Қаракөл қой өнімдерін өндіру және алғашқы өңдеудің тиімді технологиясының ғылыми негіздері


ЖОК 636. 933. 2/517. 31 Қолжазба құқында
ПАРЖАНОВ ЖӘНІБЕК ӘНУАРБЕКҰЛЫ
Қаракөл қой өнімдерін өндіру және алғашқы өңдеудің тиімді технологиясының ғылыми негіздері
06. 02. 04 - Дербес зоотехния; мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Шымкент, 2007 жыл
Жұмыс Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында орындалған
Ғылыми кеңесші: ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Омбаев Ә. М.
Ресми оппоненттері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
профессор Есқара М. Ә.
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,
профессор Сабденов Қ. С.
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
Аманжолов Қ.
Жетекші ұйым: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлық-техникалық университеті
Қорғау «» 2007 жылы сағат « Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Д. 55. 39. 01. диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен - жайы: 160019, Шымкент қаласы, Әль-Фараби алаңы, 3.
Диссертациямен «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат «» 2007 жылы таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы, ауыл шаруашылығы
ғылымдарының кандидаты, доцент Б. С. Тұрымбетов
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика дамуының басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы мал шаруашылығы болып табылады. Республиканың Оңтүстік-Батыс аймағын алып жатқан орасан зор жер көлемінде мал шаруашылығының барлық салалары дамыған. Оның ішінде қаракөл қойы өсірілетін аймағы еліміздің 40 млн. гектардан аса шөл және шөлейт жайылымдықтарын құрайтын, табиғи ауа райы жағдайларына байланысты тек қана қаракөл мен атырау тұқымды қойларды және түйе малын өсіруге жарамды ауыл шаруашылығы жерлері болып табылады.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауылшаруашылық өндірісінің тиімді саласының бірі мал шаруашылығының негізі болып саналатын дүние жүзінде теңдесі жоқ, жоғары сапалы түрлі түсті елтірі өнімін, ет және қылшық жүн беретін бірден-бір елтірі қой тұқымы қаракөл қойы.
Қазіргі кезде қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін талдау қой еті мен қаракөл елтірісін өндіру шаруашылықтар үшін тиімді екенін көрсетіп отыр.
Бұрынғы ірілендірілген бордақылау кешендерінде малды етке қарқынды даярлау технологиясы жойылып, әртүрлі қожалықтар өзінше ізденіс жасап жатқан уақытта, қолда бар еркек тоқтыларды онша көп шығынсыз жайылым жағдайында семіртіп, етке өткізу - осы саламен айналысып жүрген қожалықтар үшін өте қажетті де, экономикалық тиімді жұмыс екені даусыз.
Қазақстанның кең байтақ табиғи жайылымдарында қойларды жайып семірту барынша кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл малдарды семіртуге өте арзанға түсуімен қатар, өндірілетін экологиялық таза еттің сапасын арттырып, алынатын өнімнің мол болуына оң әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта мамандандырылған мал бордақылау кешендері мен алаңдар жойылып, мал басының көпшілігі жеке шаруа қожалықтарында жинақталуына байланысты еркек тоқтыларды етке дайындаудың қолайлы да тиімді жолын табу - қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Қаракөл шикізатын молайтудың ең тиімді жолының бірі қаракөлше елтірісін өндіру. Ол өте көрікті және салмағы жеңіл, жібекті, бедеріннің суреті анық, жоғары тауарлы қасиетімен ұтымды. Бағалылығы оның жеңілдігіне, көрнектілігіне және бұйраларының ғажайып суреттілігіне байланысты, сондықтан ішкі және сыртқы сауда орындарында жоғары сұранысқа ие.
Кейінгі жылдары елдегі экономикалық өзгерістерге байланысты қаракөлше өндірісі күрт төмендеді және қаракөл шаруашылығында кәрі саулықтардан алынатын қаракөлше және қой етін өнеркәсіптік жолмен алу тоқтатылды. Оның басты себебі жаңадан құрылған майда шаруашылық түрлерінің мүмкіндігі болмауы, жалпы мал басының азаюы, оның ішінде қаракөл қойы тұқымының көп жерлерде төмендеп кетуі мен малды азықпен қамтамасыз ету және бағып-күту жағдайының төмендеуі.
Қазіргі кездегі қалыптасқан жағдайға байланысты бұрыннан жиналған тәжірибелерді, ғылыми ізденістерді қорытындылап, саулықтарды күтіп бағудың қаракөл қой шаруашылығы өнімдерін өндіру және алынған елтірі, қой терілерін өңдеудің тиімді технологиясын жасаудың жалпы ел экономикасы мен қаракөл шаруашылығын өрендетудің басты да маңызды мәселелерінің біріне айналды.
Қаракөлше елтірісін өндіруде жайылым жағдайында түрі мен түсі әртүрлі қаракөл саулықтарын азықтандырудың тиімді технологиясын жасаудың маңызы ерекше және өндірістік маңыздылығы үлкен жұмыстардың бірі болып табылады.
Қаракөл шаруашылығы жағдайында буаз саулықтарды толыққұнды азықтандыру үшін мал азығы протеинінің мөлшерін анықтап, сапасын арттыру қажеттілігі жеткілікті дәрежеде дәлелденген.
Сондықтан кейбір зерттеушілердің (Градусов Ю. Н., 1958; Модянов А. В., 1960; Модянов А. В., Девяткин А. И., 1960) жұмыстарында келтірілгені болмаса бұл жұмыс буаз қаракөл саулықтарда айтарлықтай зерттелмеген, ал азық протеинінің орнына қолдануға болатын синтетикалық азотты зат - карбамид пайдалану мөлшерлерін анықтап, қаракөл қой шаруашылығы өндірісіне енгізудің маңызы зор.
Қаракөл шаруашылығындағы тағы бір толық зерттеуді қажет ететін бағыт - алынған қаракөл елтірісі мен қой терісін сапалы алғашқы өңдеудің тиімді технологиясын жасау және жетілдіру. Бұрыннан қалыптасқан қаракөл өңдеу зауыттары тоқтап, елтірілерді алғашқы өңдеу іс жүзінде жекелеген өнім өндірушілердің еншісінде қалғандықтан, қымбат бағаланатын консерванттардың орнына пайдалануға болатын өсімдік тектес түрлерін тауып, олардың өнім сапасына тигізетін әсерін анықтап, өндіріске енгізу осы бағыттағы жұмыстардың маңыздыларғының бірі болып саналады. Оның үстіне Қазақстанда елтірілік және тондық терілерді алғашқы өңдеу мен бояу процестерінде айтылған препарат түрлері бұрын-соңды пайдаланылмағанын ескерсек бұл жұмыстың маңыздылығы арта түспек.
Осы мәселелерге байланысты қаракөл шаруашылығы өнімдерінің өнімін молайту және олардың сапасын арттыруға бағытталған жаңа тиімді технологиялар жасау қажеттілігі туындады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының және «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» РМК 21. 03. 27 «Қаракөл елтірісін алғашқы және өндірістік өңдеудің тиімділігі жоғары технологиясын жасау» (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0196 РК 00722), 02. 01 «Әр түрлі қаракөлше өндіретін, тірілей салмағы 50 кг тартатын кәрі қойларды бордақылаудың технологиялық процестерін жетілдіру», (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0196 РК 00719), 08. 04. 08 «Разработать высокоффективную технологию первичной и промышленной обработки каракуля» (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0198 РК 00137), 08. 10. 10 «Разработать технологию переработки каракулевого, мехового и овчинного сырья в меховой полуфабрикат в условиях сельской индустрии» (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0198 РК 00144), 03. 02. 04. 04. Н «Қаракөл елтірісін, қой терісін, жүнін және түйе терісін ұқсату мен сақтаудың тиімді технологиясын жасау» (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0101 РК 00426), 06. 02. 03. 01 «Елтірілі қой тұқымдары өнімдерін өңдеудің тиімді технологиясын жасау» (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0106 РК 01123) тақырыптарына сәйкес жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері - ғылыми жұмыстардың негізгі мақсаты қаракөл қой өнімдерін өндіру мен алғашқы өңдеудің әдістемелерін жетілдіру арқылы, ғылыми негізделген тиімді технологиясын жасау.
Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылды:
- еркек қаракөл тоқтыларын жайылым жағдайында етке дайындау технологиясын жетілдіру;
- әртүрлі түсті кәрі саулықтарды бордақылаудың әдістерін зерттеп, оны жетілдіру;
- әртүрлі түсті кәрі саулықтарды қаракөлше алу үшін дайындаудың технологиясын жасау;
- синтетикалық азотты зат - карбамидтің алынатын өнімге (ет, қаракөлше және жүн) тигізетін әсерін анықтау;
- әр түрлі жұптастыру негізінде алынған қаракөлше елтірілерінің шаруашылыққа пайдалы белгілерінің фенотиптік корреляциясын анықтау;
- қаракөл елтірісі және қой терілерінің алғашқы өңдеу технологиясын жасау және жетілдіру;
- әртүрлі әдіспен өңделген қаракөл шикізатының зоотехникалық және тауарлық-техникалық қасиеттерін зерттеу;
- өңдеу барысында қаракөл елтірілері қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын анықтау;
- зерттеу жұмыстарының экономикалық тиімділігін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Шөл және шөлейт жайылымдар жағдайында етке арналған еркек қаракөл тоқтыларын енесінен ажыратылғаннан кейін, туылған жылы сапалы қой етін өндіруге мүмкіндік беретін жетілдірілген жаңа технологиясы жасалды.
Шаруашылықтардың жемшөп қорының мүмкіндігіне байланысты еркек тоқтыларды етке дайындауда пайдаланылатын толық рационды құрама жемшөптің рецепті жасалып, оның құрамына әрқайсысы 30%-дан табиғи түршөп және жоңышқа пішені, 10% ақегіс сабаны, жалпы мөлшері 30% арпа жармышы және собығымен бірге майдаланған жүгері, қажетті мөлшерде макро- және бар жалпы қоректілігі 0, 60 кг малазық бірлігі, 7, 9 МДж алмасу қуаты, 66 г қортылатын протеин мөлшерін құрайтын жемшөп қоспасының рецепті алғашқы рет ұсынылды.
Әрі қарай пайдалануға болмайтын кәрі қаракөл саулықтарының ет өнімділігін арттырумен қатар, өндірілетін қаракөлше елтірісінің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін қой бордақылаудың жаңа әдісі жасалып, өндіріске ұсынылды.
Сапалы ет және қаракөлше өндіру технологиясында саулықтарды толыққұнды азықтандыруды жетілдіру барысында протеиндік қоректілігінің маңыздылығы көрсетіліп, негізгі азық рационы алғашқы рет карбамидпен байытылып, оның қолайлы нормативі ұсынылды.
Қаракөлше өндіру технологиясында қаракөл қойларын жұптастырудың тиімді тәсілдері анықталып, шаруашылықтар өндірісіне ұсынылды. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының басты жаңалығы қаракөл шаруашылығы технологиясында алғашқы рет қошқарлар мен саулықтарды жұптастырғанда олардың барлық түрлі елтірілік қасиеттері мен сапалық белгілерінің бір-бірімен фенотиптік корреляциялық өзара байланысы анықталды.
Қаракөл шикізатын алғашқы өңдеудің (консервілеудің) әртүрлі тәсілдерін зерттеу нәтижесінде ең тиімдісі құрғақтай тұздау тәсілі екені анықталып, бұл технология бойынша елтірі көлемінің кішіреюі құрғақтай керу мен тұздықта сақтау тәсілдеріне қарағанда бұл көрсеткіш сәйкесінше 22, 6 және 24, 4% артық болатыны алғашқы рет дәлелденді.
Елтірі өңдеу технологиясында консервант ретінде алғаш рет экологиялық таза диаммонийфосфат+натрий кремнефториді (концентрациясы 400±50 г/дана) пайдаланылып, иленген елтірінің көлемін құрғақтай тұздалған күйімен салыстырғанда 11, 4%-ға ұлғайтуға мүмкіндік беретін жетілдірілген технология жасалды.
Қаракөл елтірілері мен тондық қой терілерін илеу технологиясында бағасы қымбат, таптыруы қиын болса да қолданылып жүрген минералдық және синтетикалық иліктерді алмастыратын Қазақстан Республикасы табиғи флорасынан алынған өсімдік тектес иліктер пайдаланудың жаңа әдісі жасалды және оның тиімділігі анықталды.
Елтірі консервілеудің нақты мерзімі анықталып, №№ 9296-74, 315-69, 3595-7 МСТ-дың талаптары мен өлшемдеріне сәйкес келетін илікті қасиеттері бар өсімдік тектес препараттардың жаңа түрлері анықталып, алғаш рет өндірістік технологияға ұсынылды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Еркек қаракөл тоқтыларын туылған жылы етке дайындап өткізудің ұсынылып отырған технологиясын шаруашылықтар өндірісіне енгізу - жас тоқты етін өндіруді молайтып, жайылым жағдайында бағылғандықтан, өндірілген еттің өзіндік құнын төмендетіп, жалпы саланың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қаракөлше өндіруге арналған кәрі қаракөл саулықтарын күтіп-бағу мен мөлшерлеп азықтандырудың жетілдіріліген технологиясы шаруашылықтарға сапалы елтірімен қатар жоғары қоңдылықтағы қой етін де өндіруге қажетті жағдай жасайды.
Қаракөл елтірісі мен қой терісін алғашқы өңдеудің жаңа технологиясының практикалық құндылығы қолданыстағы қымбат бағаланатын химиялық консерванттардың орнына қоршаған ортаға залалсыз, илік қасиеті мен қабілеті жоғары табиғи өсімдік тектес препараттар қолданылуында. Ұсынылған технология шаруашылықтарға алғашқы өңдеу шығындарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерінің өндіріске ендірілуі. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жасалған еркек қаракөл тоқтыларын туылған жылы сапалы ет өндіруге мүмкіндік беретін етке дайындау технологиясы, қаракөл саулықтарынан ет және сапалы қаракөл елтірісін өндіру технологиясы, қаракөл елтірісін алғашқы өңдеу мен илеудің жетілдірілген экологиялық таза технологиялары Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары қаракөл шаруашылықтарының өндірісіне кеңінен ендірілген.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- еркек қаракөл тоқтыларын етке дайындау технологиясы бойынша олардың етке дайындау мерзімдеріндегі өсіп-жетілуі мен ет өнімділігі мен сапасы;
- түрі мен түсі әртүрлі кәрі саулықтардан сапалы ет өндіру әдістері;
- саулықтар рационындағы карбамидтің тиімді мөлшерімен оның өндірілетін мал өнімдеріне (ет, қаракөлше жүн) тигізетін әсері;
- қаракөлше елтірісінің сапалы өнім өндіруге қажетті белгілерінің фенотиптік корреляциялары;
- әртүрлі әдіспен өңделген қаракөл шикізатының зоотехникалық және тауарлық-техникалық қасиеттері;
-өңдеу барысында қаракөл елтірілері қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары;
- қаракөлді консервілеу әдістемелері;
- өсімдік тектес препараттардың иліктік қасиеті;
- қаракөл елтірісінің физикалық-механикалық қасиеттері;
- зерттеулердің экономикалық тиімділігі.
Жұмыстың сынақтан өтуі мен жарық көруі . Диссертациялық жұмыстың нәтижелері Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданындағы А. Құлжабаев атындағы "Задария" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны және Түркістан ауданы "Ойық" шаруа қожалықтарының мал мамандарының жалпы жиналысында (1996-1999 жж) ; Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының және «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» РМК ғылыми кеңесінде (1996-2007 жж) ; Халықаралық ғылыми конференцияларда (Шымкент, 2001 ж. ; Улан-Батор, 2001; Самарканд, 2000, 2002, 2005 жж. ; Семей, 2002 ж. ; Астана, 2003 ж. ; Тараз, 2003 ж. ; Алматы, 2000, 2003 жж. ; п. Дубровицы, Моск. обл., 2005 ж. ; Барнаул, Ресей, 2005 ж. ; Москва, Ресей, 2007 ж. ), РМК "Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мал шаруашылығы өнімдері және дәрілік шикізатты өндіруді, өңдеуді және өлшемдеуді жетілдіру бөлімінің ғылыми қызметкерлері алдында (2007 ж) баяндалып, мақұлданған.
Диссертация мәліметтері бойынша 49 мақала халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда және ресми журналдарда жарияланған. Зерттеудің ғылыми жаңалығына төрт авторлық куәлік алынған.
Жұмыстың көлемі мен құрылысы. Диссертация 300 бетке компьютерлік текспен терілген, 93 кесте және 14 суретпен өрнектелген. Диссертация кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу орны, жағдайы мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, қорытынды және өндіріске ұсыныстар, 625 пайдаланған әдебиеттер тізбесінен және қосымшадан тұрады.
2 Жұмыс материалдары мен зерттеу әдістемелері
Диссертация ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің дәстүрлі әдістемелік бағыттары мен тәсілдері бойынша жүргізілді. Желі бойынша нақты тәжірибе жүргізілуі жоғарыда көрсетілген күрделі мәселелерді зерттеуге арналып, тәжірибедегі мал тобының құрамын айқындау диссертацияда көрсетілген тараулар мен бөлімдерінде келтірілді.
Жұмыстың мақсатына сәйкес ғылыми-шаруашылық, физиологиялық және өндіріске енгізу тәжірибелері 1990-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданындағы А. Құлжабаев атындағы «Задарья» мен «Ақдала» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында, Сарыағаш ауданындағы «Бірлік» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында, Түркістан ауданындағы «Ойық» шаруа шаруашылығында, Созақ ауданындағы «Береке» колхозында, «Шымкентқаракөл» АҚ мен «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» тәжірибе цехында және Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Қызыл жұлдыз» қаракөл қой шаруашылығы жағдайында жүргізілді. Тәжірибе жұмыстарының жалпы жүйесі 1 суретте келтірілген.
Зерттеудің нысандары қаракөл қойлары, оның терісі, қаракөл елтірісі, ет өнімдері.
Алға қойылған мақсатты жұмыстарды жүзеге асыру төмендегі негіздерге сүйене отырып атқарылды.
1. Пайдаланған жайылым отының мөлшері, олардың химиялық құрамы және жайылым өнімділігі мен азық қорын анықтау жұмыстары аумағы белгілі (2, 5 м х 1 м) алаңқайлар шөбін ору әдісімен анықталды. Жалпы есептелген аумақ І0 м 2 құрады [Кедрова С. И., 1969] .
2. Қосымша берілген жемшөптің мөлшері мен қоректілігі зерттелді.
3. Тәжірибе топтарындығы тоқтыларды етке даярлаудың мезгілдеріне байланысты өлшеу арқылы олардың өсіп-жетілуі мен салмақ қосу дәрежесі анықталды.
4. Тәжірибедегі еркек тоқтылардың тірі салмағын анықтау енесінен ажыратылғанда, 5, 6, 7 айлығында және саулықтардың тірі салмағын анықтау тәжірибе басталар алдында, одан соң тәжірибе аяқталған уақытта таразыға тарту арқылы жүзеге асырылды.
Тәжірибедегі тоқтылардың өсіп-жетілу қарқынын анықтау үшін С. Бродидың теңдеуін пайдалану арқылы анықталды.
5. Еркек қозылардың дене тұрқының пішіні мен көлемінің негізгі өлшемдері (шоқтығының биіктігі, жамбасының биіктігі, тұрқының қиғаш ұзындығы, кеудесінің енділігі, тереңдігі және орамы, сирақ және дене тұрқының индекстерін есептеп шығару) жалпы қолданыстағы әдістеме бойынша [Придорогин М. П., 1949] анықталды.
6. Малдың еттілік өнімділігін анықтау мен сапасын бағалау Бүкілодақтық малшаруашылығы институтының (БМИ) әдістемелері бойынша жүргізілді [1956, 1970] .
Бұлшық еттегі амин қышқылдарының мөлшеріне қарай оның биологиялық құндылығы қағазды хроматография әдістемесімен [Харатьян А. М., Фейгин Г. А., 1965] зерттелді.
Етке дайындалған еркек қаракөл тоқтыларының құйрық және іш майының химиялық құрамы мен қуаттылығы анықталды [БМИ, 1956, 1970] .
7. Жүн өнімдері әрбір малдан қырқылған жүні бойынша және жүннің таза шығымы И. М. Орловтың [1980] әдістемесі бойынша анықталды.
8. Алынған елтірілер Шымкент қаракөл зауытында қалыпты қаракөл елтірілері 8748-70, қаракөлшеге арналған 10701-63 қатаң стандарт талаптарына сәйкес сорттаудан өткізілді. Елтірілердің тауарлық көрсеткіштері И. Н. Дьячков, М. Д. Закиров, Р. Письменнаялардың [1963], Ә. М. Омбаев, Б. Актуов, Ж. А. Паржановтардың [2006] әдістемелеріне сәйкес жүргізілді.
9. Елтірілерді өңдеп, боялғаннан кейін эксперттік бағалауда олардың жұмсақтығы, иілгіштігі, жібектілігі мен түкті қабатының жылтырлығы айқындалды. Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік университетінің тері және көн технологиясы каферасында тәжірибе жұмыстары жүргізіліп, тері үлгілерінің физикалық-механикалық қасиеттері сыналды: 22596-77 мемлекеттік стандарт [1977] бойынша тері үлгілерінің беткі қабатының шытынау салмағы мен көлденең аумағының ажырау салмағы және 22829-77 [1978] мемлекеттік стандарт бойынша тері ұлпасының суда жиырылуының рН анықталды.
10. Гематологиялық өзгерістердің көрсеткіштері қан құрамының элементтері Горяевтың есептеу камерасында, гемоглобиннің мөлшері Салидың гемометрінде анықталды. Сақталған сілтілік, жалпы ақуыз және оның фракциялары, кальций, фосфор П. Г. Лебедевтің, А. Т. Усовичтің [1976], В. А. Антоновтың, Т. Н. Блиновтың [1971] әдістемелері бойынша анықталды. Күре тамырдан алынған қандағы жалпы ақуыз мөлшері ИРФ рефрактометрмен, ақуыз фракциялары альбумин мен глобулин ЭФА-1 аппаратында электрофорезбен, бұдан кейін ФЭК-И аппаратында фотокалориметрлеу арқылы сарапталды.
11. Тоқтылар мен саулықтардан ет, қаракөл елтірілерін және жүн өндірудің экономикалық тиімділігі алынған өнімдерді сату бағасы мен өндірудегі шаруашылық шығындары арасындағы айырмашылық арқылы (бір бас малды етке даярлауға кеткен мал азығы, еңбек және материалдық шығындар мен олардан алынған өнімдер және олардың сапасына байланысты) анықталды.
Зерттеу жұмыстары барысында алынған ғылыми мәліметтер Н. А. Плохинскийдің [1979, 1980] әдістемелері бойынша биометриялық статистиканы пайдаланып, талдау, өңдеу, есептеу жұмыстарында кейбір жағдайларда микрокалькулятор БЗ-34 қолданылды.
3 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
3. 1 Еркек қаракөл тоқтыларын етке дайындау және күтіп - бағу технологиясы
Қазіргі уақытта республика шаруашылықтарында мал басының күрт азаюына байланысты етке өткізу жоспары жойылып, өсірілуге еркек тоқтылар да қалдырылып жүр. Жас малдарды жайып семірту технологиясының жетілдірілмеуіне байланысты тоқтыларды шаруашылықтарда бір жарым жасқа дейін босқа ұстап, олардан қосымша өнім өндірілмейтіндіктен шаруашылықтардың экономикалық көрсеткіштеріне үлкен зиян тигізіліп келеді.
Қазіргі уақытта мамандандырылған мал бордақылау кешендері мен алаңдары жойылып, мал басының көпшілігі жеке шаруа қожалықтарында жинақталуына байланысты еркек тоқтыларды етке дайындаудың қолайлы да тиімді жолын табу - қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Етке арналған еркек қаракөл тоқтылары жайылымда бағылатындықтан, одан алатын қоректік заттар мөлшері мен жайылым отымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтамай малды қажетті мөлшерде мөлшерлеп азықтандыру мүмкін емес.
Сондықтан тоқтылар бағылған жайылым түрлерінен қанша жайылым отын пайдаланатынын анықтау мақсатында арнайы тәжірибелер жүргізілді (1-кесте) .
1-кесте - Еркек қаракөл тоқтыларының қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі
азық өлшемі, %
кг
65, 8
-0, 41
82, 5
-0, 21
75, 8
-0, 29
алмасу қуаты, %
МДж
70, 0
-4, 05
87, 2
-1, 72
79, 4
- 2, 78
құрғақ заттар, %
МДж
104, 7
+0, 07
98, 0
-0, 03
76, 6
-0, 35
шикі протеин, %
г
83, 0
-34
103, 5
+7
88, 0
-24
қорытылатын протеин, %
г
82, 1
-25
99, 3
1
88, 5
-16
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz