Тауарөндірушілердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстанда экономикалық реформалардың негізгі бағыты ретінде жоғары экономикалық өсу қарқындарын қамтамасыз етуге және экономика тиімділігін жоғарлатуға бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясатын дайындау мен іске асыру болып отыр.

Инвестициялық жобалар бойынша жеңілдіктер мен преференциялар беру экономика дамуына әсер ететін маңызды мемлекеттік тұтқалардың бірі болып табылады.

Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Мемлекеттің инвестициялық қызметі оның экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз [1] .

Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т. б. ) нарығы да дамып келе жатыр.

Осы айтылғандар мемлекет тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кез-келген мемлекет инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

Инвестиция - кәсіпорынға, өндіріс орнына немесе жеке адамға көп жылға қайтарымсыз берілетін капитал. Ал, капитал құюшы тұлға немесе компания ішкі есебін мүлт жібермеуге тырысатыны бесенеден белгілі. Инвесторларға қашанда өз қалталарына түсетін капитал түсімі жоғары болуы және шығынға батып қалмауы үшін реципиент мемлекеттің( инвесторлар капитал құятын ел) саяси тұрақтылығы - өте маңызды шарт. Инвестициялық климат қалыптастыру үшін инвесторлар «барымтасына қарай қарымтасы» деген саясатты берік ұстануға тырысады. Өйткені, ешқандай инвестор өзі пайда табатын саланың болашағы жоқ болса, екі жеп биге шықпақ түгілі, есі барда елін табуға әрекет қылатыны даусыз.

Соңғы жылдары белгілі бір өндіріс орындарын шетелдік компаниялар мен фирмалардың тарту тәжірибесі елімізде көбірек қолданылып жүр. Әсіресе, бұл шикізат өндіруші салаларда шетелдік инвестициялардың айрықша ынта-ықыласын тұдырып отыр. Өйткені әбден тісқаққан, не нәрсе болсын әріден ойлайтын шетел кәсіпкерлері шикізат өндіріп, оны экспортқа шығарып сатудан ұтылмайтыны анық. Сол себептен олар Қазақстанға үлкен қызығушылықпен капитал салып отыр. Бұл дәл қазір екі жаққа тиімді. Осындай тәртіппен жекешелендірілген өндіріс орындарының саны 80-нен асады. Оның басым бөлігін отын мен энергетика салалары құрайды.

Еліміздің геосаяси жағдайы, жерасты қазба байлықтың молдығы шетел кәсіпкерлерінің аңсарын аударып отырғанымен, инвестициялық салада проблемалар да баршылық. Соның ең бастысы өндіріс орындарының өнім өндіру көлемін мүмкіндігінше қалыптастыра алмай тұрғандығы дер едік. Осының салдарынан кейбір салаларда инвестиция үшін берілген қаржының біраз бөлігі сол кәсіпорындардың жалақы мен зейнетақы қарыздарын төлеуге жұмсалуда [2] .

Жалпылай алғанда, кез-келген сала инвесторға зәру Әсіресе ауыл шаруашылығы қатты мұқтаж. Инвесторлар осы салаға, өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, қаржы салуға онша көп ынталы емес. Оның себептері бар.

Жоғарыда айтылғандай экономиканы дамыту үшін инвестицияны тарту қажет болып отыр. Сондықтан инвестиция дегеніміз не және оны қалайша тартуға болатынын және пайдасы қандай екенін көру үшін осы курстық жұмысты бастамақшы болдым

Қазіргі таңда, біздің елімізде бұл саладағы бар негізгі сұрақтар заңдармен емес, заңға сәйкес актілермен реттеледі. Қиянат жіберуші ережелер бар.

Нарықтық қатынастарға өту инвестицияларды қосымша тарту мен пайдалану есебінен ұлттық экономикаға инвестициялық процесті жеделдетудің нақты алғышарттарының пайда болуының қажеттілігін ескертті. Инвестиция - бұл әртүрлі формадағы қаржылық және материалдық құндылықтарға бос ақша қаражаттарын салу. Экономикадағы инвестициялау процесі ақша қаражаттарын оларды иемденушіден қажетсінетіндерге қайта бөлу формасында жүзеге асырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты . Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның инвестициялық ахуалын талдап, кәсіпорындардың инвестицияны пайдалануын арттыру жолдарына тоқталдым.

Міндеттері ретінде:

  • нарықтық экономика жағдайында инвестицияның алатын орнын анықтау;
  • инвестициялық саясаттың маңызын ашу;
  • Отандық тауар өндірушілердің инвестициялық белсенділігіне сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын талдау;
  • Отандық тауар өндірушілердің инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдарын анықтау;

Үшінші тарауда отандық тауар өндірушілердің инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануына тоқталып, талданды. Сонымен қатар, оның инвестициялық тартымдылығына әсер ететін инновация туралы да сөз болды.

Дипломдық жұмыс объектісі: ҚР-ның тауар өндірушілерінің инвестициялық мүмкіндігі болып табылады .

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: тауар өндірушілердің инвестициялық белсенділігін зерттелеу жайына баға беру.

Дипломдық жұмыстың пәні: Тауар өндірушілердің инвестициялық негізгі болып кәсіпорынның инвестициялық есебі және анализі сұрақтарын қамтитын нормативтік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

Диплом жұмысын жазу барысында ҚР заңдары, Президент жолдаулары, статистика мәліметтері, теориялық бөлімінде ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылды.

Дипломдық жұмыс құрлымы. Бірінші тарауда инвестицияның теориялық мәселелері қарастырылды. Оның тартымдылығын арттыруға әсер ететін факторларға және реттеййтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз.

Екінші тарауда сусындар шығару саласында көптеген жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан отандық тауар өндірушілердің инвестициялық белсенділігіне жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Тауар өндірушілердің инвестициялық жағдайы анықталып, талданады.

  1. Тауар өндірушілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырудың ғылыми негіздеріТауар өндірушілердің инвестициялық белсенділігі түсінігі және оның экономикадағы рөлі мен қажеттілігі

Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды құрамдас бөлігінің бірі - тартылған инвестициялар туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.

Бұл проблемаға ортақ көзқарас П. Массемен қарастырылған, ол инвестициялауды “инвестициялау көмегімен бүгінгі қажеттілік қанағатын келешекте күтілетін қанағатқа айырбастау актісі” деп түсінеді.

Экономикалық теорияда сәйкес саланы дамыту сатысы инвестициялаудың көкейтесті проблемалары бойынша көп санды аспектті зерттеулерді өрістетумен сипатталады.

Инвестициялаудың негізгі этаптары:

  • капитал жұмсалымдарына шығындар ресурстарды қайта құру, яғни инвестиция қызметінің (тіпті инвестициялау) нақты объектілеріне инвестицияларды трансформациялау үрдісі;
  • инвестицияны түпкілікті қайта құру мен жаңа тұтыну құнын алуды сипаттайтын салынған қаражатты капитал құнының өсіміне айналуы;
  • табыс және әлеуметтік әсер нысанындағы капитал құндарының өсімі, яғни инвестициялық қызметтің түпкілікті мақсаты жүзеге асады.

Инвестициялау инвесторлардың қолдану үшін іздейтін, қаражатты тұтынудан кейінгі кейбір артықтардың қорлануының (жиналуының) нәтижесі болып келеді.

Жоспарланатын шығындар мен ұлттық өнім, және мультипликатор арасындағы мұндай байланыс жалпы экономикалық тепе-теңдіктің ортақ түсініктерінің бірі болып келеді. Және де шығындар бабында жеке тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындарды бөліп көрсетеді [3] .

Бұлардың әр қайсысының көлемінің өсуі шығындардың ортақ сомасының артуына алып келеді. Сонымен қатар, жинақ ақшалар мен инвестициялар тепе-теңдігінің проблемасына классикалық мектептің көз қарасы бар екені әйгілі. Бірақ, бұл мектеп қаржыландыру көзін оның жалғыз формасына қосып - жинақ ақшаға және оған несиені қоспай - механизмді шамадан тыс оңтайландырған. Өкінішке орай, кейнсианстық теория күшті, әрі жеткілікті болып келмейді. Мұнда, қаржы нарығы сұраныс пен ұсыныс заңының күші капиталдың тек бір түріне және бір проценттік мөлшерлемеге таралатын абстракция болып ұсынылады Ал, нақтылық күрделірек болып келеді “сандық аспект капиталдың сұранысы мен ұсынысы сапалық сипаттамамен толықтырылмаса оны ешқандай экономикалық талдау дәлме-дәл кескіндемейді”.

Инвестициялар, төлемақылардан басталатын, әрі қарай түсімдер күтуге мүмкіндік беретін, ақша төлемдерінің ағымын сипаттайды. Инвестициялық қызмет шаруашылықтың нарықтық жағдайында кәсіпкерлік қызмт болып келеді және табыс табу мақсатында инвестициялық нарықта шаруашылық жүргізуші субьектілермен жүзеге асырылады.

Инвестициялар дегеніміз - мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында иевестордың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған меншікке құқық.

Шетелде қызмет ететін, шығарылатын, әкелінетін капиталды жекеменшік, мемлекеттік және сыртқы деп бөлуге болады. Ол ақшалай және тауарлы нысанда, қысқа және ұзақ мерзімді, ссудалық және кәсіпкерлік бола алады.

Кәсіпкерлік капитал (және ішінара ссудалық) тікелей және портфельді инвестициялармен ұсынылған.

Тікелей инвестициялар - тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Тікелей инвестициялардың негізгі айрықша сипаттамасы - тікелей инвестор кәсіпорынды басқаруға елеулі әсер етеді. Осыған орай, инвесторға кәсіпорында 10 %-дық қатысуды қамтамасыз ететін барлық салымдар тікелей инвестициялар деп аталады. Тікелей инвестициялар санатына жататын операциялар санына, мұндай қатынастар негізін қалайтын капитал жұмсау бойынша бастапқы операциялар ғана емес, инвестор мен кәсіпорын арасындағы кейінгі операциялардың барлығы жатады.

Портфельдік инвестициялар - пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей сияқты портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады [4] .

Портфельдік инвестициялау арқылы қор нарығының әр түрлі секторларындағы барлық инвестициялық қызметтің түпкі нәтижелерін жоспарлауға, бағалауға және бақылауға болады.

Портфельдік инвестицияларды жүргізу нарық дамуын сипаттайды. Қазіргі кезде, портфельдік инвестициялаумен клиенттердің екі типі қызығушылықта. Біріншілеріне, уақытша бос қаражаттарын орнықтыру проблемалары барлар (мысалы, ірі корпорациялар) . Екіншілеріне, айналым қаражаттарын қажетсінетін, портфель идеясын “приманка” ретінде ұсынатындары жатады (мысалы, аса ірі емес банктер, қаржы компаниялары т. б. ) .

Сонымен қатар, инвестициялар тәуекелдік (венчурлік) және ануитеттік болып бөлінеді.

Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз-өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

Ануитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

Сонымен қатар, инвестицияларды жұмсау сипатына қарай мынадай түрлерге бөледі:

  • өндірістік-материалды салаға қаржы жұмсау. Экономика тепе-теңдігінің бұзылуы және осы салалардағы капитал айналымдылығының төмендеуі, сол кезеңдегі барлық ұлттық шаруашылыққа сипатты, жағымсыз нәтижеге әкелді. Мұндай жағдайдағы өндірістік жұмсалым ролі өседі.
  • өндірістік емес-материалды емес салалардағы капиталды игеру, қызмет көрсету саласын қоса. Өндірістік салалармен салыстырғанда өндірістік емес салаларға инвестиция үлесі елеулі жоғары. ЖІӨ құрылымында халыққа қызмет көрсету, сауда-делдал үлесі өскен. Қызмет көрсету саласында капитал ресурстарының жоғары айналымдылығы белгіленген. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласының дамуы елдің экономикалық өсуіне елеулі әсер етпейтінін айта кеткен жөн.

Инвестициялау мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді - бірнеше айға қаржы беру. Қазақстанда қысқа мерзімді қарыздар мен несиелер кеңінен қолданылады. Олардың қолайсыз жақтары: біріншіден, жоғары пайыздық мөлшерлеме; екішіден, кепілдіктің болуы; үшіншіден, көлемдерінің аздығы.
  • ұзақ мерзімді - бірнеше жылға қаржы беру.

Инвестор санаты бойынша инвестициялардың бөлінуі:

  • жеке - Қазақстанның, сонымен қатар, шетелдің жеке және заңды тұлғалары инвестиция қызметінің өкілдері бола алады. Мысалға, ондай инвестицияларға несие желісінің ашылуы, қарыздар, гранттар мен техникалық көмек берулер жатады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жасалынатын қорытынды - елімізде бар инвестиция көлемінің жетіспеушілігі анық. Бұл, республикаға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайсыз режиммен байланысты деген ой тудырады. Қаржы Министрлігінің деректері бойынша Қазақстанның 3 млр. АҚШ долларын құрайтын, несие ресурстарының қайтарылатындығына кері әсер ететін және инвесторлар үшін белгілі бір тәуекел білдіретін сыртқы қарыздары бар екенін де айта кеткен жөн.
  • мемлекеттік - капиталды мемлекеттік несие-банк мекемелер жағынан инвестициялау. Ауыр экономикалық жағдайға байланысты, Қазақстанда жұмыс істейтін мемлекеттік банктердің қаражаттары шектелген.

Инвестиция көздері бойынша:

  • ішкі - республиканың банктік институттарымен несиелеу.

Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекеттік банк қражаттары шектеулі, бұл жағдай Қазақстандағы екінші деңгейдгі акционерлік, жеке, біріккен және коммерциялық банктер үшін де сипатты. Екінші деңгейдегі банктер макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында (инфляция, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы) тез арада табыс табу үшін қысқа мерзімді несиелер беруге бағдарланады. Коммерциялық банктер қаржы нарықтарындағы тұрақсыз жағдай мен инвестициялау тәуекелдіктерінің жоғарылау кезінде нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеуге аз көңіл бөледі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер көбінесе залалда қалады. Сонда, мемлекеттік те, коммерциялық банктер де ұлттық экономикаға әлеуетті инвестор бола алады.

Сонымен, әр түрлі формадағы және түрдегі инвестицияларды республикаға тарту үшін жағымды жағдайлар жасалу керек

Жұмсалымның жоғары тиімділігіне жету үшін фирма басшылығы инвестициялаудың базалық қағидаларын ескеру керек.

Инвестициялаудың шекті тиімділік қағидасы. Кез-келген кәсіпорын өндірілетін өнім бірлігіне шығынды минимальды болатындай өндірісті ұйымдастырып, максимальді табыс табуға тырысады. Өндірістің жеткен деңгейіндегі табыс өндіріс шығындарынан асатын жағдайда кәсіпорын өз қызметін жалғастырады. Тауар сатудан түскен жиынтық табыс өндіріс шығындарынан аспаған жағдайда ғана ол өз қызметін тоқтатады [5] .

Ал, егерде тауардың бір қосымша бірлігінің өндірісі оны дайындауға кеткен шығындарды асса кәсіпорынға өнім шығаруын кеңейтуге тура келеді. Өнімнің соңғы бірлігін сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болса, кәсіпорын өндірісін кеңейтпейді. Кәсіпорын өндірісін жалғастырған кезде, шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болатындай өнім көлемін шығару керек. Бұл екі шарттың әмбебап сипаты бар кез - келген нарық құрылымына, меншік формасына қолданылады.

Инвестициялаудың оңтайлы көлемі - 5 млн бірлік. 6 млн бірлік салымы тиімсіз болады.

Инвестициялаудың шекті тиімділігі екі маңызды факторға тәуелді:

  • өндіріс шығындарының өсу қарқыны;
  • өндірісті монополиялау деңгейі;
  • “Замазка” қағидасы. Бұл қағида инвестициялау тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялау замазкамен жұмыс істеу сияқты: шешім қабылдау еркіндігі оларды жүзеге асыру кезінде жәймен көбейетін еркінсіздікке алмасады.

Кәсіпорынның қандай станок сатып алу керек, оны жалға беру немесе өзіне өндіру керек пе, осы операцияға қанша, қай мерзімге және неше пайызға несие алу керек шешімдерін еркін қабылдай алады. Бірақ, осы үрдістерді жүзеге асырғаннан кейін артқа шегіну қиынға түседі. Бұл станокты бірнеше жылдар бойы (өтелу үшін) пайдалану керек, несие бойынша пайыздарын төлеу керек және тағы сол сияқты. Бірақта, инестициялық жоба күшіне енген соң әрекет еркіндігі шектеулі болады [7] .

Инвестициялық шешім жүзеге асқаннан бастап еркіндік нольге теңеседі деуге болмайды. Сатып алынған станоктар немесе акцияларды қайта сатуға, дезинвестициялап, олардан құтылуға болады. Бірақ, ол үшін төлеу керек: уақытпен, басқарушылық қызметкерлердің күшімен, серіктестермен байланыстардың бұзылуымен. Капитал жұмсалымының көптігіне, іскерлік серіктестіктердің атақтығына орай қателіктерді жөндеу үшін төлемдері көбейіп отырады. Осыған орай, инвестициялық жоба жүзеге аспай тұрып, оның тиімділігін алдын - ала есептеп алу керек.

Күрделі қаржы жұмсалым тиімділігін материалдық және ақшалай бағалаудың ұштастырылу қағидасы. Тімділікті бағалаудың үш қағидасы бар:

  • шығын мен шығарылымның салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек құнды және ақшалай талдау. Инвестициялаудың дүниежүзілік тәжірибесі тиімділікті тек ақшалай бағалауға сүйену жеткіліксіз екенін көрсетеді - мұндай тәсіл инфляция жағдайында тиімсіз.
  • тиімділіктің ақшалай және техникалық критерилерін ұштастыру арқылы. Себебі, инестициялық жобадағы кепілдікке алынған (жобаға салынған) технологияның өзіне де байланысты. Технология өндірістік қуаттарды енгізудің айрықшалықты суретін тапсырады және инвестициялық мақаттарды жүзеге асыру тәртібіне әсер етеді.
  • тиімділікті бағалаудың техникалық тәсілі, ол бизнесті нарықтық (құндық) бағалауды ескермейді, осыған орай, ол көп қолданылмайды.

Биімделу шығындарының қағидасы. Биімделу шығындары - бұл жаңа инвестициялық ортаға үйренуімен байланысты барлық шығындары. Олар, жаңа жабдық қондырылған, бірақ оны өзгерген коньюнктура бойынша қайта баптау (переналадить) кезіндегі өндірісті қайта ұйымдастыру және кадрларды қайта дайындаудан жоғалған шығарылым ретінде өлшенеді. Жаңа инвестициялау туралы шешім, оны іске асыру алдында және өтемділік аралығында әрдайым уақытты артта қалуы болады. Бірден үйреніп кету мүмкін емес. Кез - келген биімделудің өз шығындары болады: жаңа ақпарат, жаңа технология, кадрларды қайта дайындауға қаражат және тағы да басқа керек.

Ағымдағы табыстылықтың тез арада азаюы үйрену үшін төлем болып отыр. Тіпті акция мен облигацияның өздерін де, бағамы төмендеген кезде, тез арада тиімді қайта сату мүмкін емес. Уақыттың өтуі капиталдың құлдырауын, оның табыстылығының төмендеуін білдіреді. Ал, өндірістік инвестициялаудың биімделу шығындары бұдан да көп. Мысалы, қол еңбегін машиналыға алмастыру орынды. Бұл әйгілі биімделу шығындарын (тікелей және жанама) қажет етеді. Соның ішінде: кадрларды қайта дайындау; ескі жабдықты сатып жаңасын орналастыру; қысқарту нәтижесінде жұмыссыз қалған жұмысшылар мен қызметшілерге өтемақыларын төлеу; өз күшін сақтайтын ескі келісімшарттар бойынша тұрақсыздық төлемдері және т. б. Кәсіпорын жаңа өнімін сататын бағасына биімделу шығындарын да қосу керек. Бұл баға өндіріс үшін шикізат, материалдар, технологиялар ұсынысының бағасынан қаншалықты асса, соншалықты бұл вариант капитал жұмсалымына артықшылықты. Өнімге деген сұраныстың көп болуы, кәсіпорын өзіне рұқсат ете алатын биімделу шығындарының көп болуына әсер етеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан қаншалықты көп әрі ұзақ болса, биімделу шығындарына қарамастан соншалықты инвестициялау тиімдірек болады.

Мультипликатор (көбейткіш) қағидасы. Мультипликатор қағидасы салалардың байланысуына сүйенеді. Бұл айтарлықтай автомобильге деген сұраныстың өсуі технологиялық ілеспе тауарларының: металл, пластмасса, резина және тағы да басқаларының өсімін туғызады. Мультипликатор, салалар арасындағы нақты бар байланысын тұлғалайды және осы байланыстарды санды түрде сипаттайды.

Мультипликатор алдын ала нақты ықпалдың уақыты мен экономикалық қуатын білуге, осы ақпаратты тиімді пайдалануға: тиімсіз инвестициялауды тоқтату және коньюнктураны оза отырып, уақытылы жаңа бизнеспен айналасуға мүмкіндік береді. Осындай уақытылы әрекет акцияларды қайта сату және өндірісті қайта профильдеу формасында жүзеге асуы мүмкін.

Мультипликатор әсері саладан - сұраныс пен табыстылық қуат көзін (генератор) жоюына байланысты әлсіреп, өседі. Сонымен қатар, мультипликатор әсері уақытылы да өшеді. Кейін басқа сала алға шығуы мүмкін, мұнда, қайтадан инвестициялау стратегиясын түзету керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп және өнеркәсіп саясатының теориялық негіздері (Ақтөбе облысы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы ММ мысалында)
Экономикадағы интеграциялық процестер
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Аграрлық саладағы инновациялық қызмет
Ауылшаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалық және оларды жүзеге асыру мәселелері
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Агроөнеркәсіп кешені ауқымда сала
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz