Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу


Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей мемлекеттің ең басты байлығы адам болып табылады[1] . Сол себепті Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының міндетіне адам және азаматтардың құқықтары мен бұзылған мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру болып табылады.

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес болғанмен, олардың қызметтерін сипаттайтын негізгі мәселелерге, жалпы алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс істеген адамдарды толық әшкерелеу, кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану, айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын жүргізу.

Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген қылмысты ашып, оны істеген адамдарды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанының өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала тергеу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға[2, 25 б] . (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 62-бап) . Сонымен қатар тергеу органының жасаған тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірілген дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп, бұл қызмет тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.

Конституцияда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірістік сатыда адамды тұтқынға алу және қамауда ұстау прокуратураның құзырында деп белгіленген.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі сұрақтары, оның ішінде қылмыстық іс бойынша кездесетін ахуалдары, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, іс жүргізуде тергеу әрекеттерінің, тоқтамға алудағы аспектілері, іс жүргізудің қалыптары және алдын ала тергеудің аяқталуы, прокурордың қадағалауының ролі және қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі сот бақылауы.

Қылмыстық iс қозғауға қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.

1 Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу.

1. 1 Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу түсінігі мен оның құқықтық жүйесі.

Қылмыстық іс жүргізу - заңға негізделген, құқықтық қатынастар түріне айналдырылған, қылмыстық істі жүргізетін органдардың, сонымен қатар ерекше қылмыстық іс ретінде жүзеге асырылатын және қылмыстың жылдам әрі толық ашылуына қол жеткізуге, оған кінәлі адамдарды анықтап, оларды жазаға тартуға әділ сот шешімін шығарып, қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы үшін қызмет ететін тұлғалардың іс-әрекеті[3, 5 б] .

Процесс (лат. Procedure - ілгері жылжу), яғни бұл қылмыстық процеске тән, қылмыстық істің бірінші кезеңнен екінші кезеңге өту, істі қозғаудан үкім шығаруға дейін болатын, т. б. қозғалыс әрекеті[4, 5 б] .

Әдебиеттерде «қылмыстық процесс» және «қылмыстық сот ісін жүргізу» ұғымдары ұқсас сәйкестендіріле анықталған, дегенмен, соңғысы қылмыстық процесс ұғымын толық қамти алмайды және қылмыстық істі қозғауға, алдын ала тергеу барысында төменгі сатыда жүзеге асады.

Осы пікірге әбден келісуге болады, себебі, бұл терминдерді ұқсас, сәйкес, қатар қолдана отырып, заң шығарушы мынадай қорытындыға келеді: іс жүргізу қылмыстық процестер ішінде негізгі орталық звено болып табылады. Ал барлық басқа іс жүргізу кезеңдері (істі қозғау және тергеу) қылмыстық істі сотта қарау кезеңдерімен тығыз байланыста болады.

Қылмыстық іс жүргізу қызметі анықтау органдары, тергеуші, прокурор, сот, сондай-ақ жеке (азаматтық) және занды түлғалар арасындағы өзара қүқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады.

Қылмыстық іс жүргізу - бұл анықтау органдарының қызметі, прокурордың алдын ала тергеу, қарау, шешім шығару, сот төрелігінің міндетін тарату әрекеті болып саналады.

Сот органдарының іс жүргізу кезендері үнемі қылмыстық іс қозғау әрекеттері мен қылмыстық істің жолын кесу, тыю, ұстау, тінту, қамау, мәжбүрлеу сияқты түрлі шараларды іс жүргізуде қолдану әрекеттерімен тығыз байланысты.

Әрбір аталған шара, яғни осы қызмет әрекеттері адамның бостандығы мен конституциялық құқығына нұқсан келтіреді және әрқашан қылмыстық іс жүргізу нормаларының мүлтіксіз және қатаң сақталуын талап етеді. Себебі, бүл нормалар сот төрелігі органдарының заңды әрекеттерінің кепілі болып табылады.

Қылмыстық процестің басқа процестерден (азаматтық, арбитраждық (төрелік), т. б. ) айрықша белгісі мынадай жағдайларда көрініс табады:

- тек жасалған қылмысқа байланысты;

- қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін;

- мемлекеттік орган және лауазымды тұлға атағына арнайы қүқық алған жағдайда;

- қылмыстық іс жүргізу заңдық нормаларының қатаң тәртібінің сақталуы мен оны мүлтіксіз орындалу жағдайында;

Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық процесс бұл қылмыстық іс жүргізу зандарында қарастырылған, яғни қылмыс жасаудағы тұлғаның кінәсі бар не жоқ екендігін белгілейтін сот төрелігі субъектілерінің атқаратын қызметтерінің жиынтығы (жауап алу, тергеу, жолын кесу, тыю шаралары, қылмысты ашу, сот тергеуі, үкім шығару, т. б. ) .

Қылмыстық процестің міндеттері - қылмыстық іс жүргізу кодексінің

8-бабында былай айтылады: «қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады[2, 7 б] .

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың қүқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен қүқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, қүқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс». Жалпы алғанда, қылмыстық процесс кінәлі адамды әділ жазалау және кінәсіз адамды толық айыптау міндеттерін шешуге негізделген.

Бүл міндеттер бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бірінен екіншісі туындап отырады, нәтижесінде олар занды сот шешімін қамтамасыз етуге және жазалау шарасын әділ тағайындауға бағытталады.

Уақытқа, кеңістікке, тұлғаның айналасына қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзі (бастамасы) Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бабында айқындалған. Онда Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық зандарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады деп көрсетілген. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі заңды күші бар Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді:

- Қазақстан Республикасы Конституциясы (онда қылмыстық құқық негіздері, яғни адам мен азаматтың бостандығы мен құқығы, жеке тұлғалық қол сұқпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, т. б. белгіленген) .

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі; Конституциялық заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы:

- Қазақстан Республикасындағы сот пен сот мәртебесі туралы;

- Казақстан Республикасының прокуратурасы;

- Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы;

- Жедел іздестіру қызметі туралы;

- Адвокат қызметі туралы, т. б.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот пленумының Қаулысы қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне жатпайды, бұл Қаулы оның нормаларына сот талқылауын береді.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер де, ведомстволық нормативтік актілер де (ҚР Бас прокурорының бұйрықтары, Әділет министрлігінің нормативтік актілері, Ішкі істер министрінің бұйрықтары, т. б. ) жатпайды. Олар қылмыстық іс жүргізу нормаларының таратылуы мен орындалуы тұрғысынан қолданылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі - бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйеленген негізі, ол 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Негізінен Кодекс Адам мен азамат құқығы Декларациясының идеясын танытады және қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың занды мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталады. Ол жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлім 5 бөлімнен (1-5), 21 тараудан және 176 баптан тұрады. Ерекше бөлімде 8 бөлім (6-13), 40 тарау, 400 бап (177- 577) енеді.

Ескерте кету керек, 2007 жыддың 1 қаңтарында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне «Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын, 57-62 тараулардан, 542-577-баптардан тұратын жаңа 13-бөлім еңгізілді.

Бірінші бөлім жалпы (негізгі ) ережелерді сипаттайды, екінші бөлім қылмыстық іске қатысушы субъектілер мен олардың құқықтары мен міндеттерін, процесс субъектісі ұғымын айқындайды, үшінші бөлім дәлелдемелер мен дәлелдеу ұғымдарын, төртінші бөлім іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары мен тәртібін анықтайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік мәселелерді шешу ережелері белгіленген.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Ерекше бөлімі алтыншы бөлімнен басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері реттелініп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады. Оныншы бөлім соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі туралы түсінік береді, он бірінші бөлімде қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері (кәмелетке толмағандардың, артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың, яғни Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар, т. б. ) берілген. Он екінші бөлім ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібін және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелермен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылының тәртібін анықтауға арналған. Соңында жаңадан енген он үшінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібін көрсетеді.

Қылмыстық іс қозғау себептері мен негіздері деп қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген, анықтау және тергеу органдарының болған, болып жатқан және әзірленіп жатқан қылмыстар туралы мәлімет алыну қөздері түсініледі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер болып мыналар табылады:

1) азаматтардың арыздары;

2) кінәсін мойындап келу;

3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе үйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;

4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;

5) лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтауы.

2. Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.

Арыз түскеннен бастап ҚІЖК-нің 37-бабына сәйкес процесуалдық әрекеттер жүргізіледі. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайларға мыналар жатады:

1. Қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс жағдайлар:

1) қылмыс оқиғасы болмауы;

2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

3) егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары;

4) мерзімінің ескіруіне байланысты;

5) осы Кодекстің 33-бабының екінші бөлігінде және 34-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің ЗЗ-бабының бірінші бөлігіңде және 34-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;

6) жеке айыптаушының - осы Кодекстің 33-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы;

7) өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген укімі не қылмыстық ізге түсудің мумкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

8) белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

9) қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға катысты;

10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты;

11) іс бойынша іс жургізу кайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет ағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;

12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты.

2. Қылмыстық іс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы делелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау ушін барлық мумкіндіктер сарқылса, олардың бар екендгі дәлелденбеген кезде де осы баптың брінш бөлігінің 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қысқартылады.

3. Қылмыстық іс айыпталушының (сезіктінің) зиян келтіруі заңцы болып табылатын не әрекетті айыпталушы (сезікті) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың бірінші бөлігінің 2-тармағында көзделген негіздер бойынша қысқартылуға тиіс.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша іс қысқартуға, егер айыпталушы қарсылық білдірсе, жол берілмейді. Бұл жағдайда іс бойынша іс жургізу жалғастырылады және оған негіз болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкімінің қаулысымен аяқталады.

5. Қылмыстық ізге тусу органы қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейін сотқа дейінгі іс жургізудің кез келген сатысында қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор істі соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға және осы бапта көзделген негіздер бойынша қысқартуға да құқылы.

6. Сотта қылмыстық ізге тусуді жоққа шығаратын мән-жайды байкаған мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлімдеуге міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлімдемесі, егер жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық істі қараудың жалғастырылуына кедергі келтірмейді.

7. Қылмыстық ізге тусуді жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешуге міндетті.

ҚР ҚІЖК-нің 37-баптың екінші тармағына сәйкес қылмыс оқиғасының, құрамы жоқтығы дәлелдеген кезде де осы баптың бірінші бөлігінің 1 және 2-тармақтарында көзднлген негіздер бойынша қысқартылады немесе жинақталған материалдар бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылады. Қаулы қабылдағаннан кейін аяқталады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 52-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтау мыналар болып табылады:

1) қылмыстық іс бойынша іс жургізу толық қысқартылғандығы туралы қаулының кушіне енуі бойынша;

2) үкімнің немесе іс бойынша басқа да түпкілікті шешімнің күшіне енуі бойынша - егер ол оны атқару жөнінде арнаулы шаралар қабылдауды қажет етпесе;

3) үкімнің немесе іс бойынша басқа да түпкілікті шешімнің орындалғандығы туралы, растау алынуы бойынша - егер ол оны атқару жөнінде арнаулы шаралар қабылдауды қажет ететін болса, аяқталады.

1. 2 Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу сатылары.

Қылмыстық процесс сатыларының түрлері мен үғымдары.

Іс жүргізу әрекеттері өзіндік жеке және бірінен-біріне өтіп отыратын кезекті кезендік сатылардан тұрады. Олар теорияда қылмыстық процесс сатылары деп аталатын іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығын құрайды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі осы сатылардың көмегімен арнайы жүйе ретінде құрылды. Қылмыстық процестің әрбір сатысында (этапында) субъектілер өзіндік жеке міндеттерін шешеді, алынған дәлелдемелердің растығын тексереді, оларға баға береді және осыған сәйкес шешім қабылданады.

Осылайша, бір сатыдан екінші сатыға өту арқылы келе-келе дәлелдемелер жинақталады, тексеріледі, бағаланады және іс жөніндегі шынайы ақиқатқа қол жеткізеді. Бұл кезендер жүйесі процеске қатысушыларға тергеу және сот кезіндегі қателіктер үшін шағымдануға немесе негізделмеген шешімдерді жөндеуге мүмкіндік береді. Іс жүргізу заңын өрескел бұзу кезінде қылмыстық іс қосымша тергеуге немесе сотта жаңадан қарауға қайтарылады.

Әдебиеттерде қылмыстық процестің қарапайым алты сатысын ажырату көрсетілген. Осы сатылы кезендерге мыналар жатады:

  • қылмыстық істі қозғауалдын ала тергеу (алдын ала іс жүргізу және анықтау) ;

- істі сотта талқылауға дайындық;

- істі сотта қарау;

- заңдық күшіне енбеген сот үкімі мен қаулысын қайта қарауға қатысты апелляциялық саты;

- сот шешімінің орындалуы (үкім мен қаулы) .

Қылмыстық істі қозғау кезеңі. Қылмыстық істі қозғау кезеңіне мынадай мәселелерді шешу тән:

- анықтау органына, аңықтаушыға, тергеушіге немесе прокурорға келіп түскен өтініштер мен арыздарды, хабарламаларды, қылмыс туралы материалдарды қарастыру (бұл әрекеттер қылмыстық процестің туындауынын, бастамасы деп саналады) ;

- түсініктемені қабылдау, оқиға орнын тексеру, куәландыру, т. б. (ҚР ҚІЖК 221-бабы) ;

- күдіктіні ұстау, тұтқындау, тінту, ешқайда кетпеу туралы қол қойдыру және басқа да бұлтартпау шаралары;

- қылмыстық істі қозғау - алдын ала тергеудің бастамасы;

- қылмыстық істі қозғаудан бас тарту (алдын ала тергеудің соңы, тоқтатылуы) .

Алдын ала тергеу кезеңі. Алдын ала тергеу кезеңі қылмыс жасаудың мән-жайларын анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинақтаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдаланудан тұрады (ҚР ҚІЖК 124-бабы) . Бұл кезеңде кінәлінің қылмыстық жауаптылығымен кінәсінің бар екенін немесе жоқтығын белгілеу мақсатында тергеуші дәлелдемелерді қорыту және бағалау ісін жинақтау сияқты кең көлемді жұмыстармен айналысады. Сол іске қатысы бар барлық тұлғалардан жауап алынады және ҚР ҚІЖК-те көрсетілген барлық тергеу әрекеттері карастырылады.

Бұл кезеңнің субъектілері мыналар:

- жауап алу органдары, жауап алушы, тергеуші, прокурор

- жәбірленуші, күдікті, кінәлі, қорғаушы;

-эксперт, маман, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және куәлар.

Бұл кезең айыптау қорытындысынан тұратын істі прокурорға өткізу жұмысымен аяқталады сол арқылы сотқа жолданады немесе жауап алушыға, тергеушіге істі қайта қарау үшін не болмаса тоқтату үшін қайтарылады.

Іс жүргізу барысында едәуір ықпал ететін мән-жайлардың тууына байланысты іске катысты жұмыстар тоқтатылуы мүмкін (сырқаттану немесе күдіктіге іздеу салу, т. б. ) .

Істі сотта қарауға, талқылауға дайындалу кезеңі. Істі сотта қарау алдындағы дайындық кезеңі сот төрағасының мынадай әрекеттерімен сипатталады:

- істі алдын ала қарау заңдылығы, объективтілігін, толықтығын тексеру;

- сотқа берілген істің соттауға жататындығы туралы мәселелерін шешу;

- айыптау қорытындысының көшірмесін немесе айыптау хаттамасын тапсыру;

- айыпталушыға қатысты қылмысты болдырмау шараларының негізділігін тексеру;

- істің қандай соттылыққа жататыны туралы, істі қосымша тергеуге қайтарылуы туралы шешім қабылдау үшін қатысушы жақтармен сот төрелігі алдын ала тыңдау жүргізеді, т. б.

- негізгі сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдау. Бұл шешім сот төрелігінің қаулысымен дайындалады.

Негізгі сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда мынадай мәселелер қарастырылады:

- айыпталушының сотталушы екенін мойындау туралы мәселелер, ҚК-тің қандай бабы бойынша айыпталғаны туралы анкеталық мәліметтерін белгілеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру
Анықтау органдары
Полиция қызметінің негізгі бағыттары
Құқықтық мәртебеге ресми атауы
Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру
Алдынала тергеудің жалпы шарттары
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Жауап алуды жүргізудің қағидалары
Алдын ала тергеу жүргізуге уәкілетті органдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz