай, іске асыруға әрі зорлықпен орындатуға
көшті. Оның саяси қолдауды пана тұта отырып пікірлерін зорлықпен және күш
көрсете отырып қабыл еттіруге кірісуі халық арасында қорқыныш пен үрейге
және тыныштықтың бұзылуына себеп болды. Халық Нәждтің алдыңғы қатарлы
тайпаларының бірінен болған Халид ұлдарының басшысы Сүлеймен ибн Үрейирге
шағымданды. Сүлеймен, Уйейна әмірінен оның өлтірілуін немесе жер аударылуын
талап етті. Осыған байланысты Уйейна әмірі, өзін қорғай алмайтындығын айта
отырып Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтан қаланы тәрк ету керек екендігін айтты.
Ол да қаланы тәрк ете отырып өзін бұл қауіп қатерден қорғайтын, әрі
қолқабыс болатын кісіні іздеп табу үмітімен Риядқа жақын жерде орналасқан
Дәрийя қалашығына барды. Ол жерде Мұхаммед ибн Саудпен Аллаһ жолында жиһад
ету, тауһид үстем қылу және бір-біріне көмектесу үшін 11571744 жылы
келісім жасады. Осылайша уаһһаби көзқарасымен ұстанатын мемлекеттің
іргетасын құрылған еді. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб пікірлерін жаю үшін өзіне
қол-қабыс болатын күшті бір қолдаушы тапқан болатын. Мухаммед ибн Сауд
болса бұл пікірлердің жайылуына деген мүмкіндікпен қолдау арқылы өз
ықпалдылығын кеңейте отырып Араб түбегіне ие болу мүмкіндігіне
қолжеткізген еді (Әжәр 2001, 52-55; Фығлалы, 1996, 97-98). Мұхаммед ибн
Абдулуаһһабтың пікірлерін Дәрийя әмірі болған Мухаммед ибн Сауд тарапынан
қолдауымен саяси бір әрекет сипатына ие болды. Себебі Мұхаммед ибн
Абдулуаһһаб адамдардың шірк ішінде жүргендерін бұлардың жандары мен
малдарының өзінің жақтастарына адал екендігін айтты. Әміршісі Мухаммед ибн
Сауд осы патуаның арқасында олжаға деген қызықтырумен жақтастарын
көбейтіп, күшейте түсті. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың өлімінен кейін бұл
әрекеттің саяси сипаты одан сайын алар орны тереңдей түсті. Мухаммед ибн
Сауд кезеңінде басталған жерге ие болу әрекеттері 1776 жылы қайтыс
болғаннан кейін ұлы Абдулазиз заманында да жағасын тапты. ХІХ ғасырдың
басында уаһһабилік атымен әрекет еткен Сауд әмірлігі Халабтан: Үнді
мұхитына Басра шығанағы мен Ирак шекарасына Қызыл теңізге дейін жайылған
болатын. Уаһһабилік әрекет Османлы мемлекеті үшін маңызды бір күрделі
мәселеге айналды. Осыған байланысты Османлының патшасы ІІ Махмуд, Мысыр
басшысы Хауалалы ІІ Мехмед Али Пашаны бұл мәселені шешу үшін сайлады.
Мехмед Али Паша ұлы Тосунның басқаруындағы әскермен 1812 -1813 жылдар
аралығында Мекке, Мадина және Тайфты уаһһабилерлдің билігенен құтқарды.
Бұдан кейін бұл өлкенің әміршісі Абдулазизге қарсы соғысты. Әмірші
Абдулазиздің 1814 жылы қайтыс болғандығына байланысты уаһһабилер қатты
соққы алып, ауыр жеңіліске ұшырады. Мехмед Али Пашаның қолбасшысы Ибрахим
Паша Абдулазиздің орнына келген ұлы Абдуллаһ пен балаларын тұтқынға алып
Стамбулға жіберді. Олар 1819 жылы желтоқсан айында Стамбул қаласында дарға
асылып өлтірілді. Осылайша уаһһабиліктің алғашқы кезеңі жабылған болатын.
Соғыс кезеңінде қашып құтылып кеткен Сауд жанұясына Түрік Ибн
Абдуллаһ, Нәжд өлкесінде қайтадан әрекетке кірісіп 1821 жылдан бастап 1891-
ге дейін жалғасын тапқан екінші уаһһаби мемлекетін құра білді. Одан кейін
біраз қарсыласу мен көтерілістер болса да Сауд жанұясынан Абдулазиз ибн
Сауд 1901 жылы уаһһаби мемлекетін қайтадан құрды. Үндістандағы ағылшын
басқаруының да қолдауын алған Абдулазиз ибн Сауд 1916 жылы желтоқсан айының
26 жұлдызында келісім шартпен ағылшындардың жеке пікірі бойынша Нәжд, Хаса,
Катиб, Жубәйл және өзіне тиесілі болған өлкелердің әкімі болып сайланды.
Бұл келіссөздерде Абдулазиз, бұл жерлерде өзінен кейін мирас жолымен
балаларына қадыра алатындығы және өзінің таңдаған жерлерде басқаруда
ағылшындарға тәуелді болатындығы жазылған болатын. Осман дәулетінің
жеңілісімен біткен бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін уаһһабилер 1921
-1925 арасында Хайл, Тайф, Мекке, Мадина және Жидда қалаларын өз
қармақтарына алды. Абдулазиз ибн Сауд 1926 жылы қаңтар айында Нәжд және
Хижаз патшасы болып тағайындалды. 1927 жылы 20 мамырда Англиямен жасалған
келіссөз арқылы өз тәуелсіздіктерін жариялады. Абдулазиз ибн Сауд 1932
қыркүйек айының 18-де лауазымын Сауд Араб патшасы ретінде ауыстырды. 1953
жылы қараша айының 4 күні қайтыс болды. Ол қайтыс болған күніне дейін Сауд
Арабияның патшасы ретінде Хижазда өз егемендігіне алды. Құрылған
бауырластық (ихуан) бірлігімен, бәдәуи жергілікті өмір сүру негізіне
көшіріле отырып білім беру орталықтарында оқытылып әрі әскерлікке алына
бастады. Осы жолмен уаһһабилік куәлігі жасалып аумақтағы тайпаларды өз
бақылауына алды. Бұл мемлекет Сауд Арабия патшалығы атымен қазіргі таңда да
өз іс-әрекеттерін жалғастыруда (Фығлалы, 1996, 99-100. Айрықша кең көлемді
мағлұмат үшін қараңыз: Әжәр, 2000, 115-174).

4. Уаһһабилік көзқарастар
Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың өзіне тән пікірлерінің қалыптастыруында
ханбалилердің ақыл –есті қолдануын қабыл етпеуі және бидғаттарға қарсы
соғыс пікірі, мәтіндерді сыртқы көріністеріне қарай жорамалдау, қатал және
қатып қалған діндарлықпен амалдарды иманнан деп білген түсінігі өте қатты
әсері болды. Әсіресе уаһһабилердің аят пен хадистерді сыртқы көріністерімен
амал етулерінде ханбали методикасын жүргізген Ибн Таймияның шектен тыс
пікірлері әсерін тигізген болатын. Мұнымен бірге Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб
кейбір негіздерде сәләф, ал кейбір негіздерде Ахмед ибн Ханбал және Ибн
Таймиядан бөлініп, өзіне тән пікірлерді ортаға шығарды (Юракан, 1953, 1,
51, 55-56, 59). Осыған байланысты уаһһабиліктің тауһидтік және саяси
көзқарастарының негізімен бастау бұлағы Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың тауһид
түсінігі және оның айналасындағы серік қосу, бидғат және шапағат
көзқарастарынан құралады.

Тауһид: Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың пікірінше, құлшылықта Аллаһты бір
деп тану мағынасындағы тауһид Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) ең үлкен
парызы. Намаздан, оразадан және зекеттен ең үстім болып табылады. Аллаһ
елшісінің білдірген парыздарының бірін қабылдамаған кәпір болатындығы
секілді, бүкіл пайғамбарлардың жолы болған тауһидті қабыл етпегенде кәпір
болады (Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, 1988, 22). Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб
тауһид түсінігін көптеген аяттар мен хадистер арқылы дәлелдеуде. Бұл
аяттардың кейбірі мыналар: Аллаһ өзіне серік қосушыны әрине кешірмейді.
Бұдан басқаларын қалағанын кешіреді (Ниса сүресі, 116). (Ей Мұхаммед):
Менің жолым осы Аллаһқа қарай шақырамын. Мен және маған ергендер ашық дәлел
үстінде. Аллаһты пәктеймін. Сондай-ақ серік қосушылардан емеспін-де (Юсуф
сүресі, 108). Ал бетіңді ханиф (нағыз бірыңғай Аллаһты бірлеу) дініне
бетіңді бұр. Серік қосушылардан болма. Және Аллаһтан басқа саған пайда,
зиян келтірмейтін нәрселерге жалбарынба. Егер мұны істесең, онда күдіксіз
сен залымдардан боласың. Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны
Аллаһтан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оның
кеңшілігінде қарсы келетін жоқ (Юнус сүресі, 105-106). Кейбір хадистерде
де тауһид жайында тоқталған: Аллаһқа ешнәрсені серік етпей қайтыс болған
кісі жаннатқа кіреді. Аллаһқа бір нәрсені серік қосып қайтыс болған адам
да тозаққа кіреді, лә иләһә иллаллаһ деген және Аллаһтан бастақа құлшылық
етілетін нәрсе танымаған адамның мал-мүлкі және қаны харам. Оның есебі де
Аллаһқа тән.
Жоғарыда айтылған аят пен хадистерде Аллаһтың бірлігін білу, оны
тілмен айту және оған сену керектігін білдіру барысында Мұхаммед ибн
Абдулуаһһаб тауһид үшін бұларды жеткілікті деп санамайды. Оның пікірінше
тауһид сөзі (Лә иләһә иллаллаһ) тек тілмен айту адамның жаны мен малының
қорғалуы үшін жеткіліксіз. Тіпті калима тауһидтің сөздік мағынасын білу,
мойындау , серігі болмаған бір Аллаһға құлшылық етудің де Аллаһтан басқа
құлшылық ететін нәрселерді тәрк етпейінше бір мағынасы жоқ тауһид, тілмен
айту жүрекпен бекітуден ғана тұрмайды, оның амал ету жағы да бар. Осыған
байланысты тауһид жүрек, тіл және амалмен болуы тиіс. Бұлардың бірі кем
болса адам мұсылман саналмайды. Мәселен тауһидті білсе және онымен амал
етпесе перғауын, ібліс секілді кәпір мойынсұнбаушы болып табылады (Мұхаммед
ибн Абдулуаһһаб, 1984, 40; Әжәр, 2000, 64-66; Фығлалы, 1996, 101). Мұхаммед
ибн Абдулуаһһаб, тауөидті Аллаһқа ғибадат ету, тағуыттан алыс болу түрінде
ашықтаған. Оның пікірі бойынша тауһид Раббани сипатында Аллаһты бірлеу
(Тауһидур Рубубия), тәңірлікте Аллаһты бірлеу (Тауһидул Улуһия) және зат
пен сипаттарында Аллаһты бірлеу (Тауһидуз Зат уас-Сипат) болып үшке
бөлінеді.
Раб болуда Аллаһты бірлеу: Аллаһты өз іс-әрекеттерімен бірлеу
мағынасын береді. Аллаһты білу және мойындау жеткілікті емес білгенімен
амал етуде керек. Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) оны осы түрде бірлеуде
еді. Алайда бұл оларды Исламға кіргізбеді. Тіпті Аллаһтың Елшісі олардың
жаны мен малын ажал деп септеп оларға қарсы соғысты. Осы себептен Аллаһтың
кітабы мен Пайғамбардың (с.а.у.) сүннетімен жүру және мұның тысындағы басқа
бидғаттарды танымау тауһидтың бір түрі болып саналады. Құлдың амалымен
Аллаһты бірлеуіне –амали тауһид делінеді. Иман мен күпірді айыратын амалды
тауһид болып табылады. Бұл тауһидты орындамаған кәпір болып, мұндайлардың
малы мен жаны муаһидтерге адал болады. Тәңірлікте Аллаһты бірлеу болса,
Аллаһты құлдардың амалымен бірлеуі деген сөз. Бұл тек Оған дұға ету, Одан
тілу, Ол үшін құрбан шалу, Одан қорқу, Оған сену және бұл істерде серігі
болмаған Аллаһтан басқасына жасалмауы арқылы болады. Аллаһтан басқасынан
жәрдем сұраған, Аллаһты басқасы үшін құрбан шалғар және нәзір құрбанын
берген кәпір болады. Затымен сипатында Аллаһты бірлеу деген сөз –Аллаһты
заты, сипаты және есімдерімен ешнәрсеге ұқсатпауға айтылады. Аллаһтың өзі
үшін қолданған және сипаттарының тысында есім және сипат бермеу жатады
(Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, 1988, 36-38; Әжәр, 2000, 68-69).

Ширк (Серік қосу): Тауһидпен байланыстырылған тақырыптардың басында
серік қосу тақырыбы орын алады. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың пікірі бойынша,
шірк таухидтің антонимі. Шірк үлкен, кіші және жасырын болып үшке бөлінеді.
Үлкен шірк – Аллаһқа серік қосу. Мұныңда түрлері бар. Бұлардың біріншісі
адамдардың басына қиындық келген кездерде Аллаһтан жәрдем сұрап, оған дұға
етулері. Ал қиыншылықтан құтылғаннан кейін оны ұмытып кетуі жатады. Алғашқы
мүшріктер, жалғыз, бос және уайымсыз болған кездерінде серік қосып,
періштелерге, әулиелерге және пұттарға жалбарынатын. Қиналған кездерінде
болса тек Аллаһқа бар ықыласымен жалбарынып, қалауларын тек Одан сұрайтын
(Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, 1988, 5-6). Екінші түрі дүниелік нәрсені сұрап,
дүниені ақыреттен артық көру шірігі. Үшіншісі болса дінбасылар мен әулие-
сәуегейлерге бас ию жатады. Дінбасылары мен әулиелерді Раб қылғанлардың,
күнәлі істерде оларға мойынсұнғандықтары да ғибадаттың бір түрі болып
табылады. Төртіншісі махаббаттағы шірк. Яғни адамдардың қосқан серіктерін,
Аллаһты сүйетіндей сүю. Кіші шірк болса –рия (көз бояушылық) жатады.көзге
көріну үшін Аллаһқа құлшылық қылу. Жасырын шіркті айтатын болсақ,
адамдардың шірктің арасында бола тұра серік қосқандарын білмейді. Мұхаммед
ибн Абдулуаһһаб, өзінің заманындағы адамдардың шірігін надандық кезіндегі
арабтардың жасаған шірігімен салыстыру отырып, алдыңғылардың шірігін жеңіл
деп білген. Надандық дәуірі және Пайғамбардың (с.а.у.) дәуірімен салыстыру
ол үшін маңызды орын алады. Аят пен хадистерден жолға шыға отырып өзінің
дәуіріндегі шіркті былай деп ашықтайды: Аллаһ елшісінің соғыс жариялаған
мүшріктерінің босқа уақыттарында Аллаһтан басқасына сиынып, қиыншылық
уақыттарында болса серік қосқан тәңірлерін ұмытып, тек Аллаһқа бет бұрып
және оған серік қоспағандықтарын түсінген адам, дәуіріміздегі шірк пен
бұрынғылардың шірігі арасында айырмашылықтарды түсінер еді. Алғашқы
кезеңдегі мүшріктер, Аллаһқа және Аллаһқа құлшылық қылған, оның әміріне бас
иген пайғамбарлар, әулиелерге, періштелерге және тастар мен ағаштарға
сиынушы еді. Бұлардың ешбірі Аллаһқа қарсы келмейтін. Дәуіріміздегі
мүшріктер болса Аллаһпен бірге пасықтардың ең үлкендеріне де жалбарынып,
оларды ұлықтауда. Олар шеттен шығушы, зина жасаушылар, ұрлық қылушылар,
намаз оқымайтындар және тағы сол секілді кісілер. Салих адамға не болмаса
тас пен ағаш секілді Аллаһқа қарсы келмеушілерге сиыну, ашық түрде
пасықтығымен бұзақы болғандарға жалбарынып, бір нәрсе тілеуден әлде қайда
жеңілірек деді. (Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, 1988, 19-20).

Күпірлік пен мұнафықтық: Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың пікірі бойынша,
күпірлік үлкен және кіші болып екіге бөлінеді. Үлкен күпірлік діннен
шығарушы, кіші күпірлік болса діннен шығармайтын күпірлік. Бұған нығмет
күпірі деп те айтылады. Үлкен күпірліктің жоққа шығарылу, кібірлену, күмән
немесе күдік, бет бұру, мұнафықтық секілді түрлері бар. Мұнафықтықта болса,
сенімдегі және амалдағы болып екіге бөлінеді. Сенмідегі мұнафықтық
пайғамбарды жоққа шығару немесе оның жеткізгендерін жоққа шығару,
пайғамбардың дінінің кері шегінуіне қуану немесе жеңісіне мұңаюға айтылады.
Амалдағы мұнафықтыққа келетін болсақ, сөзі мен амалындағы екі жүзділікке
айтамыз. Сөзі мен амалының сәйкес келмеуі. Мысалы, сөйлегенде өтірік
сөйлеу, сөз беріп, орындамау, аманатқа қиянат қылу және сол секілді тағы
басқалар (Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, 1988, 19-20).

Шапағат және тәууәссул: Шапағат –біреудің кешірімі үшін араға түсу
дегенді білдіреді. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың пікірі бойынша, шапағат ету
құқығы мен шапағатқа рұқсат беру құқықғы тек Аллаһқа тән. Осыған байланысты
Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.), әулиелерден, Аллаһтан басқасынан шапағат
сұрауға болмайды. Сондықтан Хазіреті Пайғамбардан (с.а.у.) тікелей шапағат
сұрау оны Аллаһқа серік қосу болып саналады. Осылайша ісатегендіктері үшін
де мүшріктер Аллаһты қабыл етумен қоса періштелерді және пұттарды шапағатшы
етіп қабылдағандықтары үшін мүшрік болған еді. Негізінде Мұхаммед ибн
Абдулуаһһаб, Аллаһтан басқасынан шапағат сұрауды және Аллаһтың кешірімі
үшін араға түскенді қабыл етпейді. Алайда Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.)
шапағат етуін қабыл етеді. Бұл көзқарасын былай деп ашықтауда: Олай болса,
шапағатты Аллаһтан сұра және былай де: Аллаһым! Мені оның шапағатынан
мақрұм етпе! Аллаһым! Оны маған шапағатшы қыл... Егер Хазіреті Пайғамбарға
(с.а.у.) шапағат ету рұқсат берілген, мен де одан Аллаһтың оған бергенін
сұраймын десе, оған мына жауапты айт: Аллаһ оған берген, бірақ сені бұдан
тыйған. Өйткені Аллаһ: Аллаһпен қоса ешкімді шақырмаңдар (Жын сүресі, 18)
деген. Егер Пайғамбарыңның саған шапағатшы болуын қаласаң, оған мойынсұн
және әмірін орында. Онымен қоса пайғамбарлардан басқа мысалы періштелерге,
әулиелерге, саби кезінен шетінеген балаларға да шапағат ету рұқсат
етілген. Осы жағдайда сен: Аллаһ оларға шапағат ету рұқсатын берген, мен
олардан осыны сұраймын дей аласың ба? Егер ия десең, Аллаһтың кітабында
айтылып өткен жақсы адамдарға құлшылық қылу мағынасын бересін. Егер жоқ
десең, Аллаһ шапағат етуді оған рұқсат (негігі мәтінінде рұқсат сөзі
өтпеген) берген. Мен одан Аллаһтың оған бергенін сұраймын – түріндегі
сөзіңді жоққа шығарған боласың (Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, 1988, 16;
Фығлалы, 1996, 105). Уаһһабилердің пікірінше, шапағатқа сену секілді
тәуәссулге де сену шірк. Тәуәссул, бір нәрсені себепші қылу және араға салу
дегенді білдіреді. Уәсилә болса, өзімен сол арқылы басқаға жақындастырушы
дегенді білдіреді. Бұл сенің сопылар мен шиалардың арасында көп кездеседі.
Сопылық пен тарихаттар кейіннен шыққан бидғаттар. Кейбір шейхтардың,
әулиелердің өмірінде әрі өлгеннен кейін де шапағат ете алатындығына сенуде.
Олардан жақсылық тілеп және себепкер қылуда.
Бұл күнәлі іс, істеген кісіні тәубе етуге тиіс болған адасушылыққа
алып барады. Тәубе етуі тиіс, кері жағдайда ол кісі өлтіріледі. Шиалық пен
тарихатшыларды кәпір деп есептеп, бидағат деп санаған әдет-ғұрып және салт-
дәстүрлеріне қару көрсету арқылы тиым салуға дейн барды. бұған мысал
ретінде 1802 жылы мамыр айының 13-де патша Абдулазиздің ұлы Саудтың
басқаруындағы уаһһабилі әскерлері Карбаладағы мухаррам айының 13 жұлдызында
құлшылықтарын орындап жатқан шиаларға шабуыл жасады. Кейбір деректерге
қарағанда кей деректер де 10 мың шиа жақтастары осы шабуылда өлтірілген
болатын. Кәрбала өртетіліп, қиратылды және Хазіреті Хусейннің мазары жермен
–жексен етілді.

Иман және амал: Уаһһабилер, хадисшілердің иман түсінігін алға қойып
иманды сөз және амал деп ашықтайды. Олардың пікірінше иман артады және
азаяды. Иман үшін тілмен айтып, жүрекпен бекіту желкіліксіз әрі пайдасыз.
Шынайы иман, жүрекпен қабыл етіп, онымен амал ету, тілмен айту және діни
қағидаларды орындаудан тұрады. Амал ету иманнан. Осыған байланысты
жалқаулықпен парыз намаздарының бірін орындамаған, зекетін бермеген кісі
кәпір болып есептеледі. Мұдай адамдардың өлтірілуі және дүние –мүлкі
тәркіленуі тиіс. Уаһһабилік амалдарды иманнан есептеу түсінігін одан сайын
шектен шығара отырып, амалдарды тауһидтің бір бөлігі тәрізіне дейін
апарған. Бұған болса амалдық тауһид деп атаған. Осы себепті амал мен иман
қатынасы амал –тауһид қатынасы ретінде қабыл етілген. Тауһидтің бір бөлігі
хәліне келген амалдың тәрк етілуі мен бидғаттарды жоюмен байланысты
әрекеттерін күпірге қарсы күреспен тең тұтқан. Мұның нәтижесінде көптеген
мұсылмандарды тәкбір етіп яғни кәпір есебіне алып, қандарынының төгілуіне
себеп болған.

Бидғат:Уаһһабиліктің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі де бидғатқа
қарсы ұстанымдары. Мұхаммед ибн Абдулуаһһабтың пікірі бойынша Құран мен
сүннет те болмаған барлық нәрсе бидғат деп біледі. Бір бидғатты шығарған
малғұн (лағынет етілген) мен оның шығарған нәрсесі қабыл етілмейді. Көп
бидғаттар адамдарды шіркке апарады. Бұлардың ең басында мазалар, кесенелер
және бұларды зиярат ету келеді. Мазарда істелген ғибадаттар шірк. Сауап
күтіп Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) қабірін де зиярат ету шіркке себеп
болуы мүмкін. Шіркке себеп болмауы үшін қабір зияраты, кесене жасау үзілді
–кесілді тиым салынуы тиіс. Өлгендерден сұрау, уәсилә қылу, палшыларға,
астрологтарға сену, Хазіреті Пайғамбадың (с.а.у.) есімін ұлықтау, қасиетті
шапан және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қасиетті сақалын зиярат жасау,
Аллаһтан басқасына құлшылық қылу Аллаһқа серік қосу болып табылады. Мәуліт
мәжілісін ұйымдастыру, бұл мәжілісте мәуліт оқу және сүннет не нәпіл намаз
оқу тиым салынуы керек. Рия үшін намаз оқу, діндар болып көріну немесе
жақсы адам секілді болып көріну арқылы пайда табу да шірк. Мешіттердің
әсемделуі, мұнара жасалуы да тәрк етілуі керек болған бидғаттардан болып
табылады дейді.

Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю: Уаһһабилердің пікірі бойынша,
тек мойындау мен сөзбен растау адамдардың мұсылман болуларына жеткілікті
емес. Амалдық тауһидті орындамайынша жандары мен мал-мүлкі қорғалмайды.
Сондықтан Исламдық діни әмірлерді орындамастан ұстану, олармен соғысуға
ешқандай да кедергі емес. Олармен тіпті күпірлікке кірген және Исламнан
шыққандармен соғысқандай соғысу керек. Аллаһ Құран және сүннетте діни
негіздерді ашықтап, дінді толық білдірген. Әрбір мұсылман Құран және
сүннетті ұстанып, ашық түрдегі әмірлерімен амал етуге және басқаларға әмір
етумен жауапкершілікті. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб, бұл міндетті орындаушы
адам нені әмір етіп жатқаны және неден тыйғанын жақсы білумен бірге әмір
еткен нәрселерін өзіде орындауы, тыйған нәрселерінен өзі де тыйылуы шарт.
Бұл міндетті орындау барысында басына келгендерге сабыр етуі тиіс дейді
(Махмуд, 1981, 190). Тыйуы керек болған мәселелерге келер болсақ, олар
мыналар: харамдар, жаман іс-әрекеттер, кәпірлерге еліктеу мен надандық
дәуірінің әдеттері. Құран мен сүннеттен тыс діни үкім беру бидғат. Бидғат
болса адасушылық. Бидғаттармен және бидғатқа сенушілермен соғысу керек.
Адамдарды жамандықтан қайтару әр мұсылманның парызы. Шамасы келгенше
қолымен, тілмен және жүрекпен бұны істеуі керек. Бұл түсінік, оларды
көптеген мұсылмандарды кәпір есептеп, дұшпан етіп жариялап, олармен
соғысуды уәжіп көруге шақыруда. Надандық дәуірінде адамдар Аллаһқа жақындау
үшін Аллаһтан басқасын дос қылып, оларға құлшылық қылатын. Олардың
улуһиетте (тәңірлік) Аллаһқа серік қосқандарына пайғамбар қарсы шығып,
оларға ықыласты әкелді. Бүкіл пайғамбарлардың дінін білдірді. Амалдар тек
Аллаһ үшін болған жағдай қабыл етіледі. Мұндай жағдай адамдарды кәпір және
мумин ретінде екіге бөлді. Осы себептен олардың арасында дұшпандық пайда
болып, олармен жиһад ету парыз болды. Өйткені аятта Фитна жойылғанға дейін
және дін тек Аллаһ үшін болғанға дейін олармен соғысыңдар деп әмір етуде.
Осы себептен Расулуллаһ (с.а.у.) оларға Тауһиду-Рубубияны
орындамағандықтары үшін соғысты. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб өзін түсінбеген
надандармен дұрыс және ақиқат иман жолымен жиһад етуді, адасушылыққа қарсы
қылышпен соғысуды діни міндет деп білді. Жақсылыққа шақыру, жамандықтан тыю
мәселесіндегі жиһадта және Ислам әмірлерін орындауда ең алдымен имам
жауапты. Бірақ мемлекет басшысы жақсылыққа шақыру, жамандықтан тыю үшін,
арнайы бір топты міндеттей алады. Сауд Арабия мемлекеті осы мақсатпен Әмрул
бил-мағруф уан-наһию анил-мункар алқасы атындағы бір топ құрды. Бұл топтың
міндеті, адамдардың ішімдік қолданына, жібек киім киюіне, темекі шегуге, ән
тыңдауға, музыкалық аспап қолдануға және жамағатпен намаз қылдыру
мақсатында құрылды.

5. Қазіргі кездегі Уаһһабилік
Уаһһаби тәсілі, Құран және сүннетке оралу әрекетімен соңғы екі ғасырда
шиалық және сунни орталарда пайда болған жаңашыл және салтшыл тұлғалар мен
діни ағымдардарға, тікелей не жанама түрде илһам көзі болды. Бұлардың
арасында Үндістандағы Сейт Ахмет Барелуи (1832), Бенгалдағы фарайзия
әрекетінің құрушысы Қажы Шариатулла (1781-1840), Солтүстік Африка Санусия
әрекетінің құрушысы Мұхаммед әс-Сунуси (1791-1859), Йеменде Мухаммед әш
–Шаукани (1758-1835), Мысырда Мұхммед Абдуһ (1849-1905), Рашид Рыза (1864-
1935), Хасан әл-Банна (1908-1948), Алжирде Абдурахман ибн Бадис (1940),
Сирияда Абдурахман әл-Кауакиби (1854-1902) және басқа да көптеген ғалым
кісілер бар (толық мағлұмат үшін: Әжер, 2001, 201, 238). Уаһһабилік ХХ
ғасырдың басынан Иран шығанағында, Куйет және Бахрайнда көптеген
жақтастарға қол жеткізді. Бағдатта Шихабуддин Махмудтың (1853) мүшесі
болған Алуси жанұясы уаһһабилік түсінігін иемденді. Мұнымен бірге Осман
дәулетінің ғалымдарынан, Үндістан ғалымдарынан және Араб әлеміндегі
көптеген ғалым кісілер уаһһабилікті сынға алған кітаптар жазып қалдырды.
Қазіргі таңда уаһһабилік, Сауд Арабияның реси мазхабы. Уаһһабилік қазіргі
таңда фикхта ханбалиліктің, сенімде сәләфтық негізге сүйенуде. Сауд
Арабияның рухани және материадық жәрдемімен сәләфилік –Араб мемлекеттері,
Африка мемлекеттері, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Балкан мемлекеттері,
Түркі мемлекеттері, Малайзия және Индонезияда өздеріне жақтастар мен
қолдаушылар табуға тырысуда. Сәләфиліктің насихаттары Ахмад ибн Ханбал, Ибн
Таймия, Ибн Қайюм әл-Жаузия және Ибн Абдулуаһһабтың шығармалары арқылы
жеткізілуде. Бұл кісілердің жазбалары көптеген тілдерге аударылған. Соңғы
кезеңдерде Сауд Арабия басшылығымен уаһһабилік арасында маңызды дау-дамай
шығуда. Сәләфилік Сауд басшылығын сынға алған және жиһадты алға қойған
Жиһад- Сәләфия және Сауд басшылығына тәуелділігін жалғастырушы Сауди –
сәләфилік болып жаңадан бір бөлінушілік кезеңіне кіргендігі байқалуда.

Осы бөлімнің сұрақтары:
1. Уаһһабилік ағымының негіздері
2. Сауд әулетінің уаһһабилікті қолдауы
3. Уаһһабилердің Алла туралы танымы
4. Уаһһабилердің әулиелер туралы көзқарасы
5. Уаһһабилер зиярат туралы
6. Уаһһабиліктің таралған жерлері
7. Кейбір ахли суннет ғұламаларының уаһһабилікке қарсы шығуы

Әдебиеттер:

1. А.Лутфи Казанжы, Ислам акайды, Станбул, 1995
2. Адам Худаверди, Кәлам ғылымының кейбір мәселелері, Сакария, 1998
3. Абдул Юср Мұхаммед Пездеви, ауд. Ш.Голжук, Кәлам ілімі, Станбул,
1994
4. Бекир Топалоғлы, Кәлам ілмі, Станбул, 1996
5. Ислам энциклопедиялық создік, Алматы, 1995
6. Ислам энциклопедиясы, Станбул, 1986
7. М. Исаұлы; Қ.Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, Алматы,2003
8. М.Жамал Сопыоғлы, Ислам діні негіздері, Измир, 1996
9. М.Сейіт Өзварлы, XІX-XX- ғасырлардағы Кәламның жаңа зерттеулері,
Станбул,1998
10. Омар Нәсафи, дай: Сейіт Ахсен, Ислам сенім негіздері, Станбул, 1995
11. С.Языжы, Дін негіздері, Анкара, 1996
12. Сулеймен Улудағ, Исламда сенім және сенім мәзһабтары, Станбул, 1996
13. Сейіт Рамазан, ауд: М.Елжу; Х.Алтыналан, Жаратушының бар болуы және
мақсаты, Станбул, 1986
14. Т.Кочигит, Хадисшілермен Кәламшылар арасындағы пікір талас, Анкара,
1969
15. Ш. Голжук, Кәлам Тарихы, Кония, 1998
16. Ш. Голжук, Ислам Сенімі, Кония, 1994
17. Тафтазани, дай: С.Улудағ, Кәлам ғылымы және Ислам сенімі, Станбул,
1991
18. Х.Айдын, Илим Фелсефе ве Дин ачысындан Ярадылыш ве Гаиелилик,
Анкара, 1999
19. Құран-Кәрім. А;1991ж.
20. Аль-Газали Абу Хамид Воскрешение наук о вере М.1998г.
21. Д.Кенжетаев, Ясауи дүниетанымы, Түркістан,2001
23. А. Асаоглы. Ислам мазхабтары тарихы. Түркістан, 2011. Тұран баспасы.
24. М.Исахан. Мазхабтар тарихы. Алматы, 2010.
25. Сулеймен Улудағ. Исламда мәзһабтары. Станбул, 1996

WEB САЙТТАР:

1.http:www.antiwahhabizm.ruzablu zhdenie
2.http:www.putistini.com
3. http:www.antiwahhabizm.ruzabluzh denie-vachchabitovsoderzhanie.html

Саяси мазахбтар

Лекция тақырыбы: Харижи ағымы
Лекция жоспары:
1. Харижияның қалыптасу кезеңі
2. Харижия ағымының қысқаша тарихы
3. Ибазия
4. Ибазия көзқрастары

1. Харижи қалыптасу кезеңі
Хазірет Пайғамбар уахидің аясында ұлтқа, руға немесе жынысына қарай
емес, сенімге және иман бауырластығына сүйенген иман қоғамдастығын құруды
көздеген еді. Алайда арабтар арасындағы рушылдық дерті ондай қоғамның
құрылуына үлкен кедергі болды. Сол үшін саяси және қоғамдық қатынастарда
белгілі бір рудың немесе әулеттің басты орынға шығарылмауына немесе өзге
руларға үстемдік етпеуіне қатты мән берілді. Хазірет Пайғамбардың
заманындағы қызметке тағайындауларда тұлғалардың білгірлігіне және
қабілеттілігіне қатты көңіл бөлінді. Халифалық төңірегінде де сол қағиданы
берік ұстанып, өзінен кейін халифа болатын адамды алдын-ала таңдамады. Оның
таңдауын Ислам қоғамының өз еркіне қалдырды. Хазірет Пайғамбар дүниеден
өткеннен кейін бұл қоғамда саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өте
маңызды өзгерістер болды. Өмірдің әр саласында ықпалды рөл атқарған
рушылдық негізі қайтадан жеке және қоғамдық қатынастарда басты орынға шыға
бастады. Мұның алғашқы белгілері Хазірет Әбубәкірдің халифалыққа сайлануы
кезінде сахабалар арасындағы дау-дамайлардан анық байқалды. Кейініректе
Хазірет Омар заманында осы сияқты ұстанымдар мен әрекеттер қайтадан
қоғамнан аластатыла бастады. Хазірет Оспанның халифалыққа сайлануы кезінде
Әмәуи-Хашимитер арасындағы текетірестер рушылдық дертін қайта қоздырды.
Әсіресе Хазірет Оспан кезеңінің алтыншы жылындағы саяси дамулар Әмәуи-
Хашимиттер арасындағы қырқыстарды қоғамның басты проблемаларына айналдырды.
Бұл жағдай Құрайыш тайпасының сыртындағы Ислам қоғамына енді бейімделіп
келе жатқан ру-тайпаларды дүрліктіріп жіберді. Куфа, Басра және Мысырға
көшірілген осы тайпалар Хазірет Оспанның саясатына қарсы шығып, көтеріліс
жасады, ақырында өлтіріп тынды.
Хазіреті Әли билік басына келген соң Хазірет Әли мен оны
танымайтындардың арасында Жәмәл және Сыффын деген атпен әйгілі шайқастар
болды. Сыффын шайқасынан кейін халифтікке нағыз лайық адамды анықтау үшін
екі төреші белгіленді. Төрешілер арқылы мәселенің түйіні шешілмей, жағдай
одан сайын шиеленіскен соң Құрайыш өктемдігіне қарсы шыққан кейбір ру-
тайпалардың адамдары Хазірет Әлиді төрешілік ұйғарымын қабыл етті деп
айыптап, оны кәпірлікке шығармақ болды. Олар Хазірет Әлиден қол үзіп,
өздерінше бөлек шықты да кейінірек харижиттер деп аталған топ құрды.
Аталмыш шайқастар біткесін осы оқиғаларға кінәлілерді және осы шайқастарда
өлгендер мен өлтірілгендердің діни тұрғыдан жалған дүние мен ақыреттегі
жағдайы туралы айтыс-тартыстар басталды. Соның нәтижесінде саяси әрекеттер
сенімдік-иғтиқади салаларға тұмсығын сұға бастады да әркім өз ұстанымдары
мен әрекеттерін ақтап жатты. Аталмыш талас-тартыстар имамат, иман,
күпірлік, пасықтық, зұлымдық, үлкен күнә және иман-амал қатынастары
төңірегінде өрбіді. Ақырында, ортаға тасталған пікірлердің нәтижесінде
харижиттік, мүржия, шиа және мұғтазила сияқты әр түрлі сенімді және саяси
ағымдар пайда болды. Шианың пайда болуы мен қалыптасуы басқа бөлімдерде
қарастырылатын болғандықтан бұл бөлімде үш ағымға ерекше тоқталамыз:

Харижиттікке бастар жол
Харижиттік ағымы Хазірет Әлидің төрешілік ұйғарымды қабылдағаны үшін
оған қарсы шығып, көтеріліс жасаған саяси қозғалыс. Әуелі олар Хазірет
Әлиді қолдап, Мағауияға қарсы шығып соғысқан кейбір адамдар мәселенің
түйінін төрелікпен шешу керек деген ойды қолдады. Төрешілер
тағайындалғанмен олар пікірлерін әп-сәтте өзгерте салып, Хазірет Әлиға
қарсы шықты да оның сапынан бөлініп кетті. Осы әрекеттерін діни тұрғыдан
дұрыс деп табу үшін Аллаһдан басқа үкім беруші жоқ немесе үкім беру тек
қана Аллаһға тән (Лә хукмә иллә Аллаһ) деген аятты басты ұрандарына
айналдырды. Бастапқы кезде төрелік тағайындау оқиғасының басты ойыншылары
саналған Әли, Мағауия және төрешілерге наразылығын білдірген осы саяси
қозғалыс кейініректе өз көзқарастарымен иғтиқадтық-сенімдік мәнге ие болды.

Харижи атауы
Харижи сөзі сөздікте – бөлініп шыққан, көшіп кеткен, қарсы шыққан,
бағынудан бас тартып, көтеріліс жасаған және сапты өзгерткен деген
мағыналарды білдіретін хуруж сөзінің түбірінен өрбіген сөз. Әдебиеттерде
белгілі бір ағымды ұстаушыларды ортақ аты ретінде, ал жалпы алғанда харижи
немесе осы сөздің көпше түрі хауариж деп қолданылып жүр.
Шәхристани бұл ұғымды осы ағымды ұстанушылармен ғана шектемей, мейлі
сахаба, мейлі одан кейінгі кезеңдердегі мұсылмандардың басым көпшілігі
тарапынан сайланған әділ имамға қарсы шыққан барлық адамды (Шәхристани,
1990, I, 132) қамтитындай етіп қолданған. харижи немесе хауариж ұялту,
кінәлау, жазғыру, намысына тию мақсатында қарсыластар тарапынан
қолданылғандықтан бастапқы кезде жылы қабылданбады. Кейініректе
кәпірлердің арасынан шығып Аллаһға және Пайғамбарына хижрәт етушілер
(Ниса сүресі, 100-аят) деген аятынан меңзелген топ және Кәпірлерден
әрқандай байланысты үзгендер (Фығлалы, 1997, XVI, 169) болғандықтан
осындай атты иеленгендіктерін алға тартып, харижи ұғымына басқаша бір
мағына үстеді. Алайда харижиттер өздерін көбіне-көп Шурат деп аталғанын
ұнататын. Шурат - шари сөзінің көпше түрі еді. Ол сөздікте
сатқансатушы деген мағынаны білдіреді.
Харижиттер бұл атты Аллаһ жолында соғысып шейіт болып немесе
өлтірілуіне байланысты өздерін Аллаһға арнаған немесе Жәннат үшін
нәпсілерін Аллаһға сатқандар (Тәубе сүресі, 111-аят) деген мағынада
қолданды.
Харижиттерді өздерінің қарсыластары басқаша да атайтын болған. Сыффин
соғысында төрешілік жолымен мәселенің түйінін тарқату идеясына қарсы шығып,
Аллаһдан басқа ешкімнің үкім бере алмайтынын қолдағандары үшін мұхаккима
немесе мұхаккима әл улә деп аталды. Сондай-ақ Хазірет Әлидің сапынан
бөлініп шыққан соң онымен бірге Куфаға бармай, Куфаға жақын маңдағы Харура
деп аталған жерде шатыр құрғандықтан осы жерге байланастырылып харурия деп
те аталды; осында Абдулла бин Уәхб әр-Рәсибиді өздеріне басшы етіп сайлап
алуларына орай уәхбия немесе рәсбия; діннен және иманнан безгендерд деген
мағынаға келетін марика деп те аталып жүрді.
Харижияның пайда болуы Сыффин соғысында түйіткілді мәселені
төрешілердің көмегі арқылы шешу идеясына қатысты туындаған талас-
тартыстармен тығыз байланысты. Харижия мазхабы төрешілік идеясын қабыл
етпеуіне байланысты Хазірет Әлиден бөлініп кеткендердің құрған саяси ағымы
болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, Сыффин соғысы болған 37657-8 жыл –
ағымның қалыптасуы тұрғысынан өте маңызды кезең деуге болады. Өйткені осы
кезеңнен бастап сол бір идеяны қолдайтын кейбіреулер де бастарын
біріктіріп, Әли мен Мағауияның жақтастарынан басқа үшінші бір саяси одан
құрды. Алайда белгілі бір саяси және иғтиқади-сенімдік көзқарастарды
қолдайтын ағым ретінде харижияның пайда болуын және қалыптасу кезеңін тек
Сыффындағы төрелік ету оқиғасымен түсіндіру концепция ретінде харижияны
ұғынып түсіну тұрғысынан алғанда жеткілікті дей алмаймыз. Ешбір діни-саяси
қозғалыс бір ғана себептің нәтижесінде пайда болмаған және кенеттен пайда
бола салмаған; бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Сәләфизм» ағымы туралы
Уаһабилік немесе "сәләфилік"
ИСМАТУЛЛАШЫЛАР. Шығу тарихы
Уахабилікпен күрес тарихынан сөз
ХVІІ-ХІХғ. 1-жартысындағы Араб елдері. Араб елдерінің әлеуметтік-саяси құрылысы мен феодалдық меншік формалары наталдау жасау. Түрік билігіне қарсы ұлт-азаттық күрестеріне сипаттама беру
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Қазақстанда қандай секталар бар?
Діни басқармаға филиал
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
Дәстүрлі діннің белгілері
Пәндер