Қазақстан территориясын физикалық – географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу


ІІІ тарау. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫН

ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖҮЙЕЛІ ЗЕРТТЕУ

1. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЫСЫН ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ (1856 - ЖЫЛДАН БАСТАП 1890 ЖЫЛҒА ДЕЙІН)

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қзақстандағы физикалық - географиялық зерттеу жүйелі түрде дамыды. Егер бұрын қойнауы қазыналы Сібір және Орта Азия жерлеріне Россияның өз ықпалын таратуға әрекеттеуіне байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарындағы жазық, далалы өңірлерді шолып барлауға баса назар аударылып келсе, енді ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның жаңадан қосылған оңтүстік аудандарын басқарып, шаруашылық жағынан игеру үшін өлкенің жазық алқаптарын табиғи - географиялық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу, сондай - ақ Қазақстанның шығысындағы, оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы таулы аудандар жөнінде толық әрі деректі мағлұматтар жинау қажет болды.

Сол кезеңдегі географиялық еңбектердің арасынан П. П. Семенов - Тян - Шанскийдің, Ш. Ш. Уәлихановтың, Н. А. Северцовтың, И. В. Мушкетовтың зерттеулерін айрықша атап айтқан орынды. Олардың зерттеулері Қазақстанның таулы аудандарының құрылымынын мүлде жаңадан пайымдауға, Орта Азия таулары вулкандық негізде жаратылған деп тұспалдаған А. Гумбольдт ұғымының жаңсақтығын дәлелдеуге және адыр - қыратты аймақтардың жер бедерінің ерекшеліктерін тұнғыш рет анықтауға мүмкіндік берді.

Олардың еңбектерінің ғылыми құндылығы біздің заманымызда да жоғары бағаланды. Сол себепті біз ол ғұламаларды Қазақстан жерінің физикалық - географиялық жағдайларын зерттеуге айрықша еңбек сіңірген география ғылымының классиктері деп орынды мақтан тұтамыз. Міне сондықтан ХІХ ғасырдың екінші жартысын Қазақстандағы физикалық - географиялық тұрғыдан зерттеп, танып- білудің классикалық кезеңі деп атауға әбден лайықты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында еңбек еткен аса көрнекті ғылымдардың Қазақстан территориясын физикалық- географиялық жағынан зерттеуді дамытуға қосқан айтарлықтай үлесін біз жеке дара және неғұрлым толық қарастыруды дұрыс деп таптық ( Personolia - ны қараңыз) .

Қазақстан жерін физикалық - географиалық тұрғыдан зерттеудін жоғарыда аттары аталған аса корнекті ғылымдар бастаған классикалық кезеңіндегі еңбектерді кейін басқа зерттеушілер одан арі ұластырып, дамытты. 1856 жылы каспийге Н. Л. Ивашинцев басқарған жаңа экспедиция жасақталып, ол 16 жыл бойы жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтіжесінде айтарлықтай географиялық іс тындырды. Н. Л. Ивашинцевтің мәлімдеу бойынша жұмыс нәтіжелері төмендегідей.

  • Каспий тңізінің бас картасын жасауға қажетті барлық астраномиялық пунктерді және сол сияқты бүкіл теңіз бассейнінің аумағы анықталды.
  • Каспий жағалау түгілдей дерлік сьемкаға түсірілді. Сьемкаға түсіру кезінде тек теңізде жүзушілерге ғана емес сол сияқты ғымдардың болашқ үшін де бұлжымас негіз боларлықтай далдікпен анықтау ескерілді теңіз толқындарының әрекетіне немесе жағалардың біртіндеп котерілуі салдарынан жағалық жиектерінің озгеруін бақылауға баса назар аударылды.
  • Теңіз жағасына тақау тұстардағы кеме қайраңдап қалатын барлық тайыз жерлерді, су астындағы жартастарды, теңізде жұзуге бөгет жасайтын басқада кедергілерді түгел анықтап, теңіз жағалауына барынша толық колемде өлшеу жүргізілді. Бұл өлшемдердің ғылыми тұрғыдан мағыздылығы сол, олар теңіз табанының рельефінің озгеруіне байланысты деңгейнің ауытқуы, кіріс пен шығыстың тепе - тең болмауынан, көп мөлшерде булану салдарынан Каспий теңізі деңгейінің аутқуын зерттеу үшін нақтылы дерек болды.
  • Теңіз табанының рельефі мен барлық физикалық қасиеттері зерттелді, әр түрлі тереңдікте және теңіздің әр жерінен су алынды, сондай - ақ теңіз түбіндегі жиналған тұнбалар мен тіршілік ететін теңіз жәндіктерінің жиналды.

Сан алуан астрономиялық, топографиялық және гидрографиялық материалдармен бірге теңіз түбі рельефінің өзіндік ерекшеліктері жөніндегі деректер өте - мөте толық әрі мол жинақталған. Жүргізілген өлшеулердің нәтіжесінде Каспий теңізінің тереңдігі біркелкі емес екендігі анықталды, теңіздің Чечен аралы мен Төбеқорған мүйісін жалғастырып тұрған солтүстік бөлігі өте тайыз болып шықты, ол тұстың тереңдігі көбіне 5 - 7 метрден аспайды, түбі жайпақ әрі теп - тегіс, тіпті Астраханның ойпаң даласының жалғасы іспеттес. Еділ өзенінің құйлысынан оңтүстікке қарай Апшерон түбегінен бастап созылған су астындағы кемер теңіздің терең тұсын екі бассейнге бөліп тұрады. Оның солтүстік бөлігінің ең терең тұсы 421 аршын шамасында да, оңтүстігінде - 516 аршындай, ал су астындағы кемер үстінің тереңдігі 110 аршын мөлшерінде. Егер теңіз суының деңгейі 110 аршын төмен түссе, онда екі бассейн оқшауланып, дербес екі көл пайда болар еді.

Экспедиция жетекшісі Н. Л. Ивашинцев өз бақылауларының барысы мен қорытындысы жөнінде бірнеше мақала жариялады. 1870 жылы зерттеуші дүние салды. Экспедиция өз жұмысын 1874 жылы Н. А. Пущиннің басшылығымен аяқтады.

Көп жылғы зерттеулердің нәтижесінде Н. Л. Ивашинцев пен оның қызметкерлері Каспий теңізінің әр түрлі бөліктерінің толық атласын жасады. Экспедиция жұмысының негізгі қорытындыларын 1870 жылы гидрографиялық департамент бастырып шығарды. Көлемі 44 баспа табақтық жеке томға көптеген таблицалар мен Каспий теңізінің магнитті картасы кірді.

Осы еңбектердің нәтіжесінде Каспий теңізі Россияның басқа су бассейндерінде қарағанда анағұрлым байыпты әрі толық зерттелді. П. П. Семенов - Тян - Шанский атап көрсеткеніндей, Орыс География қоғамының мәжілістерінің бірінде академик К. М. Бэр орыс теңізшілерінің экспедициялары бірде - бір теңізді Каспий теңізіндей дәлме - дәл зерттеген жоқ екендігін, ал басқа ешқандай су бассейніне ғылвми тұрғыдан Каспийдей толық әрі түбегейлі назар аударылып көрген еместігін мәлімдеді.

Сөз болып отырған кезеңде Арал - Каспий ойпаты туралы ұғымды кеңейтуге 1858 жылы Хиуаға жасақталған Н. П. Игнатьевтің және Бұқарға жасақталған В. Л. Дандевильдің экспедииялары айтарлықтай септігін тигізді. Олар Маңғыстау түбегінен бастап Парсы шекараларына дейінгі Каспий теңізінің шығыс жағаларын зерттеді. Сонымен қатар В. Л. Дандевиль экспедициясы Н. Д. Ивашинцев бастаған жұмысты да ішінара жалғастырды.

Н. П. Игнатьев экспедициясының құрамында жұмыс істеген астроном К. В. Струве мен әскері инженер А. Грен Орынбор қаласы - Үстірт қыраты - Бұхар маршрутына өлшеу жүргізіп, Үстірт қыратында бірнеше астрономиялық және гипсометрикалық пункттерді белгіледі. К. Б. Струвенің деректері бойынша, Каспий мен Арал теңіздері деңгейлерінің айырмашылығы 40 метрге жететіні анықталды. 1859 жылы Қызылқұмда, Қуандария мен Жаңадария өзендерінде болған А. Грен осы өзендердің толық топографиялық суреттемесін берді.

Жетісу мен Тян - Шань ұзақ уақыт бойы орыс зерттеушілерінің назарынан тыс қалып келді. өткен ғасырдың 50 - жылдаоының аяғында бұл жерлерді физикалық - географиялық тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу қолға алынды. Бұл аудандарға экпедициялар ұйымдастыру жөнінен Орыс География қоғамы бастаушы, әрі ұйытқы болды. Тянь - Шаньға саяхат жасау идеясы қызықтырған П. П. Семенов Орыс География қоғамына Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағына А. Ф. Голубевтің экспедициясын жасақтау туралы ұсыныс енгізіліп, мәселе қойды.

Осы арайда П. П. Семонов осы маңызды географиялық пунктердің кеңістіктегі жағдайын анықтауға көрінеу көзге үлкен олқылыққа жол беріліп атап көрсетті. Ол мысал ретінде Азия материгінің дәл кіндігі тұсінді жатқан Ыстық көлді келтірді. Ал бұл көл Обь қолтығынан, Бенгаль шығанағынан, Қара және Сары теңіздермен шамамен біркелкі қашықтықта орналасқан. Солай бала тұрса да осы уақытқа дейін Балқаштан арғы Жоңғар өлкесінде Лепсі өзенінің Балқаш көліне құятын тұсындағы бірден-бір ғана астрономиялық пункт белгіленген-ді. Сондықтан А. Ф. Голубев экспедициясы Балқаш көлі мен Тарбағатай жотасының, жоңғар Алатауы мен Тянь- шаньның аралығындағы кейбір географиялық пункттерді анықтауды мақсат етіп қойды. А. Ф. Голубев П. П. Семеновтан 16 пункттің географиялық орнын айқындауға, оған қоса Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігі туралы жалпы географиялық деректер жинап, физикалық - тұрғыдан бақылау жүргізуге тапсырма алды.

А. Ф. Голубевтің астрономиялық анықтауларының нәтижелері 1861 - 1867 жылдары жарияланып, оларға мынадай географиялық пункттер кірді:

1. Верный бекенісі, 2. Іле бекенісі, 3. Қастек бекенісі, 4. Қарқара өзенінің Кеген өзеніне құйылысы, 5. Қытайдағы Сүмбе селосы, Текестің сол жағасындағы Ақсу және Орта Мұзарт өзендерінің аралығындағы пункт, 7. Түп өзенінің Ыстықкөлге құйылысы, 8. Күтімалды көлінің түбіндегі шатқал, 9. Қапал қаласы, 10. Көксу елді мекені, 11. Лепсі селосы, 12. Алтынемел шыңы, 13. Құлжа қаласы, 14. Борохудзир бекеті, оның үстіне, Құлжа қаласынан қайтар жолда Үйгентастан өткенге дейінгі маршрут зерттеліп, Құлжа қаласының планы суретке түсірілді.

М. И. Венюков 1859 - 1860 жылдары әскері шолып - барлау экспедициясы мен топографтар партиясын басқарды. Оның жетекшілік етуімен Іле төңірегіндегі өлкені, Шу өзенінің алқабы мен Ыстықкөл маңын суретке түтіру жұмыстары жүргізілді. Зерттеуші еңбегінде өзі болған жерлердің физикалық - географиялық жағдайларын сыпаттап жазды.

Жетісу мен Іле Алатауының арғы бетіндегі, Алтай мен Тянь - Шань аралығындағы Қытайдан Қосылған жаңа аймақтардың шекараларын нығайтуды көздеген Россия Сыртқы істер министрлігі 1862 жылы тиісті жер иелерін айқындайтын комиссия жасақтап, Орыс Географиялық қоғамына астрономиялық, метеорологиялық және магниттік бақылаулар жүргізетін К. В. Струве басқарған экспедицияны қоса жіберуді ұсынды. Экспедиция Тарбағатай жотасын, Зайсан көлін,

Қытаймен жапсарлас шығыс шекараны, Ертіс өзенін зерттеді. Тарбағатай жотасында Әлеті, Кешкентау және Тастытау шоқыларында барометрлік өлшеу жүргізілді. К. В. Струве жоғарында аталған шоқылардың биіктігін тригонометриялық есептеу тәсілімен де анықтады. Шәуешек елді мекенінің түбіндегі екі шың да осы әдіспен өлшеніп, К. В. Стуве олардың биіктігін асқан дәлме - дәлдікпен айқындады.

Шәушек елді мекені мен Сергиополь (Аягөз) қаласында жүргізілген метерологиялық бақылаулар бұл екі пункттің арасындағы жыл бойығы орта тәуліктік температураның едәуір айрмашылығы бар екенін көрсетті.

Экспедиция Бұқтарма өзенінің орта ағасы тұсын, Нарым, Төменгі (Ақ) және Жоғарғы (Қара) Ертіс өзендерін топографиялық съемкаға түсірді.

1863 жылы К. В. Струве Г. Н. Потаниннің қатысуымен өз зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Олар Қара Ертіс өзені мен биік тауда орналасқан Марқакөл жөнінде жаңадан толық мағлұматтар жинауды мақсат етті.

Қытаймен шекаралас аудандарды зерттеу жөнінен Орыс География қоғамының толық мүшесі, полковник И. Ф. Бабков басқарған шектес жер иелерін айқындайтын комиссия аса пайдалы жұмыс тындырды. Комиссия Қара Ертіс өзенінде астрономиялық бақылаулар жүргізіп, ол жерді топографиялық картаға түсірді, сұрастырып білу арқылы Сауыр қыратының картасын жасады. Сол жерді толық суреттеген И. Ф. Бобковтың жасбасында Тарбағатай сілемдерінің бөктелерінде, Зайсан көлінің, Күршім және Қара Ертіс өзендерінің ең жоғары сағасына дейінгі алқапта көшіп - қонып жүрген қазақ рулары жайында едеуір мол мағлұматтар келтірілген.

1864 жылы тау - кен инженері А. С. Татаринов Тарбағатай жотасында ашылған қазба байлықтарын барлау мақсатымен осы өңірге келді. Ол Сергиополь қаласынан шығып, әуелі Тарбағатай жотасының солтүстік бөктері арқылы, ал содан соң Қаракөл бекетінен бастап таудың оңтүстік бөктерімен Қытайдың Шәушек қаласына дейін жол жүрген, одан Хабарасу асуы арқылы Тарбағатай жотасының солтүстік беткейімен Сергиополь қаласына қайтарып оралған. А. С. Татариновтың мағлұматтары әсіресе Тарбағатай жотасындағы тау жыныстарының құрамы жөнінен А. Г. Влангалидің бақылаулары толықтырды.

Осы сапардан кейін екі жыл өткен соң А. С. Татаринов Орта Азияға тағы да қайта оралып, мұнда 1872 жылға дейін Түркістан генерал - губернаторлығының тау - кен бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді. Оның көп еңбектері пайдалы қазба байлықтары шығатын кен орындарын ашумен байланысты, кен қабаттарының тереңдігін, сондай - ақ олардың экономикалық маңызын атап көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңдегі зерттеулері
Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері
Қазақстан территориясын табиғи географиялық тұрғыдан зерттеуд
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz