Каржылык есеп беру элементтері жайлы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Каржылык есеп беру элементтери

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

І - бөлім. ШЫМКЕНТ МАЙ АК техноко экономикалык корсеткиштери

1. 1. Шымкентмай АК баскару курылымы

1. 2. Шымкентмай АК негизги каржылык корсеткиштерине талдау

ІІ - бөлім. Қаржылық есеп беру элементтері: есебі және бағалау

2. 1. Қаржылық есеп беру: түсінігі және оны құрудың әдістемелік негіздері . . .

2. 2. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамалық негізі.

2. 3. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі қаржылық қорытынды есептің атқаратын ролі . . .

ІII - бөлім. Қаржылық есеп беруді ХҚЕС на сай жүргізу ерекшеліетері.

3. 1. Каржылык есеп беру элементтерин тану жане бухгалтерлик балансты талдау адистемеси

3. 2. Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылық пен оны дамыту жолдары.

3. 3. Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өту кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер

Қорытынды . . . 39

Пайдаланған әдебиеттер . . . 40

Қосымшалар . . . 41

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп - бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі - жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.

«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол аштық. ҚР-Елбасшымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. » деген еді. Осы жайттардың барлығын ескере отырып мен өзімнің дипломдық жұмысымды бухгалтерлік есебімізді қалай жетілдіру керек екендігін және қаржылық есеп беруімізді халықаралық стандарттарға (Х. Қ. Е. С ) сай етіп жасағанда кәсіпорындарымыз қандай артықшылықтар мен кемшіліктерге тап болатының айтсам деймін.

Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Х. Қ. Е. С - қаржы есептігінің баршамызға ортақ және бірдей ұғынуға қажетті осы заманғы стил ретінде, капиталды ықпалдастыру, экономиканы шапшаң дамыту үшін негіздемеге қызметін атқарады. Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігінің және инвестиция тартуының, соның нәтижесі ретінде, бүкіл Қазақстан экономикасының өзекті негізі боп табылады. Ал Х. Қ. Е. С - ын білу онымен жұмыс істеу осы заманғы бухгалтер мен аудиторлардың ғана емес, сонымен бірге басшы беделінің қажетті сапалық белгісіне айналып отыр.

Дипломдык жұмыс 3 тараудан тұрады. Оның бірінші бөлімінде қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негіздері, екінші бөлімінде қаржылық есеп беруді ұсыну және оның пайдаланушыларға қажеттілігі болса, ал үшінші бөлімінде ХҚЕС -ке өткендегі артықшылықтар көрсетіліп, оны одан әрі дамыту жолдары ұсынылады

І . «ШЫМКЕНТ МАЙ» АҚ ТЕХНИКО- ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1. 1 « Шымкентмай» АҚ -ның басқару құрылымы.

ААҚ Шымкент май тарихының негізгі кезеңдері 1942 жылы май экстракты зауыттың алғащқы өнімі рафинатталған мақта майы алынды. 1943 жылы өтпелі қызыл белгімен марапатталуы, 278 жұмысшының “Ұлы Отан соғысында енген еңбектері үшін ” медальмен марапаттауы. 1948 жылы Форпрессті цехтың іске қосылуы. 1949 жылы Май экстрактты зауытын Шымкент май өнімдері зауыты атағына атанды. ССРО тамақ өнеркәсіптері министрлігі “Бас өсімдік май” бас басқармасы. 1950 жылы ыдыстарға құю, бөлу цехтарын, сабын қайнату цехтарын, штамп прессторын, дайындау цехтарын, форпресстеу цехындағы жаңаша жабдықтардың, дайындау экстракциялы бөлімдердің ашылуы. 1953 еркін май қышқылдарын алуға қажетті цехтың іске қосылды. 1959 жылы елдегі ең ірі үздіксіз май экстракциясы цехының іске қосылуы. 1975 жылы экстракциялы цехтың қайтадан рекенструкциялануының аяқталуы. 1992 жылы зауыттың 50 жылдығы . 1993 жылы жекешелендіру “Шымкентмай” ААҚ қайталануы. 2000 жылы “Доня” сауда маркасының рынокқа енуі. 2002 жылы зауыттың 60 жылдығы. Халықаралық стандарттарға сәйкес ИСО 9000, сапа менеджментінің жүйесіне аттестациялану үшін жабдықтарды қайта жаңарту. “Шымкентмай” ААҚ 60 жыл тәжірибелік мерзімінде май өнімдері рыногында май ішкі заттарының өңдеу, өндірістік циклдар, ұрықты дәнді сатып алу оны май өнімдеріне қорыту дайын өнімдерге қораптау, сауда нүктелеріне тасымалдап жеткізіп беру жұмыстарымен айналысады. Сапалы және экологиялық таза өнім - өсімдік майы және шрот. Деректі шикізаттың өңдеу тереңдіктеріне байланысты - тазартылмаған (рафинадталмаған ), рафинадталған, тазартылған және күнбағыс, мақта, сафлор, сая өнідерінен алынған майларды өңдейді. Майтұқымдарын өңдеу түрлеріне байланысты жобалық қуаттылығы тәулігіне 100 тонна тұқымдастық, 1. 08. 2003 жылы жеректер бойынша өндірістік қуаттылықты қолдана алу мүмкіншілігі 96 %. Өсімдік майлары түгінгі күні өте қолайлы, таза, сапалы өнім. Өсімдік майларын тұтынушылардың үлестері 62, 2 % құрайды. Сонымен 2002 жылы өсуіне талдау жасай отырып мынадай көрсеткіштерді анықтауға болады: Өсімдік майлары рыногындағы отандық өндірісшілердің үлесі - 75%. “Шымкентмай” ААҚ - ң үлесі 34, 4 %. Тұтынушылардың мазмұндауынша өнімнің сапасы май өнімдерін сатып алуда шешулі фактор болып табылады. Тазаланған мақта майы “Доня” Қазақстанда теңдесі жоқ. Өсімдік майының негізгі биологиялық құндылығы май қышқылдарының, фосфотидтермен, токофералдарымен сипатталады. Күнбағыс майы аса белсенді витаминдерге иеленеді. “Шымкентмай” ААҚ тазаланған май өнімдері тұтынушылардың талаптарына жауап бере алады. Мақта, күнбағыс, сафлор және қыша (горчица) майлары табиғи түске ие, иісі жоқ, табиғи витаминдермен аминқышқылдарға өте бай .

Кәсіпорын және оның өнімдері.

“Шымкентмай” Ашық акционерлік қоғамы, Шымкент қаласының Оңтүстік бөлігіндегі темір жол бекетінің 1, 5 км қашық бөлігінде орналасқан. Солтүстік - батыстан кәсіпорынға мақта май зауыты, ал батыстан “Оңтүстік полиметалы” ЖАҚ - ның аймағы бағытталған. Кәсіпорынның магистралды темір жолыменен байланысы солтүстік - шығыстан өндірістік алаңға бағытталған өтпелі темір жолмен орныдалады. Кәсіпорынның автокөліктермен байланысы “Промышленная ” көшесі арқылы орныдалады. Кәсіпорынның аймағы қарапайым рельфті. Жер асты сулары 10 метр тереңдікте байқалмаған. Аймақтың сеисмикалдығы - 8 балл. Кәсіпорынның шикізаты май тұқымдастықтарының түрлері, олардың ішіндегі негізгісі мақта және пісте май тұқымдастықтары. Мақта тұқымдастықтары қала және аудан аралық зауыттардан тасымалданады. Аудан аралық мақта тазалау зауыттарының кәсіпорыннан алшақтығы 40 - 100 км. Күнбағыс тұқымдастықтары негізінен Шығыс Қазақстан облысы және Ресей Федерацияларынан тасымалданады.

Өндірістің құрылымы және оның сипаттамасы.

“Шымкентмай” ААҚ, тамақ және техникалық тағайындалудағы түрлі өсімдік майларын өндіріп шығарумен сипатталады. Мақта тұқымдастықтарын өңдей бойынша кәсіпорынның жоғарғы өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 тонна. Мақта тұқымдастығын өңдеумен қатар, күнбағыс, мақсары, қыша, соя тұқымдастықтарын өңдеп дайын өнім ала алады. “Шымкентмай” ААҚ - ның құрамында мына төмендегідей цехтық бөлімдер жұмыстар атқарады:

  • шикізат цехы
  • дайындау цехы
  • экстракциялы цехы
  • рафинаттау цехы
  • иіссіздендіру (дезодорация) цехы
  • дайын өнімдер цехы
  • өсімдік майларын қораптау цехы
  • өндірісті бақылау лабараториясы
  • көмекші цехыКөмекші цехтарға мыналар жатады:
  • энергиялық цехы
  • пеш цехы
  • механикалық цехы
  • жөндеу - құрылысы цехы
  • лабаратория
  • КИП и АМай тұқымдастықтарын өңдеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады: - сақтау; тазалау; майды сығу; экстракция; майды рафинациялау. Әрбірпроцес, өзара механикаландырылған транспорт элементтермен және құбыр өткізгіштермен байланысқан цехтарда іске асырылады. Шикізат цехы қоймасынан тұқымдар қалдықтардан тазалау үшін дайндау цехына бағытталады. Тазаланған тұқымдастықтар қабыршақтан тазалау - сеператорлы бөлімшесіне тазалау үшін келіп түседі. Дәндердің қабығы малдар үшін жем ретінде тарату мақсатында дайын өнімдер қоймасына келіп түседі. Тұқымдастықтарды қабықшаландыру - “ядро ” майдаланып процестеледі. Осы аталған операциялар дайындау цехында орындалады. Қалдық майларды алу үшін күнжара (процестеу материалы) экстракциялы цехқа келіп түседі. Экстракциядан соңғы майсыз материал - шрот дайын бұйымдар цехына үй жануарлары үшін жоғарғы белокты жем ретінде таратылады. Форпрессті және экстракциялы майлар тазалану цехына бағытталады, онда май өңделеді. Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы. Дайындау цехы. №1 сурет. Қойма (тұқым)
Қабықсыздандыру(шелушитель):

Қабықсыздандыру

(шелушитель)

шелуха

вальцовалық станкілер: вальцовалық станкілер

Мезга масло

Тасымаладау элементтері арқылы қоймадан тұқымдар бункер дозаторға беріліп қажетті мөлшерде өндіріске жөнелтіледі. Тазаланған тұқымдастықтар бірінші қабықсыздандыру дискосына беріледі, онда 70 - 75 % майдаланады. Қабықшалардан дәннің айырылуы үшін 1 - сеператорлау биттер - сеператорына бағытталады. Екінші реттеліктегі қабықсыздандыру өткеннен соң майдалағыштар ядроны тиянақты қабықсаздандыру үшін екінші сеператорлы биттер - сеператорларға келіп түседі. Бақылау биттер - сеператорларынан соң қауыздану қоймаларына қабықшалары бағытталады, ал ядро 1 -ші және 2 -ші сеператорларынан қақтау станоктарына беріледі. Майдаланған ядро апандарға келіп түсіп ленталы транспорт арқылы шнектермен үлкен домалақ ыдыстарға жылу ыстықты өңдеуге жөнелтіледі. Ысытушы қазандарда дайындалған мезгалар форопресстерге бағытталады. Форопресстерде жаншылып алынған май қос қаққыш апарат арқылы насоспен фильтірлі пресстерге бағытталады. Фильтрліпресстерде тазаланған май құрамы таза май суытқышқа жөнелтіліп, фильтрлі процеспен жаровияға (қазанға) бағытталады.

Экстракциялық цех. №2 сурет.

Сығылған мисцелла

Ракушка Шлам

I саты: I саты
:
II саты: II саты
:
III саты: III саты

Еріткіш еріткіш еріткіш еріткіш

мәнімен буы буы буы

Шрот

шроттың

шаңымен Май

ерітіндінің

буы

қойма: қойма
салқындату: салқындату

Конденсация

қойма: қойма

Форпрессті күнжаралар шнектен экстракциялық цехқа тасымалданады. Осы жерде 55-60° С температурада суытылған күнжара шнекпен экстракторлардың колонналарына бағытталады. Экстрактты материал, экстракторларда ерітіндінің көмегімне майсызданып жүйеленеді. Экстрактадан шыққан қоймалжың масса 25-40 % ылғалдылықпен тостерге келіп түседі. Ондағы еріткіш сутекті бумен оқшауланады. Тостерден қоймалжың масса автоматты реттеу клапонымен шығарылып массаны суытқышқа бағытталып, онда сумен салқындатылады. 55-60° С температурада суытылған шрот шнекке келіп түсіп ленталы транспорттармен шрот қоймасына бағытталады.

Экстрактадағы мисцелла насоспен, дискалы фильтерге беріліп ерітінді дистиляторға бағытталып шлам экстрактаның төменгі жүктелу колонасына беріледі. Тиянақты дистелятордан май массасы насоспен май суытқышқа тартылып алынып, ол жерден нейтрализациялануға рафинаттау цехына жіберіледі. Тостермен дистелятордағы еріткіштің булары конденсаторға бағытталып, ол жерлен еріткіштің конденсаты экстракторға бағытталады.

Рафинаттау цехы. № 3 сурет.

Еріткіш

Лимон қыш-

қылы ерітінді

Кезекті қайта өңдеу: Кезекті қайта өңдеу

Рафинаттау цехында қоспалардан майды сулы сілтілі ерітіндімен тазалану процесі жүреді. Нейтразациялаудан соңғы алынған соопасток, шұңқырға жинақталып сабын қайнату өндірісіне бағытталады. Нейтрализацияланған май, насоспен фильтрленіп сабынмен ылғалды бөліп алу үшін ашық рамалы фильтрпресстерге, ол жерден фильтрленген рафинатты май насоспен дайын өнімдер қоймасына тасымалданады.

Өндірістік объектінің жалпы мәліметі.

“Шымкентмай” АҚ 1993 жылы мемлекеттену бағыттындағы бет алыс кезеңінде май өнімдері комбинаты бағасында құрылды. Қазақстан Республикасы және ТМД мемлекеттері ішіндегі май өңдеу салалары кәсіпорындары арасында ірі кәсіпорынның бірі болып есептеледі. Кәсіпорын қалдықсыз техналогия бойынша жұмыс атқарады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 35000 тонна мақта тұқымдастығын өңдей алады. Құрамына майды экстракциялау және сабынды қайнату өндірісі кіретін “Шымкентмай” ААҚ(соңғы аталған кәсіпорын 1999 жылдан бастап “Шымкентмай -Эль-Дос” жабық акционерлік қоғамын басқаруына берілген), Шымкент қаласының өңтустік бөлігіне теміржол бекетіне 1500 км қашықтық шамасында орналасқан. Солтүстік батыстан кәсіпорынға мақта өңдеу зауыты, ал батыстан-“Оңтүстік полиметалл”ЖАҚ жанасады. Магистралды темір жолмен кәсіпорын темір жол өткелдері арқылы байланысады ( №4-200249 16 маусым 2000ж ДГП «ҚазТранссервис»РГП КТЖ және “Шымкентмай” ААҚ араларындағы сауда саттық жайындағы келісім-шарт негізінде) . Осы аталып көрсетілген темір жол “Шымкентмай” ААҚ-ң жеке меншігі болып табылады. Кәсіпорынның коламен автотранспорттық байланыстары «Промышленная»көшесі бойымен іске асырылады. Жер асты сулары 10метр тереңдікте байқалмаған. Ауданның сейсмикалығы -8балл. “Шымкентмай” ААҚ, бұрынғы шымкенттік май өнімдері комбинаты 1942жылдан бастап пайдалануға берілген. Осы аталған кезеңден ол өзінің қуатын 320 тоннадан 1200 тонна мақта тұқымдастықтарын тәулігіне өңдеу көрсеткішіне жетіп отыр. Майды экстракциялау зауытына мына төмендегі цехтармен бөлімшелер жатады

  • майды өндіріп алу кешені(дайындау цехы, экстракциялау цехы, кешеннің қоймалары бір мезгілде 28000 тонна шикізатты қабылдап алады. ) майды өңдеу кешені (майды рафинадтау цех, экстракциялық цех, дезодорациялау цехы) ; энергетикалық кешен(трансформаторлық бекеттер, энергетикалық жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу цехы, бақылап- өлшеу приборларын жөндеу мен қызметтер көрсету лабораториясы, жер асты суларын тазалау цехы) ; механикалық - жөндеу цехы кешені (механикалық жабдықтарды жөндеу - құрылыс бөлімшелері, құйма цехы) . Барлық дайындау бөлімшелері мен бекеттері, ауданы 2463 м2 төрт қабатты ғимаратта орналасқан. Ғимараттың қабырғалары кірпіштен орындалған, негізгі темір бетон, шатыры - темір бетонды аралық тобын плиталарынан орындалған. Ғимарат тұрмыстық корпустың галереясымен жалғасқан. Экстракциялы цех бөлек корпучты төрт қабатты ғимаратта орналасқан, жалпы ауданы 4495 м2, сыртқы көлемі - 22460 м3 . Ғимараттың шатыры - темір бетонды аралық тобын плитасы. Экстрациялық цехтың қасында өрт сөндіру бекеті орналасқан. Күн жаралар мен шротты тасымалдау үшін транспорттық галерея қарастырылған . “Шымкентмай” ААҚ-мен өндірілетін негізгі өнім түрлеріне өсімдік майлары (тамақ және техникалық мақсаттылықтағы), шрот және қосымша өнім ретінде мақта қауыздары жатады. Шрот және мақта қауыздары мал мен құстарды тамақтандыруда тамақтық қоспа ретінде қолданылады. Майды рафинадтауда алынатын соопсток, дистиллециялау цехына өңдеу және сабынды қайнату өндірііснде қолдану үшін жіберіледі. “Шымкентмай” ААҚ-ның жеке қазан шұңқыры бар. Қазан шұңқырда екі котел ДЕ10-24-250 гм -0 . Қазан шұңқырдың жалпы өнімділігі - 18 тонна., қайнау буының температурасы -256°С, қысымы 24. Жалпы қайнату бетінің ауданы -156 м2, су көлемі -8, 4 м3, будың көлемі -2, 1 м3 . Цехтың ішінде ішетін судың кермектілігін жоятын қондырғы қарастырылған. Шрот ауыл шаруашылықтарындағы түрлі жем дайындау зауыттарына жем және шикізатты компоненттер ретінде қолданылады. Өңделетін май өнімдеріне байланысты шрот мақталы, пістелі, мақсары, қышалы болып бөлінеді. Күнбағыс шротының жемдік құндылығы өте жоғары, себебі оның протеині тауық жұмыртқасының протеиіне жақын, ал оны су және май ерітінді В-витаминдермен қанықтыру өте құнды жем алуға себебін тигізеді. Айта кететін бұл мәселе тек қана күнбағыс шроты Е-витаминіне еге. Ффильтрленген шрот жем ретінде қолданылатын тек құнды тағамдық қоспа ғана емес, сонымен қатар ол мал мен құстарды тамақтандыруда жекелей жем тағам ретінде қолданылады. Өнімнің осы аталған ерекшеліктерін қорыта отырып, “Шымкентмай” ААҚ өзінің практикалық іс-әрекеттілігінде сапалы басқару принципі бойынша мақсатты бағытта жұмыстар атқаруда . Кәсіпорынның атауы “Шымкентмай” ашық акционерлік қоғамы; Орналасқан орыны - Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Моторная көшесі №1; Мемлекеттік тіркеу мерзімі - 29. 12. 1993 ж ; Мемлекеттік қайтадан тіркеу мерзімі - 15. 03. 1999 ж; Ұйымдастырушылық - құқықтық формасы - Акционерлік қоғам; Қызметінің негізгі түрлері:
  • Ауыл шаруашылық өнімдерін қайтадан өңдеу, халықтың тұтыну тауарларын өндіру.
  • Сауда - саттық, сауда, мәмілесі, бартерлі және өзге де операцияларды орындау;
  • Сыртқы экономикалық іс - әрекеттер және т. б. Жоғарғы орган - жалпы жиналыс; Басқару органы - басшылар кеңесі; Орындаушы орган - президент (жекелей басқару) ; Бақылау органы- ревизиялық комиссия ; “Шымкентмай” ААҚ есепке алу саясаты мынадай құжаттар негізінде әзірленген:
  • Қазақстан Республикасының Президенті үкімімен 26. 12. 1995 ж, №2732 “бухгалтерлік есебі” .
  • Бухгалтерлік есптің қазақстандық стандарттары;
  • Шаруашылық субъектілердің қаржылық - шаруашылықтық бухгалтерлік есепке алудың бас шоттар жоспары.
  • Бухгалтерлік есепті жүргізудегі әдістемелік нұсқаулар;
  • “Бюджетке міндетті төлемдер жөніндегі салық туралы заңы”. “Шымкентмай” ААҚ-ның есеп саясаты мына төмендегідей принциптерді сақтауды қарастырады:
  • Есептеу, санау әдістемесі: бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру барысындағы кірістер мен шығындар мойындала отырып, олардың пайда болуы немесе түсу кезеңдерінде сипатталады.
  • Үздіксіз қызметі : “Шымкентмай” ААҚ болашақта өте сапалы, таратусыз қызметтер атқаруға мүдделі.
  • Анықтаушылық;
  • Мән - мазмұндылық;
  • Мағыналық;
  • Ақиқаттылық;
  • Нейтралдылық;
  • Салыстырмалылық;
  • Тізбектеушілік;
  • Қаржылық есеп беруді шынайы түрде ұсыну; Бухгалтерлік есепке алу журналды - ордерлік жүйеде енгізіліп орындалады. Бухгалтерлік есепке алудың техникалық орындалуы-компьютерленген. Бухгалтерлік есепке алудағы тіркеу жазбалары “Шымкентмай” ААҚ -ның іс - әрекеттілік ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген жұмысты жоспарлы санау жүйесін қолдана отырып орындалады. “Шымкентмай” ААҚ -ның бухгалтерлік қызметі 24 “Бухгалтерлік қызметтерді ұйымдастыру” стандарттарына сәйкес құрылған. Алғашқы құжаттарға рұқсаттары бар тұлғалар тізімін Президент анықтайды. Субъектінің қаржылық есеп беруі мынадай тараулардан тұрады:Бухгалтерлік баланс; Қаржылық шаруашылықты іс-әрекеттер нәтижесі жайында есеп беру; Қаржылық қордың қозғалысы жайында есеп беру; Қаржылық іс - әрекеттердің нәтижелері жайындағы және қаржылық қорлардың жайындағы есеп беру бойынша бухгалтерлік баланстың мазмұны бір есептесу кезеңінен екіншісіне қолданылады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының қаржылық белгісімен орындалады. Қаржылық есеп беру басшы және бас бухгалтермен қол қойылады. Субъектінің жылдық қаржылық беру кезеңі - 1 қаңтардан бастап 3 1 желтоқсан аралығындағы күнтізбекті мезгіл. Қаржылық есеп беру формасын толтыруда мына төмендегідей ерекшеліктер көрсетіледі:Ұйымдастыру құжаттарына сәйкес субъектінің аты орналасу орыны және саласы - субъектінің іс - әрекеттілік түрлері көрсетіледі. “Шымкентмай” ААҚ жоспарлау стратегиялық жоспарлау бағдарламасында алдына мынадай мақсаттар қойды: Қазақстан Республикасында өсімдік майының импортын қысқарту және рыногты өз өнімдерімен қамтамасыз ету. Өнім өндірісіне және технологиялық шығындарды қысқарту мақсатында кәсіпорынды модернизациялаумен реконструкциялау жұмыстарына жағдайлар жасау. Берілген деректері:
  1. Әлеуметтік мұқтаждылықтарға және жалақының төлем ақысына жұмсалатын қаржылық қор. 16447245+3095527=19542772, 00 теңге;
  2. Жұмысшылардың орташа тізімі - 638 адам;
  3. Кварталдағы орташа жалақы мөлшері - 1954277:638:4=7657, 83 теңге;
  4. Бухгалтериядағы жұмысшылар саны - 6 адам;
  5. Кварталдағы бухгалтерия жұмысшыларына төленетін жалақының көлемі - 7657, 83*6=45940, 98;
  6. Қызмет түрлерін өзіндік құны - 63145000 тг;
  7. Есеп беру кезіндегі пайда түсімі - 80565720 теңге;
  8. Түсімдегі салық мөлшері - 228 теңге;
  9. Таза пайда түсімі - 80565720 - 228=78285720 теңге. І І - бөлім. Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі. 2. 1. Қаржылық есеп берудің түсінігі мен мақсатыҚаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субьектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді. Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады. Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар:кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және обьективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабактастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады. Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:
  1. қаржылык есеп берудің мақсаттары;
  1. бухгалтерлік есеп пен каржылык есеп берудің негізгі принциптері;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ МЕН БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Есеп регистрлерінің түрлері
Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
Қаржылық жал есебі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңы
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Капиталдың құрамы мен сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz