Қаржылық және бюджеттік қатынастар



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қаржылық және бюджеттік қатынастар
2. Қаржылық бақылау
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қаржы құқығы - құқықтың жетекші және маңызды саласы. Қаржы мемлекеттің материалдық өмір сүру негізіне қызмет етіп, оның қызметін ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Қаржы тетіктері арқылы мемлекет елдің экономикалық дамуына белсенді ықпал етеді. Қаржы құқығы жоғарғы заң оқу орнының құқықтану мамандығының студенттеріне арналған міндетті пән болып табылады.
Қаржы құқығы ғылымы адамзаттың практикалық қажеттіліктерінен туындады және басқа ғылымдардың; мемлекеттік және полиция құқығы, саяси экономия және қаржы ғылымдары құрамында "тәжірибе жинақтаудан өтіп" түпкілікті өзін мойындатты. Орта ғасырлардың ауысымына келген соңғы төрт ғасыр, экономикалық және қаржы ерекшеленеді; ірі компаниялардың санының көбеюімен, банк ісінің дамуымен өнеркәсіп орнының өсуімен өзіндік орнын белгіледі. Егер орта ғасырлардың типтік өкілдері монахтар, феодалдар мен шаруалар болса, XVI-XVII ғ.ғ. кейіпкерлер; жігерлі кәпестер, мануфактура иелері мен банкирлер болды.
Ақша — адамдардың мінез-құлқын билеп айқындауға көшті. Мемлекет өміріндегі қаржының маңызды ролі мемлекеттанушылар мен полиция қызметкерлері еңбектерінде көрініс тапты. Мемлекеттік қаржының проблемаларын мемлекеттанушылар өз еңбектерінде түңғыш рет ашып жаза бастады.
Француз құқықтанушысы Ж.Боден (XVI ғ) "Мемлекет туралы алты кітап" деп аталған шығармасында мемлекеттің қаржылай табыс көздерінің тізімін келтіріп сонымен бірге халықтан салықты тиімді түрде жинау мәселесін алға тартады.
Ағылшын мемлекеттанушысы Т.Гоббе (XVII ғ) үкімет тарапынан бұқара халыққа төленетін "қаржылай алым жеңілдеу болуға тиіс" деп келе, алым төлеуде халықты "жүнін қырықтырғызам деп терісін сыдыртқысы" келмейтін қойға теңейді. "Заңдар рухы туралы" деп аталатын еңбегінде француз мемлекеттанушысы Ш.Монтескье (XVIII ғ) абсолютизмнің қарсыласы ретінде, мемлекеттің қаржы саясатының негізгі мәселелері парламентте шешілуге тиіс, атқарушы биліктің қызметі - парламент қабылдаған қаржы заңдарын орындау — деп тұжырымдайды. Қаржының рөлі және оның құқықпен бекітілуі полиция құқығы саласындағы еуропа мамандары: француз Деламар және неміс ғалымдары Юсти мен Зонненфельстің еңбектерінде нақты айшықталған. Бұлардың арасында ерекше бөліп Юстидің "Салықтар мен алымдар туралы толығырақ пайымдаулар" (1755) және "Қаржы жүйесі" (1766) деп аталған еңбектерін айта кетуіміз қажет.
Тағы бір көрнекті полиция қызметкері Зонненфельс "Қаржы, коммерция және полицияның негізгі бастаулары" деп аталған аса ірі еңбегінде, Юстамен қатар мемлекеттік қаржының жалпы жүйесін, жасап, осы жүйенің қалыптасуындағы заңның ролін айқындады.
1. Баққұлов С.Д. «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы – 1998ж.
2. Сапарғалиев С. «Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері». Алматы – 1997ж.
3. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы – 1998ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Қаржылық және бюджеттік қатынастар
2. Қаржылық бақылау
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қаржы құқығы - құқықтың жетекші және маңызды саласы. Қаржы
мемлекеттің материалдық өмір сүру негізіне қызмет етіп, оның қызметін
ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Қаржы тетіктері
арқылы мемлекет елдің экономикалық дамуына белсенді ықпал етеді. Қаржы
құқығы жоғарғы заң оқу орнының құқықтану мамандығының студенттеріне
арналған міндетті пән болып табылады.
Қаржы құқығы ғылымы адамзаттың практикалық қажеттіліктерінен туындады
және басқа ғылымдардың; мемлекеттік және полиция құқығы, саяси экономия
және қаржы ғылымдары құрамында "тәжірибе жинақтаудан өтіп" түпкілікті өзін
мойындатты. Орта ғасырлардың ауысымына келген соңғы төрт ғасыр,
экономикалық және қаржы ерекшеленеді; ірі компаниялардың санының көбеюімен,
банк ісінің дамуымен өнеркәсіп орнының өсуімен өзіндік орнын белгіледі.
Егер орта ғасырлардың типтік өкілдері монахтар, феодалдар мен шаруалар
болса, XVI-XVII ғ.ғ. кейіпкерлер; жігерлі кәпестер, мануфактура иелері мен
банкирлер болды.
Ақша — адамдардың мінез-құлқын билеп айқындауға көшті. Мемлекет өміріндегі
қаржының маңызды ролі мемлекеттанушылар мен полиция қызметкерлері
еңбектерінде көрініс тапты. Мемлекеттік қаржының проблемаларын
мемлекеттанушылар өз еңбектерінде түңғыш рет ашып жаза бастады.
Француз құқықтанушысы Ж.Боден (XVI ғ) "Мемлекет туралы алты кітап"
деп аталған шығармасында мемлекеттің қаржылай табыс көздерінің тізімін
келтіріп сонымен бірге халықтан салықты тиімді түрде жинау мәселесін алға
тартады.
Ағылшын мемлекеттанушысы Т.Гоббе (XVII ғ) үкімет тарапынан бұқара
халыққа төленетін "қаржылай алым жеңілдеу болуға тиіс" деп келе, алым
төлеуде халықты "жүнін қырықтырғызам деп терісін сыдыртқысы" келмейтін
қойға теңейді. "Заңдар рухы туралы" деп аталатын еңбегінде француз
мемлекеттанушысы Ш.Монтескье (XVIII ғ) абсолютизмнің қарсыласы ретінде,
мемлекеттің қаржы саясатының негізгі мәселелері парламентте шешілуге тиіс,
атқарушы биліктің қызметі - парламент қабылдаған қаржы заңдарын орындау —
деп тұжырымдайды. Қаржының рөлі және оның құқықпен бекітілуі полиция құқығы
саласындағы еуропа мамандары: француз Деламар және неміс ғалымдары Юсти мен
Зонненфельстің еңбектерінде нақты айшықталған. Бұлардың арасында ерекше
бөліп Юстидің "Салықтар мен алымдар туралы толығырақ пайымдаулар" (1755)
және "Қаржы жүйесі" (1766) деп аталған еңбектерін айта кетуіміз қажет.
Тағы бір көрнекті полиция қызметкері Зонненфельс "Қаржы, коммерция
және полицияның негізгі бастаулары" деп аталған аса ірі еңбегінде, Юстамен
қатар мемлекеттік қаржының жалпы жүйесін, жасап, осы жүйенің
қалыптасуындағы заңның ролін айқындады.

Қаржылық және бюджеттік қатынастар.
Қаржының басты мақсаты – мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету.
Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік
ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады.

Ақша қорларын жинау тәсілдері:

1. Иелерінен ақшаны міндетті түрде , қайтарымсыз алу (салықтар мен
бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
3. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.

Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция,
субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің
құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік,
салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда
болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің
заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.
2. Салықтық құқық негіздері.
Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем,
қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да
міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық
мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық
қатынастар әрі оның пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген
қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды
және әлеуметтік – экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға
айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік
қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін
орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызмеиінің ең
маңызды, басты түрі – мемлекеттік кіріс болып табылады. Сол мемлекеттік
кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер.
Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге
бөлінеді:
А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн
салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы
төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.
Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және олармен жасалған мәмәлелерді, радиоэлектрондық құралдарды
және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен
тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе
кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін
алынатын алымдар; автокөлік құралдарын ҚР аумағы арқылы жүру алымы;
аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен
айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизиялық және радио
хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат
бергені үшін алынатын алымдар.
Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су
ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны үшін, жануарлар дүниесін, орманды,
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожиілілік спектірін, кеме жүретін
су жолдарын пайдаланылғаны, сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастырғаны үшін
алынатын төлемақылар.
В. Мемлекеттік баж салығы.
Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.
Салықтар дегеніміз – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында, мемлекеттің жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік
кесімдердің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта,
заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз
негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен
баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін
мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.

Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар:

1. Фискалдық – салықтардың және де басқа да міндетті төлемдердің
бюджетке толығымен және уақтылы мерзімде түсіп отыруын
қамтамасыз етеді.
2. Қайта бөлу - әр түрлі шаруашылық субьектілерінің табыстарының
белгілі бөлігін мемлекет пайдасынақайта бөлу қызметі.
3. Салықтық реттеу – салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық
түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу
арқылы немесе ынталандыру функциясы.
Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге
асырылатын мемлекеттік қызметін айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне
алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы атқарылады.
Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12
жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық
мәселелері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және ь.б.
есептеледі.
Төменде салықтардың әр қайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра
отырып жалпы сипаттамасын береміз.
1. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан
Республикасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен
мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан
Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды
тұлғалар болып табылады.
Жылдың жиынтық табысқа салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері,
соның ішінде: тауарларды (жұмыстардан, қызметтер көрсетуден) өткізуден
түсетін табыс иен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан
(дивиденттер), ұтыстар, сыйақылар және т.б. жатады.
Корпоративтік салықты есептегенде төлеушілердің жылдық жиынтық
табысынан пайыздар, күмәнді борыштар, резервтік қорларға аударымдар мен
амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығыстар және т.б. (СК 92 –
114 баптары) шегерімге жатады.
Ставкалары. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі
өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, ал резидент
еместерден 15 % салық ұсталады.
Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып
табылады. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің
тұрып жатқан орны бойынша (ағымдағы айдың 20-шы жұлдызынан кешіктірмей)
жүзеге асырады.
2. Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке
тұлғалар және жеке табыс салығының субьектілері болып табылады,
ал обьектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем
көзінен салық салынбайтын табыстар жатады.

Жеке тұлғалардың табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:
- еңбек ақы төлеуге байланысты төлемдерді қоспағанда, Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек,
жәрдем ақылар мен өтемдер.
- балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
- лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
- әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері
әскери қызмет-міндеттерін орындауға байланысты алатын төлемдері;
- білім беру органдарында оқитындарға ҚР заңдарында белгіленген
мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін
стипендиялар және СК ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАТЫНАСТАР
Бюджетаралық қатынастар
Бюджеттік құрылым
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Пәндер