Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы


Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы
Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
екі ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн (І кезең) ;
жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жарты жылдық қорытындылары бойынша Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы туралы ақпарат беретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Стратегияны iске асыру жөнiнде барлық шараларды қолдансын.
4. Стратегияның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы
17 мамырдағы N 1096
Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Астана, 2003 жыл
Стратегияның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы
Әзiрлеу үшiн негiз Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға
арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi
бағыттары туралы" Қазақстан халқына
Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң
оныншы форумында берiлген тапсырмаларына
сәйкес әзiрлендi
әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгi - Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда, Бiлiм
және ғылым, Көлiк және коммуникациялар,
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау,
Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы
министрлiктерiмен, Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi
агенттiктiң, Ұлттық Банктiң және т. б.
қатысуымен әзiрледi
Мақсаты Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн
экономика салаларын әртараптандыру жолымен
елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ
мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық
экономикаға өту үшiн жағдай жасау
Мiндеттерi Өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу
қарқынын 8-8, 4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету,
2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек
өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ
энергия сыйымдылығын 2 есе тө мендету;
өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының
өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру
және жеке секторды ынталандыратын әрi
бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн
қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға
барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде
қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi
игеру;
ғылымды көп қажет ететiн және жоғары
технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер
құруды ынталандыру;
елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны
жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына
қарай әртараптандыру;
сапаның әлемдiк стандарттарына кө шу;
дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және
инновациялық процестерге қосыла отырып,
өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен
ықпалдасуды күшейту.
Iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдар
1-кезең - 2003-2005 жылдар
2-кезең - 2006-2010 жылдар
3-кезең - 2011-2015 жылдар
Қажетті ресурстар Стратегияны iске асыруға жұмсалатын
және қаржыландыру инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың
көздерi болжамды көлемi жылына 1, 2 млрд. АҚШ долл.
құрайды. Бұл ретте Стратегияны iске асыруға
жұмсалатын мемлекеттiк шығындардың құны 2002
жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл.
құрайды.
Республикалық және жергілiктi бюджеттерден
қаржыландыру көлемi тиiстi жылға бюджеттi
қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн
Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың,
Инновациялық қордың қаражаты тартылатын
болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және
инновациялық институттарды құру iрi қаржы
ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.
Күтiлетiн нәтижелер Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi
жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына
кемiнде 8, 8-9, 2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000
жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн
3, 5-3, 8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық
өсу қарқынын 8-8, 4 %-ке дейiн жеткiзуге, 2000
жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек
өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ
энергия сыйымдылығын 2 есе тө мендетуге
мүмкiндiк бередi.
Стратегияны iске асыру нәтижелерi 2015 жылы
мұнай, газ кен орындарын қарқынды игеру
жағдайында экономиканың және өнеркәсiптiк
өндiрiстiң құрылымын түбегейлi өзгерiске
ұшыратпайды.
Стратегияны iске асыру:
ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын
2015 жылы 46, 5 %-тен 50-52 %-ке дейiнгi
мөлшерде ұлғайтуға;
ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-
инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын
2000 жылғы 0, 9 %-тен 2015 жылы 1, 5-1, 7 %-ке
арттыруға;
ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң
тө мендеу қарқынын 2000 жылғы 13, 3 %-тен 2015
жылы 12-12, 6 %-ке дейiн тө мендеуiн
бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш
индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы
10, 9 %-тi құрайтын едi) .
Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса,
өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру
салаларының қосылған құнының үлесi, оның
iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31, 0 және 25, 6
% қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56 % және
50-51 %-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске
асыруды есепке алғанда кен өндiру
кәсiпорындары 46-47 %-тi ғана құрайды. Бұл
ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары
технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000
жылғы ЖІӨ 0, 1 %-нен 2015 жылы 1-1, 4 %-ке
дейiн артады.
Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының
құрылымында сапалық өзгерiстер болады.
Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi
өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы
көлемiнiң 40, 1 %-нен 27-28 %-ке дейiн
тө мендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өңдеу үлесi 38, 1 %-тен 45-46%-ке дейiн өседi.
Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және
жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы
0, 6 %-пен салыстырғанда 9-11 %-тi құрайды.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
ДҮниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға кө шу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
1. Әлемдiк экономиканың үрдiстерiн талдау және Қазақстан
экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1. 1. Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды.
Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және ДҮниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.
Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады.
Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды.
Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi.
Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша тө мен тауарлар өндiрiсiнiң салыстырмалы тө менгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады.
Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады.
Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына кө шуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.
Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi тө мендегiше жiктеуге болады:
дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық экономикаға өту;
ғаламдану;
экономиканы ырықтандыру;
ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар.
Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдерiне ауысуда.
1. 2. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда.
Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде ө мiр сүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.
Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды.
Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.
2001-2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11, 5 % құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны 7, 2 % болуы керек.
Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы өзгерiстер жүргiзу керек.
Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.
Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.
Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт тө мендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.
Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетiстiктердi, қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң артуын және елдiң экспорттық әлеуетiнiң жедел қарқынмен өсуiн айта отырып, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отырғанын атап өту керек.
Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ, өнiмдi тасымалдауға тө мен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 2003 жылға дейiн өнеркәсiптiң кейбiр (машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм, резина және пластмасса бұйымдарын өндiру, химия өнеркәсiбi) салаларына бюджет алдында жол берiлген бұрынғы берешектерiн төлеу өсiмi есептелмей кейiнге қалдырылды. Тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өзi өндiрген өнiмдi өткiзуге 2002 жылға дейiн әәС нөлдiк cтaвкa бойынша салынды.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:
экономиканың шикiзат бағыттылығы;
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң тө мендiгi;
iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
ЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң тө мен болуы;
мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында. 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29, 7 % құрады. Бiрқатар салаларда негiзгi құралдардың нақты тозуы 50 % және одан астам деңгейге жақындауда.
Қазiргi уақытта қолданылып жүрген кәсiпорынның қарауында қалған пайда есебiнен негiзгi құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртiбi моральдық тұрғыдан ескiрген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгiлi бiр дәрежеде тежеушi болып отыр.
Негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi 1999 жылы - 8 %, 2000 ж. - 13, 8 % құрады. Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндiруге инвестиция салу есебiнен қол жеткiзiлдi.
Негiзгi құралдар құрылымында аса тозғандары - машиналар және жабдықтар. Олардың тозу дәрежесi 2000 жылы 42, 1 % құрады. Көлiк құралдары - 41 %, ғимараттар 36, 5 % тозған.
Мұнай өндiрумен және металдарды өндiрумен байланысты емес салаларда жабдықтың тозу дәрежесi соңғы үш жылда 45 %-тен 62 %-ке дейiн құрады. Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарында толықтай тозған машиналардың, жабдықтардың және көлiк құралдарының үлес салмағы 12 %-ке жеттi.
Бұл жабдықтың шығарылу жылына қарай және моральдық тұрғыдан алғанда ескiруiне, ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң тө мендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2, 8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0, 22-0, 3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0, 4-0, 6, Канада мен Қытайда - 0, 8-1, 2 киловатт сағатты құрайды.
1-кесте
Өндіріске жұмсалатын электр энергиясының шығындары
(ЖІӨ-нің 1 долларына шаққанда кВт/сағ)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz