Қазіргі қазақ поэзиясы


ЛИРИКА
Қазіргі қазақ поэзиясы үлкен даңқты жолдан өтіп енді міне, XX ғасырдыңаяғы, XXI ғасырдың басыңда мүлде жаңаша тебіреніс, толғаныс, ойланысқа беріліп, атында, затында жаңалады. Соңғы он-он бес жылдың қаразыңда бұрынғы қазақ кеңестік поэзиясы тәуелсіздік кезеңінің поэзиясы аталды. Таптық, партиялық затына дейін өзгеріп ұлттық поэзияға айналды, демократияшыл, азаматшыл рухы биіктеді.
1991 жылғы желтоқсанның 16 жұлдызы күні Қазақстан аспанында
ұлт азаттығының көк байрағы желбіреген ғажайып сәт қазақ өлең сөзінің бүгінгі нұры, ғайыптан тапқан сыры. Ақ жүрек, адал өзек ойсезімі соңғы жылдардың уылжыған жыры боп төгілуде. Үкілі шығармалардан бастасақ, 2000 жылы Темірхан Медетбек "Тағдырлы жылдар жырлары", 2002 жылы Иран-Ғайып /Оразбаев Иранбек/ "Қорқыттың көрі" атты жыр кітабы, Нұрлан Оразалин "Ғасырмен қоштасу" деген жыр жинағы Марфуға Айтхожина "Аңсау" атты өлең кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атанды.
Лирикадағы басты тұлға-ақынның өзі. Өлеңінің авторы, объектісі мен субъектісі. Қантамырын соқтыратын жүрегі. Алдымен көзге оттай басылатын жаңалық, лирикалық ақын образының бұған дейінгі қай уақыттан өзгеше арыңды көрінуі, ағын судай тасуы, асқаралы шындай асқақтауы. Кеңес поэзиясының лирикалық кейіпкері "азатпыз, бостайбыз" деп аз шалқыған жоқ. Бірақ сол шалқыманың мәнмағына сы то лық ашылмай қалатын. Ашылмау себебі, әлеуметтік бостандық пен ұлттық бостандық ұғымдарының арасы көш жер . . . Пролетарлық диктатура ақыр соңыңда тоталитаризм түтегіне ұласты. Қызыл империяның отарщылдық ызғары ұлттар теңдігін аяқасты етті. Бүгінгі лирикалық қаһарман"азатпын", "бостанмын" десе, оның жөні басқа. Темірхан Медетбек "Тәуелсізбін" атты көлемді өлеңін былай деп шарықтатады.
Тәуелсізбін!
Тәуелсізбін мен бүгін.
Келді міне азаттығым,
теңдігім.
Бостандықта бойлығым мен ендігім.
Шешіл енді, шемен болған шерлі унім!
Ақын "Тәуелсізбін" деуі мұң, бойына қуат, көңіліне шербет енеді. Кенет зорайып, барша қазақ боп сөйлейді. Ондай стилистикалық жаңа рөл атқаруға күш қосатын қайнар - жаңа уақыт ақиқаты. Азат ұлты. Кеңестік бостандық өлеңінің авторы я лирикалық кейіпкері "өңкей сорлы, езілгеннің"сөзін сөйлесе, яғни бір қазақты екіге жарып, "байларды қойдай қу қамшымен" деп ұран тастаса, Қызыл жалау бар қазақтікі болмай шықса, Көк байрақ жөнінде олай дей алмайсың.
Тәуелсізбін!", "Азатпын!"-деп жар салушы Темірхан өлеңінде - тұтас ұлт: байы да, орташасы да, кедейі де. Ақын "мені" енді ұлттық сыпат алған. Жеке бағамы көпшілік көңілінен табылып, ұлт бағамына айналып мейлінше зорайған.
Тәуелсіздік кезеңінің лирикасы тарихты ұлт мүддесі тұрғысынан сөйлетеді. Бұрынғыдай жалтақтамайды, бір шоқып екі қарамайды. Кеңес кезіңде қазақ ақынының миы құдды локаторға ұқсайтын. Мәскеу жақтан мезгелген ойды қағып алып қазақшалайтын. Кеңес кредосы былайша талап қоятын: "Жаңа заман, жаңа дүниеге жарамсыздарды бүгін әшкерелеу керек; ертеңге қалдырсаң кешігесің. Онда сен партия мүшесі, халық жазушысы емессің". Социалистік реализмнің басты принциптерінің бірін қазақ ақыны, ғалымы Әбділда Тәжібаев өз сөзі етіп айтып отыр.
Ендігі ақын өйтпейді. Бөтен жаққа қарап емінбейді. Оның айтқанын қайталап жарамсақтанбайды. Не құбылысты тарихбезбеніне салады. Темірхан: "Қырылдық қой қорғап біздер Мәскеуді, ал Мәскеуден қорғана біз алмадық . - деп ашына ақтарылса, мұнда кешегі өткен Кеңес дәуірінің тарихын таразылау бар. Мәскеуді қазақ өз астанам деп қорғап қанын төкті. Ал, сол астанасы бара-бара қазақтың тілін аяқ асты етті, діліне дақ салды, дінін құртуға тақады. "Менің елім, менің жерім" деп ән салған жастардың төбесіне әңгір таяқ ойнатты, исі қазақ желтоқсан ызғырығынан бүрсең қақты. "Шемен болған шерлі үннің" ырғағыңда талай сыр бүгулі.
Тарихты ұлт көзімен қайта бағамдау Үлықбек Есдәулеттің "Киіз кітабындағы "Түркістан", "Біз - түріктерміз", "Астаналар", " г 'Қазақстан", "Қазақия", т. б. бірқатар өлеңдеріне тән. Қазақтың Отырар, Сауран, Сығанақ, Баласағұн, Түркістан, т. б. көне шаһарларын ақын өткен шақ шаңында қалғанға баламайды. Ол қалалардың бәр-бәрі қазақ шайырының жан әлемінде тірі қалпы тыныстап тұр. "Өзегінде өртеніп Отырар" жатыр. Сауран мен Сығанақтардың бұла бақтарын түсінде аралап жүреді. Ал, Асан қайғы желмаясын желкілдетіп бүгінгі Астананы тамашалайды. Оны "көрген" XX ғасыр ақыны "бата бер үрпақтарыңа! - деп қолын жаяды. Тәуелсіздік туын желбіретіп ұстап тұрған қазақ - кешегі, бүгінгісі, ертеңін бойына жинаған тарих перзенті.
Тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы кезеңдегі сүйінші сұрасу үстінде лириканың декламацияға берілуі де заңды. Марфуға Айтхожаның "Аңсау" кітабы:
Мүмкін бе Ата-текті жасыруым,
Күмістей төгіл сен де
Ашыл үнім
Өз еркі,
Өз тағдыры
Өз қолында,
Мен Тәуелсіз қазақтың -
Ақынымын!
деген елеңнен басталады.
Ұлттық тарихымыздан медет сұрау -тәуелсіздік дәуірі поэзиясының қабырғалы тақырыбы. Нұрлан Оразалин сақтардан талып естілетін көне үніне құлақ тосады. "Күмбірлеген көк түріктер кезеңін"сағынады.
Сағын!
Сағын!
Сағынышың өлмесін,
Шалқарыңда ұлы аруақтар көлбесін.
Тәңірқұт пен күнбилерің сөйлесін,
өлмес тарих: Өзіңе - сын, Елге - сын.
Күні кеше қызыл империя ешіруге тырысқан тарихымыз қайта тірілді. Оны арзандатып алмауға керек. Бұл - бәрімізге сын, дейді ақын. Сондықтан ба екен, Нұрлан жинағы қам көңіл. Өзіне қояр сауалы кеп: "Өзімнен езім шошыдым мен?" "Неге? Неге? Көзімнен жас тамбайды? Ақын жүрегі күпті. Жинақтың соңындағы"Келерғасыр . . . Болады қандай ғасыр?" өлеңінде ақын өзін баураған ауыр ойлардың бір ұшығын шығарады.
Жүрек төрі - көк жалын . . .
Ең ыстық үн:
Кімдер?
Қалай тойламақ Жеңіс Күнін?
Кең Даласын қазақтың кімдер жайлап,
Қандай тілде сөйлемек Кеңістігім?
Уайымым - осы шын, жасыра алман.
Тілім аман қалар ма бәсіре алған?
Дінім аман тұрар ма?
Келер ұрпақ!
Сені қандай күтеді ғасыр алдан?
Нұрланды уайымшыл, күйрек ақын демесекте, "Ғасырмен қоштасудағы" мұң-шерін замандастары түсінуге тиіс. Қай заман да тағдырға қояр сауалын тауыса алмақ емес. Көне уақыттың халқымызға көрсеткен зәбірі, тартқызған тауқыметі аз ба? Әлі күнге мемлекеттік тіл Конституциядағы һұқын жүзеге асыра алмай келеді. Неге мәжбүрміз?Соның бәрі Нұрлан өлеңінің ауа райына әсер етеді. Әсерді публицистика тіліне аударсақ, ол: Құдай рақымымен қолға тиген тәуелсіздік бәрін шешеді деп құр босқа далақтамауға керек дейді. Ояу қазақтың ойлануға тиісті нәрсесі көп. Үшығына жете алмай уайымдайды.
Сонымен бірге қазақ елеңі өзінің өр бітімінен айырылып қалмау жағын да естен шығармайды. Зарлы ән, мұңды күй, иншалла, біздің пешенемізге мәңгі жазылып қоймаған шығар. Қазіргі заман зарзаман емес, ар-намыс заманы. Бұл ақиқатты түсінудің поэзиядаға көрініс Махамбет, Мағжан дәстүрлерін жаңғыртудан байқалады. Мысалы - Темірхан Медетбектің "Абылай хан", "О Махамбет, пірім-ай!", "Мағжан-жыр"өлендері.
Темірхан ақында "талықсып жатқан" діні, ділі, тілінен хауіп ойлайды. Әдебиеттік әсірелеу сияқты көрінсе де, "Шайқалып тұрғой, шайқалып Қазақтың қалың ордасы" деп қамығады. Қамықса да қамсыз болмауды ойлап, аруақ, "пірін" шақырады. Махамбет, Мағжандардың романтикалық дәстүрінде өршіл, ектем өлең рухын демдейді.
Өз өлеңін "Мағжан-жыр" атайтын Темірхан Медетбек, кемеңгер ұлттық ақынымыздың ұмытылмас мұрасын жаңа жағдайға сай дамытып жүрген ақындарымыздың бірі. Кезінде Мағжан Жұмабаевты сы-наушылар оның поэзиясы кіл "дүниеден торығу, табыт пен көрден басқаны кермеу, елім күйін ғана есту" сарынында жазылған деп кіналады. Темірханның әділетсіз сынға жауабы эстетикалық мергендігі . Ия, Мағжан өзі жырлаған Қорқыт қобы-, зарлауменетті. Сондықтанбүгінгі ақынінісі "Мағжан-жырыммұңайтадықұдайды"дейді. БірақХақТа-ғаланыңезін мұңайтқан Мағжанжырыныңбүл бірғана қыры еді. Соны тәуелсіздік ақыны тереңтүсініп түйсіктенген. Мағжан поэзиясының қәне бір қыры - тау суындай тегеуіріні қатты тасқындылығы еді. "Мағжан поэзиясыңдағы кереғар сарындардың бір арнада тоғысатын қасиетін Темірхан былайша әдіптейді.
Қорқады оның қайғысынан қасыда!
Өрбір сөзі айналды көз жасыма.
Аласүрып шарқ үрып жүр Мағжан-жыр
Маңғыстаудың жай түсіріп тасына,
Көкшетаудың бүлт үйіріп басына.
Өлендегі ақын образының ұлттық келбеті асқақ. Заһар қылыштайын жарқылдайды. Қиялы шарықтапғарышқа көтеріледі. Арсыға жетеді. Мағжанақынды: "Мен келемін, мен келемін, мен келем, Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар" деп жар салдыратын сезім қазағының қаһармандық тарихына деген мақтаныштан күш алады.
Тәуелсіздік есімді қасиетті сөзбен бірге қанаттас кірген Мағжан есімін сол қадым тарихпен ақын Кәкімбек Салықов тіке байланыстырады. "Жан еді шапағаты Күннен туған, Жан еді "Көк бөрідей" Гуннен туған" деп есілтеді "Мағжан аға" атты ұзақ өлеңінде. Бүкіл ақындық өмірбаянын шолып шығады. Кей иі қанбаған өлең жолын есептемегенде /Беу, дүние! Тыңдап ауыл амалшысын Жақсыны неге көрдің "жаман кісің"/, көбі шумақтың соңғы жолдарындай көңіл межесіне дәл тиіп отырады. Әсіресе кеңес идеологиясы мен итіе-тартысқа түскенде: "Халқымның досын жауы атандырып, әкеттің болашақтың хабаршысын", "Ұлтшыл ма елді елге қосқанадам", "Көшпелі дәуір емес аңсағаньі" - дейді.
Мағжан поэзиясы-тәуелсіздік жырының кел табанымен табиғи жалғасқан құнарлы жылға. Сол шұрайлы шындықты Кәкімбек ақын әдемі айтып шыққан: "Жырына жүрек жалғап емделемін, Тағдыры еске түссе сенделемін", "Мағжанмен поэзия сәні кірді". Сәні кіретіні, Мағжан-жырмен, қазақ поэзиясының еуропалық бет-өңі ажарлана түсті. Мағжанның классикалық стильдік дәстүрін тәуелсіздік поэзиясы қайта жаңғыртуда. Бүгінгі лирикадағы ақындық бейне, лирикалык, кейіпкер рәмізденденген ірі тұлға. Тұтас бір дәуірдің символы.
' у^ і әуелсіз онжылдық поэзиясы ақынДанипа Бұғыбаеваның "Өң . . .
. мен түс., . " жинағынсыз олқы соғар еді. Соңғы жинағын ел-жұртына
сыйлай отырып, "Сағыныштан шаршадым . . . дем алсам деп Жер-ана-
ның құшағына құлаймын" 275 деп, қырықжыл бұрын өткен шешесімен
1/қауышуға о дүниеге асығыс аттанып кетті. Және ғарышқа самғап, ай-
* күнге жар салғыш аусар, асқақ ақындығына сай өз образын мәңгі
есте каларлықтай етіп құйып та кетті. "Сезімді күн нұрына сабақта-
дым. Үнімді , Найзағай бұтағында қонақ-
тадым" 276 , -депті. Тосынтапқырлық. Сөзді көктентүскенжасылдай
ойнатады деп осындайда айтса керек. Аяулы ақын қарындасымыз-
дыңжарқын бейнесі Найзағай бұтағында отырған қалпы халқының
жүрегіңце мәңгі қалып қояры кәміл. "Ақын" атты өлеңінде бұл жайын-
да былайша толғанады:
Үнсізқалса . . .
Жүрт ойлайды "сөнді"-деп, Қамытына"иттірліктің"көндідеп. Ол жанғанда, дүние түгел жарқырап, Ол сөнерде жарқылдайды соңғырет. . 277 . -ұлттүлегі. "Қазақпын, мен!"атты ұзақ елеңін десте-десте етіп самсатуы да тәуелсіздіктің рахатына ішпей-жемей тойғанел перзентініңжүрекжарды қуаныщынан. Азат-тықты бақыт-байлығы, ырысы санайды. Ата-баба аруағын шақырып, Отан үшін басын құрбандыққа шалған тарихи тұлғаларға сыйынып, бақыт баяндылығын тілейді. Баяндылық шарты ел аузындағы сөз -
бірлікте. Бірлік болғанда, алдымен қазақтың өз бірлігі. Қанипа өлеңінің алтын арқауы- біз, қазақ, бұрындар әр кез ру-ру, тап-тап боп бетжыртысқан, қантөгіскен қалыптан кетіп, ұлттықалтынұяға қайта қоныстануымызды алғау. Лирикалықкейіпкері ағынанжарылып: "Бір қазақ "бақыттымын" десе өзін- болғаңдай "мен бақытты" қуанамын" -дейді. Өйткені "Туысқан, тағдырласы, қарындасы, Барқазақбірата менбірананың. " 278
Қанипаныңжинағы "Өң . . . мен түс . . . " аталса, зу етіп өтетін ең мен . Адамныңөңі ментүсіндегі шындықтың арақатысы қандай? Дағдарыс түс, аян беру түсі - түстің сорты кеп. Қанипа елеңіндегітүскеру тәсілі. Көрген он түсі он елең құрайды. Арнайы топтама етіпберілген. Прозалық шығармалардағытүс керу кейіпкердіңішкі монологьіның ерекше пішінде қолданылатын тәсіл. Жан дүниедегі әлде не рухани -күй. Санаағысыныңкүрделі, шиелітүрі. бар. Бүгінгі шындық дүние кекжиегінің арғы бетіңдегіні көңіл кезімен көру ниетінен туын-дайтынталап, әрекет. Мағжандәстүрі.
"Таңғытүс"депатапты. Лирика-лықкейіпкерөзін қуып ілігежаздап жанұшырыпкележатады. Біруақартынақараса, жаңағыжолбарыс ғайып болған. Орнында жолбарыс терісін жамылған қазақ үйі тұр. . Қисынытектүсжоруданта-былады. Жақсылыққа жорып, "еңімде" дейінші деп, бетсыйпайсың. Иншалла исі қазақ шаңырағына жолбарыс айбыны бітеді екендеп көңіліңашылады. Ақын да түсті солай жорыған.
Екінші /"Бота"/, үшінші /"Молда емеспін"/, оныншы /"Таң атқан-ша . . . "/ түстерінде алғы жақсы күңці астарлап бейнелейді. Түсінде бота боздайды. Үні қобыз үнінеұқсас. Бозғылт ботаны бұйдасынанжете-леп, тас қапастан жетектеп алып шығдды. Келесі түсінде ұлы Абай мүсінің басынан шұғылалы күн сәулетөгіп тұрғанын көреді. Соңғы екі түстің екеуі де тәуелсіздігіміздің ерқін тынысты поэзиясының рәмізі. Тағы біртүсіңде "көкжендет" бүркітті топшысынанұстағанда қолын-дағы баласына айналып кетеді. Қазақ елінің болашағынадеген ізгі .
Төртінші /"Тағдыры бір . . . /, бесінщі /"Бұлтүсімніңсалмағы"/түстері жыр ағытып, ән салғызатын шабыт туралы шалқытады. Топтаманың жетінші /"Ескерту немесе мойыңцу"/, тоғызыншы / "Сезіміме серік . . . / беліктеріндегі түсі тірлік өксіктері. /"Рухым меніңұшып кетераспанға > Жылуы жоқ жер бетіне өкпелеп . . . "/ 279
Бірақ пенделік өкпелігіне "Елім-ай" дептебіренген рухын аласарт-,
I қызғанжоқ. -/ , іші-сыртыбірдей \/ әсемәлемтуғызады. Таңғажайыптабиғат, тарам-тарамдүниеуижол-дың бәрі, аспандағыай, жұлдыз, күн, дариятолқыны - баршасы "Елім-айлап"әнсалады. "Елім-айды"шырқағанда, шерткеңце онсегізмың ғаламның бәрі елтағдырымен қоса домбыраның ішіне сыйып кететіні ғажап. Сол ғажап іс қолынан келген ақын ұзақ өлеңін терең мәнді түйінмен аяқтайды.
Ақын ба, жан жалынын аяп қалар,
Жүректі үйықтатпай оятқан ар.
Меніңде өмірге бір сағынышым-
"Елім-ай" әніменен аяқталар . . .
Ақын қыз, ақын-ана Қанипа Бұғыбаева "Балам үшін дариядай ағыл-ған, Омырауым ағыл-тегіл сүт менің, Сүтсіз өмір өмір емес, біткенім . . . " 280 дегенекен. "Екі " 281 дейтін де Қанипа. Екінші өмірі басталыпта кетті. Ендігі ақсүті -ағыл-тегіл жырлары. Жүрек сүті. Кім үшін дариядай ағылатыны белгілі. Жаңа ғасыр перзенті үшін . . .
Тәуелсіздік жырына мол үлес, қымбат сез қосып кеткен Есләм Зікібаев ақынның соңғы жылдары "Дүниежалған"/1998/, "Арна" атты екі бірдей елеңкітабыжарықкерді. 2003жылы "Жыр-тағдырым" де-генелең, толғаныс, эссе, естеліктері жарияланды. Естелік мақала, эсселердің ішінен ақын шығармагерлігін жоғары бағалаған Әбдідцә Тәжібаев, ӘлжаппарӘбішев, МұзафарӘлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Герольд Бельгер сынды кернекті ақын-жазушылардың Есләм ақын поэзияеына шын жүректен шыққан риясыз жылы лебізін кезіктіреміз. Герольд Бельгердің талдамы татымды мына пікіріне қол қоймасқа болмайды. "Ол /Зікібаевты айтады/ әрқашан асқақ армандарды аңсайды, ал шыңдықты . . . жалыңцы салады. Оның кітаптарының бәріңце дерлік "ақ" деген сездіңтіркесіп . Мәселен, аққайың, ақайдын, аққайнар, ақсағым, ақжарма. Қазақұғымында"ақ" ауқымды сез, ол ақ түсті ғана емес, сондай-ақ жан тазалығын, мейірімділікті, әділдікті, адалдықты, шыншылдықты, бекзаттықты бейнелейді. Бұл сез Есләмның поэзиясыңца асыл мұратқа, биік мак-сатқа, ғажайып бейнеге айналады" 282 .
Ақ Орданы да оның әлі іргесі қаланар-каланбаста-ақжырлай бас-таған Есләм ақын-тұғын. /"Кетере бер елімнің Ақ Ордасын"/. Көк туы желбіргенАстананы, "Қазағымныңбаржері-баспана-құт"депқұйғыта келе, ", қай-қайсысынқойсаңдаАСТА-
НАғып!"-деп шалқытты. Сонымен бірге реалист ақын демократияға беттеген елініңдеміккёін мезеттерін де байқамай қалды емес. Герольд Бельгер атап еткендей, оның кейінгі уақыттағы топтамаларында "мұңды ойлар, алғы күнгесенімсіздік, құлазыған кеңіл молұшыраса-ды. , -, нарықтың қатадцықтары, адамгершілік қайнарыныңлайлануы, рухтың шадцығуы оның сезімтал жүрегінжа-ралайды, . "Жанытүршігетіні:
Сәбит туған,
Ғабит туған . . .
Мағжан от боп жалындаған,
Тарқамайтын сауық-думан-
Қасиетті дарын далам,
Алмағайып арасында,
Солғын тартып барасың баТ
Неге солғын тартады? Негесі сол, дарын даланың "Жатаған қазақ ауылдарынсыз сәні келмей тұр". "Иттерінедейін орысша үйреніпүрген дала". "Қазақтары татардан да аз Қызылжардың қаласыңца". "Аз қазаққа өз жеріңце болмаса екен заманақыр"- дейді. Үлтының бола-шағын ойлап қамығады.
Қашан өлең керегіңце сағат, минут-тың қадамын санағыш. Нарықтың бастапқы кезеңінен біз өтіп кеткендейміз. Енді сол өтпелінің кеп өкінішті жайларын, халыққа оңай соқпаған ауыртпалығын, адамдардың көңіл-күйіне, тұрмыс ахуалына тигізген зардаптарын қазір өлеңде қалған тап, таңбаларынан кездестіріп бас шайқаймыз. Бұл қареріп, мұз көшіпжатқанлайсаң шақты ақын Әділғазы Қайырбеков былайша сыпаттайды.
Жолдың бәріарақ-шарап дүкені,
Қалтарыста қарақшылар күтеді.
Қайыршылар қолын жайып қүнысқан,
Заман зарын үқтырады зымыстан.
Қату қабақ қайтқан жандар жүмыстан,
Хал-ахуал сүраспайды дүрыстап.
Қара базар күндіз- түніқызады,
Қыл сағақта тапшылықтың түзағы,
Нарық заңын үғынбадық біз әлі . . . 284
Одан бұрынғы кезендер де өз атауымен тарихқа түскен бойда өлең-де өз анықтауышын тауып жатты. "Тоқырау емей немене Есесінен езгенің Екі асаудан шошымау. "- депті Оразақын Асқар. Рухсыздық формуласы Оразақын елеңіңце нақтылы кейіпте: "Тоқырау емей не-мене Поэзия оқымау". 285 Горбачевтің "Жаңаша ойлау" бетбұрысы-
. Құрдалбаса, дәрменсіздік. "Бола-, ?!" 286
Қазақ поэзиясы саяси лириканың үлкен жолынан өтті. Өлеңмен әлеуметтік-қоғамдық һәм экономикалық жетістіктерді жүрекке жететіңцей, санаға сіңетіңцей етіп баяңцау, публицистикалықжалын-менжарсалу, үрантастау, атой береалға шақырутәжірибесі бірба-сынаартығыменжетеді. -бынан аянып қалған ақын кемде-кем. Қабылхан Күзембаевтьің "Наз бен наза" жинағына /2001/ берілген аннотацияда мынадаи~жолдар бар: " . . . бұл жыр жинағына қарбалас-қауырт өтпелі шақтың, Азат, еркін өміріміздің күйініш-сүйінішінтауып, тап басыптолғаған дастандары-нанқысқаүзінділер, туғанел, -қурайдай тәтті тармақты өлеңдері мен толғаулары топтастырылған. " Шыныңца да солай. Тұтас бір жинақ "азаттықтың оралуы" тақырыбы-на арналған. Бәрі тәуелсіздік қуанышын әр қырынанжырлайды. Көп ақындардан ерекшелігі, "Бісміллә" деп Алладан медет сұрап бастала-тын өлеңнен "Жақсыларды жоқта" деген амандық тілеп қол жаятын бата өлеңмен аяқталады.
Қабылханұйыстырған өлеңжолдары аруақ шақырып айбыңцана-ды, жырау жылғаларына қайта су толтырып ағындатады. Орғытып тоқсан толқытады. Тәуелсіз өмірдің қуатына қуат қосатын оптимизм халықжігерін арттыра түседі деп есептейді. Өзі тарих боп сөйлейді. Ұзақ болса да сөз делелділігі үшін "Түркістанмен тілдесу өлеңінің" бір шумағын оқып көрелік.
-Бірінші Алла, екінші
адам десе ер кішіріп
Аспандайды кісілік!
Жан-дүнйең жаз болса,
Ақ қар, көк мүз ериді,
Жазға басын қыс иіп! ^
Бүйқын дария бүлқынып,
Пердауси жырдың толҚыны,
Іздеп келген алыстан.
Мен болмасам, ғашықтар
Етер ме еді Арысты ән
Тас қүдайларды талқан ғып
Бейшаралықпвн алысқан
Байтолланың бүтағы
Ай белгіліайыстан-
Мен атақты Түркістан,
Жатырқырда-
Көшемді күні бүгін күзетіп
Арыстан боп -арыстан!
"Жаһанды жаулап кезуге-
Жаралдым"-деген кезінде-
Шыңғыс хандай жойқынның
Мүсылман ғып үрпағын-
"Қош", -дегізгем Шоқанды,
Черняевтей кежіргеҒ" 7
Осы әуен "Қожа Ахмет және "Диуани хикмет" туралы жыр", "Кең тынысты Түркістан", "Абыз аталардың айтқандары", "Азат таңның алауы", "Қазақстан - қара шаңырағым", т. б. өлеңдерінде үстем. Қабылханақын . Кейдеолүшінөткеннің жақсысыда, жаманыда айырғысыз бірдей керемет. "Хан менхалық" өлеңіңце/"Хантаңцау" поэмасынан үзіңці/ ол әлеуметтік категория- кезеңіндетуғандығын, кешегі мойына-ғаш бүгінге керексіз еқендігін есепке алмайды. Ханды халықтан жирендіргендерді "айлакер, мекерлерге" санайды. Ханныңдаханы бар. Арасыңца өздерін ақсүйек санап, өзге қазақты бесінші түлікке санаған "хан емес, қасқырлары да" /Махамбет/ бар. "Хан халықты қорғайды Ханды халық қорғайды" деген қағида сол себепті шыңцыққа сәйкес келе бермесе керек Сол себепті Президент институтьінсайлау-ды"ханкөтеріпті". ^
Саяси лирика дүниетанымы тарихилыққа, дәл қисынға теріс қара-мауы керек. Жатық, жүйрік өлеңнің шарты - бас изету, құптау, бәрекедці айтқышым-ау дегізу. Ал олай емес, былай ғой деген күмән туғызған өлеңнен береке қашатыны әлмисақтан белгілі ақиқат. ^
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz