Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексi



Жалпы бөлім

1.бөлiм. Қылмыстық заң
1.бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
2.бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
3.бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi
4.бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
5.бап. Қылмыстық заңның керi күшi
6.бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
7.бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
8.бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру

2.бөлiм. Қылмыс
9.бап. Қылмыс ұғымы
10.бап. Қылмыс санаттары
10.1.бап. Әкімшілік преюдиция
11.бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы
12.бап. Қылмыстардың жиынтығы
13.бап. Қылмыстың қайталануы
14.бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар
15.бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
16.бап. Есi дұрыс еместiк
17.бап. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы
18.бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы
19.бап. Кiнә
20.бап. Қасақана жасалған қылмыс
21.бап. Абайсызда жасалған қылмыс
22.бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық
23.бап. Жазықсыз зиян келтiру
24.бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу
25.бап. Аяқталған қылмыс
26.бап. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту
27.бап. Қылмысқа қатысу ұғымы
Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.

3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi
Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 218 бет
Таңдаулыға:   
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 15.02.2012 15:18:16

Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексi
(2012.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
 
Қазақстан Республикасының ЗаңДАР ЖИНАҒЫНЫҢ iii ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексiнің мәтінін қараңыз
 
ҚР Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР 1997 жылғы 16 шiлдедегi № 168-
1 Заңын қараңыз
 
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен мазмұнмен толықтырылды; 2011.29.11. № 502-
ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен
(бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);
2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР
Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)
мазмұны өзгертілді
Мазмұны
 
Жалпы бөлім
 
1-бөлiм. Қылмыстық заң
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi
4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi
6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған
адамдарға қатысты қолданылуы
7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде
қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
 
2-бөлiм. Қылмыс
9-бап. Қылмыс ұғымы
10-бап. Қылмыс санаттары
10-1-бап. Әкімшілік преюдиция
11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы
12-бап. Қылмыстардың жиынтығы
13-бап. Қылмыстың қайталануы
14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар
15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
16-бап. Есi дұрыс еместiк
17-бап. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикасы бұзылған адамның
қылмыстық жауаптылығы
18-бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы
19-бап. Кiнә
20-бап. Қасақана жасалған қылмыс
21-бап. Абайсызда жасалған қылмыс
22-бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық
23-бап. Жазықсыз зиян келтiру
24-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу
25-бап. Аяқталған қылмыс
26-бап. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту
27-бап. Қылмысқа қатысу ұғымы
28-бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi
29-бап. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы
30-бап. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы
31-бап. Қылмысқа қатысу нысандары
32-бап. Қажеттi қорғану
33-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру
34-бап. Аса қажеттiлiк
34-1-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру
35-бап. Орынды тәуекел
36-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
37-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
 
3-бөлiм. Жаза
38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары
39-бап. Жазаның түрлерi
40-бап. Айыппұл
41-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен
айналысу құқығынан айыру
42-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту
43-бап. Түзеу жұмыстары
44-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу
45-бап. Бас бостандығын шектеу
46-бап. Абақтыда ұстау
47-бап. 2009 жылғы 10 шілдедегі № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
48-бап. Бас бостандығынан айыру
49-бап. Өлiм жазасы
50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен,
дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру
51-бап. Мүлiктi тәркiлеу
 
4-бөлім. Жаза тағайындау
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi
53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар
54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар
55-бап. Осы қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза
тағайындау
56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау
57-бап. Қатысумен жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау
58-бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау
61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде оларды белгiлеу тәртiбi
62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу
63-бап. Шартты түрде соттау
64-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту
 
5-бөлім. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату
65-бап. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
66-бап. Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан
босату
67-бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
68-бап. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату
70-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату
71-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру
72-бап. Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды
жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектердің жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру
73-бап. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
74-бап. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны
өтеудi кейiнге қалдыру
75-бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмiнің өтуiне байланысты жазаны
өтеуден босату
76-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босату
77-бап. Соттылық
 
6-бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
78-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
79-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi
80-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау
81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босату
82-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары
83-бап. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды
қолдану мерзімдері
84-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен
бұрын босату
85-бап. Ескiру мерзiмi
86-бап. Соттылықты жою мерзiмi
87-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiзден жиырма бірге дейінгі жастағы
адамдарға қолдану
 
7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
88-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi
89-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары
90-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi
91-бап. Амбулаторияда мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу
92-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және
тоқтату
94-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейiн
жаза тағайындау
95-бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шаралары
 
Ерекше бөлім
 
1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыс
96-бап. Кісі өлтiру
97-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi
98-бап. Жан күйзелiсi жағдайында жасалған кісі өлтiру
99-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған кiсi өлтіру
100-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шаралардың шегiнен
шығу кезiнде жасалған кiсi өлтiру
101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру
102-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу
103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру
104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру
105-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
106-бап. 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10 ҚР Заңымен алып тасталды
107-бап. Азаптау
108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру
109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян
келтiру
110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян
келтiру
111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру
112-бап. Қорқыту
113-бап. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу
114-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік
міндеттерін тиісінше орындамауы
114-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың,
диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен
құралдарын қолдану тәртібін бұзу
115-бап. Соз ауруын жұқтыру
116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВЖИТС) жұқтыруы
117-бап. Заңсыз аборт жасау
118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру
120-бап. Зорлау
121-бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері
122-бап. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және
нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер
123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас
жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық
сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету
124-бап. Жас балаларды азғындату
125-бап. Адам ұрлау
126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру
127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
128-бап. Адамды саудаға салу
129-бап. Жала жабу
130-бап. Қорлау
 
2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
131-бап. Кәмелетке толмағанды қылмыстық iске тарту
132-бап. Кәмелетке толмағанды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту
132-1-бап. Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту
133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
134-бап. Баланы ауыстыру
135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету
136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға
арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару
137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi
орындамау
138-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау
139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану
140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару
 
3-тарау. Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар
141-бап. Азаматтардың тең құқығын бұзу
141-1-бап. Қинау
142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу
143-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге
хабарлар құпиясын заңсыз бұзу
144-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету
145-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу
146-бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының
жұмысына кедергi жасау
147-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе
дауыстарды дұрыс есептемеу
148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
149-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
150-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
150-1-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау
151-бап. Жиналыс, митинг, демонстрация, шерулер өткiзуге, тосқауылдарға
тұруға немесе оларға қатысуға кедергi жасау
152-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу
153-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға
мәжбүрлеу
154-бап. 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10 ҚР Заңымен алып тасталды
155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау
 
4-тарау. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар
156-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе
жүргiзу
157-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария
түрде шақыру
158-бап. Жаппай қырып-жою қаруын жасау немесе тарату
159-бап. Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану

160-бап. Геноцид
161-бап. Экоцид
162-бап. Жалдамалылық
163-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға
шабуыл жасау
164-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты
қоздыру
 
5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы
қылмыстар
165-бап. Мемлекеттік опасыздық
166-бап. Шпионаж
166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының
өміріне қол сұғушылық
167-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық
168-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының
құзыретіне кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым
өкiлдерiнiң жүзеге асыруы
169-бап. Қарулы бүлiк
170-бап. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен
құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру
171-бап. Диверсия
172-бап. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату
173-бап. Мемлекеттік құпиялар бар құжаттарды, заттарды жоғалту
174-бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару
 
6-тарау. Меншiкке қарсы қылмыстар
175-бап. Ұрлық
176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемдену немесе ысырап ету
177-бап. Алаяқтық
178-бап. Тонау
179-бап. Қарақшылық
180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
181-бап. Қорқытып алушылық
182-бап. Алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал
келтiру
183-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату

183-1-бап. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу,
сақтау, сондай-ақ олардың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз
мұнай өңдеу
184-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге,
селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына
құқықтарды бұзу
185-бап. Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз
заңсыз иелену
186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу
187-бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру
188-бап. Бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
 
7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
189-бап. Алып тасталды
190-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
191-бап. Заңсыз банктiк қызмет
192-бап Жалған кәсіпкерлік
192-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы
193-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi
заңдастыру
194-бап. Кредиттi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
194-1-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз
пайдалану
195-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңыменалып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
196-бап. Монополистік қызмет
197-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
198-бап. Көрiнеу жалған жарнама беру
199-бап. Тауар белгiсін заңсыз пайдалану
200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi
заңсыз алу мен жария ету
201-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртiбiн бұзу
202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi
не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу жалған
мәлiметтер енгiзу
204-бап. Бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған
мәлiметтер беруi
205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу
205-1-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын
құжаттар мен мәліметтерді жоғалту
206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу
құжаттарын жасау немесе сату
208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе)
есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу,
акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан
жасау және пайдалану
209-бап. Экономикалық контрабанда
210-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңына алып тасталды
211-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңына алып тасталды
212-бап. 1998 жылғы 9 шілдедегі № 277 ҚР Заңына алып тасталды
213-бап. Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау
214-бап. Кедендік төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтару
215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер
216-бап. Әдейi банкроттық
216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
217-бап. Жалған банкроттық
218-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасын бұзу
219-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беру
220-бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану
221-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы
222-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару
222-1-бап. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне билік ету шектелген
мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері
223-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
224-бап. Заңсыз сыйақы алу
225-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)
226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету
226-1-бап. Рейдерлік
227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа құқыққа қайшы кiру, ЭЕМ-ге зиян
келтіретін бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын,
абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ
абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды
жасау, пайдалану, тарату
 
8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы
қылмыстар
228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану
229-бап. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және
аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудиторлардың өкілеттіктерді теріс
пайдалануы
230-бап. Жеке күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра
пайдалану
231-бап. Коммерциялық параға сатып алу
232-бап. Мiндеттерге салғырт қарау
 
9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар
233-бап. Терроризм
233-1-бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не
экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру
233-2-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне
қатысу
233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және
терроризмге не экстремизге өзге де жәрдемдесу
233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында
адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру
234-бап. Адамды кепiлге алу
235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру
және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару,
сол сияқты оған қатысу
235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық
ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық
ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық
ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық
қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың
(банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу,
қаржыландыру арналарын әзірлеу
236-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру
237-бап. Бандитизм
238-бап. Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына
шабуыл жасау
239-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол құрамын айдап
әкету, сол сияқты қолға түсiру
240-бап. Теңiз қарақшылығы
241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер
242-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау
243-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ пен әскери техника жасау
кезiнде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және
қызметтердiң заңсыз экспорты
244-бап. Атом энергетикасы объектiлерiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
245-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк
қағидаларын бұзу
245-1-бап. Сапасыз құрылыс
246-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
246-1-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын
бұзу
247-бап. Радиоактивтi материалдармен заңсыз жұмыс iстеу
248-бап. Радиоактивтi материалдарды ұрлау не қорқытып алу
249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу қағидаларын бұзу
250-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген
заттардың контрабандасы
251-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарғыш
құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе бірге
алып жүру
252-бап. Қаруды заңсыз жасау
253-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау
254-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жарғыш құрылғыларды
күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше атқармау
255-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды
ұрлау не қорқытып алу
256-бап. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
257-бап. Бұзақылық
258-бап. Тағылық
 
10-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар
259-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау,
өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не сату
260-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып
алу
261-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру
262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар, егуге тыйым салынған өсiмдiктердi
заңсыз өсiру
263-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе
улы заттарды дайындау немесе өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-
саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
264-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн
притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру
265-бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды ұстау
қағидаларын бұзу
266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі
заттарды немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецепттерді
немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
267-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды бұзу
268-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-
жайлар туралы ақпаратты жасыру
269-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе
сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету
269-1-бап. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру
270-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту
271-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе
ұстау және жеңгетайлық
272-бап. Дәрiлiк немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгiрету үшiн
притондар ұйымдастыру немесе ұстау
273-бап. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
273-1-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар
материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды
порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту
274-бап. Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын
туындыларды заңсыз тарату
275-бап. Өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау
275-1-бап. Адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу
276-бап. Жануарларға қатыгездiк жасау
 
11-тарау. Экологиялық қылмыстар
277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық
талаптарды бұзу
278-бап. Экологиялық тұрғыдан ықтимал қауiптi химиялық, радиоактивтi
және биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық
талаптарды бұзу
279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе
улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларының бұзылуы
280-бап. Ветеринариялық қағидаларды және өсiмдiктердiң аурулары мен
зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидалардың бұзылуы
281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу
282-бап. Атмосфераны ластау
283-бап. Теңiз аясын ластау
284-бап. Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы туралы және
Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу

285-бап. Жердi бүлдiру
286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу
287-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн
заңсыз алу
288-бап. Заңсыз аңшылық
289-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету
қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және
дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және
жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз
іс-әрекеттер
291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу
294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнiнде шара қолданбау
 
12-тарау. Көлiктегi қылмыстар
295-бап. Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану
қауiпсiздiгiнiң қағидаларын бұзу
296-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк
құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
297-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу
298-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық
ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйiндегi адамды көлiк құралын
жүргiзуге жiберу
299-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа
келтiру
300-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды
бұзу
301-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
302-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
303-бап. Магистральдық құбыржолдарды салу, пайдалану немесе жөндеу
кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу
304-бап. Құбыржолдарды қасақана зақымдау немесе қирату
304-1-бап. Құбыржолдарды абайсызда зақымдау немесе қирату
305-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi
306-бап. Халықаралық ұшу қағидаларын бұзу
 
13-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделерiне қарсы
сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар
307-бап. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану
308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану
309-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену
310-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
310-1-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
311-бап. Пара алу
312-бап. Пара беру
313-бап. Парақорлыққа делдал болу
314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
316-бап. Салақтық
 
14-тарау. Басқару тәртiбiне қарсы қылмыстар
317-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік
Елтаңбасын немесе Мемлекеттік Гимнiн қорлау
317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын
көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол
сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін
бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды
қызметіне кедергі жасау
317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына
ешкімнің тиіспеушілігі кепілдіктерін бұзу
318-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-
қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау
319-бап. Депутаттың абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның
қызметiне кедергi жасау
319-1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне
кедергi жасау
320-бап. Билік өкiлiн қорлау
321-бап. Билік өкiлiне қатысты күш қолдану
321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды
талаптарын орындамау
322-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға
қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
323-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе
сату
324-бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
325-бап. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, бланкілерді,
мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату
326-бап. Әскери қызметтен жалтару
327-бап. Озбырлық
328-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкiлiнiң немесе
лауазымды адамның атағын өз бетiмен иелену
329-бап. Мемлекеттік Туды заңсыз көтеру
330-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан қасақана
заңсыз өту
330-1-бап. Елден шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
330-2-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру
330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және
пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу
331-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын құқыққа қарсы
өзгерту
332-бап. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн
заңсыз пайдалану
333-бап. Байланыс желiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік күзетілуге жататын
объектілерді күзету қағидаларын бұзу және орындамау
334-бап. Жиналыстарды, митингтердi, тосқауылдарды, көше шерулерiн және
демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу
335-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық ету,
кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi жасау
336-бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың
қызметiне заңсыз араласуы
337-бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру немесе олардың
қызметiне қатысу
337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның
экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне тыйым салу немесе
тарату туралы сот шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру
338-бап. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарына
жәрдем көрсету
 
15-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар
339-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге
кедергi жасау
340-бап. Сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асыратын адамның
өмiрiне қол сұғу
341-бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге
байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
342-бап. Сотты құрметтемеу
343-бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды
жүргiзетін адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты
жала жабу
344-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту
345-бап. Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату
346-бап. Көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау
347-бап. Жауап беруге мәжбүр ету
347-1-бап. 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV ҚР Заңымен алып тасталды
348-бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау
349-бап. Коммерциялық параға сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа
арандату
350-бап. Көрiнеу әдiлетсiз үкiм, шешiм немесе өзгедей сот актiсiн шығару

351-бап. Көрiнеу жалған сөз жеткiзу
352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған
қорытындылары немесе қате аудару
353-бап. Куәнiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы
354-бап. Жалған жауап беруді немесе жауап беруден жалтаруды, жалған
қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу не оған мәжбүр ету
355-бап. Анықтаудың немесе алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету
356-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын
қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету
357-бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге
жататын мүлiкке қатысты заңсыз іс-әрекеттер
358-бап. Бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан
қашу
359-бап. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден жалтару
360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына
бағынбау
361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не
оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп
қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу
362-бап. Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн орындамау
363-бап. Қылмысты жасырушылық
363-1-бап. Қылмысты жасыру
364-бап. Қылмыс туралы хабарламау
365-бап. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету
жөніндегі адвокаттар мен өзге де адамдардың заңды қызметіне кедергі жасау
 
16-тарау. Әскери қылмыстар
366-бап. Әскери қылмыс ұғымы
367-бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
368-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн
бұзуға мәжбүр ету
369-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi
370-бап. Әскери қызметшiлердiң арасында бағыныштылық қатынастары
болмаған кезде олардың бiр-бiрiнiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың
жарғылық қағидаларын бұзу
371-бап. Әскери қызметшiге тiл тигiзу
372-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
373-бап. Қашқындық
374-бап. Дене мүшесiне зақым келтiру жолымен немесе өзге тәсiлмен әскери
қызметтен жалтару
375-бап. Жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу
376-бап. Шекаралық қызмет атқару қағидаларын бұзу
377-бап. Қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу
378-бап. Iшкi қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық
қағидаларын бұзу
379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету бойынша қызмет атқарудың қағидаларын бұзу
380-бап. Билiктi терiс пайдалану
380-1-бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану
380-2-бап. Билiктiң әрекетсiздiгi
381-бап. Қызметке салақтық
382-бап. Батып бара жатқан әскери кеменi тастап кету
383-бап. Қарсыласқа соғыс жүргiзу құралдарын беру немесе тастап кету
384-бап. Өз еркiмен тұтқынға берiлу
385-бап. Тонаушылық
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери
сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту
387-бап. Әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру
388-бап. Әскери мүлiктi абайсызда жою немесе бүлдiру
389-бап. Әскери мүлiктi жоғалту
390-бап. Айналадағылар үшін қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ
заттар мен нәрселердi ұстау қағидаларын бұзу
391-бап. Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
392-бап. Ұшу немесе оған даярлану қағидаларын бұзу
393-бап. Кеме жүргiзу қағидаларын бұзу
 
2008 ж. 27 маусымдағы № 50-ІV ҚР Заңымен  кодекстің мәтіні бойынша жүйкеге
әсер ететін деген сөздер психотроптық деген сөзбен ауыстырылды (бұр.
ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша жануарлар
немесе өсімдіктер, жануарлар мен өсімдіктер деген сөздер өсімдіктер
немесе жануарлар деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
 
 
ЖАЛПЫ БӨЛIМ
 
1-бөлiм. Қылмыстық заң
 
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты
көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана
қолданылуға тиiс.
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.10.07. № 1 Нормативтік Қаулысын қараңыз
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық
құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
 
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi
1. Осы Кодекстiң мiндеттерi:
адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн,
меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен
қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын
мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың
қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық
негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай
әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар
мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
 
3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi
Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық
белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып
табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды.
 
4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта
қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет
(әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына
қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
 
5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi
1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты
немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де
жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне
енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп
жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң
жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған
қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР
1997.16.07. № 168-1 Заңын қараңыз
3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн,
жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның
жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген
бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы ҚР Жоғарғы Сотының
2007.25.12. № 10 Нормативтік қаулысын қараңыз
 

6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған
адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс
бойынша жауапқа тартылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған
не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп
танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде
және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген де Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде
қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында
өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде
қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс
бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi
пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы
адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда
халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы
ҚР Жоғарғы Сотының 2008.10.07. № 1 Нормативтік Қаулысын қараңыз
 
7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде
қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған
Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында
жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте
сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған
адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң
заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы
жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.
2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және
өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының
халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында
жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл
адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды.
3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери
бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы
үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше
көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған
шетелдiктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған
жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген
жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан
Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша
қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
 
8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының
азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке
ұстап берiлмеуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ
адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық
жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн.
 
2-бөлiм. Қылмыс
 
9-бап. Қылмыс ұғымы
1. Осы Кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi
әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды
ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi.
2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi
формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi
емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және
зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып
табылмайды.
 
10-бап. Қылмыс санаттары
1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптілік
дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға,
ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi.
2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес
қылмыс деп танылады.
3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі
жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп
танылады.
4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп
танылады.
5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана
жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын және
Конституциялық Кеңесінің 2003.30.01. № 10 қаулысын қараңыз
 
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Әкімшілік преюдиция
Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда үлкен қоғамдық
қаупі жоқ қылмыс үшін, егер әрекет дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылық
үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған болса,
қылмыстық жауаптылық туындайды.
 
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы
1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының
бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың
бiрнеше рет жасалуы деп танылады.
2. 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған не заңда белгіленген
негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше
рет жасалған деп танылмайды.
4. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып,
тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден
тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.
5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға
әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған
қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны
үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады.
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы ҚР
Жоғарғы Сотының 2006.25.12. № 11 Нормативтік қаулысын , Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы ҚР Жоғарғы Соты
1999.30.04. № 1 Нормативтік қаулысын қараңыз
 
05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңына сәйкес 12-бап толықтырылды
12-бап. Қылмыстардың жиынтығы
1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде
көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен
белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi
немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Қылмыстардың жиынтығында адам , егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы
Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза
қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған қылмыс
үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық
жауапқа тартылады.
2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген
қылмыстардың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстардың
жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр
әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң
жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн
осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
3. Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының
жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың
жиынтығы болмайды және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасақана қылмыс істеу сатыларының қылмыстық құқықтық мәселелері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының дамуы
Түркияның қылмыстық заңнамалары - Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодексі сипаттамасы және ерекшеліктері
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Банктік несиені заңсыз алу
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары
Қылмыстық іс жүргізу заңдары және қайнар көздері
Пәндер