Қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар: құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт - дәстүр және ритуал нормалары.

Әлеуметтік нормалар - бұл адамдардың мінез - құлқын, және олардың ара - қатынасындағы ұйымның қызметін реттейтін ережелер.

Оның белгілері:

1. Әлеуметтік нормалар адамдардың мінез - құлқы ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, м. пікірі бойынша адамдардың мінез - құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар өз әрекеттерін қалыптастырады.

2. Әлеуметтік нормалар - бұл жалпы сипаттағы мінез - құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған.

3. Әлеуметтік нормалар - бұл қоғамдағы міндетті мінез - құлық ережелері. Құқықтық норма ғана сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда әлеуметтік нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз етіледі.

Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез - құлқына белсенді әсер етеді.

Әлеуметтік нормалардың әр алуандығына байланысты, олар келесіде топтастырылады:

1. Құқықтық нормалары - бұл мемлекет. бекітетін және қорғайтын мінез - құлық ережелері.

2. Мораль нормалары - бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік, қадір қасиет, ар - аждан туралы моральдік түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және қоғамдық пікір, немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез - құлық ережелері.

3. Қоғамдық ұйымның нормалары - бұл қоғамдық ұйымдардың өздері бекітетін және бұл ұйымның жарғысымен көзделген қоғамдық әсер ету шаралары көмегімен қорғалатын мінез - құлық ережелері.

4. Әдет нормалары - бұл адамдардың бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде адамдардың әдетіне байқалған белгілі бір қоғамда қалыптасқан мінез - құлық ережелері.

5. Салт - дәстүр нормалары - адамның өмір сүруінің белгілі бір саласында уақытқа сәйкес прогрессивті ережелерді қолдаумен пайда болған тұрақты мінез - құлық ережелері.

6. Ритуал нормалары - әр түрлі саяттарды (отряд) жасаған кезде адамдардың мінез - құлық ережелерін анықтайтын және моральдік әсер ету шараларымен қорғанатын нормалар. Олар ұлттық мейрамдарды некені қиған кезде қолданады.

7. Діни, саяси, отбасылық, іскерлік нормалар.

  1. Техникалық нормалар - бұл табиғат заттары, еңбек құралдары, әр түрлі техникалық құралдар мен адамдардың қарым - қатынасын реттейтін мінез - құлық ережелері. Техникалық нормалардың мақсаты: табиғат, техника күштерін дұрыс пайдалану. Техникалық нормаларға құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, машина мен механизмдерді пайдалану нұсқаулары шикі затты, электроэнергияны, жағар майды жұмсау нормалары жатады.

Заңи норманың құрылымы - бұл оның функционалдық дербестігін қамтамассыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы:

1. гипотезадан;

2. диспозициядан;

3. санкциядан тұрады.

1. Гипотеза - бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі.

2. Диспозиция - бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез - құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді) .

3. Санкция - бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқықтық норманың бір бөлігі.

Олар жағымсыз - жазалау шаралары және жағымды - ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

Өлшем (норма) - әлеуметтік топпен қабылданған және осы топ санкциялар арқылы бақылайтын мінез-құлық ережесі. Ауытқушылық - нормалардан бас тарттылған тәртіп. Аномия (лат. ) - нормалардың болмауы.

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.

Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.

Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т. б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т. б. ) ;

• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ, ) ;

• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар) .

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т. б. жатады.

Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение) : майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т. б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

3. Наша сату және тарату.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

Өзіне-өзі қол салу (әр 40 секундта бір адам өмірін қияды) 12:55

Өзін-өзі өлтіру - адам баласы жаратылғалы жалғасып келеді. КСРО кезінде бұл мәселе жабық қаралатын. 1926 жылдары Кеңес елдерінде 100 мың адамға шаққандағы өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 7, 8 адамды құрады. 1930 жылы Санақ жөніндегі мемлекеттік комитеті өз-өзіне қол жұмсағандармен айналысатын секторды жауып, бұл жұмысты психиатрларға тапсырды. Неге десеңіз, өз-өзіне қол жұмсағандарға ақыл-есі кеміс, психикалық ауру деп баға берілді. Сол кезеңде АҚШ-та да өзін өлімге қиып, одан аман қалғандар жазасын өтеуге түрмеге қамалды. Аустрия мамандарының дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДҰ) жасаған баяндамасы бойынша, бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өлетін адамдар көп екен. Әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адамның өз-өзіне қол жұмсап, 10-20 миллиондай адамның өз өмірлерін қиюға әрекет жасайтындығы соның айғағы. Тіпті, әр 40 секунд сайын дүниежүзінде бір кісінің өз өмірін қиятындығы бұл өлімнің қаншалықты жиі кездесетіндігін көрсетеді.

Өзін өлтіруге көзқарас

Өзін-өзі өлтіру мәселесі Англияда 1961 жылға дейін заңға қайшы деп табылды. Бірақ, соңында заң арқылы шешудің мүмкін еместігі еріксіз мойындалды. Көне Норвегия сотында оған «абыройсыз өлім» деп баға берілді. Финляндияда 1442 жылғы заң бойынша өз-өзіне қол жұмсау мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп есептеліп, шіркеу құқықтары бойынша емес, азаматтық құқықтар бойынша жауапқа тартылды. 1808 жылғы Голландия заңында өз өмірін қиюға әрекет жасағанды қудалау тоқтатылды. Басқа Еуропа мемлекеттеріне қарағанда Италияда өз-өзін өлтіруге қатаң көзқарас қалыптасқан. Онда өз-өзіне қол салу - Құдайдың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналады. Тіпті, өз-өзін өлтірген адамның абыройсыздығы жақындарын жерге қаратады. Қытайда тарихи дәстүр бойынша өз-өзіне қол жұмсайтындарды қолдамаса да, ондайлардың ізіне түсіп қудаламау керек деген пікір жақталады. Қытай еркектері көбіне қоғамдағы келеңсіздіктерге шыдамаса, әйелдері көбіне үйдегі араздыққа төзбейді. Үндістанда өзін-өзі өлтіру өмір салтының нышаны күйінде қалып қойған. Үнділіктер Құдайға деген ең үлкен құрбан адамның өз жаны деп біледі. Оның негізі өзін құрбан еткен жандарға мәңгілік өмір есігі ашылады деген сенімде жатыр.

Зерттеушілердің пікірі

Өзін-өзі өлтіру ісін зерттеген психолог, социолог мамандар көп болған. ХІХ ғасырда бұл іспен француз социологы Э. Дюркгейм айналысты. Батыстық ғалым Г. Шорт 1954 жылы бұл кеселге жетелейтін ең негізгі себеп - тапшылық, кедейлік деп жарияласа, 1960 жылдары америкалық Уоррен Брид өз-өзіне қол жұмсауға ер кісілерді итермелейтін басты себеп - психикалық аурулар мен ушығып кеткен отбасы жанжалы екенін айтты. 1988 жылы Санкт-Петербургте А. Лихачевтың «Еуропалық Ресей мен Батыс Еуропадағы өзін-өзі өлтіру. Салыстырмалы-деректік зерттеу тәжірибесі» атты кітабы жарық көрді. 1912 жылы Санкт-Петербургте басылған «Өзін-өзі өлтіру себептері және онымен мүмкіндігінше күресу» атты еңбегінде психолог В. Бехтереев те өз-өзіне қол жұмсаудың бірқатар себептерін алға тартты. Бір қызығы, танымал психиатр А. Г. Абрумова мұндай әрекетке тек психикалық аурулар ғана емес, керісінше, ақыл-есі бүтін адамдардың көп баратындығын дәлелдеді. Өзін-өзін өлтіруге талпынып, бірақ аман қалу қылмыс саласында «өзін-өзі өлтіруге әрекет» деп аталады. Жақында Архус университетінің жанындағы дат ұлттық зерттеу орталығының ғалымдары егер тұқымында, ағайын-туыстары мен жақындарында өз-өзіне қол жұмсаған адам болса, онда өзін-өзі өлімге қию қаупі еселене түсетіндігін дәлелдеді. Психологтар өзін-өзі өлтіру оқиғаларының 60 пайызы көбіне-көп жылдың көктем, жаз мезгілдерінде іске асады деуде. Сондай-ақ, үйленгендерге қарағанда бойдақтар мен ажырасқандар көбірек өздеріне қол жұмсайды екен. Психотерапевт, психоаналитик мамандардың пайымдауынша, өз-өзіне қол жұмсау 3 топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрантты. Ашық түрде өзіне қол жұмсайтындар бұған аяқасты бармайды. Өмірдің мәнін түсінбеу, өзінің өмірдегі міндеті мен орнын ұғына алмау (әсіресе, жастар мен қарттар) ойлана келе осындай ашық түрде өз жанын өлімге қияды. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді. Өлуді мақсат тұтпай, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне бару «демонстрантты» түрге жатады. «Айтқанымды орындамасаң, өле салам!» деп қорқыту түрлері де осыған тән. Жасырын түрде өз-өздеріне қол жұмсайтындар өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, алайда, одан басқа жол таба алмай қиналады. Зерттеуші Эрвин Рингельдің айтуынша, өзін-өзі өлтіру үрдісі негізінен 3 сатыда жүзеге асады. Біріншісі, «келеңсіздіктен арылудың бір ғана жолы - өлім» деген ойдың мазалай бастауы. Екіншісі, болған оқиғаға адамның тек қана өзін кінәлауы. Үшіншісі, адам өз-өзін қайтып өлтірудің түрлі айла-тәсілдерін қарастырып, оны ойша жүзеге асыруы.

Әлем бойынша өзін-өзін өлтіру мәліметі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін үш топқа бөледі:

1. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші өте төмен елдерге (100 мың адамнан жылына 10 адам) . Оған Грекия, Италия, Гватемала (0, 5), Филиппин (0, 5), Албания (1, 4), Доминикан республикасы (2, 1), Армения (2, 3) жатады. Өзін-өзі өлтірудің ең төменгі көрсеткіші мұсылман елдерінде. Айталық, Мысырда (0, 03), Кувейт (2, 1) . Африка елдерінде де бұл көрсеткіш жоққа тән.

2. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші орташа елдерге (100 мың адамнан жылына 10-20 адам) . Аустралия, АҚШ-ты (10. 4) жатқызуға болады.

3. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші жоғары және өте жоғары елдер (100 мың адамнан 20- дан көп адам) . Жапония (27, 1), Венгрия (35, 9), Эстония (40), Ресей (39, 4 - жыл сайын 60 мың адам), Литва (42, 1), Латвия (42, 5) .

Дәстүрлі жапон мәдениетінде өз-өзіне қол жұмсаудың қалыптасқан атаулары да бар. Айталық, «Докуяку дзисацу» - у, не ұйықтатын дәрі арқылы өлу, «Тоосин дзисацу» - биіктен секіру, «Харакири» (сэппуку) - сөзбе-сөз аударсақ қарынды жару дегенді білдіреді. Жапон ұлттық полиция агенттігінің мәлімдеуінше, 2003 жылы Күншығыс елінде 34 мыңнан аса адам өз-өздеріне қол жұмсаған. Бұл 2002 жылға қарағанда 7 пайызға өскендікөрсетеді. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық құқық
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Әкімшілік құқық. Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктері
Қаржылардың жалпы түсінігі
Еңбектік құқықтық қатынастар
Императивті әдіс
Әкімшілік құқық ұғымы жайында
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz